шығарсыңдар. Обал болды ғой. Кемпір болса, келінге
мүнша салмақ салмас едім. Оған сендердің өрелерің жете
ме?
Қаншама
жыл
қазақ
мемлекетін
басқарып
жүрсеңдер де, бастарыңда шымшықтың миындай да ми
жоқ, - деп, ж үзін қайтадан теріс бүрып әкетті.
Айтматов. "Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны
кетпейді" деген - осы. Ақындық еркелік пен тапқырлық
қалай жымдасып жатыр. Жалпы, қазақ пен қырғыздың
-
_
мрн
Кдтағаннын. Жамбыл
мен Тоқтағұлдың, Тоғолоқ Молдо мен Үмбетәлінің, Ке-
нен мен Алымқұлдың қоян-қолтық араласуы бүкіл елдің
ауызбірлігіне, ұйтқысына дәнекер болған ғой.
Жамбыл мен Шабданның өзара қатты сыйласып,
ақиреттік дос боп өткені - өзінше бір тарих.
Шаханов. Иә, Шабдан батыр орыс армиясы полков-
нигінің шені мен дворяндық атағын алған, бірақ бұл ла-
уазымын әлдекімдердей емес, өз қажетінен гөрі, ел
мүддесіне жұмсаған.
Ж әне ол қырғыз бен қазақ өнерпаздарын қатар қадір
тұтқан, өзі даңқы асқан билік иесі — манап болса да,
кішіпейіл, алды кең, жомарт адам екен.
Осы орайда екеу ара сырласу үстінде Асқар Ақаев
айтқан мына бір әңгімелер еске оралады...
Қазақтың Жетісуін жырымен тербеген Жамбыл
ауылдың тоң мойын, томар бас болыс, биіне өкпелесе,
бір бауыр қырғызыма — Шабданыма кеттім" деп, Ала-
таудың күнгейін бетке ала жөнеледі екен. Бірде Чоң
Кеминді жайлап отырған Шабдан манап генерал-
губернатор
Колпаковскийдің
тез
жет
деген
ша-
қыртуымен күймесін жектіріп, жанына ерер жігіт-
желеңін сайлап, енді қозғала бергенде, есік алдына
Жамбыл кеп, ат байлады дейді.
- Тоқтаңдар! Колпаковский жарты патша болса да,
Жамбылдан үлкен емес. Сапарға екі-үш күннен кейін,
Жәкеңді шығарып салған соң ғана, аттанамыз, — деп,
Шабдан ақын досына арнайы алты қанат ақ үй тіктіріп,
елдің игі жақсыларын түгел шақыртыпты. Жамбылға
"Манасты”, "Сұраншы батырды" таң қылаң бергенше
жырлатып, құмарын басыпты.
Шабданның анасы — Баалы бәйбіше: К,үлынымның
мырзалығы кішкене сәби кезінде-ақ көзге түсті. Үш
жасқа толғанша, омырауымды жалғыз өзі ембей, көрші-
қолаңның өзі құралпы балаларын жетектеп әкеліп, бірге
еметін”, - деп айтып отырады екен.
Қырғыз бен қазаққа жомарт мінезі арқылы аты кең
жайылған Шабданның жігіт ағасы кезінде түскен фотосу-
репнде өңіріне қадаған екі медалі бар. Ал қартайып, базары
тарқаған шақтағы суретінде сол медальдің біреуі ғана көрі-
неді. Мұның сыры мынада екен. Бір күні Шабдан үйінде
отырғанда, ел ақтаған қайыршы есігінен сығалапты.
Жөн сұраса, жастай жетім қалған, ағайын-туысы жоқ
бір кембағал екен. Қайыр-садақа берейін деп, жан-
жағына қарманса,
қапелімде ештеңе қолына іліне
қоймапты. Біткен дәулеті қайтып, жалғыз көк бұқасы
қалған тұс екен, сонда өңірінде сыңғыр қағып, жарасып
түрған, орыс империясынан алған қос алтын медальдің
бірін шешіп, әлгі қайыршының алақанына салып.
_ Бішкектің базарына апарып сатьш, ақша қыл, не
малға айырбаста. Сөйтіп, қазіргі тілемсек өміріеді өзгертуге
кам жаса, — деігп.
. .
Байаке дегеннің Седеп есімді отымен кірш, күлімен
шығатын жалшысы болыпты. Өзшщ көзі қыли, тілі
шүлжің, үріп шығар иті де жоқ, екі керегенщ басын
қосып байлаған күркесі ғана бар бейшара екен, ара-түра
ашу қысып, ызаланғанда:
_____
- Не ер алмады, не жер алмады, - деп, шүнақ тағды-
рын тілдейді екен.
.
Бір жылы Байаке күздіктен қыстауға көшкенде, әлп
әйел жұртта жападан-жалғыз қалып, түнімен күркесш
касқыр қамап, шыбын жаны көзіне көрінш шығады. Ке-
лесі күні кіші бесін кезінде есік көзінде тұрса, сонадаи-
Дан желе жортып, Шабдан мен Байаке бастаған бір топ
салт атты өтіп бара жатыпты. Мұны көре сала, ж үреп
жарыла қуанған Седеп:
__
- Чабдан бати, мақсым ішіп кетхңіз, - деп ышқына
айғайлайды. Мұны естіген Шабдан жанындағы би, болыс-
тардың кіржіңдегенін қаперіне де ілмей, ат басын күркеге
карай бұрыпты.
Батыр Седеп ұсынған шеті сынық ыдысқа құиылған
дәмді ала бергенде:
„ .
'
- Ей, күң, мұныңды батыр ішпеиді. Әкет өрі,
деп,
Байаке қолын қақпалапты.
- Салт бойынша дәмнен үлкен емеспіз. Әкел бері, - деп,
ат үстінде тұрған Шабдан мақсымды тартып жібершп.
- Паһ, шіркін, мақсымыңыз бабында екен, шөлдеп
келе жатыр ем, мейірім қанып қалды. Бүгінше шыдаңыз,
біздің ауылдың жігіттері ертең келіп, көшіріп әкетер,-
деп, батыр ат басын жолға салады.
Біраз жүрген соң:
| .
- Эй, Байаке, аулыңның бір панасыз әиеліне шапаға-
тың жетпей жүріп, жалпақ жұртты билегің келетінін
қайтейін, - деп налыпты. Артынша Шабдан Седептщ
үстіне төрт қанатты қараша үй тіктіріп, алты қои, бір
биесін апарып, босағасына байлатыпты.
Сол жолы Шабдан манап бейшара әйелдің ашыған
сусынын шөлдегеннен емес, жарым көңілі көтерілсін,
болашағынан үміт үзбесін деген желеумен ішіпті деседі ел.
* Мақсым
- қырғыздың тарыдан жасалатын ұлттық сусыны.
Әитпесе, бэршд қырғыз хан тутып, алдынан кесе өтпеген
Шабдан мақсымға зөру боп келе жатпаса керек.
Орыс империясының отарлау саясатына өмір бойы
қарсы боп өткен, алайдың өйел патшасы лтанған
- Балаларың қайда ? - деп сұрағанда, қайсар әйел:
- Шынары қолдарыңда, шырпығы қайда барар дейсің, -
деп жауап беріпті. Әйелді бағындьфьш, айдағанына жүргізе
алмай, кектенген генерал Құрманжанның сыртынан отыз
әскерін күзетке қойып, қамауда ұстаған. Сонда Шабдан
келіп, араша түсіп: "Егер датқа қашып кетер болса, ор-
нына мені атыңдар", - деп, Құрманжанды босаттырып
алыпты.
1909-1911 жылдар аралығында туған жері Чоң Ке-
миннен "Шадмания медресесін" аштырған, одан білім
алып, сауат ашқан қырғыз, қазақ, өзбек, орыс балаларын
өзі жетелеп апарып, Верныйдегі гимназияға, Бішкектегі
бау-бақша оқуына кіргізіп отырған.
Батыр қартайған шағында балаларына: "Манаптың
соңы — мына мен, сендер шеннен дәметпей-ақ қойыңдар.
Баилық та, байлықпен келген атақ та баянсыз нөрсе
екен. Одан да жер өңдеп, дән өсіріңа,ер, адал маңдай тер-
леріңмен күн көріңдер", - деп өсиет айтыпты.
А й тм атов. Тарих, әдетте, құжатталған фактілермен
расталып
отырады.
Ал
біздің
халықтарымыздың
түрмысында болған оқиға көбіне-көп аңыз-әпсанаға
айналып кетеді. Замандастары мен кейінгі ұрпақтардың
оқиғаға көзқарасы да осымен көлегейленіп тұрады.
Оқиғаның мәні мен халықтың бағасын білдіретін аңыз-
әңгімелер бізге осылай жетеді. Мөселен,
Шабдан
жайында айтылып келе жатқан сондай әңгімелердің
тағы бірі мынандай. Ауыл қариялары айтып отырар еді,
1912 жылы болса керек, Шабдан рухына бағышталып ас
беріледі. Алатаудың күңгейі мен теріскейіндегі ел асқа
тегістей шақырылып,
қырғыздармен қатар,
қазақ-
тардың игі жақсылары ауыл үстін шаңға бөктіріп келіп
жатты дейді. Шабдан батырмен тірісінде терең сый-
ласқан Жамбыл қасына қос інісі - Кенен мен
Үмбетәліні ертіп, асқа күні ілгері жетігггі. Аламан бәйге
аяқталып, айтысқа кезек тиеді. Екі елдің ірі ақындары
алма-кезек топтан суырылып шығып, жырдың шоғын
маздатқан. Дөкей бектер мен манаптар қазы, қартаға
бөгіп, қымызға қызып отырғанда, қазақ ақыны Үмбетөлі
Кәрібаев ақ қаптал болып қалған шешен домбырасын
қолға алып, қырғыз бен қазақтың бауырластығын,
і
Шабдан сынды марқасқаны, Тоқтағұлдаи өрен жүирікті
жырға қосып, әуелете шырқайды. Тоқ тағүлдың аты
аталуы мүң екен, пейілденіп отырған бектердің бірі
кірпід^^иырьілы^еп ақырып жіберген. - Әй, айыпкер
қапіқын, шық үйден! - деп, Жамбылдың
о ң
^зесш баса
отырған Тоқтағұлға зекіпті. ¥лы аҚынның Сібхрден, ай
даудан қашып келгенін бетіне баспақ бопты.
Осы сәтте Жамбыл ашуға мінеді:
-
Әй, шырағым, - деп, әлгі астам сөилеген бекке
шүйілді дейді. - Шабдан жалғыз қырғыздың ғана бір-
туар арысы емес, шапағаты қазаққа да көп тиген
қимасымыз еді. Мына отырған Тоқтағұл да сондаи екі
халықтың телқоңыр перзенті. Бірін - мақта, екшппсін
датта дегендерің қай тасқандарың? Тоқтағұлдаи ақынды
қырғыз бен қазақтың әйелдері бір ғасырда бір-ақ рет
тууы мүмкін... Енді Тоқтағұлға қарсы бір ауыз әңпме
айтылса, асты тастап кетуге мәжбүр боламын!
Жөн сөзге жығылған Шабданның үрім-бүтақтары
Жамбылдың иығына оқалы шапан жауып, алдына
арғымақты көлденең тартады.
Сонда Жамбыл:
_ Құрметтеріңе мың мәрте рақмет.
Бұл сыи-
лықтарыңның иесі Тоқтағұл болсын. Сібірден іргесі жа-
лаңаштанып, қажып келді ғой, - деп, ел-жұрттың көзш-
ше қияметтік досының абыройын тағы бір көтерш, өзше
тартылған сый-сыяпатты түгелдей Тоқтағұлға бұрыпты.
Шаханов. Жалған дүниеден көрер қызығы, татар дәмі
таусылардан аз уақыт бұрын Жәкең айналасына ауылдас-
тарын, ағайын-тумасын, не мере, шөбересш жинап алып:
—
Ал, қарақтарым, жақында орталарыңнан қаитпас
сапарға аттанғалы отырмын. Түнде түсімде Сүраншы
Сарыбай тапсырған қызыл жолбарыс босағамнан шығып,
Алатаудың күнгей бетіне, қырғыздарға қараи жортып
кетті. Соңынан үш рет "кішәйт", "кішәйт; деп ша-
қырғаныммен, қайырылмады. Сүйегімді өзім өсірген
баққа жерлеңдер... - деген екен.
Шіке, халқымыздың жау жүрек батырлары мен ше-
шендерінің, арқалы ақындарының бәріне бірдеи емес,
тандаулыларына ғана қонатын аң, жануар беинесшдегі
жебеуші иесі болған деседі. Олар әрдайым түске еніп,
аян беріп, қолдап, қорғап отырған. Мәселен, Қаз дауыс-
ты Қазыбектің жебеушісі - қос қабылан, Кемпірбаи
ақындікі - көкала үйрек, ал Жөкеңнің пірі - қызыл жол
барыс еді дейді.
Жамбылдың ұрпағы, жазушы Нағашыбек Қапалбеков
деген ініңіз жаныңызға ұлыңыз Асқарды ертіп, ақын
аулына келгеніңізді, Жамбылдың қасиетті бағына ба-
лаңызды аунатып алып, кесенесіне тәу еткеніңізге куә
болғанын әңгімелейді.
Айтматов. Бөрі де әлгінде өзің әңгімелеген бауырлас-
тықтың жаңғырығы ғой. Жас күнімде бір қарияның ау-
эынан естіген мына әңгімеге назар аударшы. Жамбыл
дүние салған тұста, үкімёт басындағы кейбіреулердің
жеке қырсыздығынан болар, қырғыз еліне хабар тие
қоймапты. Марқұмның жетісіне қалың ел жиналып,
көдесін беріп жатқанда, аттарын ақ терге малып,
Алымқұл бастаған қырғыздың үш төкпе ақыны ботадай
боздап жетті дейді. Келе, ат үстінде қомыздарын сайлап:
—
Уа, бір туған бауырлар! Жәкем тек қазақтың ғана
мақтанышы, қазақтың ғана меншігі ме еді? Қырғызсыз
қалай көмдіңдер?! Тарқамайтын өкпеміз бар, қазір зира-
тын ашыңдар, қырғыз халқының атынан бір-бір уыс то-
пырақ саламыз, — десіп, алма-кезек жыр толғап тұрып
алған. Ұятқа өртенген жұрт ағайынның орынды өкпесіне
шыдай алмай, жер шүқи берген. Сонда қалың елді қақ
жарып, Жамбылдың өкшелес інісі Үмбетәлі Кәрібаев
домбырасын қолға алып, ұзақ-сонар жыр төгіпті. Қазақ
пен қырғыздың сан ғасырлық бірлігін, Жамбылдың:
"Сүйегім қазақ болса да, етім қырғыз" деп жырлауының
түпкі себебін, хабар жеткізуге тиісті әлдекімдерге бола,
ет-бауыр екі ұлттың арақатынасына сызат түсірмеу
қажеттігін айта келіп, қазақ елінің атынан кешірім
сұрап, үш ақынның алдына бөркін, шапанын, белдігін
тастап, тізерлеп бас иіпті.
“Ағайын бірде өліде, бірде тіріде" демекші, өкпелері
қара қазандай болып келген қырғыздың үш арысы мұны
естігенде, аттарынан түсіп, ел-жұртқа өлеңмен көңіл
айтқан.
Бұдан асқан бауырластық дәстүр бола ма?!
Эпикалылық және романтикалылық атаулыға біздің
ұлттық бейімділігіміз
өзінше,
аңыздарымыз да тіл
үйіретіндей тәтті, татымды болып келеді, бірақ роман
тизм аясы тарлық ететін бітімі бөлек — мыеқылшыл, өз
дегенімен өмір сүретін дара тұлғалар да болған ғой.
Біздегі сондай кісілерден өзімнің көріп қалғандарым Рай-
хан Шүкірбеков пен Мидин Әлібаев еді. Ал Бауыржан;
Момышұлы сондай өзгеше тұлға.
Шаханов. Сондай болғанда қандай! Ол - қазақ
халқының феномені. "Әскери өмірде де, жазушылық
жолымда да полковник шенінде қалдым" деп, өзі
кішіпейілдікпен
айтқанымен,
менің
пайымдауымша,
бұрынғы Кеңес Одағында Бауыржан Момышұлындай
трагедиялы әрі бақытты тағдырдың адамы өте сирек.
Баукең туралы Эзілхан Нүршайықов Ак,ик,аЖ пен аңыз
атты тамаша кітап жазды. Отан соғысы жылдары көзсіз
ерлігі мен алғырлығы аңызға айналған Момышұлының
үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына үсынылып,
бір рет те ала алмауы, әскери академияны бітіріп, гене-
ралдарға дәріс бере жүріп, полковник дәрежесінен жоға-
рыламауы жайында кітапта қызық мәліметтер бар.
Сіздің жазушы достарыңыздың бірі - Тахауи Ахта-
новтың Баукеңді ақырғы сапарға ұзатып салар қаралы
жиында тебіреніп тұрып: "Он жил в стандартное^ время
нестандартным образом", — дегені қанатты дөзге айналып
кеткен.
Баукең Кеңес дәуірінің сірескен дайын қалыбына
сыймай, өз талғамына сай тірлік кешті. Шындықты
бүкпесіз бетке айтуға дағдыланған адмастай өткір мінезі
оны атақтан да, шеннен де қақты.
Қарапайым бейбіт өмір тұрмақ, соғыс кезінде де
әділетсіздіктер аз болмаған ғой. К,ол астындағы әскерді
272 мәрте соғысқа көтеріп, түгелге дерлік жеңіске жетіп
отырған Момышұлының еңбегі — Отан соғысындағы
жарқын беттердің бірі. Кейбір шет мемлекеттердің
әскери мектептерінде оның тәжірибесі пән ретінде
оқылып келгенін тегін дей аламыз ба?
Айтматов. А. Бектің "Волоколам тас жолы" шығар-
масын
Жамбыл
мал
дәрігерлік
техникумында
жүргенімде оқып, Баукеңе сырттай сүйіспеншілігім
оянған.
Ол
өзінің
ерлігімен,
азаматтық
қайсар
тұлғасымен
бірнеше
ұрпақтың
құрметіне
бөленіп
үлгерді. Мен сондай даңқты батырдың арамызда тірі
жүргеніне
таңданатын
едім
әрі
маған
ондай
тұлғалардың бәрі өткен ғасырларда ертегілермен бірге
жасасып өтіп кеткендей көрінетін.
Кейін Лениндік сыйлық алғанымда, Баукеңнің Алма-
тыдан көңіл толқытар жеделхат жолдап, ағынан 'жарыла
құттықтайтынын,
Мәскеуде,
Алматыда талай
мәрте
жүздесіп,
емен-жарқын
сырласатынымызды
қайдан
білейін? Бірде Арбаттың бойында жолығып қалған батыр
ағамыз:
’
' :
- Шыңғыс, ел арасында мен жайлы 120 вагон өсек
бар, соның 1 вагоны шындық та, қалған 119-ы өтірік.
* Фидель Кастроның арнайы шақыруымен Кубаға барға-
нымда, — деп әңгімесін жалғады ол, — сүйріктей қоңыр
қыз жаныма жетіп кеп.
- Полковник, Сіз жөнінде көп оқығандығымнан бо-
лар,
кішкентайымнан
өзіңізге
сырттай
ғашықпын.
Қаласаңыз, әйеліңіз болайын. Еліңізге алып кетіңіз, -
дегень
Еш қымсынар емес, еркелей басып, қарсы алдыма
кеп тұрды.
- Бойжеткен, - дедім сонда көзіне тік қарап, -
қазақта "Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан
шығар” деген мақал бар. Сен менің мінезімді білмейсің
ғой, білсең, бұлай айтпас та едің...
Өзі сұранып тұрған қызды некелеп алып келсем ғой,
мен жайлы өсек-аяң 200 вагоннан асып жығылар еді...
Екеуміз жарыса күлдік.
Шаханов. Баукеңнің Шымкентке келген бір сапары
есімде қалыпты. Онда республикалық "Лениншіл жас"
газетінің Оңтүстік облыстардағы меншікті тілшісі едім.
Жылт еткен жаңалықты қақшып алып, күн сайын газет
ке төпелеп жатқан 22 - 23-тердегі жігіт кезім. Бір күні
газеттің редакторы, өзіңіздің шығармаларыңызды қазақ
тілінде тамапіа сөйлеткен жазушы ініңіз - Шерхан
Мұртаза телефон шалып:
— Баукең Сарыағаш дауажайына демалғалы бара жа-
тыр. Ертең таңертең Шымкенттен пойыздан түседі. 0 6 -
лыс басшыларына хабарла, далаға барғандай болмасын.
Күтіп алуға өзің де бірге шық, - деп, тиянақтап тапсыр-
Д Ы .
Қолма-қол облыстық партия комитетінің хатшысы
Сүлеймен Задинге телефон шалып, Момышүлының келе
жатқан хабарын жеткіздім. Сүкең көпке дейін үнсіз
қалды. Біраздан кейін:
— Мұхтар, - деді терең тыныстап. - Батыр ағамыз
былтырғы жылы жұрттың көзінше сөгіп,
көңілімді
қалдырған. Мен қарсы алмай-ақ қояйын. Жедел шаруа-
мен көрші ауданға кетіпті дей сал. Бірақ бұл өңгіме осы
жерде қалсын. Обкомнан машина бергізейін. Қаладағы
Баукеңнің өзі оқыған Сыпатаев атындағы мектептің ди-
ректорына менің атымнан телефон соқ. Пионерлер гүл
үстап шықсын. Қалған шаруа саған аманат.
Енді өзім қобалжи бастадым. Қылдай тайсаң, бет-
жүзің бар демейтін батырдың сырттай дақпыртын естіп
жүрмін. Атақты Александр Бектің өзіне "Волоколам тас
жолын" жазарда: "Бір ауыз жалған сөз қоссаң, сау-
сағыңды шабамын!" — дейтін Баукең кімнен қаймықсын.
Ж еңіс күні қарсаңында сұхбат алуға тапсырма берілген
бір журналистің: "Ойбай, Бауыржанға жүмсағанша, тор-
да тұрған арыстанның арқасын сипап кел двгендерің
әлдеқайда жеңіл ғой" - деп, газет редакторына азар да
безер болғанын өз көзіммен көргенмін.
Тіпті мынадай бір хикаяны жұртшылық көпке дейін
аңыз ғып айтып жүрді.
Ол кезде жазушылар өзгелерге қарағанда әлдеқайда
ауқатты тұратын еді ғой. Тіпті орташа жазушының өзі
жыл аралатып шыққан кітабының қаламақысына бір
машина сатып ала беретін. Олар кейде үкімет бағасымен
берілетін жеңілдікті де пайдаланатын. Баукеңнің де ма-
шинасы бар. Анда-санда ғана Алматы облыстык, партия
комитетінің бірінші хатшысы, әдебиет, өнер адамдарына
ерекше қамқор боп жүретін Асанбай Асқаровқа телефон
шалып, жүргізуші шақыртып, қажет жеріне барып-келіп
жүреді деп
еститінбіз.
Жалпы
алғанда
машинасы
мінілмей, қаңтарылып тұрады десе де болғандай.
Жыл сайын көрші республикалардан келіп, машина
сатып алушылар Жазушылар одағын төңіректейтін. Он-
дағы ойлары: жазушы деген есеп-қисапқа жоқтау халық,
машинасын арзандау бағаға саудалап, майлап, сырлап,
қымбат бағаға кері жөңкітіп жіберуге әбден қолайлы. Екі
ортада пайдаға қарық боласың да қаласың.
Сөйтіп дәніккен қулар бір жазда жазушыларды тағы
Достарыңызбен бөлісу: |