Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет41/57
Дата14.02.2017
өлшемі5,69 Mb.
#4128
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57

Резюме  
В данной статье автором рассматривается  воспитательное значение  казахской народной мудрости  –  пословиц-
поговорок, афоризмов и других крылатых слов устного народного творчества. Кроме того раскрываются некоторые 
аспекты  их изучения в общеобразовательных школах и в других учебных заведениях. 
Ключевые слова:  фразеологизмы, афоризмы, пословицы и поговорки, крылатые слова 
 
Summary 
In this article consideved by the author educational value of Kazakh folk wisdom - proverbs, aphorisms and other winged 
words of  national oral creative work. In addition revealed some aspects of studying of their at the compulsovy schools and 
other educational institutions. 
Key words: idioms,  aphorisms, proverbs and sayings, winged words 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
222 
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП 
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА 
 
ӘОЖ 004:373.3 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ  
ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
С.М. Кеңесбаев – п.ғ.д., профессор; Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология 
институтының директоры, Алматы қаласы, Қазақстан, 
Н.Т. Сартаева – п.ғ.магистрі, Абай атындағы ҚазҰПУ PhD докторанты, Алматы қаласы, Қазақстан 
 
Мақала  бастауыш  оқу  үдерісінде  ақпараттық  технологияның  қолданылу  ерекшеліктері  мәселесіне  арналған. 
«Технология»,  «ақпараттық  технология»,  «ақпараттандыру»  ұғымдарына  анықтамалар  беріліп,  осы  мәселені 
қарастырған отандық және шетелдік ғалымдар пікірлері келтірілген. Нақты ақпараттық технологияны жүзеге асыру 
жолдары  мен  бастауыш  сынып  оқушыларын  оқыту  барысында  қолданылатын  дидактикалық  әдіс-тәсілдері 
айқындалған. Компьютердегі ұсынылған ақпараттың кең мүмкіндіктері дәлелденген. Ақпарат өндірудің аппараттық 
және бағдарламалық құралдары талданған. 
Бастауыш мектептің оқу үдерісін ұйымдастыру мен мазмұны орта және жоғарғы сыныптардан түбегейлі өзгеше 
болғандықтан, жағымды нәтиже алу үшін оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыру тәсілдері аталған.  
Ақпараттық  технологияның  оқу  материалын  даярлау  және  ұсынудағы  ең  тиімді  формалары  ретінде 
мультимедиалық презентациялар мен тыңдауға арналған аудиокітаптар берілген. 
Сонымен,  бастауыш  мектептің  оқу  үдерісінде  ақпараттық  технологияны  қолдануда  жағымды  нәтиже  алу  үшін 
қолдану мұғалімнің жан-жақты білімді болуын, ақпараттық технологияны қолдану тұрғысынан жоғары біліктілігінің 
болуын, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу тапсырмаларын дұрыс таңдай алуы және 
ұйымдастырудың  түрлі  жолын  білетін  болуы  тиіс.  Сонда  оқу  үдерісі  анағұрлым  қызықты,  заман  талабына  сай, 
қажетті ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етуші, мол білім беру көзіне айналады деген қорытынды жасалған. 
Кілтті сөз: бастауыш сынып, технология, ақпараттық технология, ақпараттандыру, ақпараттық үдеріс, ақпараттық 
кеңістік, техникалық құралдар, компьютер. 
 
Қазіргі кезде заман талабына сай бастауыш мектептің оқу үдерісінде «ақпараттық технология» ұғымы 
кең  қолданысқа  ие  болуда.  Оның  мәнін  түсіну  үшін  «технология»,  «ақпараттық  технология», 
«ақпараттандыру» ұғымдарының мағынасын қарастырайық. 
Технология – материалды өңдеу үдерістерінің жиынтығы немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы 
білім  жиынтығы.  Яғни  технология  дегеніміз  –  түрлендіруді  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  тәсіл. 
«Технология» түсінігі тек материалды өндіріс саласында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа 
да түрлерінде де, білім беру жүйесінде де пайдаланылады. Оқыту теориясында «технология» ұғымының 
үш жүзге жуық анықтамасы бар. 
«Ақпараттық  технология»  терминін  В.М.  Глушков  енгізіп,  оны  ақпаратты  өндеумен  байланысты 
үдерістер  деп  анықтаса,  В.Апатова  оны  ақпаратты  өндеу  үдерісі  арқылы  жүзеге  асатын  құралдар  мен 
әдістер жиынтығы ретінде қарастырып, нақтылай түседі [1]. 
Ақпарат  технология  -  компьютерді  және  телекоммуникациялық  жабдықтарды,  деректерді  сақтау, 
шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология [2]. 
Ақпараттық технологияның мақсаты адамның ақпаратты талдауы және соның негізінде қандай да бір 
әрекет  орындауы  үшін  шешім  қабылдауына  байланысты  ақпарат  жасауы.  Ақпараттық  технология  – 
объект,  үдеріс,  құбылыс  жағдайының  (ақпараттық  өнім)  жаңа  сапасы  үшін  ақпарат  алу  мақсатындағы 
мәлімет  жинау,  өңдеу,  сақтау,  тарату  құралдары  мен  әдістерінің  жиынтығы  [50,  132  б.].  Білім  беру 
ортасында  ақпараттық  технология  жалпы  орта  білім  беретін  мектептерге  дербес  компьютер  жаппай 
енгізілген сәттен бастап (ХХ ғасырдың 80-жылдарынан) неғұрлым жиі қолданыла басталды.  
Білімді  ақпараттандыру  –  бұл  оқытуды  ғана  ақпараттандыру  емес,  оқу  қызметін,  оқу  нәтижелерін 
бақылау  мен  өлшеуді,  оқудан  тыс  қызмет  пен  тәрбиелеу  үдерістерін,  ғылыми-зерттеу  және  ғылыми-
әдістемелік, ұйымдастыру-басқарушылық қызметін ақпараттандыру [3]. 
Білім  беруді  ақпараттандыру  үдерісі,  оның  негізгі  бағыттары  мен  болашағы,  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  пайдалануға  болашақ  мамандарды  дайындаудың  мақсатын, 
мазмұнын, ұстанымдарын, психологиялық-педагогикалық негіздерін және білім беру сапасын арттыруда 
жүйесін  дамытуды  отандық  ғалымдар  Ж.А.Қараев,  Г.Қ.Нұрғалиева,  Е.Ы.Бидайбеков,  Т.О.Балықбаев, 
С.М.Кеңесбаев, М.Қ.Қаламқалиев, К.М. Беркінбаев және т.б. ғалымдар қарастырған.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
223 
Е.Ы.Бидайбеков  «Ақпараттық  технология  дегеніміз  –  технологиялық  тізбекке  біріктірілген, 
ақпараттық  ресурстарды  қолдану  арқылы  ақпаратты  жинау,  сақтау,  өңдеу,  шығару  және  тарату 
әрекеттерін  қамтамасыз  ететін  өндірістік  және  программалық-техникалық  құрылғылар  мен  әдістер 
жиынтығы» деген пікір білдіреді [4]. 
С.М.Кеңесбаев  «Білім  берудi  ақпараттандыру  –  бiлiм  беру  саласының  теориясы  мен  практикасына 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  жан-жақты  пайдалану  және  оқыту  мен  тәрбиелеудiң 
психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану 
үрдісі» деген тұжырым жасайды [5]. 
Ақпараттық технология тек оқу үдерісінде компьютерді пайдалану дегенді білдірмегенімен, көбінесе, 
әсіресе қазіргі кезеңде компьютерді тиімді қолданумен тығыз байланыста қарастырылуда.  
Оқу  үдерісінде  компьютерді  пайдалану  нәтижесі  «компьютерлік  технология»  терминінің  пайда 
болуына  әкелді.  Есептеуіш  техниканың  белсенді  түрде  дамуы  және  жаңа  аппараттың,  бағдарламалық 
құралдардың пайда болуы компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Осыған орай, білімді ақпараттандыруды 
оқушылардың  мәліметтер  және  білім  базасында,  электронды  мұрағаттарда,  аныктамаларда, 
энциклопедияларда белсенді түрде жұмыс істеуі деп анықтауға болады.  
Нақты ақпараттық технологияны жүзеге асыру үшін мыналарды орындау қажет: 
– ақпараттық үдерістің өзін жүзеге асыратын тиісті техникалық құралдардың кешенін; 
– техникалық кешенмен басқару құралдарының жүйесін; 
– техникалық құалдардың барлық іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуын байланыстыратын ұйымдастыру 
әрекетін әдістемелік қамтамасыз ету.  
Компьютер  оқу  үдерісінің  барлық  кезеңдерінде  қолданылуы  мүмкін:  жаңа  материалды  түсіндіру 
кезеңінде  (кіріспе  бөлімінде),  бекіту,  қайталау  барысында.  Оқушы  үшін  ол  түрлі  қызметтер  атқарады: 
мұғалім,  жұмыс  құралы,  оқыту  нысаны  ретінде  немесе  ұжым  ынтымақтастығын,  бос  уақытты  тиімді 
ұйымдастыру құралы ретінде де қолданылуы мүмкін.  
Мұғалім қызметінде компьютер: 
-
 
оқу ақпарат көзі (мұғалім немесе кітапты жартылай не толықтай алмастыра алады); 
− көрнекі құрал (мультимедиа және коммуникация мүмкіндігі бар сапалы жаңа деңгейдегі көрнекілік); 
− жеке ақпараттық кеңістік;  
− тренажер; 
− диагностика және бақылау құралы бола алады. 
Компьютердегі  ұсынылған  ақпараттың  кең  мүмкіндіктері  кіріктірілген  курстар,  ғылым  тарихы  мен 
әдіснамасымен,  ұлы  адамдардың  шығармашылық  зертханасымен,  ғылым,  техника,  мәдениет,  қоғамдық 
сананың  әлемдік  деңгейімен  таныстыру  арқылы  білім  беру  мазмұнын  өзгертуге,  шексіз  байытуға 
мүмкіндік береді [6]. 
Білімді неғұрлым жоғары деңгейде әрі сапалы түрде меңгеру мұғалім мен оқу үдерісінде оқушыларға 
ұсынылатын бейненің үйлесімділігі арқылы қол жеткізілуі тиіс. Компьютердің ақпараттық технологияны 
жүзеге  асырудың  негізгі  құралы  ретіндегі  әлеуеті  көру  және  есту  анализаторларын  толық  қолдануға 
мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, білімді игеру үдерісінің алғашқы кезеңдерінде - сезіну мен қабылдау-
ға  әсер  етеді.  Сезім  мүшелері  арқылы  қабылданған  сигналдар  логикалық  өңдеуге  ұшырап,  абстрактілі 
ойлау  шеңберіне  жеткізіледі.  Қорытындысында  сезім  бейнелері  талқылау  мен  ой  қорытындылануы 
арқылы танымның келесі кезеңі – мағынаны тану кезеңінің сәтті жүру үшін негіз қаланады.  
Мағынаны  тану  кезеңінде  ақпараттық  технологияның  бейнелі  құралдарын  қолдану  ұғымдардың 
қалыптасуы мен игерілуіне, дәлелдер мен талқылау, ой қорытындысының негізделуіне, себеп-салдардлық 
байланыстардың  құрылуына  және  т.б.  ықпал  етеді.  Психологтар  мен  дидакттар  пікірінше,  қазіргі 
компьютерлердің  аудиовизуалды  мүмкіндіктері  мағынаны  тану  негізіндегі  ойлау  үдерісі  үшін  қажетті 
жағдайлардың жасалуына ықпал етеді; ашық та айқын тірек сигналдарын құру арқылы оқыту үдерісінің 
қорытындысы  ретіндегі  есте  сақтауға  үлкен  рөл  атқарады;  берілген  жаңа  мәліметтің  логикалық 
байланысын түзуге көмектеседі; алынған білімді қорытындылау мен жүйелеуге ықпал етеді.  
Оқыту  үдерісінде  ақпараттық  технологияны  қолданудан  туындайтын  эмоционалдық  әсер 
оқушылардың ұсынылған материал мазмұнына назарын аударуына, қызығушылық тудыруға, қабылдауға 
жағымды  эмоционалдық  бағыт  орнатуға  жағдай  жасайды.  Оқу-тәрбиелеу  өзара  әрекетінің  барлық 
кезеңінде  назардың  сақталуы  педагогиканың  өзекті  мәселесінің  бірі  болып  табылады.  К.Д.Ушинский 
оқушының назары тәрбие мен оқытудың табысты жүруі үшін ықпал ететін өте маңызды фактор екендігін 
айта келіп, назарды сақтаудың құралдарын атап көрсеткен, олар: әсерді күшейту, назарды тура талап ету, 
енжарлыққа қарсы шара қолдану, уақытты бос өткізбеу.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
224 
К.Д.  Ушинский  атап  өткен  құралдарының  үшеуі  ақпараттық  технологияға  тән.  Бейнелі  және 
техникалық мүмкіндіктердің кең қолданылуы өтіліп жатқан оқу материалынан алатын әсерді күшейтетіні 
анық [7]. 
Бастауыш  мектептің  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  мен  мазмұны  орта  және  жоғарғы  сыныптардан 
түбегейлі  өзгеше.  Егер  бір  ақпараттық  технологияны  оқу  үдерісінің  барлық  кезеңінде,  тек  қана 
информатика сабағы емес, қолданғымыз келсе, сабақты ұйымдастыруға байланысты бірталай қиындыққа 
тап боламыз. Оқушыларды топқа бөліп оқыту орта және жоғарғы сыныптардағы арнайы маман беретін 
техникалық жағынан жабдықталған информатика кабинеттеріне тән. Ол бастауыш сыныптың қазақ тілі 
не математика сабақтарында қолдануға келмейді.  
Санитарлық-гигиеналық норма жайында да ұмытпау керек: бастауыш сынып оқушысының компьютер 
алдындағы жұмыс ұзақтығы 15 минуттан аспауы қажет. Алайда уақытқа ілесу және басқа да себептерге 
орай мұғалімдер аталған нормаларға назар аудармайды. Бастауыш сынып оқушыларымен компьютермен 
жұмыс аяқталған соң міндетті түрде сергітуші дене шынықтыру минутын өткізу керек [8]. 
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында бір сабақ үстінде бірнеше нұсқадағы дидактикалық 
әдіс-тәсілді  қолдануға:  әрекет  түрлерін  алмастыру,  бір  объектіден  келесі  объектіге  назарының  ауысуы, 
оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  түрлі  формалары  (жеке,  топпен,  жаппай),  оқыту  әдістерін  алмастыруға 
(түсіндіру-иллюстративті, зерттеушілік) мүмкіндік береді.  
Жаңа  ақпараттық  технология  қолданылатын  сабақтарды  бастауыш  сынып  кабинеттерінде  жүргізу 
мақсатқа  сай  дұрыс.  Себебі  оқушылар  өздеріне  таныс  ортада  өздерін  жайлы  сезінеді,  қоршаған  орта 
олардың жас және физиологиялық ерекшеліктеріне сай келеді. Компьютер бұл жерде зерттеу объектісі 
ретінде  емес,  математика,  қазақ  тілі,  дүниетану  және  басқа  да  пәндерді  оқытудағы  қазіргі  заманға  сай 
құрал болып қала береді.  
Авторлар ақпарат өндірудің аппараттық және бағдарламалық құралдарын бөліп қарайды. Аппараттық 
құралдарына электронды есептеу машиналары (ЭЕМ), дербес электронды есептеу машиналары (ДЭЕМ), 
ақпарат  енгізу-шығару  құралдары,  жеке  және  әлемдік  деңгейдегі  байланыс  құралдары,  ақпараттық  кең 
көлемін  архивтік  сақтау  құралдары  және  қазіргі  ЭЕМ  басқа  да  құрал-жабдықтары  енеді.  Ақпараттық 
технологияның  бағдарламалық  құралдарына  белгілі  бір  компьютер  типі  үшін  жеке  немесе  өзара 
байланысты  бағдарламалық  өнім:  жасанды  инттелект  жүйесі,  машиналық  графика  жүйесі,  мәтіндік 
процессорлар  (редактор),  электронды  таблицалар,  мәліметтер  базасын  басқару  жүйесі,  операциялық 
жүйелер, бағдарламалау тілі, қолданбалы бағдарламалар пакеттері т.б. [9]. 
Нақты ақпараттық технологияның бағдарламалық құралы құрамы компьютер архитектурасына байла-
нысты және бағдарламалық қамтамасыздандыру ортасына сай өзгеріске енеді. Қазіргі уақытта неғұрлым 
қолжетімді  әрі  оқу  үдерісінде  қолданылуы  ыңғайлысы  Microsoft®  корпорациясының  өнімі  болып 
табылады.  
Ақпараттық  технологияны  сауатты  қолдану  педагогикалық  үдерістің  кез  келген  кезеңінде  жағымды 
эффект қалдырады деген қорытынды жасауға болады:  
• оқу ақпаратын ұсыну кезеңінде; 
• интербелсенді өзара әрекет үдерісінде оқу материалын игеруде; 
• алынған білімді (білік, дағды) қайталау және бекіту кезеңінде; 
• оқу жетістігін аралық, қоытыныды бақылау мен өзін-өзі бақылау кезеңінде. 
Алайда  оқытудағы  ақпараттық  технология  оқушының  дисплей  алдында  отыру  ұзақтығына 
байланысты бірқатар жағымсыз эффект қалдыруы да мүмкін екендігін естен шығармаған жөн. Бастауыш 
сынып  оқушыларын  оқытуда  қолданылатын  компьютер  гигиеналық  және  оқу  талаптарына  сай  болуы 
керек  ,  яғни  санитарлық  норма  талаптарына  сай  балалар  денсаулығы  үшін  қауіпсіздігі  жөнінде 
санитарлық-эпидемиологиялық  қорытындысы  бар  компьютер  ғана  қолданысқа  алынуы  қажет. 
Компьютерлер бар кабинет жасанды және табиғи жарықтандырылған, солтүстік және солтүстік-шығысқа 
бағдарланған, басқарылатын құралдармен жабдықталған болуы шарт. 
Жағымды нәтиже алу үшін оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыра білу қажет: 
1.  Сабақты  бастауыш  сынып  мұғалімі  жүргізуі  тиіс,  себебі  ол  бастауыш  мектеп  пәндерін  оқытуда 
оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке ала оқыту әдістемесін меңгерген. 
2. Компьютерлік тапсырмалар оқу пәні мазмұнына, оны оқыту әдістемесіне, дамытушы, белсендіруші 
ойлау әрекеттеріне сай болуы қажет.  
3. Оқушылар компьютерді онымен тапсырмалар орындай алатындай деңгейде меңгерген болуы тиіс. 
4.  Оқушылар  бастауыш  мектепке  арналып  бекітілген  гигиеналық  нормаларға  сәйкес  арнайы 
кабинеттерде жұмыс жасауы тиіс [10]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
225 
Нақты  оқу  пәнінде  компьютермен  жұмыс  жасау  және  дидактикалық  тапсырмалар  орындау  үшін 
«қандай тақырып таңдаған дұрыс», «қандай бағдарламаны қолдану тиімді», «балаларда қандай біліктілік 
болуы қажет», «компьютерлік тапсырмаларды қалай ұйымдастыру қажет» деген мәселелерді анықтап алу 
қажет. 
Ақпараттық технология қолданылатын оқу материалын даярлау және ұсынудың ең тиімді формалары 
- мультимедиалық презентациялар мен тыңдауға арналған аудиокітаптар.  
Сонымен, бастауыш мектептің оқу үдерісінде ақпараттық технологияны қолдануда жағымды нәтиже 
алу үшін қолдану мұғалімнің жан-жақты білімді болуын, ақпараттық технологияны қолдану тұрғысынан 
жоғары  біліктілігінің  болуын,  оқушылардың  жас  және  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оқу 
тапсырмаларын дұрыс таңдай алуы және  ұйымдастырудың түрлі жолын білетін болуы  тиіс. Сонда оқу 
үдерісі анағұрлым қызықты, заман талабына сай, қажетті ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етуші, мол 
білім беру көзіне айналады. 
 
1
 
Ғаламтор желісі: https://baltakol.wordpress.com/ 
2
 
Daintith, John, ed. (2009), "IT", A Dictionary of Physics, Oxford University Press, retrieved 1 August 2012 
3
 
Ғаламтор желісі: http://thenews.kz/2010/11/26/627381.html 
4 Бидайбеков Е.Ы. Білімді ақпараттандыру жоғары оқу орындарында мамандар дайындау бағыты ретінде // 
«Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінде ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалану» халықаралық 
ғ.-тәжірибелік конф.– Қызылорда: Эверо, 2007.- 12-18б. 
5 Кеңесбаев С.М. Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны 
пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері: пед.ғыл.докт. ... автореф.: 13.00.08. – Түркістан, 2006. – 43 б.  
6 Информация и научные исследования культуры: Сб. науч. тр. – М., 1988. С – 85. 
7  Пидкасистый  П.  И.,  Тыщенко  О.  Б.  Компьютерные  технологии  в  системе  дистанционного  обучения  /          
П.И. Пидкасистый, О. Б. Тыщенко // Педагогика. – 2000. – №5. 
8  Цветкова  М.  С.  Рекомендации  по  использованию  компьютеров  в  начальной  школе  /  М.  С.  Цветкова  // 
Информатика и образование. – 2002. - № 6. – С. 12-14. 
9  Домрачеев  В.Г.  О  классификации  компьютерных  образовательных  информационных  технологий  /  В.Г. 
Домрачеев, И.В Ретинская Информационные технологии. – 1996. – № 2. – С. 10–13. 
10 Бочкин Е. С. Методика преподавания информатики. /Е.С. Бочкин/ Учеб. пособие - М.: Высш. шк., 1998 - 431 с. 
 
Summary 
The article is sanctified to the problem of features of the use informative to technology in the educational process of the 
elementary  training.  In  the  article  given  determinations  to  such  concepts,  as  "  technology",  "information  technologies", 
"informatization", opinions of home and foreign scientists that engaged in this question are presented. The concrete methods 
of realization are specified informative technologies and didactic methods of educating in initial classes. Wide possibility of 
information is well-proven, that will be presented in a computer. Analysed vehicle and programed facilities in the production 
of information. 
In  connection  with  the  feature  of  organization  of  educational  process  at  initial  school  in  the  article  the  methods  of 
organization of educational process are presented for the receipt of positive result. 
As the  most effective  forms  informative  to  technology  for preparation and presentation of educational  material authors 
distinguish мультимединые presentations and audiobooks for listening. 
Authors take away a conclusion about that for the receipt of positive results at the use informative to technology in the 
elementary training a teacher must be all-round, to have high ability in the use informative to technology, taking into account 
the age-related and physiological feature of student it is correct to choose educational task and to know different methods to 
organize  them.  Only  then  an  educational  process  will  be  interesting,  to  conform  to  the  requirements  of  time,  to  provide 
information in time and will become the source of wide education 
 
УДК 373.2 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТЕКШІ ҚОЛЫНАНЫҚТАУ ТӘСІЛДЕРІ 
 
С.Н. Жиенбаева – ҚазМемҚызПУ, Педагогика және психология факультетінің деканы, п.ғ.д., проф., 
Н.Акбердиева – ҚазМемҚызПУ, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 
2-курс магистранты 
 
Мақалада мектепке дейінгі солақай балалардың даму ерекшелігі талданып, оның мектепке дейінгі педагогикада 
зерттелу жағдайы, оң қол және сол қолмен жұмыс істеудің өзгешеліктері айтылады.  
Түйін сөздер: солақай, мектеп жасына дейінгі бала,психикалық даму, жетекші қол 
 
Қазақстан  Республикасының  2012  жылғы  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында,  білім  беру 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
226 
мазмұнына қойылатын  талаптарында  «Баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды, толық-
қанды  физикалық  дамуын,  Қазақстан  Республикасы  халықтарының  ұлттық  салт  дәстүрлері  негізінде 
салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыру» деп атап кеткен болатын[2]. Балаларды оқыту 
бағдарламасын  меңгерудегі  қиындықтардың  себептері-  балаларды  мектепке  дайындау.Ата-  аналарды 
баланы мектепке дайындауда қызығушылықтардың болмауын, есте сақтау қабілеті нашар болуы, дербес-
сіздік, жасқаншақ немесе қорқақтық мәселелерінің кездесетіндігі толғандыруда. Соның ішінде Республи-
ка көлемі бойынша статистикалық мәліметтерге қарағанда мектепке жасына дейінгі балалардың 7-10%-ке 
дейін солақай болуы, олармен қалай педагогикалық процесті ұйымдастыру қажет деген сұрақ туғызады. 
Жалпы  және  мектепке  дейінгі  педагогика  ғылымында  солақай  балалардың  онтогенетикалық  дамуы, 
оның негізінде оқытудың әдістері мен құралдарын дайындау, мұндай балаларды мектепке дайындаудағы 
педагогикалық қолдау туралы бүгінге дейінгі зерттеулер болмаған. 
Дегенмен  кейбір  зерттелердегі  ғалымдардыңМ.М.  Безруких,  А.П.  Чуприковтыңпікірінше,  солақай 
баланы қайталап үйрету оның ерке, ашуланшақ болуына әкеліп соғады және мазасыз ұйықтайды, тәбеті 
төмендейді[2].  Кейінірек  жиі  бас  аурулары,  үздіксіз  сылбырлық  сияқты  едәуір  маңызды  бұзылулар 
туындайды.  Соңында  невротикалық  әсерлер,  жүйке  тартылуы,  энурез,  кекештену  белгілері  байқала 
бастайды.  Медициналық  статистикаға  сәйкес,  кекештенетін  әрбір  үшінші  бала  –  ол  әбден  оқытылған 
солақай бала. Мұндай күй психологиялық, педагогикалық түзетуге берілмейді және ұзақ бойы емделуді 
қажет  етеді.  Солақайларды  қайта  үйрету  –  яғни  олардың  психикасындағы  ерекше  қасиеттерді 
«сындыруды» білдіреді. Бұл баланың психикалық амандығы мен денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. 
Солақайлықтың мәселесін шешу жүйке жүйесінде дербес ерекшелігі бар балалардағы бұл құбылыс-
тың психолого-физиологиялық алғы шарттарын есепке алу негізінде ғана мүмкін болады.Қайталап үйре-
ту мен оның жағымсыз салдарынан айрылу үшін жетекші қолды тура және өз уақытында анықтау қажет. 
Осыған байланысты ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі солақайлықты анықтау тәсілдерін қарастырайық. 
Алғаш  рет  қолдың  артықшылығының  пайда  болуы:  7-9  айлық  балаларда  оң  және  сол  жақ  бұлшық 
еттердің тонусы әр түрлі болады (Д.В. Бишоп, 1990).Айырмашылығы жақтар аралығында, алдымен әлсізі 
үлкейеді және 3 жаста анық бола бастайды, сосын  тұрақтанады. Егер де жетекші қол таңдауы 3 жасқа 
дейін анықталса, оны пайдалану қарқындылығы 3 жастан 9 жасқа дейін өседі[3]. 
Бұл  үдеріс  барысында  екі  қолдың  қатысуын  да  талап  ететін  әр  түрлі  әрекеттердің  үйлесуі 
қалыптасады.Егер де баланың қозғалыс белсенділігін бақылайтын болсақ, онда бір қолмен орындалатын 
әрекеттердің  қарапайым  (жазу  және  сурет  салудан  басқа)  екендігіне  көз  жеткізуге  болады  және  ең 
бастысы ол сол бір қозғалысты қайталай беруден (тісті тазалау, пышақсыз қасықпен емесе шанышқымен 
тамақ  жеу,  шашты  тарау  тұрады.)Күнделікті  қозғалыс  белсенділігінің  едәуір  көп  бөлігі  екі  қолдың  да 
қатысуын қажет етеді, бірақ та әрбір қол өзінің арнайы қызметін атқарады. Бауларын шешіп, бәтеңкелерін 
байлап,  кубиктерді  және  кострукторларды  жинап  жатқан  балаларды  бақылау  барысында  жетекші  бір 
қолдың белсенді қозғалыс жасап, ал басқасының сол затты ұстап тұратынын байқауға болады. 
Әсіресе  жетекші  қолды  мектепке  барар  алдында  анықтап  қою  өте  маңызды,  ал  егер  қандай  да  бір 
күдіктер туындаса онда  мұны  ертерек 4-5 жастан бастан жасау керек.Дәл осы жаста бала қарындашты 
дұрыс ұстауды, жазуды үйренеді және ол осы күрделі әрекеттерді жетекші қолмен орындауы керек, ал 
қайталап оқыту баланың бойының өсуіне және дамуына кері әсерін тигізеді, мектепке бейімделу үдерісін 
қиындатады, денсаулығының кәдімгідей бұзылуына әкеліп соғады. 
Үйде және мектеп жағдайында қолдану кезінде қолдың жетекшілігін анықтаудың бірнеше тәсілдері 
бар. Ең көп тарағаны сол және оң қолдарды тұрмыста, оқуда және ойындарда қолдану туралы сұрақтарды 
қамтитын  сауалнамалардың  көмегімен  алынған  оның  сандық  бағасының  әдісі.  Әдетте  сауалнамаларда 
ортаның әсерінен қалыптасатын адамның қозғалыс дағдылары туралы сұрайды. 
Жетекшілікті  анықтауға  арналған  сауалнамалар  стандартты  сұрақтардан  тұрады:  қай  қолмен  адам 
жеңіл  және  әдемірек  жазады,  қай  қолмен  допты  лақтырады,  шырпыны  жағады,пышақпен,  қайшымен 
кеседі,  күрекпен  жерді  қазады,  инеге  жіпті  сабақтайды,шегені  қағады,  қақпақты  бұрап  шешеді,  тіс 
щёткасын, сыпырғыны, тарақты ұстайды және т.б.  
Бірақта кез-келген сауалнама-бұл өзін-өзі бағалау, ал арнайы зерттеулер дәлелдемелері бойынша бұл 
бағалау  жетекшілікті  объективті  бағалауға  мүмкіндік  бермейді.  Сауалнамалардың  тапшылығының  өзі 
олардың құрылымының жауаптарды автоматтандыруға және қайталауға ықпал етуі мен қайталауға әкеліп 
соғуы болып табылады (В.П. Леутин, В.В. Николаева).Бұл тапшылықтар Я. Ф. Кровица и К.А. Зенераның 
сауалнамаларында  кедеспейді.  Бұл  сауалнама  жетекші  және  жетекші  емес  қолдардың  әрекеттері 
кезектелетін сұрақтардың жүйелілігімен жасалған.Екі қолдың бір уақыттағы қызметіне байқау жасау өте 
қызық  және  ақпаратты  алуға  мүмкінідік  береді.  Мысалы,  сурет  салу  (шеңбер,  квадрат,  үшбұрыш). 
Жетекші қолмен орындалған қозғалыстар баяу болуы бірақ тура болуы мүмкін. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
227 
Жетекші  қолмен  салынған  пішіндердің  сызықтары  анығырақ,  түзу,  тремор  «қолдың  дірілі»  аз 
көрсетілген, бұрыштары түзелмеген, біріктіру нүктелері бір-бірімен қосылмайды.Кейбір зерттеушілербұл 
тапсырманыкөзді жұмып тұрып орындауды ұсынады. Сонда ғана жетекші емес қолмен салынған суретте 
пішін формасы мен пропорциясының бұзылғанын таза айқындауға мүмкіндік болады. 
Жетекші қолдың күші мен қозғалысын жетекші емес қолға қарағанда көбірек екендігін ескере отырып 
оң  және  сол  қолдың  жылдамдығын  анықтауға  тапсырмалардың  бірнеше  түрін  қолдануға  болады. 
Жылдамдықты  тексеру  үшін  сұқ  саусақтың  10  секундтағы  тоқылдау  саны,  қаламмен  парақ  бетін  10 
секундта тоқылдатқанда парақ бетіне түскен (қол тиген кезде) нүктелер саны анықталады. 
Қолдардың  функционалдық  асимметриялары  әркелкі:  күші,  дәлдігі,  қозғалыс  жылдамдығы, 
төзімділігі,  үйлестірілген  әрекеттерді  ұқыпты  орындау  мүмкіншілігі  жағынан  қолдар  тең  емес  (В.Ю. 
Вильдавский,  М.Г.Князева).Оңқайларда  сол  қол  статикалық  күш  салуға  едәуір  төзімді  болады  (Б.Г. 
Ананьев, E.H. Лунева). Балалардың жетекші қолын анықтауды әр түрлі әрекеттердің орындалуын бағалау 
кезінде жүргізген тиімдірек[4]. 
Неміс  зерттеушісі  Ф.  Кречмердің  пікірі  бойынша,  жетекші  қолды  анықтау  үшін  баланың  келесі 
әрекеттерді  қалай  орындайтынын  көруге  болады:  гүлдерді  суарады,  топырақты  күрекшемен 
араластырады,  тістерін  тазалайды,  шарикті  таяқшамен  итереді,  сөреден  кітаптарды  алады,  сыдырма 
ілгекті ашады, шырпыны жағады, ваннадан пробканы алып тастайды және т.б. 
Артығырақ деп санаған қол оң және сол қолмен өрнек және шеңберді салу кезінде анықталуы мүмкін. 
Егер де бала барлық тапсырманы орындауда сол қолды қаласа және сонымен бірге қозғалыстары жеңіл 
және  түзу  орындалып  жатса  онда  ол  солақай  болғаны.Алайда  Ф.Кречмер  сипаттаған  тапсырмаларды 
қолдану  бірінші  қарағандағыдай  оңай  емес  сияқты.  Жетекші  қолды  анықтау  кезінде  бәрі  маңызды: 
қолданыла алатын зат қайда жатыр, бала қайда, нұсқау қалай беріледі[5]. Ұсынысты пайдалана отырып, 
балалар  тапсырманың  мақсатын  өздері  табуы  үшін  жарыс  үдерісінде  қолдың  жетекшілігіне  зерттеулер 
жүргізу оңай емес. Балаларға мынадай тапсырмалар ұсынылады: топтағы тақтаны сүрту, пішінді, өрнекті 
қайшылармен қырқу, еденнен бір затты (доп) көтеру, фишкаларды қорапқа салу. 
Балаларға бақылау жүргізген кезде графикалық тапсырмалар мен тұрмыстық іс-әрекеттерді орындауға 
айрықша мән беріледі. Француз зерттеушісі М.Озьястың пікірі бойынша жетекші қолды анықтау қандай 
да бір мәселені тудырса онда, 20 тапсырмадан тұратын толық бақылау жүргізілуі керек, олай болмаған 
жағдайда қысқартылған нұсқасын қолдануға болады.Оның тапсырмаларының толық тізімі:  
1.
 
Бөтелкелердің қақпақтарын бұрау. 
2.
 
Шырпыны жағу. 
3.
 
Қағазды қайшымен кесу. 
4.
 
Салу, тізу (өзекше немесе инені түйменің кішкентай тесігіне, моншақтарға, геометриялық 
пішіндерге салу ) 
5.
 
Аяқ киімді щеткамен тазалау. 
6.
 
Жіпті шарғыға орау. 
7.
 
Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю. 
8.
 
Инемен, түйрегішпен кішкентай нүктеге дәл түсу. 
9.
 
Сомынды бұрап шешу. (қолмен, кілтпен) 
10.
 
Ұсақ деталдарды жіңішке цилиндрге тізу. (түйме, моншақтар). 
11.Карточкаларды (карта) орналастыру (тарату). 
12.Тесіктер тесу (5-6 соғу). 
13. Өшіргішпен алдын-ала салынған крестиктерді өшіру. 
14. Жіпті инеге кіргізу. 
15. Өзін тазалау, өзінің үстінен шаң мен қиқымдарды қағу. 
16. Тамызғышпен бөтелкенің тар тесігіне тамызу.  
17. Стаканнан қасықпен ұсақ моншақты шығару. 
18. Қоңырауды сылдырлату, қоңыраудың жібін тарту. 
19. Сөмкенің сыдырма ілгегін жабу, ашу. 
20. Стаканды алып бірнеше жұтым су ішу. 
Жазуға қол таңдалған кезде М. Озъяс келесі тапсырмаларға назар аударуға кеңес береді:сіріңкелерді 
жағу,моншақтарды тізу, суды басқа ыдысқа қайта құю, тесіктер тесу, карточкаларды орналастыру, суретті 
өшіргішпен  өшіру,  қағу,  тамызғышпен  тамызу,стаканнан  моншақтарды  алу,қоңырауды  сылдырлату 
(барлығы  10  тапсырма)  [6].Тесттердің  қысқартылған  қатарында  графикалық  тапсырмалар  жоқ,  бұл 
негізінен дәлдікті,ептілікті, қозғалыстың дәл үйлесуін талап етеді.Және ең бастысы – барлық әрекеттер 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
228 
үйреншікті  емес,  бапсыз  емес  және  автордың  ойы  бойынша,  бір  қолдың  басқа  қолдан  артықшылық 
сипатын дәл табуға мүмкіндік береді.  
Бұл  әдістеменің  ойын  тапсырмалары  мектепке  дейінгі  және  бастауыш  мектеп  жасындағы  балаларға 
тән өңдеу әдісіне негізделіп таңдалған. 
Тапсырмалардың  бөлігі  –  жиі  пайдаланатын  тұрмыстық  тапсырмалар,олардың  көбісін  балалар  екі 
қолымен де орындай алады. Бұл жетекші қолды анықтауға қиындық туғызады, сондықтан кейбір тапсыр-
малар екі нұсқамен беріледі. Мұндай тәсіл жетекші қолды дәлірек анықтауға мүмкіндік береді.Тәжірибе 
жүзінде балалардың жетекші қолын анықтауға мүмкіндік туғызатын ең тиімді тапсырмалар таңдалды. 
Баланың  алдына  бір  парақ  қағаз  және  қарындаш  (фломастер)  қойыңыз,  оған  өзінің  қалаған  суретін 
салуды  ұсыныңыз.Баланы  асықтырмаңыз.  Ол  суретті  аяқтап  болғаннан  кейін  дәл  осы  суретті  басқа 
қолмен салуды сұраңыз. Баланы «Оң (сол) қолмен дәл осындай суретті салып шығу қиын екендігін біле-
мін. Бірақ сен тырысып көр.» деген сияқты сөздермен жігерлендіріп отыру қажет.Бұл тапсырмада сурет-
тердің орындалу сапасын салыстыру қажет. Баланың қалам немесе қарындашты дұрыс ұстағанын, тап-
сырманы орындау кезінде қатты күш салмағанын, дұрыс отырғандығын қадағалап отыру қажет.Бұл бар-
лық келтірілген тапсырмаларда едәуір белсенді әрекетті орындаған қолды жетекші деп есептеуге болады. 
«Кішкене  қорапты  ашу»,  мысалы,  сіріңке  қорабын.  Әрекеттерді  қайталау  тесттегі  бағалаудың 
кездейсоқтығын жою үшін балаға бірнеше қораптар ұсынылады.  
Тапсырма. «Қораптардың біреуінен сіріңкені (пішінді) тап». Қорапты ашқан және жапқан қол жетекші 
болып саналады. Бұл тапсырмаға есеп таяқшалары бар қораптарды пайдалануға болады. 
«Таяқшалармен  (сіріңке)  құдық  құрастыр».  Алдымен  таяқшалармен  (сіріңке)  төртбұрыш 
құрастырылады, содан кейін екінші және үшінші қатарлар қосылады. 
«Доппен ойын». Бір қолмен лақтырып және қармауға болатын кішкентай доп (теннис добы) керек.Доп 
тура  баланың  алдына  столға  қойылады  және  ересек  адам  оған  сол  допты  лақтыруын  сұрайды. 
Тапсырманы  бірнеше  рет  қайталауға  болады.  Допты  нысанаға  лақтыру  керек,  мысалы  кәрзеңкеге, 
шелекке,  шеңберге.  Суретті  контур  бойынша  қайшымен  кесіп  шығу.  Кез-келген  ашық  хатты  (гүлді, 
қоянды, өрнекті және т.б. айналдырып кесу) пайдалануға болады. 
Баланың  қайшыны  ұстап  тұрған  қолы  және  ашық  хатты  ұстап  тұрған  қолы  белсендірек  болатын 
фактіні  ескере  кеткен  жөн.Қайшылар  қозғалмауы  мүмкін,  ал  кесу  үдерісін  жеңілдету  үшін  бала  ашық 
хатты аударады. Егер де қайшының көлемі мен формасы баланың қолына сәйкес келмесе, қате қорытын-
ды жасаудан сақтану керек. Бұл тапсырманы лотоның (картаның) карточкаларын жаюмен алмастыруға 
болады. Бала барлық карточкаларды (10-15 дана) бір қолына алып, ал екінші қолымен (ереже бойынша 
бұл  жетекші  қол)  карточкаларды  жаяды,  яғни  бұл  кезде  балаларға  арналған  лотоның  карточкаларын 
пайдалануға болады.Карточкаларды бумасымен баланың алдына тура солдың ортасына қою керек және 
содан  соң  тапсырманы  қайта  тұжырымдау  керек:  «Барлық  карточкаларды  бір  қолыңа  ал,  екінші 
қолыңмен оларды алдыңа жайып сал». Балаға қызық болу үшін, одан карточкада не салынғаны туралы 
айтуын өтіну керек.  
Бисерді  немесе  түймелерді  инеге  немесе  шнурға  түзу  баланың  жетекші  қолын  анықтаудағы 
пайдаланылатын  тапсырмалардың  бірі  болып  табылады.Айналмалы  қозғалыстарды  орындау.  Балаға 
қақпақпен  бұралып  жабылған  бірнеше  құтылар,  банкілер  (2-3  дана)  ұсынылады.  Баланың  құты  немесе 
банка қақпағын ұстап, өзі бұрай алатындығы ескеру қажет.  
Түйіндерді  шешу  (қалыңдығы  орташа  бауларды  алып  түйіндерді  тығыз  байламау  керек).  Түйінді 
шешкен  қол  жетекші  (екіншісі  түйінді  ұстап  тұрады)  болып  саналады.Бұл  тапсырмадажетекші  қолды 
анықтау қиын болады, өйткені түйіндерді шешу – кәдімгідей күрделі үдеріс, бала да әдеттегідей екі қолын 
да пайдаланады. Бұл  тапсырманың басқа нұсқасын  қағаз қыстырғыштармен алқа жасауды  пайдалануға 
болады. Әдеттегідей бала бір қолына қағаз қыстырғышты ұстайды да, екінші қолымен қыстырғыштарды 
бір-біріне қосуға тырысады. 
Кубиктермен  үй,  қоршау  және  т.б.  салу.  Кубиктерді  жиі  –жиі  алып,  дұрыстап,  жинап  жатқан  қол 
жетекші болып саналады.Кубиктерді жинау кезінде екі қол да жұмыс істейді. Сонымен қатар, бұл бала 
үшін әрекеттің әдеттегідей түрі, сондықтан балаға белгілі тапсырмаларымен конструктор және мозайканы 
ұсынып, тапсырманы қайталату керек 
Тапсырмаларды  орындау  нәтижелерін  ойда  сақтап  отырмау  үшін  оларды  төмендегідей  кестеге 
орналастыру өте тиімді: 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
229 
 
Егер  де  тапсырмаларды  орындау  кезінде  бала  сол  қолмен  белсендірек  жұмыс  істесе  «Сол  қол» 
бағанына (+) белгісі қойылады, оң қолды қаласа «Оң қол» бағанына қойылады. Егер де ол оң және сол 
қолдарын бірдей пайдаланса онда (+) белгісі «Екі қол» бағанына қойылады. 
Кестеге  сонымен  қатар  отбасылық  солақайлық  туралы  деректер  де  енгізіледі.  Егер  де  отбасында 
солақай туысқандар – ата-аналары, ағалары, інілері, әпкелері, сіңлілері,әжелері, аталары болса онда «Сол 
қол» бағанына (+) белгісін, егер де жоқ болса «Оң қол» бағанына(+) белгісін қою керек. 
Егер  де  нәтижелерді  есептегенде  «Сол  қол»  бағанында  7-ден  көп  қосу  белгісі  жиналса,  онда  бала 
солақай болғаны. Егер де «Сол қол» бағанында 2-9 тапсырмаларға қосу белгілері жиналса, ал бірінші – 
сурет  салуға  –«Оң  қол»  бағанында  қосу  белгісі  қойылады,  яғни,  шындығында  тұрмыстық  әрекеттерді 
бала сол қолмен , ал графикалық әрекеттерді оң қолмен жеңіл орындайды дегенді білдіреді. Бұл жағдайда, 
жазуға  қолды  таңдай  отырып,  графикалық  тапсырмаларды  орындаудағы  оң  қолдың  артықшылығын 
ескере кеткен жөн.Баланың оң қолмен де сол қолмен де жазуды бастауы, кейде сол қолмен сурет салады 
да, оң қолмен жазу жазады немесе қаламды бір қолдан екінші қолға ауыстырып отырады. Бұл оң қол мен 
сол қолды кезек-кезек қолдану баланың жазу дағдысының қалыптасу үдерісін қатты қиындатады.  
Педагогтар  «Бала  қандай  қаламды  жиі  пайдаланса  сол  қаламмен  жаза  берсін  деген  позицияны  жиі 
ұстанады. Бірақ мұндай көзқарас жазудағы жетекші қолды таңдау келгенде жарамай қалады. «Графика-
лық  функционалды  артықшылық»  (яғни,  графикалық  солақайлар  да,  графикалық  оңқайлар  да  болуы 
мүмкін) және тұрмыстық әрекетте оң қолдың да, сол қолдың да пайдалану артықшылығын сипаттайтын 
(яғни,  тұрмыстық  солақайлар  да,  тұрмыстық  оңқайлар  да  болуы  мүмкін)  «тұрмыстық  функционалдық 
артықшылық» деген арнайы терминдер бар. 
Ғалымдардың  зерттеулері  дәлелдегендей,  жағдайдың  90%-ында  «графикалық  солақайлар»  «тұрмыс-
тық солақайлар» екен.Оңқайларда да осындай қатынас. Бірақ та тұрмыстық және графикалық әрекетте де 
балалар  амбидекстрлар  бар.Мұның  бәрі  белсенді  оқуға  дейін  жетекші  қолды  анықтау  қажеттілігінің 
қандай маңызды екенін түсіндіреді.Жетекші қолды анықтаудың әр-түрлі тәсілдерін қолдану тәжірибеміз 
объективті нәтиже қабылдауды қамтамасыз ететін жағдайларды анықтауға мүмкіндік берді: 
- диагностиканы (идентификация) жүргізу дербестігі 
- тапсырмалардың жетімдігі; 
-тапсырмаларды  орындауға  қажетті  пәндердің  орналасуы,  баланың  алдына,  столдың  дәл  ортасына, 
оның оң және сол қолының бірдей қашықтығында. 
- диагностиканың ойын формасы. 
Ғылыми және әдістемелік әдебиет жетекші қолды анықтауға арналған әр түрлі авторлардың ұсынған 
көптеген әдістерінен тұрады.  
Сонымен,  біз  өзіміздің  зерттеу  жұмысымыздың  нәтижесінде  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  бір 
қолдың  екінші  қолға  деген  басымдығының  дәл  бейнесін  алуға  мүмкіндік  беретін,  екі  қолдың  бірдей 
әрекетіне  арналған  сынақ-жаттығулар  және  әр  түрлі  әдіс-тәсілдер  арқылы  сұрыпталған  ойын 
тапсырмаларынан тұратын әдістемелр кешенді қолдануға боалатынын тұжырымдадық. 
 
1 ҚР жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту стандарты. –Астана, 2012. 
2 Брагина H.H. Функциональная асимметрия человека / H.H. Брагина, Т.А. Доброхотова. - М.: Медицина, 1988. - 
289 с. 
3 Безруких М.М. Леворукий ребёнок в школе и дома. Екатеринбург: ЛИТУР, 2001.320 с. 
4 Безруких М.М., Князева М.Г. Если ваш ребенок левша. Тула: Актоус, 1991. 70 с. 
5  Леутин  В.П.,  Николаева  Е.Т.  Психофизиологические  механизмы  адаптации  и  функциональная  асимметрия 
мозга. Новосибирск: Наука, 1988. 193 с. 
6 Вильдавский В.Ю., Князева М.Г. Метод определения и характеристики мануальной асимметрии в онтогенезе. 
// Физиология человека, 1989. Т. 15. № 1.С. 53-58. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет