Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет11/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Байланысты:
Disser Oralbekova (1)

дамуында ерекшелігі бар балалардың әлеуметтенуге және білім, біліктер мен 
дағдыларды игеруге деген дербес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 
құрылатын құндылықты-бағдарланған ортадеп танимыз.Инклюзияның 
әлеуметтік құраушысы педагогика саласына қарағанда, басым артықшылыққа 
ие. Білім беру инклюзиясының тиімділігі көп жағдайда мүмкіндігі шектеулі 
балалардың әлеуметтік бейімделуінің нәтижелілігімен айқындалатын болады. 
Бұл – ерекшеліктері бар тұлғалардың әрбір санаты үшін белгілі бір орталар 
санымен жеке білім беру кеңістігі құрылуы қажет деген сөз. 
Қазақстан Республикасының адам құқықтары бойынша заңдылықтары 
еліміздің басты құндылығы болып табылатын балалардың барлығының да білім 
алуға тең құқылы екендігіне негізделген.
Қазақстан Республикасында өмір сүретін әрбір бала мектепте білім берудің 
талаптарына сай болуы немесе болмауына қарамастан, оның жеке басын 
сыйлау және оның даралығын гуманистік тұрғыдан түсініп- қабылдауын 
қамтамасыз ететін инклюзивті білім беру идеясы педагогтердің құзыреттілігіне 
заман дамуына сай жаңа талаптар қойып отыр.
Ендігі кезекте педагогтерге, ұстаздарға, мұғалімдерге қойылатын 
талаптарданорындалуы міндетті болатын көптеген жаңа жұмыс түрлері 
туындап келеді. Мұғалімдер дене дамуы жағынан,зияткерлік дамуы 
жағынанзақымданған балалармен, қалада не ауылда тұратын түрлі әлеуметтік 
топтағы балалармен, балалардың басқа түрлі білім беру топтарымен жұмыс 
істейтін педагогикалық технологияларды игеріп, өзінің жеке тәжірибесіне сай, 
ұстаздық кәсібінде шығармашылық түрде таңдай алатын және шебер де 
орынды, нәтижелі етіпқолдана алатын қабілетін жетілдіруі тиіс болып отыр. 
Гуманистік білім беру жүйесін зерттеу барысында ғалымдар мүмкіндігі 
шектеулі балаларды оқыту мәселесі мен оларды қоғамға кіріктіру туралы 
толыққанды 
идеялар 
әлеуметтік 
конструкционистік 
теорияларда 
қарастырылғанын анықтады. Бұл теорияның этикалық-философиялық, 
гуманистік психология мен педагогика және арнайы педагогикалық 
бағыттардағы көптеген зерттеулер жүргізу барысында негізделіп 
қалыптасқаны белгілі болды. Теориялар мен олардың бастау көздерін
4-кестедегі мәліметтерден көре аламыз (4-кесте). 


32 
Кесте 4 –Инклюзивті білім берудің теориялық негіздемесін қалыптастырған 
идеялардың бастау көздері 
Білім 
саласы 
Инклюзивті білім берудің теориялық негіздемесінің 
қалыптасуы 
Философия Экзистенциалдық тұжырымдама. Бұл тұжырымдаманың 
іргетасын қалаған К.Ясперс, А.Камю, Ж.П.Сартр адам –
қайталанбайтын бірден бір жалғыз ғана, еркіндікке ие тұлға 
деп көрсетеді.
Мәдени-әлеуметтік конструктивизм теориясы. Оның 
көрнекті өкілдері: П.Бергер, Т.Лукман, Т. Парсонс, 
В.Дильтей.
Этикалық-философиялық білім аясындағы жекелеп оқыту 
тұжырымдамасы. Бұл бағыттың өкілдері: В.В.Зеньковский, 
Б.С.Братусь, Л.Н.Толстой, С.Л.Братченко. 
Физиология Жүйке жүйесінің теориясы мен оның даму қабілеттілігі. 
Көрнекті өкілі: И.П.Павлов. 
Психология Л.С.Выготскийдің жоғарғы жүйке жүйесінің қалыптасуы 
мен психиканың мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы.
Психикалық 
дамудың 
ауытқуы 
мен 
норма 
заңдылықтарының 
тұжырымдамасы. 
Бұл 
бағытты 
негіздеушілер: 
Л.С.Выготский, 
Л.Рубинштейн, 
В.В.Лебединский.
Психиканың 
дамуындағы 
оқытудың 
жетекші 
рөлі 
тұжырымдамасы. Бұл бағыттың негізін қалаушылар: 
Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин.
Гуманистік психологияның тұжырымдамасы: А.Маслоу, 
Ш.Бюллер, К.Роджерс. 
Педагогика Гуманистік педагогика тұжырымдамасы: Ж.Ж.Руссо, 
И.Г.Песталоцци, 
А.Дистервег, 
А.С.Макаренко, 
М.Монтессори 
В.А.Сухомлинский, 
К.Д.Ушинский, 
П.Ф.Каптерев, Р.Штайнер, С.Т.Шацкий, Ш.А.Амонашвили.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім 
берудің құқықтық негіздерін жүйелеуді, сөзсіз, осы мәселені жер бетіндегі 
барлық адамзаттың парызы ретінде белгілеп, халықаралық деңгейде 
мойындатып, мүгедектердің тең құқығы мен адам баласының гуманистік 
идеяны ту етудегі міндеттемесі ретінде белгілеп берген нормативтік-құқықтық 
актілермен танысудан бастайтынымыз белгілі. Олардың ішінде адам құқықтары 
мен кез келген себеппен кемсітушілікке жол бермейтін мәселелерге қатысты 
Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО-ның басшылығымен қол қойылған 
Декларациялар мен Конвенциялардың орны ерекше. Атап айтатын болсақ: 
- БҰҰ 1948 жылы қабылдаған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ 
декларациясы»; 


33 
- БҰҰ 1959 жылы қабылдаған «Бала құқықтарының декларациясы»; 
- БҰҰ 1960 жылы қабылдаған «Білім беру саласында кемсітушілікпен 
күрес туралы» Конвенциясы; 
- БҰҰ 1971 жылы қабылдаған «Ақыл-ойы кешеуілдеген тұлғалардың 
құқықтары туралы» Декларациясы; 
- БҰҰ 1989 жылы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы, 
бұл 
құжатты 
Қазақстан 
Республикасының 
Үкіметі 
1994 
жылы 
ратифицикациялаған болатын; 
- ЮНЕСКО 1990 жылы Әлемдік конференцияда қабылдаған «Жалпыға 
білім беру туралы» Дүниежүзілік Декларациясы, Джомтьен, Тайланд; 
- ЮНЕСКО 2014 жылы киберкеңістікте мүгедектерге ғаламтордағы 
ақпараттың 
қолжетімді 
болуы 
мәселелері 
туралы 
ұйымдастырған 
конференциясында қабылданған «Инклюзивті АКТ мүгедектер үшін: 
практикадғы құқық пен мүмкіндіктердің кеңеюі туралы Дели декларациясы»;
- БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы қабылдаған «Мүгедектерге тең 
құқықтарды қамтамасыз ету бойынша стандартты ережелер» резолюциясы; 
- Испания, Саламанка1994 жылы қабылданған«Ерекше қажеттіліктері бар 
тұлғаларға білім беру саласындағы ұстанымдар, жүргізілетін саясат пен 
практикалық қызмет және ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру 
бойынша көрсетілетін қызметтер аялары туралы Декларациясы». Қазақстан 
Республикасында инклюзивтік білім берудің нормативтік базасын жасауда 
әдістемелік негіздері ретінде қолданылуға ұсынылған. 
- Дакар 
іс-әрекет аялары: Білім бәрі үшін: біздің ұжымдық 
міндеттемелеріміздің орындалуы. 2000 жылы Бүкіләлемдік білім бойынша 
форумда қабылданған; 
- БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылы қабылдаған «Мүгедектердің 
құқықтары туралы» Конвенциясы. Конвенцияға және Факультативтік келісімге 
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2008 жылы қол қойған.
Білім беру саласындағы АКТ-ның қол жетімділігі жөнінде зерттеулер 
олардың 
әрбір 
балаланың 
индивидуалды 
қажеттіліктеріне 
сәйкес 
бағдарламаларды құрастыруға көмектесетіні және оқу үдерісін жеңілдететінін 
айқындады.
АКТ инклюзиясы әдетте қолданыста даму ерекшеліктері бар тұлғалар 
тарапынан белсенді интеграцияны да кездестіреді. Мүмкіндігі шектеулі 
тұлғалардың әлеуметтендірудегі жетістігі тек қоғам мен ғана емес, мүмкіндігі 
шектеулі тұлғаның өзінің интеграциялануға деген талпынысына байланысты. 
Бұл арнайы білім беретін компьютерлік бағдарламаларды үйренуге, қоғамның 
баспа өкілдерімен икемді қарым-қатынас жасау және байланысқа арналған 
жаңа құрылғыларды қолдануға талпынысынан көрініс табады. Мүмкіндігі 
шектеулі тұлғалар үшін компьютерлік бағдарламалар олардың заманауи 
қоғамда интеграциялануының құралы екенін түсініп анағұрлым тез үйренеді, 
ақпараттық тапшылықты жою мақсатында қашықтықтан білім алады [112]. 
АКТ-ның «ерекше» балаларға білім беру саласында қолданылуы әлемдік 
білім беру саясатында универсалды ұстанымы болып табылады. Бұл сұрақта 


34 
негізгі халықаралық құжат БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары жөнінде 
Конвенциясы» болып табылады. Құжатқа 2006 жылы қол қойылып 2008 жылы 
заңды күшіне енді. Ал 2010 жылда бұл Конвенцияға 145-тен астам ел қосылды. 
Оның ішінде 90 мемлекет бірден ратификациялады. Ол елдердің ішінде 
Қазақстан да бар[113].Осы халықаралық құжатқа сәйкес мүмкіндігі шектеулі 
жандарға шектен тыс назар аудару денсаулығында ақаулар болуына 
байланысты емес, қоғамдағы белгілі бір кедергілерге тәуелді. 
БҰҰ мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияның 24-бабында 
инклюзивті білім алу туралы, мүгедек балалардың оқу үдерісіне бейімделуіне 
және АҚТ-ны қолданып үйренуі туралы ұсыныстар көрсетілген.
Осы бапта мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулық ауытқуларын 
түзетудегі және әлеуетін іске асырудағы педагогикалық құрылымның 
маңыздылығы реттеледі. Халықаралық құқыққа сәйкес. Конвенцияның 4-бабы 
құралдардың дамуындағы модернизациялану қаупінің алдын алу үшін барлық 
АКТ-ны арнайы дизайнмен жасаған орынды екенін және мүмкіндігі шектеулі 
тұлғалардың қажеттіліктерін жобалау және техникалық құралдарды шығару 
кезеңінде ескеру керектігін айтады. 
Конвенцияның мүгедектер құқығы жайындағы 9-бабында мемлекет 
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың ақпараттық ресурстарға қол жеткізуіне 
қолайлы жағдай туғызуға және замануи АКТ-ның цифрлық теңсіздікті жою 
үшін қолдануды жігерлендіруге міндетті. Осы орайда халықаралық заңдар 
«цифрлық теңсіздік» ұғымында ақпараттық кемістікті түсінетінін айта кеткені 
жөн. Осы критерийлерге сәйкес ол барлық адамдарды 2 топқа бөледі:
- ақпараты көп; 
-ақпараты жеткіліксіз.
Кедергілерді жою үшін қосымша қарым-қатынас құралдары жасалынады. 
Бұл топқа арнайы пернетақталар мен тінтуірлер, тірек-қимыл құралдары 
зақымданған мүгедектерге арналған манипуляторлар, Брайл принтері және 
осыған ұқсас басқа да құрылғылар енеді.
АКТ-ны білім беру үдерісінде қолдану саясаты жөнінде ұсыныстары бар 
өзге құжаттар төмендегі кестеде көрсетілген (5-кесте). 
Кесте 5– Білім беру саласында АКТ-ның пайдаланылуын сипаттайтын 
халықаралық құжат 
Құжаттың атауы 
Мазмұны 
Күшіне енуі 



Ақпараттық қоғам мәселелері 
бойынша жоғары деңгейдегі 
кездесу 
принциптерінің 
декларациясы 
және 
бүкіл 
әлемдік іс әрекеттердің жоспары 
Ақпараттық қоғамға барлық 
адамдардың бірдей қол 
жетімділігін 
насихаттау. 
Жалпы 
білім 
беру 
мектептеріндегі 
бағдарламаларға білім алу 
ресурстарына
2003 ж. 


35 
5 - кестенің жалғасы 



денсаулығындағы 
ауытқуларға 
қарамастан 
барлық 
балаларға 
қол 
жетімділігі 
жөнінде 
мәселелерді енгізу.
БҰҰ 
мыңжылдықтың 
даму 
мақсаты 
Бүкіл 
әлем 
балаларына 
бастауыш 
білім 
беруді 
қамтамасыз 
етуге 
қол 
жеткізу [114]. 
2000 ж. 
Білім, Ғылым және Мәдениет 
мәселелері 
бойынша 
БҰҰ 
(ЮНЕСКО) 
1. Инклюзивті білім беру 
жөнінде ұсыныс білім берудің 
барлығына қол жетімділігі;
2. Инклюзивті білім беру 
саласындағы саясаттың басқару 
принциптері 
3. Саламанка 
декларациясы 
және ерекше мұқтаждықтары 
бар 
адамдарға 
білім 
беру 
бойынша іс шаралар шеңбері 
Негізгі мақсаттар: 
- бүкіл әлем тұрғындарына 
сапалы білім беру; 
-әлеуметтік 
интеграциялауда 
топтық 
мақсаттарға жету;
-әрбіроқушының 
қажеттілігіне байланысты 
жаңа 
ақпараттық 
технологияларды 
қолдануды дағдыландыру; 
- оқу үдерісін жылдамдату 
құрамдас бөлігі ретінде 
ақпараттық 
технологияларды қолдану 
[115]: 
1994-2005 
жж. 
Барлық дерлік халықаралық құжаттар АКТ-ны денсаулық мүмкіндіктері 
шектеулі балаларға арналған оқу үдерісіне енгізу міндетін сипаттайды. Алайда 
олардың ешқайсысында білім беруде АКТ-ны қолдану саясаты жөніндегі 
ұсыныстар жоқ[116, б.218-219]. 
Осылайша, баланың денсаулығында ақауы немесе дамуында басқа да 
ерекшеліктері болған жағдайда білім беру қызметтерін көрсетуден бас тарту 
заңға қайшы. Көптеген заңнамаларда денсаулық мүмкіндіктері шектеулі 
тұлғалар үшін бейімдеу шараларын жүргізу қажеттілігі көрсетілген. Біздің 
елімізде «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзетушілік қолдау көрсету туралы» заң бар . Бұдан бөлек, 
кейбір елдерде (Бельгия, Дания, Жаңа Зеландия және т.б.) мүгедектердің білім 
алу үдерісін суреттейтін оларға арналған заң бар. 
Барлық дерлік мемлекеттер АКТ-ны денсаулық мүмкіндіктері шектеулі 
тұлғалар үшін қолжетімді етуге ұмтылады. Мемлекет деңгейіндегі негізгі 
қиындық инклюзивті құзыреттілігі бар педагогтарды қолдау құрылымдарының 


36 
жоқтығы болып табылады. ТМД елдерінде инклюзивті білім алуға кедергілер 
әлдеқайда көп. Олар мектептердің арнайы инфрақұрылымдармен материалдық-
техникалық жарақтандырылу деңгейінің төмендігімен және денсаулығында 
ауытқушылықтары бар тұлғалардың бастауыш біліммен қамтылуы деңгейінің 
аздығымен байланысты.
Женевада 2010 жылы ЮНЕСКО-ның кезекті конференциясында 146 
мемлекет өздеріндегі білім берудің жай-күйі туралы есеп берді. Олардың 
талдауы мүгедек балаларды бастауыш біліммен қамтудағы болмашы 
ілгерушілікті және жалпы білім беру мектептерін АКТ-мен жабдықтау 
саласындағы едәуір алға жылжушылықтың барын анықтады. Іс жүзінде 
мемлекеттер оқу үдерісін АКТ-мен жарақтауды стратегиялық міндет етіп 
қоймайды. Алайда бұл берілген есептерден шығатын қорытынды, дәстүрлі 
орталық механизмдерді пайдалану мүгедек балаларды білім беру ортасына 
толыққанды біріктіруді жүргізуге мүмкіндік бермейді. 
Бүкіл әлем үшін ортақ мәселелер мыналар: 
 АКТ 
құнының 
жоғары 
болуы 
(технологиялардың 
орташа 
статистикалық азамат үшін қолжетімділігінің төмендігі); 
 қызмет көрсетуші қызметкерлердің білім деңгейінің төмендігі және 
техникалық қолдаудың болмауы; 
 педагогтардың білім беру үдерісінде АКТ-ны пайдалану туралы кері 
ұстанымы; 
 педагогтердің денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған 
негізгі педагогикалық құрал ретіндегі АКТ туралы білімінің болмауы немесе 
төмен болуы. 
Көбіне АКТ ретінде мектептерде компьютерлік технологиялар 
қолданылады. Сол арада, ЮНЕСКО қабылдаған терминологияға сәйкес, АКТ-
ға тек компьютерлер ғана емес, сонымен қатар, қызметтік және сервистік білім 
беру бағдарламалары, сканерлер, құлаққаптар, бейнекамералар, тірек 
сигналдары және мүмкіндігі шектеулі балалардың өз қатарластарымен тең 
дәрежеде білім алуына мүмкіндік беретін басқа да құралдар жатады[117]. 
ЮНЕСКО-ның қолдауымен әзірленген «DATEC» жобасында АКТ-ның оқу 
үдерісінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігінің 9 өлшемі келтірілген 
[118]. 
1 өлшем — оқу үдерісінде пайдаланылатын барлық АКТ үйретуші болуы 
керек. Мұнда, жеке педагогикалық тәжірибе негізінде, оқу үдерісі барынша 
тиімді болуы үшін тек жаңа білімдер мен дағдыларды игеруге ынталандыратын 
құралдарды ғана пайдаланған жөн. Егер тапсырмаларды компьютерлік емес 
құралдармен де іске асыруға болатын болса, онда мұндай бағдарламалар 
пайдасыз. Сондай-ақ, білім беру үдерісінен баланың бойында оған өмірінде 
ешқашан 
қажет 
болмайтын 
тәжірибені 
қалыптастыратын 
зиянды 
бағдарламаларды да шығарып тастау керек.
2 өлшем–АКТ оқушылардың мектеп кеңістігіндегі ынтымақтастығына 
көмектесуі тиіс. Ынтымақтастықта әрекет ете білу шеберлігі ортақ зейінді 


37 
қалыптастырады және коммуникациялық қарым-қатынас дағдыларын игеруге 
мүмкіндік береді.
3 өлшем–АКТ-ның оқу үдерісінде пайдаланылатын басқа дәстүрлі 
құралдармен және тәжірибемен біріктірілуі. Бұл жерде мұндай құралдарды 
нақты бір мақсаттарға жету үшін пайдалану керектігін түсіну маңызды. 
4 өлшем–барлық АКТ құралдарыойынға қосуға бейімделуі тиіс, себебі 
білімдер мен дағдылардың көп бөлігі тікелей ойын үдерісінде игеріледі.
5 өлшем–АКТ баланың әрекеттерін бақылау жүйесін қалыптастырмауы 
қажет. Бұл дегеніміз, оқушы технологияларды басқаруы керек, керісінше емес. 
Дегенмен, әліппе мен санауды үйрету кезеңіндегі оқушылардың әрекеттерін 
бақылау жүйесінің оң ықпалы дәлелденген.
6 өлшем–құралдардың нақты атқарымдық қызметі болуы керек және олар 
нақты міндеттерді шешуге бағдарлануы тиіс. Бұл 1 операция кезінде тек бір 
ғана тапсырма орындалуы керектігін білдіреді. Жұмыс үстеліндегі нысанды 
тінтуірдің пернесін басу жолымен көшіруді көрнекі мысал ретінде келтіруге 
болады.
7 өлшем–АКТ құралдары баланың бойында жағымды сезім күйлерін 
қалыптастыруы және зорлық-зомбылық жолдарын насихаттамауы тиіс.
8 өлшем–барлықАКТ бала денсаулығы үшін қауіпсіз болуы қажет. Әрине, 
балаға компьютерлік ойындардан гөрі қозғалмалы ойындар көбірек пайдалы. 
Педагогтар мен ата-аналардың міндеті– компьютердегі жұмысты рөлдік, 
қозғалмалы ойындарман кезектестіріп отыру.
9 өлшем– педагогтер мен ата-аналарды АКТ-ны баламен бірге пайдалануға 
тарту. Ересектермен бірге жұмыс істегенде оқушылардың өнімділігі арта 
түсетіні дәлелденген, себебі балалар осы жағдайда оқу үдерісіне көбірек 
беріледі.
Бұл өлшемдер білім беру үдерісінде пайдаланылатын ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың қолжетімділігін бағалауға қызмет етеді.
Инклюзивті білім беру жүйесінің құқықтық тірегі болатын Қазақстан 
Республикасының заңнамалық жүйесі де халықаралық талаптар үдесінен шыға 
алады. 
Ең алдымен, Қазақстан Республикасының Конституциясында және 30-
бабында:«1.Азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына 
кепілдік беріледі», - депатап көрсетілді. 
Қазақстан Республикасының 2007 жылы қабылданған (2011 жылы 
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Білім туралы» Заңында 
денсаулығында ақауы бар, мүмкіншіліктері шектеулі оқушылар туралы 
инклюзивті білім беру туралы мемлекетіміз кепілдік беретін көптеген 
мүмкіншіліктер мен қолдау түрлерін көреміз.
Осының ішінде 11-бапта айтылған «14.Мүмкіндіктері шектеулі 
тұлғалардың білім алуына арналған арнайы жағдайлар жасау» көрсетілген. 
Заңдағы 14-бапта; «Мамандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 
негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 
негізінде әзірленеді...» - деп нақты атап көрсетеді. 


38 
Ал 15-бап тұтасымен «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына 
арналып», ондағы 1,2,3 тармақшаларда арнайы оқу бағдарламалары «мүмкіндігі 
шектеулі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталған, білдім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялар 
ұсыныстарын» және оқушылардың «психикалық-физикалық ерекшеліктерін 
және танымдық мүмкіндіктерін» ескеретіні нақты аталып берілген. 
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы қабылданған (2007 жылы, 2009 
жылы, 2010 жылы, 2013 жылы, 2014 жылы, 2015 жылы, 2016 жылы өзгертіліп, 
толықтырылып отырды) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары 
туралы» Заңында: «4-бап. Балалардың тең құқықтылығы. 1. Тегіне, нәсіліне 
және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, 
жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық 
жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдеріне қатысты 
өзге де мән-жайлдарға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие», -деп айқын 
көрсетілген. 
Ал Заңның 15-бабында былай деп айқын көрсетілген: «15-бап. 3. Арнаулы 
педагогикалық тәрбиені қажет ететін кемтар балаларға мемлекеттік бюджеттен 
белгіленген стандарттар деңгейінде олардың білім алуына кепілдік беретін 
қосымша қаражат береді». 
Осы Заңның 6-тарауы «Мүгедек баланың құқықтары» деп аталады. 31, 32, 
33-баптарында мүгедек баланың толымды өмірге дені сау балалармен бірдей 
құқы бар екендігі, білім алуға, кәсіп таңдауға, шығармашылықпен айналысуға, 
қоғамдық қызметке аралсуға, медициналық-әлеуметтік көмек алуға, жұмыспен 
қамытылуға, мемлекеттені көмек алуға құқылы екені атап көрсетілген. 
31-баптың 2-тармақшасын таратып көрсететін болсақ: «Мүгедек бала 
өзінің дене бітіміне, ақыл-ес қабілетіне және тілегіне сай білім алуға, қызмет 
түрі мен кәсіпті таңдауға, шығармашылық пен қоғамдық қызметтерге қатысуға 
құқылы», - деп айқын айтылған. 
Қазақстан Республикасындағы мүгедек балаларға мемлекеттік әрдайым 
қолдау көрсетіп, жағдай жасауға ұмтылып отыратынын біз көптеген Заңдарда 
осы мәселенің арнайы қарастырылуынан көреміз.
Ондай Заңдар қатарында Қазақстан Республикасының 2001 жылы 
қабылданған «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс қызметі туралы» Заңын атауға болады. Ондағы 11-баптың 2-3 
тармақшасында мүгедектер мен іс-қимылы шектеулі басқа да топтарға арналған 
қол жеткізуін оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етілетіні 
айтылған. 
Ал Қазақстан Республикасының 2005 жылы қабылданған «Қазақстан 
Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңында» 
мүгедектерге білім беру мен мектепке дейінгі тәрбиелеу мәселесіне де заңды 
кепілдік берілген. Заңның 29-бабындағы «Мүгедектерге тегін бастауыш, негізгі 
орта, жалпы орта білім беруге кепілдік берілетіні» атап көрсетілген. 
Бұл аталғандардан басқа да көптеген нормативтік-әдістемелік құжаттар 
Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беруді ұйымдастыруға мемлекет 


39 
тарапынан берілетін кепілдіктердің сенімд арнасы болып табылады.Бұл 
құжаттардың құрамында Білім беруді дамытуға арналған Мемлекеттік 
бағдарламалар, Білім және ғылым министрілігінің инклюзивті білім беруге 
тікелей қатысты әдістемелік нұсқау хаттары, әдістемелік құралдары, типтік 
ережелер сияқты құжаттарды молынан атауға болады. Олардың барлығында 
инклюзивті білім берудің құқықтың жүйесі уақыт артқан сайын дамып келе 
жатқаны айқын танылады.
Ойымызды жинақтай келгенде, Қазақстан Республикасында инклюзивті 
білім беруге байланысты құқықтық-нормативтік негіздеме бар екендігін және 
алдағы уақытта бұл саланың толықтырыла түсетінін нақты деректер көрсетіп 
отырғаны анықталды. 
Ендігі талдау барысы инклюзивті білім берудің гуманистік негіздемесі 
бағытында жүргізіледі.
Әлеуметтік-мәдени саясаттың даму стратегияларыоның бір саласы болып 
табылатын – білім беру саласын да қамтитыны белгілі. Әлемдік және 
қазақстандық қоғамдық санада болып жатқан өзгерістер мен даму ұстанымдары 
білім беру саласына тікелей ықпалын тигізуде. Оның нақты көріністерін білім 
беруді дамытуды тұтас қоғамның және әрбір жекелеген оның мүшесін, әр 
адамның даму жолы ретінде тану қажеттілігінің күн тәртібіне ашық қойылып 
отырғанынан көруге болады. Жарық дүниеге келіп, көзін ашып, тыныс алатын 
әрбір сәбиден бастап, есейген, жетілген, қартайған әрбір қартқа дейінгі барлық 
адам өзінің бар мүмкіншіліктерін өмір сүру барысында жүзеге асыруға құқылы 
және ол үшін қажетті жағдайдың жасалғанын қалайды. 
Осындай ізгі идея білім инклюзивтік білім беру жүйесін дамытудың 
түпмәнін, мақсатын, оның құндылығын, даму бағдарларын да айқындайтын 
қуатқа ие болып табылады. Қазақстандық инклюзивтік білім беру жүйесінің
табысты болуы қазақстандық қоғамда қалыптасқан дүниетанымның ізгілікті 
бағдарлы болуына ғана байланысты болмақ. Инклюзивтік білім беру жүйесінің 
әрбір кірпішінің қалануы – әрбір жекелеген қоғам мүшесінің ізгілікті 
дүниетанымынан инклюзивті білім беруге деген гуманистік көзқарасына 
байланысты. Денсаулығында ақауы бар, мүмкіншіліктері шектеулі қоғам 
мүшелерінің қоғамдағы орны қайсы және қандай болуы тиіс? Бұл сұрақ әрбір 
қоғамда бел алған философиялық-гуманистік ойға сүйеніп өзіне жауап таба 
алады. 
Қазақстандық қоғамда орныққан адамгершілік, ізгілік, гуманистік идеялар 
мен ұстанымдар қазақстандық білім беру жүйесіндегі инклюзивтік білім 
берудің орнын айқындап, оның қалыпты балаларға білім беру жүйесінен өзіндік 
орнын табиғи жолмен табуына сенімді тұғырлар қалап келеді. 
Ұлттық даму жолымыздың бастауын сонау ежелгі замандардағы 
гуманистік ой-пікірдің бесігі болған фольклордан таба аламыз.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға, оларға қалыпты балалармен 
бірге білім алып, тәрбиеленуіне жол ашуға, олардың жағдайларын жайлы етіп, 
дүниені тануына, болашақта өзінің ешкімге тауқымет әкелмей, барынша өз 
күшімен өмір сүруге тырысуына сенімді ететін білімге негізделген дағдыларды 


40 
қалыптастыруда фольклордың әлеуеті зор, дидактикалық мүмкіндігінің ұшы-
қиыры шексіз. Қазақ фольклорының барлық компоненттері – қазақ ұлттық 
педагогикасының негізгі құралы. Мұндағы барлық мазмұн баланы оқытуға, 
тәрбиелеуге, оның ішінде адамгершілік ережелері мен нормалары, идеалдары, 
жақсылық пен жамандықтың күресінде жақсыға жақ болу ды, махаббат пен 
зұлымдық шайқасқан кезде махаббаттың жеңуіне қолдау беру жолдары 
үйретіледі. Сөйтіп, инклюзивті білім берудің негізгі тұтқасын – ізгі 
дүниетанымды қалыптастырады.
Инклюзивті білім берудің гуманистік тұғырының бастауы ұлттық 
фольклорымыздың барлық жанрынан табылады. Бірақ, түйінді, парасатты 
ойлар синтезделген мақалдар мен мәтелдерді, эпостар мен ертегі-аңыздарды 
талдай отырып, инклюзивті білім беру жүйесінің қалыптасуы мен теориялық 
және практикалық негіздерінің сенімді тұғыры ретінде қаланатынын түсінеміз. 
Халық даналығында «Жақсының алдында жазыларсың, жаманның алдында 
тарыларсың» дегеніндей, жақсылықтың жолы жайылғанда, кез келген мүгедек 
бала өзінің қалыпты баладан айырмашылығын ұмытып, жүрегінің нұрлы 
қазынаға айналуына өзіне мүмкіндік сыйлайды. Кейін ол нұрлы жүрек, Абай 
аңсаған «толық адамның» қатарын толтыруға бағдар ашуы мүмкін. 
Қазақ ұлттық фольклоры - қазақ ұлттық педагогикасының тарих түбінен 
келе жатқан тұмасы болса, оның сабақтастығы, дәстүрлілігі, толығып тұруға 
бейімділігі, көркемдік жетілгендігі қазіргі қазақстандық қоғамда бүр жарып 
келе жатқан инклюзивті білім беру жүйесінің де өркендеуіне берер қуаты мол 
болатынына дау болмасы анық. 
Қазақ ұлттық дүниетанымының бастауы болған фольклордың қазіргі 
дүниетанымымызбен 
сабақтастығын 
шынайылықпен 
танытар 
кезеңі
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
мақаласымен тығыз байланысты деп санаймыз. Елбасымыздың: «Жаңғыру 
атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден 
қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді 
табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер 
жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға 
бастайды.Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін 
қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.Бұл – тарлан 
тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле-
сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы 
мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін 
алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, 
болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», - деген сөздері инклюзивтік білім 
берудің гуманистік бастауларын тануда ұлттық тамырымыздан нәр ала білудің 
маңыздылығын дәлелдейді.
Осындай жаңашыл бағытты ұстана отырып, инклюзивті білім беруде, 
ендігі ретте, қазақстандық қоғамда да «адам және өмір», «адам және 
құндылық», «адам мен оның мүмкіншіліктері», «мүгедек адамдардың 
денсаулығының шектеулі болуына байланысты қоғамдағы орнынан тысқары 


41 
етпеу» деген түсініктерге құқықтық, гуманистік, құндылық көзқарастар 
тұрғысынан жаңғыратынына сенімдіміз. Сол жолмен жүретін инклюзивті білім 
беру жүйесінің жаңғырған философиялық негіздемеден сусындап, сенімді 
теориялық тұғырлардан табысты, өміршең әдістемелік/ практикалық жүйелер 
құралады.
Қазақстандық қоғамдағы инклюзивті білім беру мәселесінің түпмәнісі –
гуманистік көзқарас тұрғысынан қарастыра отырып,денсаулығына байланысты 
мүмкіншіліктері шектеулі тұлғалардың да өмірдің өзі таңдаған саласында оқып, 
жұмыс жасап, табысты болуына мүмкіндіктер жасалуы тиісті екендігі терең 
ұғыныла түсініледі. 
Қоғамдық санада қалыптасқан заманауи гуманистік парадигмалардың 
ішіндегі білім беруді ізгілендіру (гуманизация) бағдарына тоқталатын болсақ, 
бұл бағыттың мазмұнында этикалық нормалар, өзін-өзі ұстау нормалары мен 
ереже-талаптары қарастыралытыны белгілі. Адамдардың бірігіп білім алуында, 
қызмет етуінде бір-біріне деген қарым-қатынасының жауапкершілігін бірдей 
арқалауы керек екендігі туралы мәселе де осы салада қарастырылады. 
Инклюзивтік білім берудің гуманистік негіздері осылардан туындайды.
Алайда, қоғамдық сана өз болмысын жаңартып, әр адамның өмірлік 
жүйедегі орны мен құндылығы бар екенін түсінгенде ғана бұл идеяның қанат 
жайып дамитынына сөз жоқ. Қазіргі Қазақстан Республикасында бағдар етіп 
ұстанып отырған рухани жаңғыру бағыты инклюзивтік білім беру жүйесінің 
жаңа әрі сенімді теориялық және практикалық тұғырына айналады.
Осы салада қызмет етушілер мен зерттеушілер осы рухани тұманы дер 
кезінде және инклюзивтік білім берудің маңызды тірегі ретінде зерттеп, қол 
жеткен жаңа нәтижелерін инклюзивті білім беру жүйесінің іргетасын қалайтын, 
ожан әрі нығайтатын тұғырға айналдыруға ұмтылуы керек. Уақыттың өзі 
инклюзивті білім беру жүйесіне жайлы жағдайды туындатып отырғанын түсіне 
білгенде ғана қарқынды зерттеулер мен практикалық нәтижелер жасалынатыны 
белгілі. Сондықтан «рухани жаңғыру және инклюзивті білім берудің 
гуманистік бастау көздері» бағытында үлкен істер өз шешімін күтіп отыр деп 
айтуға болады. 
Жалпы білім беру, оның ішінде, әсіресе, инклюзивті білім беру – адамзат 
дамуының маңызды мәселелерінің қатарында күн тәртібінен ешқашан түспейді, 
сондықтан да инклюзивті білім берудің гуманистік негіздері уақыт артқан 
сайын дамып-жетіле түседі. 
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру және осы салада 
қызмет ететін мұғалімдерді дайындау мәселесі басымдыққа ие болып келе 
жатқанына Қазақстандағы жоғарыда келтірілген мемлекеттік құжаттар мен 
бірге ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан әзірленіп, таратылып жатқан 
нормативтік-әдістемелік құжаттар дәлел бола алады [119-122]. 
Осылармен қатар, ғалымдар мен мұғалімдердің жарияланымдарын талдау 
барысы қазақстандық инклюзивтік білім беру жүйесінің гуманистік болмысы 
мынадай бағытта дамып келе жатқанын көрсетті: 


42 
- жарық дүниеге келген әрбір баланың оқып-білім алуға, ата-баба 
жинақтап, мұра еткен, адамзаттың жинақтаған өмірлік тәжірибесінен, мәңгілік 
рухани қазынадан өз үлесін мүмкіндігі келгенінше алуға құқы да, мүмкіндігі де 
бар екенін толыққанды түсіну бағыты; 
- қоғам өмірге келген әрбір баланың денсаулығы мүмкіндік бергенінше 
білім алуына жағдай жасауы қажет; 
- инклюзивтік білім беру жүйесінде маңызды орын алатын мәселе - 
жоғары оқу орындарынан бастап болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді, 
әдіскерлерді арнайы дайындау және ол үшін қажетті оқу бағдарламаларын 
әзірлеу; 
- оқушыларға инклюзивтік жаңашыл білім беру тәсілдері мен жаңа оқыту 
модельдерін көптеп енгізу; 
- инклюзивті білім беру барысында ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлемдік ғаламтор 
жүйесіндегі білімдік ресурстар қолжетімді болуына жағдай жасау; 
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақтарда қолдану арқылы 
инклюзивті білім беру жүйесін жаңа сапалы оқу-дидактикалық қамтамасыз 
етуге көшу; 
- инклюзивті білім беруде оқушыларға білімдік-дамытушылық орта құрып, 
ол үдеріске психология-педагогикалық және медицина-әлеуметтік қолдау 
жасау; 
- мұғалімдер мен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың арасындағы 
серіктестік пен ынтымақтастық орнауы керек, осындай ынтымақтастыққа ата-
аналарды да тарту маңызды болып табылады; 
- инклюзивті білім беруде оқушыларды өзімен-өзі томаға-тұйықталып 
қалған адамды емес, есесіне, ізгі, шынайы, адамгершілігі мол, мейірімді,
рақымды, өзін сыйлау арқылы басқаларды да сыйлай алатынтұлғаны 
қалыптастырып, тәрбиелеу, дамыту маңызды болып саналады; 
- инклюзивті білім беру арқылы оқушылардың өздері дүниеге келген 
отбасыларында тәрбиелену мен тұру құқының орындалуын қамтамасыз ету 
жұмысы да қарқынды орындалады; 
Инклюзивті білім берудің осындай бағдар ұстанып дамуы гуманистік 
инклюзивтік білім беру жүйесін қалыптастырып, негізін құрайды. Сонымен 
қатар, біздің ойымызша, маңызды саланың қалыптасуына үлкен сеп тигізеді, 
Ол маңызды саланы мүмкін ішкі саралануынан туындайтын «инклюзивті 
гуманистік педагогика» деп атауға болатын шығар. 
Педагогикадағы гуманистік технологияның негізін құраған педагог 
ғалымдардың пікірлерін талдай отырып, оның өзіндік ерекшелігі – мұғалімдер 
мен оқушылардың, оқытушылар мен студенттердіңбілім беру-білім алу 
үдерісінде бір-біріне жатсынбай, оқу-танымдық үдерістің айрылмас екі 
жағының біртұтастығы болуында. Гуманистік технология педагогиканың екі 
маңызды құраушысы болып табылатын – мұғалім мен оқушының жеке 
тұлғаларына өзара құрметпен қарауға, өзара түсіністік пен сенім және терең 
тамырлы сыйластық болуын қалайды және соған қалыптастырады. 


43 
Педагогикалық үдерістің құраушы компоненттері болып табылатын - мұғалім 
мен оқушы тұлғалары өзара сыйластыққа келер тұсы - оқу-танымдық үдерістің 
нәтижелі өтуі үшін жасалынатын жағдайға да тікелей байланысты. 
Бұл жерде тек инклюзивті оқытудағы тұлға - тек мүмкіндігі шектеулі бала 
ғана емес, оған білім беруші мұғалімнің де дүниетанымдық, гуманистік 
көзқарасы мен білім беру/тәрбиелеу қабілеттерінің кәсіби тұрғыдан жетіле 
беруі және оған да мүмкіндігінше жайлы жағдайлар жасалуы керек екендігі 
айқындалады. 
Инклюзивтік оқытудың негізі болып табылатын гуманистік технологияның 
бір параметрі мұғалім тұлғасының да осы жүйеге сәйкес келуімен байланысты 
айқындалады. 
Осылай, инклюзивтік білім берудің мәдени-гуманистік функциясы жүзеге 
асырылады. Ол жүзеге асатын кеңістік әлеуметтік-мәдени кеңістік болып 
табылады. Сол арқылы инклюзивтік білім беру барысы – гуманистік 
идеялардың 
нәрлі 
тамырынан 
сусындайтын, 
демократтық 
сипатта 
ұйымдастырылған, интенсивті/қарқынды білім беру үдерісі түрінде іске 
асырылады. Бұл жерде «интенсивті/қарқынды» дегенді беріліп жатқан 
ақпаратты барлық сезім каналдары параллельді жолмен бірден қабылдау және 
эмоциялық тәжірибеге сүйенетін білім беру формасы деп түсінген дұрыс.
Гуманистік идеяға сүйенген инклюзивті білім беру үдерісінің өзегі - 
«балалардың барлығының да өз мүмкіншіліктеріне сәйкес, гармониялық, өзара 
үйлесімді даму деңгейінде оқып, өзі өмір сүретін қоршаған әлемді танып-білуі 
және өзінің өмірінде оны қажетіне жарата алатын қабілетке ие болуына 
қамқорлық жасауы тиіс» деген идеяға негізделеді. Бірақ арнайы атап кететін 
мәселе - жалпы білім беру үдерісі де гуманизмге негізделуі тиіс. Ал 
инклюзивтік білім беру үдерісі тек гуманизмнен туындап, гуманистік ой-
идеяны тұғыр етуі керек. Өйткені дәстүрлі педагогикалық теория мен 
практикада бел алып тұрған технократтық оқыту жүйесін инклюзивтік білім 
беру жүйесіне жай «көшіріп әкеле салуға» болмайды. Ондай жағдайда, 
инклюзивтік білім берудің түп табиғаты дұрыс бағытта қала алмауы мүмкін. 
Бұл ретте, Ш.А.Амонашвилидің гуманистік педагогикалық жүйесінің 
болмысын 
ғалымның 
еңбектерінде 
және«Гуманистік 
педагогиканың 
Манифестінің» негізі қаланған қабылдау – түсіну – көмектесу – сүю – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет