Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет10/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
Disser Oralbekova (1)

 
 


19 
1 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ 
БАСТАУЫШ 
СЫНЫП 
МҰҒАЛІМДЕРІН 
АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҚОЛДАНУ 
ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1.1 Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға 
даярлау мәселесінің қазіргі жәйі 
Еліміздегі білім беруді реформалау жағдайында туындап жатқан 
әлеуметтік-педагогикалық үдерістерді түсінетін жаңа тұжырымдамалық ойлау 
жүйесі бар педагогтерді дайындау қажеттілігін жоғары оқу орындары да дер 
кезінде түсініп, туындаған мәселені шешуге жан-жақты кірісіп жатқаны белгілі. 
Инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибе мен зерттеулерді жинақтап 
талдау, қоғамның мүгедек балаларды қалыпты дамып жатқан қатарластарымен 
бірге оқытуға деген оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқу 
орындарының өздеріне де маңызды орын беріледі, себебі олардың оқытудың 
жаңа үлгісіне дайындығы табыс өлшемдерінің бірі болып табылады.
Қазақстанның білім беру жүйесіне ендігі ретте тек дені сау балаларға ғана 
емес, сонымен қатар әр түрлі әлеуметтік факторларды, әлеуметтену 
ерекшеліктерін есепке ала отырып, дамуында түрлі ауытқулары бар балаларға 
да білім беріп, тәрбиелейтін жоғары білікті мектеп мұғалімдері ауадай қажет. 
Бұл мәселенің маңыздылығы сонша, бұл туралы халықаралық және отандық 
құқықтық құжаттарда ашық та айқын анықталған. «Дүниежүзілік мүгедектік 
туралы баяндамада» инклюзивті білім беруді дамытуда жалпы білім беретін 
педагогтің арнайы даярлығы шешуші мәнге ие екендігі айтылған [78].Аталған 
құжатта: «Мемлекеттік жалпы мектеп мұғалімдерінің арнайы оқытылуы
олардың сенімділігін нығайтып, мүгедек балаларды оқыту дағдыларын 
жақсартуы 
мүмкін. 
Инклюзия 
қағидалары 
мұғалімдерді 
дайындау 
бағдарламаларына ендірілуі және мұғалімдерге инклюзивті білім беру 
саласында кәсіби білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін басқа да 
бастамалармен қосылуы керек», – деп көрсетілген. 
Біздің еліміздегі білім беру саясатының өзекті мәселелеріне: кәсіптік 
даярлаудың сапасын жақсарту мен жетілдіру, біліммен қамтамасыз етудің 
ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен 
әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері 
мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі 
жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз 
етуде оның маңыздылығын арттыру және қазіргі заман техникасы мен 
технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу тағы басқа мәселелер енеді [79]. 
ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 
қаулысыменбекітілген «
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартында:
«...ерекше білім беру қажеттіліктері (мұқтаждықтар) – дене 
бітімінде және ақыл-есінде кемістігі бар балаларды қоса алғанда, білім алуда 
қандай да бір себептермен тұрақты немесе уақытша қиындықтарға тап 


20 
болатын балалардың қажеттіліктері», - делінсе, «инклюзивті білім беру – білім 
беру бағдарламаларына сәйкес басқа да санаттардағы білім алушылардың тең 
қолжетімділігін көздейтін даму мүмкіндіктері шектеулі адамдарды бірге 
оқыту мен тәрбиелеу, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы түзету-
педагогикалық және әлеуметтік қолдау», - деп көрсетілген болатын.
Дамуында ерекшелігі бар балалардың білім алу бағдарламасының 
тиімділігі адамның жасы мен денсаулығындағы қиындықтардың бастапқы 
нүктесін анықтаудан басталады. 
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім беру мен 
ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі 
балаларға инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда[3]. 
Бүгінге дейін орта білім беру ұйымдарындағы балалардың 32%-ы 
инклюзивті оқытумен қамтылған. Бұл мекемелерде арнайы жағдайлар 
жасалып, мүмкіндігі шектеулі 25 985 бала (28%) дені сау қатарластарымен тең 
дәрежедебілім алуда. 2019 жылға дейін мектептердің 70%-ы инклюзивті білім 
беруге лайықталынуы көзделіп отыр.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетуге арналған нормативтік-
құқықтық құжаттарды талдау барысында олардың инклюзивті білім беруді 
дамытудың негізін қалаған құқықтық реформалар болып табылатыны 
анықталды. Дүние жүзіне белгілі арнайы мекемелерде әлемге танымал 
инклюзивті білім беру формалары қолданылып келеді. Ондай білім беру 
формалары әрбір жекелеген баланың өзінің тұрғылықты мекен-жайында білім 
алуына мүмкіндік туғызады. 
Арнайы білім берудің даму барысын қарастыра келеН.Н. Малофеев 
бірнеше кезеңдерді анықтайды. Олар: 
1кезең–VIII ғасыр мен ХII ғасыр аралығы–агрессия мен төзімсіздіктен 
мүгедектерге деген жиіркеніш сезім ұғымы; 
2 кезең –ХII ғасыр мен ХVIII ғасыр аралығы –мүгедектерге деген 
жиіркеніштік сезімінің тереңдеуінен көзі көрмейтін, құлағы естімейтін 
балаларды бөлек оқыту мүмкіндігін ұғыну; 
3 кезең – ХVIII ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы аралығында – 
сенсорлық кемшіліктері бар балаларды оқыту мүмкіндігінен жалпы даму 
нормасынан ауытқыған балаларды оқыту құқығының мойындалуы; 
4 кезең – ХХ ғасырдың басынан – ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейінгі 
аралықта – дамуында ауытқуы бар балалардың тек жекелеген категориялары 
үшін арнайы білім беруді айқын ұғынудан барлық арнайы білім беруді қажет 
ететін балаларды оқытуға қарай өсу; арнайы білім берудің жүйесін дамыту мен 
саралау; 
5 кезең – ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап қазірге дейінгі аралық – 
тең мүмкіндіктен тең құқыққа, сегрегациялаудан (бөлектенуден) 
интеграциялауға (кіріктірілуге) өту кезеңдері [18]. 
Білім беру – барлық уақытта да мәдениеттің даму мен қызмет етуінің 
күрделі тарихи үдерісінің бөлігі болып қала береді. Н.Н. Малофеев қоғам мен 
мемлекеттердің ауытқуы бар адамдарға деген қарым-қатынас эволюциясын 


21 
барлай отырып, оны 5 кезеңге бөліп қарастырады [18]. Ол кестені төменнен 
көруге болады (1-кесте). 
Кесте 1–Шетелдердегі ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды оқытудың 
пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері 
Кезе
ң 
дер 
Атауы 
Уақыт
Батыс мемлекеттердегі кезеңдердің 
сипаттамасы 

Пайда болу кезеңі Б.э.д VIII ғасыр– 
б.э.XII ғасыр 
Ауытқуы бар балалардың құқықтық 
нормалары мен заңдылықтарын бекіту 
қажеттілігін 
жете 
түсінуі 
мен 
мойындауы. 

Оқыту 
мүмкіндігін жете 
түсіне бастауы
XII ғасыр -XVIII 
ғасыр 
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды 
оқыту. Алғаш арнайы мекемелердің 
пайда болуы. 

Үш 
түрлі 
категориядағы 
балаларды оқыту: 
есту бұзылыстары 
бар, 
көру 
бұзылыстары бар 
және ақыл-есі кем
XVIII ғасыр –
XX ғасыр 
Арнайы оқу орындарының ашылуы мен 
арнайы білім беруді кіріктіру туралы 
алғашғы заңдылықтар мен актілердің
пайда болуы. 

Барлық 
бұзылыстары бар 
балаларды оқыту 
қажеттілігінің бар 
екенін жете түсіну 
XX 
ғасырдың 
басы мен –XX 
ғасырдың 
70-
жылдары 
Ауытқу түріне байланысты көмек қажет 
ететін балалардың барлығына қолдау 
көрсету. Интеграциялау – «Нормаға 
келтіру моделінің» жүзеге асуы.

Арнайы 
білім 
беру 
үдерісінен 
балаларды 
қоғамға кіріктіру
XX ғасырдың 70-
жылдары 
мен 
қазірге 
дейінгі 
кезең 
«Нормаға келтіру моделінің» жүзеге 
асуы. Арнайы білім беру үдерісінен 
жалпы білім беру үдерісіне енуі. 
«Инклюзивті білім беру» ұғымының мәні ағылшын термині «inclusion», 
яғни «кіріктірілу, ендіру» дегенді білдірсе, француз тілінен аударғанда 
«inclusif» «өзіне ендіру», латын тілінен аударғанда «include» - «ену» дегенді 
білдіреді. Сөздіктерде инклюзивті білім беру дегеніміз – жалпы білім берудің 
даму үдерісіндегі барлықадамдарды оқыту, сонымен қатар әр түрлі 
қажеттіліктерге ие балаларға қарай бейімдеу арқылы ерекше мұқтаждықтары 
бар балалардың білім алуына қол жеткізу екендігі көрсетілген. 
Қабылданған халықаралық құқықтық актілер адамның жынысы, нәсілі, 
діни, мәдени-этникалық немесе тілдік белгілері, денсаулық жағдайы, 
әлеуметтік шығу тегі, қашқын мәртебесі болуы, тағы басқалай белгілері 
бойынша еш кемсітушілікті болдырмайтын білім алу құқықтарын белгілейді. 
Осы ретте зерттеу нысанымызға байланысты біріншіден «инклюзивті білім 
беру» ұғымына берілген анықтама туралы тоқталайық.
«Инклюзивті білім беру» ұғымы Қазақстан Республикасының «Білім 
туралы» Заңында ашып көрсетілген[6].Бұл ұғым ерекше білім алу 


22 
қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктері ескеріле отырып, барлық білім 
алушылардың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін үдеріс ретінде 
түсіндіріледі. Бұл жағдайда қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын 
қажет ететін тұлғалар (ҚР «Білім беру туралы» Заңының 1 бабы). Яғни, мәселе, 
ең алдымен, оқушылардың шектеулі отыр («денсаулығына байланысты білім 
алуда тұрақты немесе уақытша қиындыққа тап болуда»). Бұл жағдайда 
дарынды балаларды емес, пайдаланылады. Яғни, мұнда да ерекше білім алу 
қажеттіліктері түсінігі ауқымды емес. 
ЮНЕСКО-ның әдістемелік материалдарында көрсетілген инклюзивті білім 
беру туралы ұғымға мынадай анықтама берген: «Инклюзивті білім беру 
дегеніміз – барлық балалар дене, психикалық, зерде, мәдени- этникалық және 
басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне қосылып, 
тұрғылықты көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастыру. Бұл жағдайда 
мектептер білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескеріп, өз оқушыларына 
қажетті арнайы қолдауды жүзеге асырады». 
Ал, Саламанка Декларациясыныңқұжаттарында:«Бұл жалпы білім беру 
мекемесі жағдайында білім беру қызметінің жүйесі, тұрғылықты мекен-жайы 
бойынша балалардың білім алуға және оқуға толық құқығы бар ұстанымы 
негіздемесінде жүзеге асады», – делінген.(Саламанка, Испания 1994 жыл) 
«Инклюзив» 
терминінің 
анықтамасына 
отандық 
ғалымдардың 
еңбектерінде де, шетелдік ғалымдар еңбектерінде де түрлі қырынан 
қарайтынын көруге болады.Зерттеу барысында 28 ғылыми анықтама жіктеле 
отырып қарастырылды. Олардың ішіндегі ең танымал бағыттарды қамтып 
көрсететін бірнешеуін төмендегі кестелерден көруге болады. 
Инклюзивті білім беруді түсіндіруде отандық зерттеушілердің де бірыңғай 
ұстанымы жоқ екендігі келесі кестедегі пікірлерден көрінеді (2-кесте).
Кесте 2 - Отандық зерттеу еңбектеріндегі «Инклюзивті білім берудің» 
анықтамасы 
Автор 
Инклюзивті білім туралы берген анықтамасы


Қазақстан Республикасында 
инклюзивті білім беруді 
дамытудың тұжырымдамалық 
тәсілдері 
Инклюзивті білім беру – баршаның сапалы білімге 
қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған 
білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып 
табылады. Ол балалардың дене, психикалық, 
зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да 
ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру 
ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар 
балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, 
олардың сапалы білім алуы үшін және олардың 
әлеуметтік 
бейімделуін, 
социумге 
кірігуін 
көздейді[13]. 
Сүлейменова Р.А. 
Денсаулық жағдайына, әлеуметтік, этникалық және 
экономикалық жағдайына қарамастан, барлық 
балаларды ақысыз оқу үдерісіне қосуды көздейтін 
білім беру үдерісінің құраушысы[26, б.56]. 


23 
2 кестенің жалғасы 


Мовкебаева З. А

Жалпы білім берудің қолжетімділігін және барлық 
балалардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі 
балалардың әртүрлі білім алу қажеттіліктеріне 
бейімделуін білдіретін жалпы білім берудің даму 
үдерісі[27, б.6]. 
Оралканова И. А. 
Балалардың әртүрлі білім алу қажеттіліктерін түсіну 
және білім беру үдерісіне толығырақ қатысу, 
жұртшылықты тарту және білім берудегі бөлектеу 
мен кемсітуді жою арқылы осы қажеттіліктеріне сай 
қызметтер көрсету[28, б.32]. 
Рсалдинова А. К. 
Білім беру, әлеуметтік, түзету-дамыту қызметтерінің 
сапасына кепілдік бере отырып, білім беру 
ұйымдарының 
барлық 
түрлерінде 
мүмкіндігі 
шектеулі тұлғалар үшін арнайы білім беру 
жағдайларын жасауға және оған қолжетімділікті 
қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясаты[80, 
б.7]. 
Байтурсынова А.А. 
Инклюзивті білім беру – бұл барлық білім беру 
ұйымдарында арнайы білім беруге жағдай жасау 
үшін, ондағы кедергілерді жою арқылы мүмкіндігі 
шектеулі балаларды білім беру үдерісіне ендіруді 
қамтамасыз ететін мемлекеттік саясат[81]. 
Құлсариева А.Т.
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді 
кәдімгі білім беру ұйымдарының білім беру 
үдерісіне белсенді түрде қосу, және барлық 
санаттағы балалардың білім алу қажеттіліктерін 
қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беру 
жүйесі мен оқу-тәрбиеүдерісін қайта құру[82, б. 6]. 
Кестеде берілген анықтамалардың түрлілігіне қарап, инклюзивті білім 
беруді түрлі тұрғыдан түсіндіру тәжірибесін байқаймыз. 
Төмендегі кестеден шетелдік ғалымдардың инклюзивті білім беру 
анықтамалары берілді. Мұнда да бір мәселенің түрлі қырынан танылуын 
байқауға болады. Яғни шетел ғалымдарының да «инклюзияға» анықтама 
беруде бірыңғайлылық жоқ (3-кесте).
Кесте 3 – Шетелдік зерттеу еңбектеріндегі «Инклюзивті білім беру» 
туралыанықтамалар 
Автор 
Инклюзивті білім туралы берген анықтамасы 


Renzaglia A. 
әлеуметтік қоғам үшін әр баланың ерекшелігін тану [83]. 
Jackson R. 
ерекше қажеттіліктері бар балаларды басқа дамуықалыпты 
оқушылармен бірге оқыту үшін оқу орнында бірегей 
жағдай жасау [84]. 


24 
3- кестенің жалғасы 


Shemesh Y. R. мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрғылықты жеріне жақын 
орналасқан жалпы орта мектептерде білім алуы және 
тәрбиеленуі [85]. 
VoltzD. L. 
мүмкіндігі шектеулі балалардың мектеп кеңістітігінде 
басқа оқушылармен бірге толық ынтымақтастықта 
араласуы және сыныптан тыс іс-шараларға бірге қатысуы 
[86]. 
RyndakD. L. 
ерекше қажеттіліктері бар балаларды бір оқу жоспарына 
қосу, олардың мектеп ұжымына кірігуіне көмек көрсету,
әлеуметтік бейімдеу, жағымды ахуал құру[87]. 
Bakke T. W. 
жалпы білім беру үдерісіне мүгедек балаларды да толық 
қамту үшін жағдай жасау [88]. 
Шетелдік түрлі тәсілдерді зерттеу нәтижесі «инклюзивті бағдарланған 
білім беруде басты рөл ерекше қажеттіліктері бар балаға беріледі» деген 
тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Осылайша, инклюзияны білім беру 
үдерісімен емес, қоғамдағы баланың жағдайымен тікелей байланысты таныған 
дұрыс деп саналады. 
Инклюзивті оқыту мәселесімен бірге дербес оқу мүмкіндіктері бар 
балалар туралы мәселеде бір қатарда қарастырылады. Дербес оқу мүмкіндіктері 
бар балалар жөнінде анықтамасы заңда келтірілмеген. Оксфордпсихологиялық 
сөздігінде оқушының дербес мүмкіндіктері дегеніміз – бұл нақты бір адамды 
басқалардан құрылымдық (конституционалдық) ерекшеліктері, миының 
нейродинамикалық 
өзгешеліктері, 
мидың 
үлкен 
жартышарыныңфункционалдық ассиметриясының ерекшеліктері және тағы 
басқа белгілері бойынша ажырататын психофизиологиялық сипаттама екені 
көрсетілген. Оқушының психофизиологиялық сипаттамасының өзгешелігі - 
оның дербес мүмкіндіктері деп танылған.
Зерттеу жұмысының мақсатына байланысты, ерекше білім беру 
қажеттіліктері және дербес мүмкіндіктер анықтамасын «даму ерекшеліктері» 
ұғымына біріктіруді ұсынамыз.
Ресей ғалымдарыинклюзивті білім беруді анықтауда инклюзия мен 
интеграцияның мағыналарының шектері түйісуіне мән береді. А.А.Нестерова 
мен Ж.А.Максименко инклюзивті білім беруді интегративті оқытудың құраушы 
бөлігі болып табылады деп есептейді[89, б.71]. О.Н.Ертанова«инклюзия» 
термині «интеграцияның» синонимі болып табылады деген тұжырым жасайды. 
Ғалым бұл екі ұғымныңмағынасы ұқсас деп санайды [90, б.18].Н.М.Назарова да 
екі ұғымның арасындағы тығыз байланысты негізге алып, «инклюзия» мен 
«интеграция» 
бір 
үдерісті 
сипаттайды 
деп 
анықтайды[91, 
б.78].Е.А.Екжанованың пікірінше, «интеграция» - «инклюзияның» бастапқы 
кезеңі болып табылады[92, б.24]. 


25 
Философиялық тұрғыдан қарағанда, интеграция –бұл негізгі мақсаты 
біріктіру, қалпына келтіру, қосу, яғни тұтастық болып табылатын үдеріс немесе 
іс-шаралар кешені. Әрі бұл тұтастық физикалық кеңістікте де, моральдық 
түпнегізде де көрініс беруі мүмкін [93, б.158]. 
Елімізде ортақ тегін білім беру жүйесі пайда болған сәттен мемлекеттің 
әрбір 
мүшесінің 
білім 
алуға 
қатысу 
құқығы 
туындады.
Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактикасынан» бастау алатын ізгілікті пеагогикадан 
басталатын идеяға сүйенсек, [94,б.88]елдің барлық азаматтары, соның ішінде 
денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар да білім алу құқығына ие.
Арнайы білім берудегі интеграциялық үдерістер тек ХХ ғасырдың 90-шы 
жылдарында, ал біздің елімізде 20 жылдай кеш басталды.С. Н. Маслиева 
арнайы білім беруден бастап мамандандырылған білім беруге дейінгі жолды еш 
дайындықсыз келген жол деп атады. Оның айтуынша, кеңестік дәуірден кейін 
пайда болған елдердің білім беру үдерісіне интеграцияны енгізу әлеуметтік-
экономикалық құрылыстағы өзгерістерден туынған[95]. 
Интеграция мәселесінің теориялық және практикалық тұрғыдан шешу 
жолдары республикамызда бірқатар ғалымдар да айналысқанын айқындадық: 
А.А.Бейсенбаева, 
М.Ә.Құдайқұлов, 
Қ.Б.Бөлеев, 
А.Д.Болтаев, 
Н.А.Оразахыновалар пәнаралық байланыс негізінде оқу-тәрбие процесін 
ұйымдастыру мәселелерін, А.Р.Бектеньярова, Р.К.Аббасова, Н.Жапанбаева, 
О.К.Шайхеслямовалар жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі 
интеграция 
мәселесінің 
педагогикалық 
негізін, 
М.А.Абсатованың 
еңбектеріндегі интеграция идеясының қалыптасуы мен даму тарихын,
Ғ.К.Шолпанқұлова, Г.А.Меңдіғалиева жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен 
тәжірибе интеграциясының педагогикалық негізін, Ә.Мұханбетжанова 
бастауыш білім мазмұнын интеграциялау мәселесін қарастырған. Бұл еңбектер 
республикадағы қазіргі білім берудегі және педагогика ғылымындағы 
интеграция құбылысын ғылыми тәжірибелік тұрғыдан айқындауға бағытталған 
алғашқы зерттеу жұмыстары еді[96]. 
С.К.Сейітқалиев 
атап 
өткендей, 
Қазақстандағы 
білім 
беру 
интеграциясының пайда болуы келесі факторларға байланысты: заңнамалық 
база жеткіліксіз және қарама-қайшылықтар болғанда, экономикадағы 
дағдарыстарда жүзеге асырылады, бірақ ол сау балалардың құқығын 
шектемейді [97, б.158]. 
О.А.Манаенкова өз еңбегінде интеграцияның жалпы анықтамасын 
«денсаулық 
мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы білім беру 
мектептерінде жалпыға қолжетімді білім алу мүмкіндігі деп есептейді [98]. 
«Кірігу/интеграция» ұғымына қатысты әртүрлі көзқарастарды талдай 
отырып, интеграцияның өзі - көпқырлы болып табылады деген тұжырым 
жасауға болады. Сәйкесінше, оған бірыңғай анықтама беруге болмайды. 
Интеграцияның негізгі қырлары 1 суретте көрсетілген (1-сурет). 


26 
Сурет 1– Білім беру жүйесіндегі «интеграция» терминнің құрамы. 
Кіріктірілген және инклюзивті білім беру мәселелері туралы талдау 
барысы төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.Кіріктірілген 
білім беру жағдайында негізгі мақсат даму ерекшелігі бар баланы жалпы білім 
беру ортасының жағдайларына бейімдеу, ал инклюзивті білім беруде–оқу 
үдерісін осындай баланың қажеттілігіне қарай икемдеу немесе өзгерту болып 
табылады. Бұдан шығатын қорытынды, интеграция мен инклюзия –екі ілеспелі 
үдеріс (2-сурет). 
Интеграция 
Инклюзия 
Сурет2 – Кіріктірілген және инклюзивті білім беру 
Осылайша, дамуында ерекшеліктері бар бала қалай болғанда да, жалпы 
жағдайларға икемделіп, білім беру кеңістігіне бейімделуі керек.Осы бейімдеу 
үдерісінде балаға көмек беру – бұл кіріктірілген білім берудің міндеті. Екінші 
жағынан, білім берудің әдістемелік, материалдық,ақпараттық аспектілерін 
құраушылардың –қырларындатек осындай балаға сай икемделуі тиіс – бұл 
инклюзивті білім берудің міндеті. 
Инклюзияға, білім берудің тиімділігін арттырудың құраушысы ретінде, 
табыстылықтың әртүрлі өлшемдері тән. Мысалы, Н.М.Латыпова мұндай 
Ин
тегра
ци
я 
арнайы білім берудің дамуындағы негізгі үрдіс 
мүмкіндігі 
шектеулі 
балаларға 
арналған 
оң 
әлеуметтік-педагогикалық қыры 
қиындықтары бар тұлғаларға өмір тіршілігінің 
алуан түрлеріне қатысудың тең құқығын бере 
отырып, оларды қоғамның әлеуметтік өміріне енгізу 
үдерісі 
денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды 
әлеуметтік салада әлеуметтендіру құралдары 
Дамуында мүмкіндігі 
шектеулі бала 
Қоршаған орта 


27 
факторлар ретінде мемлекеттің демократиялық құрылысын құру, жалпыға 
қолжетімді мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін 
арнайы жағдайлар қалыптастыру (кабинеттерді, баспалдақтарды және т.б. 
жабдықтау), мектеп базасында түзету қызметтерін таңдау мүмкіндігінің пайда 
болуы, педагогикалық құрамның біліктілігін арттыру және тағы басқаларын 
бөліп көрсетеді [99, 41 б.]. 
Т.Л.Лещинская атап өткендей, инклюзивті үдерістер тек демократиялық 
қоғамда ғана табысты болуы мүмкін. Дәл осы қоғамда орташа статистикалық 
адамдар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың арасындағы барлық кедергілер 
жойылып кетеді[100, 158 б.]. 
М.И.Никитина заманауи қоғамда тез бейімделудің негізгі шарты ретінде 
мүгедек балаларды қалыпты дамып жатқан қатарластарымен бірге бірыңғай 
мектеп кеңістігінде оқытуды атайды. Ол инклюзияны мынадай қырларында 
қарастырады: 
–барлық балаларды білім беретін оқу орындарында оқытуға бағытталған 
білім беру үдерісі ретінде; 
–ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың белгілі бір 
әдістемесінен тұратын психологиялық-педагогикалық жүйе ретінде[101, 86 б.]. 
Т.А.Силантьева білім беру мекемелерінің денсаулық мүмкіндіктері 
шектеулі балалармен жұмысының төмендегідей бесбелгісін бөліп көрсеткен. 
Олар:
– мүгедек балаларға білікті түзетушілік көмек көрсету; 
–ерекше бейімделу қажеттіліктері бар баланың мәртебесін бөліп 
қарастыру; 
– педагогтерді мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу үшін қайта 
даярлау; 
–білім беру мекемелерін арнайы техникамен жарақтау; 
–қоғамдағы денсаулығында ақауы бар тұлғаларға деген төзімділікті 
насихаттау[102, 97 б.].
Инклюзивті білім беру саласындағы зерттеулерді шолу және талдау 
барысында Қазақстанда инклюзивті білім беру кеңістігін құрудың ең жиі 
аталатын және белгілі бір мөлшерде тұрақты болыр келе жатқан қиындықтарын 
анықтауға мүмкіндік болды. Оларға мыналар жатады: 
–мектептердің материалдық-техникалық жарақталуының жеткіліксіздігі 
(кітаптар мен әдістемелік әдебиет, арнайы жабдықтар, техника); 
–сыныптардағы оқушылар санының көптігі (инклюзияны қиындатады, 
денсаулығында ақауы бар балаларға ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік жоқ); 
–педагогтің күн тәртібінің тиімсіздігі (өз бетінше дайындалуға уақыты 
жоқ); 
– мүмкіндігі шектеулі оқушылардың бойында өзіне деген сенімсіздіктің 
қалыптасуы [103]. 
З.А.Мовкебаеваның тиімді инклюзивті білім берудің жолындағы басты 
кедергі – білім беру мекемелері педагогтерінің осы үдеріске білікті 
дайындығының төмендігі деген ұстанымы маңызды болып табылады[104, 6 б.]. 


28 
Аталған кедергілерді жою арқылы ғана тиімді білім беру үдерісін 
қалыптастыруға мүмкіндік туады. Солкедергілерді жойғанда ғана инклюзия 
жалпы және арнайы білім беру жүйелерінің біртіндеп тұтас бір жүйеге бірігуіне 
алып келеді.
Бастауыш мектепте инклюзивті білім беруді енгізуде үлкен қиындықтар 
ұшырасып жатса да, оның дамуында ерекшеліктері бар тұлғалардың 
толыққанды өмірін қалыптастыру үшін маңыздылығын кемімейтіні белгілі. 
Түптеп келгенде, инклюзивті білім беру - қоғамдағы әлеуметтендіру құралы 
ретінде қарастырлуыкерек. 
В.В.Коркунов 
мүмкіндігі 
шектеулі 
балалар 
мамандандырылған 
мектептегіге қарағанда,инклюзивті мектепте сырт адамдар тарапынанкөбірек 
ынталандырылып отырады. Мұның өзіинклюзивті білім берудің қажеттілігіні 
тереңдете түседі. Автор жалпы мектептегі оқыту денсаулығында ерекшелігі бар 
балалардың қажетті білім мен дағдыларды табиғи ортада игеруіне мүмкіндік 
береді деп есептейді [105, 88 б.]. 
Н.А.Першина инклюзивті білім берудің басты артықшылығы деп қарым-
қатынас жасау және тұлғааралық өзара әрекеттестікті қалыптастыру 
мүмкіндігін ерекше атайды. Оның пікірінше, оқытудың бұл үлгісі 
коммуникациялық дағдыларды игеретін мүмкіндіктері шектеулі балаларға да, 
қалыпты дамып жатқан балаларға да оң ықпал етеді. Қалыпты дамып келе 
жатқан балалар мүгедектерді қоғамның толыққанды қатысушылары ретінде 
қабылдауды үйренеді. Инклюзивті оқытуда бейімделу қажеттіліктері бар 
балалар отбасылық тәрбие үдерісінен ажырмайды, өйткені олар тұрғылықты 
мекен-жайы орналасқан жерінде білім алады[106, б.70]. 
С.В.Алехинаның айтуынша, инклюзивті білім беру қоғамның толыққанды 
мүшесін қалыптастырудың өмірлік маңызды үдерісі [107, 21 б.].Инклюзивті 
білім беруді тек кедергілер ғана тежемейді, әсіресе, әлеуметтік сипаттағы 
мәселелер де (ата-аналардың білім беру жүйесіне сенбеушілігі, білім беру 
мекемелерінің 
басқарушы 
қызметкерлерінің 
жаңалықтарды 
енгізуге 
құлықсыздығы) баяулатады.
Инклюзивті 
оқытуды 
бастауыш 
мектептерге 
енгізу 
ісіосы 
жүйеніңтетіктерін анықтау үшін нақты және жан-жақты тәсілдеме қолдану 
керектігін дәлелдеп келеді. Нақты және айқын ашып айтатын болсақ, 
инклюзияның күрделілігі ерекше қажеттіліктері бар балалардың табиғи мектеп 
кеңістігіне бейімделуінен емес, білім беру мекемелерінің өздерінің осындай 
оқушыларға «икемделуінің» қиындықпен өтуінде болып отыр. 
Дамуында ерекшеліктері бар балаға жаңа білім беру жүйесінде табиғи 
үдерістерге бейімделуге тура келсе, қалыпты дамып келе жатқан оқушылар мен 
мұғалімдергеде «ерекше» оқушы оқитынына түсіністікпен қарауға қалыптасып, 
соған тәрбиеленуі керек болады. 
Инклюзивті білім беруге сәйкес енгізілетін өзгерістер мектептің ішкі 
үдерісіне тұтастай әсер ететіні белгілі. Нақтырақ айтқанда, білім беру 
мекемесіндегі барлық оқушылар мен мұғалімдер, мектептің басқа да 
қызметкерлері 
өзара 
қарым-қатынас 
жасауда 
ендігі 
ретте 
жаңа 


29 
формаларынқұруы тиіс болады. Түпкі нәтижесіндеондай өзгерістер оқыту 
үдерісінің барлық салаларына, соның ішінде оқушылардың өзара тұлғааралық 
байланысына да әсер етеді.
«Ерекше» балаларға арналған білім беру жүйесінің пәндік-дамытушы, 
материалдық-техникалық және білім берушілік деп аталатын құраушы 
компоненттері және олардың өзара байланысы назарда ұсталынып қалыптасуы 
тиісекендігін Е.А.Екжанова атап көрсетеді[108].
Әрбір мектепте әр оқушының зияткерлік, әлеуметтік және рухани дамуын 
қамтамасыз ететін бірыңғай білім беру кеңістігі құрылуы қажеттігіне
М.В.Кларин маңыздылықпен назар аударады. Ғалым мектеп - мүмкіндігі 
шектеулі балалар үшін ең маңызды әлеуметтік жүйенің құрамдас бөлігі екенін 
атап көрсетіп, сол ортада балалардың тұлғааралық қарым-қатынастарынқұруға 
мүмкіндік беретін еш кедергісіз ынтымақ кеңістігін құру қажет деп 
ұсынады[109]. 
Әлеуметтік орта – мүмкіндігі шектеулі балалар үшін маңызды орпын 
алады. Осыны ескере отырып, мектепте балалардың тұлғааралық өзара 
әрекеттесе отырып байланыс құруына арналған кедергісіз орта қалыптастыру 
керек. А.В.Жигайло мұндай орта баланың тұлғалық қалыптасуының негізі 
болып табылады депатап көрсетеді.
В.В.Хитрюк инклюзивті білім беру ортасының 2 негізгі фнукциялар 
топтарын бөліп қарастырады (3-сурет). 
Сурет 3 – Инклюзивті білім беру ортасының функциялары 
Функциялар 
Жалпы 
Арнайы 
әлеуметтік-мәдени 
дамуқажеттіліктерін 
орындау 
шығармашылық әлеуетін 
ашу 
өз мүмкіндіктерін іске асыру 
өз тағдырына қатысты 
шешімдерді өзі қабылдау 
шу 
әлеуметтік қиындықтар 
мен мәселелердің 
алдыналу
өз мүмкіндігіне, күшіне 
деген сенімін дамыту 
педагогикалық 
қиындықтарды жеңу


30 
Модельде көрсетілгеніндей, инклюзивтік ортаның функциялары,ең 
алдымен, оқушының тұлғалық әлеуетін ашуға бағытталған. Инклюзивті білім 
беретін мектепте осындай орта құрылмаса, дамуында ерекшелігі бар бала онда 
оқиды, бірақ, барлық іс-әрекет шынайылықтан гөрі сыртқы формасы ғана 
ұқсайтын, ресмиленген түрде болады.
Жоғарыда айтылған ойлар мен пікірлерді жинақтайкелгенде, шын мәнінде, 
инклюзияны 
ендірудегі 
кедергілерді 
жеңудің 
түпнегізінде 
саралап 
оқытужатқанын, яғни егер білім беруде әр оқушының дербес қажеттіліктері 
ескерілетін болса, инклюзия кез-келген кедергілерді жеңе алатынына сенімді 
болу керек.
Қазақстандық мамандардың көпшілігі инклюзивті білім беру елімізде жаңа 
аяғына тұрып келе жатыр деп түсіндіреді. Атап кету керек, ол мамандардың 
барлығы дерлік инклюзивтік жүйені оқу үдерісіне белсенді енгізу керектігі 
жөнінде ортақ пікірге келген. Себебі білім берудің мұндай үлгісі мүмкіндігі 
шектеулі балалардың тұлғалық дамуы үшін тең жағдайларға ие болу 
мүмкіндігін беретініне сенім мол.Мектептердетиімді инклюзивті білім беруді 
қалыптастырудағы 
түзетуші-дамытушы 
кеңістіктің 
маңызды 
рөлін 
А.К.Жалмұхамедова өз еңбегінде айқын талдап көрсеткен [110, б.39]. 
Ортаның дамытушы және кедергісіз болып қалыптасуы үшін оған орта 
ресурстарының әсері тиеді деген түйін жасауға болады. Баланың жеке басының 
психофизиологиялық ерекшеліктері ортаның мазмұндық құрамына да біршама 
әсер ететінін жоққа шығаруға болмайды. А.Т.Баймұратованың пікірінше, білім 
беру үдерісіндегіинклюзиясының табысқа қол жеткізуі ортаның пәндік 
құраушы бөлшектеріне, атап айтқанда,оқу сыныптарының санитарлық талаптар 
мен қауіпсіздік нормаларына сәйкестігіне, дербес түзету құралдарының, 
компьютерлік бағдарламалардың, әдебиеттің, көру мүмкіндігін жақсартатын 
жабдықтардың және тағы басқа қажетті құралдардың толық болуына 
байланысты[111, б.55]. 
Инклюзивті білім беруге арналған кеңістік ресурстарына мынадай 
маңызды 
құраушылар 
жатады: 
турникеттер, 
шектеуші 
сызықтар, 
жеделсатылардың болуы, оқу сыныптарының жарықтандырылу деңгейі, 
сыныптардағы және жалпы мектеп бойынша дыбыстық белгі беру тіректері. 
Инклюзивті білім беруде тұлғаны тәрбиелеу мен дамытуға арналған 
дидактикалық және түзетуші жабдықтарға айрықша маңыз беріледі. 
Оқушыларға берілетін сыныптағыдеген түйін жасауға болады. Баланың жеке 
басының психофизиологиялық ерекшеліктері ортаның мазмұндық құрамына да 
біршама әсер ететінін жоққа шығаруға және сыныптан тыс жүктемені дұрыс 
есептеу аса маңызды. Өйткені оқудан бөлек, толыққанды тұлға қалыптастыру 
үшін және олардың қабілеттерін ашу үшін оқушыларды денсаулық жағдайы 
мен дамуына қарамастан, сабақтан тыс іс-әрекеттерге де қатыстыру керек.
Инклюзивті білім беру үдерісінің әлеуметтік-психологиялық ресурстары әр 
оқушының бойында мынадай маңызды қасиеттердің қалыптасуына тірек 
болады: 
- ынтымақтастықта жұмыс жасауға қабілетті болуы; 


31 
- білім беру үдерісіне және сабақтан тыс іс-шараларға белсенді қатысуы; 
- жетекшілік етуге және жетекшіге еруге ынталы болуы; 
- сыртқы келбетінің қанағаттанарлық болуы; 
- қолайлы әлеуметтік мәртебеге ие болуы; 
- дене белсенділігі өсуі т.б. 
Мектептерде бірыңғай білім беру кеңістігін құру үшін әлеуметтік-
психологиялық ресурстар пайдаланылады. Мектепте дамуында ерекшелігі бар 
балалардың әлеуетін ашуға басты назар аударылуы тиіс. Мұндай бағыт жан-
жақты дамуға ұмтылған үйлесімді тұлғаны қалыптастыру мақсатында оның әлі 
де ашылмай, жасырын қалған ішкі қабілеттерін ашу үшін жеке тұлғаның 
болмысын белсенділікке негіздеп қайта құруға арналады.
Осы айтылғандарға сүйене келе, инклюзивті білім беру ортасын – бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет