тілектестік білдіру» формуласын негізге аламыз[123].
Инклюзивті білім берудің кең таралуы, ол жүйедегі әрбір пәнді оқытудың
инклюзивтік әдістемелерінің қалыптасуыинклюзивті педагогиканың тереңдей
қалыптасуына ықпал етуде. Гуманистік идеямен, руханилықпен, әлеуметтік
әділдікпен
біртұтастықта
қарастырылатынинклюзивті
білім
беру
–
қазақстандық қоғам үшін игі істің ең зоры, игіліктің бастауы ретінде танылуы
керек. Өйткені инклюзивті білім арқылы ғана барлық адамға «білім» деп
аталатын адамзат жинақтап мирас еткен әлеуметтік құндылыққа, мұраға
қолжетімді болуында бірдей мүмкіндік беріледі.
Қазақстандық инклюзивті білім беру барысын ұйымдастырудың өзіндік
ерекшеліктері мол.
Оның ішінде инклюзивті білім беру үдерісін және оның
44
басты тұлғасының бірі - мұғалімді даярлау үдерісін гуманизм идеяларына
сүйеніп модельдеуді атай аламыз; сонымен бірге арнайы білім алу
қажеттіліктері бар балалармен жасалатын жұмыстарды ұйымдастыру мен
уақытылы диагностикалауды айтамыз; әрбір баланың жан-жақты үйлесімді
дамуына қажетті жағдайларды жасау үшін мұғалімдердің балалармен, ата-
аналармен және өзара ынтымақтастық құруын атауға болады
.
Білім берудегі педагог тұлғасы – білім алушыларына тек білім мен
шеберлік
беріп
қоймай,
оқушылардың
адамгершілік
тұлғасын
қалыптастыратын, санасында адамдық құндылықты тәрбиелейтін тұлға.
Педагог тұлғасы инклюзивті білім берудің басты мәселесі болып танылады.
Педагог жоғары мәдениетке, рухани тұрақтылыққа және кәсіби біліктілікке ие
болуы тиіс. Педагог тұлғасы мен оның басқару стилінің икемділігіне білім
алушы топтардың ішіндегі психоэмоционалды атмосфера тәуелді, оқыту
ортасы құрылып, қолайлы коммуникация, серіктестік пен ынтымақтастық
ұстанымдары жүзеге асырылады. Инклюзия идеологиясын ендіре отырып
оқытушы жоғары рухани ұстанымдарды басшылыққа алып отыруы керек. Ол
адамгершілік
қасиеттерін,
толеранттылық,
мейірімділік,
жақсылық,
инабаттылық, сабыр мен «қалыпты емес» адамдарға деген сыйластық танытуы
қажет.
Инклюзивті топ педагогы білім алушыларының дене, интеллектуалды,
эмоционалды және рухани денсаулығына жауапты екендігін ұмытпауы тиіс.
Сондықтан педагог әртүрлі білім алу үшін қолайлы микроклиматты тудыра
алады. Ол – әділ болуы тиіс, білім алушыларды бөліп-жармай барлығына
бірдей қарап, олардың өз күшіне деген сенімі мен өзіне деген құрметін
нығайтып, күш-жігерлерін жетілдіруге мүмкіндік жасауы тиіс[124].
Мұндай қасиеттердің бірлігі мұғалімге өзінің басты миссиясын атқаруға
көмектеседі: үшінші мыңжылдық адамының интеллектуалды және рухани
әлемін қалыптастыру. Жол нұсқаушы және «саналы, мәңгілік пен жақсылық»
жаршысы болған мұғалімнің мұндай жоғары миссиясын тек өзінің
адамгершілігі жоғары әрі саналы азамат қана орындай алмақ.
Фантаст Герберт Уэллс басып алушылар да, мемлекетте көпшіліктің
болмысын өзгерте алмайды, тек мұғалім ғана жаңа идеялар тудырып,
адамзаттың жасырын күштерін аша алатынын айтады.
Біз, педагог ғылым мен білім беру, мәдени және философиялық
дүниетанымды толық бейнелеуі керек деп есептейміз. «Интеллект – даналыққа
апаратын есік» деген тұжырымдаманы қолдай отырып, біз даналық дегеніміз –
толыққандылық, біртұтастық пен синтез екендігін баса атап өтеміз.
Ұлы диадактиканы дүниеге алып келген Я.А.Коменскийдің айтуынша, өсіп
келе жатқан бала тек мейірімді жан бар ортада ғана білім алып, тәрбиеленуі
тиіс екендегін атап көрсете келе, «Кім ғылымда табысқа жетіп, бірақ жақсы
қасиеттерде артта қалған болса, ол табысты емес, керісінше, артта
қалушылыққа алып келеді» – деп жазғаны белгілі.
Адам
баласының
табиғаты
болмысында
мейірімді,
сондықтан,
Я.А.Коменскийге сүйеніп, адамға сырттан ештеңені қосудың керегі жоқ, бірақ
45
өзінің бойындағы қасиетті дамытып, анықтауы қажет деген пікірді қостаймыз
осы бағытты дамыту керек деп санаймыз[125].
Я.А.Коменскийдің педагогикалық мұрасында даналық - адам бойында
мықты негіздері қаланған қасиет екенін, ол қасиеттің негізінде бала кезден-ақ
адам білім алуға, қиындықты жеңуге, тіпті қиыншылыққа ұмтылуға деген
ұмтылдырып тұратынын айтады. «Ұлы дидактиканың» авторы әрбір адамның
ішкі жан-дүниесі – жаққан шамдай екенін баса назар қойып айтады. Ең басты
мақсат та, міндет те - оқушыны өзгелердің пікір-ойларын қолдануға ғана емес,
өзінің ішкі жарығын жағуға да көмектесу керек. Осы ретте Абайдың «Ішінде
кімнің оты бар, қар жауса да сөнер ме» деген даналығының үйлесіммен үндесіп
жатқанын көреміз.
Қазақстанның тұңғыш мұғалімдерін даярлауға үлес қосқан Ы.Алтынсарин
педагог-мұғалімнің рөлін аса бағалаған. Баланы жақсы көрген ұстаз олардың
болашағына мейірімділікпен, аса қамқорлықпен қарайды дей келе, мұғалім өз
шәкірттерінің сеніміне ене отырып, жақсылыққа, адамгершілікке ұмтылдыруды
көздейді. Ол «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені
түсінбесе,
онда
мұғалім
оқушыларға
ашуланбай,
күйгелектенбей,
сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді
қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек» [126].
Яғни оның пікірінше мұғалім өзінің ісін сүйіспеншілікпен, бар ынтасымен
жасауы қажет деп айта келе, балалардың өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі
жетілдіруіне көп мән береді.
Гуманизациялаудың педагогикалық аспектісі адамның бастапқы рухани
мәнін түсінуге, оның ерекшелігі мен өзін-өзі бағалауын мойындауына
байланысты. Сонымен қатар, бұл аспект жүзеге асырудың қажетті шартының
аспектісі ретінде инклюзивті білім беруде жүзеге асыруы тиіс.
Инклюзивті білім беру мәселелерімен айналысатын ғалымдар, қалыпты
балалар, әдетте, ересектердің көмегінсіз топтың, үйірме немесе сыныптың
ажырамас мүшесі мен қатысушысы кез келген ерекше қажеттіліктері бар
құрбы-құрдастарына қуана көмектесетінін айтып көрсетеді.
Инклюзивті білім беру мекемелеріне баратын балалардың ата-аналары
олардың (балаларының) «өзге» балалармен оқып жүргенін тіптен сезбейтінін
айтады. Балалар ата-аналарына сыныбында ым-ишаратпен (мылқаулар тілінде)
немесе суреттер (суреттердің көмегімен қарым-қатынас жасау жүйесі) сөйлесе
алатын балалардың бар екенін айтқанмен, мұндай балалардың дамуда артта
қалып келе жатқанын бірде-бір рет айтпаған.
Инклюзивті педагогика – түпнегізінде адамгершілік педагогикасы.
Инклюзивті мектептердің болуы тек мүгедек балаларға ғана емес, қалыпты
дамып келе жатқан балаларға да оң ықпал ететінін айта кету керек. Мүмкіндігі
шектеулі құрбыларына көмектесе отырып, қалыпты дамып келе жатқан балалар
білім беру және әлеуметтік іс-әрекеттерге белсенді қатысып қоймай,
адамгершіліктің өмірлік сабақтарын да алып отырады. Бұл оң тәжірибе
әлеуметтік саналылықтың, адамдар арасында айырмашылықтың болмауы, өзін-
46
өзі құрметтеу мен өзін-өзі бағалау, өз ұстанымдарын қалыптастыру, ең
соңғысы, шынайы достық пен қамқорлықтың өсуінен көрінеді[124].
Инклюзивті білім берудің құқықтық және гуманистік негіздерімен тығыз
байланысты тағы бір қыры - инклюзивті білім беру жүйесінің аксиологиялық
негіздері болып табылады.
Қазақстандық инклюзивті білім беру жүйесінде заманауи талаптар
негізінде көптеген өзгерістер болып жатқаны белгілі. Ол өзгерістер
өркениеттің,
жалпыадамзаттық
даму
талаптарының,
еліміздің
даму
бағдарларының ұстанымдарына сәйкес жүргізілуде. Бірақ олардың барлығы да
инклюзивтік білім беру жүйесінің тамырланып, кең тарала дамуының бастауы
ғана болып табылатыны анық. Нақтырақ айтқанда, олардың барлығы
инклюзивті білім берудің аксиологиялық іргетасын қалайтын құндылықтар
ғана. Ал заманауи қазақстандық инклюзивті білім берудің теориялық
негіздемесі мен әдіснамасын қалыптастыруда аксиологиялық тұғырдың
гуманистік педагогикамен тығыз байланыстылығын назардан тыс қалдыруға
болмайтыны белгілі.
Еліміздің әлеуметтік дамуының басты ұстанатын бағдары - еліміздің әрбір
азаматының өз жаратылысындағы қабілетін жетілдіріп, мүмкіндігін жүзеге
асыруға ұмтылуға қолайлы жағдай жасау. Инклюзивтік білім берудің қандай
ұстанымы болса да, олардың әрбірін аксиологиялық құндылықтың көрінісі деп
қабылдау керек. Өйткені адамның, оның өмірінің құндылығын оның қабілеті
мен қол жеткен табыстарымен ғана өлшенбеуі керек. Өйткені әрбір жарық
дүниеге келген адам өмірдің, мына жаратылыстың тыныс жүйесімен біртұтас
тіршілік жүйесіне еніп, сезінуге, ойлауға қабілетті. Сезім мен ой берілген әрбір
адам өзінің ой қызметі арқылы туындаған мәсмелелерді келесі адамға білдіргісі,
айтқысы келеді. Ол адам баласы ретінде сол ойын басқаға білдіруге және оны
тыңдауын талап етуге құқы бар. «Адамның күні адаммен» дегендей, адам
болып өмірге келген соң, адамдар өзара біріне-бірі мұқтаж. Өмірді тану үшін,
білім алу үшін, тек басқа адамдарммен қарым-қатынас орнатып қана білім
алуын жүзеге асыра алады. Адам баласының табиғаты достыққа, жолдастыққа
әрдайым ұмтылыста болады.
Ғылым мен білімнің, әлеуметтік табыстардың нәтижелері, өркениеттің
даму нәтижелері – білім алушы балалардың барлығына бірдей қолынан
келетіндей мүмкіндіктерді жасауы керек.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инклюзивті білім беруде
ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануын зерттеу, практикалық
тиімділігін дәлелдеу, қолдану арқылы инклюзивті білім берудің аксиологиялық
құндылығы да айқындалады. Өйткені, педагогикалық аксиология тұрғысынан
қарастыратын болсақ, педагогика саласындағы жақсы жаңалықтардың барлығы
- педагогикалық құндылық болып саналады.
«Аксиология» терминін ғылыми қолданысқа ең алғаш1908 жылы енгізген
француз философы А.Лапи болатын.
47
Аксиология – құндылықтар туралы ғылым саласы. Басты ұғымы -
құндылық, ол қарым-қатынасқа түсірілген шынайы өмір құбылыстарының
әлеуметтік-мәдени маңызын сипаттайды.
Қазақстандық инклюзивтік білім беру жүйесінің аксиологиялық
аспектілері осы кезге дейін терең және жан-жақты зерттелмей келеді.
Балалардың сәби кезінен-ақ жақсы мен жаманды, қайырымдылық пен
зұлымдықты, шындық пен адасушыларды және басқалай да адамзатқа тән
жақсы немесе жат нәрселерді айыра білу дағдылары қалыптасуы тиіс. Оған
кедергі келтіретін нәрсенің барлығы – аксиологиялық, гуманистік бағдарға
қарсы келуді білдіреді.
Педагогикалық аксиологиялық құндылықтар жүйесі дегеніміз – әлеуметтік
жүйенің бір бөлшегі. Сондықтан Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін
тап та, бар, қалан», - деп айтқанындай, мүгедек балаларды да әлеуметтік
ортаның бір кірпішіне айналуына мүмкіндіктерді ғылыми тұрғыдан да,
практикалық тұрғыдан да зерттеу, тану, оқу үдерісіне енгізуді қарқындату
керек.
Абай үшін әлемнің ең басты құндылығы – рухани кемелденген «толық
адам». Адамзат тарихы мен өркениетінде: білім, ғылым, иман, әлеп, өнер және
адами
қасиеттер:
мейірімділік,
жомарттық,
әділеттілік,
адалдық,
қарапайымдылық,
кеңпейілділік,
кішіпейілділік,
сыйластық,
іскерлік,
тапқырлық т.б. сияқты қасиеттерді бойында жетілдіре білген, дамытқан адам –
Абай сипаттаған «толық адам» концепциясына сай келеді [127, б.61].
Ол үшін инклюзивті білім беретін болашақ мұғалімдер жоғары оқу
орындарында
ақпараттық-технология
қолдануға
үйренуі
барысында
аксиологиялық құндылық туралы білім алып пайдалану керек. Осымен де
байланысты, аксиологиялық негіздерді ұстану тұтас мектептің педагогикалық
және ғылыми-педагогикалық бағыттағы барлық іс-әрекетінің құндылығы
арттыра түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |