«Вітчизняна наука: сучасний стан, актуальні проблеми та перспективи розвитку»



Pdf көрінісі
бет31/75
Дата13.02.2017
өлшемі5 Mb.
#4069
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   75

Гаухар Қамза
 
(Алматы, Қазақстан)
 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ МУЗЫКАҒА 
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011
-
2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында:  «Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  маңызын  арттыру  жалпы 
дүние  жүзілік  тенденциялар  санына  жатады.  Мектепке  дейінгі  білім  беру  уақыты  бала  дамуының 
анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады» –
 
делінген[1].
 
Қазақстанда  білім  берудің  бүкіл  жүйесін  ұлттық  негізде  кайта  кұру  жағдайында  мектепке  дейінгі 
ересек  жастағы  балалардың  ұлттық  музыка  өнеріне,  соның  ішінде  ұлттық  аспаптарда  ойнауға 
қызығушылығын  арттыру  және  оны  тереңірек  меңгерту  қажеттігі  туындайды.  Ол  баланың  көркемдік 
қабылдауы  мен  талғамын,  эстетикалық  қызығушылығын,  қажеттілігін  дамытады,  болмысқа  деген 

154 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
шығармашылық қатынасын арттырады. Балалар өнерге еліктеген жағдайда, олардың тәрбиесінде ең 
алдымен  ұлттық  құндылықтарды,  әсіресе  төл  музыкалық  өнерімізді  дұрыс  қабылдап,  аспаптық 
музыкаға  әуестенуге  баулу,  оларды  меңгерту  теңдесі  жоқ  рөл  атқарады.  Жеке  тұлғаның 
эмоционалдық мүмкіндігін көтереді.
 
Қазақстан  ғалымдары  ішінде  С.А.
 
Ұзақбаева,Р.К.
 
Дүйсембінова,  М.Х.
 
Балтабаев, 
Т.А.
 
Қышқашбаев,Ұ.А.
 
Асанова,
 
Ж.
 
Нәжмеденов,  Ж.З.
 
Өтемісов,  М.
 
Оразалиева,  әдіскер
-
ұстаз 
А.
 
Райымбергенов  т.б.  өз  еңбектерінде  қазақ  халық  музыкасы  мен  дәстүрлі  көркем  мәдениетін 
оқушылар мен студенттердің тәрбиесін (музыкалық, эстетикалық, адамгершілік) жетілдіру мақсатында 
пайдалану жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетті.
 
Мектепке дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін Н.
 
Құлжанова,.К.
 
Меңжанова, 
Қ.М.
 
Меңдаяқова, Т.А.
 
Левченко, Ф.Н.
 
Жұмабекова және т.б. зерттеген

Ресейде  және  шетелдерде  Б.Т.
 
Лихачев,  П.В.
 
Халабузарь,  В.С.
 
Попов,  А.  Н.А.Ветлугина, 
А.Бейлино, Л.Кузмичева, М. А. Михайлова және т.б. мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық іс
-
әрекетін,  ұйымдастыру  формалары  мен  әдістерін,  музыкалық  қызығушылығының  ерекшелігін 
теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеген.
 
Мектепке  дейінгі  балалар  білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  білімді  тез  қабылдап,  жалпы 
өмірде табысты болып келетіндіктен, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі оларды 
алғашқы  біліммен  қаруландырып,  қоғам  талабына  сай  тұлғаны  қалыптастырудағы  алғашқы  негіз 
болады.
 
Қызығушылық  мәселесі  қазақ  ойшылдары  мен  философтарының  да,  ағартушы
-
педагогтарының  да  (Әбунасыр  Ибн  Мухаммед  әл
-
Фараби  [2,  452],  Әбуғали  Ибн
-
Сина  [3]  және  т.б.) 
назарынан
 
тыс қалмаған. Олар айналаны танып
-
білуде қызығушылықтың рөліне үлкен мән берген.
 
Сонау XI ғасырдағы Шығыс педагогикасы тарихында тәлім
-
тәрбиелік жағынан аса құнды еңбек 
болып  есептелетін  «Кабуснама»  шығармасында  музыканы  тыңдау,  қабылдай  білуге  байланысты
 
құнды пікірлер, ойлар айтылған. Кітаптың авторы Кайкаус осы аталған еңбегін 63 жасында өзінің ұлы 
Гиланшахқа  арнап  жазады.  «Жыршы  және  музыканттық  туралы»  деп  аталған  отыз  алтыншы 
тарауында былай деп жазды:
 
«Балам,  біліп  қой,  егер  сен  музыка  жолына  түсер  болсаң,  жеңіл  де  жайдарлы  бол.  Үстіңдегі 
киіміңді  әр  кез  таза  ұста.  Музыка  өнеріне  арналған  зәулім  сарайға  кіргенде  бет
-
әлпетіңді  тыржитып, 
қабағыңды түйме...
 
Бір ғана баяу немесе жылдам орындалатын әндерді орындай берме. Музыкалық шығарманың 
бір  үлгісін  қайта
-
қайта  ойнай  беру  жарамайды.  Адамдардың  мінезі  бірдей  емес...  Сол  себепті 
аспаптық музыка шеберлері бұл өнерге арнап ережелер жазған», –
 
деп алдымен хусрауани, одан соң 
рах,  хафиф,  тарана  мақамдарының  айтылатындығын  жазады.  Байқап  отырсақ,  алғашқы  хусрауани 
мақамы  патшалар  қабылдауында  ойналады  екен.  Рах  –
 
ән  әуеніне  бейім,  хафиф  жастарға 
бағышталған мақам, тарана –
 
көңілді де, ойнақы әуен деген ұғым болып шығады.
 
Әкесінің  баласына  айтқан  ғибрат  сөздерінің  ішінде  адамның  үлкен  жиын  үстінде  өзін  қалай 
ұстауы  да  қамтылған.  «Егер  тыңдаушылар  толыққанды,  шырайлы  болса  –
 
екінші  ішекте;  сұрланып, 
сарғыш тартып отырса –
 
жоғарғы ішекте, ал аққұба жүзді, толық күйінде отырса –
 
баста көбірек ойна. 
Өйткені,  бұл  ішектер  адам  мінезінің  төрт  түріне  сай  жасалынған»,  –
 
деген  жерде,  автор  музыкалық 
аспап  пен  адам  мінезі  арасындағы  байланысты  тыңдаушылардың  қабылдауына,  яғни  эстетикалық 
талғамына  сай  айырып  отыр.  Оның  ән  айту  (орындау),  ән  мен  аспаптың  сүйемелі  музыкалық 
шығарманың әркелкілігі жайындағы пікірлері де қонымды.
 
Одан  әрі  кәрілер  мен  балаларға  арналған  музыканың  ерекшеліктеріне  тоқталады. 
Алғашқыларына ойлы да сазды, ал соңғыларына жеңіл де ойнақы музыка әуенін ойнауды ұсынады.
 
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын арттыру үшін тәрбиеші 
өзінің алдына белгілі мақсат қоюы тиіс. Ал осы музыка сабағындағы қойылған нақты мақсат белгілібір 
музыкалық тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.
 
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының музыкаға қызығушылығын дамытудағы  ең 
бірінші  міндет
 
ол  музыкалық  іс
-
әрекеттер  арқылы  баланың  сезімін  (эмоциясын)  ояту.  Өйткені 
балалардың сабақ үстіндегі іс
-
әрекетінде эмоция өзіндік бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады. Ол:
 
а) музыкалық шығармалардың мазмұнын балалармен бірге талдау;
 
ә) музыкалық
-
дидактикалық ойындар ұйымдастыру;
 
б) тиімді әдіс
-
тәсілдерді таңдай білу;
 
в) балалардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескеру.
 
Екінші міндет
 

 
белгілібір шығарманы саналы түсініп қабылдауға баулу.
 
Ол үшін мынадай жұмыстар атқарылуы тиіс

а)
 
музыканың көркемдік құралдарының (екпін, ырғақ, әуен, дыбыс
 
бояуы, дыбыс биіктігі т.
 
б.) музыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы
 
ерекшеліктерін түсіндіру;
 
ә) түрлі көрнекі құралдарды пайдалану;
 
б)
 
ырғақтық  қимылдар  жасау  (нота  биіктігін  көрсету,  ырғақты  колмен
 
шапалақтап  көрсету, 
ойнауға жеңіл қарапайым ұлттық аспаптарды қолдану арқылы меңгертіледі).
 
Үшінші  міндет
 

 
музыкалық  шығарманы  өз  шама
-
шарқынша  орындауға  үйрету  барысында 
орындаушылық дағдыларды меңгерту. Бұл:
 
а)
 
шығарманы тыңдап, талдай білу дағдысын қалыптастыру;
 
ә) күйлерден шағын үзінділерге ұлттық аспаптарды қосып ойнауға үйрету;
 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
155 
 
 
 
б) домбыра үйретуді нотасыз және сандық жүйе бойынша
 
меңгерту.
 
Мектепке  дейінгі  ересек  топ  балаларының  жас  ерекшелігі  –
 
олардың  дамуымен,  жаңа 
әлеуметтік  жағдайлардың,  құрдастарымен  жасайтын  арнайы  өзара  қарым–қатынасының  пайда 
болуымен,  «балалар  қоғамының»  құрылуымен,  басқа  адамдарға  қатысты  өзіндік  ішкі  позициясы,  өз 
«менін»  және  өз  қылықтарының  маңызын  аңғарудың  арта  түсуімен,  үлкендердің  ішкі  дүниесіне, 
олардың іс–
 
әрекеттері мен өзара қарым–қатынастарына ерекше қызығуымен сипатталады.
 
Қазіргі  музыка  сабағы  –
 
мектепке  дейінгі  ұйымдағы  музыкалық  тәрбие  жұмысын 
ұйымдастырудың  негізгі  формасы,  музыка  сабағында  балалар  педагогика  ғылымының  оған 
қойылатын соңғы талаптары бойынша мынадай іс
-
әрекеттермен айналысады: хормен ән айту, музыка 
тыңдау,  музыкалық  ырғақтық  қимылдар,  балалар  аспабында  ойнау,  музыка  сауаты,  балалар 
шығармашылығы т.б.
 
Музыка  –
 
эстетикалық  тәрбие  беру  құралдарының  бірі.  Өнердің  басқа  түрлері  сияқты  ол  да 
өмірдегі  әсемдікті,  табиғат  сұлулығын  бағалауға  және  адамдар  арасындағы  қарым
-
қатынастарды 
түсініп,  білуге  үйретеді.  Баланы  жастайынан  өнерге  баулып,  музыка  әлемімен  таныстыру,  оны 
сезіндіріп  ән  айтқызып,  күй  тартқызудың  мақсаты  –халқымыздың  асыл  қазынасын,  дәстүрлі  ән
-
күйлерін бойларына сіңіре білу, олардың эстетикалық талғамын жан
-
жақты байытып, дамыту –
 
бүгінгі 
таңда өте маңызды мәселеге айналып отыр.
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер

1. 
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011
-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 
Жарлығымен бекітілген. www. Government.kz.
 
2. 
Аль
-
Фараби. Трактаты
 
о
 
музыке и поэзии /Пер. с араб. АН
 
Республики Казахстан. 
Институт философии. Отв. ред. Бурибаев М.С.
 

 
Алматы, «Ғылым», –
 1993-
456 с.
 
3. 
Ибн
-
Сина. Избранные философские произведения. /Пер. с араб. М.: Наука, 1980.
 
 
 
С.К. Кариев, А.Т. Жумагулова
 
(Тараз қаласы, Казахстан)
 
 
БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
-
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
МАҢЫЗЫ
 
 
Бүгінгі  таңда  жас  ұрпаққа  тәлім
-
тәрбие  мен  білім  беру  маңызды  рөл  атқарады.  Өскелең 
ұрпақты  әлеуметтік  мәдениетке  сәйкес,  жан
-
жақты  дамыған,  ұлттық  бәсекеге  қабілетті  тұлға  ретінде 
қалыптастыру қоғам алдындағы ең басты мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының білім беруді 
дамытудың 2011
-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты 12 жылдық 
орта  білім  беру  жүйесіне  көшу.  Бұл  қоғамдағы  түрлі  бағыттардағы  өзгерістерге  сәйкес  білім  берудің 
қызметіне жаңаша қарау, әлемдік жинақталған тәжірибеге және табыстарға
 
сыни тұрғыда талдау мен 
бағалау, сонымен қатар ең маңыздысы ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің 
тиімді жолдарын қолдану.
 
Елбасымыз  Н.  Назарбаев  2012  жылғы  5  қазан  күні  «Назарбаев  Университетінде»  оқыған 
«Қазақстан  білім  қоғамы»  дәрісінде:  «Орта  білім  беру  жолында  біз  12  жылдық  оқытуға  көшуге 
дайындықты жалғастырамыз. Жаңа білім беру үлгі қалыптары әзірленуде...»
-
деп ерекше атап өтті. 12 
жылдық  білім  беру  ерекшелігі  білім  беру  парадигмасының  өзгеруі:  білім,  білік,  дағдыға  негізделген 
білім  беру  мазмұнынан  –
 
құзыреттілікке  негізделген  білім  беру  мазмұнына  ауысуы,  оқушы  тұлғасын 
әлеуметтендіру,  білім  сапасын  арттыру,  отандық  құжаттарымызды  шетел  мемлекетерінің 
талаптарына  сәйкестендіру.  Сонымен  қатар  12  жылдық  білім  беру  мектептің  жоғары
 
сатысындағы 
оқушыларды  әлеуметтендіруді  көздейтін  профильдік  оқытуды  жүзеге  асыруға,  мектептің  кәсіби  білім 
беру ұйымдарымен ынтымақтастықты шыңдауға арналған.
 
Әлемдік  тәжірибеде  XXI  ғасырда  білім  беру  жүйесін  қарқынды  дамытудың  қажеттілігін,  білім 
беру қоғам дамуының тұжырымдамасын анықтайды. Сонымен қатар білім беру жүйесінің мақсаттары 
мен  міндеттерін,  құрылымы  мен  мазмұнын  айқындау−қоғам  талабы.  Отандық  жалпы  орта  білім 
беретін  мектептерді жаңартудың жетекші бағыттарының бірі  –
 
мектепті жоғары сатысында бағдарлы 
оқытуды  енгізу  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігі  2006 
жылдың қыркүйек айынан бастап бағдарлы оқуға көшуді жоспарланып, осыған байланысты бағдарлы 
мектепте оқу процесін енгізудің және ұйымдастырудың кешенді мәселелері қарастырылды.
 
Бағдарлы  оқыту  –
 
жалпы  білім  беретін  мектептердің  жоғарға  сатысында  даралап  оқытуға, 
оқушының  әлеуметіне  және  мектептің  жоғарғы  сатысының  орта  және  жоғарғы  кәсіптік  білім  беру 
мекемелерімен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі.
 
Бағдарлы  оқытудың  негізгі  мақсаты  оқушылардың  өзіндік  білім  алу  бағдарламаларын  құруды 
және оның жүзеге асырылуын, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, 
оқушылардың  орта  және  жоғары  кәсіптік  оқу  орындарына  дайындау  үшін
 
орта  жалпы  білім  беру 
бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету болып табылады.
 
Аталған мақсаттарға жету үшін:
 

156 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
-
 
мектептің  жоғарғы  сатысында  бағдарлы  оқытуды  жаппай  енгізу  жағдайындағы  оқыту 
процесінің  құрамын,  мазмұны  мен  ұйымдастырылуын  өзгертуді  қамтамасыз  ететін  бағдарлы  оқыту 
қызметінің нормативтік –
 
құқықтық базасын жетілдіру;
 
-
 
оқу  жоспарларының  мектептік  компонентін  қамтамасыз  ету  үшін  білім  беру  жүйесінде 
байқаудан өткізілген қолданбалы курстар мен таңдау курстарының мәліметтер қоры ретіндегі тізбесін 
жинақтау;
 
-
 
бағдарлы оқыту бағдарламаларын ресурстық тұрғыда қамтамасыз ету;
 
-
 
9 сынып оқушыларына бағдарлы оқыту бағдарламаларын дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін 
бағдаралды дайындықты жүргізу;
 
-
 
тұлғалық  бағыт  бағдарын  психодиагностикалау  және  ағарту  жұмыстарын  жүргізу,  дамыту 
қажет.
 
Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық 
және  өмірлік  қажеттіліктеріне,  бейімділіктеріне  сәйкес  қамтамассыз  ету  болып  табылады.  Бейіндік 
білім  беру  –
 
оқушының  тұлғалық  және  өмірлік  өзін
-
өзі  анықтауын  қамтамассыз  ететін,  оқытудың 
даралануы  мен  саралануын  жүзеге  асыратын  жалпы  орта  білім  беруді  аяқтау  кезеңі.  Бұл  оқыту 
әрекетінің  ұйымдастыру  жүйесінде  жоғарғы  сынып  оқушыларының  қызығушылығы  мен  талабы, 
қабілеттері
 
ескерілген  жағдайда  оқушының  танымдық,  болашақ  кәсіби  бағдарына  сәйкес  дербес 
дамуына  жағдай  жасалады.  Бейінді  оқыту  –
 
білім  алушылардың  мүдделерін,  бейімділігі  мен 
қабілеттерін  ескере  отырып,  оқытуды  саралау  және  даралау  процесі,  білім  беру  процесін 
ұйымдастыру.
 
Бейінді  оқыту  жалпы  оқыту  процесінің  құрылымын,  мазмұны  мен  ұйымдастырылуын 
өзгерту  арқылы  оқушылардың  қызығушылығын  неғұрлым  толық  ескеруге,  олардың  қабілетін 
дамытуға,  жоғары  сынып  оқушыларына  өздерінің  кәсіби  қызығушылығы  мен  оқуын  жалғастыруға
 
қатысты ұстанған бағыт
-
бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау 
мен даралау құралы болып табылады.
 
Қазіргі  қоғамның  маңызды  проблемаларының  бірі
-
бұл  құбылмалы  әлеуметтік  және 
экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, 
оны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай  тұлғаға  –
 
шығармашыл, белсенді, 
әлеуметтік  жауапты,  жақсы  дамыған  интеллект  иесі,  жоғары  білімді,  кәсіби  сауатты  болу  талаптары 
бірінші кезекте тұрады. Осыған орай, баланың дамуындағы маңызды рөлді мектеп атқарады.  Мектеп 
оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында 
негізгі  орын  алады.  Сонда:  «Жеке  тұлғаның  қалыптасуы
-
үздіксіз  күрделі  процесс.  Әрбір  балаға  жеке 
тұлға  ретінде  қарап,  оның  өзіне  тән  санасы,  еркі,  өзіндік  әрекет  жасай  алатын  қабілеті  бар  екенін 
ескеріп,  балалар  мен  жастардың  білімге,  ғылымға  ықыласын  арттыру,  олардың  ақыл
-
ой  қабілетін, 
жеке  бас  қасиеттерін  дамытып,  оны  қоғам  талабына  сай  іске  асыруға  көмектесу»,  –
 
деп  атап 
көрсетіліп, мектеп алдындағы міндеттердің бірі етіп қояды. Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, 
жан
-
жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны 
қалыптастыру  –
 
барлық  педагогикалық  ұжымдардың  бірігуін  талап  етеді.  Жеке  тұлғаға  бағытталған 
сабақ  оқушылардың  тұлғалық  ерекшеліктері  ашылатын,  қасиеттері  қалыптасатын,  мүмкіндіктері 
жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр
 
оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық 
ойлау,  өз
 
бетінше  шешім  қабылдау  қабілетінің  қалыптасуы  тиіс.  Жеке  тұлғаны  дамыту  мәселелері
-
Л.С.Выготскийдің,  М.Б.Блонскийдің,  С.Л.Рубинштейннің,  Л.В.Занковтың,  Д.В.Элькониннің  еңбектерін 
атауға  болады.  Бейіндік  білім  беру  оқушылардың  қабілеттері  мен  бейімділіктерін  ескере  отырып, 
оқытуды  саралау
-
даралау  тұрғысынан  қарауды  ескереді.  Саралап  оқытудың  теориялық  негіздерін 
педагогикалық
-
психологиялық  зерттеулерде  А.Н.Леонтьевтің,  Г.И.Щукинаның,  Б.Г.Ананьевтің, 
А.А.Кирсановтың,  Е.С.Разумовский,  Э.Унттың,  С.А.Бударныйдың,  А.М.Гельмонттың,  Е.Л.Голанттың 
еңбектерін 
жатқызуға 
болады. 
Мектепте 
бағдарлы 
сараланған 
бағытта 
В.В.Гузеевтің, 
В.А.Монаховтың,  М.Ж.Жадринаның,  В.В.Фирсовтың,  Т.Б.Захаровтың  еңбектерінде  көрініс  тапты. 
Осылайша  педагогика  және  психология  әдебиеттерінде  бейінді  оқытуды  саралау
-
даралау  процесі, 
жеке тұлғаға бағытталуы қарастырылған.
 
Осы  себепті  де  мектепте  психологиялық  қызметті  құру  өте  тиімді  болып  табылады,  өйткені 
бейіндік  оқыту  барысында  төмендегідей  мәселелер  қамтылып,  оқыту  мен  тәрбиенің  сапасын 
арттыруға өз үлесін қосары анық, олар:
 

 
Жас ерекшелігіне сәйкес оқушылардың тұлғалық, интеллектуалдық дамуына ықпал ету.
 

 
Оқушылардың  кәсіби  бейімділіктерін  диагностикалау,  оның  жан  –
 
жақты  дамуына  жағдай 
жасау.
 

 
Мектепте әлеуметтік –
 
психологиялық жағдайдың жақсаруына жағдай туғызу.
 

 
Оқушыларының  тұлғалық,  интеллектуалдық  мүмкіншілігіне  сәйкес  білім  бағдарламаларын 
меңгеруде психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.
 

 
Әлеуметтік жағдайдың дамуына психологиялық зерттеу жүргізу.
 

 
Оқушыларының  тұлғалық  дамуының  ауытқуын  анықтау,  профилактикалық  жұмыстар 
жүргізу.
 

 
Оқу
-
тәрбие процесінде мұғалімдерді, оқушыларды, ата
-
аналарды психологиялық ғылыми –
 
әдістемелік іс –
 
әрекетпен қамтамасыз ету.
 

 
Таным  қабілет  деңгейлері  жеткіліксіз  оқушылармен  қосымша  коррекциялық  жұмыстар 
жүргізу қажет.
 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
157 
 
 
 
Бейіндік бағытта оқытуда мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты болып:
 
1. 
Тұтас педагогикалық процесті психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету;
 
2. 
Мектептегі  оқушылардың  жеке  –
 
бастық,  психологиялық,  әлеуметтік  дамуына  жағдай 
жасауын негіздеу;
 
3. 
Оқушылардың 
таным 
белсенділіктері 
мен 
психологиялық 
процестерінің 
даму 
динамикасының өсуіне жағдай жасауға ықпал ету;
 
4. 
Оқушылардың  бейіндік  ерекшеліктерін  анықтау  мен  оның  дамуына  жағдай  жасау  болып 
табылады.
 
Бейіндік оқыту барысындағы психологиялық қызметтің іс –
 
әрекетінің негізгі бағыттары:
 

 
Психодиагностика –
 
тұлға туралы жан
-
жақты психологиялық ақпарат жинау.
 

 
Психопрофилактика  –
 
дезадаптация,  белгілі  бір  жағдайға  бейімделмеудің  алдын
-
алу 
немесе  жағымды  психологиялық  жағдайды  жасау,  баланың  психологиялық  жұмысбастылық  деңгейін 
төмендету және алдын
-
алу жұмыстарын жүзеге асыру.
 

 
Психокоррекция
-
баланың психикасына мақсатты түрде әсер ету, оның негізгі деңгейге, әрі 
жастық ерекшелігіне сәйкес теңестірушілік жұмыстарды жүзеге асыру.
 

 
Психологиялық  кеңестер
-
ұстаздарға,  ата
-
аналарға,  оқушыларға  қажетті  психологиялық 
ақпарат бере отырып, өмірінде кездесетін қиыншылықтарды, өтпелі кезеңдерді (жастық дағдарысты) 
жеңуге, әрі сапалы нәтижеге жетуіне ықпал ету.
 

 
Психотерапия
-
тұлғаны сапалы тұрғыға  өзгеруіне байланысты мәселелерді  жүзеге асыруға 
бағытталады. (Тек адамның психикалық ауытқушылығы болмаған жағдайда).
 
Бейнідік  қабілетті  дамыту  мен  шыңдау  барысында  психологиялық  қызметтің  жұмыс 
бағыттарының жүзеге асуына қатысушылар:
 
барлық сынып
 
оқушылары, мектептегі мұғалімдер ұжымы 
мен әкімшілік, оқушылардың ата
-
аналары.
 
Оқушының  бейіндік  қабілетін  анықтауда  қолданылатын  психодиагностикалық  әдіс
-
тәсілдер 
қатарына:  сұрақнама,  сауалнама,  тест,  іс
-
әрекет  нәтижесіне  талдау,  сұхбат,  байқау  және  тағы  басқа 
да зерттеу әдістерін жатқызуға болады

Психологиялық тұрғыдан алғанда 12 жылдық мектеке өту барысында білім беру ұйымдарында 
оқушыларды  бейіндік  сыныптарда  оқыту  келесідей  көрсеткіштерге  қол  жеткізуде  мүмкіндік 
береді:біріншіден,  сыныптағы  оқушының  барлығы  бірдей  тереңдетілген  пәнді  оқуға  бұрын  міндетті 
болса,  енді  белгілі  блоктық  жүйенің  бірін  таңдап,  бала  қалауымен  оқуға  мүмкіндік  алады.
 
Екіншіден, 
бейіндік пәндерлі таңдау  бойынша қабілеті  есепке алына оқытылғандықтан,  мұндағы оқыту үрдісі де 
тиімді,  үйлесімді,  сапалы  болып  шығады.  Тереңдетіле  құрылған  бағдарламаны  жақсы  игеруге 
мүмкіндік алды. Оқыту сапасы артады. Үшіншіден,
 
тек жақсы оқитын оқушылар ғана емес оқу қабілеті 
орта  оқушылар  да  өз  мүмкіндігіне  қарай  белгілі  бір  мамандықтың  біріне  бейімделе 
оқытылады.Төртіншіден,
 
мұндай қалауымен біріккен топты оқыту мұғалім еңбегіне жеңілдік береді, әрі 
оқушының  қызығушылығы  ескеріліп,  оның  бейімділігі  арта  түседі.  Сөйтіп  болашақта  жоғары  оқу 
орнында оқуға мүмкіндігі бола бермейтін шәкірттерге сұранысқа ие алғашқы кәсіптік білім беру қолға 
алынады.  Оқушының  өмірден  өз  орнын  таба  аларлық  мүмкіндікке  ие  болуының  әлеуметтік  мәні  бар 
екені көрінеді.
 
Білім беру ұйымдарында бейіндік  оқытуды ұйымдастыру барысында психологиялық  қызметін 
құруда  мектеп  әкімшілігі  мен  психолог  маман  келесідей  мәселелердің  шешімін  табуға  ықпал  етуі 
қажет, ол:
 

 
бейіндік  оқыту  мәселесін  тереңнен  зерттеуді  ұйымдастыру  (педагогикалық  кеңес, 
әдістемелік кеңес арқылы), оқушылар мен ата –
 
аналар арасында жүргізу;
 

 
білім беру мен білім алуға деген сұрасынтарға диагностика жүргізу;
 

 
белгілі бейімділікке байланысты оқытуда арнайы кабинеттер мен оқу орындайын даярлау, 
құрал –
 
жабдықтармен қамтамасыз ету.
 

 
оқушылардың  кәсіби  бейімділіктерін  анықтау,  психодиагностикалық  жұмыстар  жүргізу, 
соның негізінде қажетті әдебиеттерді алу;
 

 
элективтік курстарды ұйымдастыру;
 

 
әр
 
оқушының  бейімін  ескеру  мен  оның  жан  –
 
жақты  дамуына  психологиялық,  әлеуметтік 
тұрғыдан жағдай жасау.
 
Қорыта
 
келгенде  бағдарлы  оқытуда  оқушыға  шығармашылық,  әлеуметтік,  креативтілік, 
коммуникативтік қызмет саласындағы құзіреттілігін айқындай
 
отырып, жеке жетістіктерінің негізінде өз 
бейінін  айқындау  мен  шыңдай  түсуде  оқытудың  жаңа  формалары  мен  психологиялық  қызметті  құру, 
әрі оның жан –
 
жақты жұмыс жасауы жалпы жаңа заман үдерісіне сәйкес экономикалық әлеуметімізді 
молайту  үшін  қажыр
-
қайрат  көрсете  білетін,  ғылымның  мол  жетістіктерімен  қаруланған,  бейіндік 
қабілеті  шыңдалған  тұрақты  өзгерістерді  ескере  отырып,  қоғам  өміріне  еркін  енуіне  дайындығын 
қамтамасыз  ететін  жалпы  орта  білімді  дамытудың  қарқынын  арттыру  қажет  етеді.  Ең  басты  міндет 
адамгершілігі мол, адам жанын түсіне алатын, тәрбиелі, білімді, мәдениетті, жауапкершілігі мен өз ой
-
пікірін ашық айта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет