1
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. – М.: Народное образование, 1998.
– 256 с.
2
Пассов Е.И. Основы коммуникативной теории и технологии иноязычного образования: методическое пособие
для преподавателей русского языка как иностранного / Е.И.Пассов, Н.Е. Кузовлева. – М.: Русский язык. Курсы,
2010.– 567с.
3
Государственный общеобязательный стандарт начального образования. Утвержден постановлением
Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2012 года № 1080.
4
http://www.dissercat.com/content/lichnostno-orientirovannaya-napravlennost-kommunikativnykh-tekhnologii-
obucheniya-studentov-#ixzz3oLllQdPu
5
Колшанский Г.В. Коммуникативная функция и структура языка. М., 1984
6
http://revolution.allbest.ru/pedagogics/00012772_0.html
Түйін
Мақала қазіргі білім берудің өзекті мәселесіне арналған. Оқыту жүйесіне жаңа білім беру бағдарламаларының
белсенді енгізілуі мен оны табысты меңгеру тұлғаға бағдарланған оқытуды ұйымдастыру, оқытудың жаңа
педагогикалық технологияларын жасау және енгізу арқылы оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық
әлеуетін барынша дамытуды талап етеді.
Мақаланың теориялық мәнділігі - «педагогикалық технология», «коммуникативтік технология», «тіл» және
«коммуникативтік тәжірибе» ұғымдарының мағынасын ашу.
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған коммуникативтік білім
беру технологиялары негізінде оқыту ұғымының мәні анықталған.
Summary
The article is devoted to an actual problem of modern education as a active introduction the system of learning new
educational programs and the students’ successful assimilation requires the maximum development of creative and intellectual
potential, through the organization of a student-centered approach, the development and introduction of new educational
technology learning.
The theoretical significance of the article is uncover the essence of the concepts of "educational technology",
"communicative technology", "language" and "communicative experience."
The essence of education through the using the educational technologies of communication, which is creating conditions
for the formation of an active cognitive students activity.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
243
ӘӨЖ 374.31.(572)
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
ОТБАСЫНЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖАЙЛЫ ПЕДАГОГ-ҒАЛЫМДАРДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ
М.А. Мавленова – магистрант,
М.Жаздықбаева – п.ғ.к., доцент А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,
Жақсы, жаман болса бала – солардан.
Ж.Баласағұни
Тұрақты дамитын және бәсекелесуге қабілетті мемлекет құра отырып, Қазақстан Республикасында
балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар үнемі жүріп жатыр. Балалыққа қатысты
саясаттың тиімділігін арттыру мақсатымен соңғы жылдары Қазақстан Республикасы балалар құқығын
қорғайтын халықаралық ұйымдармен қызметтестік тәртіпте жұмыс атқаруда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында “Неке мен отбасы, ана мен әке және бала
мемлекеттiң қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи
құқығы әрi парызы, кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына
қамқорлық жасауға мiндеттi” , - деп көрсетiлген.
Елiмiздiң қайта толықтырылып 2002 жылдың 1 шiлдесiнде берiлген “Неке және отбасы туралы”
Заңында “Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге
де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге
байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар
тобы”, - деп анықтама берiледi.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “... халық Аллаһына, Тәңiрiне сенiп, ертеңгi күнiн, ар жақтағы
ана дүниеге баратын күнiн ойлап, дүниедегi мынау бүгiнгi күннiң күйбеңiмен жүре бермей, Пайғамбары-
мыз Мұхамедтiң (с.ғ.с.) хадистерiне сәйкес өмiр сүрсе деймiн” деген сөзiн басшылыққа ала отырып,
мұсылман балаларына қасиеттi хадистерiмiзде де отбасылық өмiр мен өмiрге бала әкелiп дұрыс тәрбие
беру мәселесi жақсы айтылғанын еске алғанымыз жөн. Ислам дiнi кез келген ата-анаға мынадай үш
мiндет жүктейдi: Бiрiншiсi, балаға көркем ат қою; Екiншiсi, дiннiң әдептi тәрбиесiн сiңiру; Үшiншiсi,
тәрбиелi отбасымен құда болып, баланы айттырып үйлендiру. Ер кiсi – жанұяның тәрбиешiсi. Сондық-
тан – ол отбасы тәрбиесi үшiн жауапкер. Әкенiң бұл өмiрде баласына сыйлайтын сыйлықтарының
iшiнде ең қымбаты және баға жетпес асылы – көркем әдептi тәрбие (Пайғамбарымыз Мұхамедтiң
(с.ғ.с.) хадистерiнен).
Отбасы – неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкер-
шілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990).
Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. «Отбасының тәрбие институтты ретінде
маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету
ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді» деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу
жұмысында.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған.
Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру,
тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Қазіргі заман отбасындағы қарым-қатынасты тәлім-тәрбиелік ықпалы тұрғысынан қарастырсақ, онда
бұл отбасының іргесін нығайтатын тұрақты, күнделікті өмірдегі өзара түсіністік, келісім, достық
сипатындағы байланыстар деуге болады. Бұның ерекшелігі достық, жолдастық, сүйіспеншілік сезімдеріне
негізделуінде. Сөйтіп, бүгінгі отбасындағы қарым-қатынас сипатын – біреудің ерекше орынға ие болуы,
билік және психологилық жақындыққа негізделген деп айқындауға болады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде
алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы
жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді» деген
тақырыптарда С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.
70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-
перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е.Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп
беруді», З.И.Янкова және т.б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын
саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды,зерттегендер мысалға А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
244
Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсерін Т.В.Лодкина,
А.И.Захаров, В.С.Мухина, Е.О. Смирновалар атап көосеткен. А.Н.Леонтьев, С.А.Козлова, балаға отбасы
жылулығының әсерін атап өткен. Жақын адамдардың әсерін баланың алдымен сезініп, түйсінуі және сөз
түрінде бейнелеуінің маңызын А.В.Запорожец, А.Д.Кошелева және т.б. белгіленген. Отбасы тәрбиесінің
терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен
баланы жақындатуының маңызын Ю.П.Азарова, И.В.Гребенников, Т.А.Маркова, А.Г.Харчев т.б.
белгіленген. Қазіргі заман отбасыларының дефектілерін «неблагополучные» дейді. Екінші некенің бала
тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е.П.Арнаутова, А.И.Захарова, Е.И.Кульчицкая т.б. Жалғыз бала тәрбиесі
туралы А.П.Усова, егіздер тәрбиесін Р. Скиннер, К. Витек т.б. зерттеген.
Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата
кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Жүсіп Баласағұни, Сайф Сараи шығармаларында, хандық
дәуірдегі ақын-жыраулар мұраларында, Ы. Алтынсарин еңбектерінде, Абай Құнанбаев, А.Байтұрсынов,
Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев мұраларынан да елеулі орын алғанымен әлі толық зерттеле қойған жоқ.
Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты Х. Арғынбаев, Г. Уманов, К. Оразбекова, Ж. Қоянбаев,
З.Әбілова т.б. еңбектері бар.
Ата-ана — алғашқы тәрбиеші балаға ең үлкен әсер етушілер. Ж.Ж.Руссо: “Балаға соңғы тәрбиешінің
әсерінен гөрі алдыңғысынікі көбірек”, - деп тұжырымдаған.
Бүгінгі таңда отбасылық дағдарыстардың шиеленісуі, оның ішінде әке мен баланың, анасы мен
қызының тіл табыса алмау мәселелері, нәтижелерінде қақтығыстардың, үйден кету жағдайлардың
мысалдарына жиі кезігіп жүрміз. Оның зардаптары, жалпы жас қоғамымыз үшін, айқын көрінуде. Оған
себеп, отбасылық жылулыққа, татулыққа деген саналы көзқарастың жетіспеушілігі, мәдениеттің
төмендігі. Мұның өзі уақыт талабына сай ізгіліктік негізінде отбасылық жағымды қарым-қатынасты
қалыптастыру қажеттілігі мен психология практикасында бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында
қарама-қайшылықты тудырады.
Қазіргі зерттеулерде отбасына байланысты оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының
негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн Д.Л.Кондратьев және т.б.
тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина Р.
зерттеді, ал жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г.П., Драгунова Т.В. және
т.б, ал танымдық эмоциялық – еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский, жеке тұлғаның
өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В.В. тұлғаның анамальды даму механизмдері
туралы Дозорцева Е.Г сияқты ғалымдар зерттеді.
Отбасы туралы басқа көзқарас А.И.Захаровтың пікірлерінде жазылған. «Әлеуметтік психологияда
«Бастапқы топ» деген түсінік бар. Бұл топтағы байланыстар топ ісіне оның мүшелерінің тікелей
келісімдеріне, эмоционалдық әсерлерінен құрылады, оның қатысушыларының жоғары дәрежедегі
бірігуін қамтамасыз етеді. Мұндай бастапқы топ — отбасы болып табылады, ол жаңа мүшелердің
сырттай «тәсілдерінің» арасында емес, балалардың дүниеге келуі арасында көбейіп, өсетін жалғыз топ».
Отбасы қатынасының категорияларына құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г. Харчев
берген анықтама ерекшеленеді: «Отбасы – бұл кішкентай топ ретінде ата-аналар мен балалар арасындағы
өзара қарым-қатынастың нақты тарихи жүйесі, оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынаспен,
тұрмысының ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан және халықтың
рухани туындыларымен қоғам сұранысына негізделген әлеуметтік қажеттілік».
А.И. Антонов отбасын «адамдардың біріккен жалпы отбасылық ортақ әрекетіне негізделіп, ата-ана-
туысқандық желілермен байланысқан және балалардың өсіп-жетілуі мен отбасы мүшелерінің өмір сүруін
қолдау» деп түсіндіреді.Отбасылық қатынас жеке тұлға мен қоғамның өзара байланысында
қарастырылады. Бұл бағыттың негізін салушылар мен жақтаушыларына У. Джемс, Ч. Кули, У. Томос, Ф.
Знанецкий, Ж. Пиаже, З. Фрейд және т.б. жатады.
Бала тәрбиелеу ешқандай дайындықты керек етпейтін қарапайым әрекет секілді болып көрінеді.
Көпшілік қауымның осындай көзқараста екені оларға қойылған сұрақтар мен өткізілген сауалнамалар,
әңгімелерден белгілі болды. Мұндай көзқарасты кезінде К.Д.Ушинский «педагогикадағы надандық» деп
санаған. Жалпы мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі, жан-жақты зерттеліп келгенімен, ата-аналарды
отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыруға даярлау, не болмаса педагогика, психология саласынан
қарапайым болса да білім беріп, сауатын ашу мәселесі Отанымызда әлі күнге зерттеуге алынбаған.
Отбасының басты кейіпкерлері – ата-ана. Демек, ондағы әр түрлі қарым-қатынас процестерді
басқарып реттейтін де солар. Осыған орай, Г.И.Вахмянин отбасы тәрбиесінде кетірілген қателіктерді
жалпы ақтауға болмайтынын дәлелдей отырып, соның ішінде ата-аналар біліп тұрып, саналы түрде жай
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
245
емес сатып алатын бір үлкен пәлекет – ішкіліктің қай түрін де, қашан, қайда, қалай ішсе де айыптайды.
Отбасы, онда туып өскен бала тағдыры, алдымен әкенің қолында екенін Н.М.Карамзиннің «Без хороших
отцов нет хорошего воспитания, несмотря на все школы, институты и пансионы» деп дәріптейді. Бала
кезінде маскүнем отбасында өскендіктен тәрбие дұрыс болмай, қабілеттері даму таппай, мінез-құлқы,
психикасы бұзылған, бұйығы, ынжық, тартыншақ т.б. болып қалған адамдардың өмірі де толыққанды
сипатта өтпейтіні белгілі.
Жалпы адам табиғаттың ең бағалы туындысы болса білімді, тәрбиелі адам қоғамның ең қымбат
байлығы. Ғұлама-ғалым Әл-Фараби тәрбиелі адам – қоғамының байлығы деген.
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың орны туралы Абай Құнанбаев, адамның адамдық қасиеттерге ие
болмағы, әуелі, ақыл ғылыммен болса, ол қызығу, денсаулыққа байланысты, қалғаны «жақсы ата, жақсы
ана» үлгі, өнегесі деген. Бұдан ұғатынымыз баланың бойында адамдық жақсы қасиеттердің болуы ата-
ананың ықпалына әбден тәуелді екені. Сонда осы ықпал дегеніміз не? Ықпал - бір адамның екінші бір
адамға, не бір заттың екінші бір затқа ететін әсері. Ықпал сөзінің мәнісі осы бір адамның екінші бір
адамға әсерінен соңғы оның салдары болса, тағы бір мәні ол себеп те бола алады. Осыған орай, қазақ
тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігінде ықпал етті – әсерін тигізді, себепкер болды деген түсініктемелер
мен қатар «айтқанын істетті, ыңғайына көнді,...» қозғау салдың деген түсініктемелер берілген.
Демек ықпал, тек әсер ету үрдісі ғана емес, сонымен бірге, оның салдары кейде себепте бола алады.
Осы сөздердің мәнісін талдай келе ықпал ету арқылы, бір заттың не адамның екіншісіне ықпалы тиген не
әсері тигенде адам немесе зат жаңа сапаға ие болуы, езгеруі заңды құбылыс. Мұндай өзгерістер кебінесе
сол заттың не адамның жаңа сапаға ауысып, жаңа сипатқа ие болуымен белгіленеді, содан көрінеді.
Балалардың кетірген қателіктері ата-ананың тәрбиеде жіберген кемшілігі, егер бала көңілдегідей
болмай шықса, бұған әке мен шеше өздері кінәлі екенін саналы мойындамайынша отбасы тәрбиесі,
демек, ата-ананың ықпалы межелі нәтиже бермейді. Педагог-журналист В.Е. Храпов «Тәрбиешіні кім
тәрбиелейді» деген еңбегінде өз баласына ақыл-кеңес бере келіп, «сен жіберген қателіктерге алдымен мен
кінәлімін, ал менің қателіктеріме менің әке-шешем және басқа ересектер кінәлі» - дейді де, осы кеткен
кемшіліктерді болашақ ұрпаққа өткізбей жолын кесу – менің міндетім» - деп, педагог ретінде алдына
үлкен де күрделі мақсат қояды. Ол, отбасы тәрбиесінде болатын кейбір қасаңдықтар ересектердің нашар
үлгі-өнегесінен, дәлірек айтсақ, тәрбиенің дұрыс болмауынан деп қорытады.
Сонымен, отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала
алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке
адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып
келеді. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Осы тұста елбасы
Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» деген баяндамасында: «Отбасының
беріктігі, жұбайлардың бір-бірінің, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігіне де көп нәрсе
байланысты. Ата-аналар балаларына, ал балалары қартайған ата-аналарына қамқор болуға тиіс», - деген
болатын. Сондықтан отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы балабақшаның одақтасы. Ол бала тәрбиесі
жөнінде балабақшамен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында,
балабақшада нәтижелі болуы ынтымаңтастыққа негізделеді
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы
2 Неке және отбасы туралы Қ.Р. Заңы
3 Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға мекенжайлық әлеуметтік-психологиялық көмек
көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар. – Өскемен, 2009
4 Никандров Н.Д. Ценности как основа целей воспитания // Педагогика, 1998, №3,
5 Эйдемиллер Э.Г., Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи - 3-е изд. - СПб.: Питер, 2002.
6 Табылдиев Ә. Халық тағылымы. – Алматы: «Рауан», 1994
7 Қ.Т. Атемова. Отбасында баланың iс-әрекетiн ұйымдастыру жолдары. – А, 2002. 58 б.
Резюме
В статье раскрывается понятие «семейный уклад», представлена внутренняя система уклада жизни семьи и
исследовании. Сделан обзор трактовки данного понятия различными учеными. Семья принадлежит к важнейшим
общественным ценностям. Согласно некоторым научным теориям, именно форма семьи могла на протяжении
многих веков определять общее направление эволюции макросоциальных систем. Каждый член общества, помимо
социального статуса, этнической принадлежности, имущественного и материального положения, с момента
рождения и до конца жизни обладает такой характеристикой, как семейно-брачное состояние.
На стадиях жизненного цикла человека последовательно меняются его функции и статус в семье. Для взрослого
человека семья является источником удовлетворения ряда его потребностей и малымколлективом, предъявляющим
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
246
ему разнообразные и достаточно сложные требования. Для ребёнка семья — это среда, в которой складываются
условия его физического, психического, эмоционального и интеллектуального развития.
Содержание понятия «семья» трансформируется вслед за социокультурным изменением общества. Под семьёй
также может пониматься родительская пара или один родитель как минимум с одним ребёнком, а также легализо-
ванные в ряде стран однополые союзы. Бурный процесс перемен, который происходит в межнациональных отноше-
ниях во всем мире, ставит на повестку дня необходимость тщательного исследования теоретических основ и практи-
ческого опыта национального воспитания. Целевым ценностным основанием семейного воспитания является ориен-
тация его содержания на оптимальное сочетание общечеловеческих, национальных и индивидуально-личностных
ценностей, понимаемых как образцы достойной жизни человека и общества и превращаемых в личностные смыслы
воспитуемых.Проведенные анализы показали, что проблемы семейного воспитания и его ценностных ориентаций не
нашли систематизированного и всестороннего освещения. Остается вне исследовательского поля взаимодействие
дошкольного коллектива и современной семьи, роль и место родителей в этом сложном многогранном процессе,
недостаточно изученными являются различные аспекты всестороннего развития ребенка в домашних условиях.
Современная педагогическая мысль долгое время обходила стороной проблему национального воспитания детей в
семье. Между тем, в обществе, в семьях, в близком семейном окружении национальное воспитание реально
существует и постоянно реализуется в различных формах.
Рост национального самосознания, выражающийся в массовой активности национальных движений, способству-
ет пробуждению различных взглядов на природу межнациональных отношений, на их место в ряду других
общественных явлений, на тенденции и факторы их развития, на способы и пути решения национальных и межна-
циональных проблем.
Ключевые слова: семья, воспитание, исследование, дети, теория, проблема, общение
Summary
The article reveals the concept «family way of life», the internal system of way of life of a family is presented. The review
of the given concept interpretation is made by various authors. It Is Made review of the interpretation given notions different
scientist. The Family belongs to to the most most important public value. According to some scientific theory, exactly form to
families could on length of the many ages to define the general direction to evolutions systems. Each member society, aside
from social status, ethnic accesories, property and material position, since moment of the birth and before the end of the lifes
possesses such feature, as household-marriage condition.
His functions and status are consecutively changed. On stages of the life cycle of the person in family. For adult person
family is a source of the satisfaction of the row of his need and, presenting him varied and it is enough complex requirements.
For child family - an ambience, in which form the condition his(its) physical, psychic, emotional and intellectual
development.
The Contents of the notion "family" is transformed subsequent to change society. Сan be understood parental pair or one
parent as minimum with one child, as well as legalized in row of the countries unisexual alliances. The Tempestuous process
of the change, which occurs in relations all over the world, puts on agenda need careful study theoretical основ and practical
experience of the national education. The Target by base of the household education is an orientation of his contents on
optimum combination, national and individually-larval valuables, understood as sample to worthy life of the person and
society and transformed in larval senses.The Called on analysises have shown that problems of the household education and
his orientation have not found systematized and all-round illumination. Remains outside of exploratory field interaction
preschool group and modern family, role and place of the parents in this complex polyhedral process, it is not enough studied
are a different aspects of the all-round development child in home condition. The Modern pedagogical thought for a long time
avoided the side a problem national education детей in family. Meantime, in society, in family, in close household
encirclement national education real exists and is constantly realized in different forms.
The Growing of the national consciousness, expressing in mass activity of the national motion, promotes awakening
different look at nature relations, on their place abreast other public phenomenas, on trends and factors of their development,
on ways and way of the decision national of the problems.
Достарыңызбен бөлісу: |