Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы


брошюралар,  киноүзінділер,  әдеби  кітаптар  мен  оқу  әдістемелік  кешендер



Pdf көрінісі
бет36/57
Дата14.02.2017
өлшемі5,69 Mb.
#4128
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57

брошюралар,  киноүзінділер,  әдеби  кітаптар  мен  оқу  әдістемелік  кешендер.  [5]  Яғни,  шетел  тілдік 
атмосфера  аутенттік  материалдармен  жұмыс  жасау  барысында,  студенттер  мәдениетаралық  қатысым 
құзіреттілігін дамытады, сөйлеу іскерліктерін жетілдіріп, білімдерін шыңдай алу мүмкіндігіне ие болады. 
Студенттердің бойында әртүрлі құзіреттіліктер өзара қатар дамиды. Морроудың айтуы бойынша, аутентті 
мәтін – нағыз тілдік, нақты динамикалық әсер ететін, белгілі бір аудиторияға нақты мәлімет беру үшін 
нағыз  спикер  немесе  жазушы  тарапынан  түпкі  негізде  жазылған  мәтін.  Біздің  ойымызша,  шетел  тілі 
сабақтарында аутенттік материалдарды қолдану өте тиімді әрі қызық, себебі дәстүрлі сабақ өту формасы-
нан жалыққан оқушылар мен студенттер үшін қызықты фильм үзінділері, газет журналдардағы мақала-
лар, шетел әншілері орындайтын әндер мен әдеби шығармалар жаңашылдық болады, және де оқушылар-
ды  шетел  тілді  имеңгеруге  деген  ішкі  потенциалы  артып,  барынша  сабақ  барысында  белсенді  түрде 
қатысып отырады. Дегенмен, түпнұсқалы материалдарды таңдауда абай болған жөн, себебі оқушылардың 
жас және психикалық ерекшеліктерін ескерместен, кез келген мәтінге жүгіну дұрыс болмайды. Аутенттік 
материалдардың  түрлі  болуына  байланысты,  берілген  мақалада  тек  бір  түріне  тоқталуды  қарастырдық. 
Мысал  ретінде,  аутентті  газет  мәтіндерінің  сабақ  барысында  қолдану  өте  тиімді.  Әртүрлі  жанрларда 
жазылуы,  тақырыптың  қызық  әрі  өзекті  болуы,  тәрбиелік  мәнінің  болуы  және  т.б.  жеке  ерекшеліктері 
арқасында газет-журнал беттерінде жарық көретін мақалалардың ерекшелігі зор. Одан бөлек, шетел тілі 
сабағында мақалалар арқылы студенттер оқып жатқан тілде сөйлейтін ұлттың мәдениетімен, өркениеті-
мен,  тарихымен,  сол  елде  болып  жатқан  жаңалықтарымен  танысып,  хабардар  болады.  Бұл  бірден  бір 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
196 
студенттердің қатысымдық, ізденушілік, танымдық, лингво-мәдени, социо-лингвистикалық құзіреттілік-
терін дамыта түседі.  
Газет-журналдардағы мақалалардың шетел тілі сабағында қолдану барысында тигізетін оң әсерлерін 
айтсақ: 
-
 
Тіл үйренушілердің тіл үйренудегі біліктері дамиды; 
-
 
Студенттердің бойында лингвомәдени және социолингвистикалық құзіреттіліктері дамиды; 
-
 
Студенттер  елтану,  мәдениеттану  секілді  ғылым  салаларын  қарастыра  отырып,  өмірлік 
көзқарастарын одан жоғары дамыта алады; 
-
 
Студенттердің грамматикалық, лексикалық қоры толығады; 
-
 
Студенттердің  бойында  әртүрлі  халықтардың  мәдени  және  ұлттық  ерекшеліктері  туралы  жалпы 
білімі кеңейіп дами түседі.  
Газет  немесе  журнал  мақалаларын  шетел  тілі  сабағында  қолданудың  ең  қарапайым  бір  мысалын 
алатын болсақ: 
«An interview with Jonathon Porrit» атты мақаламен жұмыс жасау жолдарын қарастыратын болсақ, 
ең алдымен кезеңдерге бөліп қарастыратын болсақ: 
1. Мәтіннен бұрын  
2. Мәтінді оқу барысында 
3. Мәтіннен кейін 
Мәтіннен бұрын кезеңінде орындалатын тапсырмалар:  
1.
 
Берілген суретпен жұмыс жасау; 
2.
 
Джонатан Поррит туралы не білесіз? Ол кім? 
Яғни, мәтінмен жұмыс бастамас бұрын, студенттер жалпы көзқарастарын білдіреді, өз ойларын ортаға 
салып, пікір алмасады. 
Мәтінді оқу барысында кезеңінде орындалатын тапсырмалар: 
1.
 
1. How did Jonathon Porrit become interested in the environment? 
2.
 
2. Why do you think he says that “you can’t really talk about ecology as a science, you have to consider 
ecology within a social and political context?” 
3.
 
3.He says economics is “the key to it all...” Doyouagree? 
Мәтіннен кейінгі кезеңде орындалатын тапсырмалар: 
He reffers to 4 crucial problems that the planet faces. Write in the chart what the problems are, and add some 
notes on each. 
 
1 Population. 
This will be a big problem in the middle of next century. 
2 The world’s resources (both 
renewable and non-renewable). 
We are using renewable and non-renewable resources too quickly. 
3 Poverty, famineandhunger. 
Jonathan Porrit thinks that these problems will get worse before the end of the century. 
4 Thearmsbuild-up. 
One thousand million million dollars are spent every year. 
 
Жалпы  қорытындыға  кле,  аутенттік  материалдардың  сан  алуандығы,  стильдік,  лексикалық  және 
граммкатилық ерекшеліктері арқасында студенттердің шетел мәдениет түсінуге, сол ортаға бейімделуіне 
және  ұлтаралық  қатынастардың  нығайту  жолдарын  қарастыруда  зерттеушілік  құзіреттілігін 
қалыптастырады деп кәміл сенеміз. Түпнұсқалы материалдардың студенттерге берері көп.  
 
1
 
А.П.Садохин, Межкультурная коммуникация,Москва,Альфа-М,ИНФРА-М,2004. 
2
 
Mirela-Christina. Annals of Daam and Proceeding Publisher,MA, MIT Press,1965. 
3
 
Шилов С.Е., Агапов И.Г., Компенетностный подход к образованию:прихотьили необходимость?//Стандарты 
и мониторинг в образовании, Москва, 2002. 
4
 
Ван ДейкТ.А., Язык. Познание.Коммуникация., Москва,1989. 
5
 
Носонович Е.В. Параметры аутентичного учебного текста// Иностранный язык в школе.-1999 
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  использование  аутентичных  материалов  в  иноязычном  обучении  для  развития 
межкультурно-коммуникативной  компетенции  у  будущих  специалистов,  также  дается  определение  терминам 
«компетенция» и «аутентичные материалы», и определяются положительные моменты использование аутентичных 
матриалов.  
Ключевые  слова:  компетенция,  межкультурная  коммуникативная  компетенция,  компетентный  специалист, 
аутентичность, аутентичные материалы, компетентностный подход. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
197 
Summary 
The  article  describes  the  issue  of  using  authentic  materials  in  foreign  language  teaching  to  develop  intercultural 
communicative competence, “competence”, “authentic material” and other key words are given with correct explanations, and 
to the last, the positive sides of using authentic materials are enumerated.  
Key words: competence, intercultural communicative competence, competent specialist, authenticity, authentic material, 
competent approach 
 
УДК:378.091.212.5:001.891 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҒА 
БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ 
 
Т.Н. Жүндібаева – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушысы, п.ғ.к., 
Ә.С. Жарылқапова – 6М010300 - Педагогика және психология мамандығының 2 курс магистранты 
 
Қазіргі таңда зерттеу құзыреттілігі жоғары білікті мамандар даярлау бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып 
табылады.  Сондықтан  студенттердің  зерттеушілік  құзыреттілігін  қалыптастыру  жоғары  оқу  орындарының  оқыту 
үдерісінде және оқудан тыс іс-әрекеттерінде жүзеге асырылуы қажет. Студенттердің зерттеу құзыреттілігін дамыту 
мәселелерін шешу көп жағдайда жеке тұлғада белсенді, шығармашылық негіз қалыптастырумен, зерттеу мәселеле-
рін  шешудің  жолдарын  өз  бетінше  табуға,  өз  бетінше  ғылыми  ізденістер  жасауға,  үйретуге  деген  ұмтылысқа 
байланысты.  Жоғары  оқу  орындарындағы  оқыту  үдерісінде  интерактивті  оқыту  әдістерін  пайдалана  отырып, 
студенттердің ойлау қабілетін дамытып, ізденушілік мүмкiндiктерiн өрiстетiп және олардың өздiгiнен дамуына әсер 
ететін зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін дамытуда 
оқытудың  интерактивті  әдістерін  пайдаланудың  маңызы  зор.  Интерактивті  оқыту  әдістері  студенттерге  түрлі 
ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, іздену барысында зерттеушілік өнім жасауға мүмкіндік береді.  
Кілттік сөздер: зерттеушілік, іс-әрекет, құзыреттілік, интерактивті оқыту әдісі 
 
Бүгінгі студент ертеңгі маман екенін ескерсек, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп 
және  оның  басты  тұлғасы  педагогтарға  жаңа  талаптар  қойылуда.  «Қазақстан  Республикасы  жаңа 
формация педагогы» үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «жаңа формация педагогы – 
бұл  рухани-адамгершілік,  белсенді-саналы,  экологиялық  білімді,  рефлексияға,  өздігінен  дамуға  және 
өздігінен  жүзеге  асыруға  қабілетті,  әдіснамалық,  зерттеушілік,  дидактикалық-әдістемелік,  әлеуметтік-
тұлғалық,  коммуникативті,  ақпараттық  және  т.б.  құзыреттілігі  қалыптасқан  жоғары  деңгейдегі 
шығармашыл тұлға» деп педагогикалық жоғары оқу орындарына болашақ педагогтарды дайындауда бұл 
талаптарды  ескеруді  міндеттейді.  Қазіргі  мектептегі  оқу  үдерісінің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін 
педагогтардың зерттеушілікк іс-әрекетін, қабілетін кеңінен қолдана білу біліктілігінің жеткілікті деңгейде 
болуы жоғары оқу орындарында білім берудің нәтижеге бағытталуына тікелей байланысты. Сондықтан 
қазіргі  әлеуметтік  сұраныстарға  сай  жоғары  оқу  орындарында  білім  беру  нәтижелерінің  бірі  ретінде 
студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады. 
 
Студенттердің зерттеу құзыреттілігі жоғарғы білікті мамандар даярлаудың, республиканың шығарма-
шылық,  интеллектуалдық  қорын  қалыптастырудың  ең  маңызды  түрі  болып  табылады.  Студенттердің 
зерттеу құзыреттілігін дамыту мәселелерін шешу көп жағдайда жеке тұлғада белсенді, шығармашылық 
негіз қалыптастырумен, зерттеу мәселелерін шешудің жолдарын өз бетінше табуға, өз бетінше ғылыми із-
деністер жасауға үйретуге деген ұмтылысқа байланысты. Жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісі сту-
денттердің ойлау қабілетін дамытып, олардың дербес зерттеуші қызметіне жақындай түсуіне ықпал етеді. 
Сол себепті студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін арттыруды біздің қоғам басты мақсат етіп отыр.  
Сондықтан бүгiнгi таңда жоғары оқу орындарында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесiне жаңаша қарап, 
студенттердің  саяси-әлеуметтiк,  ізденушілік  мүмкiндiктерiн  өрiстетiп  және  олардың  өздiгiнен  дамуына 
әсер  ететін  зерттеушілік  іс-әрекеттерін  қалыптастыру  мәселелері  педагогикалық  тұрғыдан  ғылыми-
зерттеуде көкейкестi мәселе болып отыр. 
Жалпы  білім  алушылардың  зерттеушілік  іс-әрекеттері  мен  құзыреттіліктері  туралы  мәселелерді 
бірқатар шетел және қазақстандық ғалымдардың зерттегендіктерін байқадық.Мысалы, ресей ғалымдары 
A.M. Митяева, С.В. Абакумова, И.А. Коваленко, В.Г. Сотник, Я.В. Кривенко, С.Н. Лукашенко және т.б. 
еңбектерінде зерттеушілік құзыреттілік ұғымдары қарастырылған. 
 
 
 
Қазақстанда  студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмысын  дамытудың  жолдарына  (Н.Д.Хмель, 
Л.Г.Квиткина,  М.А.Байдан,  Р.Н.Насиров  және  т.б.)  ғалымдардың  еңбектері  арналған.  Мұғалімдердің 
зерттеу  әрекеттерінің  мәселелері  де  ғылымда  жете  зерттелген  (В.И.Андреев,  В.И.Загвязинскиий, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
198 
Н.В.Кузьмина,  А.К.Маркова,  Ш.Таубаева  және  т.б.).  Қазақстандық  авторлардың  ішінен  біздің 
жұмысымызға  бағдар  болған  зерттеушілер:  А.П.Сейтешов,  Г.А.Уманов,  Н.Д.Хмель,  А.Е.Әбілқасымова, 
Ш.Таубаева, З.А. Исаева, Г.К.Ахметова, А.Ш.Байтоқаева және т.б. 
«Құзыреттілік» ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлға субъектілік тәжірбиесіне ерекше 
көңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырған  ұғым  болғандықтан,  белгілі  сала  бойынша  жан-жақты 
хабардар, білгір, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алу дегенді білдіреді. 
Г.К.Баймукашеваның  пікірінше,  студенттердің  педагогикалық  құзыреттілігі  -  кәсіби  біліктілігі, 
педагогикалық  қызметті  жүзеге  асырудағы  теориялық  және  практикалық  дайындықтың  бірлігі, 
шығармашылық іс-әрекеті мен зерттеушілік әрекетін айтады. 
С.Н. Лукашенконың пікірінше зерттеу құзіреттілігі – бұл көп деңгейлі білім беру процесінде үздіксіз 
дамытатын  тұлғаның  интегративті  сапасы,  ол  зерттеу  міндеттерін  дербес  шешуге  дайындық  және 
қабілеттілікпен,  зерттеу  біліктерін  бағалай  алу  және  оларды  алдағы  мамандандырылған  әрекетте 
қолдануға дайын болуымен сипатталады.  
Сонымен,  ғалымдардың  құзыреттілік,  зерттеушілік  құзыреттілікке  берген  анықтамаларына  талдау 
жасай  отырып,  соның  негізінде  студенттердің  зерттеушілік  құзыреттілігі  дегеніміз  –зерттеу 
мәселелерін  түсініп,  олардың  арасындағы  байланыстары  мен  қатынастарын  анықтауға, 
ақпараттарды  қабылдау,  сақтау,  өңдеудің  негізгі  әдістерін,  тәсілдерін  меңгеруге,  оқу  үдерісіндегі 
зерттеушілік іс-әрекеттерді орындауға даяр болу деп анықтама береміз. 
Студенттердің  зерттеушілік  құзыреттіліктерін  дамытуда  интербелсенді  әдістердің  рөлі  зор. 
Интерактивті («Inter» – бұл өзара, «act» – әрекет жасау) – әлде кіммен әңгімелесу, сұхбаттасу, өзра әрекет 
жасауды білдіреді. Интерактивті оқыту әдістері студенттерге түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, 
сараптап, зерттеу барысында шығармашылық өнім жасауға мүмкіндік береді. 
Жалпы интерактивті әдісті заманауи белсенді әдістердің бірі ретінде қарастыруға болады. Интерактив-
ті  әдістерге  келесі  түрлерін  жатқызуға  болады:  пікір  талас,  іскерлік  ойындар,  «Қосжазба  күнделігі», 
«Ротация», «Дербес пікір» тәсілі, «Кейс-стади» әдісі, «Болжау» әдісі, «Фишбон» әдісі, «Синквейн» немесе 
«Бес жолды өлең» әдісі, «Кластер» әдісі және т.б.  
Интерактивті  әдістер  қазіргі  білім  беру  үрдісінде  кең  қолданысқа  ие  болып  отыр.  Оқыту  үдерісінде 
интерактивті  әдістерді  пайдалану  жеке  тұлғаның  алдына  қойылған  мақсат  –  міндеттеріне  жету  үшін 
белгілі  бір  мәселелерді  бірлесіп  іздеп,  ортақ  шешім  қабылдап,  тәжірибеде  қолдануға  үйретеді.  Өмірде 
болмаған жаңа идеялардың туындауына ықпал етеді.  
Жоғарыда  айтылған  пікірлерді  дәлелдеу  мақсатында  «Жалпы  педагогика»  пәні  бойынша  оқыту 
үдерісінде  интерактивті  оқыту  әдістерін  пайдалана  отырып,  студенттердің  зерттеушілік  құзыреттілігін 
дамытуға бағытталған тапсырмаларды ұсынуды жөн көрдік.  
Тақырып: Педагогика пәні және міндеттері  
1 – тапсырма: Жоғары оқу орнына арналған философия, психология, педагогика оқу құралдарындағы 
«тәрбие» туралы ұғымды түсіндірудің кестесін құрастыру. 
2 – тапсырма: Педагогиканың негізгі категорияларын пайдалана отырып аңыз – әңгіме (термомәтін) 
құрастыру. 
Тақырып: Ұжым-тәрбие құралы 
1 – тапсырма: Сөздіктерге талдау жасай отырып «ұжым» сөзіне анықтама беру. 
2  –  тапсырма:  А.С.Макаренконың  «Ұстаздық  дастан»  еңбегінен  ұжымды  қалыптастыруға,  ондағы 
пайдаланылған тәрбие әдістеріне қатысты үзінді беріледі.  
Мен Братченконы Буруннан алып кеттім, Задоров та екі-үш жігітті түйгіштеп, ысырып тастады. 
Айқай-шуды әрең бастық.  
Бурун өзі сөйлесін! Өзі айтсын! – деп айқайлады Братченко. Бурун төмен қарады. 
Айтатын  түгім  жоқ.  Бәріңдікі  жөн.  Мені  Антон  Семеновичпен  жіберіңдер,  білгенінше  өзі 
жазаласын. 
Жым-жырт. Шегіне жетіп бойды кернеген ыза кернеуінен асып төгіле ме деп қорықтым да, есікке 
қарай беттедім! Мені Бурунға жол беріп, жігіттер екі жарылды.  
Үн-түн жоқ, қалың қарды белуардан кешіп, Бурун екеуміз кетіп барамыз. Мен алда, ол соңымда. 
Сұмдық  жиреніш  сезім  бойымды  кернеп  барады.  Адам  баласының  тастандысында  ең  жиренішті 
нәрсе  осы  Бурун  сияқты  боп  көрінді.  Мен  бұған  не  істерімді  өзім  де  білмей  келем.  Ол  колонияға 
ұрылардың  шайқасына  қатысқаны  үшін  келіп  түсіп  еді.  Бұл  шайканың  едәуір  бөлігі  –  ересектері  – 
атылған болатын. Ал Бурун он жеті жаста еді.  
Бурун  босағада  үн  қатпай  тұр.  Мен  столда  отырмын.  Ауыр  бір  нәрсемен  Бурунды  жібіріп  ұрып, 
әңгімені сонымен бітірсем бе екен деп, өзімді-өзім әрең ұстадым.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
199 
Бурун  бір  кезде  басын  көтеріп  алды  да,  маған  қадала  қарады,  еңіреп  жылап  жібіре  жаздап,  әрбір 
сөзін нақпа-нақ айтып, былай деді. 
Мен...бұдан былай...ешқашан ұрлық жасамаймын. 
Өтірік айтасың! Сен комиссияда да солай уәде берген болатынсың.  
Ол комиссия еді...енді бұл сіз ғой. Қалай жазаласаңыз да еркіңіз, тек колониядан қуа көрмеңіз.  
Колония саған не керек? 
Маған мұндай ұнайды. Балалар мұнда оқиды. Оқығым келеді менің. Ал ұрлық жасау себебім – ылғи 
аш жүргендіктен еді.  
Ал,  жарайды  ендеше.  Үш  күн  осында  қамауда  боласың,  нан  мен  судан  басқа  еш  нәрсе  берілмейді. 
Таранецке тиуші болма! 
Жарайды. 
Әрбір  студент  «Қосжазба  күнделігі»  әдісі  арқылы  ғалымның  өздеріне  ұнаған,  не  келіспейтін  ой-
пікірлеріне қатысты өз түсініктерін береді. 
3 – тапсырма: А.С. Макаренконың “ҰСТАЗДЫҚ ДАСТАН” еңбегіне қатысты бейнефильмге талдау 
жасаңыздар. (М. Горький атындағы колонияда ұжымның қалыптасуына талдау жасау) 
Тақырып: Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, тәрбие құралдары және формалары 
1 – тапсырма: А.С.Макаренконың “ҰСТАЗДЫҚ ДАСТАН” еңбегінен үзінді: 
Ағайынды  Трепкенің  мұрасын  жеңіп  алуымызға  байланысты  өз  салтанатымызды  жай  тілмен 
айтып шығу оңіай бола қоймады. Ақшаны және материалдарды босату әр түрлі себептермен кешеуіл-
дей берді. Трепке империясынан біздің арамызды бөліп жатқан Коломак өзені апрель айындағы мылқау 
кесепаттың белді өкілі болды. Алғашқыда ол арнасынан баяу көтеріліп, тұтаса жайылды. Мұнан соң 
одан да баяу өзінің ежелгі арнасына қайта оралды. Артына аяқ алып жүре алмайтын, малтыма батпақ 
қалдырды.  
Міне,  сондықтан  дәл  осы  кезде,  қолымызға  түскен  жаңалыққа  түгелдей  ат  болған  «Трепке»  сол 
қалпында  тағы да көп уақытқа дейін күл-талқаны шығып қала  берді. Колонистер  бұл кезде көктемгі 
алған  әсерлерінің  әуенінде  еді.  Олар  таңертеңгі  астан  кейін  жұмысқа  шақыратын  қоңырау  даусын 
күтіп,  қойманың  жанына  барып,  отырысатын,  есіктің  алдында  жатқан  шыршаларды  бейберекет 
шаша отырып, қарындарын күнге төсеп қыздыратын.  
Оларды жұмысқа шақырған қоңырау даусы, еріксіз тұрғызып, өздерінің жұмыс орындарына қарай 
құлықсыз  аяңдауға  итеретін.  Олар  жұмыс  үстінде  де  сылтаулардың,  техникалық  мүмкіндіктердің 
бірінен соң бірін тауып алып, қайтсе де күн шуаққа бүйірлерін төсеп қалатын.  
Жаздың аяқ шешінде екі-үш үлкен үйді едәуір түзетіп, тәп-тәуір тәртіпке келтірдік. Тап-тұйнақ-
тай  боп  жөнделген  бірнеше  кішігірім  үйлерімізге  ұста,  тас  қалаушы,  пешші,  күзетшілер  кіріп  алды. 
Балаларды көшіру қиынсыз еді, өйткені шеберханалар мен шаруашылықсыз оларға істейтін де ештеме 
қалмайтын.  
Колонистер екінші колонияға күн сайын барып тұрды, жұмыстың көбін де өздері істеді. Жаз бойына 
ондаған  бала  күркелерде  күнелтіп,  бау-бақшаны  бағып-қақты.  Бірінші  колонияға  үйме  арба  алма  мен 
алмұртты да солар әкеп берді. Солардың сіңірген еңбегінің арқасында Трепке бағы адам таңқалғандай 
аса мәдениетті халге жетпегенмен, әжептәуір көркейіп қалды.  
Сұрақтар: 
1. Макаренко тәрбиенің қандай әдісін қолданып тұр?  
2. Қолданған әдісі арқылы колонистердің бойында қандай қасиеттер қалыптасады деп ойлайсыз?  
«Кейс-стади» әдісін пайдалана отырып берілген проблемалық сұрақтардың шешімін табу.  
2  –  тапсырма:  В.А.Сухомлинскийдің “Коллективтің құдыретті күші” еңбегі мен А.С.Макаренконың 
“Ұстаздық дастан” еңбектерінен бір үзінді ала отырып, салыстырып айырмашылығын және ұқсастығын 
табыңыз, «Венн диаграммасы» кестесіне салыңыз.  
Жоғарыда  айтылған  пікірлерді  қорыта  келе,  сабақта  интерактивті  әдістерді  пайдалану 
студенттердің ізденушілік іс-әрекетін және зерттеушілік құзыретін дамытуға мүмкіндік береді. 
 
1
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» // Егемен Қазақстан. 2007, 15-тамыз. 
2
 
Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. – Алматы, 1975. – 318 б. 
3
 
Баласағұн Ж. Құтты білік / аударған А.Егеубаев. – Алматы, 1986. – 52 б. 
4
 
Лукашенко  С.Н.  Развивающее  обучение  в  условиях  многоуровневого  образования  /  Н.Л.  Кузнецова,  С.Н. 
Лукашенко // Сборник научных материалов окружной научно-практической конференции « VI Знаменские чтения» / 
под ред. В.Н. Малиновской. В 2 ч. Часть 1. - Сургут: РИО Сур-ГПУ, 2007. С. 130-132 (авторских- 1,5 с). 
5
 
Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. – Алматы: Ғылым, 1994. – 360 б. 
6
 
Исаева  З.А.  Подготовка  студентов  университета  к  научно-исследова-тельской  работе  по  педагогике: 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
200 
Методичеcкие  рекомендации.  –  Алматы,  Изд.  КазГУ,  1996.  -  25  с.  Богоявленская  Д.Б.  Интеллектуальная 
активность как проблема творчества. Ростов. Издательство Ростовского университета. -1983, -176 с. 
7
 
Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б. 
8
 
Библер В.С. Мышление как творчество. – М.: Политическая литература, 1975. – 220 с. 
9
 
Лукашенко С.Н. Многоуровневая подготовка специалистов [Электронный ресурс]  
 
Түйін 
Мақалада «Жалпы педагогика» пәні бойынша оқыту үдерісінде интерактивті оқыту әдістерін пайдалана отырып, 
студенттердің  зерттеушілік  құзыреттілігін  дамытуға  бағытталған  тапсырмалар  ұсынылды.  Интерактивті  оқыту 
әдістерін  оқыту  үдерісінде  пайдалану  студенттерге  түрлі  ситуациялар  мен  тапсырмаларды  талдауға,  ізденуге, 
зерттеуге мүмкіндік береді.  
 
Резюме 
В  статье  по  предмету  «Общая  педагогика»  используя  в  процессе  обучение  интерактивные  методы  обучения 
предлагается  и задания  для  развивания  исследовательской  компетенции студентов.  Использование интерактивных 
методов обучения в процессе обучения дает возможность студентам анализировать, искать, исследовать различные 
ситуации и задания. 
 
Summary 
In this article there will be tasks targeting development of research competence in students by using interactive methods of 
teaching  in  classes  followed  by  “Common  pedagogic”  subject.  Interactive  methods  of  teaching  will  give  students  chance 
make researches in the process of analysis, studying, and learning various situations and information.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет