Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
201
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ
ИСТОРИЯ ПЕДАГОГИКИ
ӘӨЖ 374.31.(572)
ТӘРБИЕШІЛЕР МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН
АРТТЫРУДА М.МОНТЕССОРИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
М.Б. Жаздықбаева – А.Ясауи атындағы ХҚТУ п.ғ.к., доцент,
М.А. Мавленова – А.Ясауи атындағы ХҚТУ магистранты
Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өте оқыту мен тәрбиелеудің соңғы
әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны енгізу талабы қойылып отыр. Елбасы-
мыз Жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады»- деген
байламы жеке адамның құндылығын арттыру, адам капиталын қалыптастыру міндетін жүктейді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологиясын таңдау-
да көпнұсқалып қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділі-
гіне қарай пайдалану педагогтан үлкен шеберлікті талап етеді. Сол себептен отасында және балабақшада
баланы жан-жақты қалыптастыруда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану басты мақсаттардың бірі.Осы тұрғы-
да мектепке дейінгі ұйымда қолданылып жүрген инновациялық технологиялардың бірі М.Монтессори
технологиясы болып табылады. М.Монтессоридің зерттеулері барысында жазылған еңбектері тек
балабақшада ғана емес, отбасында да мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі үшін берер пайдасы көп.
Мария Монтессори (1870-1952)- ізгі мұратты белгілі итальян педагогі. Ол әрбір балаға өз ерекшелігіне
сай қарауға негізделген бала тәрбиесінің авторлық әдістемесін әзірлеп шығарған. Сол үшін Монтессори
Нобель сыйлығына ұсынылған болатын. 3-7 жас аралығындағы балалардың психикалық дамуымен
тәрбиеленуімен жүйелі түрде айналысқан.
М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі әлемнің 80 мемлекетінде кең таралған және уақыт сынағынан
өткен. Оның идеясы АҚШ, Англия, Испания, Индия, Голландия мемлекеттерінде ерекше кең көлемде
таралған.
М.Монтессоридің прогрессивті педагогикалық идеялары З.Фрейдтің (балаларды ерте жаста оқыту),
Ж.Пиаженің (Баланың интеллекті мен ақыл-ойын дамыту), Э.Эриксоннның (жас ерекшелік кезеңдері),
К.Роджерстің (бала мен педагогге гуманистикалық көзқарас), Ж.Итард, Э.Сегеннің (баланың
интеллектуалдық дамуында саусақ пенмидың байланысы) идеяларымен ұштасады. Бұл жүйені батыстың
педагогикалық мектептерінде Р.Крамер, М.Леффлер, Д.Миллер, Н.Рэмбуш, Э.Стэндинг, П.Сэтлер,
Д.Тернер, Д.Фишер, т.б. зерттеді. Аталған авторлардың көпшілігі М.Монтессоридің өмірі мен
педагогикалық көзқарастарын зерттеп, оның жүйесінің маңызын, әр түрлі елдегі әлеуметтік-мәдени
жағдайларға бейімделу мәселелерін қарастырды.
Америкалық білім беру жүйесінде М.Монтессоридің педагогикалық көзқарастарына деген баға сол
кездегі елдің саяси және қоғамдық – әлеуметтік жағдайына байланысты әр түрлі болды. Монтессоридің
теориясына деген теріс көзқарас 80-жылға дейін созылды. Әсіресе италиандық педагог-гуманистердің
педагогикалық мұрасының жеткіліксіздігі, оның негізгі енбектерінің орыс тіліндегі аудармаларының
тапшылығы әсер етті. Бұл Монтессоридің педагогикалық мұрасын, шығармашылығын терең зерттеуді
қажет етеді.
М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінің мазмұны мен маңызы мынадай:
-
Мектептің негізгі мақсаты баланың жеке басының толыққанды дамуы, оның өзін-өзі дамытуға және
өздігінен білім алуға мүмкіндік жасау.
-
Монтессори жүйесіндегі мектепте білім берудің міндеті әр баланың қабілетін ашуға көмектесу,
баланың танымдық қызығушылықтарын арттыратындай, баланың өмірін ұйымдастыру.
Отбасындағы ата-аналардың педагогикалық сауатсыздығы нәтижесінде өсіп келе жатқан баламен
қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі кейбір қателіктерді атауға болады:
– баланың қуанышы, күйзелісі, қайғысы секілді ішкі жан-дүниесіндегі толқыныстарды көре тұра мән
бермеу, не оны байқамау, осындай балаға қамқорлық пен бақылаудың жетіспеушілігі
– қазымырлықпен бір елі таса қалмай бақылаудың да жақсылық әкелмейтіндігін белгілеп, оны әсіре-
қамқорлық деп белгілейді. Бұған душар болған балалар өсе келе еркіндікті қатты аңсайды да, оған қолы
жеткен кезден бастап, жүгенсіз кеткен жылқы секілді алды-артына қарамай әр түрлі жағымсыз жағдай-
ларға ұшырайды. Кейде мұны реттеп алу қиынға соғады да, баланы болашағы күмәнді істерге соқтырады.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
202
– баланың жүріс-тұрысын мүлде бақылаусыз қалдыру, кетірген қателіктеріне ескертулердің болмауы,
тиымсыздық, тойымсыздық балаларды ызақорлық пен жігерсіздікке, қанағатсыздыққа,тез сынып қалатын
жігерсіздікке соқтырады.
– баланың өзін қажетсіз сезінуі, ешкімге керек емес екенін түйсініп сезінуі, тұрлаусыз секем алғыш
секілді жүйке әлсіздігіне соқтырады және талма ауруына бейімділігін арттырады.
– отбасындағы қаталдық: ата-ананың өзара қарым-қатынасындағы, олардың балаларға қатынасындағы
қаталдық-рақымсыздық пен қатігездікке жоқтан өзгені сылтауратып әлімжеттілік істейтін бейбастық,
содырлыққа соқтырады.
– балаға әлі жетпейтін міндеттер жүктеп, одан ерекше үміт күту – сағын сындырып, кінәмшілдік, өзіне
сенімсіздік тудырады. Себебі, ол әке-шешесі күткен үмітті ақтай алмаймын-ау деген қорқынышта болып,
шамасы келмейтініне көзі жеткендіктен өзін нашар, әлсіз сезінеді.
Отбасы тәрбиесінде осындай келеңсіздіктерді болдырмаудың бір жолы баламен қарым-қатынасында-
ғы мақсатын санаға салып нақтылап алу өте маңызды. Бұл мәселе бойынша М.Монтессоридің ата-
аналарға мынадай өсиеттері көмек бере алады. Олар қарапайым тілде жазылғанымен, терең ойланатын
болсақ, әрқайсысы бірнеше сөздің ішіндегі көптомды ақыл-кеңестер болып табылады.
Егер сіз ең болмаса жылына бір рет бұл тізімді оқитын болсаңыз, балаңызбен қарым-қатынасыңыз
сапалы жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін, ал бала үйлесімді әрі дамыған болып өседі:
1. Баланы қоршаған орта үйретеді.
2. Баланы көп сынай берсең – кінәләуді үйренеді.
3. Баланы мақтай берсең – бағалауды үйренеді.
4. Егер балаға жаулықты көрсетсең – ол төбелеске жақын болады.
5. Баламен адал болсаң – әділдікке үйренеді.
6. Егер баланы жиі мазақтаса – ол жасқаншақ болуды үйренеді.
7. Егер бала қауіпсіздік сенімімен өмір сүрсе – ол сенуді үйренеді.
8. Егер баланың абыройын төге берсе – ол өзін кінәлі боп санауды үйренеді.
9. Егер баланы жиі қоштаса – ол өзіне жылылықпен қарауды үйренеді.
10. Егер балаға жиі мейірімді болса – ол шыдамды болуды үйренеді.
11. Егер баланы жиі көтермелесе – ол өзіне сенімді болады.
12. Егер бала достастық ахуалында өмір сүріп біреуге керек екендігін сезінсе – ол осы өмірде махаббат
сезімін табуды үйренеді.
13. Көзінше, өзі жоқта – бала туралы жаман айтпаңдар.
14. Нәтижесінде жаманға уақыт болмағандай назарыңызды баланың жақсы қасеттерін дамуына
салыңыз.
15. Сізге сөйлеп тұрған балаға әрқашанда назар аударыңыз және жауап беріңіз.
16. Қателік жіберген және ол қателікті қазір болмаса сосын түзейтін баланы сыйлаңдар.
17. Ізденуде болып жатқан балаға көмек беруге және бәрін тапқан балаға елеусіз болуға дайын
болыңыз.
18. Бұрын игерілмегенді игеруге көмектесіңіз. Осыны қоршаған ортаны қамқорлыққа, байсалдылыққа,
жайшылық пен махаббатқа толтыра жасаңыз.
19. Баламен қатынасқан кезде өз бойыңыздағы ең жақсы қасиеттеріңізді көрсетуге тырысыңыздар.
Ал халқымызда былай дейді: «Негізінде,баламен қарым-қатынас жасау еш қиын емес: жақсы бала
өсіруді қаласаңыз-жақсы ата-ана бола біліңіз».
Мария Монтессори ата-аналарды балаларын бақытты етіп өсіруге, жеке басын құрметтеуге және
дамытуға үйретті. Ол баланы дамытуда қазіргі таңдағы сұранысы көп едәуір заманауи әдістерді жеке өзі
жасаушы. Монтессоридің негізгі принципі-оқытудың ойын формасы және жаттығуларды өз бетімен
орындау. Монтессоридің әдістері баланың жеке басына бағытталған: баланың өзі дидактикалық
материалды, уақыттың ұзақтығын таңдайды және өз ритмінде дамиды. Әсіресе баланың қарым-қатынас
дағдысын меңгеруге көмектесетін ұжымдық ойындармен тапсырмаларға көп көңіл бөлінеді.
Ата-аналармен тәрбиешілердің педагогикалық сауаттылығын арттыру жолындағы М.Монтессоридің
педагогикалық еңбектеріне тоқталып өтейік.
«М.Монтессори және Сіздің балаңыз.(Ата-аналарға басшылық)» атты кітабы барлық ата-аналарға
баласын тәрбиелеумен түсінуге көмектеседі. Бұл еңбегінде М.Монтессори былай дейді: Бала нені қажет
етеді? Бұл сұрақ кітаптың бірінші бөлімінде қарастырылған. Бұл сұраққа жауап ретінде автор мектеп
жасына дейінгі баланың талап-тілектері, мінез-құлқы ерекшеліктері көзімен қарайды. Ол сізден көмек
күтумен қатар, өз бетімен жұмыс жасағанды ұнатады. Ол сезімін ересектер сияқты басқара алмайды. Өз
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
203
жағдайын жеткізе алмағанымен, ренішін жасыра алады немесе оны теріс мінезімен көрсетеді. Бала өзіне
жақын адамдармен бірге қоршаған ортаны таниды, жас бала үшін ата-ана әлемді танудағы жетекшісі
болып есептеледі. Ол ересектердің әрекеттерін үлгі тұтатыны жазылған.
Екінші бөлімінде баланың қажеттіліктері мейірім, махаббат, жүрек жылуы және қорғанышты қажет
ететіні жайлы айтылған, яғни балаға құрметпен қарау, пікірімен санасу бала өмірінде өте қажет. Бала
өзінің пікірін маңызды әрі көңіл аударуға лайық екендігін сезінуі маңызды. Бұл баланың «дегеніне жету,
бағындыруы» емес, отбасының маңызды мүшесінің бірі екенін сезінуіне өте қажет. Балаға қолдау және
мадақтаулардың алатын орны ерекше. Ол жеткен жетістігіне мадақтау алатын болса, әрі қарай
орындауына қызығушылығы артады.
Үшінші бөлімі «Балаңызға қалай көмектесе аласыз?» деп аталады. Бұл бөлімде М.Монтессори мына
мәселелерді қарастырады: Балаға көмектесе отырып, өз еркімен жасауға және бастаған ісін өзі аяқтауына
мүмкіндік беру керек. Баланың қолынан келетін әрекеттерін өзіңіз жасамаңыз. Өз бетінше тамақтануына,
киінуіне, қарапайым әрекеттеді орындауына еркіндік беру керек. Мүмкіндік болса, кейбір жағдайларды
таңдау еркіндігін балаңызға қалдырыңыз. Мұндай ата-аналар баланың жеке басын құрметтейді. Мысалы,
балаңыздан қандай балмұздақ жегісі келетінін не қандай ойын ойнағысы келетінін, қандай түстегі киімін
кигісі келетінін таңдауды балаңызға қалдырыңыз. Таңдау жасай алу- жеке адам болып қалыптасудың ең
маңызды бөлігі. Балаңыздың жетістікке жетуіне жағдай жасаңыз. Баланы бақылай отырып, не істей
алатынын не істей алмайтынын біліп аласыз. Баламен қарым-қатынас барысында мейірімді болыңыз,
баланың тілін табыңыз, «олай істеме», «кедергі жасама», «керек емес», «дұрыс емес» деген сөздерді
қолданбаңыз. Мысалы, егер балаңыз үстелді тоқылдата берсе, оған жай сөзбен үстелдің тамақтануға
арналғанын, қолдарын жаттықтыру үшін ермексазды қолдануын өтінуге болады. Немесе үстелді сүртіп
жатқанда бір дақ қалып кетсе, дақты көрсетіп: «Тағы бір дақты сүртсең, үстел тап-таза болып шығады»
деуге болады. Сіздің ескертулеріңіз баланы сенімсіз етіп қояды, ал қолдау және мадақтаулар баланы өз
бетімен орындауына, қолынан келетініне сенімділігін арттырады. Баламен сөйлесіп жатқанда әрбір
сөзіңіз нақты әрі түсініңті болғаны жөн. Қарым-қатынас барысында бала жаңа сөздерді үйренеді. Сол
арқылы сіз балаңыздың өз ойын қалай жеткізуіне ақпал етесіз. «Маған ана жердегі анау тұрған затты
алып берші» деген сөздің орнына: «Маған үстелдің шетінде тұрған қызыл кітапты алып берші» дегеніңіз
орынды. Бұл еңбегі арқылы педагог балалармен дұрыс қарым-қатынас жасаудың маңызды бағыттарын
көрсетті.
М.Монтессоридің «Балалар Үйі» атты еңбегінің алғашқы бөлімі баланы әлеуметтік және
психологиялық-педагогикалық тәсілдерді қолдана отырып тәрбиелеу, баланың сана-сезімін дамытып,
жетілдіре түсуіне арналады. Екінші бөлімінде 1907 жылы салынған Римдегі «Балалар үйінің»
тәрбиеленушілерімен жүргізген педагогикалық әдістері бейнеленген. Сәби кезінен бастап баламен үлкен
адамша сөйлесу керек, сонда бала ерте дамып, өз жауапкершілігін ерте ұғынады деп есептейтін Мария
Монтессоридың бұл кітабы әрбір ана үшін берері мол еңбек.
Монтессоридің педагогикалық жүйесін меңгеру және талдау жасау арқылы бала табиғатына
көпжылдық және төзімді бақылау жасау Фребельден бастау алғанын байқауға болады. Америкалық
педагогтар Монтессори әдісін кез келген жағдайда пайдалану қолайлы екенін айтады. Ол әдістің кез
келген елде баланың кез келген жас шамасына қарай тиімді қолданысқа ие екенініне көз жеткізді.
Монтессоридің жұйесі баланың жеке басын құрметтеуге негізделген және үлкендердің ықпалын
шектеп, балаға тәуелсіз өсуіне мүмкіндік жасайды.М.Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген
даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материал-
дар мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен
ырғақта дамиды. Монтессори әдісінің құндылығы мен мәні оның замандастары отандық және шетелдік
педагогтардың мүдделігімен, сондай-ақ әлемдік білім қоғамдастығымен М.Монтессоридің авторлық
тұжырымдамасын оқыту мен тарату бойынша халықаралық педагогикалық ұйымның құрылуымен
айқындалған. Жалпы, Монтессори педагогикасы деген тек дәрігер ойлап тапқан білім беру жүйесі
емес.Бұл жүйе ашық білім беруге бағытталған. М.Монтессори педагогикасын мынадай бір ұранмен
сипаттауға болады: «Менің өзімнің жасауыма көмектес».
Соңғы жылдары М.Монтессори педагогикасы Қазақстанда да кеңінен тарала бастады. Облыстық
орталықтарда М.Монтессори педагогикасы бойынша мектепке дейінгі мекемелер ашылуда. Жастары әр
түрлі топта әр бала өзіне істі таңдайды: біреулері математикалық аймақта математикалық құралдармен
жұмыстанады, ал басқаларын практикалық аймақ қызықтырады. М.Монтессоридің педагогикалық
еңбектері тәрбиешілермен ата-аналардың мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде үлкен орын алады.
Әлем мойындаған мынадай үздік тәжірибені өз елімізде де қолдану арқылы жас ұрпақты үйлесімді етіп
тәрбиелеуде отбасымен балабақшаның сабақтастығы үлкен нәтиже бермек.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
204
1 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.- Астана 2011
2 Монтессори М.Дом ребёнка.Метод научной педагогики.- М.: Задруга, 1913
3 Терри Мелоу. Монтессори и ваш ребенок: Руководство для родителей. Пер. с англ. – М.,1997.
4 Мектепке дейінгі педагогика Ф.Н.Жұмабекова Астана «Фолиант» 2008
5 «Қазақстандағы және әлемдегі мектепке дейінгі білім беру:тәжірибе, қазіргі жағдайы және болашағы»
атты Халықаралық конференция материалдары. Алматы 2014 ж.
Резюме
Вклад Марии Монтессори в дошкольную педагогику колоссален. Ее выдвигали на Нобелевс-кую премию
дважды. Именно эта женщина открыла, что развитие мелкой моторики напрямую связано с развитием речи и
мышления, описала особые периоды восприимчивости ребенка к определеннымм знаниям и прочее У многих встает
вопрос о книге о развитии ребенка, которая могла бы стать путеводителем для родителей в этом вопросе. Ведь разви-
вая ребенка по отдельным статьям в интернете или журналах мы не можем добиться последовательности и регуляр-
ности. С помощью книги этого добиться легче, да и занятия проще организовать. Книга «Дом Ребенка» крупнейшего
итальянского педагога и психолога Марии Монтессори является одним из фундаментальных ее трудов. Первая часть
посвящена обоснованию социального и психолого-педагогического аспектов созданной ею системы саморазвития
ребенка в специально подготовленной развивающей среде. Вторая часть описывает научно-педагогический метод,
который она использовала в работе с детьми "Дома ребенка", открытого в 1907 году в одном из бедных кварталов
Рима. Книга «Мой Метод» была написана почти 100 лет назад, но идеи свободного саморазвития детей в специально
обустроенном пространстве актуальны и сегодня. В первой части книги М.Монтессори излагает основные принципы
своей педагогической системы, философские, психологические и педагогические ее основания. Во второй части
описываются методы работы с детьми 6-10-летнего возраста, приемы работы педагога при обучении детей грамма-
тике, математике и основам других наук. Книга «Помоги мне сделать это самому» замечательный итальянский
педагог-гуманист Мария Монтессори снискала мировую известность своим уникальным и действенным методом
обучения и воспитания детей-дошкольников. Главное в этом методе – предоставление ребенку полной свободы
самовыражения и действий. В книге представлены статьи М. Монтессори, а также работы современных педагогов –
ее учеников и последователей, где даются конкретные советы и рекомендации для занятий с малышами. Издание
предназначено педагогам дошкольных учреждений и родителям.
Ключевые слова: Заповедь, семья, изучение, ребенок, родитель, развитие, совет, сотрудничество, роль,
исследование
Summary
The Contribution Marie Montessori in preschool pedagogil stupendous. Her brought forth on Nobelevs-cue bonus twice.
Exactly, this woman has opened that development small motoric is stright connected with development speech and thinkings,
has described the special periods to receptivity child to determined knowledges and miscellaneous Beside many will get up
the question about book about development child, which could become the guidebook for parents in this question. After all
developping child on separate article in internet or journal we can not obtain to sequences. By means of books this obtain
easier, yes and occupations more simply to organize. The Book "House Child of" the most largest italian teacher and
psychologist Marie Montessori is one of fundamental her works. The First part is dedicated to motivation social and psiho-
pedagogical aspect created by her systems developments child in specially prepared developping ambience. The Second part
describes scientifically-pedagogical method, which she used in work with children "Building child", open in 1907 in one of
the poor quarter Rome. The Book "My Method" was written nearly 100 years back, but ideas free developments of children in
specially space actual and today. In the first part of book M. Montessori states the cardinal principles of its pedagogical
system, philosophical, psychological and pedagogical her basis. Methods of the work are described In the second part with
children 6-10-year age, receiving the functioning(working) the teacher when learning children to grammatics, mathematician
and base of the other sciences. The Book "Pomogi to me to do this most" remarkable italian teacher-humanist Marie
Montessori gained world popularity its unique and effective method of the education and education preschool -children. The
Main in this method - a granting child full liberty action. In book are presented article M. Montessori, as well as work modern
teacher - her pupil and followers, where are given concrete advices and recommendations for occupation with tot. Publishing
is intended teacher of the preschool institutions and parent.
Keywords: The Commandment, family, study, child, parent, development, advice, cooperation, role, study
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
205
УДК 821.512.122:37.013
Ғ.МҮСІРЕПОВТЫҢ «ҰЛПАН» РОМАНЫНДАҒЫ
ҰЛПАН БЕЙНЕСІНІҢ ТӘРБИЕЛІК ӘЛЕУЕТІ
М.Д. Шағырбаева – п.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті,
жалпы және этникалық педагогика кафедрасының аға оқытушысы,
А.К. Джамбозова – «6М010300-Педагогика және психология» мамандығының 1-курс магистранты
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті
қайта оралтуға тиіспіз», – деп айтып кеткен. Қазақ әйелі дәстүрлі мәдениеттің бесігін тербетіп, әйелдіктен
даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген [1].
Қазіргі жаһандану заманында аталған міндетті тапсырмамен қатар әйелдердің саяси және экономикалық
мәртебесін арттыру уақыт талабы болып отыр. Отбасы институты, ер мен әйелдің арасындағы табиғи
үйлесімнің бұзылуы салдарынан зардап шегіп, тәрбиесінің бұзылу қаупі әбден мүмкін қазіргі қыздардың
әйелдік даналығын, парасаттылығын, нағыз қазақ қызына тән инабаттылық пен нәзіктіктік қасиеттері мен
асыл сапаларын тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Әйел азаматтарға қай қоғамда, қай кезеңде болмасын
баса назар аударылған. Осы орайда, үлгі көрсетудің тәрбиелік ықпалы зор. Осындай үлгі болған,
халқымызда дәстүрлі мәдениеттің бесігін тербетіп, әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен
рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген аналарымыз бен апаларымыз, қолға қару
алып жауға шапқан қазақ қыздары көп. Мәселен, Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы
Айғанымды бүкіл қазақ елі пір тұтқан.
Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де
Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы. «Ұлпан» – бүкіл аналардың жиынтық бейнесі тәріздес кесек полот-
но, тарихи ел шежіресінің мазмұнында құрылған роман. Романда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы,
әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы,
жесір дауы кең көлемде сөз болады. Тәрбиелік әлеует тұрғысынан қарасақ, өзінің бар ерекшелігімен,
көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін әйел бейнесі – Ұлпан. Ол – бүкіл
қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған бейне. Басты кейіпкердің бейнесін суреттеуге автор бүкіл өмір бойы
іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны мәлім. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының
әлеуметтік-тарихи өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді, өмірде шын болған оқиғаларды,
адамдарды шығармасына негіз қылып алған. Әр заманда да, әр халықта да өмірдің айрықша құбылысы
болып жарқ ете түсетін төтенше дарынды, жарқын тұлғалары болады. Ұлпан – өткен ғасырдағы қазақ
топырағында пайда болған сондай ғажайып құбылыс [2]. Бірақ романдағы шынайы тұлғаның бейнесі
қазіргі таңда жоғары тәрбиелік әлеуетке ие. Ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте
еркін өсіп, еркекшора киінгенімен, ақылды болып есейіп, аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз
бастаған шешен, аузы дуалы қоғам қайраткері терең мінезді, кесек бітімді берілген тұлғалы бейнені
бүгінгі ұрпаққа насихаттау, енді ғана құлпырып келе жатқан қыздарға үлгі ету – оқу-тәрбие үдерісінің
міндеттерін жүзеге асырудың бағалы құралы.
Сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі,
парасаттылығы, өжеттігі келісті де көрнекті бейнеленген «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнесінің
тәрбиелік әлеуетін өзге шығармалардан (біздің зерттеу аймағымыздағы «Ақ білек», «Бақытсыз Жамал»,
«Махаббат қызық мол жылдар», «Шұғаның белгісі», «Құралай сұлу», «Қамар сұлу» шығармаларымен
салыстырғанда) оқшаулайтын сипаттарынан көреміз.
Ұлпан біріншіден, ел-жұрттың, қалың қауымның қамын көздеген ел қамқоры, ел анасы. Өз бақытымен
қатар, өзгенің бақытын, тағдырын, тұрмысын ойлап, қиыншылықта қол ұшын беруге ұмтылу бір жағынан
адамгершіліктің ең жоғарғы түрі болса, екінші жағынан патриоттық сезімді тәрбиелейді. Оқиға
сипатталатын феодалдық заманда абзал адамдардың ізгі ойы, арманы, мақсат-мұраты іске толық асуы
мүмкін емес еді, бірақ басты кейіпкер кейімей өмір бойы күресіп өткен. Ұлпан бейнесінің бұл қыры
адамды психологиялық тұрғыда төзімді болуға тәрбиелейді.
Тұлғаны дамытушылық әлеует бойынша Ұлпанның екінші басты қасиеті – өз заманындағы көне
ескілікке, әсіресе әйелдерді қорлап, кемітетін әдет-ғұрыпқа қарсы батыл күресуі, халық өміріне қажетті
жаңашылдыққа, прогреске ұмтылып, елге айтарлықтай үлгі-өнеге көрсетуі әйел бейнесінің әлеуметтік
бітімін көріктендіреді.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
206
Үшінші, үлкен адамгершілік, зеректілікпен қатар қайраттылық, өткірлік, қаһармандық мінез бар.
Ұлпан әйгілі Сибан жорығына да атсалысады, бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар
жайылады. Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болғанда нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші,
домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын
бергізеді. Күңдерінің арасына теңдік орнатып, кедей-кепшіктің қамын жейді. Есенейдің бауырына өзі иіле
отырып идіреді, бірнеше жыл бойы ат жібін кескен қайынымен татуласады. Қазақ даласына медресе
ашып, монша салдырады [3].
Бір қарағанда, мұның бәрі әйелдің ғана емес, кез келген ер азаматтың шамасы жете бермейтін іс-
әрекеттер. Мұндай қасиеттер қазіргі қазақ қыздарының өздерінің күш-жігеріне сенімін арттыратыны
анық. Оның үстіне аталған кейіпкер де, оқиға сипатталатын кезең де шындыққа негізделген. Сондықтан
бұл бейненің тәрбиелік әлеуеті үлкен, өйткені ұсынылып отырған үлгі аңыздан құралмаған, яғни бойға
әртүрлі қасиеттердің ең жақсыларын іріктеп алу шындыққа жанасатыны дәлелденіп отыр.
Ұлпанның инабатты екенін романның мына тұстарынан байқаймыз:
Арамыздағы айып кел деген жұрт асқақтай сөйле деп тапсырған жоқ еді, ағалар. Солай болып шықса
айып өзімде. Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар деген бар ғой. Міне, айыбым! – деп
атынан түсе қалып ұзын шылбырын Кенжетайға қарай серпіп жібереді [3].
Ал оның кейде әкесіне ақыл-кеңесін беріп отыратынын және жоғарыда аталған инабаттылығымен
қатар батылдығының бар екенін «Ойдағы он ауыл Сибанның барлық малын айдап әкелсе де бір қыс
асырап шығуға «Қаршығалының» шұбары жетер еді. Жалғыз Есенейдің жылқысын асырап шығуға
жеріміз жетпей жатса, айыпты болмақпыз ба?» деген көсем сөзінен көреміз. Ұстанған ұстаным мен
мақсатқа берік болу сипатын Ұлпанның Есенейден кейінгі дәмелеген орнын алу ойын іске асыруынан
байқауға болады.
Қыз балаға да, ұл балаға да ар-ұят пен намысты болу талабы қойылатынын халық педагогикасынан
білеміз. Осы тұста Ұлпанның ұят ұғымына аса қатты назар аударып, жоғары бағалайтынын автордың
суреттеуінен білеміз: «Ұлпанның тұла бойы тітіркеніп кетті... бала мінезді болушы еді, қатты қорыққан
екен. Жас балаша жылады. Ерке болса да ер мінезді болушы еді, қорланып жылады. Үйге қадірлі
қонақтар келген күні ұятқа ұшырап қалдым-ау деп, ұялғаннан жылады».
Ер адам мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас әдебі романның екінші бөлімінде Ұлпанның ақылды-
лығымен қатал, қатыгез болған Есенейдің бірте-бірте жұмсақ, көңілді бола бастауынан көреміз. Ол
Есенейді әрі билей, әрі еркелете сөйлейді. «Бозбалам», «Жолбарысым» деп те атаған. Есенейдің ақылдаса-
ры да, әйелі де, қызы да, тіпті шешесі де сол Ұлпан ғана болады. Ұлпан өзін Есенейден жоғары қоймайды,
артық сезінбейді, байлықты малданып, айналасына ызғарын шашып, бекер өктемдік қылмайды. Өйткені
оның бойында «Қырық есекке жүк болатын» сайқалдық, күншілдік, ардан безу жоқ. Мұны шығармадан
да көреміз: «Жеті жылдан бері малымен болып кеткен адамның әділ би деген атағы көмескі тарта бастап
еді. Ұлпанның атағымен бірге қайта көтерілді. Ұлпан олай ойлай қоймаса да, Есеней солай сезінді.
– Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың, – деді аттанарда.
– Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған
бозторғаймын. Менің құдайдан бірінші тілегім сенің амандығың! – деді Ұлпан. – Сенсіз мен кім болар
едім?..». Басты кейіпкер «Шіркін-ай, бұдан қырық жыл бұрын қандай болды екен? Бұған кездеспегенде
кімге кездесер едім? Сөз жоқ, бір жасқа кездесер едім. Сол жасым Есенейдің оннан біріне тұрар ма еді?
Кім білсін...жоқ, тұрмас еді!» [3], – дей келе, өзі жас болса да ер-азаматты жоғары бағалаған. Осы жерде
қыз балаға тән биязылықты көре аламыз, яғни әйел адамның қоғамдағы теңдігі үшін күресіп жүрген
Ұлпанның тәрбиелілігінің соншалықты тазалығы ол әр нәрсенің орнын біледі. Сәйкесінше, күйеуі бұрын
сол елдің көсемі өзі болғанын, одан кейін Ұлпан болатынын аңғартып Ұлпанды Есеней деп атаған. Осы
орайда, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың әйел мемлекеттің тірегі деген пікірі ойға оралады.
Ұлпан сабырлығының арқасында барлық қиыншылықтарды жеңіп, төтеп береді. Жеңіске сындырып,
қиратып емес, нағыз әйел болмысына тән иінін тауып, икемділікпен жеңіске жеткен. Ол адал
еңбекқорлығының нәтижесінде генерал-губернатордың алтынмен жазылған, мөр басылған, екі басты
самұрық құсы бар мақтау қағазбен марапатталады.
Бірақ бір айта кететін тұс, Ұлпанның мықтылығы деп саналғанымен, оның әзелде жаны қаламаса да
Есенейге күйеуге тиюді мұрат қылуы қазіргі қоғамға жат қылық. Мейлі ол елдік мұрат болсын, қыз
баласы мұндай әрекеті қате деп санаймыз. Әрине, бұл кез келген шөпжелке қыздың қолынан келмейтін,
тіршілікті дүниемен өлшейтін кейбір ойы шолақ, таяз әйел затының түсіне кірмейтін ұлы мұрат.
Дегенмен Ұлпан жайнаған жастық дәуренін осы елдік мұрат жолына қиды. Есенейдің беделі мен билігін
ол қараңғылық құрсаған елін алға жетелеу үшін пайдаланды. Ол осындай әрекеті арқылы өзінің бақытына
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
207
балта шапты. Екінші жағынан алып қарағанда, жоғарыда аталғандай, ол өзінің жұбайына риза болғанын
көреміз. Осы тұрғыдан алғанда Ұлпанның іс-әрекетін дұрыс деп қабылдауға болады.
Мемлекет басқаратын адамның бүкіл нышаны, қайраткерлігі, үлкен жүрегі, мейірім шуағы, иманды-
лығы Ұлпанның бойында түгел бар. Ұлпан – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен,
аузы дуалы қоғам қайраткері. Оқымай қалғаны бөгет болмаса Ұлпан тәрізді әйел қазіргі заманда ең
биіктен көрінер еді.
Осылайша, біз Ұлпанды ұлы тұлғалар қатарына жатқыза аламыз. Ұлы тұлғалардың өмірлік тәжірибесі
мен өсиеті ұрпақ тәрбиесі мен әлеуметтенуіне, дүниетанымы мен құндылық бағдарларын қалыптастыру-
да, қалыптасып келе жатқан тұлғаның мінез-құлқының жасалуына, тұлғаның интеллектуалдық, эмоцио-
налдық және еріктік аймақтарының дамуына ғасырлар бойы шешуші үлес қосуда. Әртүрлі тұлғалар осы
қызметтерді әртүрлі тиімділік, нәтижелілікпен іске асырады. Ал Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» еңбегіндегі біз
қарастырған басты кейіпкер – Ұлпанның мұндай қызметтегі әлеуетінің зор екенін көрсеттік. Сондықтан,
әсіресе қыз балаларды тәрбиелеу үдерісінің жетістігі аталған тәрбиелік әлеуетті ұтымды қолдануға байла-
нысты. Біз «Ұлпан бейнесінің тәрбиелік әлеуеті» ұғымының астарынан нақты нұсқаулар, кеңестер, үлгі
арқылы тәрбиелеуге шынайы қабілеттілікті түсінеміз. «Тәрбиелік қызмет» ұғымымен салыстырғанда
«тәрбиелік әлеует» ұғымы қазіргі кезде қолданудың шынайы мүмкіндігін немесе қандай да себептен
қолданылмайтын мүмкіндіктерді сипаттауға болатынын түсіндіреді.
Ұлпан бейнесінің тәрбиелік әлеуетін оқу-тәрбие үдерісінде нәтижелі іске асырудың маңызды шарты
өмір құбылыстарына, ең алдымен отбасы мүшелерімен қарым-қатынасының сипаты мен мазмұны болып
табылады. Егер басты кейіпкердің іс-әрекеті мен таңдауларын жалпылайтын болсақ, тәрбиенің басты
мақсаты басқа адамдармен қарым-қатынастағы салауатты толеранттылық, өмір сүрудің дұрыс үлгісіне
ұмтылу, әділеттілік, еңбексүйгіштік, жауапкершілікті қалыптастыру ретінде анықталады.
Ұлпан бейнесінің тәрбиелік әлеуетін қалыптастыру мен іске асыруға ықпал ететін факторлар
жиынтығын екі топқа бөлуге болады:
1. Макроәлеуметтік сипаттағы сыртқы факторлар;
2. Ұлпанның отбасының жалпымәдени және сауаттылық деңгейімен байланысты отбасыішілік
факторлар.
Ұлпан бейнесінің жоғарыда аталған тәрбиелік әлеуетін сипаттауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер:
кейіпкердің санасында сақталып, іс-әрекеттерінен байқалатын құндылықтар, соның ішінде отбасылық
өмір бейнесіндегі бағдары, ел мұраты үшін күресу қызығушылығы, мінез-құлқы мен бос уақытын
ұйымдастыру мазмұны, коммуникативтік (сыртқы) және тұлғалық (шығармашылық) қарым-қатынас
стилі, қоғамдық қызметтерді атқару ынтасы, өмірлік ұстанымы, қажеттіліктері және т.б.
Ұлпан бейнесінің тәрбиелік әлеуетін бағалау өлшемдері ретінде негізгі міндеттер мен тәрбие бағытта-
рын аламыз; бағыттар мен міндеттер толықтырылуы мүмкін – біз олардың кейбіреулерін ғана аламыз [4].
Іріктеп алынған міндеттерді шешуге сәйкес келетін көріністерді аламыз (1-ші кестені қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |