Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет35/57
Дата14.02.2017
өлшемі5,69 Mb.
#4128
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57

Түйін 
Мақалада  спортшылардың  денсаулығын  сақтау,  жарақат  алуымен  қайта  қалтына  келтіру  мәселелері 
қарастырылған.  Жоғары  жетістіктер  спорты  жоғары  мағыналы  әлеуметтік  құбылыс  болып  табылады.  Осыған 
байланысты жоғары спорттық нәтижеге жету тек спортшыға оның жан-жақты қамтамасыздығына ғана байланысты 
емес,  оқу-машықтану  үрдісінде  жарақат  алмау  әдістемелерін  қамтамасыз  ету  қажет.  Осындай  спорттың  түрлеріне 
еркін және грек-рим куресин жатқызуға болады. Осы спорт түрлерінің отырысында барлық ережелері және күрес 
жүргізуге  тиым  салынған  тәсілдері,  қарастырылады,  егер  қолданылған  жағдайда  спортшыны  жарыстан  шеттетуге 
дейін алып келеді. Осындай шаралардың өзі жарыстар кезінде тиімсіз болуы мүмкін. Спортшының жарақаттануын 
алдын алу әлемдік мәселе болып табылады, сол үшін жоғары көрсеткіштерге жетуге кері әсер ететін жағдайларды, 
спорттық жарақаттарды алмауға машықтану үрдісін жетілдіру қажет.  
Кілттік  сөздер:  денсаулық,  педагогикалық технология, спорт, спорттық  күрес,  оқу-машықтану  және спорттық 
үрдіс, жарақат, қайта қалыпқа келу 
 
Summary 
In the article examined problem of health, traumatism and rehabilitation of sportsmen. Sport of high achievements is the 
high-value social phenomenon. However the achievements of high sport result depend not only on the desire of sportsman, 
material material well-being but also from methodology of teaching of object, providing the minimum risk of traumatism. To 
such types of sport belong free and greko-roman fight. Governed on these types of sport constantly looked over on meeting of 
FILA and the receptions of fight, that most often result in traumas, are forbidden to the use, and fighters, such defiat rules, are 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
191 
cruelly punished, up to disqualification on these competitions. But even such drastic measures, unfortunately, don't give due 
effect.  Prevention  of  traumatism  is  a  world  problem:  it  is  necessary  to  improve  sports  process  within  prevention  of  sports 
traumatism in the conditions of the increasing exhaustion as it prevents to achieve high sports result. 
 
ӘОЖ 37.025 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАҢДАҒАН КӘСІПТІК МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС 
ЖАСАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Ж.Б. Кдыралиева – Абай атындағы ҚазҰПУ, филология кафедрасының магистыры 
 
Мақалада  студенттердің  өз  мамандығымен  міндетті  түрде  жұмыс  жасау  керектігі  жөнінде  тақыланды. 
Мамандықты  дұрыс  таңдау  жолдары,  шарттары  мен  міндеттері  қарастырылды.  Болашақ  мамандықты  таңдауда 
мектеп  психологтары  мен  мұғалім,  ата-ананың  кеңестерінің  рөлі  мен  маңызы.  Бүгінгі  таңда  БАҚ,  әлеуметтік 
желілердің  жас  түлектерге  болашақ  мамандығын  таңдауға  барша  әсер  ететінді  жөніде  жан-жақты  қарастырылды. 
Өзінің  мамандығын  дұрыс,  қалап  таңдаған  тұлға,  болашақта  еліміздің  беделін  көркейтіп,  биік  шыңынан  көрінері 
сөзссіз.Сондықтан,  еліміздің  жанашыр,  елжанды  ұрпағын  өсіреміз  десек,  мектеп  қабырғасынан  батап  ұлттық 
тәрбиемізге  көңіл  аударуымыз  қажет.  Мақалада  болашақ  ұрпақтың  мамандық  таңдауы  мен  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптасуы  нақыталанды.  Дүниежүзі  дамған  елдердің  тәжірибесінен  өзіміздің  мемлекетімізбен  бен  ұлттық 
идеологиямызға сәйкестендіріп салыстырып, пайдалануға болатын тұстары қарастырылды.  
Түйін сөздер: мамандық, студент, білім, еңбек, қабілет, жұмыс, қоғам 
 
ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  жолдауында:  «Ел  қуатты  болмай,  қуаныш  тұрақты  болмайды. 
Дамыған ел - белсенді де білімді, денсаулығы мықты тұлғалары бар мемлекет. Бізге мәлімі, күллі дамыған 
елдердің сапалы да қалыптасқан бірегей білім беру жүйесінің толымдылығы. Демек, ұлттық білім берудің 
барша буынының сапасын жақсартуда бізге ауқымды да кешенді істерге бел шеше кірісу қажет. Мәселен, 
бұл орайда мектепке дейінгі білім беру саласына  заманауи бағдарламаларды, ұлттық  негізде оқытудың 
тиімді әдістемелерін даярлаудың қажеттігі, сәйкесінше бұған білікті мамандардың керектігі, ал орта білім 
жүйесінде  жалпы  білім  беретін  мектептерді  Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне 
жеткізудің  басты  назарда  ұсталуы.  Бұған  қоса,  мектеп  түлектері  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін 
білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең 
талдау машығын игеруі болуға тиіс»[1],-деп атап көрсетеді. Демек, бұл тұжырымдар ағарту, білім беру 
саласы мамандарына еселенген зор жауапкершілік жүктері даусыз. 
Елбасы әр жолдауында барша халықты білімге итермелеп, дамыған елу елдің қатарына қосу ниетінде, 
әлемдік  елдермен  терезесі  тең  болардай  дәрежеге  жетуді  мақсат  етеді.  Олай  болса  Елбасы  салған  сара 
жолдан  таймай,  аталған  мәселелерге  зер  салып  іске  көшуіміз  аса  маңызды.  Соның  бірі  айтылмасқа 
болмайтын  білім  мәселесі.  Тарыдай  болып  кіріп,  таудай  болып  мектеп  қабырғасынан  түлеп  ұшқан, 
жоғары оқу орнында білімін жалғастыруды мақсат тұтқан барлық түлектерге барша жағдайы жасалған. 
Мысалы, 2011-2012 оқу жылында түлектердің мүддесіне 32946 адамға мемлекеттік білім грантын белгіле-
ді.  Бұдан  бөлек  дайындық  бөлімдеріне  2275,  Назарбаев  университетіне  500,  М.Ломоносов  атындағы 
Мәскеу  мемлекеттік  университетінің  Қазақстандағы  филиалына  125,  Х.Яссауи  атындағы  халықаралық 
қазақ-түрік университетіне 200 грант бөлінген болатын, барлығы 36046 грант өз иелерін тапты. Ал, 2012-
2013 академиялық жылына бөлінген гранттар саны 34 315-ті құрады. Және осы гранттарды орналастыру 
құқығына қазақстандық 80 жоғары оқу орны ие болды. 2014-2015 оқу жылында жоғары бiлiмдi маман-
дарды  даярлауға  арналған  мемлекеттiк  тапсырысқа  34  115  бiлiм  гранты  бөлiнген.  Бұл  дегеніміз  білім 
аламын деушілерге зор мүмкіндіктер жасалынып жатыр. Осындай зор мүмкүншіліктің бірі – «Болашақ» 
бағдарламасында  ауыз  толтырып  айтуға  болады.  Мұндай  бақытқа  қол  жеткізгендер  шет  елде  үкімет 
тарапыннан жан-жақты білім алып, тәжірибеде шыңдалып келіп, Елімізде сол алған білімін жүзеге асыра 
білсе, жұмсалған күштің босқа кетпендігін көрсетеді. Қандай маман иесі болмасын, мемлекеттің бюджеті-
нен көмек алып оқығандықтан, әр азамат мойнындағы жауапкершілікті түсінуі қажет [2]. Түсіне білген 
адам, өз оқыған мамандығымен үкіметке қызмет жасап, ел экономикасын, әл-ауқатын асқақтатуына әсер 
етері хақ. Жастардың жұмыс жоқ деп, жұмыссыздыққа тақап қоятындары тағы бар, бірақ, жұмыссыздық-
ты жоюда көптеген жағдаяттар қолға алынып, жұмыстар жасалынып жатқандығын жоққа шығара алмай-
мыз. Соның бірі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы. 2009 жылдан бері іске көшкен «Дипломмен ауылға» 
бағдарламасы  жүзеге  аса  бастады.  Бағдарламамен  келген  балалар  баспаналы,  мемлекет  тарапыннан 
көмекке  де  ие  болып  жатты.  Басым  бөлігі  73  пайызы  білім  саласына,  20  пайызы  денсаулық  сақтау 
бағытында, сондай-ақ қалғаны ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салада жұмыспен қамтылған. Әрине, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
192 
жасалып жатқан жағдаяттар өте дұрыс, бірақ дегенмен де бұрыс тұстары бары шындық. Айтар болсақ, 
бүгінгі  таңда  дипломмен,  яғни  өз  мамандығымен  жұмыс  істемейтіндер  күн  санап  артып  келетінін  де 
жасыра алмаймыз. Бейресми дерек көздеріне сүйенсек, жүз пайыз студенттердің жетпіс пайызы өз маман-
дығымен жұмыс істемей, статистика бойынша ЖОО-ны бітірушілердің тек қана 30-40 пайызы маманды-
ғы бойынша жұмысқа орналасса, кешегі студенттердің үлкен бөлігі екінші жоғары білім алуды жоспар-
лайды немесе өзінің еңбек дағдысын қымбатырақ бағалайтын жұмыс орнын іздейді. Бұл дегеніңіз ата-ана 
мен мемлекеттің грантқа бөліп жатқан қаражатының 50%-ы желге ұшып жатқанын білдіреді. Ата-ананың 
перзентін оқытуға жұмсаған шығынын былай қойғанда, Үкіметтен грантқа бөлінетін бірнеше млрд. теңге-
нің 50%-ы тиімсіз жұмсалады. Елімізде даярланатын әрбір маман үшін орташа есеппен жылына 350 мың 
теңгедей қаржы жұмсалады. Ал үстіміздегі жылы тек педагогикалық мамандықтарды дайындау үшін бір 
студентке жылына 426 мыңдай қаражат бөлінеді деген сөз бар. Сонда бір маманды дайындап, дипломды 
азамат ету үшін мемлекет қазынасынан 1,5 млн. астам қаржы жұмсалмақ, бұл шығын өзін-өзі өтей ме, 
деген сұрақ туындайды[3]. Ал, студенттердің көзқарасына сүйенсек, олардың пікірінше, грант саны көп 
бөлінетін  мамандықтарға  әдейі  барады,  бірақ  бітіргеннен  кейін  сол  мамандықта  қызмет  жасамайды. 
Өйткені грант саны жақсы бөлінгенімен медицина, педагогикалық ғылымдарда еңбекақы төмендігін баса 
айтады.  Сондықтан  жоғары  жалақы  төлейтін  фирмаларға  немесе  жоғары  білімді  қажет  етпейтін 
(жүргізуші,  қызмет  көрсету  саласының  қызметкерлері,  т.б.)  жұмысқа  тұруға  тырысады.  Бұл  дегеніміз, 
жастар  еңбекақы  жоғары  жерлерде  қызмет  жасағысы  келіп,  көп  жағдайда  өз  мамандығыннан  алыстап 
кетінің бір себебі ғана екендігін көрсетеді. Оқыған мамандығы бойынша жұмысқа орналаспауының бір 
ғана себебі осы. Ал, бұдан өзге себептерін айтар болсақ:  
Ең алдымен оқушы өзінің болашақ мамандығы жөнінде толыққанды ақпарат білмегендіктен.  
Екіншіден  болашақ  мамандығын  өз  қалауымен,  жақсы  көріп,  ұнатып,  бар  ынтасымен  оқуға 
түспегендіктен. Мамандығын ата-анасы, туыстары немесе достарына еліктеу (солармен бірге болу үшін, 
қалып калмас үшін) арқылы, мамандықтың беделіне қызығып таңдау себеп болуы мүмкін.  
Таңдалған  мамандық,  болашақта  қаншалықты  маңызды,  оқушы  өзінің  қабілетін  ескермей,  жеке 
қасиеттерін  ажырата  алмауы,  мамандығы  қаншалықты  қызықты  болмақ  т.б.  сұрақтар  төңірегінде 
ойланбағандықтан. 
Келесі бір себебі, мамандық таңдауда өзінің физикалық ерекшеліктерін, кемшіліктерін, білмеу (дұрыс 
бағаламау).  Мысалы:  Денсаулық  жағдайларына  байланысты  тыйым  салынған  мамандықтар  болуы 
мүмкін.  Мұндай  мамандықтар  көп  емес,  оларға  негізінде  қандай  да  бір  физиологиялық  жүйеге  ұзақ 
ауыртпалықты талап ететін мамандықтар жатады. Компьютер мамандары көздеріне ауыртпалық түсіреді, 
ал ұшқыштар – жүректеріне ауыртпалық түсіреді т.б 
Тағы бір себебі мамандықты өзінің фанаты, жанкүйерлеріне еліктеп, сондай боламын деп таңдауы да 
ғажап емес (спортшы, саясат, журналист, әртіс). 
Сондай–ақ,  мамандықтың  сыртқы  немесе  басқа  бір  бөлігін  ғана  ұнатып,  жылтырағанның  астында 
көптеген  қиындықтар  жатқандығын  елемей  шатасуы  [4].  Мысалы:  Актердің  сахнадағы  оп–оңай 
образының артында ауыр, күнделікті еңбек жатыр. Ал журналисттер әрдайым телехабарларға шықпайды, 
олар көбінесе басқалар хабарлайтын (телевидениедегі диктор) 10 минуттық хабарды дайындар алдында 
көптеген  ақпараттарды,  мұрағаттарды  ақтарады,  ондаған  адамдармен  сөйлеседі.т.б.  Қабілетін, 
қызығушылығын ескермей, келген бала адасушылық. Жүрегі қаламаған мамандықта жұмыс істеу әрине 
өте  ауыр  іс.  Осындай  біршама  адасушылық  жолмен  таңдалған  мамандық  болашаққа  деген  үмітін 
жоғалтып, баланың өз қалауымен таңдалған мамандықпен жұмыс жасамауына әкеліп соғады.  
Мұндай  жағдай  орын  алғанда,  міндетті  түрде  алдын  алу  шарт.  Егер  әу  бастан  бала  өз  мамандығын 
біліп,  жан-жақты  ақпараттармен  қанығып,  жүрегімен  қалап  біліп  келсе,  болашақта  өзге  мамандықпен 
жұмыс жасау деген қиындықтарға ұшырамасы анық. Мектеп қабырғасында оқушылармен психологтар, 
мұғалімдер  белсенді  түрде  ат  салысып,  үйде  ата-анасы  өз  білген,  көрген  тәжірибесімен  бөлісіп  жұмыс 
жасауы  абзал.  Психологтардың  міндеті  әр  түрлі  тесттердің  көмегімен  баланың  қандай  салаға  бейім 
екендігін анықтап, сол салаға бет бұрғызып, кеңестер беруі шарт.  
Бүгінде  әлеуметтік  желінің  нағыз  дамыған  заманында  оқушылар  өздері  де,  онлайн  тесттер  арқылы, 
видео  роликтер,  пікірлер  арқылы,  университет  сайттарына  кіріп  те,  мамандықтар  жөнінде  танысып, 
болашағын таңдауына мүмкіндіктер жетерлік. Сондай ақ, болашақ кәсіпті таңдауда, назарға алатын жәйт 
қазір жұмыс берушілер қандай мамандықтарға сұраныс жасауда, ал ЖОО-нын бітіргенде (төрт–бес жыл) 
мамандықтың қаншалықты маңызды болуы мүмкін сол жағын да ескерген дұрыс, Яғни болашаққа анализ 
жасау  қажет.  Оны  жоспарлау  үшін,  газеттер  (Еңбек  биржасындағы  вакансиялар)  мен  жұмыс  іздейтін 
сайттар,  интернет  желісінен  табуға  болатын  әлеуметтанушылардың  болжамдарын  қарастырған  дұрыс. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
193 
Таңдалған мамандықты жан-жақты саралауды да ұмытпаған жөн. Мысалы, бір мамандық қандай салада, 
қанша бағытта жұмыс атқара алады, айтарлық ағылшын тілін таңдағандар, аудармашы, экскурсия жетек-
шісі, халықаралық байланыс телефонисі, ағылшын тілінң мұғалімі қызметін атқара алады. Ал, лингвисти-
калық білімі (мектептегі «орыс тілі мен әдебиеті», «шет тілі» пәндері) бар адам мұғалім болып, аударма-
шы болып, редактор болып және хатшы болып жұмыс істей алады. Келесі мән берілетін, маңызды жағдай 
ол бітірушінің төртінші таңдайтын пәніне зер салу қажет. Өйткені, Мамандықты таңдағанда, таңдалына-
тын  пәнге  де  тікелей  байланысты.  Мысалы,  биология  пәнін  жақсы  көріп  оқып,  таңдаған  бала  19-түрлі 
мамандықты таңдай алады. Яғни, мектепке дейінгі оқыту, педагогика, экология, психология, дефектоло-
гия,  агрономия,  медицина  (өз  ішінен  салалары),  балық  шаруашылығы,  топырақтану  т.б.  Дәл  солай 
физиканы  жақсы  оқығандарға  да  бірнеше  таңдамалы  салалардың  есігі  ашылады.  Мысалы,  ақпараттық 
жүйелер,  автоматтандыру  және  басқару,  тау  –  кен  ісі,  металлургия,  мұнай  саласы  [5]т.б.  Мамандық 
таңдаудың тиімді тәсілдерінің бірі – мектептегі демалыс уақытында кәсіпорындарда тәжірибеден өту. Бұл 
тәсіл мамандық туралы шынайы түсінік алуға мүмкіндік береді.  
Соңғы этап, мамандық таңдағаннан кейін, сол мамандықты игертетін ЖОО-нын дұрыс таңдау қажет. 
Кез  келген  оқу  орнының  басты  құндылығы  оның  оқытушылық  құрамы  болып  табылады.  Мамандарды 
қалай дайындап шығаратын, кәсіби шеберлігі, сабақ кестелерімен  танысып,  оларда көрсетілген пәндер, 
сондай-ақ  олардың  әрқайсысына  бөлінген  сағат  сандары  аталған  факультет  ұсынатын  білімнің  көлемін 
бағалауға мүмкіндік беретіндігі жөнінде қарау қажет[6]. Оқу процесінің техникалық және материалдық 
жабдықталуына да (кітапхана, компьютерлік сыныптар, арнайы жабдықталған бөлмелер және т.б.) назар 
аударған  жөн.  Студенттердің,  әсіресе  осы  оқу  орнының  түлектерінің  пікірін  тыңдау  керек.  Конфуций: 
«Жаның қалайтын істі тап, сол кезде ешқашан жұмыс істемейтін боласыз», - деген. Ең бастысы, сізге не 
қажет екенін білу. Негізінде, мамандық таңдауда екі бастаманы негізге алған жөн: олар - жүрек қалауы 
және мүмкіндік қалауы. Сонда ғана бүгінгі талапкерден, ертеңгі білікті маман шығары сөзсіз. Бұл жөніде, 
Ж.Аймауытов:  «Мамандықтың  жаманы  жоқ,  бірақ  мұның  кез  келгеніне  икемділік  қажет,  бұл  –  жай 
күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», - дейді. Рас, 
жас жеткіншек тек өз жүрек қалауымен ғана таңдаған мамандықтың шебері бола алады. 
Қорытындылай  келгенде,  аталмыш  жұмыстарды  дұрыс  орындап,  мамандықты  дұрыс  таңдаған  бала 
болашағыннан күткен зор үмітті ақтары анық. Адам баласының маман иесі болғаннан кейінгі алға қояр 
мәселесі дипломмен жұмысқа орналасу. Түлектерді жұмыспен қамту мәселесінде үкімет тарапыннан қол 
ұшын  беріп  жатады.  Мысалы,  жәрмеңкелер  ұйымдастырып,  жоғарыда  атап  кеткен  диломмен  ауылға 
сынды т.б. Сондай-ақ, көп жағдайда тұрақты, мамандықпен, көңілге қонымды жұмысқа тұру әрбір тұлға-
ның  өз  қолында  екенін  де  ұмытпау  қажет.  Еңбек  өтілін  өткен  кезде,  сол  жерге  ұнап,  қайта  шақырту 
мүмкіндігін  алуға  және  де  жұмыс  берушімен  сұхбат  барысында  өзің  жайлы  жақсы  пікірлер  қалдыруға 
тырысу,  жаңа  идеялармен  таң  қалдыру,  ерекше  портфолю,  жүріс-тұрыс,  киім-кешек  сынды  т.б. 
қарапайым тәсілдер арқылы да жолдарын ескерген жөн. 
 
1 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.14 Желтоқсан 2012 ж. 
2 «Мамандық таңдау – болашақты таңдау». Г. Мұрынова. 26.07.2012 ж. http://ruhanimiras.kz. 
3 «Мамандық таңдау – болашақты таңдау». А.Дүйсенбайқызы. «Ана тілі» газеті № 27-28 (1285-1286). 
4 «Моя будущая профессия». Библиофонд (Эллектронная библиотека студента). http://www.bibliofond.ru. 
5 «Выбираем профессию вместе» Библиофонд (Эллектронная библиотека студента). http://www.bibliofond.ru. 
6 «Как правильно выбрать профессию» http://mirsovetov.ru. 
 
Резюме 
В современном обществе актуально и остро встает проблема психологической помощи людям в выборе профес-
сии.  Выбор  профессии  –  это  не  одномоментный  акт,  а  процесс,  состоящий  из  ряда  этапов,  продолжительность 
которого зависит от внешних условий и индивидуальных особенностей субъекта выбора профессии .Выбор профес-
сии – это достаточно серьезный вопрос, к которому стоит подходить обдуманно. Во-первых, нужно учитывать свои 
личные интересы. Во-вторых, оценить собственные способности. В-третьих, проанализировать соответствие своих 
личностных  качеств  с  теми  качествами,  наличия  которых  требует  выбранная  профессия.  В  четвертых,  изучить 
возможные  жизненные  перспективы,  которые  даст  та  или  иная  профессия.  Поэтому  с  одной  стораны  должны 
уделить особое внимание на воспитание молодежи, чтобы воспитать патриотичную и проявляющую заботу к стране. 
В статье уточнена важность и особенность выборе профессии для молодого поколения. Рассматривая перспективы 
развитых стран мира, определена возможность их проявление результаты, соответствующие нашей государственной 
и национальной идеологии. 
Ключевые слова: специальность, студент, образование, занятость, навыки, работа, общество 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
194 
Summary 
The  article  discussed  about  how  to  work  in  the  specialty  students.  How  to  choose  the  right  career,  conditions  and 
objectives were discussed. School counselors and teachers in the choice of future profession, should listen to the counsel of 
their parents. Today, the media, the social network for young graduates in terms of future career choices affect all addressed 
comprehensively. His specialty is correct, the selected person will make other high visible from the top of the image of the 
country in the future. 
Therefore, we should pay particular attention to the education of youth, to educate patriotic and care to the country. The 
paper clarified the importance and especially the choice of profession for the young generation. Considering the prospects of 
the  developed  countries,  defined  the  possibility  of  manifestation  of  the  results  corresponding  to  our  state  and  national 
ideology. 
Keywords: profession, student, education, employment, skills, work, society 
 
378.016:811.111 
 
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 
ҮШІН АУТЕНТТІК МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Ж.Б. Қаратаева – «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2-курс магистранты 
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Алматы, Қазақстан 
 
Дүниежүзілік  жаһандану  мен  интеграциялық  үдерістердің  дамуы,  Қазақстан  мемлекеті  мен  басқа 
елдер  арасында  халықаралық,  экономикалық,  саяси  және  мәдени  байланыстардың  нығаюы,  Қазақстан 
Республикасының  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуі  еліміздің  шетел  тілдерін  меңгеруге  деген 
құлшынысын арттыра түсті.  
Соңғы жиырма жыл ішінде, елімізде білім беру саласы дамып, үлкен жетістіктерге жетті. ХХІ ғасыр 
жоғары  оқу  орындарының  қызметі  мен  білім  беру  мазмұны  өзгергені  айқын.  Оған  дәлел  болатын  - 
заманауи  оқыту  технологиялар,  интерактивті  оқыту  құралдары  мен  жаңа  оқыту  формаларының  пайда 
болуы. Олардың білім беру жүйесіне ықпалы аза зор екеніне көзіміз жетуде, себебі заман талабына сай, 
үлкен сұранысқа ие болатын және оқушылардың ынтасын асыратын жаңа өзгерістер арқасында аса зор 
жетістіктерге  жету  жолында  екені  айқын.  Бүгінгі  таңда  көптеген  әдістемелік  құралдарда  кең  өріс  алып 
жатқан  жаңа  ұғымдар  арасында  ерекше  назарға  алынатын  ұғымдардың  қатарында:  «компетенттілік 
амал»,  «компетенттілік  әдіс»,  «компетентті  маман»,  «кәсіби  құзіреттілік»  және  т.б.  әдістемелік  термин 
сөздер  кездесіп  жатады.  Осыдан  туындайтын  келесі  бір  маңызды  мәселе  –  Құзіреттілік  дегеніміз  не? 
Оның  мән-мағынасы  неде  жатыр?  Осы  сұрақты  талдау  барысында,  әртүрлі  ақпарат  көздеріне  сүйене 
отырып,  құзіреттілік  термині  латын  тілінен  «талап  қою»,ал  ағылшын  тілінен  «қабілетті»  мағынасын 
білдіреді. Ең алғаш рет «құзіреттілік» терминін Фердинанд Де Соссюр өз еңбектерінде адамның тек тілді 
үйрету мағынасында ғылыми тұжырымдама жасаған болатын, кейіннен бұл термин тереңірек зерттеліп, 
жаңаша  көзқарастар  мен  пікірлер  тудырды.  [1]  Егер  де,  құзіреттілік  терминін  зерттеген  ғалымдардың 
еңбектерін тарихи жылдар бойынша топтастыратын болсақ, келесідей бір кесте пайда болады. Кесте 1-де 
терминнің шығу тарихы мен даму кезеңдері көрсетілген. [2] 
 
№  Кезеңнің атауы 
Кезеңнің ерекшеліктері 

Ерте 
кезең 
(ХХ 
ғасырдың 
60-шы 
жылдары) 
Ең алғаш рет «оқушылардың құзіреттілігі теориясында» келесідей ұғымға иеленді 
– баланың немесе оқушының «қабілеті және интеллекті» (бұл теорияны құптаған 
шетел ғалымдары арасында – Д.Брунер, Р.Стернберг, Д.Элькина және т.б.) 

Жетілген  кезең  (ХХ 
ғасырдың 
70-ші 
жылдары) 
Бұл  кезеңде  ерекше  ғылыми  еңбек  жүргізген  ғалымдар  арасында  Крейк  С. 
Лундберг,  Дэвид  Мак  Клелланд  болды,  олар  өз  еңбектерінде  құзіреттілікті 
қалыптастыруда ең маңызды әсер етуші фактор ретінде «қоғамдық индикаторлар» 
(микроклимат, тұлғааралық қарым-қатынас) екенін атап көрсетті. 

Қоғамдық  танымның 
даму  кезеңі  (90-шы 
жылдардың басында) 
МакБер, Т.Ф.Гильберт, Ричард Бойтз және басқа да ізбасарлардың қосқан үлесі зор 
болды. 
 
Жоғарыда көрсетілген кестеде берілген кейінгі кезеңде көптеген Отандық зерттеушілердің еңбектерін 
атап  көрсетуге  болады,  солардың  қатарында:  Кулибаева  Д.Н.,  Мыңбаев  А.К.  (қазіргі  білім  берудегі 
компетенттілік  тәсіл  мәселесін  қарастырған),  Нұрахметов  Н.Н.,  Байжасарова  Ғ.З.,  Мұқанова  С.Д., 
Салықова  Б.О.,  Жадрина  М.Ж.  және  т.б.  ғалымдар  құзіреттілікті  қалыптастыру  білім  беруді 
ұйымдастырудың  бір  аспектісі  ретінде  зерттеуге  көңіл  бөлсе,  Демеуова  Ш.Е.,  және  Қожахметова  К.Ж. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
195 
және  т.б.  ғалымдар  тәрбие  бері  тұрғысынан  студенттердің  құзіреттілігін  қалыптастырудың  ғылыми 
теориялық негіздерін жасауды ұсынған.  
Сонымен қатар, Ресейлік  ғалымдардың осы тақырып аясында кең  зерттеу жүргізгендер қатарында  - 
Верещагин  Е.М.,  Костомаров  В.Г.,  Гальскова  Н.Д.  атап  айтуға  болады.  Шилов  З.Е.  және  Агапов  И.Т. 
анықтамасы  бойынша  «құзіреттілік  дегеніміз  тұлғаның  білім  алу  барысында  меңгерілген  білімімен 
тәжірибесіне  негізделген,оқу-танымдық  және  еңбек  процесінде  оның  өз  бетінше  әрекет  етуіне 
бағытталған  жалпы  іс  әрекетке  қабілеті  мен  дағдысы»  [3]  десе,  осы  мағынаға  келетін  басқа  пікір, 
Борисов  Л.П.  өз  еңбегінде  былайша  атап  көрсетті:  «құзіреттілік  оқу  барысында  алған  білім  мен 
іскерліктің  күнделікті  өмірде  әртүрлі  практикалық  және  теориялық  проблемаларды  шешуде  қолдана 
алу  қабілеті»  [4].  Аталған  И.Т.Агапов  және  Л.П.Борисовтың  пікірлерімен  толықтай  келісеміз,  себебі 
құзіреттілік  оқу  барысында  студенттердің  бойында  қалыптасатын  білім,  дағды  және  іскерліктің 
жиынтығы,  ал  толық  қалыптасып  жетілген  компетентті  маман  келешекте  өз  жеке  іс-тәжірибесінде 
кездестірген әртүрлі мәселелерді бойында қалыптасқан білім, дағды және іскерлік негізінде шешімге келе 
алады,  осы  анықтамаларды  толықтыра  түсетін  отандық  зерттеуші,  Ш.Таубаеваның  берген  анықтамасы 
келесідей: «Құзыреттілік–ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім 
мен  тәжірибеге  негізделген,  оның  жалпы  қабілеті  мен  іс-әрекетке  даярлығы  ретінде  айқындалатын, 
тұлғаның  кіріктірілген  қасиеті»,  бұл  ғылыми  анықтамада,  зерттеуші  ғалым  құзіреттілікті  –  тұлға 
бойында жүре қалыптасатын қасиет ретінде қарастырады. Бұл пікірдің де өзіндік ерекшелігі бар.  
Жоғарыда  талдау  барысында,  құзіреттілік  ұғымына  жалпы  түсінік  бере  отырып,  мәдениетаралық 
қатысым құзіреттілігіне түсінік беретін болсақ, бұл ұғымды ең алғаш рет ХХ ғасырдың 50-ші жылдары 
американдық ғалым-зерттеуші, Ян ван Эк («Жалпыевропалық компетенция») енгізді, кейіннен бұл ұғым 
толық жетіліп, қазіргі таңда мәдениетаралық қатысым құзіреттілігі деген атауға ие болды. Осы терминді 
қарастырған ғалымдар қатарында, С.С.Құнанбаева, Д.А.Иванов, В.Д.Щадриков, А.Т.Чакликова және т.б. 
ғалымдардың  еңбектеріндегі  «құзіреттілік»,  «мәдениетаралық  қатысым  құзіреттілігі»  ұғымдарын 
айқындайтын  теориялар  негізінде,  Д.Н.Кулибаева,  С.Савиньон,  Д.Хаймс  және  т.б.  ғалымдардың 
еңбектеріндегі  «мәдениетаралық  қатысым  құзіреттілігі  және  оның  субкомпетенцияларына»  ұғымдарын 
айқындайтын теориялар негізінде зерттелді.  
Келесі  анықталатын  ұғым  –  аутенттілік.  Аутенттік  материалдарды  шетел  тілін  оқыту  барысында 
қолдану бұл жастардың болашақ мамандыққа бағытталған түрде еркін дамуына, білім деңгейін арттыру-
ға,  компетентті  маман  болуына  мүмкіндік  береді  және  де,  аутенттік  материалдарды  сабақ  барысында 
қолдану студенттердің қызығушылығын арттырады, себебі аутенттік матриалдардың көмегімен студент-
терді өмірден алынған типтік жағдаяттарға даярлауға, оларды шынайы тілдік ортаға бейімделу қабілетті-
лігін  арттыруға  болады.  Осыдан  туындайтын  мәселе,  аутенттік  материалдарды  қолданудың  қандай 
қажеттілігі  бар  екендігін  анықтасақ,  «аутенттік  материалдар»  дегеніміз  ана  тілі  ретінде  сөйлейтін 
және қабылдайтын елде басылып шаққан түпнұсқалы, авторлық еңбектер. Аутенттік матриалдардың 
бірден  бір  ерекшелігі  - оқушыға шетел тілдік атмосфера тудырады, студенттің тілді әртүрлі жақтардан 
қарастырады,  солардың  қатарында:  аудио-видео  таспалар,  журнал-газеттер,  буклеттер  мен  әртүрлі 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет