«Вітчизняна наука: сучасний стан, актуальні проблеми та перспективи розвитку»



Pdf көрінісі
бет34/75
Дата13.02.2017
өлшемі5 Mb.
#4069
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75

Сергіту сәті:
 
Қуыр
 

 
қуыр қуырмаш,
 
Балапанға бидай шаш.
 
Әй
 

 
әй балақан,
 
Жамандықтан қаш.
 
 
Д/о: «Қандай үй жануары жоқ?»
 
 
 
 
Түйе
 

 
малдың үлкені,
 
Жылқы –
 
малдың үркегі.
 
Сиыр –
 
малдың сүттісі,
 
Қой
 

 
түліктің құттысы.
 
 
Ботақаны нардың,
 
Жарға неге бардың.
 
Тілерсегің дірілдеп,
 
Секіре алмай қалдың.
 
 
Мынау тұрған бұзау,
 
Алдыңда тұр –
 
ожау.
 
Ұнататын
 
тамағы,
 
Шекер емес тұз –
 
ау!
 
 
Асау мінез құлыншақ,
 
Желбірейді тұлыншақ.
 
Жуасуды білмейсің,
 
Аңғал мінез ұрыншақ.
 
 
Мынау тұрған лақ,
 
Салпаңдаған құлақ.
 
Су ішетін жері,
 
Сылдырлаған бұлақ.
 
 
Балалар мұқият отырып, 
тыңдайды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сергіту сәтін айта отырып 
сөзіне қарай қимыл
-
әрекет 
жасайды.
 
 
 
 
Балалар дидактикалық 
ойынды ынтамен ойнайды.
 
 
 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
169 
 
 
 
Тірек сызбасы
 
 
 
Қорытындылау
 
Өзін
-
өзі бағалау
 
 
 
 
Тақтаға үйдің суретін ілу, балалар үй 
жануарымен дала жануарының арасынан үй 
жануарларын тауып тақтаға іледі.
 

 
Балалар сендер қандай үй жануарларын 
білесіңдер?
 
-
Үй
 
жануарларының адамға қандай пайдасы 
бар?
 
-
Әңгімені қандай үй жануарларының төлдері 
туралы екен?
 
-
Дұрыс айтасыңдар.
 
Балалардың іс
-
әрекетін, ойындағы 
белсенділігін атап өтіп, мадақтап, сабақты 
аяқтау.
 
 
 
 
Жылқы, сиыр, қой, ешкі, 
түйе.
 
 
Балалар жауабы.
 
 
Құлын, қозы, лақ.
 
 
 
Сарбинас Күнтуғанова
 
(Талдықорған қаласы, Казахстан)
 
 
М

ТӨЛЕБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА ХАЛЫҚ
-
ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
 
 
М.Төлебаев  –
 
аса  көрнекті,  ұлтымыздың  мақтанышы  болған,  үздік  композитор.  КСРО 
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО халық әртісі, Қазақ музыка 
мәдениетінің  классигі.  Оның  аты  қазақ  музыка  мәдениетінің  ірге  тасын  бірге  қаласқан  аға  буын 
композиторлар А.Қ.Жұбанов, Б.Г.Брусиловский, Л.Хамидилармен мәңгіге байланысқан.
 
XX  ғасырдың 
1930 
жылдарында  Орта  Азия  мен  Қазакстан  республикаларында  кәсіптік 
еуропалық  дәстүрде  жаңа  бағыттағы  музыкалық  шығармашылыққа  бет  бұрды.  Әлемдік  музыка 
мәдениетін  еуропалық  қалыпқа  бейімдеу  және  ұлттық  дәстүрмен  байланыста  болу  негізделген 
болатын. Осы бағыттағы байланыстардың тікелей өкілі болғандықтан Мұқан Төлебаев Қазақстандағы 
композиторлар  мектебінің көшбасшысы болды. 
100-
ден астам түрлі жанрдағы, әр алуан жоспардағы 
форма  мен  стиль  ерекшеліктерінде  шығармалар  жазып,  салмақты  үлес  қосты.  М.Төлебаев,  бірнеше 
опералар,  симфониялық  поэмалар,  увертюра,  кантата,  суреттемелер,  көптеген  камералық  аспаптық 
музыка  мен  хорға  арналған  шығармалар,  көптеген
 
ән  мен  романстар,  кинофильмге  арналған 
музыкалар,  халық  әндеріне  арналған  өңдеулер  жазды.  Жоғары  деңгейдегі  музыкалық
-
сахналық 
көркем  шығармалар,  Қазақ  музыка  мәдениетінің  інжу
-
маржанына  айналған,  опера  жанрының 
жауһары, өнердегі үздік туынды, атақты «Біржан
-
Сара» операсын атап өтпеу мүмкін емес. Бұл опера 
әлемдік музыка мәдениетінің асыл қазынасына айналды[1,10б. ].
 
ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы орыс композиторы М.Глинка: «Музыканы тудыратын  –
 
халық, ал 
біздер  композиторлар  тек  өңдеушілерміз»,  –
 
деген.  Осыдан  барып  М.Төлебаевтың  бүкіл 
шығармашылық  өнерін  халық  туындылары  деп  айтуға  құқылымыз.  Халық  әндерін  түсінбей,  оның 
тұңғиық терең түбіне үңілмей ұлттық өнерді қалыптастыру мүмкін емес.
 
Мұқан  Төлебаев  1913  жылы  13  наурызда  Алматы  облысының  бұрынғы  Бөрлітөбе  (қазіргі 
Сарқан)  ауданы,  «Үлгі»  колхозы,  Қарашыған  ауылында  дүниеге  келген  екен.  Балалық  шағы  жер 
жәннәті  Жетісу  жерімен,  халқының  тұрмыс
-
тіршілігімен,  мәдениетімен,  халық  әндері,  күйлерімен 
тығыз  байланыста  өткен.  Оның  қоршаған  ортасы,  ауылы,  өмірі  мәңгілікке  санасында  әсем  әуен 
жатталып қалған[2,10.б. ].
 
Әкесі Төлебай 1861
-
1933 жылдары өмір сүрген, кедей жанұясынан шыққан қарапайым шаруа 
адамы  болатын.  Өте  ақылды,  адамгершілігі  мол,  кіммен  болса  тез  тіл  табысатын,  жайдары  адам 
болған көрінеді. Ақыл, көмек сұрай келгендерге есігі әрқашан айқара ашық болатын деседі. Осы мінез
-
құлықтарының барлығы да Мұқан бойынан табылатын.
 
Мұқан бала кезінен бастап
-
ақ шешесіне жақын болады, оның салған әндерін сүйіп тыңдайтын 
да,  еш  қиындықсыз,  қандай  тақырыпқа  болсын  өлең  жолдарын  шығара  беретін  суырып  салмалық 
қасиетіне  шынайы  таң  қалатын.  Сөйтіп,  Мұқан  анасынан  музыкалық  дарын  мен  ақындықты 
мұрагерлікке  алды.  Сонымен  қатар,  Мұқанның  өнерге  деген  қызығушылығына,  дарындылығы  мен 
еңбексүйгіштігіне  сол  кездегі  белгілі  домбырашы,  ақын  Апырбай  Әуелбаевтың  да  қосқан  үлесі  зор 
болды.  Баланың  қағілездігін,  ерекше  қабілеттілігін,  икемділігін,  музыкаға  деген  қызығушылығын  ерте 
байқаған  Апырбай  ағамыз,  алты  жасынан  бастап  оны  домбыра  үйретуге  баулиды,  сонымен  қатар 
қайда  той
-
томалақ,  мереке
-
думан,  жиын
-
тойларға  қасынан  тастамай  алып  жүретін  көрінеді.  Бала 
Мұқан халық әндері мен күйлерін, ақындар тартысын, өлең
-
жырларды талмай тыңдап, бала кезінен
-
ақ 
халық музыка мұраларына сусындап өседі.
 
Бала  кезінен  ауылдағы  сауық
-
сайранның  сәніне  анналған  Мұқан  есейе  келе  қазақтың  ұлттық 
өнерінің  қайнар  бұлағынан  қанып  ішіп,  соны  ары  қарай  дамыту  үшін  Мәскеудегі  консерваториядан 
бірақ шықты.
 
Алғашында  әншілер  дайындайтын  (вокальный)  факультетке  түссе  де,  кейін  композиторлар 
дайындайтын факультетіне
 
ауысады. Оның алған бетінен қайтпайтын бір беткейлігі мен өжеттігі сабақ 
беретін ұстаздарын сүйсіндірген еді[3,22.б. ].
 
Жетісу  өлкесі  ерте  кезден  бері  әнші
-
жыршыларға  ақын
-
жазушыларға,  түрлі  қолөнершілерге, 
күйшілерге 
өте 
бай, 
сонысымен 
белгілі. 
Мұқан 
Төлебаев 
өнерінің 
қазақ 
ақындары 

170 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
шығармашылығымен,  халық  әндерімен  жақындықты  ақтауы,  құнарлы,  түсінуге  жеңіл,  қарапайым, 
көңіл
-
күйге  жағымды  болуы  да  туған  өлкенің  әсерінен  деуге  болады.  Оның  өнерінен  өткеніміз  бен 
қазіргіміз  арасында  байланыс  орнаған.Халық  әншілігіне  деген  қызығушылық  М.Төлебаевтың 
музыканы халық әні сарынында жазуына себепші болды.
 
Жоғарыда  айтылғандай,  әнді  тудыратын  халық  болып  табылады.  Бұл  әндерде  не  туралы 
айтылды?  Адамды  қоршаған  ортаның  бәрі  туралы  айтылады.  Әндерінде  қазақ  қоғамының
 
барлық 
саласы,  қазақ  ауылының  күнделікті  тұрмысы,  жүздеген  жылдар  қалыптасқан  музыка  өмірі 
бейнеленген.  Халық  әндері  мен  күйлерін  кез
-
келген  жаста  орындауға  болады.  Ән  мен  күй  бейнебір 
өздеріне кең құлашты қанат бітіріп, туған елден алыстап, тіпті бабаларымыз көшпенділерден де асып 
кеткендей.  Халқымыздың  даналығының  арқасында  көптеген  ән
-
күйлер  осы  күнге  де  жеткен.  Бұл  –
 
алдыңғы толқын мен бүгінгінің ажырамас байланысын көрсететін құбылыс.
 
Қазақ музыкалық өнеріне халық шығармашылығымен нағыз байланыста болуы тән. Бұл басқа 
сазгерлер сияқты М.Төлебаевтың да елінің өмірі мен тарихынан нәр алатындығын көрсетеді.
 
Мұқан  Төлебаев  қазақтың  кәсіптік  музыкасының  аяғынан  тұруына  және  өркендеуіне  өз 
тарапынан көп үлес қосты. Композитор түрлі жанрда жан
-
жақты шығармалар жазды. Олар: камералы
-
аспаптық, симфония мен опера, фортепиано мен жеке дауысқа арналған өңдеулер және көптеген ән
-
әуендер болды.
 
М.  Төлебаев  музыкасын  қарастырып,  талдау  жасау  арқылы  оның  вокалдық  шығармалары 
халық  әуеніне,  дәстүрлі  қазақ  әніне  негізделгенін  байқаймыз.  Ол  кәсіптік  музыканың  классикалық 
формасымен халық әндерінің қырларын шебер үйлестіре білген. Оған қоса авторлық және халықтық 
әндер араласып жаңа синтезделген шығарма тудырады. Мұқан Төлебаевтың басқа композитарлардан 
ерекшеліктері  –
 
оның
 
әндер  мен  романстар  жазудағы  өзіндік  белгілері.  Бұған  дәлел  ретінде 
композитордың  «Ақмарал»,  «Жылқышы»,  «Қырманды»,  «Тос  мені,  тос»,  «Кестелі  орамал»,  «Жастар 
вальсі», «Бақыт вальсі» және т.б. шығармаларын атауға болады.
 
1945 
жылы  М.Төлебаев,  Е.Брусиловский  және  Л.Хамидилермен  бірлесе  отырып,  сөзін 
жазғандар  Ғ.Мүсірепов,  К.Мұхамеджанов,  А.Тәжібаев  «Қазақ  ССР  гимні»  жарыққа  шықты.  Онда 
Қазақстан  халқының  осы  уақытқа  дейінгі  жеткен  жетістіктері,  бұқаралық  салтанаты  әуенмен 
қортыланды.  Әуенде  қазақтың  дәстүрлі  лирикалы
-
эпикалық  әуеннің  жиынтығы,  ұстамдылық  пен 
ұлылығы және  ер мінезділік  пен салтанаттылық қарқынды үстемдік етіп,  аса сәтті болып, көпшіліктің 
көңілінен шықты[4,21.б.].
 
М. Төлебаевтың «Біржан
-
Сара» операсы –
 
тек қазақ халқының ғана емес, сонымен қатар, сол 
кезеңдегі  кеңестік  музыканың  қайталанбас  туындысы.  Алғашқы  қойылымынан  бастап  бұл  шығарма 
үлкен  жетістіктерге  ұласты 
(1946 
ж.  республика  астанасы  Алматыда).  Бұл  –
 
Қазақстан  өнері,  біздің 
музыкалық  мәдениетіміз  бен  композитордың  үлкен  жетістігі.  Әйгілі  айтыс  –
 
Біржан  сал  мен  ақын 
Сараның сөз таласына негізделген сюжетті музыкалық
-
сахналық шығармада композитор ең апғаш рет 
осындай  күрделі  синтетикалық  музыка  жанры  опера  жазуға  қадам  басты.  Бұл  жерде  композитор 
оқиғаны  механикалық  түрде  көшіріп  алуды  немесе  өткен  ғасырдың  тарихи  жайттарын  баяндауды 
алдына мақсат етіп қоймаған, тек шығарманың қайнар көзі ретінде пайдаланып, қазақтың музыкалық 
фольклорының  асыл  қазынасын  ғана  негізге  алған.  Ол  музыкалық
-
драманы  дамытуды  осы  қабілет, 
эмоциясын  асырмай  дарыта  білді.  Композитордың  мұндай  ерекшеліктері  оны  музыкалық
-
сахналық, 
жалпы көркемдік шынайы музыкалық бейнені ашуға қабілет етті. Оған музыкалы
-
мәнерлі заттар мен 
түрлі арнайы ұлттық белгілерін көрсету лайықты.
 
Сонымен  бірге  ол  халықтық
-
музыкалық  дәстүрді
 
жалпыеуропалық  және  кеңестік  кәсіпқой 
музыкалық  мәдениетімен  байланысына  жетекшілік  танытты.  Осындай  объективті
-
шынайы  және 
музыканың  мәнерлі  заттарының  әдісі  мен  таңдауы  замани  кеңестік  композиторлық  мектептің  қиын 
шығармашылық  және  көркемдік  міндеттері  –
 
ұлттық  дәстүр  эволюциясы  процесінің  халықтық
-
ән 
музыкалық  тұрғыда  өрістеуі  Кеңес  Одағы  халықтарының  тығыз  ұлтаралық  ықпал  етуі  болып 
табылады.  Сондықтан  да  «Біржан  және  Сара»  операсын
 
жекелеген  халықтық
-
музыкалық 
дәстүрлердің  опера  жанрындағы  заңнамаларында  синтезделген  жалпы  адамзат  мәдениетінен 
қарастыруға  болады  деуге  негіз  бар.  Оған  қоса,  көптеген  оркестрлік
-
симфониялық  эпизодтардың 
қатысуы,  балет  көріністері,  көп  дауысты  хор,  (білуімізше,  қазақ  ұлттык,  музыкасы  жаратылысынан 
монолитті) композитордың назары ұлтаралық байланысқа бағытталғанын куәландырады, бұл –
 
ұлттық 
белгілермен синтезделу арқылы берілген шығарманың интернационалдық жағын шығарды.  Либретто 
жазған  Қ.Жұмалиев  пен  композитор  «Біржан  және  Сара»  операсында  музыка  мен  мағынаны 
дүниетаныммен, сол кезеңдегі қоғамдық ой
-
өрісімен, халық өмірімен ажырамас бірлікке айналдыруға 
тырысқан.  Осының  қатарында  өнердегі  халықтың,  көпшілік  және  интеллектуалдық  сәттерін,  әсіресе, 
қазіргі  заманғы  шеберлердің  тәжірибесінен  көрінген  көркемдік  шығармашылық  диалектикасын 
қарастыруға болады.
 
Мұқан  Төлебаевтың  қазақ  ұлттық  өнерін  дамытудағы  жетістіктері  жоғары  бағаланып,  КСРО
-
ның  халық  әртісі,  ҚР  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  атады.  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кенесінің 
депутаты ретінде сайлаған халқы оған үлкен сенім артты[4,33.б. ].
 
Демек,  алуан  түрлі  жанрлар  мен  формадағы  шығармаларды  талдау  кезеңінде  композитор 
М.Төлебаевтың  өзіндік  сара  жолы,  стилі,  музыка  жазу  ерекшелігі,  дәстүрлі  қазақ  музыкасын  өңдеп, 
толықтырып,  жаңаша  жарқыратып,  оларды  күрделі  формадағы  шығармаларға  пайдалыну  тәсілдері, 
ауызекі әндерді жинақтап өңдеу үлгілері тек ұлы композиторға ғана тән ерекшеліктер болмақ.
 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
171 
 
 
 
Мақаламызды  қортындылай  келе,  XX  ғасырдың  кемеңгер  қайраткері  М.Төлебаевтың  өмір 
жолы  мен  шығармашылығы  толық  қамтылды  деген  сөз  емес.  Ұлттық  дәстүрді  сөз  еткенде  қазақ 
музыка  мәдениеті  мен  халықтық  музыка  шығармашылығы  бір
-
бірімен  тығыз  байланысты.  Көптеген 
композиторлар сияқты М.Төлебаевта өз халқының өмірі мен тарихына деген қызығушылық басым. Ән
-
әуендерінде  қазақ  қоғамынын  барлық  саласы,  қазақ  ауылының  күнделікті  тұрмыс
-
тіршілігі,  жүздеген 
жылдар  қалыптасқан  музыка  өмірі  бейнеленген.  Шығармаларын  тыңдай  отырып,  ән  мен  әуен 
бейнебір өздеріне кең құлашты қанат бітіріп, туған елден алыстап, тіпті бабаларымыз көшпенділерден 
де асып кеткендей күй кешесіз. Халқымыздың даналығының арқасында көптеген ән
-
күйлер осы күнге 
де жеткен. Бұл –
 
алдыңғы толқын мен бүгінгінің ажырамас байланысын көрсететін құбылыс.
 
Мұқан Төлебаев –
 
Қазақстанның классик композиторы. Ол профессионалды қазақ
 
музыкасын 
әлемдік  шыңға  көтерді.  Халық  «өнеге  күші  өлшеусіз,  өнерді  үйренуге  де  өнер  керек»  –
 
дейді.  Мұқан 
Төлебаев  музыкасының  құдыретті  күші  оның  профессионалдық
 
көркемдік  биікке  өрлеуімен  қатар, 
өнерімізде  өзгеріс  тудырған  жаңа  жанрларды  қалыптастырған  жаңашылдығында  деп  айтуымызға 
болады.  Композитордың
 
қайталанбас  дара  шығармашылығы
 

 
асқан  шабыты  қазақ  халқының  өнер 
мәдениетін аса бір оқшау биікке шығаратын жарқын құбылыс.
 
Ұлы композитор М.Төлебаев есімін бүкіл Қазақстан халқымен
 
қоса жерлестері –
 
Жетісулықтар 
да  аса  құрметпен,  мақтан  тұтып
 
жоғары  бағалайды.  Оның  шығармашылығы  дүниежүзілік  музыка 
мәдениетінің
 
алтын  қорына  енді.  Оның
 
есімімен  –
 
Шығыс  Қазақстан  облысына  қарасты,  Семей 
қаласындағы  музыка  колледжі  Мұқан  Төлебаев  атында,  Талдықорған
 
қаласында,  Алматы  облыстық 
Сүйінбай
 
атындағы  филормониясында  Мұқан  Төлебаев  атындагы  халық  аспаптар  оркестрі  жұмыс 
жасайды.  Сонымен  қатар,  Талдықорған  қаласында  өтетін  республикалық  Мұқан  Төлебаев  атындағы 
композиторлар байқауы, үш жылда бір peт өтетін «Алтын таяқша» атты дирижерлар сайысы дәстүрге 
айналып,  жүйелі  түрде  өтеді.Композитор  М.Төлебаев  есімі,  оның  шығармашылығы  халқымыздың 
есінде мәңгілік сақталады.
 
Жоғарыда  айтылған  сөздердің  дәйегі  ретінде  КСРО  халық  әртісі,  Қазақ  ССР
-
нің  халық  әртісі 
М.Төлебаев  композиторлық  мектебінің  ізбасушысы  Ғазиза  Жұбанова  былай  деп  толғайды;  «Мейлі 
жылдар,  жүзжылдықтар  мен  мыңжылдықтар  өтсе  де  мәңгілік  өлмес  сиқырлы  дыбыстардан  тұратын 
бұл  туынды,  болашақ  тыңдармандарды  өзіне  баурап  алады.  «Біржан
-
Сара»  операсы  ұлы 
композитордың алып еңбегі.
 
Мұқан
 
Төлебаев  ұлы  тұлға,  әсерлі,  адамды  еріксіз  өзіне  баурап  алатын,  қайталанбайтын, 
алып
-
ғұлама  дарын  иесі.  Оның  есімі  қазақ  музыка  мәдениеті  тарихында  мәңгілікке  жазылған.  Оның 
есімі бүкіл әлем, жер жүзіндегі ұлы композиторлардың қатарында тұр».
 
 
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
 
1. 
Кетегенова Н. Славный сын песенного народа. Алматы, 1999 г.
 
2. 
Кетегенова Н. Творческие портреты композиторов Казахстана. Алматы, 2009
 
3. 
Ұзақбаева С., Төлебаева Ж. Сырлы саздар тағылымы. Алматы, 1999 ж.
 
4. 
Ахметова М. Национальные традиции в казахской песне. Алматы, 1982 г.
 
 
Научный руководитель:
 
кандидат педагогических наук, доцент Таубалдиева Жуматай.
 
 
 
Т.С. Қазанғапова, Ж.С. Таджибаева
 
(Тараз қаласы, Казахстан)
 
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ДӘСТҮРЛЕРІ
 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  туралы»
 
Заңында  және  «Қазақстан  Республикасы 
жаңа  формация  педагогының  үздіксіз  педагогикалық  білім  беру  тұжырымдамасында»:  «Жаңа 
формация  мұғалімі  –
 
ол  рухани  адамгершілігі  жоғары,  азаматтық  жауапкершілігі  мол,  белсенді, 
жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін
-
өзі дамыту және 
өзін
-
өзі  көрсетуге  ұмтылысы,  әдіснамалық  қалыптасуының  жоғары  деңгейін  сипаттайтын  әлеуметтік, 
тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары 
маман»  болуы  тиіс  делінген.  Демек  бүгінгі  таңда  ұстаздар  қауымына  артылатын  міндет  оңай  емес. 
Ұрпақ тәрбиесіне жауапты отбасы –
 
қоғам категорияларымен тең дәрежеде ұстаздар тұр десек, қате 
айтпаған  болар  едік.  Ал  жас  буынның  санасына  ең  алғаш  қарапайым  табиғат  ұғымын  енгізіп,  оны 
қорғау  керек  екендігін  сіңіретін  де  осы  маман  иелері.  Мұғалім  қызметін  тек  қана  педагогикалық 
тұрғыда түсінуге болмайды, оның іс
-
әрекет аясына әлеуметтік
-
саяси, мәдени
-
ағарту, табиғатты қорғау 
қызметі де жатады» [1].
 
Қазіргі  экологиялық
 
және  әлеуметтік  мәдени  жағдай  адам  мен  қоршаған  орта  арасындағы 
қарым
-
қатынастың  шиеленісуімен,  экологиялық  дағдарыстың  тереңдеуімен  сипатталады.  Бұл 
проблеманы  шешудің  бір  жолы  –
 
жалпы  адамзаттың  экологиялық  мәдениетін  қалыптастыру. 
Сондықтан  жас  буын  өкілдерінің  экологиялық  мәдениетін  қалыптастыру  мақсатында  қоғам,  табиғат 
және  адам  ойының  даму  жөніндегі  диалектикалық  заңдылық  оқыту  процесінде  көрініс  табу  қажет. 
Қазіргі кезеңде экологиялық зардаптардың кең көлемде таралуы оның апатқа айналып кету қауіптілігі 

172 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
қоғам мен адамзат үшін экологиялық мәдениет проблемасының көкейкестілігін айқындайды. Осыдан 
барып  жеткіншектердің  экологиялық  мәдениетін  дамыту  мәселесі  алдыңғы  қатардан  орын  алуда. 
Экологиялық  мәдениет  дегеніміз  бір  сөзбен  айтқанда  –
 
жалпы  адамзаттық  мәдениеттің  бір  бөлігі, 
табиғатты қорғауға қатысты мәдениет. Бұл мәдениет түрі әрбір саналы адамның бойында болуы тиіс. 
Сонда ғана адамзаттың дені сау, табиғаты таза, өмірі ұзақ болады. Нағыз мәдениет  –
 
табиғат, қоғам 
және  тұлғаның  үйлесімді  бірлігі.  Сондықтан  әлемді,  дүниені  интеллектуалдық,  адамгершілік  және 
эстетикалық  түсінудің  бірлігі  ерекше  маңызға  ие,  бұл,  өз  кезегінде,  экологиялық  мәдениеттің  негізін 
құрайды.
 
Қазақ  ұлтының  болмысы  өмір  салтымен  және  онымен  кіндіктес  төлтума  мәдениетімен  де 
дараланады. Осы орайда Шоқан Уалиханов «Көшпелі елдерді аң тәрізді жауыз тобыр санап, бет алды 
жүрген тағылардың есебінде түсінетін жалған ұғым қазірдің өзінде де Европада үстем болып келеді, –
 
деп жазды. Олар көшпелі моңғол немесе қазақтар дегенді тұрпайы, мал тәрізді тағылар деп ұғады. Ал 
шындығында келгенде, сол тағылардың көбінің жазба түрінде немесе ауыз әдебиеті, аңыз әңгімелері 
бар. Өлеңге әсіресе суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өздеріне тән ерекшелік 
деуге болады» –
 
деп сипаттай келіп, Шоқан көшпелі елдердің мәдениеті жоқ деп санайтын және оны 
менсінбейтін кейбір Европа ғалымдарының пікіріне дау айтады.
 
«Көшпелі  елдердің  қай
-
қайсының  болсын  бір  өзгешелігі  –
 
олар  өлең
-
жырға  бай,  шебер 
келеді….мұндай қасиеттердің болуына көшпелілердің  алаңсыз көшпелі өмірі әсер етті ме, әлде ұшы
-
қиыры жоқ жасыл дала мен қоншақтай тізілген жұлдыздары көп ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті 
ме кім білсін»
 

 
деп жазды [
2]. 
Қазақ  халқы  ежелден
-
ақ  табиғатты  аялай  білген.  Көшпелі  өмір  салтын  ұстанған  ата
-
бабаларымыз табиғатпен біте қайнасып, табиғат сырын терең ұғынған. Табиғатты бүлдірмеген, қайта 
оны қолынан келгенше сақтауға тырысқан.
 
Экологиялық  мәдениетті  қалыптасытруда,  табиғатты  қорғауға  баулуда,  халықтық 
педагогиканың ролі ерекше және оның саласы мол. Олар
-
табиғатты қорғау дәстүрі, оған сену, сыйыну 
ырымдары,  жан
-
жануарлар  мен  өсімдік  түрлеріне  байланысты  әдеп
-
ғұрыптар  т.б.  Қазақ  халқының 
табиғатты тануы,  оған көзқарасы ұзақ жылдар бойы қоршаған  ортаға жүргізген бақылау нәтижесінде 
тәжірибе елегінен өтіп шыңдалып, сұрыпталған.
 
Қазақы  экологиялық  қағидалар  –
 
табиғатты  аялау  жөніндегі  ұлттық  салт
-
дәстүрлер 
қағидасы.
 
Қазақ  халқы
 
табиғат  аясында  тіршілік  етіп,  мезгіл  ауанымен  көшіп
-
қонғандықтан  табиғатты 
қастерлеп, қадір тұтқан. Адамзат баласы да өзге жан
-
жануар, өсімдік секілді тіршілік етеді деп ұққан. 
Табиғатқа зиян келтірмеген, оны қорғау шараларына үлкен маңыз берген. Бұған: «Көкті жұлма

көктей 
соларсың»,  «Бұлақ  көрсең

көзін  аш»
 
делінетін  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп  келе  жатқан  ереже  іспетті 
қанатты  сөздер  куә.  Қазақ  ешқашан  жасыл  желекті,  көкті  таптамаған,  құмырсқа  илеуін 
бүлдірмеген,
 
құс
 
ұясын бұзбаған, жас балапандар мен хайуан төлдеріне тиіспеген, өсіп тұрған талды, 
ағашты  жұлмаған.  Қоршаған  ортаға  өсімдік  пен  жан
-
жануарлардың  тигізетін  пайдасын  жете  түсініп, 
ұрпақтарын  жастайынан  табиғат  байлықтарын  тиімді  пайдалануға  баулып,  өнегелі
 
тәлім
-
тәрбие
 
берген 
[3]. 
Халық  табиғат  жүдеуіне  жол  бермейтін  тыйым  ережелерін  қоғамдық  сана  деңгейіне  дейін 
көтерген.  Өйткені  ереже  бұзылса,  халықтық  ереже  де  бұзылады.  «Суға  түкірме»,  «Күл  шашпа», 
«Шөпті  жұлма»,  «Көкті  таптама»,  «Тал  кеспе»  т.б  толып  жатқан  тыйым  сөздер  мен  ескерпелер 
табиғатпен  қарым
-
қатынас  сақтаудың  халықтық  ережесі,  табиғаттың  әдемілігіне  кір  келтірмес 
салауаттылық өлшемі болды.  пен сұлулықтың адам өміріндегі маңызы мен  орнын «Ер елдің, орман
-
тоғай  жердің  Әсемдік  көркі»  деп  баламалық  негізбен  көрсетіп  келді.  Табиғатқа  зәбір  жасаған  адам 
қоғамға қиянат қылған адам деңгейімен теңестірілді. Мәселен, «Тал кескенше қолыңды кес», «Қарағай 
кессең  қаңғырып  қал»  деген  санаға,тәртіпке  қайшы  келетін  істер  ұрпақты  сақтандыратын  ереже 
болған.  «Судың  да  сұрауы  бар»,  «Балық  аулай  алмаған  суды  лайлайды»  т.б  т.б  ырым
-
тыйымдар 
ұрпақты үнемділікке, ұқыптылыққа, бақылау
-
байқампаздыққа сергектікке, барды бағалап, қадір тұтуға, 
аялауға  үйретті.  «Аққан  судың  жолы  сара»  деп,  табиғат  болмысына  өзгеріс  әкелуге  абай  болуды 
ескертті. Жалпы өміршең өсиеттер табиғатқа табынудан, оны ардақтау мұратынан осылайша туындап 
отырған. Жас өрендердің қашанда өмір тәжірбиесі аз, көңілдері пәк. Сондықтан оларды қамқор сезімін 
оятып,  қатыгездікке  жібермеу  үшін  ойда  бірден  қалатын  әсерлі  өнеге
-
өсиет  сөздер  мен  үлгілі  істер 
арқылы  тәрбиелеу  халықтық  үрдіс  болған.  Мәселен,«Қарлығаш  үйге  құт  әкеледі,  оның  ұясын  бұзу 
обал»  деп,  осы  бір  кішкентай  құсты  қастерлеуге  тәрбиеледі.  «Қарлығаштың  құйрығы  неге  айыр?», 
деген  ертегі
-
аңыз  арқылы  кішкентай  құстарға  қамқор  болуға  үгіттеді.  Осы  мазмұндас  аңыз
-
әңгіме, 
ертегі,  ән
-
жыр  айту  арқылы  аң
-
құс,  жан
-
жануарларды,  табиғатты  ардақтауға,  олардың  әдемілігіне, 
әсемділігіне тәнті болу сезіміне баулыды. «Құстың ұясын бұзба, жұмыртқаларын жарма, бетіңе шұбар 
түседі»,
-
деген  сескендіру  ескертпе  сөзі  арқылы  тіршілік  атаулыға  қамқор  болуға  үйретті.  Қазақ 
халқының  құстарды  аялап
-
мәпелеп  қорғау  жолында  қалыптастырған  дәстүрлері  тіпті  сан
-
салалы. 
Айталық,  ата
-
бабамыз  өзінің  жақсы  көрген,  сүйген  адамдарын  құстарға,  олардың  сымбатына,  сәніне 
теңеген.  Жаңа  түскен  келінді  құсқа  теңеп,  қоныс  иесіне  «құс  құтты  болсын»  деген  тілек  айтқан. 
Құстардың атымен ұл
-
қыздарына, немере –
 
шөберелеріне ат қойған. Құстарға деген сүйіспеншіліктен 
туған  қаншама  сырға  толы  сазды  әндер  мен  күйлердің  болуы  осы  себептен  деп  түсіну  керек.  Қазақ 
халқының  табиғат  қорғау  дәстүрінің  қалыптасуына  халықтың  наным
-
сенімдерінің  де  маңызы  зор 
болды. Халық санасында жаратылыс дүниесі адамдардың тұрмыс тіршілігіне ұқсас деп топшыланды. 
Ежелгі  түсінікте  қоршаған  ортаның  бәрінің  де  жаны  бар  және  жаратушысы  бар,  сондықтан  олармен 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
173 
 
 
 
болатын  қатынас  жанды  деңгейде  болу  керек  деп  есептеген.  Қазақтың  көне  дәстүрі  бойынша  жер
-
адамзат,  жалпы  тіршілік  иелері  мен  өсімдіктер,  жан
-
жануарлар  анасы,  ал  аспан
-
жарық,  жылу  беріп, 
жаңбыр  жаудырып,  бүкіл  тіршілік  атаулыға  жақсылық  жасап,  қорған  болатын  атасы  ретінде 
есептелінген.  Аспанның  түсі  көгілдір  болғандықтан  қазақтар  оны  «Көк»,  «Көк  тәңір»  деп  кеткен.  Ал 
«тәңір»  деген  сөз  ескі  тибет  тілінде  «аспан»  деген  мағына  берген.  Сондықтан  қазақтар  күллі 
табиғатты,  тіршілік  атаулының  жаратушысы  аспанды  «көк  тәңірі»  деп  түсінді.  Тәңірге  тәу  етудің 
жоралары  көп болды. Солардың  бірі
-
күнге, айға тағзым  ету. Қазақ халқында үйдің есігін  күншығысқа 
әдеті  де  күнді  қастерлеуден  туған  ырым.  Тәңірге  жаратушы,  жерге  дем  бітіруші  деп  табыну,  барлық 
жаратылыста жан бар деп топшылау бірте
-
бірте табиғатты ардақтау көзқарасын қалыптастырды. Сол 
себептен жаңа шыққан көк шөп, ағаш
-
бұталардың бүрлері өмірдің үздіксіз жалғасы өркені есептелініп, 
көк  шөпті  беталды  жұлуға,  көркем  шыбықты  сындыруға,  жалпы  жер  бетіндегі  өсімдіктерді  бүлдіруге 
қатаң  тыйым  салды.  Табиғатты  қастерлеуге  байланысты  туған  ырым,  дәстүр,  салттардың  бәрі  дін 
жасап берген игілік деп есептеу де дұрыс емес. Мысалы, күн күркірегенде «сүт көп, отын аз» деп үйді 
айнала  ожаумен  ұрғылап,  оны  есік  алдына  іліп  қою  ырымы  діни  нанымнан,  қорқыныштан  туындаған 
емес, керісінше мал басының көбеюін, шөптің шүйгін, ақтың мол болуын аңсап, табиғат септігіне тілеу 
жасау  көрінісін  білдіретін  наным.  Наным  сенімдер  діндік  дәрежеден  ығысып,  тұрмыс
-
салтындағы 
ырымдарға осылай айнала берген. Табиғатты өмірдің тірлігі ретінде қарау дүниетанымы қалыптасқан 
соң ырымдар табиғат қорғаудың нақты заң ережелеріне айналды. Табиғатты қастерлеуге байланысты 
сенім,  дәстүрлер  белгілі  бір  адам  табиғат  қарым
-
қатынас  байланыс  жүйесінде  тәжірибеден  өтіп, 
шыңдалып, оның пайдалы не зиянды, т.б. қасиеттерімен, септігінен танылған ой байламы деп түсінген 
дұрыс. Табиғат құбылыстарына ырымдау, оларға ерекше қасиет беру олардың сырын танып, білуден 
келген  игілік  адам  мен  табиғат  арасындағы  өзара  ықпалдастықтың,  ажырамас  байланыстың  барын 
түсіну  жатыр.  Наным
-
сенім,  ырымдар  арқылы  халық  адамзат  пен  табиғаттың  етене  біртұтастық 
туынды  екендігін  баяндап,  тұтастықтың  бұзылу  қасіретінен  ұрпақтарды  сақтандырды.  Оларға 
мейірбандылық,  жауапкершілік,  әсемдік,  әдептілік,  бақылағыштық  сезімін  орнатты.  Табиғат 
жаратылыс  түрлері:  жан
-
жануарлар  дүниесі,  өсімдіктер  әлемі,  орман
-
тоғай,  өзен
-
су,  тау
-
дала  өнерге 
қанат беретін қайнар
-
күш екендігін ұрпақтарға сәби жастан танытты. Халықтың туған тамырластығын 
дәріптейтін,  дүние
-
түлеп,  жаңғыратын  маусымдарға  бағышталған:  «Наурыз»,  «Қымыз  мұрындық», 
«Сабантой»,  «Күзем»,  «Мизам»,  «Соғым»  сияқты  той  думандарды  тұрмысқа  кіргізіп,  тәрбие 
құралдарына  айналдырды.  Сөйтіп  қазақ  халқы  табиғатты  қорғау  ісінде  бай  дәстүр,  әдет
-
ғұрып 
қалдырды.  Оларды  бүгінгі  ұрпақ  тәлім
-
тәрбиесіне  пайдалану
-
мектептен  тыс  барлық  әлеуметтік
-
мәдени  мекемелерінің  төл  ісі,  тәрбиешілердің  кәсіби  парызы,  ол  уақыт  талабы.  Жалпы  халықтың 
әдет
-
ғұрып,  дәстүр,  наным
-
ырымдарының  мәні  олардың  әлеуметтік  өмір  салтын  реттеуші  заңдары, 
ережелері,  ұрпақ  тәрбиесінің  бірден
-
бір  қайнары,  қарым
-
қатынас,  мәдениет  құралы,  қоғам 
мүшелерінің  тіршілік  ету  ережелері  мен  қағидалары,  адамгершілік  ұстаным  нормаларының 
параметрлері болуында деп түсінуіміз керек. Ендеше рухани мұра әдет
-
ғұрып, дәстүрлердің тәрбиелік 
рөлінің  шексіздігіне  күмән  келтіруге  болмайды.  Ұзақ  жылдар  бойы  бақылау  мен  өмірлік  тәжірбиеден 
түйінделген дүниетанымның бүгінгі ұрпақ игілігіне айналуы
-
өркенді өмір кепілі.
 
Табиғатты  қорғауға  байланысты  ырымдар  мен  тыйымдардың  тәрбиелік  мәні  –
 
сан  ғасырлар 
бойы халқымыздың санасына сіңіп, екшеленіп сараланып жеткен бай дәстүрлерінің бірі. Әрбір ырым
-
тыйым  сөздің  негізінде  қоршаған  ортаға,  табиғатқа,  тіршілікке,  адамгершілікке  т.с.с  жат  қылықтан 
безіндіретін  фәлсафалық түйіндер жатыр.  Абзал тәлімгеріміз  Ахмет  Байтұрсынов «ырым етсең
-
адал 
ет,  жамандықтан  аман  ет»  деп  тегін  айтпаған.  Күні  бүгінге  дейін  өзінің  маңызын  жоймаған  кейбір 
ырымдарға  тоқтала  кетейік.  «Көк  шөпті  жұлма,  көктей  соласың»  –
 
деп  бірінші  жағынан  адам  өміріне 
қатысты айтылса, екінші жағынан табиғатты қорғауға негізделген. «Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін 
бұзба»  –
 
мұнда  мұсылманның  имандылық  заңында  тіршілік  иесіне  залал  келтіру  кәпірлік,  қазақ 
қағидасында қатыгездік, зұлымдық саналса, құсты, жәндікті қорғаудың жолын меңзеп тұр. «Суға дәрет 
сындыруға  болмайды»,  «Суға  түкірмейді»  –
 
деп  қайта  ішуге  тура  келеді,  суды  қорғаудың  жолдары 
көрсетіліп отыр.
 
«Қазақстан
-
2050»  стратегиясында:  «Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз 
сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.
 
Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз 
болып  қалғалы  қашан.  Біздің  азаматтарымыз  үнемі  ең  озық  жабдықтармен  және  ең  заманауи 
өндірістерде  жұмыс  жасау  машығын  меңгеруге  дайын  болуға  тиіс.  Сондай
-
ақ  балаларымыздың, 
жалпы  барлық  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына  да  зор  көңіл  бөлу  қажет. 
Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» –
 
делінген 
[4]. 
Сауатты болу үшін ең алдымен дұрыс тәрбие берілуі тиіс. Дұрыс тәрбие дегеніміз экологиялық 
мәдениетті, адамгершілігі мол, жан
-
жақты жетілген, заман талабына сай болу т.б.
 
Дастандарда «ең ұзын адамның өзі көкке  қолын  жеткізе  алмайды,  ең  кеуделі деген адамның 
құшағына қара жер сыймайды» деген жолдар бар. Алайда, біз адам бойынан бір
-
біріне қарама
-
қайшы 
екі  жайды  аңғарамыз:  жеке  пенде  ретінде  өресі  қысқа  болғанымен,  жалпы  адамзат  ұрпағының  өкілі
 
ретінде мүмкіндігі соншалық бай, соншалық шексіз. Сол мүмкіндікті уақытында пайдалану әркімнің өз 
қолында. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей барша адамзат қауымы бірігіп, барлық ұлтқа ортақ 
ғаламдық  проблема  –
 
экологияға  қарсы  күресіп,  табиғатты  алдағы
 
апаттан  аман  алып  қалу  міндетін 
орындауы  тиіс.  Ол  үшін  кез
-
келген  мамандық  саласының  қызметін  табиғат  қорғау  бағытында 
ұйымдастырып,  әрбір  мамандық  иесінің  экологиялық  мәдениетін  қалыптастырып,  қоршаған  ортаны 
қорғаудағы  артықшылықтарын  ұтымды  пайдалана  білуге  тиіспіз.  Табиғаттағы  тұрақтылықты 

174 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
сақтаудың басты факторы ретінде қолданылатын тұрақты дамуға негізделген экологиялық мәдениет –
 
сау табиғи орта мен салауатты өмір салтының, жарқын келешек пен белсенді қоғамның кепілі.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет