Калиева Куралай - www.kuralay.kz 19
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________
Сызып тастау әдісі ӛте тиімді, миыңыз керек емес ойды, сӛзді кӛріп тұрады.
Бұл - ӛзін-ӛзі гипноздау әдісі. Бұл жазғандарыңызды күнделікті толықтырып
отырыңыз. Қағазға жазып үйреніңіз, басында мүмкін емес сияқты
кӛрінгенмен, нәтижесін кӛргенде, ӛзіңіз-ақ жазуға құлшына бастайсыз.
Сондықтан ештеме ойламай, түсінбесеңіз де жазыңыз. Бүгінгі ойымыз
болашағымыз екенін ұмытпайық! Тек жақсы ой ойлаңыз! Жақсы сӛз
сӛйлеңіз! Ә.Науаи: «Жүректен шыққан сӛз жүрекке жол табады» -дейді.
Олай болса, жылы сӛз, жақсы ойлау адамдарды достастырады, сабырлы
болуға, денсаулығын сақтауға, кӛңілін кӛтеруге, ашуын қайтаруға септігін
тигізеді. Барлығы оз қолыңызда! Кеше сіздің ойыңыз қай жерде болса ,бүгін
сіз сол жердесіз.Түсіндіңіз ғой! Әр адам ӛзі ғана ішкі жан дүнисін тазалай
алады.
23.Өмірді сүйіңіз ! Өмірді сүйген адам өзін де сүйеді! Ал өзін сүйген адам, жақсы көру сезімін өзгелерге сыйлай алады. Ӛмірге, айналадағы адамдарға, ӛзіме, ӛзім қабылдаған шешімдерге
деген жақсы кӛру сезімім арта түсуде. Себебі менің айтқан кеңестерімнен
адамдардың жеткен жетістіктерін кӛріп, қатты қуанып жүрмін. Ӛмірдің мен
білмейтін керемет қыр-сыры әлі кӛп. Ешқашан бәрін білемін деп ойламаңыз.
«Бәрін білемін» деген адам дамымай қалады. Үнемі ізденісте болыңыз,үлгі
алатындай отбасының ұйытқысы болып отырған ханымдармен араласыңыз.
Құрбыңызды кӛрсетіңіз, сіздің кім екеніңізді айтайын деген сӛз бекер
айтылмаған. Сәтсіздік пен сәттілік, бақыт пен бақытсыздықтың қайсысы
болса да вирус. Ненің қасында жүресің, соны жұқтырасың. Бақытты ханым
болғыңыз келсе, ер азаматыңыздың бойында жауапкершілік қабілетін
арттырып, мінезіңіз бен сана-сезіміңізді ӛзгертіп, ұл -қызыңызды мықты
кӛшбасшы, жеңімпаз қылып тәрбиелеуді мақсат етсеңіз, мамыражай бәрі
оңай бола салмайды. Кез келген жақсы жетістік үшін табандылық, талпыныс,
үйрену, батылдық керек.
Құрметті ханымдар, сіздер бақытты отбасын, армандадыңыз ба,
құттықтаймын. Талпыныңыз, бақытыңыз үшін күресіңіз. Осы орайда, бір
мысал келтіргім келіп отыр. Махаббаттың символы - аққу құс. Жұбынан
ажырамайды, қапалыста айырылып қалса, ары қарай ӛмір сүрмейді екен. Осы
бір тазалықтың, пәктіктің белгілерін айқындайтын шалқар кӛлдегі құс тӛресі
қасиетті қос аққуды жүректің пәктігі мен кӛңілдің тазалығына балаған. Иә
олардың сыртқы кӛрінісі тамаша, сұлу. Ал судың бізге кӛрінбейтін астыңғы
жағында екеуінің аяқтары осы сұлулықты сақтап қалу үшін дамылсыз