ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Г.А. Қалдыбаева, аға оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада бейнелеу өнерінің кескіндеме жазуда қолданылатын оқыту
әдістемелері зерттеледі. П.П. Чистяков, Д.Н. Кардовский және К. Брюллов сияқты
Ресейдің үздік педагог суретшілерінің оқыту әдістерін мысалға келтіре отырып, қазіргі
уақытта қолдануға тиімді кескіндемеге оқыту әдістерін сараптайды.
Түйін сөздер: Кескіндеме, әдістеме, шығармашылық, үдеріс, оқу, таным, әдіс-
тәсілдер.
Оқу әдістемесі – оқытушының студенттермен жұмысы барысында қолданатын,
сабақта пайдаланатын тәсілі немесе жолы. Оқу әдістемесінің тәсілдері мен жолдары
студенттердің білім алуларына қабілеттері мен мүмкіндіктерін қалыптастыруда,
материалдық дүниетанымдары мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастырумен
қатар, оларды дамыту жолдарын да қамтиды. Тәсіл жеке іс-әрекеттің бір бөлігі, ал
әдістеме тәсілдің жиынтығы, яғни бірнеше тәсілдердің қосылып, бір бағыттағы іс-
әрекеті. Әрбір әдістеме комплексті тәсілдерден құралады. Осы комплексті тәсілдер
педагогикалық және дидактикалық мақсаттарға негізделінеді. Студенттердің
шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқу әдістемесі шешуші рөл атқарады. Әдістеме
деген түсінік немесе сөз гректерден шыққан – «metobos» деп аталынады, оның жалпы
мағынасы: белгісіз нәрсені түсіну үшін, түсіну жолындағы іс-әрекеттердің жүйелі түрде
орналасуы. Бүгінгі таңда оқу әдістемесі төңірегінде, жеткілікті тәжірибелер жиналған.
Қазіргі заман педагогикасы жалпы оқу әдістемелері белгілі бір принциптерге
байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Оқу әдістемесінің классификациясы біздің
зерттеулерімізге тікелей қатысы бар. Оқу әдістемесі мәліметтерді қабылдау, оны тарату
мінездемелеріне байланысты төмендегідей болып бөлінеді: баяндау, көрнектілік және
практикалық (С.П. Перовский, Е.Я. Голант). Негізгі дидактикалық міндеттерге
байланысты оқу үдерісіне енгізудегі оқу әдістемесі:
1)
Ептілік пен дағдыны қалыптастыруда алар білім әдістемесі;
2)
Шығармашылық қызметте білімді қолдану әдістемесі;
3)
Алған білімді баянды ету және білімді, дағдыны ептілікті тексеру.
(М.А.Данилов, Б.П. Есипов).
Студенттердің танымдылық қызметінің ерекшелігіне байланысты, олардың алар
білімдерінің мазмұнына байланысты төмендегідей әдістемелерге бөлінеді. Олар
иллюстративті-түсіндіру әдістемесі, проблемалар арқылы түсіндіру әдістемесі, жеке
ізденіс әдістемесі, немесе эвристикалық және іздену әдістемесі (М.Н. Скаткин,
И.Я.Пернер). Оқу әдістемесін классификациялауда жиі кездесетін білім көзі және ой
негізінен (Н.М.Верзилин), білім көзі және оқытушының өз бетімен оқу үдерісіндегі
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
129
дайындық деңгейі (А.Н. Алексюк, И.Д.Зверев) және басқалар. Бүгінгі таңдағы
педагогика оқу әдістемесін негізінен үш топқа бөледі:
1)
оқу таным қызметін іске асыру және ұйымдастыру әдістемесі;
2)
оқу таным қызметіне қызықтыру және оны дәлелдеу әдістемесі;
3)
оқу таным қызметі бақылау әдістемесі.
Оқу таным қызметі, оны ұйымдастыру үдерісі барысында, біліммен ептіліктің
қалыптасуы, қабылдау, ойлау, алған мағлұматтарды есте сақтау мәселелерімен тығыз
байланыста болады. Осы мәселелерге байланысты бірінші топтағы оқу әдістемесі
төмендегідей бөлінеді:
- ауызша әдістемесі (әңгіме, лекция, сөйлеу т.б.);
- көрнекті құрал әдістемесі (иллюстрация, кино, слайдтар);
-практикалық іс тәжірибе әдістемесі (жаттығу, лабораториялық жұмыстар,
оқытушының іс жүзінде көрсетуі).
Екінші топтағы оқу әдістемесі – ол қызықтыру әдістемесі және оқу процесіне
қызығушылығын дамыту әдістемесінен тұрады, сонымен қатар, оқушының оқуға деген
жауапкершілігін қамтиды.
Үшінші топтағы оқу әдістемесі келесі құрамдардан құралады:
- ауызша қадағалау және өзін-өзі қадағалау әдістемесі;
- жазбаша қадағалау және өзін-өзі қадағалау әдістемесі;
- лабораториялық-практикалық қадағалау және өзін-өзі қадағалау әдістемесі.
Кескіндеме пәнін оқыту үдерісінде, осы үш оқу әдістемесінің ішінде алғашқы
топтағы оқу әдістемесі, яғни оқу-таным қызметін жүзеге асыру және ұйымдастыру
әдістемесінің мәні зор. Алайда, басқа топтағы оқу әдістемені қолдануға болмайды деген
ойдан алшақпыз. Кескіндеме өнеріне оқыту процесі әдістемелер мен дидактикалық
принциптерге сүйенеді. Білімдердің басқа түрі сияқты бұл жерде де, тәжірибелі
оқытушы белгілі бір жағдайда әртүрлі әдістеме мен тәсілдерді қолданады. Кескіндеме
пәнін оқытуда, әсіресе оқытудың алғашқы этапында, қандай әдістеме немесе тәсіл;
қандай мөлшерде қолайлы жағдай туғызады деген мәселе төңірегіне келер болсақ,
әртүрлі әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде қолдана отырып, солардың ішінде тиімдісі деп
төменгі әдістерді анықтадық. Ол көрнекті құрал арқылы түсіндіру әдістемесі мен ауызша
түсіндіру әдісі. Сонымен қатар, төменгі дидактикалық принциптер негіздерін кең түрде
қолданудың, мысалы, ғылыми әдістеме, бірізділік және бір жүйелік және басқалар. Тұтас
көру және тұтас бейнелеу әдістемесін талдау барысында, танымалы ірі суретшілер-
педагогтар тәжірибесін зерттеу маңызды рөл атқарады. Әсіресе педагогикалық төменгі
аталған суретші адамдардың қалдырған еңбектерінің үлесі мол болады. Олар:
А.Венецияновтың, К. Брюлловтың, П. Честяковтың, И.Репиннің, П. Крыловтың,
Д.Кардовскидің, Г. Шегальдің, Б. Иогасонның т.б. Олар жас суретшілерді тәрбиелеуде,
өнерге үйретуде маңызды құнды, терең де әрі бай материалдар қалдырды (басылымнан
шыққан мақалалар, бір-бірлеріне жазған хаттар, методикалық әдістеме, естелік,
монография т.б.). Жалпы көркем өнер проблемасын, сондай-ақ өнер туралы жеке
көзқарастарын сараптау мен өнерге оқыту әдістемелерін қамтиды. Бізге белгілі
П.П.Чистяков тәжірибесі бір жағынан, өзіне дейінгі суретшілердің еңбек тәжірибесін
мұра ретінде қалдырған еңбектерін талдау болса, екінші жағынан өз тұжырымдарын
классикалық өнер шеберінен алып отырады. Олар үлкен ой елегі және педагогикалық
тәжірибеге сүйене отырып, өз «заңдарын» енгізді. Сол заңдылықтардың бірі оқушы өзіне
дейінгі өнерді түсінуде үлкен зейінді зерттеуші болу керек және өз тәжірибесінде
қолдана білуі қажет. Маңыздысы сол, ол өз шәкірттерін өнердің кейбір шешімдерін
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
130
классикалық өнер шешімдерімен салыстыра отырып тексеруге баулуы. Суретші-
педагогтардың өнер саласында оқытушылармен қандай оқу әдістемені немесе тәсілдерді
пайдаланғанын зерттеу барысында анықталынды. Арнайы материалдардан белгілі,
Лосенко сабақ жүргізгенде шәкірттерімен бірге отырып өзі де нұсқадан сурет салған
және де оларға түсіндіру барысында шәкірт суретінің жанына, қысқа кейбір өнер
заңдылықтарын түсіндіру мақсатында, оқытушы өз түсіндірме суреттерін салған. Ол
шәкірттеріне адам анатомиясынан бірнеше таблицалар, көрнекті құралдар дайындап,
оған қысқаша түсіндірмелер жазған. Кескіндеме өнеріне оқытудың алғашқы этапында
олар «көшіріп салу», яғни тәжірибелі суретшілердің жұмыстарын көшіру барысында,
суретшінің сурет салу әдіс-тәсілдерін игеру, жасалу техникасын үйрену мақсаты.
Мысалы, педагог-суретші Г. Угрюмов алғаш рет сурет сабағының бір бөлігі ретінде
нұсқа денелердегі кейбір бөлшектерді көшіріп салу жаттығуларын енгізген. Бұл жерде
шәкірттерінен дене формаларын құру, оны түрлі түсті бояулар арқылы беру, осының
арқасында шәкірттерінің байқағыштық, есте сақтау, образдық ойлау т.с.с. қабілеттерін
арттырды. Суретші әрі педагог К. Брюловтың сабақ жүргізу, оқыту жүйесі басқаша
болды. Оның оқыту жүйесінің алғашқы этапы – шәкірттері өнердің техникалық
жақтармен танысу, яғни өнер технологиясын игеру еді. Екінші этап, игерілген
технологиялық мәселелерін тікелей өнермен, нұсқаны бейнелеумен байланыстыру
мақсатымен жалғасты. Үшінші этап, картина жазу процесі, яғни шәкірттің
шығармашылық іс-әрекеті. Өнер Академиясындағы суретші педагогтар академияның
алғашқы жылдарында, бейнелеу өнеріндегі үлгілі картиналарды көшіріп жазу
әдістемесінен басқа, негізінен кең түрде өз тәжірибелеріне, сондай-ақ шәкірттер салған
еңбектерге сүйенді. Сол кезде төмендегідей сабақ беру тәртібін орнатты: бір профессор
нұсқа қоюмен айналысса, екінші профессор сол нұсқаны студенттер алдында жазу
мәселесімен айналысты. Бізге белгілі ірі-ірі суретшілердің арнайы оқу орны болмаған
заманда шәкірттері болған (Ван Дейк, Рубенс, Рембранд т.б.). Белгілі бір суретшінің
шеберханасында қабылданған шәкірт, сол суретшінің толық «бағдарламасынан» өткен,
яғни, кескіндеме технологиясынан бастап жазу әдіс- тәсілдеріне дейін: бояу ұнтақтау,
дайындау, кенеп керу, оның технологиясын меңгеру т.б. Шәкірт қай кезде кескіндеме
өнеріне жазу техикасын толық игергеннен кейін, оны шығармашылық полотно жазуға
қосып отырған. Шәкірт уақытының көбісін ұстазына жұмсаған, яғни оның кенеп
дайындауда, бояу ұнтақтарын езуге т.с.с. ең жауапты жұмыстарды атқарған. Демек,
барлық кезде ұстаз алдында, оның картина жазу процесіне қатыса отырып, ұстаздың
бейнелеу өнеріндегі іс-әрекет, әдіс-тәсілдерімен қанық болған және де ұстаздың «толық
мектебін» осындай тәжірибелерімен алмасуымен сусындаған. Өнер Академиясының
ашылуымен, осындай тәртіп бұзылып, арнайы бағдарлама бойынша лек-легімен, топ-
тобымен дайындауға көшірілді. Жеке шәкірт дайындау біршама уақытқа созылды, оның
жақтаушыларына Д. Кардовский, П. Чистяковтар және басқалар қолдады. Дегенмен
жалпы топтап оқыту Академия мектептерімен қатар, жеке-дара өз мектептерін құрған
ұстаздарда болды. Олар А. Венецианов және П.П. Чистяков мектептері және басқалар.
Жеке өнер мектептерін ашу 1894 жылғы Академияны реформалаудан кейін де көптеген
суретші ұстаздардың ойында болды. Ол заманда өзін қарсы қоя біліп және өнер
мектебінде өз бағдарламасымен дәріс берген жалғыз суретші-педагог П. Чистяков
болды. П.Чистяковтың негізгі оқу әдістемесі, ол нұсқаны образды қабылдау және
образды бейнелей білу еді. Оның ойынша, шәкірт жәй денені бейнелеу барысында, ол
сол денені бейнелеудің «жасақшысы» болу керек деген пікірде болды. «Қолөнершіге
барлығы түсінікті, ал суретшіге ешнәрсе түсінікті емес» деген пікірі сол замандағы дәлел
бола алады. Сол заманға классикалық өнер еңбектерді ғылыми түрде дәлелдей отырып,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
131
ол өзінің оқыту системасын жасады. П. Чистяковтың өнерді оқыту системасындағы
ерекшелік, ол әрбір қойылымға қойылатын әдістемелік талаптардың жоғары болуында.
Шәкірттері сол әдістемелік талаптарды орындау жолында әрқайсысы жеке
шығармашылық еңбектермен шұғылдануға міндетті болды. Бұл міндет ұстаз
бақылауымен де және өз бетімен еңбек етуді талап етті. П.Чистяков кескіндеме сабағы
процесін бірнеше этапқа бөлді [1].
Бірінші этап – шәкірт нұсқа арқылы бейнелеуде дене түсін дәл табу және
кеңістіктегі орнын анықтау болса, екінші этап – шәкірт дене формасына сәйкес, оның түс
өзгеруін қанық білу, яғни дене болмысын көрсетудің негізгі шартын игеру. Үшінші этап
– әртүрлі бояу түстері арқылы шәкірт сюжетті пластикалық міндеттерді шешу. Ол
шәкірттер алдында теориялық және практикалық білім бере отырып, олардың ой арқылы
бейнелеу қабілеттерін еске түсіру арқылы бейнелеу т.с.с. қабілеттерін артырады. Ол
өзінің оқу-әдістемелік жолында, бейнелеу өнері ұстаздары арасында белгілі «параллельді
әдістемені» жиі қолданған, яғни оқытушы нұсқадан қарап салу процесінде оны жауып
қойып, еске түсіру арқылы бейнелеу. Осындай сабақ өткізу тәсілі, ойдың образдық ойлау
қабілетін арттырумен қоса, дененің тұтас көріну, қабылдау құбылыстарын да
жақсартады. Шәкірттері кеңістіктегі денені жазу қабілетін меңгергеннен соң, ол
оқытушыларының алдында келесі міндетті қояды: яғни, кеңістіктегі дене түсін қалған
денелер түсімен байланыстыра жазу, демек денелер түстерін бір-бірімен қатынастар
арқылы бейнелеу. Мысалы, П.П. Чистяков ашық күн аспан астына маталарды қойып,
шәкірттеріне жаздырған. Олар әртүрлі түсті маталардың бір-бірімен түстік байланысын
және де олардың аспан күнмен шағылысуы, көк шөптің оларға ену әдісіне үйретті.
Суретші-педагог Д. Кардовскийдің оқу процесінде қолдаған әдіс-тәсіліне үлкен мән
беруіміз керек. Ол өзінің педагогикалық жұмысында екі тәсілді қатар қолдануы, яғни,
ұстаз студенттермен қатар, бірге практикалық жұмыс жүргізсе (картина, сурет салу),
екіншіден, студенттер жұмыстарын оқу процесі үстінде талдап, ауызша ескертулер
немесе құптау істерін асырды. Шәкірттерінің бірінің айтуына қарағанда Д.Кардовский
студент жұмысын түзете отырып, оның қате жақтарын толық түсіндіріп, дұрыс салыну
жолдарын өзі көрсетіп отырған. Бұл сурет сабағында болса, ал кескіндеме сабағында тек
ауызша пікір айтумен ғана шектелген, өйткені Кардовскийдің ойынша, әр адамның түс
қабылдау ерекшелігі әртүрлі болу себебінен. Бұл жерде ұстаз, кескіндеме өнерінде
форманы табу, оның тиімді тұстарын анықтауда үлкен көңіл қойғаны: «При отыскании
пропорции, надо отметить наиболее длинную часть и наиболее короткую, наиболее
широкую и наиболее узкую и держать «большой» цвет и «большой» характер «большой»
свет и т.д. и идти в каждой задаче от общего к частному», – деп жазды ол. Дененің кіші
бөлшектерін жазу үлгілерін де оқытушы студенттерге қажет уақыттарды көрсетіп
отырады. Сондай-ақ П. Чистяковтың де, Д. Кардовскийдің де шеберханаларында жақсы
жазылған студенттер картиналары ілініп тұратын болған. Осындай тәсілдерді суретші-
педагогтардың пайдалануы қаншалықты көрнекті құралдың студенттер үшін маңызы зор
екенін байқағандарында. Оқытушы мен студенттің арасындағы жұмыс мақсаты ол –
шәкірттердің өз беттерімен шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіруден тұрады.
Осы бағытта нәтижелі оқу әдістемелері бар, оның бірі – оқытушы студенттің әңгімеге
түсуі (диалог). Оқытушы кескіндеме пәні бойынша бағдарлама төңірегінде студентке
сұрақ беріп, оған студенті жауап қайтаруы арқасында, оның ойлау процесін, түсінігін,
теориялық білім деңгейін бақылап отырады. Осы бағыттағы екінші бір тиімді оқу –
әдістеме, ол – студенттер салған полотналарды қарсы өздеріне көрсетіп, оларды талдауда
студенттерді қатыстыру. Бұл оқу әдістемесінің маңыздылығы сол, студенттер мектеп
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
132
қабырғасындағы оқушылар суреттеріне талдау жасау, өз пікірлерін айту т.с.с.
қабілеттерді қалыптастыру. Бұл тәсілдің тағы бір құндылығы, студент өзі салған
жұмысты көріп, оны нұсқамен салыстыра қабылдауы және өз жұмыстарындағы
қателерді түсінуі. Тұтас көру және тұтас қабылдаудың басты арқауы – шығармашылық
процесс ретінде қарай отырып, оның жетекші рөлін атқаратын ойлау принциптік
қатынасы болады. Бұл мәселе негізінен басты педагогикалық проблеманы құрайды, осы
жағынан активті творчестволық ойлау қабілетіне ықпал ету, яғни кескіндеме оқытуда
студенттерді нұсқа арқылы салу практикалық жұмыстарда, олардың ойлану, терең ой
елегінен өткізіп барып, белгілі бір шешім қабылдаулары. Осы тұста, оқытушының
атқарар орны бөлек, әрбір қойылымдағы тапсырмалардың маңызды мәселелерін
көрсетуде, жаттығулардың орындалу реттік жолдарын анықтап беруінде.
Өткен ғасырлардағы суретшілер келешекке мұра ретінде жазған еңбектерінде,
шәкірттері өнер техникасын меңгерулермен қатар кескіндеме жазуда күрделі шеберлік
жолдарын да игерген. Бізге белгілі әрбір «шеберлік мектебі» кезеңінен өткен шәкірттер
кескіндеме жазумен қатар, сол кездегі білімдерін ауызша түсіндіріп, дәлелдеп отырған.
Сонымен практикалық тәжірибені теориялық біліммен ұштастырып отыру көптеген
студенттердің күнделікті жұмысына айналады. Олар: Леонардо да Винчи, Ченнино
Ченнини, Альберти Дюрер, Пуссен т.б. Кескіндеме, сурет, мүсін, архитектура
өнерлерінде баға жетпес теориялық еңбектер қалдырды. Әсіресе табиғат құбылысын
зерттеудегі еңбектері бүгінгі таңға дейін өзінің маңыздылығын жойған емес. Атап
айтсақ, Леонардо да Винчидің жарық – көлеңке проблемасын қалыптастыруы,
рефлекстің маңыздылығы, контрасты түстер т.б. еңбектері. Көптеген пайдалы кеңестерді
А.И. Ивановтың, К. Брюлловтың, Н. Васнецовтың, А. Сапожниковтың еңбектерінен
тапсақ, ал бейнелеу өнерінің әдістемелік жолдарын И. Репиннің, В. Серовтың,
Д.Кардовскийдің еңбектерінен кездестіреміз. Әсіресе оқу-әдістемелік бағытта
П.П.Чистяковтың, Д. Кардовскийдің, П. Крымовтың, И. Щегальдің, Н. Волковтың
қалдырған мұраларының орны ерекше. Қазіргі уақытта бұл мәселе Қазақстан
Республикасында кенже қалып келе жатқан проблема. ТМД және Ресей елдерінде
көркемсурет факультеті студенттері, аспиранттары, ғылыми қызметкерлері осы
проблемамен көптеген жылдар бойы айналысып, біршама ғылыми теориялық
материалдар қорын жинады. Бейнелеу өнерінде әртүрлі боялған дене түстерінің бір-
бірімен күрделі байланысын, сондай-ақ әртүрлі реңдердің бір-бірімен қатынасын
түсінуде теориялық білімнің орны бөлек. Мысалы, қызыл түсті денелер, жасыл түстес
реңдер табиғатта өте көп. Олар күн сәулесінің түсу күшіне байланысты тез арада
өзгерістерге ұшырап жатады. Түс зерттеу ғылымында бұл проблема С. С. Алексеевтің,
Н. Волковтың еңбектерінде терең жан-жақты қарастырылды. Суретші-педагог Р. Закин
бояу түстерін зерттеуде былай деп жазды: «Значение основ цветоведения полезно
поэтому, что помогает нам понять те явления на то, что при поверхностном взгляде
может остаться незамеченным, иногда например, малопытный живописец не уловить
верные отношения больших масс цвета (скажем, предмета к фону). Иной раз в таком
случае понимание основ цветовидения может подсказать, что нужно обратить внимание
на поиски цветовых контрастов в каком-то определенном направлении: теплые –
холодные, насыщенные – сдержанные, светлые – темные. Но даже блестящие знания
цветоведения не могут заменить живопицу развитого чувства цвета, умение видеть цвет
в натуре и сравнить их, передовать цветовые отношения. Только регулярная
практическая работа в живописи может развить чувство гармонии и взаимодействия
цветов».
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
133
Бейнелеу өнері немесе кескіндеме пәні оқытушысының міндеті – кескіндеме жазу
құрылымындағы заңдылықтарды және қағаз, кенеп бетіндегі жазылу заңдылықтарды
студенттерге ұқыпты түсіндіруден тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Чистяков П.П. Письма, записные книжки, воспоминания. – М.,1953. – С. 37.
РЕЗЮМЕ
Калдыбаева Г.А., старший преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ О МЕТОДАХ ПРЕПОДАВАНИЯ
ЖИВОПИСИ
В данной статье авторами широко исследуются о методах преподавания
изобразительного искусства в частности по живописи. Таких выдающихся педагогов-
художников России как: П.П. Чистяков, Д.Н. Кардовский, К. Брюллов и др. Анализируя
известные методы преподавания, авторы статьи выделяют эффективные методы, по
живописи принимаемые в современное время.
Ключевые слова:
живопись, методика, творческий, процесс, учеба, познание,
методы.
SUMMARY
Kaldybaeva G.A., senior lecturer
(Kazakh State Women’s Teacher Training University)
THEORETICAL STUDY ON THE TEACHING METHODS OF PAINTING
Theoretical research, the authors extensive investigated the method of teaching the art in
particular for painting. Outstanding educators such artists as Russian: P.P. Chistyakov, D.N.
Kardovskii, K. Bryullov and others. Analyzing known methods teaching of the article release
effective methods accepted in modern time.
Keywords: Painting, technique, creativity, process, learning, cognition, ways.
ӘОЖ 745
ҰЛТТЫҚ НАҚЫШПЕН КИІЗ БҰЙЫМДАРЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
С.М. Крыкбаева, ө.ғ.к., қауым.проф. м.а.,
ҚР мәдениет саласының үздігі
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Киіз бұйымдарын көркемдеп жасау амалдары тікелей материалдардың
ерекшелігіне байланысты сипатталады. Олар көп уақытқа дейін өзгеріссіз қалды. Кейінгі
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
134
кезде киіз илеу амалдары жаңа әдістермен кеңейіп, ертедегі көлемді пішімдер мен
қолданылмаған фактураны дамытуға мүмкіндік берді.
Түйін сөздер: өнер, көшпелілер, қолөнер, киіз бұйымдары, киіз басу, мәдениет, ою-
өрнек, нақыш, жүн.
Көшпелілердің ұлы өркениетін, мәдениетін сөз еткенде оны ешқандай айғақсыз,
дерексіз баяндай берудің мүмкін еместігіне көз жеткізе отырып, оны халықтың рухани
байлығының жемісі, заттық (тұрмыстық) мәдениеттің айқын айғағы ретінде зерттеудің
маңызы зор. Көшпелілердің өмір салтында айнала қоршаған ортаны, табиғатты,
космосты, яғни әлемді танып-білуде өзіндік ережесі болған, өткен мен болашақ
арасындағы қөзқарастардың біртұтас жүйесі қалыптасқан. Бұл номаттардың
этномәдениетінің өзіндік ерекшелігінен айқын танылады. Өйткені халық өнері –
этностың ой-санасы мен дүниетанымының, өмір болмысы мен көзқарасының өзара
байланысын береді. Бірақ қоғамдық сана шындықтың жансыз көшірмесі емес, ол
заманның этномәдени рухани мәнін, көркем-эстетикалық идеяларын мағыналы мазмұнға
айналдырған биік этникалық қасиеттерінің нышаны. Осынау халық мұрасындағы көркем
мәдениетті жіктейтін болсақ, ол тас дәуіріндегі геометриялық өрнектер мен сақ
дәуіріндегі «жануарлық таңбадан» басталып, қазіргі ұлттық жаңару төл өнерімізде
дәстүрлі (қазақ қолданбалы өнерінің зергерлік, тас қашау, мүсіндеу, киіз үй жасау т.б.
түрлерінде) заттанған көрініс алады. Негізінен қолданбалы өнерді көркем мәдениет
туралы ұғымдардың қалыптасу тарихынан бөліп қарауға болмайды. Онда бейнеленген
бедерлер қашан, қайда, қалай пайда болғанын ғана емес, ішкі терең мазмұнды, өрелі
ойдың мәні неде, тәрбие беру жолдары қандай деген сұрақтарға жауап беруге жетелейді.
Алайда, олар бойына таңғажайып қиял мен шыңдалған шеберлікті жинаған, өмір
тәжірибесімен сабақтасқан мәңгілік өнер туындысы болып табылады. Ол бұйымдар сол
кезеңде ерекше қасиетке ие болып, дүниетанымдық жүйе қалыптастырған. Олар бір
жағынан, әртүрлі жан-жануарлардың күштілігі, көрегендігі сол мүліктің иесіне дарысын
деген сенім, яғни жануарларға сиыну ұғымын қалыптастырса, екіншіден, қолданбалы
өнер бұйымдары тәлім-тәрбиенің негізі болған. Көшпелілер күнкөріс көзі малды өз
қажеттілігіне пайдаланып, металды өңдеп, жауынгерлік тәртіпті меңгеріп, ат әбзелдерін,
тұрмыс бұйымдарын жасауға әбден бейімдеп, қолдан-қолға таратып, қолданбалы
өнермен айналысқан [1].
Қолөнер – мол рухани мәдениеттің маңызды бір саласы, бабамыздың сан ғасырлар
қиялынан шыққан, атадан балаға мирас болып келе жатқан үлкен өнер туындысы, баға
жетпес асыл мұрасы. Соған орай халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат
ерекшелігімен эстетикалық талғамына байланысты қолөнер өзіндік ерекшелігімен
ғасырдан-ғасырға сақталып, дамып, келер жас ұрпақтарға беріліп отырған. Тарихтың
ұзақ соқпағында қалыптасқан қазақтың бұл сәндік ою-өрнекті қолөнер бұйымдары жіпке
тізген маржандай ең асыл дүниелері бар [2]. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің негізінде –
кілем, киіз, киізден оюлап жасаған бұйымдардың әртүрлі байлықтары бар. Соның ішінде
сырмақ, текемет, түскиіздің алуан түрлері, айшықтап кесте тіккен қоржын, әбдіре,
сандық тыстары, тағы да сондай үй тұрмысында қолданылатын айнақап, аяққап,
керегеқап сияқты заттар кездеседі. Оюлап киіз басу тек қазақтың ғана еншісіне тиген
өнер емес, мал шаруашылығымен айналысатын басқа да көшпелі елдерге тән, ортақ
нәрсе. Қазақ халқының тұрмысында киізден жасалған бұйымдар барлық кезеңде басты
рөл атқаруда. Бұл көшпелілік жағдайында киім, күнделікті тұтынатын бұйымдар, киіз үй
жабдықтарын дайындау үшін таптырмайтын теңдесі жоқ материал деу ләзім.
Қолайлылығы, функциональдығы мен қолдану аясының кеңдігі жөнінен мұнымен тек
тері ғана таласа алады. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер ең басты түрі – киіз басу болып
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
135
табылады. Бұл көне заманнан бері әйгілі. Қазақстанның барлық бөлігінің тұрғындары
киіз басумен айналысқан. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен
күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да көңіл
бөлінді. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы кезде оюлап басу кеңінен
тарап кетті. Осындай көркемөнер туындыларын жасау арқылы болашақ мамандардың
рухани мәдениетін байытып отырамыз.
Алғашқы қауымдық құрылыстан бастап ХХ ғасырға дейін әр ұрпақ өкілі өздерінің
соңғы жаңалықтарымен байыта түсті, сондықтан да ол өміршең. Дәл қазіргі кезеңде
халықтың байырғы көркем өнеріне ұлттық бейнелеу тәсіліне баса назар аударылып,
зерттеліп жатыр. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің негізінде көркемөнердің – кілем, киіз,
киізден оюлап жасаған бұйымдардың әртүрлі байлықтары бар. Соның ішінде сырмақ,
текемет, түскиіздің алуан түрлері, айшықтап кесте тіккен қоржын, әбдіре, сандық
тыстары, тағы да сондай үй тұрмысында қолданылатын айнақап, аяққап, керегеқап
сияқты заттар кездеседі. Оюлап киіз басу тек қазақтың ғана еншісіне тиген өнер емес,
мал шаруашылығымен айналысатын басқа да көшпелі елдерге тән ортақ нәрсе [3].
Киіз басумен Қазақстанның барлық бөлігінің тұрғындары айналысқан. Бір қызық
жері, пайдаланылатын зат біреу, ол – жүн. Осыдан жасалған киіздің әр жүзге, әр руға тән
өзіндік ерекшеліктерін анық байқауға болады. Өзгешеліктері киіздің жасалуында емес,
безендірілуінде, бірін-бірі қайталанбас өрнектерінде. Көлемі жағынан киіз үйге тұтастай
дерлік төсеуге жететін төсеніш киіздің бір түрі – текемет. Текеметтің көлеміне қарай
ірілі- уақты сәндік әшекей өрнектері болады. Әлбетте, өрнекті киіздің негізгі түрін
ашатын басқа бір айшықты түстен алады. Ол көбінесе «S» ирек болып келеді. Жартылай
басылған әлі толық бірікпеген киіз үстіне басқа түсті жүннен созып өрнек салады.
Өрнектің көрнекілігі қолөнер шеберінің ой қиялына, суреткерлігіне байланысты әр
жерде әртүрлі, оюларды түсіріп болған соң киізді әрі қарай басуды жалғастырады. Пісіре
келе өрнектік жүндер киізбен бірігіп, белгілі бір нақтылығын, түзулігін жойып, әсем бір
суретке айналады. Киіз – қойдың күзем жүнінен қалың, тығыз етіп басылған үй тұрмысы
мен шаруашылықта пайдаланылатын бұйым. Күнделікті тұрмыста киізді төсеуге, киіз
үйдің туырлығын, уығын, түндігін, есігін жабуға, мал шаруашылығына қажетті тоқым,
көпшік, жабу жасауға, баскиім мен сырт киім, аяқкиім түрлерін тігуге, сондай-ақ қап,
қапшық т.б. тігуге жиі пайдаланған. Осыған байланысты олардың түрлері көп болды.
Ыстық сумен пісірілген, буы бұрқырап шығып жатқан киізді «жас киіз» деп атайды.
Одан әрі киіз қолданылатын орнына, мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді: өре киіз –
үш құлаш шамасындағы ұзын, үлкен киіз. Ақ киіз – бірыңғай ақ жүннен басылған,
сайлау кезінде ханды соған отырғызып, сайлаудың шешімін білдіруге, ұлықтауға
қолданылған. Қазақ тұрмысында ақ киізді келін түсіргенде жақсы тілектің белгісі ретінде
қолданған. Байырғы салт бойынша келінді үйге кіргізгенде мінезі жұмсақ болсын деп
бөстек, көңілі таза, ақ болсын деген ырыммен аяқ жағына ақ киіз төсеген. Үйге
жабылатын киізді кей жерде кесек киіз, кей жерде жабу киіз, туырлықтық киіз деп
атайды. Ол – «киіз жабын» деп те аталады.
Зерттеуші Ө. Жәнібеков киіз жабынға туырлық пен үзікті жатқызады. Жабу
киізінің түсі көбінесе қара, қара қошқыл болады. Сондықтан киіз үйді кей өлкеде
жабылған киіздің түсіне қарай қара үй деп атау қалыптасқан. Жабу киізін дайындау
әйелдердің міндетіне жатады. Жауын-шашыннан, ыстық-суықтан қорғап тұратын жабу
киіздері үй көлеміне сәйкес келетін ши бойымен басылады. Оны қалыңдау, ширақ етіп
басады. Жабу киіз, әдетте, қыркүйек айының ортасына таман басылады.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
136
Төсеніш ретінде пайдаланылатын киіздер «откиіз, төркиіз, текемет, сырмақ» деп
аталады. Үй ішіндегі отқа ең жақын төселетін киізді – откиіз дейді. Төсенішке
пайдаланылатын киіз көбінесе ою-өрнекті болады. Киіз басқанда әр түске боялған
жүннің өзінен ою-өрнек салып басылған киіз текемет деп аталады. Кейде екі бетіне де
түр, яғни ою-өрнек салып басылған текеметтер де кездеседі. Текеметті ою-өрнегіне
қарап «ала киіз» деп айту кездеседі. Оның аяқ астына төселетін шағын түрін «аяқ
текемет» дейді. Бетіне ою-өрнек түсірілген, керегенің ішінен тұтылатын киіз түрін, яғни,
сырмақтың сәнді түрін «тұскиіз» деп атайды.
Сырмақ – әртүрлі киізден ойылып жасалатын төсеніш киіздің бір түрі. Сырмақ
басу негізінде Орта жүзде Арғын, Найман, Керей, батыста Қыпшақ руларында көп
тараған. Атадан балаға таралып, дәстүр болып келе жатқан сырмақ жасаудың өзіндік бір
салты бар. Әр ұрпақ өкілдері өздерінің жаңалықтарымен, соңғы элементтерімен сырмақ
сыру өнерін толықтырып, байытып отырған. Текеметтей емес, сырмақ даярлауда алдын
ала өлшеніп, нақты белгілеген үлгілері болады. Ою қатаң тәртіппен орналастырылады.
Сырмақты ақ киізді бір бөлек, қара киізді бір бөлек басып, екеуін беттестіріп, үстіне ою
үлгілерін салып, бормен сызып, екі киізді бірден үлгімен ойып алатын болған. Содан соң
ойылған оюдың ағын қараға, қарасын аққа келтіріп тігеді. Құрастырылған оюды сол
қалпымен тұтас үлкен киізге жапсырады. Оюларды құрастыратын жерінің үстін бастыра
жиек басады. Жиектік жіптің иірілуі де, қабатталуы да басқаша және оның түсі, бояуы да
оюды айшықтап тұратын ашық түсті болады. Текеметтей емес, сырмақ мықты келеді.
Кейбір сырмақтарды жарты ғасырдан артық төсеуге жарайды. Оюларды құрастырып,
үстінен басып тігіп болған соң сырмақты тұтастай сырады. Ақ киіздің үстін ақ жіппен,
қара киіздің үстін қара жіппен ұсақ етіп түгелдей тігіп шығады. Сырмақ сонда шымыр,
қатты болады. Оның төзімділігі де осында болса керек. Қазақ қонақжай халық
болғандықтан арнаулы бір бөлек қонақ үй өте сәндікпен безендірілген бұйымдар
тұтылады. Тұсқа айшықты тұскиіз ілініп, төрге оюлы текемет төселеді. Оюлы текемет
көздің жауын алардай айшықты өрнекпен өрнектеліп, әр түсті шашақпен өте әсем
безендірулері болады. Оның жасау жабдығы да күнделікті қолданылып жүргендердей
емес, ерекшеленетін киіз үй бұйымдарының ішіндегі ең бағалы жасауы. Оюлы текемет
тек өте сыйлы қонақтардың құрметіне ғана ұсталатын болған. Көбінесе оюлы текеметті
қызға жасау ретінде дайындайды.
Қазақтың ағартушы этнограф ғалымы Ш. Уәлиханов ою-өрнек өнерi қазақ
халқының өмiрiнде айрықша өнер екендiгiн, оның ерекшелiктерi мен қыр-сырының
молдығы қаншама бiлiмдарлықты талап ететiндiгiн айтқан. Жалпы ою-өрнек өнерi
дүниежүзiнiң көп халықтарына тән. Дегенмен де қазақ халқының ою-өрнек өнерiнiң
өзiндiк ерекшелiктерiн атап өтпеуге, сiрә болмас.
Ою-өрнекпен безендiрiлген киіз бұйымдар, кестелер, тоқыма бұйымдар және қыз-
келiншектер мен ерлер киiмдерi, қыз-келiншектердiң мойнына тағатын алқасы, шашына
жалғайтын шашбауы т.б. бұйымдар ою-өрнекпен безендiрiлiп отырған. Демек, ою-өрнек
өнерi қазақтың тарихымен бiрге жасап, бiрге дамып келе жатқан көне өнер.
Халқымыздың ою-өрнек өнерi өз бастауларын тарихтың тереңiнен алатын, теориясы мен
жасалу технологиясы да күрделi, әсемдiк-бейнелеу дүниесiнiң бiр түрi.
Қазіргі кездегі жүннен жасалған киіз бұйымдар икемделгіш және пластикалық
қасиеті бар материал, олар іс жүзінде бүкіл әлемге танымал. Қазіргі шеберлер көркем
бұйым жасауда өте кең ауқымда киізді пайдаланады. Ол жиһаз бен интерьер заттарынан,
пуфиктер мен орындықтардың сәнді кілемшелерінен, перделер мен жастықтардан,
үстелге қойылатын сәндік жаймалар мен мата салфеткаларға арналған сақиналардан,
ыстық ыдыстардың астына қоятын төсеніштерден және оларды ұстайтын тұтқыштардан,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
137
ыстық
жұмыртқаларға
арналған
қорапшалардан
және
жылытқыштардың
қаптамаларынан, шамдардың абажурларынан және перделердің безендірмелерінен,
сәнді панно мен еденге төсейтін кілемдерден тиісті орын алған. Қазіргі заманғы әртүрлі
технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі фактуралар мен маталарды – жібек,
мақта, кендір, тоқыма заттарды үйлестіре отырып, нағыз өнер жауһарларын жасауға
болады.
Киімге арналған киіз бижутерия мен аксессуарларды да кездестіруге болады.
Олардың ішінде – моншақ, сәнді түйме, шаш қыстырғыш, бөкебай мен білезіктер,
белдіктер мен сөмкелер, әмияндар мен ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл
аяқкиім, етіктер, бөріктер, косметика қалталары мен құжаттар үшін мұқабалар, бизнес-
папкалар бар. Студенттер бір-біріне сый етіп тартуға ыңғайлы өнімдерді, шыршаны
безендіретін ойыншықтарды ықыластана жасайды.
Киізден жасалынатын бұйымдар қолмен тігіліп құрастырылған. Қол тігіс түрлері
көктеу, тепшу, жөрмеу, қаю, қабу, торлау секілді жасалады. Қол тігіс түрлері арқылы
түрлі түсті жіптермен безендіріп, әрлейді. Бұйым шеті қос қабатты түсті жіппен инені
көлденеңінен түйреп, жіпті орап түсіріп тігілетін тігісті «жөрмеу» дейді.
Киіздің бетіне үлгі арқылы өрнегі түсіріліп, соның үстіне боялған жіптермен
кестелеуге болады. Түрлі жіптер киіздің өңіне қарай таңдалады. Мысалы: күлгінге көк,
жасылға қызыл, қызылға жасыл түсті, сарыға қызыл түсті жіптерді қолданса болады.
Жасалатын бұйымның өрнегіне орай зергерлік бұйымдармен және түрлі түсті
моншақтармен әрлеп безендіріледі.
Бірінші, жүндерімізді реттеп, қажетті құрал-жабдықтарымызды, ыстық суымызды
дайындап аламыз. Жасалынатын бұйым өлшеміне орай жүн басылады. Салынатын
өрнектеріне байланысты жүннің бетіне түсті жүннен өрнек түсіріп дайындайды.
Мысалы, сәнді панно. Бізге түтіліп дайындалған жүнді ретімен қолдың ыңғайымен
жайып, бетіне түсірілетін өрнекті саламыз, жүннің үстіне сабынсуға тор матаны
батырып, үстіне жабамыз. Оның үстінен қайта-қайта қолдың ырғақ бағытымен сабынды
сумен үйкей бойына сабынды суды сіңіреді. Қолданылатын суымыз ыстық болуы қажет.
Суы мұздаса, жүніміз бір-біріне жабыспайды. Сондықтан, жүннің киізделіп өңделуі
барысында ыстық күйінде орындалуында. Жүннің үстіндегі мата бетіндегі жабысып
тұрған сабынсу матамен бірге жүнді аударады, бетіне ыстық су бүркіп, шетіндегі
жалбырап тұрған жүнді ортасына қарай жинайды. Қайта-қайта столға ұрылып,
ысытылады. Соңынан сабынын кетіре таза суға жуылып, кептіріледі. Дәл осы
реттілікпен түстері бойынша бөлек-бөлек басылып, құрастырылады.
Эскиз бойынша үлгі дайындалады. Сол үлгі бойынша дайындалып, киіз бетіне
үлгі өрнегінің ыңғайына қарай қойылып сызылып, сызық үстінен қырқылып, бұйым
бөліктері жұқа болып басылады. Сондықтан қалың киізді сызылған сызық бойынша
өткір ұшты пышақпен киізді жылжытпай табанмен басып тұрып, сызықтары бойынша
ойып шығады. Жұқа киізді өткір үлкен қайшымен сызық бойымен қырқуға болады [4].
Ежелгі ата-бабамыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігі табиғат пен мал
шаруашылығымен байланысты болғандықтан өздерінің ою-өрнектерінде көбінесе жан-
жануар, құстарға, табиғат құбылыстарына байланысты элементтеріне көбірек
пайдаланған [5].
Күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде мал шаруашылығымен айналысып, оның
шикізатын қолданып жүргендіктен, жүннен тоқылған киімнің гигиеналық пайдасы, ою-
өрнек салу арқылы әсемдікке ұштастыруға болатындығына қазіргі таңда бәріміз куәміз.
Ою-өрнек өнеріне деген махаббат, сұлулыққа деген құштарлықтың жиынтығы. Ою ойған
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
138
адамның жүрегі жылы, нәзік келеді. Өз ұлтымыздың өзіндік қолөнерімен, әдеп-
ғұрпының жас ұрпаққа берер тәрбиесі шексіз.
«Өнер жұтамайды» дегендей, халықпен етене тығыз жасасып келе жатқан
қолөнерді табиғатпен үндестіру болашақ жастардың, шеберлердің іскерлігі мен
сенімінде.
Достарыңызбен бөлісу: |