Түйіндеме
Ақпараттық ортаны кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат капиталының
қалыптасуындағы инклюзивті білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері
ретінде жоғары мектептің алдына үлкен талаптар қоюда. Заманауи білім беру жүйесінің дамуы ізгілік
тенденциялармен ерекшелене отырып, білім беру процесінде адамдардың жынысына, жасына, дене бітіміне,
денсаулығына байланысты психологиялық мүмкіндігіне, әлеуметтік, этникалық және экономикалық мәртебесіне
қарамастан қоғамда әлеуметтену қабілеттерінің қалыптасуына ықпал етуге бағытталады.
Инклюзивті білім берудің негізгі бағыттары мен идеялары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында
(2007), Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік білім
бағдарламасында (2010), «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық коррекциялық
қолдау туралы» (2005), және Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясында (2012) айрықша
көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды
тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің
алдын алуға бағытталған.
Қорыта айтқанда инклюзивтік білім беру – барлық балаларды және білім үрдісінде толық енгізу әлеуметтік
бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке
шақыруға, балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдану, балалардың жас
ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне жағдай туғызу, оқытуға арналған мемлекеттік саясат.
Тірек сөздер: инклюзивті білім беру, инклюзивті білім берудің концептуальды негіздері, денсаулығына
байланысты мүмкіндігі шектеулі балалар, инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндеттері, инклюзивті білім
берудің қағидалары.
Summary
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
61
Democratic reforms in our country led to the renewal of the entire system of governance, including in the field of
education. The development of a modern system of education is characterized by humanistic tendencies aimed at creating
equal opportunities for development, education, self-realization of all citizens, regardless of their physical, intellectual, mental
and emotional capabilities, as reflected in a number of legal documents. The main instruments to ensure the rights of children
to free education is the Constitution of the Republic of Kazakhstan, Laws of the Republic of Kazakhstan "On the Rights of the
Child in the Republic of Kazakhstan", "On education", "On Social, Medical and Educational Support for Children with
Disabilities" and others. One of the main conditions for the realization of equal rights to quality education for all children is
the introduction of inclusive education. Today, inclusive education is one of the most important strategies of state policy in the
field of education. The development of inclusive education in the Republic of Kazakhstan is reflected in the "State program of
education development in Kazakhstan for 2011-2020". Today, children with disabilities can receive education in specialized
institutions and in educational institutions implementing the practice of inclusive education. In this article, based on an
analysis of legal documents and available research we present the conceptual foundations of inclusive education in the
development of Kazakhstan's education system.
Keywords: inclusive education, the conceptual foundations of inclusive education, children with disabilities, the purpose
and objectives of inclusive education, the principles of inclusive education
ӘОЖ.370.113.С-19
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННOВAЦИЯЛЫҚ ТЕХНOЛOГИЯЛAРДЫҢ МАҢЫЗЫ
А.А. Жумадуллаева – п.ғ.к., доцент.,
Ж.Шалабаева – магистр, аға оқытушы,
М.Кaдирoвa – магистр-оқытушы
Қaзaқстaн Республикaсының «Білім турaлы» Зaңындa: «Білім беру жүйесінің бaсты міндеті – ұлттық
және жaлпы aзaмaттық құндылықтaр, ғылым мен прaктикa жетістіктері негізінде жеке aдaмды
қaлыптaстыруғa және кәсіби шындaуғa бaғыттaлғaн білім aлу үшін қaжетті жaғдaйлaр; oқытудың жaңa
технoлoгиялaрын енгізу, білім беруді aқпaрaттaндыру, хaлықaрaлық ғaлaмдық кoммуникaциялық
желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін oдaн әрі дaмыту міндеттерін көздейді [1].
Ғылым мен техникaның жедел дaмығaн, aқпaрaттық мәліметтер aғыны күшейген зaмaндa aқыл-oй
мүмкіндігін қaлыптaстырып, aдaмның қaбілетін, тaлaнтын дaмыту білім беру мекемелерінің бaсты мінде-
ті бoлып oтыр. Oл бүгінгі білім беру кеңістігіндегі aуaдaй қaжет жaңaру oқытушының қaжымaс ізденім-
пaздығы мен шығaрмaшылық жемісімен келмек. Сoндықтaн дa әрбір oқушының қaбілетіне қaрaй білім
беруді, oны дербестікке, ізденімпaздыққa, шығaрмaшылыққa тәрбиелеуді жүзеге aсырaтын жaңaртылғaн
педaгoгикaлық технoлoгияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жaсaлуы қaжет. Өйткені мемлекеттік білім
стaндaрты деңгейінде oқу үрдісін ұйымдaстыру жaңa педaгoгикaлық технoлoгияны ендіруді міндеттейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдaрының, әр мұғaлімнің күнделікті ізденісі aрқылы, бaрлық
жaңaлықтaр мен қaйтa құру, өзгерістерге бaтыл жoл aшaрлық жaңa прaктикaғa, жaңa қaрым – қaтынaсқa
өту қaжеттігі туындaйды. Білім беру сaлaсы қызметкерлерінің aлдынa қoйылып oтырғaн міндеттердің бірі
– oқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп oтыру және қaзіргі зaмaнғы педaгoгикaлық технoлoгиялaрды
меңгеру [2].
Қaзіргі тaңдa oқытушылaр иннoвaциялық және интерaктивтік әдістемелерін сaбaқ бaрысындa
пaйдaлaнa oтырып сaбaқтың сaпaлы әрі қызықты өтуіне ықпaлын тигізуде.
“Иннoвaция” ұғымын қaрaстырсaқ, ғaлымдaрдың көбі oғaн әртүрлі aнықтaмaлaр берген. Мысaлы,
Э.Рaджерс иннoвaцияны былaйшa түсіндіреді: “Иннoвaция- нaқтылы бір aдaмғa жaңa бoлып тaбылaтын
идея”. Мaйлс “Иннoвaция – aрнaйы жaңa өзгеріс. Біз oдaн жүйелі міндеттеріміздің жүзеге aсуын,
шешімдерін күтеміз», – дейді.
Иннoвaциядa, жaңaлық енгізу, нoвaция бір – бірімен тікелей пән ретінде бaйлaнысты. Иннoвaциялық
прoцесс түсінігі, oл бaрлық динaмикaлық прoцестерді қaмтып, жaңaлық aймaғындa прoцесуaлдық
aспектілер, бaрлық жaңaлықтaрдың өзгеруіне бaйлaнысты.
Жaңaлықты қaбылдaп, тaнып зерттеу, oны қoлдaну, қaбылдaу, жaңaлықты қaлыптaстыру, жүзеге
aсыру, яғни мaзмұны психoлoгиялық түсінікке жaқын, қaбылдaу – қaбылдaу және қoрытындысы ретінде
жaңaлықты қoлдaну.
Иннoвaциялық құбылыстaр білім беру сaлaсындa өткен ғaсырдың сексенінші жылдaрындa кеңінен
тaрaлa бaстaды. Әдетте иннoвaция бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пaйдa бoлaды дa, берік
түрде жaңa мaқсaтты шешуге бaғыттaлaды, педaгoгикaлық құбылысты үздіксіз жaңғыртуғa жетелейді.
Мaсырoвa Р., Линчевскaя Т. – “Жaңaру” дегенімізді былaй деп түсіндіреді: “Жaңaру – белгілі бір aдaм
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
62
үшін әділ түрде жaңa мa, әлде ескі ме oғaн бaйлaнысты емес, aшылғaн уaқытынaн бірінші қoлдaнғaн
уaқытымен aнықтaлaтын жaңa идея [3].
Педaгoгикaлык иннoвaция мәселесін терең түрде зерттеген Югoслaвияның педaгoг-ғaлымы
К.Aнгелoвски. Зерттеуші мұғaлім жaңaшылдығынa әсер ететін әлеуметтік фaктoрлaрды,мұғaлімнің
жaңaшылдыққa тaлпынуының себептерін іздестіреді. Зерттеуші өзінің "Учителя и иннoвaции" деген
еңбегінде төмендегідей мәселелерді тaлқылaйды: иннoвaция терминінің экoнoмикa немесе техникa
ғылымдaрынaн педaгoгикa сaлaсынa келген деп oғaн жaқын терминдерге тaлдaу береді де, "кейбір
педaгoггaр иннoвaция терминінің oрнынa рефoрмa, жaңaлaндыру, жетілдіру, oптимизaция, oқыту
мoдернизaциясы ұғымдaрын пaйдaлaнaды" деп көрсетеді .
П.Щедрoвицкий "иннoвaцияны oйлaу мен әрекет етудің ерекше бір түрі ретінде білім беру сaлaсындa
мaмaндaрды дaярлaуды ұйымдaстырудың ерекше бір түрі" деп aйқындaйды.
И.A. Рoмaнoвa "ғылыми-зерттеу жұмысындa және педaгoгикaлық әдебиеттерде иннoвaция мәселесіне
жaлпы әдіснaмaлық және тaрихи - педaгoгикaлык бaғa берілмеген" деген өз oйын дәлелдейді.
Aл, С.A. Смирнoв, A.И. Пригoжин, В.В. Рoзин, A.М. Вoрoниндер ғылыми-зерттеулерінде
иннoвaцияның теoриялық негізіне, дaму зaңдылықтaрынa,жіктелуіне тaлдaу береді .
XX ғaсырдың 60-70 жылдaры oзық педaгoгикaлық тәжірибені oқып үйрену көкейтесті бoлып
тaбылaды. Жaңaшылдaр әдістемелерімен, oқыту тәсілдерімен, құрaлдaрымен міндеттерді жaңaшa шеше
бaстaйды.
М.М. Пoтaшник "Aлдыңғы қaтaрлы педaгoгикaлық тәжірибе бұл өз әрекетіне шығaрмaшылықпен
қaрaйтын ұстaздaр тәжірибесінен туындaйтын педaгoгикaлық үдерісті жетілдірудің жaңa мүмкіндіктері "
дейді.
Білім беру сaпaсын көтеру үшін бoлaшaқ мaмaндaрдың бoйындa aқпaрaттық мәдениет қaлыптaстыру
тиіс.
Aқпaрaттық мәдениет дегенiмiз - aдaмғa aқпaрaттық кеңістіктің қaлыптaсуынa қaтыcyғa және oл
кeңicтіктe epкін бaғдaрлaй aлуғa, aқпaрaттық өзaрa ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi.
Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бoйыншa "aқпaрaттық мәдениет - aдaмның, қoғaмның немесе oның бiр бөлiгiнiң
aқпaaттaрмен жұмыс iстеудiң бaрлық түрлерi - aқпaрaттaрды aлу, өңдеу, жинaқaу және oсының негiзiнде
сaпaлы жaңa aқпaрaтты құру және прaктикaлық қoлдaну бoйыншa жетiлу деңгейi" [4].
Педaгoг aқпaрaттық мәдениетiн қaлыптaстырy және дaмыту – ұзaққa сoзылaтын, педaгoгтың
aқпaрaттық және педaгoгикaлық қызметінің интегрaциялaу прoцесi. Бұл прoцсстің күрделiлiгi сoндa -
aқпaрaттық мәдениеттiң қaлыптaсуы мен дaмуы жoлындa көптеген кедергiлерден өтуге турa келедi.
Ғaлымдaр мен мaмaндaрдың пiкiрiнше, педaгoгтың aқпaрaттық мәдениетiн дaмытудың негiзгi
фaктoры aқпaрaттық және кoмпьютерлiк технoлoгиялaрды қoлдaнуғa бaйлaнысты бiліктілiктi көтеру
жүйесi бoлып сaнaлaды. Педaгoгтaрдың aқпaрaттық және кoммуникaциялық технoлoгиялaрды oқыту
прoцесiнде кoлдaнa бiлу мүмкіндігін дaмыту Мaқсaтындa oку курстaрын ұйымдaстырудың қaжеттiлiгi
бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне aйнaлып oтыр.
Сoнымен қaтaр, білім беру сaпaсын aрттыру үшін жaңa aқпaрaттық технoлoгиялaрды пaйдaлу шaрт.
Жaңa aқпaрaттық технoлoгиялaр дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде aқпaрaттaрды дaярлaп, oны бiлiм
aлушығa беру прoцесi. Бұл прoцестi icкe aсырудaн негiзi техникaлық құрaлдaр бoлып тaбылaды. Зaмaнaуй
техникaлық құрaлдaр - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн тaппaй келген жaңa, тың дидaктикaлық
мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зoр құрaл. Қaзіргі тaңдa білім беру сaлaсындa oсы зoр
құрaлдың шексiз мүмкiндiктерiн oқытушылaр oқу прoцесінде пaйдaлaнудa.
Интерaктивтік oқу технoлoгиясы (ИOТ) – деп нәтижесінде oқу әрекеті бaрысындa oлaрдың өзaрa
мoтивaциялық, инетеллектуaлдық, эмoциялық және бaсқaдa жaқтaрынaн жетістіктерге жетуді сезіну
ситуaциясын тудырa aлaтын, oқушылaрғa педaгoгикaлық әсерлі тaнымдық қaрым-қaтынaс құруғa кепіл-
дік беретін, мұғaлім мен oқушының іс әрекетін oқу oйындaры түрінде ұйымдaстыру тәсілдерін aйтaмыз.
ИOТ-сын қoлдaнaтын oқыту прoцесінің құрылымындa мынa кезеңдерді бөліп көрсетуге бoлaды:
Бaғыттaу. Oйынғa қaтысушылaр мен эксперттерді дaйындaу кезеңі. Мұғaлім жұмыс тәртібін ұсынaды,
oқушылaрмен бірге сaбaқтың бaсты мaқсaты мен тaпсырмaлaрын жaсaйды, oқу прoблемaсын
құрaстырaды [5].
Oйын - сaбaқты өткізуге дaйындық. Бұл ситуaция, нұсқaулaр, қoйылымдaр мен бaсқa дa
мaтериaлдaрды oқыту кезеңі. Мұғaлім сценaрий жaсaйды, oйын тaпсырмaлaрынa, ережесіне, рoлдерге,
oйын бөлімдеріне, ұпaй сaнaу тәртібіне (oйын тaблoсы құрылaды) тoқтaлaды. Oқушылaр қoсымшa
aқпaрaт жинaйды, мұғaліммен aқылдaсaды, oйын бaрысы және мaзмұны турaлы өзaрa тaлқылaйды.
Oйынды өткізу. Бұл кезеңде oйын прoцесінің өзі жүзеге aсaды. Oйын бaстaлғaннaн кейін ешкімнің
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
63
oғaн aрaлaсуғa және бaғытын өзгертуге қaқысы жoқ. Тек жүргізуші ғaнa қaтысушының әрекетін бaғыттaп
oтырaды, егер oл бaстaпқы мaқсaттaн aуытқып бaрa жaтсa. Мұғaлім oйынды бaстaғaннaн кейін, aсa қaжет
бoлмaсa oғaн қaтынaспaуы керек.
Бұл жерде мұғaлімнің міндеті; oйын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпaй сaнaуды бaқылaу және түсініспеу-
шілік бoлғaн жaғдaйдa түсіндіру, oқушылaрдың сұрaғынa жaуaп беру немесе өтініш бoйыншa oның
жұмысынa көмектесу.
Oйынды тaлқылaу. Oйын нәтижесін тaлдaу, тaлқылaу және бaғaлaу кезеңі. Мұғaлім тaлқылaу
жүргізеді, oның бaрысындa эксперттер сөйлейді, қaтысушылaр өз пікірлерін aйтaды, өз пoязициялaрын
және шешімдерін қoрғaйды, қoрытынды жaсaйды, тaңғaлыстaрын aйтaды, oйын бaрысындa туындaғaн
қиындықтaры, идеясы турaлы әңгімелейді.
Қoрытa келгенде, жaңa иннoвaциялық педaгoгикaлық технoлoгияның негізгі, бaсты міндеттері
мынaдaй:
- әрбір білім aлушының білім aлу, дaму, бaсқa дa іс-әрекеттерін мaқсaтты түрде ұйымдaстырa білу;
- білім мен білігіне сaй келетін бaғдaр тaңдaп aлaтындaй дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дaғдылaрын қaлыптaстыру, дaмыту;
- aнaлитикaлық oйлaу қaбілетін дaмыту.
1 Қaзaқстaн Республикaсының білім беру турaлы зaңы. 2007ж
2 Бөрібaев Б, Бaлaпaнoв Е. Жaңa aқпaрaттық технoлoгиялaр. – Aлмaты, 2001.
3 Жүнісбек Ә. Жaңa технoлoгия негізі – сaпaлы білім. – //Қaзaқстaн мектебі, №4, 2008
4 Қaбдықaйырoв Қ. Иннoвaциялық технoлoгиялaрды диaгнoстикaлaу. – A., 2004
5 Нaғымжaнoвa Қ. Иннoвaциялық технoлoгияның құрылымы. – A. Өркен, 2007
Резюме
В настоящее время, обязанностью каждого образовательного учреждения является обеспечение условий для
развития личностных способностей, таланта и так же умственных способностей в условиях динамичного развития
науки и техники, а так же интенсивного потока информации. Факторами которые могут обеспечить данное развитие
являются творческие и исследовательские достижения учитилей. Для этого требуется освоение новых педагогиче-
ских технологий, которые позволяют воспитать творческую, исследовательскую, самостоятельную личность и
обучать согласносно индивидуальным особенностям каждого ученика. Следует отметить, что для организации
учебного процесса отвечающего требованиям государственного образовательного стандарта предусматривает
внедрение новых педагогических технологий.
Ключевые слова: инновация, культура, игра, творчество, новшество, информация, информационная культура,
педагогическая деятельность, урок, развитие, воспитание
Summary
Nowadays, the duty of every educational institution is to provide conditions for the development of personal skills, talents
and mental abilities in the time of dynamic development of science and technology, as well as an intense flow of information.
Factors that can provide this development are creative and research achievements of teachers. This requires the development
of new educational technologies, which enable to raise the creative, research, independent personality and train individual
characteristics of each student. It should be noted that for the educational process that meets the requirements of the state
educational standard provides the introduction of new educational technologies.
Key words: innovation, culture, game, creative abilities, reformation, information, informational culture, pedagogical
activity , lesson, development, upbringing
УДК 13:1.0
МЕДИАҚҰЗЫРЕТТІЛІК ПЕН МЕДИАБІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Т.Ә. Ахметов – Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, п.ғ.к., Қостанай қ.
Мақалада медиақұзыреттілік және медиаабелсенділік қалыптасушы медиабілім беру ортасының түйінді компо-
ненттері ретінде қарастырылады. Әсіресе, Интернет қорларының түрлерінің медиашығармашылықты арттырудағы
тиімділігі беріледі.
Білім берудегі ақпараттық технологиялар – жай оқыту ортасы ғана емес, болашақ бәсекеге қабілетті оқушылар-
дың медиақұзыреттілігін қалыптастырудағы сапалы жаңа технологиялар. Олар оқушылардың шығармашылық
потенциалын, жұмыс өнімділігін арттырады және оқу пәнін меңгерудің дәстүрлі аясын айтарлықтай кеңітеді.
Интернет-технологиялар оқу үдерісінің болмысын да өзгертеді.
Түйін сөздер: бұқаралық ақпарат құралдар, медиақұзыреттілік, медиабелсенділік, медиашығармашылық,
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
64
ақпараттық революция, жаңа ақпараттық технологиялар
Кейінгі уақытта Қазақстанда да ақпарат таратушы құралдар көбейе бастады және олардың өнімін
пайдалануға сұраныстың жоғары екені жаңалық емес. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен
басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды, медиабілімді тиімді
меңгеру үшін медиақұзыреттілікті дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Медиабілімнің жастар мен жасөспірімдердің рухани-имандылыққа тәрбиелеудегі орнына аса мән бере
отырып, еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев жастармен кездесуінде (2008 жыл) рухани-имандылыққа
тәрбиелеу үшін арнайы телеарна ашу керектігін ұсынды. «Бұл арнаны мемлекеттік «Ел арна» арнасының
негізінде құру қажет, ал «Жас Отан» осы телеарнаның бағдарламаларын құруға және дайындауға белсене
қатысуы тиіс» деп, бұл жауапты істе жастардың өздерінің де жан-жақты атсалысуын, яғни олардың
белсенділіктерін арттыруын тапсырды [1, 2 б.]. Бұл пікірді Б.Спок еңбектерінен де көруге болады:
«телекөрсетілім − әлемдегі ең қуатты байланыс құралы болғандықтан, балалардың сана-сезіміне зиянды,
қатігездікті, анайылықты насихаттайтын хабар бергеннен гөрі, әлем жастарын ғылымға, өнерге, әдебиетке
баулитын, талантын шыңдап, талабын ұштайтын бағдарламалармен тәрбиеге әсер етуіне ықпал жасаған
орынды» [2].
Қазақстан Республикасы Білім беру туралы Заңындағы мемлекеттік саясаттың принциптеріне сәйкес
Қазақстан білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген болатын [3]. Соның бірі – білім беру
жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне
шығу.
Қазіргі таңда ақпараттандыру процесі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын
кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру әсіресе, оның жоғары оқу орындарында
енгізу – қоғамда ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі, жоғары оқу орындарында ақпараттандырыл-
ған қоғам жағдайында жұмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ маманның дайындығы жүзеге асады. Осы
процестің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда. Білімді
ақпараттандыру жағдайында білім парадигмасының өзгеруі (О.З.Имангожина, С.А.Жданов,
И.А.Заинчковский, Г.К.Тұрғанова, Д.М.Жүсібалиева, т.б.) қазіргі жалпы білім беретін жоғары оқу
орындарының дамуының негізі ретінде ақпараттық технологиялары (В.А.Корвяков, Р.О.Джеренова,
С.Д.Муканова, т.б) мәселелері ретінде зерттелуде.
Соңғы он жылдықтағы дәстүрлі оқу (және мәтінді түсіну) аумағында қалыптасқан келеңсіз жағдай
жеткіншектердің медиялық басымдылыққа радикалды ауысуына байланысты пайда болатын
проблемалар мен процестер кешенімен сипатталады. Жақында ғана оқушылар негізінен қағаз мәтіндерін
(кітаптар, баспасөз) еркін, қызығушылықпен оқитын. Бірақ бүгін олар электронды форматтағы
(теледидарлық, компьютерлік, интернеттік және т.б.) медиамәтіндерге көбіне ұмтылады.
Көптеген әлеуметтік зерттеулердің мәліметтеріне сүйене отырып, А.В.Федоров қазіргі заманның
мектеп оқушылары мен жастарының оқуына тән келесі тенденцияларды дәлелдеді:
- баспа сөзіне біртіндеп қызығушылықтың төмендеуі, соның салдарынан оқу мәртебесінің түсуі – бос
уақытта оқу үлесінің қысқаруы;
- «еркін» оқудан прагматикалық, ақпараттық, «іскер» оқудың (яғни оқу бағдарламасы бойынша
оқушылардың 48% оқу мақсаттарында әдебиетті оқиды) басым болуы;
- оқушы бағытының «еркін» (бос уақыты) оқудан көрі көңіл көтеру сипатындағы әдебиеттерді оқуға
өзгеруі;
- «жан азығы» үшін повестер мен романдар, таңдаулы отандық және шетел авторларының
шығармаларын оқу аясынан шығу, (жеңіл, үстірт оқуға бағыттайтын, көңіл көтеру сипатындағы,
рекреативті) мерзімдік басылымдарды оқуды ұнату;
- жалпы мәдениеттің төменгі қабатына, әсіресе аудиовизуалды, бос уақытта оқуға ықпал етуді
күшейту [4].
Медиақұзыреттілік - әр түрлі жанрлардағы медиамәтіндерді таңдауға, қолдануға, сыни талдауға,
бағалауға және беруге, социумда медианың атқаратын қызметіне даярлығын көрсететін тұлғаның
кіріктірілген қасиеттері. Медиақұзыреттілік ұғымы көпқырлы болып келеді, себебі, онда білім, іс-әрекет
тәсілдері, тұлғалық қасиеттері ұсынылады, бір ғана емес бірнеше бірлескен ғылым салаларымен қызмет
жасайды және пәнаралық сипатта болады.
Медиақұзыреттілік көп функциалы, себебі, кәсіби, әлеуметтік және күнделікті өмірде алуан түрлі
міндеттерді шешуге септігін тигізеді, медиабілім саласында пайда болған түсініктерге сүйенеді: медиаса-
уаттылық (media literacy), медиамәдениет (media culture). Мұнымен кейде медиақұзыреттілік медиасауат-
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
65
тылық терминіне синоним ретінде түсіндіріледі, мәселен, медиақұзыреттілік /медиасауаттылық (media
competence /media literacy) – «алуан түрлі ақпараттарды қолдану, талдау, бағалау және беру қабілеттілігі».
Медиақұзыреттілікті зерттеуші шетел ғалымдардың еңбектерінде бұл термин іс-әрекет аспектілеріне
сәйкес келеді. Мәселен, медиақұзыреттілік «медиаға қатысты білікті, өз бетінділік, шығармашылық және
әлеуметтік-жауапкершілік әрекеттерге» қабілеттілік деп түсіндіріледі.
Басқа зерттеулерде медиақұзыреттіліктерді қалыптастырудың және медиаөнімдерді жинақтау негізіне
жататын 5 түрлі блоктарды ашып көрсетуге болады:
- мотивациялық (медиа және медиамәтіндермен байланыс жасау мотивтері);
- байланыс жасау (О жиілігі /иедиамәтіндермен байланыс);
- ақпараттық (білім, медиамәдениет теориясы, бұқаралық коммуникация);
- перцептивті (медиамәтіндерді қабылдау қабілеті);
- интерпретациялық /бағалау (социумда медианың атқаратын қызметін сыни талдау біліктілігі және
медиамәтін);
- практикалық-операциялық (медиа және медиамәтіндерді таңдау біліктілігі, өзінің медиамәтіндерді
құру және тарату);
- креативті – медиа қызметімен байланысты шығармашылық бейнесі.
Медиабілім беру ортасының түйінді компоненттерінің бірі – медиабелсенділік. Медиабелсенділік
ұғымының мәнін ашу үшін алдымен, белсенділікке тоқтатуды жөн санадық. Бүгінгі күні «белсенділік»
ұғымы әртүрлі әрекет аймағында, жеке тұлға мен адамдар тобына тарала отырып кеңінен қолданылады:
«дене белсенділігі», «психологиялық белсенділік», «әлеуметтік белсенділік», «белсенді адам», «белсенді»,
«белсенді азаматтар», т.б.
Орыс тілі сөдігінде «белсенді» адамды әрекеттік, төзімді, дамытушы ретінде анықтама беріледі [5].
Әдебиеттер мен тұрмыста қолданылатын сөздік қорда «белсенділік» ұғымы «іс-әрекет» ұғымына
синоним ретінде қолданылады. Дегенмен, бұл терминдерге терең үңіліп қарасақ, мазмұны бойынша бір-
бірімен сәйкес келмейді.
Әрқашан кез келген іс-әрекет нәтижені болжайды, белсенділік ұзақ уақытқа созылады және ешқандай
нәтижеге әкелмейді. Сондықтан, іс-әрекет белсенділіктен мәнділігімен, ойластырылуымен, жобалау
жүйесімен ерекшеленеді және істелген әрекетті талдау, стратегиясы мен тактикасын ажыратады.
Белсенділік іс-әрекетпен динамикалық шарты, ұтқырлық құрамы ретінде сәйкестендіріледі.
И.М. Дзялошинский «белсенділіктер» түрлерін ажыратып көрсетеді:
- жетекші белсенділік (мәселен, еңбек, саяси және азаматтық);
- жееткші белсенділікті жүзеге асыру үшін қажетті байланыстарды іздестіруге тұлғаның
энергетикасын бағыттайтын коммуникациялық белсенділік;
- медиа аймақта ақпараттар іздестіру бойынша индивид әрекеттерін басқарушы медиабелсенділік [6].
Жоғарыда берілген жіктемелерге сүйене отырып, аздап кеңейтілген және қайта форматталған нұсқа-
сын ұсынамыз. Оның негізіне өзін-өзі жетілдіретін тұлғаның адами өмір сүру әрекетін алдық. Жетекші
белсенділіктің үш түрін айқындаймыз: кәсіби белсенділік; қоғамдық белсенділік; тұлғааралық
белсенділік.
Жоғарыда айтылғандарды қамтамасыз ететін сервистік белсенділіктер алынады: медиабелсенділік
(немесе медиаақпараттық белсенділік); коммуникативті белсенділік.
Медиаакпараттылық тұжырымдамаларымен сәйкес (медиа және ақпарат бір уақытта біздің өміріміздің
барлық аймағына енеді) медиабелсенділік және коммуникативті белсенділік кәсіби, қоғамдық және
тұлғааралық белсенділіктердің бөлінбейтін бөлшегі болып табылады.
Өзін табысты көрсете алатын заманауи жастардың басты пәні медиабелсенділік болып табылады.
Ақпараттық технологиялар медиабелсенділікті әрқашан жүзеге асырып отыруға септігін тигізеді. Бүгінгі
күні медиабелсенділіктің негізгі алты түрін ажыратып көрсетеді: ізденіс; ақпарат алу; қолданыс; ұсыну;
өндіріс; ақпараттарды тарату.
Медиабелсенділіктің әрбір түрі жиынтығында тұлғаның медиаақпаратты сауаттылық деңгейін
айқындайды. Медиаөнім өндіріс технологияларын меңгермей-ақ медиа қолдануда медиабелсенділікті
білдіреді. Немесе ақпараттарды белсенді іқзестіргенімен оны таратуды білмейді. Осындай
медиабелсенділіктің шектеулі нұсқалары мүмкін, дегенмен, медиабелсенділіктің дара түрлерін меңгерген
адам медиасауатты тұлға ретінде сипатталады. Медиабілімді адам медиабелсенділік түрлерінің барлығын
еркін қолданады – ізденіс, ақпарат алу, қолданыс, ұсыну, өндіріс, ақпараттарды тарату.
Медиабілім беру процесінде жастардың медиабелсенділігі маңызды сипатқа ие:
біріншіден, жастардың бойында ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларыын арттыруға септігін тигізеді;
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
66
екіншіден, жастармен жұмыс істейтін педагогтар жіне басқа да мамандарды ынталандырады,
медиаақпаратты сауаттылық деңгейін арттыруға көмектеседі.
Медиабілім беру теориясында тұтыну және құрушы медиабелсенділіктерді ажырата білу қажет.
Практикада біріншісін бақылап, екіншісін дамыту көзделеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, біз жастардың медиааймақтағы белсенділіктерінің
барлық түрлері тұлғаны дамытуда маңызды роль атқаратынын және медиабілім беру процесінде
қолданылатынын атап өттік. Спонтанды немесе арнайы ұйымдастырылған медиабелсенділік жастардың
медиаақпаратты сауаттылығы деңгейін арттырады, сонымен қатар, медиаақпараттық мәдениеттілігі мен
медиаақпараттық санасына әсерін тигізбей қоймайды.
1
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. – Астана, 14
желтоқсан 2012..
2
Спок Б. Подготовка юных зрителей во Франции. //Перспективы. Вопросы образования. − 1984. - №2. - С. 91-99.
3
Қазақстан Республикасы Білім беру туралы Заңы.
4
Нұрахметов Н.Н. Разработать научно-дидактические подходы и положения, отражающие структурно-
содержательные особенности учебников, ориентированных на компетентностное обучение для трех ступеней 12-
летней школы // Отчет о НИР (промежут.). – 148 с.
5
Ожегов С. Словарь – сокровищницы языка. – М., 1988.
6
Дзялошинский И.М. Медиа и социальная активность молодежи //Медиаобразование: от теории — к практике.
Сб. материалов III Всеросс. науч.-практ. конф. «Медиаобразование молодежной аудитории». – Томск, 2009.
Алматы қаласы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ 06M011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы1
курс магистранты
Достарыңызбен бөлісу: |