Тірек сөздер: «Культ» концепті, ойсурет, фрейм, сценарий, гештальт, ассоциация, Су культі, От культі, Ағаш
культі, Жаратушы күштер концептісі
Қазіргі жаһандану үдерісінде тіл білімінде этнолингвистикалық, этнопсихолингвистикалық,
әлеуметтік лингвистикалық, лингвомәдениетанымдық, когнитивтік лингвистикалық және бағыттарда
«Дүниенің тілдік бейнесі», «Түркілік ғалам моделі» теориялары тұрғысынан түрлі зерттеулер жүргізу кең
үрдіс алып келеді. Қазіргі кезде дүниенің тілдік бейнесін жалпы адамзат танымындағы әлем моделімен
және дүниенің тұтас концептуалдық бейнесімен бірлікте қарастыру - әрі философиялық, әрі
филологиялық зерттеулер нысаны бола алады. Ғаламның тілдік бейнесі мен ғаламның концептуалдық
бейнесінің «тіл – ойлау - әлем (ғалам)» аясында зерттеудің қажеттілігі артып отыр.
Қазіргі таңда қоршаған орта, әлем, дүние туралы барлық мағлұматтар халықтың сан ғасырлық
дүниетанымы негізінде туындаған тілдік бірліктер яғни жеке сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер,
қанатты сөздер, прецедентті мәтіндер арқылы сақталып, атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, әлемнің
тілдегі бейнесі жаңарып та, толығып та отырады. Әр ұлттың өз әлемдік бейнесі бар, себебі тіл тек ойлау,
қарым-қатынастың құралы ғана емес, тіл бүкіл этностың рухани және мәдени айнасы. Тіл – мәдениетті
сақтаушы, дамытушы, ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдаушы ерекше коммуникативтік құрал, салт-сананың,
ұлттық ділдің, ұлттық ойлау мен сананың сан қырлы қасиеттерінің көрінетін тұсы.
Әр түрлі этностар мен олардың әлемге көзқарасының, салт-санасының, дүниетанымының көрсеткіші
болып табылатын құндылықтар дүниесіне қатысты тілдік бірліктерде жинақталып, сақталған ұғымдар
когнитивтік, концептуалдық, семантикалық, құрылымдық, этнолингвистикалық, тақырыптық және
семиотикалық тұрғыдан зерттеуді қажет ететін көпаспектілі мәселе. Таным бірліктері тіл мен ойлау,
ойлау мен танымның, сананың бейнелік, эмоционалды-экспрессивтік ерекшеліктерінен тұратын, деректі
және дерексіз ұғымды көрсететін, тілдік құбылыстардың ішіндегі аталымдық және семиотикалық
моделдері қалыптасқан тілдік бірліктер арқылы көрініс табады. Тілдік репрезентанттарына халықтың
жаратылыс құбылыстарын бағалаушы культтік ұғымдар, культтік фразеологизмдер мағыналық
құрылымындағы, семантикалық тұлғасындағы кодталған әртүрлі ақпараттарды айқындау тіл білімінің
өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Тіл білімінде культтік наным-сенімдерге қатысты фразеологизмдердің зерттелу тарихы әріден бастал-
ғанымен, олардың қалыптасу негіздері, танымдық табиғаты лингвистикалық тұрғыдан ашыла қойған жоқ.
Жұмыста жүйелі түрде «Культ» лексемасы алғашқы рет концепт тұрғысынан қарастырылады. Жалпы
түркілік деңгейдегі «Культ» концептісі әлі күнге дейін толық қарастырылып, салыстырмалы түрде жете
зерттеле қоймаған. «Культ» ұғымы тарихи-этнографиялық, діни, мифологиялық, философиялық тұрғыдан
ғана қарастарылды. Бұл ұғым когнитивті лингвистикаға, тіл мәдениетіне, социолингвистикаға,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
213
мифологияға, этнографияға да тікелей қатысы бар ауқымы кең этнолингвистикалық мәселенің бірі
болғандықтан, мұны қазақ, қырғыз, өзбек, татар, тува, хакас, алтай, шор, якут (саха) т.б. ірілі-ұсақты түркі
тілдерінің материалдары негізінде қарау оның архитиптік элементтерін, түркі мәдениетіне ортақ таным
элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда түркі тілдес халықтардың тілінде материалдар негізінде
түптүркілік культ концептісінің барлық құрылымын бір ғана зерттеу жұмысында түгел қамтып, жан-
жақты қарастыру мүмкін емес, сондықтан тек қазақ тіліндегі тиісті этнолингвистикалық параллелдерді
саралаудың бірегей ғылыми-танымдық көріністеріне ерекше көңіл бөлінді.
Тіліміздегі культке қатысты атаулар, терминдер, лексика-фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер
мен мақал-мәтелдердің қоғамда қалыптасқан ауыспалы мағынасын ғана емес, сонымен қатар сол
мағынаның қалыптасуына негіз болған о бастағы әр алуан уәждерін анықтау жұмыстың өзектілігін
көрсетеді. Сонымен қатар түркі халықтарындағы культке қатысты атаулардың және ертедегі дүниетаным
мен наным-сенімдер, салт-дәстүрлер әлеуметтік-қоғамдық түрткі жайттарға қатысты ұғымдарға
негізделген лингвомәдени бірліктердің қолдану деңгейін антропоцентристік тұрғыдан айқындау көзделді.
Культке қатысты атаулар, культтік фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер, халық ұғымында
қалыптасқан ұғым-түсініктерді көрсететін, қазіргі көркем мәтіндерде көрініс тапқан мифологиялық,
сакральды жүйелердегі, т.б. «культ» концептісінің тілдік репрезентанттарының ұлттық-танымдық мәні
мен олардың түркі тілдеріндегі соның ішінде қазақ, қырғыз, өзбек тілдеріндегі қолданыс ерекшеліктері
этнолингвистикалық және этномәдени негізі. Біздің зерттеу аспектіміз – дүниетанымдық тіл білімі.
Тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып
білудің ғылыми-теориялық негіздерін қарастыратын, антропоцентристік бағыт шеңберінде қалыптасқан
тіл білімінің жаңа саласы - когнитивті лингвистика. Сондықтан когнитивті лингвистика тіл білімінің
танымдық бағыттары мен аспектілерін әртүрлі қырынан негіздейді және адамның таным процесіне
қатысты білімін тереңдетеді, тәжірибесін молайтады. Когнитивті лингвистика – мәліметтердің адам
танымында өңделіп, адам санасында қалыптасқан тілдік формадағы білімдер жиынтығы. Сонымен қатар,
дүние бейнесін модельдеуге, тілдік сананың құрылымын модельдеуге бағытталады. Дүниенің тілдік
бейнесін жасаудағы басты ұстанымдардың бірі – антропоцентризм. Антропоцентризм – (гр. antröpos адам
және centrum центризм (орталық) «адам» және «центризм» деген екі сөз қосылып, адамның дүние
танымындағы рөлін көрсететін философиялық термин. Ол жаңа заман лингвистикасында негізгі назар тек
тілге емес, оны жаратушы, қолданушы және дамытушы адамға аударылады. «Адамзат баласының
дүниетанымын, парасат-пайымын, тілдік бейнесін, білімін, ойлау құбылыстарының сан қырын ашу - адам
үшін, адамның игілігі үшін, адамның білімі үшін, яғни дүниенің, әлемнің бәрі адам үшін» деген ұғымға
саяды Антропоцентризм – дүниені, тілді адами тұрғыдан, адам үшін түсіндіретін концепция.
Қазіргі кезде тіл білімі ғылымы саласында антропоцентристік парадигма негізінде бүкіл халықтың
дүниетанымы, ділі, мәдени құндылықтары, тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру салтына әсер ететін дүниенің
тілдік бейнесі, ғаламның тілдік бейнесі, когнитивтік, прагматикалық, психолингвистикалық парадигма
тұрғысында қарастырған біраз зерттеу еңбектері бар. Тілді танымдық тұрғыдан, когнитивтік негізде
қарастыру шетелдік ғалымдардың Т.А.ван Дейк, М.Джонсон, М.Витгенштейн, Г.Н.Кент, орыс тіл
білімінде В.Гумбольдт, И.Потебня, Е.С.Кубрякова, В.И.Постовалова, В.Н.Телия, А.Вежбицкая,
А.П.Бабушкин, С.А.Аскольдов, т.б. сияқты ғалымдардың еңбектерінен басталады.
Отандық тіл білімінде Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Б.Қалиев,
Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, С.Сәтенова, Г.Гиздатов, М.Копыленко, Р.Авакова, А.Ислам, Р.Шойбеков,
Э.Оразалиева, М.Оразов, С.Ақаев, Б.Тілеубердиев, М.Атабаева, Г.Әзімжанова, Г.Сағидолла, Б.Қасым,
Ш.Сейтова, М.Күштаева, А.Әмірбекова, М.Б.Абдрахманова, Қ.Жаманбаева, Н.Н.Аитова, А.Қ.Сейілхан,
С.И.Жапақов, С.Иманбердиева, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде бұл мәселені тіл білімінің түрлі
салалары тұрғысында қарастырып, зерттеу еңбектерінде когнитивтік зерттеулерге қатысты тіл білімінің
ғылыми ұғымдық аппаратына дүниенің тілдік бейнесі, ғаламның тілдік бейнесі, дүниенің концептуалды
бейнесі, дүниенің объективті бейнесі, дүниенің қарабайыр бейнесі, концепт, концептілік өріс, фрейм,
гештальдт, сценарий немесе скрипт, сюжет, концептуализация, категоризация, концептуалды метафора,
концептуалды бейне, концептуалды жүйе, когниция, когнитивтік үлгілер, вербалдылық, ментальділік,
ұлттық мәдени бірліктерді, т.б. терминдік қолданыстарды кеңінен енгізді.
Әлемнің тілдік бейнесін, дүниетанымдық сипатын әр қырынанан академик Ә.Қайдар: «Өткен өмір мен
бүгінгі болмысты танып білудегі логикалық, философиялық, дүниетанымдық, эстетикалық, тағлымдық,
прагматикалық, этнолингвистикалық мәнін түсінуде адам баласына тән асқақ ой, тегеурінді тұжырым,
кешенді ақыл, дара біткен даналық – бәрі-бәрі сайып келгенде, тауып айтылған сөз арқылы ғана әр
қырынанан жарқырып көріне алады» [1:16] десе, когнитивті лингвистика мен этнолингвистиканың өзара
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
214
байланысын ғалым Ж.Манкеева былайша түсіндіреді: «Әр халықтың басынан кешкен тарихы бүкіл
рухани, мәдени байлығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажетті
бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, талғамы және т.б. тілде сақталып, тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа
беріліп отырады» [2:43]. Демек, әлемнің тілдік бейнесі тіл арқылы танылады, тілдің танымдық көріністері
тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
Тілдегі әлемнің ұлттық бейнесі туралы айтқанда, ғалымдар концепт, концепт түрлері туралы ұғымын-
дарды қарастырып жүр. Концепт – белгілі бір танымды айқындайтын тірек сөздер көлемінде танылатын
ұлттық болмысқа негізделген санадағы ақиқат дүниенің құндылықтарын көрсететін ақпараттар бірлігі.
«Концепт» бір ғана ұғымды бермейді. Ол әр ұлттық ерекше дүниетанымын көрсететін, ұзақ ғасырларда
санада сақталып келген ұлт заңдылықтары жөніндегі түсінікті білдіретін күрделі құрылым.
Біздің жұмысымыздағы концептік талдаудың негізгі мақсаты – «культ» концептісін ғаламның тілдік
бейнесі аясында түсіндіру. «Культ» концептісі лингвомәдениеттік өзгеше тілдік көрінісі бар, ұлттық-
мәдени ерекшеліктері байқалатын түркі тілдеріндегі, қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының санасында берік
орын алған жоғары құндылық категориясына жататын концептілер болып табылады. Концепт ретінде
жалпыұлттық құндылықтарды түсіндіре алатын ұғымдар екі бағытта жүргізіледі; когнитивтік және
рухани-мәдениеттанушылық. Концептіні түсінудің лингвокогнитивтік және лингвомәдени бағыттары бір-
біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтырады, бір құбылыстың екі жағын: сөздің және оның
мағыналарының қосылуы; сөздің мәдени контекске енгізілуі. Лингвокогнитивтік концепт – санада ақиқат
дүниенің құндылықтарын көрсету, санадан мәдениетке бағыт; ал лингвомәдениеттік концепт – тіл мен
мәдениеттің өзара әрекеті жүзеге асыратылатындықтан кез келген санадағы ақиқат дүние жүзеге асады,
мәдениеттен санаға бағыт.
«Когнитивті лингвистикаға кіріспе» деген оқу құралында» В.А.Маслова адам санасындағы білім
әртүрлі тілдік құрылымдар арқылы көрініс табады дей келе: «... елестету, схема, картина, фрейм,
сценарий (скрипт), гештальт» сияқты бірліктерді адам танымындағы ақпараттарды сыртқа шығаруда
қолданылатын тілдік құрал деп есептеген [3:35]. Кез келген концепт тілдік бірліктер (атаулар, терминдер,
мақал-мәтел мен қанатты сөздер, тұрақты сөз тіркестері, сөйлемдер, т.б.) арқылы, олардың әр түрлі
құрылымдық модельдері арқылы тілде көрініс табады. Олардың бастылары: фрейм, скрипт; схема;
ойсурет, гештальдт, сценарий немесе сюжет, ассоциация т.б. Бұлар санада белгілі бір құрылым
үлгісінде сақталатын, бірінен соң бірі келетін сатылы әрекет.
Біз өз жұмысымызда ойсурет, фрейм, сценарий, гештальт, ассоциация концептілерін тілдік материал
талдауда қолданамыз. Концепт арқылы халықтың, ұлттың дүниетанымын, ой-өрісін, білімін анықтауға
болады.
Фрейм (фрейм – ағылшын сөзі, «қаңқа» деген мағына береді) алғашында лингвистикалық құрылым
ретінде қарастырылса, кейінгі кезде ол дүниетанымдық яғни когнитивтік құрылым тұрғысынан түсіндірі-
ліп жүр. Фрейм теориясын алғаш рет ұсынған американ ғалымы М.Минский. Ал В.А.Маслова: «Фрейм –
жадыда сақталған түсініктер мен санада қордаланған білім құрылымының типі, сондай-ақ адамның
өмірлік тәжірибесінің белгілі бір фрагменті жөніндегі ақпарат. Ол білімнің құрамына лексикалық мағына,
энциклопедиялық және экстралингвистикалық білім енеді. Фрейм қандайда бір басты, өзекті концепту-
альды атау (нақты сөз арқылы білдірілетін мағына, ұғым) төңірегіне құрылады, сондықтан сол концепту-
альды атаумен ассоциация тудыратын ақпаратты түгелдей қамтиды» деген анықтама береді [3:46] Ғалым
Н.Уәли: «Фреймнің маңызды категориялық ерекшелігі – тілдік және тілдік емес білімді біртұтас
когнитивті бейнеге (образға) айналдыра алатын құрылым» деп түсіндіреді [4:46]. Фрейм – бір нәрсе
туралы адам санасындағы ақпараттық құрылымдар жүйесі, бір біріне байланысты ұғымдар мен түсініктер
жиынтығы. Фрейм – белгілі бір концепт төңірегінде жинақталған тілдік бірліктер. Фрейм - әрі схемаға
түсіру формасы.
«Культ» концептісі қандай да болмасын халықтың рухани-мәдени мәні бар концептілердің бірі, әрі
халықтың дүниетанымында да басты орын алады. Рухани мәдениет адамдардың қоршаған дүниеге
көзқарасы, діни танымы, наным-сенімі, мінез-құлқы, қабілеті т.б. ұғымдар арқылы танылады. Культ
өзінің абстракциялы сипаттамасы бойынша өте күрделі. Мәселен, діннің шығуын, таралуын және
түрлерін мифологиялық, тарихи, этнографиялық тұрғыдан зерттеушілердің бірі - кеңес одағы кезіндегі
атақты ғалым С.А.Токарев. Ғалымның «Ранние формы религии, 1991» дүние жүзі халықтарының
мәдениетіндегі алғашқы қауымдық діни наным-сенімдердің шығу мәселесі мен культ түрлеріне арналған.
Бұл еңбегінде алғашқы наным-сенімдер тотемизм, шаманизм, нагуализм, магизм, анимизм, бақсылық
және жерлеу культі, алғашқы қауымдық культ, кәсіптік культ, аграрлық культ, отбасы культі, құрбандық
шалу культі, тау культі, т.б. діни, этнографиялық тұрғыдан қарастырады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
215
«Культ» концептісі туралы жазылған тарихи және археологиялық деректерге жүгіне отырып, культ
ұғымына қатысты атауларды мағыналары жағынан жүйелеп топтап, культ ұғымын білдіретін жеке
атаулар, фразеологизмдер, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер, сөйлемдер, когнитивтік бірліктер, яғни
тілдің когнитивтік бейнесін т.б. концептуалдық өріс аясында топтастырып, ақиқат болмыстағы
дүниетанымымызды, фреймдер арқылы көрсетуге тырыстық.
Концептілік өріс – әрбір ру, әрбір этностың, болмыс-бітімі мен мәдени құндылығын көрсететін тілдің
когнитивтік бейнесі. Олар макро және микроконцептілер құрайды. Тілдің когнитивтік бейнесін тілдегі кез
келген тілдік бірліктердің астарынан көруге болады. Мәселен, қазақ тіліндегі мақал-мәтел,
фразеологизмдер, қанатты сөздер қазақ халқының сан ғасырлық дүниетанымы негізінде туындаған тілдік
бірліктер болып табылады.
Ұлттық танымда жүйеленген, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін концептілер (жаратушы
күштер, аспан денелеріне табыну, алғыс, қарғыс, бата сөздерге табыну) ұлттық мәдени концептілерге
жатады.
Біз зертеу жұмысымызда культ концепті түрлерін, өткен дәуірдегі халықтың дүниетанымынан мол
хабардар беретін культтің когнитивтік бейнесін айқындауда Ай культі, Күн культі, Су культі, От культі,
Умай ана культі, Ағаш культі, Аруақтар культі және Жаратушы күштер концептісіне қатысты тілдік
бірліктерді этнолингвистикалық тұрғыда қарастырамыз.
Қарстырылып отырған От культінің фреймдік құрылымы «от – үйдің иесі, отбасының символы,
шамшырағы, қамқоршысы, аластатқыш, тазартқыш қасиеті бар»; Су культінің фреймдік құрылымы
«сусын», «пайғамбар»; Ағаш культінің фреймдік құрылымы «ғаламдық ағаш», «бәйтерек»; Аруақтар
культінің фреймдік құрылымы «жан», «рух», «өлім», «өмір», «тұлдау», «үші, жетісі, қырқын беру», «ас
беру», «оң жаққа жатқызу», «оң жақтан шығару», «шырақ жағу», т.б. Жаратушы күштер
концептісінің фреймдік құрылымы «қолдаушы, қорғаушы», «нұрын төгу», «шапағатын тигізу», «зират
ету», «жұмақ», «дозақ», «зікір салатын орын» т.б. танымдық діни ғұрыптық әрекеттерден тұрады.
Танымдық құрылымдардың тағы бірі – сценарий. Сценарий дегеніміз – адам жадында сақталған,
белгілі бір жағдаяттағы іс-әрекеттің (оқиғаның) бірінен кейін бірі болатын стереотипті, сатылы жүйесі.
Сценарий концептінің идеясын танытатын сюжеттерден құралады. Сценарий де, сюжет те - өзара жалғас-
қан оқиғалардың тізбегі; солардың біртұтас желісі. Фрейм мен сценарийдің бір-бірімен ұқсастықтары да,
айырмашылықтары да бар. Ұқсас жақтары – екеуі де белгілі жағдаятқа байланысты ұғымдарды тілдік
бірліктер арқылы көрсетеді, айырмашығы: фрейм – белгілі бір ұғымды бүтін күйінде, топтастырылған
пішінде, болмаса сызбанұсқа түрінде бейнелесе, сценарий – бірінен кейін бірі болатын әртүрлі іс-әрекетті
сатылып көрсетеді. Жаратушы күштер концептісінің сценарийлік құрылымы Құдайға жалбарыну, сыйы-
ну, құран оқу, намаз оқу, садақа беру, зікір салу сияқты әрекеттер бірінен-кейін бірі жалғасып жатады.
Гештальт та (неміс тілінде Gestalt – фигура, форма, құрылым), – фрейм сияқты дүниетанымдық
құрылымдардың бірі. Гештальтты құрылым – дәлме-дәл емес, бірақ тұтас, жалпылық сипаттағы түсінік.
Фрейм дүниені дәлме-дәл, тура мағынасында бейнелесе, гештальт оны жанамалап, тұспалдап, ауыспалы
мағынасында сипаттайды. Түркі тілдерінде гештальт көріністері «жалғыздық, бүтіндік», «тағдыр»,
«шүкірлік ету», «тәубешілік ету» принциптері негізінде құрылады. Жалғыздық, бүтіндік: Құдай [алла,
тәңірі] жаратты; Жалғыздың жары – құдай. Жалғыздық құдайға жарасар; Тағдыр, жазмыш бұйрығы:
Құдайдың [Алланың] бұйрығы. Құдайдың [Алланың] жазуы; Тәубешілік ету: Құдая тоба [тәуба]; Шүкір-
лік ету: Құдайға шүкір; Тұтастық: Момынның есебін қу табады, Қудың есебін құдай табады; Ұқсастық:
Адамның баласы – Алланың добы. Аққа құдай жақ. Тұйықтық: Құдайдың [құданың] құдіреті; араластық:
Араластық: Құдай десең – құр қалмас, Құдай берген арымас; Құдайға сыйынған құстай ұшады, Адамға
сыйынған мұрттай ұшады: Жалпы шектік: Құдайдың құтты күні; Көп қайда болса, Құдай сонда.
Ойсурет – концепт қалыптастыру операциясының ең күрделі формасы. Ойсурет терминін қазақ тіліне
енгізген профессор Н.Уәли. Ойсурет санада суреттеу тәсілі яғни бейне, символ, метафораның көмегімен
танылады. Ойсурет суреткердің қиялдау, суреттеу, ұқсату шеберлігінен туындайды. Санадағы фантазия-
лау таланты басым болса, концептіні ойсурет құрылымында таныту деңгейі жоғары болады. Ойсурет
концепт-мифтерде де кездестіруге болады. Мысалы, жаратушы күштерге қатысты ойсурет концепт деп
алла жар болсын, алланың құлағына шалынсын, тәңір жарылқасын, құдай сақтасын, құдай тілеуіңді
берсін, құдайға құлшылық ету, алладан жәрдем сұрау деген сияқты фразеологизмдерін айтуға болады.
Ассоциация – дүниені тануда адам санасындағы алғаш пайда болатын ділдік сигналдар, білім алудың
бір тәсілі. Ассоциация арқылы тану – бұрынғы тәжірибелер мен жаңадан қабылданған түсініктер
арасындағы байланыс. Сөздердің өзара жақын, не алшақ болуы, бірін-бірі ашып түсіндіре алуы – бірін-
бірі қажет етіп тұруы олардың бойындағы ұғымдық мәнмен байланысады. Сөздің ассоциативті өрісі
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
216
объективті шындықтағы нысанды қабылдаудың стереотипін сөздің екінші бір тілдік бірлікпен байланысы
түрінде береді, ал семантикалық жадының иерархиялық құрылымы жадыдағы ұғымдардың өзара
уәжделуімен анықталады. Өрістің толығуы мен құрылымын теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан
қарастыру ойлау мен тіл жүйесі арасындағы байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді. Мәселен,
Біздің зерттеуіміздің нәтижесі бойынша «Культ» концептісінің тілдік көріністерінің ішкі
құрылымында Абстрактілі категория → Сыйыну → Жалбарыну → Бас ию→ Табыну → Құрметтеу
мифологемалары өмір сүреді. «Культ» концептісі жүйесіндегі «сыйыну», «жалбарыну», «табыну»,
«құрметтеу» сөздерінің тілдік-танымдық моделі ерекше мәнге ие. Культ: 1) сыйыну (құдай, алла, тәңір,
хақ, раббы, жаббар, жаратқан, жаратушы ие, жасаған, ием); анимистік ұғымдар (аруақтар культі, жерлеу
культі, т.б.); 2) жалбарыну (арбау, мадақтау); 3) табыну, тотемдік, магиялық (сөз магиясы, киелі сандар,
бата, алғыс, қарғыс сөздер; біреуге табыну немесе біреуді қадірлеу немесе құдайларға табыну, көсемге
табыну); 4) құрметтеу, фетиштік (әулиелі, киелі жерлер, т.б.) діни наным-сенімдерге негіз болады.
« От» культі концептісі мынадай ассоциациялық өрісте танылған: От жалпыадамзаттық танымда →
ошақ → түтін → отбасы → ұрпақ → жан мифологемалары көрініс табады. От культі жалпыұлттық та-
нымда – үйдің иесі, отбасының символы, шамшырағы, қамқоршысы. «Аруақтар» культі концептісі мы-
надай ассоциациялық өрісте танылған: Аруақ жалпыадамзаттық танымда аруақ → жан → құт → о дү-
ние мифологемалары көрініс табады. Аруақтар культі – қысылғанда, бастарына бір қиындық түскенде,
жан қиналғанда, аруақтарды шақырып, олардан көмек сұрайды, үйдің, отбасының қамқоршысы,
көмекшісі.
«Культ» концептісінің табиғатын ашу үшін ертедегі көшпелі түрлі халықтардың мәдениетіне тән
мифологияға тоқталамыз. Табиғаттың дүлей күштерінің алдындағы дәрменсіздігі, айналасындағы заттар
мен құбылыстардың құпиясы алғашқы қауым адамына тән ойлауды мифологияны туғызды. Миф - нақты
бір тарихи уақытта, нақты бір географиялық кеңістікте нақты бір саяси, әлеуметтік, мәдени, шаруашылық
жайында тірлік етіп жатқан адам қоғамының өзі өмір сүріп отырған орта, уақыт пен кеңістік туралы,
ғалам туралы, оның қалай пайда болғандығы, жаратушысы жайында адамға ықпал ететін ішкі сыртқы
күштер туралы, өз қоғамының ғаламдағы орны, дәрежесі туралы түсініктердің жиынтығы, дәлірек айтқан-
да «түсіндім» деген стереотипі. Стереотип білім алудың қайнар көзі, когнитивтік модель қалыптастыру-
шы ментальді әрекет. Стереотип – адам санасында туындайтын дүние бейнесінің бір бөлігі. Яғни әрбір тіл
бірлігінің бойынан стереотиптік таңбаны тануға болады. Бұл жағдайда миф - ойдан шығарылған өтірік,
жасанды дүние емес, нақты халықтық дүние мен өзі туралы шындық басқаша айтқанда - «шын» деп
есептелінген, тарихи, рухани тәжірибесіне сүйенген стереотиптік деңгейдегі ақиқаты [5:112].
Достарыңызбен бөлісу: |