Айтыс II том



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата16.02.2017
өлшемі0,96 Mb.
#4186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

Сарышолақ:
Ит болсаң, қарғы тағып жүрер едің,
Ас бергенге жағымпаздана үрер едің.
Қатын болмай, аман қалған тазша бала,
Әйел болсаң, шағыстырып, бүлер едің.
Сауысқан секілденіп боқ шоқыған,
Арсыз боп өміріңді сүрер едің.
Көргендей барлығын өз көзіңмен,
Еліріп, бос сөз айттың түрегеліп.
Қисынсыз айтар сөзің бәрі − жалған,
Сен құсап күнә жаққа әсте барман.
Әулие болып өткен атаң Мөңке,
Жұқана қалмады ма асыл ардан?
Әруағы ұрып кетсін соларымның,
Көбіме дұғалығы болған арман.
Сөзімнің жоқ қатасы,
Қабыл болған батасы,
Күлтөбеде сөз айтқан –
Тілеу елдің атасы.
Биік еді бәріңнен
Жалтуманың жотасы.
Атамыз өткен Жолдыаяқ,
Хас жүйріктің шашасы.

121
Айтыс II том
Ақырып, жасақ сайлаған,
Кекті қылыш қайраған,
Қабағың сонда Есет пе?
Жауын қойдай айдаған,
Зорлықшыл мен үстемге,
Шойын қазан қайнаған,
Қасарысқан дұшпанын,
Алдын орап байлаған,
Ата жаумен алысып,
Жеңбей тағы қоймаған.
Сендей нәтсіз жеңбекке,
Атасының сақалын,
Былғауыштай ойнаған.
Мәнжубас туған сендейлер,
Қайсысын соның санапты.
Бүкіл Әлім сөзге ұстап Тілеуді,
Жауға салды Қабақты,
Өзіңді-өзің жамандап,
Сарттан аласың ба манатты?
Жақсыларды табандап,
Қайдан таппақсың санатты?
Битке өкпелеп, күпіңді отқа жақпассың,
Тотан жаппас жанатты.
Еріп алып өсекке,
Қабақ десең сөз қозғап,
Тілің тиді Есетке.
Орайлы сөзге әрқашан,
Керек еді есеп те.
Бауыздамай салайын,
Теріңді теспей іреуді.
Сыйынған Алла біреу-ді,
Шаңырақты ұстаған,
Алтын діңгек тіреу-ді.
Тоз-тоз болып ірірсің,
Құрт жемей-ақ, шірірсің,
Жау шаппай-ақ алыстан,
Өз-өзіңнен құрырсың,
Жамандасаң, өз атаң – Тілеуді,

122
Қазақ өнерінің антологиясы
Асылдан соққан білеуді.
Басқалар да жетпей ме,
Қозғағанша сіреуді.
Аузыңа сөзді кім салған,
Сынау менен мінеуді.
Менің жолым айқын-ды,
Найзам жауға тіреулі.
Алды-артыңды анықта,
Шамаңа қарай шалықта,
Сен секілді көрдемше,
Қараған ба парыққа?
Білерменсіп сөйлейсің,
Шықпай жатып жарыққа.
Тірілей түсіп қаларсың,
Шықпайтұғын табытқа.
Ақылың болса, тереңдеу,
Бостан-босқа сарықпа.
Хас жүйрікпен тіресіп,
Басыңды тықпа қамытқа.
Аз сөзден шығып үлкен өрт,
Зияның тиер халыққа.
Сен секілді көрдемше, 
Қараған ба парыққа?
Теңесем деп өрменен
Бостан-босқа салықпа.
Шамаңа қарай шіренің
Айтқаның, сірә, болып па?
Құлый:
Тап болдың өрлі жердің қайқаңына,
Кезікпес біздікіндей жай табыла.
Көшкен елдің соңына ілесіп-ай,
Еріпсің Мырзағұлдың айтағына.
Намысың неден қозып отыр, Шолақ,
Тотанның тап боларсың қай жағына?
Тотанның қазір отыр мерейі асып,
Айтқан сөз жүріп тұр ғой өзгелерге,
Ақылы, байлығы да судай тасып.

123
Айтыс II том
Шалқарда үй салдырды оязыңа,
Ұлыққа керегінше ақша шашып.
Ояз да құр қалдырмай Тотекемді,
Шен берді қағазына мөрін басып.
Битше өрген Бестоқалсың жалаң аяқ,
Ел көшсе, жұртта қалған өңшең сасық.
Шақпалап, аш кенедей жабысасың,
Байлықтан әлде отыр ма құтың қашып?
Жеңілсең, Мырзағұлдан жерсің таяқ,
Тұрғаны сендей құлға жаным ашып.
Желпініп, сөз сөйлейсің ескі байдай,
Қашаннан жарып едің,
Бұйырып адалдықтан саған нәсіп?
Сарышолақ:
Қайраған сайын сөзбенен,
Еліре шабам туралап.
Межем бар еді көздеген,
Қиып түсер топшыдан.
Ақ алмастай түрленем.
Нәсілі жаман кей тексіз
Сөйлер сөзін білмеген,
Ойсыз айтқан сөзіңді,
Құлағыма ілмегем,
Сасық сордан шығатын,
Жел секілді іргеден.
Арам қанды төгейін
Найзадай өткір тілменен.
Өспес елдің шолжаңы,
Асылдарын құл деген.
Шірігі мен қасаңын,
Топ алдында пұл деген.
Сөз тимеске сөз тиіп,
Өзінше шіреп гүрлеген.
Сенен жақсы маң төбет,
Қара қорыр түнменен.
Жуынды ішіп Тотаннан,
Мастанып, көңіл бірлеген.

124
Қазақ өнерінің антологиясы
Қияға салсаң, төсте озған,
Қаттылығым сырлы емен.
Қаншама сөз айтқанмен,
Туралап ешкім жүрмеген.
Мырзағұлда нең бар еді,
Не біледі кейінгі,
Қасына еріп көрмеген.
Біз секілді жібектің,
Сыны әсте бұзылмас,
Сен – бөз шұлғаусың,
Аяқта жүріп, кірлеген.
Сөйлер болсаң, дұрыстап,
Тураға қарай дұрыс бақ,
Сүйегіңді шығарам,
Дауылдатқан жырменен.
Жырлаған сайын құлпырып,
Ағылады аузымнан,
Құпиялы сыр деген.
Алынбастың қамалы,
Алдыңда тұрған биік тау,
Неше түрлі саналы,
Сөз төркіні тереңде,
Келтіретін тобаны.
Арлан қарсы шабады,
Таусылғанша амалы.
Сөзімнің қиуы қиылған,
Алысқа кетер хабары.
Іркітке тойып көбеңсіп,
Қалай-қалай көсілед,
Тотанның мына шабаны?
Талайдан озған сүлеймін,
Мырзағұл – елдің барары.
Ойланып істеп әр ісін,
Оң болып тұр талабы.
Жағымпаз болсаң кірмеге,
Басыңа тиер қарары.
Тотанға ерсең, телмеңдеп,
Ұқпассың әзір шаманы.
Қисық ісің көрінер,

125
Айтыс II том
Күн туғанда қаралы.
Болыстық Тотан не теңі,
Жолы бар ма саралы?
Байлығын бұлдап әркімге,
Орысқа берген параны.
Шындықты терең түсінсең,
Бар ма содан табары?
Мақтағанға есірсе,
Өзін-өзі өсірсе,
Моншақ болар тағары.
Ретті сөзі келген соң,
Тілекті Құдай берген соң,
Айтпас сөзді айтқыздың,
Жасқа толар әлі жанары.
Дерексіз сөйлеп қайтесің,
Тіліңді қысқарт шамалы.
Басыңа бәле қу тілден,
Айдап салған өзіңді,
Пейілінен табады.
Үйірі азса асылдың,
Жабы қарсы шабады.
Осы жолы жеңілсең,
Мойныңа іліп құрымды,
Көк шыбынға жем қылып, 
Көз жасыңды сел қылып,
Пістіріп қояр сабаны.
Тотанда қулық жетеді,
Ретін еппен табады.
Итаршылық – қу өмір,
Сараңшылық – қу жемір,
Тотанда жүріп тесілген
Талайлардың табаны.
«Шолақ» деп, мені кекетсең,
Қашан саған соғып ед,
Байлықтың қоңыр самалы?
Бөлтірікке бал берсең,
Өскенде ол да жетіліп,
Иесін, сірә, қабады.
Таппай айтқан жаманның,

126
Қазақ өнерінің антологиясы
Айырмасын анықтап,
Жұртым өзі табады.
Оқыған деп жүруші ем,
Өзіңдей өскін баланы.
Жүндіқұдық, Ердене, 
Мойынқұмдай саланы,
Мекендеген ел едің,
Сүйеген соң Мөңке боп,
Тілеу менен Қабағы,
Мырзағұл емес пе ед,
Орысқа айтқан жобаны.
Ұмытып қазір бар істі,
Жақын менен алысты,
Ұмытып түлкі намысты,
Өзінше салды шабысты.
Құлый:
Шолақтың тілі ащы, бит буғандай,
Қатын жоқ, үйің қайда, о, қу маңдай?
Қалыңға беретұғын лақ таппай,
Әр жерге бір түнейсің ит қуғандай.
Жолды бер де, ретке көш,
Бергенше көп алдында көп сумаңдай.
Сарышолақ:
Қу тазша, біздің жолға түсе алмассың,
Өреңді бергенменен соза тартып,
Көтеремдей, бәрібір, күш алмассың,
Байлығы Тотаныңның бір-ақ қыстық,
Сыласын түсінерсің ішер астың.
Мен қыранмын топ жарған алыс самғап,
Қыранмен [ен] бірігіп, ұша алмассың.
Жыланды үш кессең де, кесірткелік,
Түртіп тұр өзіңді қай албастың?
Балақтан кіріп, өрмелеп,
Жағама келіп жармастың.
Заманым келсе, тозарсың,
Мен де көштен қалмаспын.
Сендей пақыр сөз білмес,

127
Айтыс II том
Бостан-босқа қармастың,
Кедейліктен басқа мінім жоқ,
Қиып түсер алмаспын.
Арым таза еліме,
Өзіңе ұқсап сүмеңдеп,
Жуындыға бармаспын.
Есесін Алла жеткерер,
Сыбағамнан қалмаспын.
Айыртілді жыланмен,
Келіп тұр ма арбасқың?
Түбін тартып қопарам,
Тотанда құр бір қалмасын.
Кердері Әубәкір жеңбеген,
Түсінсең, әріге бармассың.
Түбі бірге түртпесті,
Менімен келсе, сырласқың.
Қанша шайтан болсаң да,
Сұм дүниеде қалмассың.
Босқа ағаңа тиісіп,
Байлық үшін алжастың.
Қарауыл қой сөзіңе,
Әр ісіңді аңдасқын.
Айтаққа еріп сандалып,
Артын қума болмастың.
Асылыңды қазбалап,
Тотан, сен де оңбассың.
Тазыңды тый да, жөнге көш,
Мен айтқаннан танбаспын.
Абыройың шашылып,
Ауылыңды басар сел-тасқын.
Кектенді деп ойлама,
Дұрысқа қарай жол ашқын.
Араң кетер ажырап,
Күлкісі болып көп қастың,
Сені буған ақындық па, шабыт па,
Басыңды әлде тықтың ба,
Байлық атты қамытқа?
Құдайым өзі бермесе,
Жарымассың алып та.
Дүние-түлкі жеткізбес,

128
Қазақ өнерінің антологиясы
Үлгермессің шалып та.
Тотанның ана жиғаны,
Жеті әкеден қалып па?
Босқа сөйлеп аптықпай,
Алды-артыңды анықта,
Насырын шұқып үлкеннің,
Зияның тиер халыққа.
Қыранды қуып құр бекер,
Атыңды босқа арытпа.
Тотан берсе, бір жылқы,
Кетпессің одан жарып та.
Есікте жүрген Әбу құл,
Айтар сөзге жанықпа.
Безбенге сал, Құлыйжан,
Кейінгіні налытпа.
Сөз түсінсең терең деп,
Түсерсің әлі қалыпқа.
Барлық айтқан сөзімді,
Түптеп келіп, толықта.
Тотан жалғыз ел болмас,
Барлық байлық халықта.
Мұнан былай, жарқыным,
Жолықпасқа жолықпа.
Айтар сөзім көпшіл-ді,
Осы сөзді парықта.
Құлый:
Алдыңа келіп қалдым желеуменен,
Алтын да табылды құмды елеуменен.
Ағеке, кешірім қыл білместікті,
Өмірді қайрап едім,
Байлық атты егеуменен.
Бәріміз бірге тудық Қабақ-Тілеу,
Боз секілді қатар өскен селеуменен.
Ақиық топжарарым, алмасым-ай,
Өзіңді арқа тұтып, демеу көрем.
Сарышолақ:
Құлыйжан, айтаққа еріп арындадың,
Ол-дағы жастығың да жаңылғаның.

129
Айтыс II том
Кемшілік әркімде де болады ғой,
Әркімдер айтад тағы табылғанын.
Толқынға қарсы тұрған мен бір жартас,
Тағдыр білер кімнің бұрын алынбағын.
Дүние артың – қызық, алдың – жұмбақ,
Секілді бұлдыраған қалың сағым.
Сөзімді тұспалдаған түсіндің-ау,
Шыбықтай жаңа өскен саңылағым.
Біз келген мына өмірге аз күн қонақ,
Ішінде Қабақ-Тілеу жансын бағың.
МӘШҺҮР-ЖҮСІП ПЕН БІР ҚОЖА
Мәшһүр-Жүсіп:
Айтамын: «Айт!» – дегеннен әуелі Айдан,
Бір Құдай орын бергей бейіш жайдан! 
Соны тапсаң, бір тыныс алдың, қожам,
Жаратты пайғамбардың нұрын қайдан?
Қожа:_Қарағай_садақ,_қырық_кез_оқ_бар_белімде,_Мендей_ақын_бар_ма_еді_өз_еліңде_Екі_сексен,_бір_тоқсан_жұмбағыңыз,_Есептесең,_екі_жүз_елуің_де._Мәшһүр-Жүсіп'>Қожа:_Олла,_ағылым_демесе,_ғасы_болар,_Желді_менен_тоқсанда_дария_қатар._Қарағай_садақ_қырық_кез_оқ_барымда,_Сендей_ақын_жоқ_па_еді_өзі_атар_Мәшһүр-Жүсіп'>Қожа:_Ырсай_Алла,_жан_Алла_пида_болған,_Пайғамбар_–_қазынасы_нұрға_толған._Ғабдолла_Бұтырашқа_нұрын_төгіп,_Нұрынан_бір_Құдайдың_пайда_болған._Мәшһүр-Жүсіп'>Қожа:
Ырсай Алла, жан Алла пида болған,
Пайғамбар – қазынасы нұрға толған.
Ғабдолла Бұтырашқа нұрын төгіп,
Нұрынан бір Құдайдың пайда болған.
Мәшһүр-Жүсіп:
Он түйме өңірімде қатар-қатар,
Шешкенше сол түймені таңдар атар.
Үлкендікке талассаң, жол болады,
Дария мына жатқан қашан қатар?
Қожа:
Олла, ағылым демесе, ғасы болар,
Желді менен тоқсанда дария қатар.
Қарағай садақ қырық кез оқ барымда,
Сендей ақын жоқ па еді өзі атар?
Мәшһүр-Жүсіп:
Екі сексен бір тоқсан жұмбағым бар,
Жүйрік болсаң, соны тап, құла[ғың] сал?

130
Қазақ өнерінің антологиясы
Қожа:
Қарағай садақ, қырық кез оқ бар белімде,
Мендей ақын бар ма еді өз еліңде?
Екі сексен, бір тоқсан жұмбағыңыз,
Есептесең, екі жүз елуің де.
Мәшһүр-Жүсіп:
Сүйгенге бейіш іші сарай болар,
Екі он бес күн, төрт жұма – бір ай болар.
Кей байлар жүзден бірін зекет бермес,
Оның жайын сұраймын, қалай болар?
Қожа:
Әр не қылсаң, Аллаға аян болар,
Қылған ісің алдыңнан даяр болар.
Жиған малың зекетсіз, ақын, олжа,
Ақырында, жылан мен шаян болар.
Мәшһүр-Жүсіп:
Қожеке-ау, ояу қалай, ұйқы қалай,
Болғанда жаугершілік жылқы қалай?
Ақыретке барғанда, тақсыр қожам,
Жалғандағы ойын мен күлкі қалай?!
Қожа:
Жанның қамын ойламас ақымақ, есер,
Үйде отырып, арымен өлшеп-пішер.
Бұ дүниеде көп ойнап, көп күлгендер
Жылай, еңірей, тозақта күні кешер.
ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ МЕН ҚҰДАЙБЕРГЕН
 
Ыбырай:_Ия,_балам,_сен_мәз_болма_ішпей-жемей,_Жол_берген_әркім_маған_кімсің_демей._Кереку,_Омбы_уезі_маған_мағлұм,_Жазбайтын_қолын_бүйтіп_сорлы_кедей._Құдайберген'>Ыбырай:_Көкшетау_дуанында_атым_Ыбырай,_Патшаға_сөз_сөйлеуші_ем_бір_жылымай._Алдыма_ешбір_адам_шыққан_емес,_Шықты_ма_жер_астынан_мына_сұмырай_Құдайберген'>Ыбырай:
Есіктен кіріп келдім басып қадам,
Он үште сөз сөйлетті Хақ Тағалам.
Ассалаумағалайкүм үлкен аға,
Қызығың құтты болсын, тақсыр бабам.
Асқар тау қиядағы белден келдім,
Тасыған дария бұлақ көлден келдім.

131
Айтыс II том
Көкшетау дуанындағы атым Ыбырай,
Татуға зәмзәм суын шөлдеп келдім.
Құдайберген:
Уағайлейкүмассәлем, Ыбырай аға,
Миһарбан дидарыңды көрдім жаңа.
Адамға бір ғанибет дидарласпақ,
Елу жылда – ел, жүз жылда – қазан жаңа.
Ыбырай:
Көкшетау дуанында атым Ыбырай,
Патшаға сөз сөйлеуші ем бір жылымай.
Алдыма ешбір адам шыққан емес,
Шықты ма жер астынан мына сұмырай?
Құдайберген:
Ыбеке, сұрасаңыз, затым – Қыпшақ,
Арғы атам сұрасаңыз, Сейіт болмақ.
Баулының тоқсан екі бұлбұлы едім,
Сайрасын мартабаңда тіл менен жақ.
Ыбырай:
Ия, балам, сен мәз болма ішпей-жемей,
Жол берген әркім маған кімсің демей.
Кереку, Омбы уезі маған мағлұм,
Жазбайтын қолын бүйтіп сорлы кедей.
Құдайберген:
Ыбеке, ел қаралау сізге жөн бе?
Барыпсыз мырза болып біздің елге.
Жерің жоқ кінә қояр мырзаларға,
Керек пе мырзаларға сіздей делбе?
Қатты-қатты сөйлесем, дұшпан, – дейсің,
Бөгелсем балалықтан пысқан, – дейсің.
Кетпесін бүйте берсең миың шіріп,
Қартайса кәрі бүркіт тышқан жейсің.
Ыбырай:
Ия, балам, шықтың сөзге мына дайын,
Мен саған көрсетейін сөз ыңғайын.

132
Қазақ өнерінің антологиясы
Сыймаған тіл аузыңа ақын болсаң,
Үш ауыз кеңесім бар мен сұрайын.
Құдайберген:
Аспанның бауыры жазық бір кең дала,
Жаратқан ғарып қылды Құдай пана.
Ақын боп сөзден қашсақ жүреміз бе?
Ыбеке, кеңесіңді сұрап қара.
Ыбырай:
Ия, балам, тыңдап отыр сөзді барлап,
Мен саған ұқтырайын сөзді ыңғайлап.
Мұхаммед пайғамбардың заманында
Бір ғарып дарияға салды қармақ.
Дарияға сол ғарыбың қармақ салып,
Алыпты дариядан нені қармап?
Құдайберген:
Ыбеке түсіп кеттің бұл мінезге,
Жоқ па еді жұмбағыңыз бұдан өзге!
Моллалар шариғатқа қарап отыр,
Қалмасын бір жаласы соңыра бізге.
Сегіз жыл мектеп жүзін көріп едім,
Кітаптан көрініп тұр біздің көзге.
Қамыстан күркесі бар бір кемпір, шал,
Бір түнде жайнамазға жатып жылар.
Жылағанда мал бер деп, жылаған жоқ,
Құдайдан жалбарынып бала сұрар.
Алла емес, түсінбейтін айтқан сөзге,
Тілегін қабыл етті сол бір кезде.
Дейтұғын Зейнілғабиден бала туды,
Нәрсесі қармақ салған сол емес пе?
Дыбыста сират көпір дәл қасында,
Күмбезде Зейнілғабиден тұр емес пе?
Ыбырай:
Ия, балам, нағып болды саған оңай,
Құрылған мен емес пе сөзге тоғай?

133
Айтыс II том
Сыймаған тіл аузыңа ақын болсаң,
Қонады бір ағашқа дәл үш торғай.
Екеуі ұшса, бірі қозғалады,
Бірі қалып, екеуі жоғалады.
Ия, балам, бұл жұмбақты шешіп берсең,
Осыдан ақындығың сыналады.
Құдайберген:
Ыбеке, бұл сұрағың мін емес пе,
Әгеркі шешіп берсем, жөн емес пе?
Екі торғай дегенің ол екеуі –
Ұйықтап барып, ашылған көз емес пе?
Жалғыз бір торғай дегенің қаза келіп,
Кеудеден шығатұғын жан емес пе?
Ыбырай:
Он алты дария бар көз көрмеген,
Ішпеген онан пәнде кез келмеген.
Он алтысын қақ жарып жүзге бөліп,
Жартысын пенделерге өлшеп берген.
Білейін, иә, балам, жүйріктігің,
Бекінді бұл кеңесім қайсы жөнмен?
Құдайберген:
Ыбеке, адам жоқ қой кәсіп тыйған,
Пәндеңіз кең сарайда дүние жиған.
Он алты дария бар дегеніңіз
Аятпенен бекіткен он алты имам.
Жасымнан сөйлер сөзге болдым құмар,
Сөйлесем жүйріктермен көңілім тынар.
Үш ауыз сөзбен бөгелтем деп еді ғой,
Ыбырайды, тақсыр, төре, үйден шығар.
Ыбырай:
Есерлер аз табысқа жынданады,
Әзілге жөнді мәзір кім табады?
Айтысқан ақындарды қуа берсең,
Дүниеде сенен басқа кім қалады?

134
Қазақ өнерінің антологиясы
ҚҰДАЙБЕРГЕН МЕН ҚАДИША
Құдайберген:
Тоты едім Құдайберген Қыпшақ текті,
Баласы Әлсейіттің даңқым кетті.
Аралап Орта жүзді жүргенімде,
Салдықпен жанаушы едім талай бетті. 
Бір қызбенен айтыстым Қадиша атты, 
Атбасар, Қараөткелде сонау шетте.
Қарауыл, Атығай мен Мүлтік, Сары,
Сыртынан шыққан екен сонша даңқы.
Дейтұғын үлкен Қараой, кіші Қараой,
Аққұдық жайлауы екен онан да ары.
Айтысқан Құдайберген сонда барып, 
Сөзімді тыңдап отыр, құлақ салып.
Онымен ата болып айтысқам жоқ,
Төрт-төрттен сегіз уйез бөліп алып.
Атбасар, Қараөткел мен Көкшетауды,
Қызылжар – бұл төртеуін Қадиша алды.
Кереку, Қарағанды, Омбы, Семей,
Жамағат, бұл төртеуі маған қалды.
Сезімді екі жақтап орнықтырып,
Мінекей, қыз сөйлейді онан әрі.
Әдейілеп барған маған кезек бермей,
Әуелі қыз өлеңді қоя берді.
Қадиша:
Басайын түрлендіріп әннен өрнек,
Мағлұм бір Аллаға алмақ-бермек.
Бір ақын Омбы уезден іздеп кепті,
Менімен айтысуға аты терлеп.
Бір ақын іздеп келген Омбы уезден,
Бишара ат терлетіп сонша жерден.
Береді сендей ақын ат пен шапан,
Қожахмет іздеп келіп, шапан берген.

135
Айтыс II том
Қадиша, сұрасаңыз, менің атым,
Қарауыл Мертік еді арғы затым.
Ұжмақтан хордың қызы келмейді ғой,
Құрбыдан артық туған қияпатым.
Мен өзім әрі баймын, әрі молмын,
Әуелден қыдыр қонған шалқар көлмін.
Айтайын төрт уезден құтым санап,
Төрт-төрттен сегіз уйез берген балап. 
Ей, сорлы, менің жайым мынадайын:
Мен сөйлеп, тыңдатайын сөз ыңғайын.
Қызылжар уезімнің бір шеті еді,
Бақ қонған, қыдыр дарып Өсербайым.
Тағы да Бесқоңырда Бекен мырза,
Ей, мырза, мырзаң бар ма солардайын?
Көкшетау дуанында Науан хазірет,
Бақ берген тірлігінде бір құдірет.
Елінде Торайғырдың асыл дана,
Тоғыз мың жылқы айдаған Қожахмет.
Әдейі сонша жерден келсең-дағы,
Біздермен теңелуің қиын рет.
Қырғызда қос қапамен, міне, екі қол,
Атанған мұсылманға Ташмұхамбет.
Елінде Жағалбайлы Сәрсен байым,
Мың-мыңнан о да өргізген құлын-тайын.
Қараөткел Қыпшаққа да мың қой бітіп,
Басшысы – аға сұлтан Ыбырайым.
Құдайберген:
Сиынып мен сөйлейін құдіретке,
Бір қыздан жеңілуім маған еп пе?!
Қыпшақ деп а дегенде ауызға алмай,
Барайын Қарқаралы анау шетке.
Кетейін біраз ғана сөзбен жанап,
Жарамас өнер аяп, бойым тежеп.
Қызыл тіл, қу көмекей, сен де сөйле,
Саған да құт сынайтын келді кезек!

136
Қазақ өнерінің антологиясы
Тобықты естіп пе едің Құнанбайым,
Ол болған заманында бұландайын.
Меккеден сауап үшін бір үй салды,
Қадиша, асылың бар ма осылардайын?
Мұндайын сауапты ерді таппадың ғой,
Еліңнің құр санайсың құлын-тайын.
Қадиша, осынау күнде болды Қасен,
Елімнің құтын санап, мауқым басам.
Қыз сөзі батқан сайын жаным кірер,
Қадиша, апрықтың деп, неге сасам?
Қаракесек, қаздауысты Қазыбегім,
Бақ қонған тірлігінде Исламбегім.
Затында Алтай бөрі Қазанқабым,
О-дағы болып өткен қаракөгім.
Сөзімді тыңдап отыр жұртым біліп,
Жылмиған жорғадайын кетем жылжып.
Исадан Бердалының Қабыш боп тұр,
Қабыш тұр қанша жұртты қарына іліп.
Жақсының әр атаға шығар даңқы,
Сөзімнің қисық сөйлеп, келмес мәні.
Патшаға тоқсан өгіз сый беріп тұр,
Қайсыңнан кем болып тұр Темірғалы?
Әр ата бір адамның айтсам затын,
Сөзімді келісімді жұрт тыңдасын.
Жантөбет өзі қажы, өзі молда,
Бақ қонған тірлігінде Ілиясым.
Ақыпта, Жолабада янды Домақ, 
Жүз кісі сіздің елден болса қонақ.
Татқандай зәмзәм суын Мекке барып,
Келеді күнде арбамен жолаушылап.
Арғында Тәкен, Жансар ол Боқсары,
Солардай болмады ғой жұрттың бәрі.

137
Айтыс II том
Шортанбай Орта жүздің ордасы еді,
Сұршаға айтса батар сөз ызғары.
Әлмүсірә – әрі қажы, әрі указ,
Бұл кезде Мұқаммедияр указ болды.
Кереметпен құс боп ұшып Мекке барып,
Бағдаттың намазында қайта айналды.
Құтымның әрқайсысын айтсам керек,
Санаған құр құлын-тай неге керек?!
Құтымды жоғарыда айтып өттім,
Қадиша, сен сөйлеші, бердім кезек.
Қадиша:
Сиынып сөз сөйлейін құдіретке,
Сұршада шығып кетті сонау шетке.
Жылында жүз кісіні айдатады,
Мырза деп бекер айттың Исламбекті.
Керейде тек Текеде Бүртебайым,
Парақор Ташмұқаммет білдім жайын.
Қасен де қартайғанша пара жейді,
Еске алып, ойламайды бір Құдайын.
Құдайберген:
Құтыма тіл тигізбе, босқа шатпай,
Сөзіңді тура сөйле алшақтатпай.
Аптығып, әйелдікпен қаралайсың,
Барайын мен де аяңдап сіздің жаққа-ай.
Бұл сөзге неге тидің сорың қайнап,
Айтпадың әйелдікпен соңын ойлап.
Меккеге Науан қазірет жіберіп пе ең,
Тақсырды жібердің ғой Үркітке айдап.
Қарағым, Ташмағамбетті мақтадың ғой,
Бір қой үшін жіберген өз ағасын сотқа байлап.
Басыңды, қыз Қадиша, көтермейсің,
Көрпеңді сөзбен жапсам әбден жайлап.
Жасаған өнер берген бір құдірет,
Қата айтсам, бір Құдайға боламын шет.

138
Қазақ өнерінің антологиясы
Шақман тек мақтадың кезебіңді,
Жылында бір ұрлап жемесе, малына тиер індет.
Құтымның менің сендей кезебі жоқ,
Елімнің аруағынан садаға кет.
Қадиша:
Өлеңді айтсам дейсің ептей, ептей,
Жеңем деп ойлайсың ғой гауһар тектей.
Отырып, өз-өзіңнен ырғақтайсың,
Түсетін отқа барып көбелектей.
Бір мырзаң айтқандайын іздеп келген,
Қожахмет іздеп келіп, шекпен берген.
Бересің ат пен шапан сен де сұрша,
Жеңіліп Қожахметтей шекпен берген.
Құдайберген:
Ілгері сөйлегенде шеру тартам,
Қозғалсам, аруақ қорып, қозып арқам.
Жезтырнақ секілденіп шашбау тағып,
Топқа кеп сылдыр қаққан сен бір шайтан.
Рас па, Қожахмет іздеп келді,
Бір қызы Қарауылдың сені көрді.
Сенімен ойын ойнай келгенім жоқ,
Қиын ғой киім бер деу маған енді.
Мен кепіл бұл дүниенің тұрмасына,
Күлесің құрбың менен құрдасыңа.
Балаға он төрт жасар әкең беріп,
Құмарсың біздің елдің мырзасына.
Мен тұрмын тұрпатыңды жаңа көріп,
Шын қызсам, кетуші едім аттай желіп.
Кейінгі жастарымнан кет садаға,
Кетеді сенен көріп шалым жеріп.

139
Айтыс II том

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет