Түйін
Есту қабілеті нашар төменгі сынып оқушыларының жан-жақты дамуында ойын маңызды орын алады. Ойын
тұлғаны қалыптастырудағы бала мүддесіне бағытталған маңызды құрал болып табылады. Ойын үстінде баланың
мінезі қалыптасады, қызығушылығы, қажеттілігі, қалауы оянады.
Ойын баланың денсауллығы мен физиологиялық өсуі үшін де өте маңызды. Ойын үдерісінде балалар түрлі
қозғалыстар жасайды, бұл қозғалыстар организмнің қызметін жақсартады. Ойын үстінде бала қарым-қатынас құралы
болып табылатын сөз арқылы ойынды талқылайды, ойланады.
Тірек сөздер: ойын, сөз, қарым-қатынас, таным, физикалық өсу, ақыл-ой ының өсуі
Summary
The comprehensive development of younger schoolboys with a hearing impairment game plays an important role. Playing
an important tool in the development of the individual, in the direction of interest, etc. adjusted during the game character,
manifest interests, needs and desires of the child.
The game is also important for health and physical development of children during the game, the child performs various
movements, which increases the activity of the body. In addition, during the game the child thinks, he argues that it makes it
unavoidable means of communication and communion.
Keywords: game, speech, communication, knowledge, physical development, mental development
ӘОК 373.642
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ
С.М. Крыкбаева – ө.ғ.к., ҚР Мәдениет саласының үздігі, қаум. проф.м.а., ҚазМемҚызПУ, Алматы қ.,
Р.А. Дарменова – п.ғ.к., проф.м.а. ҚазМемҚызПУ, Алматы қ.
Қазақтың ұлттық киімдері - ұлттық тәрбие берудің басты құралдарының бірі. Ұлтымыздың мәдениетін
сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ошағы да басты құрал болып
саналады. Қазіргі таңда білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол
жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы бүгінгі жастарымыздың
тұлғасын қалыптастыру.
Қазақтың ұлттық киімдері де өзінің сипатымен, сәнімен, осындай сан ғасырлық тарихтың иісін сақта-
ған, бедерін жеткізген көне тарихи мұра. Қазақтың ұлттық киімдеріне қарап, қазақ елінің қандай халық
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
236
болғанын айтқызбай тануға болады. Қазақ ұлттық киім өнері қазақ қолөнерінің түріне және эстетикалық
тәрбие саласына жатады. Қазақ халқының көрнекті ғалымы Ә.Марғұлан қазақ костюмін жинап, зерттеуге
үлкен үлес қосқан. Оның қазақ халқының ежелгі костюм үлгілерін жинап, оларды жүйелеп, көркемдік
ерекшеліктерін танып білу үшін көпшілік қауымға ұсынған альбомы бар. Бұл еңбек дәстүрлі қазақ
костюмдерінің түрлерін, формаларын, түстері мен композициялық шешімдерін, көркем безендіруі мен
қолданылған материалдар арсеналын танып білуге толық мүмкіндік береді. Академик Ә.Марғұланның
еңбектерінде [1] қазақ даласында ісімерлер мен қатар киімді тігуді жоғары дәрежеде меңгерген тігінші-
лердің болғанын дәлелдейді. Олардың қатарында балалардың киімдерінен бастап, салтанат киімдеріне
дейін пішіп, тігіп халыққа қызмет еткен бірқатар шеберлердің есімдері атап көрсетілген. Бай қазақтар тек
қана тапсырыс берушілер болған, орындалған жұмыстың ақысын олар шеберге малмен немесе мал өнім-
дерінің азық түлігімен төлеген. Ең бағылы да қымбат киімдер хандар, сұлтандар және бектерге арнап ті-
гілген. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің көркемдігі денеге қонымдылығымен, өлшемдерінің дене мү-
шелеріне сәйкестігімен, түр-түсінің тұтыну мазмұнымен, сұраныспен байланыстылығымен сипатталады.
Қазақтың дәстүрлі киімдерін зерттеп, олардың көркемдік ерекшеліктерін, өзі жасаған эскиздерінде шебер
көрсете білген ерекше тұлға, қазақтың тұңғыш рет әйелдер арасынан шыққан суретші А.Ғалымбаева-
ның есімімен байланысты. Ол өзі жасаған дәстүрлі қазақ ұлтының киімдерінің эскиздер жинағын альбом
етіп шығарған. Көпшілік қауымға арналған бұл эскиздер жинағы, қазақ халқының ұлттық киімдер үлгісін
жан жақты көрсете алатын мүмкіндігі бар жұмыс нәтижесі. Бұл еңбек қазақ халқының дәстүрлі ұлттық
киімдерінің дамуына үлкен ықпал етіп, танымдық міндетті қазірге дейін атқарып, келе жатқан өміршең
еңбек. Қазақ костюм тарихының дамуына үлес қосқандардың қатарынан мәдениеттанушылар мен
өнертанушылар ерекше орын алады. Сол тақырыпта жазылған еңбектер, Ө.Жәнібеков [2], Х.Арғынбаев
[3], С. Қасиманов [4], А.Құралұлы [5], Ә.Табылдиев [6], Р.Төлеубекова [7], С.Ұзақбаева [8], С.Қалиев [9],
М.Смаилова [9], Аюбаев Қ. [9], Н.Әміреев [9], С.Асанова [10], С.Крыкбаева [11] т.б.
Әр қилы тарихи кезеңдердегі киім арқылы қыз балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері және тарихтағы
қайраткер қыздардың тәрбиелік көзқарастары мен ұтымды ой-пікірлері сүйене жазылған еңбектердің де
маңызы зор.
Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты ата-бабаларымыздың үлгі-өнегесі, ақыл-кеңесі, дүниеге
деген шынайы көзқарасы, бостандыққа, ерлікке, тәуелсіздік - дербестікке ұмтылысы. Алдан күткен
арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тәрбие дегеніміздің өзі ұрпақ болашағы үшін күрес. Жастар
тәрбиесіне ата-бабаларымыз көптеген ырым, тыйым, амал тәсілдерді киімдермен байланыстырған. Киімді
оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешу, оң қолдан бастап кию жақсы ырым болып саналады. Бұл
қағида баланың қимылын епті болғанын жақсылыққа бағыттағанын тілеген болар. Қазақта оң деген сөзі
жақсылық нышанын білдірген. Кері, теріс, жаман деген сөздер антоним ретінде қолданыс табады.
Бас киімді тебуге, лақтыруға теріс киюге болмайды, жақсылықтың бәрі адамның маңдайына
жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босаға емес,
төрге ілген. Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санаған. Мұнда
қазақ халқы бас киімді ерекше қастерлегені көрінеді. Бөрік адамға көрік деп бас киімнің адамның ажарын
ашып, көрік беретінін білдіреді.
Бас киімді сыйға тарту өте үлкен құрмет саналған. Бұл тәлім адамның ой қабілетін басының сау
амандығымен байланысты болғанын көне заманнан қазақ халқы білгенін айғақтайды. Денсаулыққа қазақ
халқы өте үлкен зер салған.
Бірінші байлық денсаулық. Дені саудың тәні сау деп рухани және материалдық байланыстың негізін
тәннің саулығына байланысты қарастырады. Баланы туғанынан бастап тұзды сумен шомылдырып,
маймен сылап, жеңі ұзын, ұшы бітеу көйлек кигізіп қоятын. Ондай көйлектен бала қолын аузына салып
сормайтын. Бұл баланың денсаулығына жасалған әрекеттер. Балаға ат қойғанда ата-анасы, атасы, әжесі
жас нәрестенің өнегелігі үлкендерге ұқсасын деп дарынды, өнерлі, ақылды ақсақалдарға аузына түкіртіп,
азан шақыртып атын қойғызып, қарияның шапанының етегіне орап, батасын алады. Бұл ырым ата-
анасының баладан күтер үміті зор екенін көрсетеді.
Сұлуынан жылуы деп киімге деген қоятын бірінші талап дененің саулығына қызмет ету болған. Қазақ
тазалыққа өте үлкен зер салып талап қоятынын басқа да киімге деген тыйымнан көрінеді. Кір киім киюге
болмайды. Киімді әрқашан таза және ұқыпты ұстаған жөн. Таза тиянақты киінгенді қалайтынын қазақтың
мақал-мәтелдерінде көрініс тапқан:
Етігі жаман төрге шыға алмас,
Жеңі жаман ас іше алмас.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
237
Дос аяғыңа қарайды,
Дұшпан басыңа қарайды [12]
деген мәтел адамның бас киімі адамның беделін, байлығын білдіретінін айғақтайды. Киім эстетикасы
қазіргі заман талабына сай болуды қажет етіп отырады. Қоғамның дамуына байланысты киімнің сәні де
өзгеріп отырған. Адамның әр уақытта сәнге сәйкес киіне білуі оның эстетикалық талғамына байланысты.
Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау жаман ырым. Егер оны адам
кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек. Мұнда халықтың ұқыптылығы үнемділігі, киім ісмерінің еңбегін
бағалағаны білінеді.
Қазақы киімнің ерекшелігі, оның жеңін бір қарыс ұзын етіп тіккен, ал қысқы киімдерінің етегі кең
болып келген. Көшпенді ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз төрт түлік мал өсірген халық үшін әрі баспана,
әрі төсек болды. Ұзын жең ат үстіндегі адамның толып жатқан қажеттіліктеріне қызмет атқарған. Өте
ұзын немесе қысқа киім кию адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырған. Бұл халық тіршілігін
терең түсінген халық даналығынан туған, өмір тәжірибесінің-нәтижесі. Жарасымды киіну ол ең алдымен
адамның үстіне киген киімінің бойына, түсіне, жас ерекшелігіне, пішіміне үйлесімді болуы керек.
Адамның киіміне қарап, қарсы ал,
Ақылына қарап, шығарып сал.
Өзі сыпайының тоны да сыпайы - деп
адамның киіміне қарап оның талғампаздығын, қызметін, ой парасатын және ұқыптылығын байқауға
болады.
Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ - деп
ағашқа көрікті жапырақ, ал адамға әдемі, сәнді, жарасымды киінгенді қалайтынын көрсетеді. Әсіресе,
қыз баланы өте әсем, ажарлы киіндіруге тырысатын.
Қыз өссе елдің көркі,
деп ата-бабамыз бойжеткен қыздарға қынама камзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек көйлек,
биік өкшелі кебіс, сырға, білезік, жүзік, шолпы, шашбау секілді сәнді заттарды тағу арқылы әсемдікке
деген сезімдерін оятып, қызығушылықтарын жетілдіруді көздейтін.
Қазақ мақал-мәтелдерінде киімнің әсемдігі, көркемдігі былай сипат табады:
Алтын кемер белге сән,
Ақылды жігіт елге сән.
Алтын балдақ қол сәні,
Әшекей кесте тон сәні.
Асыл шапанды асылмен астарла.
Кісі киімді көркемдесе,
Киім кісіні көркемдейді.
Келер ұрпақтың ақылды, арлы, жігерлі болғанын тілеген ата-бабаларымыз киім қасиеттерімен
салыстырып айтқан:
Жақсы қыз жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт көктегі жұлдыз
Алтын кемер белге сән,
Ақылды жігіт елге тән.
Тегі жаман тойда тонымды бер дер,
Жетіскен жеті шапан киеді.
Қошқар болар қозының
Маңдай жағы дөң келер.
Адам болар баланың
Етек жеңі кең келер.
Жаз киерін, қыс киіп,
Жарлы қайдан байысын.
Тоғыз қабат торқадан,
Тоқтышақтың терісі артық [13]
Киім кию мәдениеті арқылы эстетикалық талғамды дамытып, ол жастардың тәрбиесіне зор ықпал
еткен. Әр адамның отбасылық жағдайы киімінен көрінетін, отбасы болу үшін киім арқылы міндет, парыз-
дарды да арқалауы керектігін көрсететін. Қыз бала басына орамал салуға тыйым салынатын. Тек үйлен-
геннен соң орамал салатын. Өнерпаздар, сал-серілер, ақындар да әрдайым ерекше сәнді киініп жүрген.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
238
Үйлену салтында күйеу мен қалыңдықтың ерекше әсем киіндіретінінен жаңа отбасы құрған жастарға
халқымыз өте үлкен үміт артқанын көрсетеді. Киім адамның жас ерекшелігіне, киілу мерзіміне, жеріне
байланысты кию қажет болған.
Киім жасау тәсілдерін үйрету үшін баламен бірге анасы еңбек етіп, өзінің өнегесін көрсетеді.
Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің маған жақсы, - деп ата-анасы балаға әртүрлі жұмыстарды тапсыратын.
Киім тігу өнері өнершілердің еңбегін талап етеді. Дұрыс күтімі болған малдың еті де, жүні де сапалы
болады.
Малды дұрыс күте білудің өзі бір- өнер. Малдың жүнін сұрыптау, жүннен жіп иіру, жіптен мата тоқу,
малдың терісін илеу, оны сұрыптау, маталарға бояу жасау, маталарды бояу, адамның тұрпатын, беделін,
жағдайын талдап, киімнің үлгісінің үйлесімділіктерін келістіру, матадан киім үлгілерін пішу, пішу
әдістерін табу, пішілген киімді дұрыс тігу, тігілген затты әшекейлеу бұл тек бір киім тігу мақсаты үшін
жасалатын әрекеттер. Мұның бәрі жеке өнер, яғни киім қаншама өнерді үйренуге ықпал жасап, қазақ
халқының тұрмыстық мәдениетінің негізін құрайды.
Аталған өнерлердің көбін жалғыз адам ғана істемейтін. Мысалы, жүн бояу, мата жасау, ою-өрнек салу
үшін арнайы елден қас шеберлер шақырылатын ерекше дәстүр де қалыптасып отырған.
Әр ұлт өзіне тән ұлттық ғимараттарымен, ұлттық киімімен ерекшеленіп танылған. Тәуелсіз мемлекет
болған Қазақстан өзінің ұлттық тарихын жалғастыруда көп өнерлі, талапты білімді адамдарды қажет
етеді. Мемлекеттің ұлттық символикаларын жасау жолдарында ұлттық киімге де сұрау көп.
Ұлттың армиясы, ұлттың соты, әуе темір жол қызметкерлері, академиктер, олимпиада жеңімпаздары
т.с.с. ерекшелендіруді қажет ететін ұлттық кәсіп қызметкерлері қалай киінуі керек деген сауалдар әліде
туындап жатыр. Сонымен қатар ұлттық сән ғимараттары қандай киім үлгілерін жасап, халықаралық
подиумдарында өздерін ұлт ретінде танылта алады деген сұрақтардың жауабыда жастар тәрбиесіне
тигізетін ықпалы мол. Бұл мәселелерді дұрыс шешу үшін халықтың киім кию мәдениетіндегі құнды
мұраларын жандандыру бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі.
Ұлттық киім ата-бабамыздың көзі, бізге олардан жеткен материалдық мәдениеттің көрсеткіші. Қазақ
халқының ұлттық киімі басқа ұлттардан өзгеше, өзіндік қасиетке толы.
«Әр халықтың тарихы бірегей, бұл сандаған ұрпақтың баға жетпес тәжірибесі. Ол азаппен келген
тәжірибе. Содан да көшпенділердің рухани өмірін оның өз тарихынсыз елестету мүмкін емес. Өткенді
түсіну арқылы адамның бүгінгі көзқарасы тұлғаның зерделі және мәдени дамуын бағалаудың анық дәл
өлшемдерінің бірі. Оны тану арқылы туған жерімізді оның ұлы шежіресін құрметтеп, сүйе түсеміз.
Осы тұрғыдан атап кетсек, мемлекетіміздің ұлттық киімінің жаңа көріністерін жасау жолында Фатима
Таразидың сән салоны көп жұмыс істеген. Олардың жасаған үлгілерін біз халық соты өкілдерінің, халық
жауынгерлердің, ғарышкерлердің үстінен көре аламыз. Мұндай тәжірибе әлі де көп жұмыс жасап,
зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
Қазақ ұлттық киімінде сарқылмайтын сан қилы ой, қиял, үлгі бар. Оның бәрі қазақ ата-бабаларының өз
ұрпақтарына қалдырған рухани қазынасы. Сол қазынаны дұрыс пайдалану, сабақтастыру, өркендету
қазіргі мәдениеттің және халықтық тәрбиенің нысаны. Мәдениетті киіну білімділіктің белгісі. Киіміне
қарап кісіні, елімізді танытуға болады.
1 Маргулан А. Казахское народное прикладное искусство. Алма Ата: Өнер, 1991.- 304
2 Джанибеков У. Культура казахского ремесла. – Алма-Ата, 1982. - 144 с.
3 Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми - зерттеу еңбек. – Алматы: Өнер, 1987. - 128 б.
4 Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. Алма Ата: Қазақстан, 1964
5 Құралұлы А. Қазақы тиымдар мен ырымдар. Алматы: «Өнер» , 2000.
6 Табылдиев Ә. Әдеп әліппесі. Алматы «Рауан», 1997
7 Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. Алматы: Республикалық баспа кабинеті.
8 Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. Алматы: «Білім», 1995
9 Қалиев С., Смаилова М., Аюбаев Қ., Әміреев Н. Қазақ халқының тәлім- тәрбие тарихынан. Алматы: «Рауан»,
1992.
10 Асанова С. Қазақтың ұлттық киімдері. Алматы: «Ата мұра», 1995.-208 б.
11 Крыкбаева С.М. Сәндік-қолданбалы өнердегі қазақ әйел киімінің семантикалық мәні. Өнертану ғыл.канд дисс.
Алматы, 2010.
12 Қазақ мақал-мәтелдері. / Құрастырушы Тұрманжанов Ө. Алматы: «Ана тілі», 1993
13 Ел аузынан. Алматы: Жазушы, 1985
Резюме
В этой статье рассматривается педагогическое направление эстетического воспитания учащихся на основе
казахской национальной одежды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
239
Изучение народной одежды в процессе преподавания декоративно-прикладного искусства является
необходимостью сегодняшнего дня. Декоративно-прикладное искусство уходит корнями в глубь веков и является
фундаментом современной культуры, следовательно, дальнейшее духовное, нравственное совершенствование
общества невозможно без усвоения жизнелюбия и оптимизма народного искусства, народной культуры. Оно
способствует решению труднейших задач в области эстетического воспитания молодежи, развития духовных
потребностей, становления художественного вкуса, роста творческих способностей.
Ключевые слова: национальное образование, национальная одежда, головной убор, лицо человека, народное
искусство, эстетическое воспитание, художественный вкус, твочество
Summary
In article the pedagogical direction of esthetic education of youth on the basis of the Kazakh national clothes is considered.
Studying of national clothes in the course of teaching of arts and crafts is need of today. Arts and crafts originate in depth
of centuries and are the base of modern culture, therefore, further spiritual, moral improvement of society is impossible
without assimilation of cheerfulness and optimism of folk art, national culture. It promotes the solution of the most difficult
tasks in the field of esthetic education of youth, development of spiritual needs, formation of art taste, growth of creative
abilities.
Keywords: national education, national dress, hat, man's face, folk art, aesthetic education, artistic taste and creativity
УДК 373.3.091.3
КОММУНИКАТИВНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ
КОММУНИКАТИВНЫХ НАВЫКОВ МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ
А.Е. Жумабаева – д.п.н, профессор,
Г.Г. Жусупбекова – докторант Phd, 1 курс, КазНПУ им. Абая
Система образования Республики Казахстан ориентирована на обеспечение высокого качества
обучения и воспитания подрастающего поколения, подготовку человеческих ресурсов в
быстроменяющихся экономических и технократических условиях.
В настоящее время происходит смена образовательной парадигмы: разрабатываются и внедряются
новые образовательные концепции, совершенствуются и внедряются нормативно-правовые основы,
внедряются новые педагогические технологии обучения. Мы наблюдаем активный процесс гуманизации
и демократизации образования, что проявляется в признании новой позиции ученика в образовательном
процессе и новой системы взаимодействия субъектов педагогического процесса. Становится актуальным
сделать содержание образования средством личностного развития ученика через организацию личностно-
ориентированного подхода, разработку и внедрение новых педагогических технологий обучения.
В качестве одного из основополагающих принципов личностного развития в психолого-
педагогической науке выдвигается принцип саморазвития, детерминирующий способность индивида
превращать собственную жизнедеятельность в предмет практического преобразования, приводящий к
высшей форме жизнедеятельности - творческой самореализации (К.А.Абульханова-Славская,
А.Г.Асмолов, В.В.Давыдов, Л.М.Митина, В.А.Петровский и др.).
Проблему развития способностей, психики, самостоятельности и личности в целом затрагивали в
своих работах казахские ученые-просветители (Ш.Уалиханов, И.Алтынсарин, А.Кунанбаев), а также
передовые казахские общественные деятели и ученые ХХ века (Ж.Аймаутов, А.Байтурсынов, М.Дулатов,
М.Жумабаев).
В отечественной педагогической науке имеется широкий спектр исследований, посвященных
технологизации образования. В Казахстане технологическому подходу в обучении посвящены работы
Г.К.Нуртаевой, К.К.Кабдыкаирова, Ж.А. Караева, Г.Т. Хайруллина, Т.Т.Галиева, С.К.Исламгуловой,
также идеи технологизации образования выдвигали российские педагоги-новаторы В.Ф.Шаталов,
Б.П.Никитин, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова и др.
Под эгидой ЮНЕСКО рядом ученых были разработаны теоретические аспекты педагогических
технологий. Введение педагогических технологий в теорию и практику обучения связано с трудами Б
Блума, Д.Брунера, Дж.Кэрола, С.Сполдинга, Д.Хамблина и др.
Использование педагогических технологий способствует насыщению образовательной сферы
эффективными идеями. Анализ психолого-педагогической литературы показывает следующие различные
толкования понятия «педагогическая технология»:
Технология — это совокупность приемов, применяемых в каком-либо деле, мастерстве, искусстве
(толковый словарь);
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
240
Педагогическая технология — совокупность психолого-педагогических установок, определяющих
специальный набор и компоновку форм, методов, способов, приемов обучения, воспитательных средств;
она есть организационно-методический инструментарий педагогического процесса (Б.Т.Лихачев);
Педагогическая технология — это содержательная техника реализации учебного процесса
(В.П.Беспалько);
Педагогическая технология — это описание процесса достижения планируемых результатов
обучения (И.П.Волков);
Технология — это искусство, мастерство, умение, совокупность методов обработки, изменения
состояния (В.М.Шепель);
Технология обучения — это составная процессуальная часть дидактической системы (М.Чошанов);
Педагогическая технология — это продуманная во всех деталях модель совместной педагогической
деятельности по проектированию, организации и проведению учебного процесса с безусловным
обеспечением комфортных условий для учащихся и учителя (В.М.Монахов);
Педагогическая технология — это системный метод создания, применения и определения всего
процесса преподавания и усвоения знаний с учетом технических и человеческих ресурсов и их
взаимодействия, ставящий своей задачей оптимизацию форм образования (ЮНЕСКО);
Педагогическая технология означает системную совокупность и порядок функционирования всех
личностных, инструментальных и методологических средств, используемых для достижения
педагогических целей (М.В.Кларин);
Педагогическая технология — это алгоритм (последовательность) действий ученика и учителя,
обеспечивающий достижение намеченного образовательного результата;
Педагогическая технология – это последовательная взаимосвязанная система действий педагога,
направленная на решение педагогических задач; планомерное и последовательное воплощение на
практике заранее спроектированного педагогического процесса; строго научное проектирование и точное
воспроизведение гарантирующих успех педагогических действий (В.А.Сластенин) [1, с.14].
Таким образом, на основе анализа приведенных определений можно сделать следующий вывод:
педагогическая технология – это совокупность методов, техника реализации, процесс достижения
результатов обучения рациональными путями, психолого-педагогические условия для субъектов
образовательного процесса с учетом индивидуально-личностных качеств.
Педагогическая технология предполагает изменение стиля обучения, где выдвигаются на первый план
активные формы обучения, которые являются сподвижниками не только сотрудничества, но и
сотворчества. Она способствует одновременно развитию учебно-познавательной деятельности и
организации устойчивой мотивации учащегося в процессе творческого познания. В современной
педагогической практике нашла применение коммуникативная технология Пассова, названная
технологией коммуникативного обучения, основанная на общении обучаемых между собой и с
педагогами, позволяющая достичь указанных результатов [2]. Коммуникативная технология
предполагает погружение учащегося в языковой процесс, в естественную языковую среду для овладения
языком и формирования коммуникативных навыков.
Следует отметить, что в Государственном общеобязательном стандарте начального образования
(ГОСО) определены образовательные области, объединяющие несколько родственных учебных предме-
тов: «Язык и литература», «Математика и информатика», «Естествознание», «Человек и общество»,
«Технология и искусство», «Физическая культура», а также сформулированы требования к ожидаемым
результатам обучения, которые спроектированы с учетом специфики каждой образовательной области,
Содержание образовательной области «Язык и литература» реализуется в учебных предметах:
1) «Обучение грамоте», «Литературное чтение», «Казахский язык» в классах с казахским языком
обучения, «Русский язык» в классах с русским языком обучения, «Казахский язык» в классах с неказах-
ским языком обучения, «Русский язык» в классах с нерусским языком обучения, «Английский язык»;
2) в организациях образования с языком обучения этносов, компактно проживающих на территории
Казахстана, в образовательную область «Язык и литература» дополнительно входят «Родной язык и
литература» данного этноса. Учебные предметы «Родной язык» для организаций образования с
уйгурским, узбекским, таджикским языками обучения включаются в инвариантный компонент типового
учебного плана [3, с. 4].
Преподавание учебных предметов из цикла «Язык и литература» предполагает использование комму-
никативных технологий обучения, которые направлены на максимальное погружение ученика в языковой
процесс. Основная цель – научить правильно думать, конструировать речь на нескольких языках.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
241
В процессе преподавания необходимо ориентироваться на межличностное взаимодействие в учебно-
воспитательном процессе, гуманизацию педагогического воздействия.
В основу коммуникативной технологии обучения входит:
- практическая направленность обучения языку в школе;
- коммуникативно-речевая основа процесса обучения языку;
- комплексная организация языкового материала;
- дифференцированный подход в обучении;
- всемерная интенсификация учебного процесса.
Коммуникативный метод обучения говорению включает пять принципов:
- принцип речемыслительной активности;
- принцип индивидуализации при ведущей роли его личного аспекта;
- принцип функциональности;
- принцип ситуативности;
- принцип «новизны».
Сущность обучения на основе применения коммуникативных образовательных технологий
заключается в создании условий для формирования активной познавательной деятельности учащихся.
Ведущей является идея формирования умения младшего школьника включаться в учебную деятельность
в качестве субъекта, способности работать в сотрудничестве, проявлять коммуникативные способности.
В современной образовательной системе начального звена коммуникативные технологии
используются как средство формирования коммуникативных навыков школьников и как средство
активизации познавательной деятельности учащихся.
Образование младшего школьника и его речевое развитие всё более обоснованно сливаются в единый
учебно-познавательный процесс. Одним из аспектов указанной взаимосвязи является внимательное
отношение в школьном обучении к функциям языка как средству общения, познания окружающего мира,
а также саморазвития ученика как личности со своими интересами, потребностями и способностями их
осуществить.
По мнению Л.В. Щерба, важнейшим средством общения является речь, представляющая собой реали-
зацию языка в актах коммуникации. На основе общефилософского подхода язык представляют как
средство познания окружающего мира. Язык является общественно-историческим продуктом, в котором
находят отражение история народа, его культура, система социальных отношений, традиции. Язык
существует, живет и развивается в общественном сознании, в сознании народа, говорящего на нем.
Общение опосредовано языком, выступающим средством и средой культурной коммуникации. При этом
транскультурное общение осуществляется посредством языка, в котором находит отражение культура
народа, носителя языка [4]. Развитие личности осуществляется в контексте диалога человека с миром
культуры.
Язык, по Г. В. Колшанскому [5, с.8], понимается как глобальное явление, охватывающее все виды
коммуникации в обществе. Минимальной же единицей, интегрирующей языковые элементы для
процесса коммуникации, является такое речевое действие, в котором осуществляется общение. Тогда
владение языком — это, прежде всего, способность участвовать в реальном общении, а знание отдельных
элементов языка имеет вспомогательное значение.
Согласно Ховатту (Howatt) [6], язык усваивается через коммуникацию, поэтому вопрос стоит не
только об активации существующих знаний языка, но пассивных, т.е. о стимулировании развития
языковой системы как таковой. Другими словами, первый вариант можно кратко охарактеризовать как
«учиться, чтобы употреблять», то последний — «употреблять, чтобы учиться».
Коммуникативный опыт – один из важнейших факторов, определяющих представления ребенка о
своих способностях и связанных с ними возможностях. Поэтому естественно предположить, что общение
влияет на смелость детей при поисках новой информации, на их настойчивость при решении задач,
поставленных в порядке инициативного целеполагания.
Специфический характер влияния общения проявляется благодаря возможности ребенка прямо наб-
людать в ходе совместной деятельности образцы действий других детей и взрослых и усваивать их путем
подражания. Значение общения в групповой, парной работе не сливается со значением коммуникативных
элементов сотрудничества — особое внимание к партнеру определяется именно тем, что он выступает
для ребенка не только как субъект общения, но и как субъект познавательной деятельности тоже.
Особенностью коммуникативных технологий является построение обучения на основе активного
взаимодействия всех участников учебного процесса с привлечением всевозможных средств (источников)
информации.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
242
Система работы по использованию коммуникативных образовательных технологий предоставляет
учителю следующие возможности:
- вовлечение каждого учащегося в активный познавательный процесс, причем не пассивного
овладения знаниями, а активной познавательной деятельности, применение приобретенных знаний на
практике и четкого осознания, где, каким образом и для каких целей эти знания могут быть применены;
- совместной работы в сотрудничестве при решении разнообразных проблем, когда требуется
проявлять соответствующие коммуникативные умения;
- свободного доступа к необходимой информации с целью формирования собственного независимого,
но аргументированного мнения по той или иной проблеме;
- постоянного испытания своих интеллектуальных, физических, нравственных сил для определения
возникающих проблем действительности и умения их решать совместными усилиями, выполняя подчас
разные социальные роли.
Таким образом, применение коммуникативных технологий в обучении является средством
формирования коммуникативных и языковых навыков младших школьников, обеспечивающим личное
саморазвитие, самостоятельность в приобретении знаний, умение управлять информацией и развитие
критического мышления, что соответствует требованиям ГОСО.
Достарыңызбен бөлісу: |