Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет118/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   297
Байланысты:
Панфилова Қарым-қатынас-психологиясы.-Оқулық

128
 
Артықшылықты белгілерге қарай, ақпараттық тізбектерді қосу 
тәсілдері әр тҥрлі болуы мҥмкін: бір жағдайларда «біріншіден, 
екіншіден, ҥшіншіден» және т.б. санауға; басқаларында – сап 
тҥзеуге: алдымен ең бастысын айтып, содан кейін маңыздылығы 
жағынан келесіні айту, одан кейін маңыздылығы аз ақпаратты 
келтіруге болады. Ақпарат «логикалық тізбектерде» де тҥзілуі 
мҥмкін, мысалы: «егер солай болса, келесі қорытынды туындайды», 
«біз оған келісетін болсақ, демек, ол да дҧрыс». Тізбек ережесін 
пайдалана отырып, біз мазмҧнын реттеп, байланыстырып, 
ҧйымдастырып қана қоймай, сҧхбаттасқа ақпаратты қабылдауды, 
тҥсінуді және есте сақтауды жеңілдетеміз. Тізбек сапасы серіктестің 
ҧғымдарына, ал оның тҥрі – жеке әлеуеті мен ой-ӛрісіне сай болуы 
тиіс.
Ӛзара әрекеттесу кезінде жалпы бҥкіл ақпаратты жіберу реттілігі 
де маңызды. Хабарламаны дҧрыс ҧйымдастырмау сҧхбаттастар 
арасында стилистикалық кедергігі тудырады. Хабарлама келесідей 
қҧрылған кезде жақсырақ қабылданады:
■ 
Кӛңіл аударудан қызығушылыққа қарай;
■ 
Қызығушылықтан негізгі еределерге қарай;
■ 
Негізгі ережелерден қарсылықтар мен сҧрақтарға қарай;
■ 
Содан кейін жауаптар, қорытындылар, тҥйіндеу.
Стилистикалық кедергі коммуникация нысаны мен оның 
мазмҧны бір біріне сай болмағанда да туындайды. Мысалы, 
сҧхбаттасуға шақырып, оның орнына серіктестердің бірінің 
монологы ғана тыңдалды. Мҧндай коммуникация ақпаратпен 
қанағаттанбаушылық пен тҥсінбеуді ғана емес, кӛңіл қойып 
тыңдауға кедергі жасайтын ренішті де тудырады.
Стилистикалық кедергі сондай-ақ, ақпарат функционалдық-
кітаптық тілмен берілген кезде де туындауы мҥмкін. Ғылыми және 
кеңсе стилі оқу кезінде тҥсінікті, оларды естіп тҥсіпу іс жҥзінде 
қиындатылған. Ҧзын сӛйлемдер тҥсінуді ауырлатады, себебі олар 
кҥрделі және грамматикалық анық емес. Одан басқа, сӛз ҥзіліссіз 6 
секундтан артық созылса, тҥсіну тҥйіні ҥзіледі. Демек, 
стилистикалық кедергіні жеңу ҥшін, ақпаратты жақсы қҧрылымдап, 
оның мазмҧнын орынды нысанда пайдаланып қана қоймай, нақты 
жағдайда жарамды және сҧхбаттасқа лайықты ырқақпен және 
қарқынмен сӛйлеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет