Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет16/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

§ 3. Іс-әрекет
Адамдардың дүниеге қаты насы ны ң тікелей көріну формасы - 
олардың іс-әрекеттері, грекше халы қаралы қ тіліне енген терм ин -
38


практика (Praktikos). П рактика, іс-әрекеттер - адамдардың дүниені 
игеріп, сол арқылы өзін, өз болмысын өзгерту, жарату, жасау қы з- 
меті. Олар адамдардың қим ы лды қ істеріне, әрекеттерінде болатын 
өзгерістер. Бірақ адамдардың дүниеге ж әне өзара қатынастары ны ң 
бәрі іс-әрекеттерден қүралып, қимы л арқылы орындалады. Рухани 
қызметте де солай. Дегенмен ондай әрекеттердің барлығы бірдей істі, 
қимы л-әрекетті, істе болып жататын қатынастарды өзгертпеуі мүмкін 
және өзгерпейді де. Ондай өзгерістер істе емес, рухани нәтижелерде, 
яғни, ой-сезімдерде, мақсат, пиғыл, мүқтаждықтарда, дүниенің руха­
ни бейнесінде т. т. болуы мүмкін. Мүндай нәтижелер істегі өзгерістерге 
алып келеді, бірақ тікелей істегі өзгерістер емес. Адам болмысыны ң 
осы практикалы қ процесінде қалай өтетіндігі мен м әні жөнінде К. 
М аркстың идеялары ф илософия тарихында елеулі үлес болды.
Осыған орай ескерте кететін нәрсе: практикалы к қызметті онда 
ойлау алаңсыз қатыспайтын, ойлау қүрамында жоқ, ойлаудан таза іс- 
әрекеттер деп қалуға болмайды. Ал адамдардың рухани қы зметін, 
жалпы өмірін ешбір қимыл, іс-әрекетсіз, “таза” психикалық, не “таза” 
ойлау десек те қате болады. Ойлауды да адамдар іс-әрекеттерімен 
б ай лан ы сты іске асы рады . А дамдар рухан и н әти ж ел ер д і, яғн и , 
сезімдерді, үғымдарды, түсініктерді, жалпы дүниенің оған қажет сан 
алуан бейнелерін тікелей іс-әрекет, процесс түрінде атқарады, жа- 
сайды. Театрда қойы латын спектакль, скульптордың тастан қашаған 
мүсіні, би өнеріндегі жасалатын өмірдің белгілі бір кейпі, суретшінің 
салған суреті, ж азылаты н кітап т. б. Барлығы да істегі нәтиж елер 
емес, рухани нәтижелер. Олардың заттық, не қим ы л-әрекеттік фор- 
мада болуы, оларды істегі нәрсе деп қарауға негіз бола алмайды. Се- 
бебі, олардың атқаратын ф ункциясы өмірдің тікелей озін емес, оны ң 
белгілі бар ж әне болуға тиіс кейпін береді, бейнесін жасайды.
Яғни, практикалы қ іс-әрекеттер мен рухани омірдегі іс-әрекет- 
тердің екеуінде де ойлау катысады, ойлау олардың күрамына кіреді. 
Сол сиякты олардың екеуі де іс-әрекеттер, бірақ оларды бір-бірінен 
ажырататын негізгі белгісі - практика омірді тікелей озгертетін п ро­
цесс, іс, ал рухани қызмет - сол өмірдің бейнесін жасайтын, сол бей- 
нені өзгертіп отыратын процесс. Екеуі де адамдардың әртүрлі сала- 
дағы қызметтері.
Болмы сты озгертуге, әрине, рухани қызмет те эсер етеді, тіпті 
онсыз коғам ды қ омірді өзгерту мүмкін емес, бірак рухани қызмет 
омірді тікелей озгерту емес, ол өмірді озгертуге іс-әрекет арқылы д ә- 
некерлі түрде эсер етеді. Сол сияқты істегі болатын нәтижелерде ру­
хани қы змет арқылы дәнекерленеді. С ондықтан да адамдардың іс- 
әрекеттерінің бәрі бірдей практикаға жата бермейді.
Адамдардың дүниеге практи калы қ қатынасы екінш і ж ағынан
39


алғанда олардың бір-біріне қатынасы. Адамдар тек табиғат күштері 
мен заттарын ғана өзгертіп отырмайды, олар өздерінің бір-біріне қаты- 
настарын да өзгертіп, қайта жасайды. Бүл турасында бірақ белгілі 
айы рм аш ы лы қ бар. Егер табиғат зандылы қтарын олар тек игеріп, 
ж аңартып отыратын болса, яғни, адамдар мүқтаждығына бейімдеп 
отыратын болса, ал өздерінің қоғамдык қатынастарын олар жаңадан 
жасайды. Қ оғамды қ қатынастарды туғызу адамдардың өздерін өздері 
жасау деген сөз.
М аркстің айтуы бойынш а коғамдық өмір - практикалы к өмір. 
Ө йткені, адамдарды ң қайбір тірш ілік саласы н алсаңы з да ол тек 
кимыл-әрекеттерден түрады. Белгілі бір шеңберде адамдар бүкіл коғам- 
д ы қ өмірді кайта жасап шығады.
Адамдардың практикалы қ қызметінің ішкі табиғатын айқындау 
үшін оны жануарлардың тіршілік әрекеттерімен салыстыруға бола­
ды. М аркс озінің “ 1844 ж. Э коном икалы қ-ф илософ иялы қ қолжазба- 
лары нда” жануарлардың тіршілік әрекеті бір биологиялы қ түрдің та- 
биғи олшемін ғана корсетеді, ал адамның табиғатты игеру қызметі 
(яғни, оны ң практикасы) озгертіліп отырған заттың өлшемін корсе- 
теді деген. Оны қалай түсінуге болады?
Әрбір жануар озі қай биологиялы қ түрге жататын болса, соған 
кдрай оз организмінде генетикалы қ туа бітті ерекшеліктеріне сәйкес 
келетін, тек соған тоуелді әрекет жасайды. Ж ануарлардың күн кору 
орекеттерінің қандай болатыны жалпы алгаңда оны ң организмінің 
қүрылымында алдын ала берілген. Ж ануарлар сондықтан оз әрекет- 
терінің жалпы типін немесе формасы н түбірінен озгерте алмайды. 
Биологиялы қ түрлер үзак уақьітта сүрыпталған биологиялы қ эволю- 
ц ияны ң нәтижесі. Ж ануарлардың күн кору әрекеттерінің жалпы си- 
паты озіндік белгілі табиғи ортаға бейімделушілік . О ны ң әрекеті 
сыртқы ортаны озгертуге бағытталмаған. О ны ң негізгі бағыты сыртқы 
табиғи ортаның озгеруіне орай оз организмін қалыптастыру, озгерту. 
Олай болса, егер жануарлардың тіршілітінде белсенділік бар десек, 

ол негізінде бейімделушілікке, табиғи ортаға неғүрлым үйлесімді озге- 
руге бағытталған белсенділік.
Ал адамдардың практикалы к іс-әрекеті сыртқы табиғи ортаны 
да озгертуге бағытталғаны белгілі. Оны озгерту қатынасы дегеніміз 
не? Ол ең алдымен озінен бүрынғы табиғи ортаның негізінде, сол 
ортадағы процестердің ішкі мәнін аш ып, олардың оз мүқтаждығына 
орай жаңа ортаны күру, яғни, әлеуметтілік орта ол ешбір жануарлар- 
да болмайтын қоғамдық практиканы ң ғана нәтижесі ж әне сол прак- 
тиканы ң озі. Табиғи күштер озгертіліп, табиғи заттар онделіп адам­
дар қы зметінің қүрамды болігіне, адамға қызмет ететін күралдарға 
айналып отырады.
40


Олай болса жануарлардың тіршілік әрекеттерінің нәтижесі өзінің 
органикалы қ тәні. Өз тәнін сақтау жануарлар белсенділігінің бірден- 
бір кепілі. Оған сәйкес жануарлардың психикалы қ қызметі адамдар- 
д ы ң ойлауы м ен салы сты рсақ, ол н егізінде о р ган и зм н ің қалп ы н
білдіреді, сыртқы дүниенің өзіндік объективтілік мәнін бейнелемейді. 
Ж ануарлар психикасы да олардың организмінің өз қалпы н көрсе- 
тетін процесс.
Адамдар табиғаттағы заттарды сол қалпы нда тұтына алмаған- 
дықтан оларды өзгертуі, ондеуі тиіс. Ал озгерту, ол - заттардың адамға 
тәуелсіз өзіндік болмысы, өзіндік заңы бар екендігін айтады. Табиғат 
күш терінің объективтік сыры, өзіндік мәні тек озгерту қатынасында 
ғана 
а й қ ы н
болатын нәрсе. Адамдар әрине, табиғи күштерді олардың 
өзіндік заңы бойынша ғана өзгерте алады. Дүниенің объективтік мәнін, 
зандылыктарын, қасиеттерін бейнелеп, идеялы қ түрде өзгертіп, да- 
мыта алатын адамның ойлауы осындай практикамен тыгыз байланы ­
сты. Адамның ойына басқа, өзінен тыс, тіпті оған әлі қатыссыз сан 
алуан дүниенің сиып кететіні де осыдан.
Адамдар практикасы сондықтан басқа дүниенің айнымалы, кез- 
д ей со қ ж әне өткінш і кезеңдері емес, түрақты м азм үны н бойы на 
сіңіреді.
П рактикалы қ істерінде адамдар өзінің организмнің гана олшемін 
емес, әрбір игерілетін табиғи күш пен затқа солардың өзіне гана тон 
өлшемді (зандылықты) қолданады. Әрбір жаңа затқа, табиғаты басқа 
затқа соған сәйкес өлшемін, озіне ғана тән объективтік м әнін ашу 
адам ны ң практи калы қ іс-әрекеттеріне универсалды қ сипат береді. 
Әрбір биологиялы қ түрге тән олшем біреу-ақ, ал адамга тән олшем- 
дер шексіз. Өйткені, әрбір ж аңа табиғи күшті игерген сайы н адам- 
дардың соған сәйкес жаңа бір қызметі, ж аңа бір олшемі, ж аңа бір 
мазмүны пайда болып отырады. Соны мен қатар адамны ң дүниеге 
қ аты н асы н ы ң ерекш елігінің өзі осында: тек оған бүкіл дүниенің 
өлшемі оны ң да өлшемі болып, әлем мен адамны ң өлш емінің бара- 
бар қалге жетуі практиканы ң негізгі үмтылысы.
Солай бола түра адамдар сыртқы табиғи дүниеден игерген занды- 
лықтарды оз дүниесіне бүрынғы табиғи қалпында ендіре алмайды. 
Оларға адам, М аркстің сөзімен айтқанда, “адам ды к” сипат береді. 
Ол не деген соз? Я гни, өзінің объективтік мәнін сақтай отырып, ол 
заңдылыктар адамдық мақсаттарга жетудің қүралына айналады. Эле- 
ктромагниттік толқьіндарда, мысалы адамдар үшін байланыс күралы, 
алыс жерлерге әртүрлі хабар тасу функциясы жок- Тек адамдар гана 
оларга осындай қызмет атқартады. Ол табигаттың озінде ж ок ф унк­
ция. Олай болса осындай игерілген, өзгертілген күбылыстар адам- 
ны ң күшіне, оны ң органдарына адамдык мазмүнны ң хабаршылары-
41


на айналады. Ілгеріректе айтылған еңбегінде М аркс: адам өзі жасаған 
дүниесінен өзін көреді, өзін таниды деген. П рактикалы қ қызмет те 
осы ны ң нәтижесінде адамдар өз дүниесінде екіге бөлінеді: өзіне ж әне 
қарам а-қарсы түрған өзі жасаған күштер мен заттарға, әлеуметтік 
қатынастарға, қоғамды қ үйымдастыру формаларына т. б. Адамдар өз 
жетістіктерін тек өзінің органикалы қ тәнінің белгісі етпейді, сонда 
ғана жинактамайды, оның жетістіктері, оны ң дамуы ең алдымен өзінің 
органикалы қ тәнінен тыс оған тәуелсіз объективтік формада, сырткы 
заттар мен процесстердің мазмүны, белгісі болып жинақгалады. Оның 
м әні - адамдық мәдениеттің қорлануы.
Бүл процесті Маркс адамдык м әнн ің заттануы (опредмечива­
ние) деп атаған.
Биологиялы қ эволюцияда жануарлардың тіршілік ету жолы мен 
типі өзгерсе, ол ж ануарларды ң тән ін дегі ген ети калы қ өзгерістер 
туғызады, биологиялы қ түрдің организмдегі соған сай белгілерін әке- 
леді. Биологиялық эволюция өмір сүру жағдайларының өзгеруіне қарай 
тек организмді жетілдіруте бағытталған.
Адамның дамуында биологиялы қ процестер коғамды к дамуға 
бағынышты. Практикада дүниенің әрбір мәнін өзгертіп, өз мәні, өзінің 
сан алуан мэндерінің бірі ету адамдардың организмдегі биологиялы қ 
озгерістерімен ғана іске аса алмайды. Ол мәндерді адамдар оз орга- 
низмінен ты сқары заттар мен процестерде орындауы ғана мүмкін 
норсе. 
'
Сондықтан да адамдардың практикалы қ іс-әрекеттері дамудың 
баска формаларына тіпті үқсамайтын озгеше типі.
Тіршілік ету әрекеттеріне сай жануарлардың психикасы мазмүны 
жағынан субъективтік деуге болады. Себебі олар үшін табиғи орта- 
ны ң объективтік өзіндік м әнін игерудің қажеттігі жок. Заттардың 
объективтік мәнін игеру ж әне оз мәніне айналдыру тек дүниені озгерту 
қатынасында пайда болатын кажеттілік.
Заттану процесі арқылы адамдар табигатпен қатар өзінің жаңа 
дүниесін, жаңа орта күрады. Заттану процесі жануарларда ж оқ нәрсе.
П рактикалы к кызметтің екінш і жагы - затсыздану (распредме­
чивание) процесі. Игерілген объективтік мәндер, күштер мен олар- 
дың зандылыктары объективтік затты к формада, сол қалпында сақтау 
үшін гана емес, адамдар катынастарында атқаратын әртүрлі функци- 
ялары үшін, соны ң ішінде келесі практикалы қ процесте қолдану үшін. 
Ягни олар үнемі жаңа практикалы қ процеске тартылып, іс-қимыл, 
процесс формасы на ауысады. Бүрынгы игерілген, “адамдық” сипатқа 
ауысқан табигат күштері енді жаңа істе адамдардың белгілі бір күра- 
лы, адамдық күш, мән, адамдык қабілет ретінде катысады. Белгілі 
дәрежеде бүл қарама-қарсы процестерді ягни, заттану ж әне затсыз-
42


дануды процестің затты қ формаға ж әне затты қ ф орманы ң процеске 
ауысуы деуге болады. Затты қ немесе объективтік ф орм аға енген 
бүрынгы табиғи күштер енді адамнан тыс дербес күш емес, адамдық 
күш, адамдық қабілеттер, соны ң ішінде енді оны ң өндіргіш күштері.
Бүл процесте адамдар өздерінің органикалы қ тәнін ғана үнемі 
қайта жасап отырмайды. Олар әрине, ең алдымен организмге қажет 
тағамдарды өндіреді. Олар осы процесте өздерінің қабілеттерін, қаты- 
н астар ы н , б асқа да қо ға м д ы қ н әти ж ел ер ін , ө зд ер ін ің о й лары н , 
сезімдерін, дәстүрлерін, әдет-ғүрыптарын, күқықтық, моральдік, эс- 
тетикалы қ т. б. нормаларын, мүқтажықтары мен сүранымдарын, іс 
пен ойлаудың стереотиптерін жасап ж әне жаңғыртып отырады. Сол 
процестердің негізгі нәтижесі - адамдардың оздері.
Адамдар қы зметінің затты қ ж әне процестік формалары олар- 
ды ң жасам пазды қ қабілеттерінің әртүрлі болмыстары. Олай болса, 
адамдар өз қабілеттерін өздері жасайды. Үзақ тарихи дамуда көптеген 
мүқтаждықтар сол қабілеттерді қалыптастырып, рухани мәдениетінде 
жинақтап, сүрыптап, шындап келген. Әрине, тарихта әртүрлі табиғи 
немесе тарихи апаттардың зардабынан бүл дамуда кері кетушілік те, 
тоқырау да болып отырды. Бірақ табигатты игеру жолында адамзат 
өрлеу жолымен келеді. Өткеннен сақталган мәдени мүралардың бар- 
лыгы адамдардың затталган, заттық формаларында, ф ункциялары н- 
да берілген қабілеттері.
Дүниеге келген әрбір нәресте адамдар жасаган бүйымдар мен 
қүралдарды істе пайдалануды үйрену арқылы сол заттарда сақталган 
қабілеттерді де көріп, игеріп, озінің жеке қабілеті ете алады. Ол өсіп 
келе жатқан нәрестені адамдардың қогамды қ оміріне баулитын, оны 
адамдық мәнділікке жетелейтін процесс.
Осы түргыдан алганда қогамды қ практика нәтижелерінің адам- 
ның организмінде гана озгеріс тугызбай, ол организмнен сырт заттар 
мен процестерде жинақталуы, үрпак пен үрпактың тарихи жалгасу 
жолы, дәуірдің сабақтасуы деген соз.
Адамдар қабілеті жөнінде айтқанда, оны әлеуметтік іс-әрекет- 
тердегі ж асам пазды қ мүмкіндіктері деп түсіну керек. Баска ерек- 
шеліктерді қабілет деп атауға болмайды. Егер адам организміндегі 
туа біткен органдардың қызметін біз адам қабілеті десек қате болган 
болар еді. Адамдар қабілеттері олардың әлеуметтік болмысын жасау- 
дағы қабілеттері, ягни ол - әлеуметтік күш.
Қ оғамды к практикалы қ процесте үнемі кайта жанданып, қайта 
өңделіп, сүрыпталып жатқандықтан жинақталган, заттанган қабілет- 
тер, мәндер мен күштер өзінің объективтік мазмүнын үлгайта береді. 
Себебі, бірш ама дамыган қогамда әрбір адамны ц кызметі, оны ң н ә- 
тижесі баска адамдарга, солардың мүқтаждықтарына багышталынган-
43


дықтан, олар, әрине, қоғамды қ монді нәрсе болуға тиіс. Яғни объек- 
тивтік мәнді нәрсе болуға тиіс. Сондықтан адамдардың өндірген зат- 
тары, пайдаланатын, істе қолданатын заттардың заттық м әнінен басқа 
да мәнді бар. Ол адамды адаммен байланыстыратын мән. Ол заттар 
екінш і жағынан алғанда қоғамды қ қатынастардың сыртқы болмысы, 
д әл ір ек ай тқанда, қ оғам ды қ қаты н астард ы ң затты қ, объективтік 
көрінісі. Сол заттармен жүмыс істеу, оларды істе қолдану адамның 
заттарға ғана қатынасы емес, ол жүмыс басқа адамдарға да бағыт- 
талған. Сол себептен адамдардың затқа қатынасы екінш і жағынан 
алғанда адамның адамға қатынасы екен.
Ж алпы алғанда жоғарыда айтқандай, жасампаз күштер ең алды­
мен адамдардың өздері, өйткені, құрал жабдықтардың бәрі де бүры- 
н ы р ақ айтқаны мы здай, адамдардан дербес күш тер емес, олардың 
өздерінің жасанды органдары. Яғни, олар жалпы алғанда адамдар- 
дың табигатқа, табиғаттағы объектілерге қатынасы. Ол қатынас өндіру, 
игеру, озгерту қатынасы. Бірақ, ол қатынас табигатты игеру адамдар- 
ды ң озара үйымдасуы немесе қоғамдасуы арқылы іске асады. Қоғам- 
дасудың формалары мен түрлері, тарихи типтері сан алуан. Бүл қаты- 
настар - адамдардың коғамдык катынастары.
Адамдардың табигатты озгерту қатынасы мен олардың бір-біріне 
қатынастары шын мәнінде бір процесс. Қ огамды қ практика адам- 
н ы ң екіге боліну (удвоение) процесі. Өздеріне, ягни іс-орекет етуші 
адамдарға жоне олардың заттык формаларына. Өздері жасаган зат­
тар, об ъектавтенген формалар адамдардың өз формасы , өздерінің 
коріну тәсілі. Ол формалар адамдардың белгілі даму дәрежесін бей- 
нелейді. Олар адамдар үшін белгілі дәрежеде автопортрет сиякты. 
Егер біз, адамдардың практикалы қ 
қ ы з м е т ін
өз суретін салып жатқан 
суретшілермен іспеттес деп қарасақ, сол бейнеге үқсатсақ, онда жағдай 
бүкіл тарихта төмендегідей болып корінер еді. Суретші оз суретін 
(автопортрет) салады. Бірақ ол өз суретін бітіремін дегенше, оны ң озі 
біршама озгеріп кетеді дейік. Салынган сурет енді суретшінің қазіргі 
өзгерген пішініне үқсамай қалады. Суретші оз суретін қайтадан са- 
луга кіріседі. Ал әлгі жагдай тагы да қайталанады. Сойтіп суретші оз 
суретін үдайы кайта бейнелеумен болады.
44




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет