Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§3. Қазақ әдеби тілінің дамуын танытатын жазба нұсқалар



Pdf көрінісі
бет35/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

§3. Қазақ әдеби тілінің дамуын танытатын жазба нұсқалар 
XX ғасырдың басында қазақ тілінде жарық көрген прозалық 
шығармалар, ауыз әдебиеті шығармалары мен шығыс 
әдебиетімен тақырыптас қисса-дастандар, оқу-педагогикалық 
сипаттағы кітаптар, аударма әдебиет үлгілері, жеке ғылым саласы 
бойынша жарияланған ғылыми-көпшілік әдебиеттер, ресми 
материалдар мен әдебиеттер, газет-журналдар беттеріндегі 
публицистикалық материалдар сол тұстағы әдеби тіліміздің 
сапалық жағынан өсіп, стильдік жағынан саралана түскенін 
танытады. Алайда, аталған жазба әдебиет нұсқалары мазмұн 
жағынан ғана емес, тілдік ерекшеліктері, әдеби тілге тән сипаты, 
оның әрі қарай дамуына үлес қосуы жағынан да әркелкі болды. 
Мәселен, XX ғасыр басында халық арасында ерекше 
сұраныс туғызып, бірнеше рет басылым көрген қисса-хикая 
аталған поэзиялық шығармалар мазмұны жағынан діни наным-
сенімді, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді насихаттап, 
оқиғасы көбінесе қиял, ертегі іспеттес, көркемдік сапасы төмен
болуына қарамастан, қазақтың жазба әдеби тілінің даму 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


97 
тарихынан белгілі дәрежеде орын алды. 
XX ғасырдың алғашқы 10-15 жылында да қисса аталған 
әдебиет көптеп шықты. Бұған Мәулекей, Қашафатдин, Ғали 
Махмұдов 
сияқты 
татар 
молдаларымен 
қатар, 
Әріп 
Тәңірбергенов, Ақылбек Сабал, Жүнісбек Шайхисламов тәрізді 
қазақ ақындары да белсене араласты. Бұл дүниелердің бәрі бірдей 
емес. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеушілер әлеуметтік бағыты, 
мазмұны, идеялық, көркемдік құндылығы жағынан қиссаларды 3-
ке бөліп қарайды. Тілдік ерекшеліктері жағынан да бұларды 3-ке 
бөліп қараған жөн сияқты (діни сарындағы қиссалар, азаматтық 
тақырыптағы қиссалар, халықтық туындылар). 
Бұлардың тілінде ортаазиялық түркі әдеби тілінің әсері 
молынан кездеседі, идеялық мазмұнында, өлең құрылысында 
жаңалық болмағанымен, оларды әдебиет тарихынан шығарып 
тастауға әсте болмайды. 
Қазақ әдебиетінде проза жанрының тез өркендеуіне XX 
ғасырдың басында қоғам өміріне батыл араласа бастаған баспасөз 
ісінің жедел өркендеуі ерекше ықпал етті. Сол кезеңде жарық 
көрген газет-журнал беттерінен көркем әңгіме, очерк, шебер 
аудармаларды жиі кездестіруге болады. Мысалы, «Айқап» 
журналы бетінде Ә. Ғалымовтың «Бейшара қыз», Ж.Тілеулиннің 
«Ат үстінде көрген түс», С.Торайғыровтың «Ауырмай есімнен 
жаңылғаным» т.б. әңгімелер жарияланды. 
XX ғасыр басындағы нағыз қазақ романының үлгісі дерлік 
шығармалар – С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың 
«Қамар сұлу», Ж.Аймауытовтың «Қартқожа», М.Дулатовтың 
«Бақытсыз Жамал» т.б. болды. Бұл шығармалар тілі көркемдік 
құралдарға бай, халық тілінің небір шұрайлы, образды сөз 
тіркестері шебер пайдаланылған. 
Қазақ әдеби тілін қалыптастырып, дамытуда мерзімді 
баспасөздің ерекше рөлі болғаны сөзсіз. 
XX ғасыр басында бірер саны шығып, әр түрлі себептермен 
жабылып қалған «Серке», «Қазақ», «Мұғалім», «Сары Арқа», 
«Тіршілік», «Үш жүз» т.б. газет-журналдарды есептемегенде, 
1911-13 жылдары 17 саны шығып тоқтап қалған «Қазақстан» 
газеті, 1911-15 жылдары шығып тұрған (барлығы 88 нөмірі 
шыққан) «Айқап» журналы, 1913-18 жылдары үзбей шығып 
тұрған «Қазақ» газеті қазақтың жазба әдеби тілін дамытуда, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


98 
оның кейбір стильдік тармақтарын жетілдіруде зор қызмет 
атқарды. Бұл газет-журнал беттерінде әдебиетіміздің әр түрлі 
жанрлары сараланып, қалыптаса бастады, публицистика тіліне 
тән көптеген сөздер, сөз тіркестері, грамматикалық тұлғалар 
тұрақталды. Бұл кездегі жазба әдеби тілді сипаттайтын 
нұсқалардың қатарына аударма әдебиеттер де жатады. 
1903 жылы Қазанда Молданияз Бекімов аударған 
А.С.Пушкинннің «Каптитан қызы» қазақ тілінде басылып 
шықты. Бұл аударманың тілінде орыс тілінің әсері айқын сезіліп 
тұрады. 
Бұл тұста шығып тұрған газет-журналдар көркем аудармаға 
үлкен мән беріп отырады. «Айқап» журналы мен «Қазақстан», 
«Қазақ» газеттерінің беттерінде орыс әдебиетінің көрнекті 
қайраткерлері И.А. Крылов, Л.Н. Толстой, А.С. Пушкин,
М.Ю. Лермонтов, А.П. Чехов т.б. белгілі ақын-жазушылардың 
шығармалары қазақ тіліне аударылып басылып отырды. Көркем 
аударма тілін қалыптастыруда, оны жетілдіруде бұл тәжірибенің 
зор көмегі тиді. 
Бұған мысалға «Афат яки холера әңгімесі» (10905),
«Қышыманың турасында» (О чесотке, 1906); «Адамның чумасы 
турасында» (1911); «Арақ у яки арақтың зарары» (1907); 
«Жамандату қойдұрғұ турасында» (Сибирская язва, 1902); 
«Малда болатын жұқпалы аурулардың hәм оларға қарсы қалай 
ғамал қолдану хақында» (1911) т.б. келтіруге болады
26

Аталған кітапшалар тілінің қазақ әдеби тіліндегі ғылыми 
стильді қалыптастыруда белгілі рөл атқарғанын, ғылымның осы 
салаларындағы кейбір терминдер мен сөз орамдарының кейінгі 
әдебиеттерде кең орын алғанын баса айтуға тиіспіз
27

Қазақ әдеби тілін дамытуда XX ғасырдың басында жарық 
көрген оқу-педагогикалық әдебиеттер мен қазақ тілі жайындағы 
еңбектердің де маңызы ерекше. 
26
Құрманбаева Ж.Д. Қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік әдебиет стилінің 
қалыптасуы (ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басы). Канд. 
дисс. автореф. Алматы, 2003. –23 б. 
27
Мажитаева Ш., Рапишева Ж.Д.
Қазақ тіліндегі ғылыми стильдің 
қалыптасу тарихы. Бішкек, 2006. 114 б. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


99 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет