Ф ♦Рауан* Алматы 1997 Редакторы Үлықман Әбілдаұлы Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шах а нов



Pdf көрінісі
бет23/24
Дата21.02.2017
өлшемі22,66 Mb.
#4638
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

в
М ф
 
1
Ш

  9г»
У д Ш В
и
ув
л
г 
л

М. Шаханов -   тракторшы.
Сазгер  Ш .Қалдаяқов  пен  М. Шаханов
Огырарда.  1964  ж.

М.Ш аханов  анасы Үмсьш  (оң жақта)  ж әне жеңгесі Тазамен  бірге.

Бішкекке  Ж амбылдың  150  жылдығын  мерекелеуге  жиналган 
Қазақстан әдебиет, өнер қайраткерлерінің бір тобы.  1996 ж.

I
і /
т
ж
Ш А йтм атов,  Б.Бейш еналиева,  Т.Үсібалиев  Н ева ж ағасы н да
ж ерінде

Ғабиден  М ұсгафин  мен  М.Ш аханов.  1980  ж
Азия  — Африка  елдері  жас  жазушыларының  конфвренциясында
1981  ж.

А-Вознесенский  мен  М.Шаханов  Кеңес  әдебиетінің  Абхазиядағы 
күндерінде.  1984 ж.
Үшқыш  ғарыш кер  Ж .Гуррагча  (оң 
жаңта), 
М .Ш аханов,  О.Сұлтанов,
П .Ш ермұхамедов  Аралды 
құтқару 
жөніндегі 
конф еренцияда. 
Алматы.  1987  ж.

Ш А йтматов  Қалтай  М ұхамеджановта  қонақта.
Ә.Кекілбаев,  ША йтматов,  С.Романов,  Ә.Нұрпейісов,  З.Қабдолов.

М .Ш аханов  пен  Ж олон  М амытов  О рта  Азия  мен  Қ азақстан 
ж астарьш ьщ  ф естивалінде.  И сф ара,  1982  ж.
Габриэль  Гарсиа  М аркес  Ш А йтм атовта  қонақта

Ш Айтматов,  С.Эралиев,  М.Ш аханов  ж эне  Р.Отарбаев  (2-қатардың  сол 
ж ак  шетінде).
Қолтаңба
і

Оқырмандармен кездесу.
и

Ш Айтматов,  М.Ш аханов,  М А қаева  Айтматов  атындағы  халы қаралы қ 
сыйлың иегерлері арасында.
Біріккен  Үлттар  Үйымының  Айналадағы 
сыйлығын  тапсы ру  сәті. 
Р и о  
де  Ж анейро

Қазақстан 
Республикасы 
Х ельсинки де.  1993  ж.
І І І Я І
Ч 
Президенті 
Н.Назарбаевпен 
бірге
шшт
и Л З
*1

Ш А йтматов  пен  Сүйменңұл Чокморов
М.Шаханов  Өзбекстан  Республикасының  Президенті
И.Каримовпен  бірге.

М .Ш ахановңа  Қырғыз  Республикасьш ьщ  
халы ң  ақы ны   атағы   берілуіне  арналған 
поэзия  кеш ін  Ш А йтм атов  аш ып  тұр.
Бішкек.  1995 ж.
Қ азақстан 
Республикасы ны ц 
Қ ы рғы зстандағы   елш ілігінде 
С.Чокморов көрмесінің ашылу салтанаты.

Ш А йтматов пен  Расул Гамзатов
Ш А йтматов 
улы  Элдар, 
* ы эы   Ш ырьш  жене  айтматовтануш ы- 
г алым А. А кматалиевпен бірге.  1986  ж.

Қырғыз әдебиетінің классигі Т.Сыдыңбековтің үйшде қонақта.
я

О.Сүлейменов,  М.ІІІаханов.
Өзбек  ақыны  Шүкуруло  жөне  балңар  ақыны  Қ-Кулиев  пен  ШАйтматов 
жұбайларымен.

г *
ЮНЕСКО  атқарушы  директорыньщ 
Ш Айтматов,  М.Шаханов, А.Якубов,  Р
Л Л  
Ж
М.Шаханов  Пәксган  ақыны  Файз  Ахмад  Ф айз  жэне  Алматы  облысы 
Талгар  ауданы,  Мичурин атындағы  колхоздьщ төрағасы Серік Әлиев.

Бірінші  қатарда  (солдан  оңға  қарай):  кинорежиссер  Б.Шамшиев, 
М. Шаханов  және  Қазақстанның  Қытай  Халың  Республика с ындағы 
елпгісі Қ-Сұлтанов.

1986 
жылы 
Алматыда 
болған 
Ж елтоқсан 
оқиғасына 
қаты суш ы лар  арасы н да.  Біш кек.  1996  ж .

М.Ш аханов,  Ш Айтматов  Қырғызстан,  Қазаңстан,  Өзбекстан  сыртқы 
істер  минисгрлері:  Р.Отьшбаева,  Қ.Тоқаев  ж әне А Камиловтармен бірге.

Қырғыз  Республикасы ны ң  П резиденті  А А қаев  Ш .Айтматов  пен 
М .Ш ахановтың  "С ократты   ескеру  түні  нем есе  М иғұла  терісі 
үстіндегі  сот"  атты   спектаклінің  прем ьерасы нда.  1996  ж.
Көңілдің кейбір сәттері...
Ш Айтматов, 
М.Шаханов 
және 
директоры Ж арылңасын  Нұскабаев
баспаныі

осындай  жар  тапқалы  тұрған  маңдайымның  бағы  бес  елі 
болар-ау деп  іштей  марқаятынмын.
Ол  кездің  бір  көрген  түстей  жылт  етіп  өте  шығар 
дәурен  екенін  қайдан  білейін...
Менің  шығармашылық  өміріме  улкен  із  қалдырған 
адамның  бірі  — Төлеген  Айбергенов  еді.  Бар-жоғы  жиыр- 
ма  тоғыз  жасында  қазақ  поэзиясының  аспанынан 
құйрықты 
жұлдыздай 
ағып 
өткен 
арқалы 
ақын 
әдебиетімізге  өзгеше  толқын,  жаңаша  леп  әкелген-ді.  Ол 
менен  бес-ақ  жас  үлкен  болатын.  Алғашқы  өлеңдерім 
баспасөзде  жарияланған  соң,  өзі  іздеп  келіп  танысқан. 
Бұйра  шашты,  кең  маңдайлы,  қағылез  қара  жігіттің  да- 
рынды  да  арынды  шағы,  достыққа  құштар  кеңілі  мені 
бірден  өзіне  баурап  ала  жөнелді.
— Сөз  айтып  жүрген  қызың  бар  ма?  — деп  сұрады  ол
бір  күні.
Мен  бір-екі  ауыз  сөзбен Күлөнда тұралы  хабар  бердім.
— Ендеше,  таныстыршы,  — деді  қиылып.
— Теке,  ертең,  жоқ,  арғы  күні -  2-маусым,  менің туған 
күнім  ғой.  Соны  сылтау  етіп  шақырып,  таныстырайын. 
Әйтпесе,  тым  ұялшақ,  келе  қояр  ма  екен,  -  дедім.
—  Жарайды,  сапарымнан  тағы  бір  күн  кешігермін. 
Туған  күніңді  тосамын,  -   деп,  қайран  ақ  көкірек  ақын
салғаннан  келісе  кетті.
Уөделі  күні  үшеуміз  қала  сыртына  шықтық.  Көгалға 
газет  жайып,  үстіне  апам  әдейі  пісіріп  берген  етті, 
дүкеннен  сатып  алған  үш  щөлмек  лимонад  пен  Төкеңе 
арнап  алынған  екі  шөлмек  сыраны  қойдық.  Төкең  туған 
күніме  арнап  екі  кітап  сыйлады.  Әлі  есімде  -  бірі  Ковшар 
деген  автордың  "Іле  Алатауының  қүстары",  екіншісі  -
"Тасбақаның түрлері"  деген  кітап.
Болашақ  үлкен  ақындықтан дөмелі  боп  жүрген  мен:
—  Төке,  ініңізді  мал  дөрігерлік  институттың  сту- 
дентімен  шатастырып  алған  жоқсыз  ба?  -   деген  өзіліме
ол:

  Ақын  болу  үшін,  айналаңдағы  тіршіліктің  бөрін  де 
жете  зертгеп,  білуің  парыз.  Әйтпесе,  көп  нөрседен 
ұтыласың,  -  деді.  Бұл сөзді  Күлөнда да  қуаттай  келіп:
— Мен  де  Сізге  кітап  сыйлағалы  тұрмын.  Бұл  шығар- 
малардың  авторы  -   менің  туған  жеріме  көршілес  жатқан 
бауырлас  Қырғыз  еліндегі  Шекер  аулының  перзенті, 
Жамбыл 
қаласындағы 
мал 
дөрігерлік 
техникумды
бітірген  Шыңғыс  Айтматов деген  жазушы.
Сөйтіп,  Сіздің  "Тау  мен  дала  хикаялары"  деп  аталатын
орыс  тілінде  шыққан  кітабыңызды  ұсынды.  Міне,  мен 
і э—235

Сізбен  алғаш  рет  Күләнда  арқылы  албырт  сезімнің 
же- 
тегінде  осылай  жолыққанмын.
Сол  күні  Төлеген  екеуміз  Күләнданың  жылтырақ 
қызыл  дәптеріне  өлеңмен  қолтаңба  қалдырдық. 
Төкең 
ерекше  толқып,  болашақ  келініне  алты  шумақ  жыр  ар- 
наган.  Ал  мен  болсам  мына  жолдарды түсірдім:
Бір  бақытты  шуақ  көрдім  көзіңнен,
Бірак,  соны  кім  бар  екен  түсінген?! 
Бақыттымын,  аяулы  әнім,  өзіңмен 
Ойда  жокдіа  танысқаным  үшін мен.
Күндер  бүркеп жатыр ескі  іздерді,
Күрсінем  де,  саған  сенім  артамын.
Ойда  жоқта  қосқан  тағдыр  біздерді 
Ойда жоқта  бөле ме деп  қорқамын...
Ымырт  үйіріле  Төлегенді  Шымкент  автовокзалына 
ұзатып  салдық.  Автобус  қозғалардың  алдында  Төкең  мені 
Күләндадан  бір  сәт  бөліп  алып  шықты да:
— Құсың  құтты  болсын!  Нағыз  ақынға  ж ар  болар  те­
рец  сезімді  қыз  екен,  көз  жазып  қала  көрме,  —  деп 
құлағыма сыбырлады.
Ж алғыз  анам  болса  ауру,  жиі-жиі  төсек  тартып,  жа- 
тып  қалады.  Басқа  сенер  ағайын-туыс  кем,  не  де  болса 
үйленейін.  Күләндамен  бас  қосып,  ел  қатарлы  түтін 
түтетейін,  -  деп  өзімше  жоспар  құрып,  ішкі  ойларыммен 
арпалысып  жүрген  кезімде  Күләнда:
— Сіз «сы  түске  сенесіз  бе?  -  деп  сұрады.
— Ж оқ.
— Екеуміз  қосыла  алмайтын  сияқтымыз,  -  деді  сәлден 
соң  елеусіз  ғана.  -  Неге  екенін  қайдам,  маған  солай  көрі- 
неді.
Даусында  бір  діріл  барын  аңғардым.
— Өткенде  маған  арнаған  өлеңіңізде:
Ойда-жокдіа  қосқан  тағдыр  біздерді 
Ойда-жоқта  бөле ме  деп  қорқамын,  —
дегеніңіз,  мүмкін,  шындыққа  айналар...
Кейіннен  Күләнда  қазаға  үшыраған  соң,  сол  өлеңі 
түскірді  не  себептен  солай  деп  жаздым  екен  деп  талай 
пұшайман  күй  кешкенмін.
Борис  Пастернактың  кезінде  Евгений  Евтушенкоға: 
Өлеңіңде  өзіңнің  трагедиялық  өлімің  жайлы  сәуегейлік 
айтудан  қаш.  Сөз  құдіреті  деген  сондай,  түбінде  өзің

болжал  айтқан  қасіретке  өзіңді  білдіртпей  жетелеп 
әкелуі  мүмкін" дейтіні  бар  емес  пе?
:  Күлөнда  бірге  оқитын  дос  қызымен  екі  күндік  дема- 
лысты  пайдаланып,  үйіне  барып  қайтпаққа  "Мәскеу  -  
Алматы"  жүрдек  пойызына  отырады.  Мен  ол  кезде  бас- 
падан  шыққалы  жатқан  кітабымның  шаруасымен  Алма- 
тыда  жүргем.  Бұрын  Түлкібас  маңындағы  елді  мекенге 
келгенде,  қас-қағым  уақытқа  болса  да,  тоқтайтын  пойыз 
бұл  жолы  жүрісін  сәл  бәсеңсітеді  де,  өте  шығады. 
Қырсықты  қарасаңызшы,  сол  күннен  бастап  пойыздың 
аялдамаларға  тоқтау  кестесі  өзгерген  екен.  Мұны  кон­
дуктор  да  қыздарға  ескертпеген.  Амалы  таусылған 
қыздар  пойыз  жүрісі  сәл-пәл  баяулаған  кезде  жерге  ал- 
дымен  қол  жүктерін  лақтырады  да,  артынан  өздері 
секіреді...  Күләнда  пойыз  дөңгелегінің  астына  түседі,  дос 
қызының аяғы  сынған...
Күтпеген  жерден  жолыққан  соққы  мені  есеңгіретіп 
жіберді.
Ерте  көктемде,  бәйшешек  бүршік  атқанда,  жаз  .бен 
куздің  шуақты,  шуақсыз  күндерінде,  төбеден  қаңқылдап 
қаздар  көшкенде,  тырналар  қайта  келгенде,  айлы-айсыз 
түндерде  екеуміз  қол  ұстасып,  қатар  басып  қыдырған 
жерлерді  көрген  сайын,  өзегімді  удай  ащы  өкініш  өртейді. 
Айналамның  бәрін  буалдыр  тұман  басқандай,  ешкімді 
көруге 
де, 
ешкіммен 
сөйлесуге 
де 
зауқым 
жоқ, 
есеңгіредім  де  қалдым.  Екі  жылдай  уақытымды  осындай 
іш  құсалықпен  өткіздім.
Бір  күні  таңмен  таласып  ерте  тұрдым  да,  автобусқа 
отырып,  Күләнданың  аулына  қарай  тартып  кеттім.  Жаз- 
дың  жадыраңқы  күні  еді.  Айнала  бей-жай  тыныштық.  Ба- 
яу  басып,  ауыл  шетіндегі  өзім  бұрын  талай  рет  болған  та- 
ныс  бейітке  беттедім.  Жолай  Күлөнда  жақсы  көретін 
гүлдерді  ұзақ  уақыт  таңдап  теріп,  қабір  үстіне  қатарлас- 
тырып  қойдым.  Көптен  ішімде  қайнап  жатқан  запыран 
өкініштің  тығыны  ағытылып  кеткендей,  маң  даланы  басы- 
ма  көтеріп,  бар даусыммен  айқай  салып  жыладым...  Сосын 
мола  маңындағы  көгалға аунап,  кешке дейін  жаттым.
Түс  ауа  мал  бағып  журген  бір  қария  қасыма  келіп, 
термосынан  ыстық  шай  құйып  берді.  Көнектей  боп  ісіп 
кеткен  бет  пішінімді,  көзімді  көріп,  мәнісін  түсінді  ғой 
деймін.  Береке  тапқыр  ештеңе  деп  сұрамады.  Мен  де 
ләм-мим деп  ж ақ ашқаным  жоқ.
Міне,  Шіке,  өмірімде  өшпес  із  қалдырған,  сізді  сырттай 
соншама  қадір  түтқан  періште  көңіл  бір  арудың  татар 
дөмі,  көрер жарығы осындай  қысқа  болды...

Айтматов.  Көңілімді толқытып  жібердің  ғой.
Шаханов.  Ақыры  бастаған  соң,  оны  да  айтайын,  екі- 
үш  ж ақы н  досымнан  өзге  жан  баласы  бейхабар,  ой- 
санамда  ғұмыры  өзім  көріп-білмеген  тағы  бір  ж ұмбақ 
қыз  бар.  Жетпісінші  жылдардың  бас  кезінен  бері  маған 
хат  жазумен  келеді.  Баспасөзде  жарияланған  өлеңдерімді, 
ж ары қ  көрген  кітаптарымды  жібермей  оқиды  да,  ол  ту- 
ралы  өз  ой-пікірін  аш ық  жазып  отырады.  Жетістігіме 
жұрттың 
алдымен 
қуанып, 
тағдырдың 
сүріндірген 
сәттерінде  бірінші  боп  қайғырады.
"Менің  аты-жөнімді  білгіңіз,  ж олыққыңыз  келер, 
бірақ  мен  сізге  тек  сырттай  тілектес  адам  ретінде  ж асы ­
рын 
қалуды 
қаладым", 
—  деп 
жазды 
ол 
бірде. 
Қолтаңбасын  әбден  танып  алғам.
Алматыдағы  бес  мың  адам  сыятын  Спорт  сарайында 
қайбір  жылы  поэзия  және  ән  кешім  өтті.  Осы  кештің 
таспаға  жазылған  үш  жарым  сағаты  теледидардан 
әлденеше  рет  қайталап  көрсетілді.
Арман  барда  жігер гүлі  солмайды,
Ал махаббат  жүрек  отын  талғайды. 
Бәлкім,  мәңгі жолы  сәтсіз  болуы,
Бірақ  оны  мүсіркеуге  болмайды.
Бүл жайлы  көп  мүңдаудың  не  орны  бар, 
Жандар  да  бар  пәк  сезімді қор қылар. 
Махаббатты  үйлену деп  ойлайды 
Қүдіреттің  қүнын  білмес  сорлылар,  —
деген  өлең  жолдарын  оқыған  сәтімде  теледидар  экраны 
көзіне  мөлтілдеп  жас  толып  түрған  бір  керемет  сұлу 
келіншекті  көрсетті.  Неге  екенін  қайдам,  маған  жиырма 
жылдың  үстінде  талмай  хат  жазып  келе  жатқан  қыз  сол 
келіншек  болып  елестеп  кетті.  Тұла  бойым  шымырлап, 
көзіме  жас  келді.  Бәлкім,  мен  жаңылысқан  шығармын. 
Әркім  қиялындағы  жанды  сұлу  бейнеде  көретін  әдеті  ғой. 
Менімен  кездесуден  қашқақтағанына  қарағанда,  мүмкін, 
төсекке  таңылған  мүгедек  қыз  шығар.  Кім  болса да,  бәрібір, 
қаншама  жыл  тасада  жүріп,  тілекшім  болып  келе  жатқаны 
үшін осы бір  құпия әйелге  айтар алғысым  шексіз.
Ол  бір  хатында:  "Сіз  бүкіл  елдің  құрметіне  бөленіп, 
алпыс  жылдығыңызды  тойлап  жатқаныңызда,  бір  құш ақ 
қызыл  гүл  көтеріп:  — Аға,  ү зақ   жылдар  бойы  Сізді  маза- 
лап  келген  қарындасыңыз  —  менмін.  Сәләматсыз  ба?  — 
деп  алдыңыздан  шығамын",  — деп  жазды.

Кейде  "тезірек  алпысқа  толсам  екен" деп,  сол  қызбен 
кездесер  күнді  аңсаймын.
Өлең  жазбай,  көп  уақытымды  қоғамдық  жұмысқа, 
қызметке,  саясатқа  беріп  алғаныма өкпелеп:
— 
Мұныңыз  не,  бұлбұлдың  қуаты  — үнінде,  қыранның 
қуаты  — қанаты  мен  тырнағында,  сіздің  қуатыңыз  — өлең- 
деріңізде.  Қазіргі  уақыт  алдырып  жүрген  шаруаларыңыз 
өткінші  әрі  алдамшы,  балалардың  қардан  салған  ойын- 
шық  қаласындай,  бүгін  бар  да,  ертең  көзден  бал-бұл 
ұшады,  — деп  мүңаяды.
Айтматов.  "Маған  ғана  қажетсің!"  —  деген  көп 
дауыстың  ішінде  дара  шыққан  осындай  рухани  бай, 
қамқор дауыстың  болуы  қандай  мерейлі!
Шаханов.  Күләндадан  көз  жазып  қалғаннан  кейінгі 
алғашқы  жылдарда  қыз  баласына  қызығушылығым 
мүлде  жойылған-ды.  Жатсам  да,  тұрсам  да  көз  алдымда 
соның  бейнесі,  құлағымда  соның  үні,  соның  күлкісі.  Тіпті 
жынданатын  шығармын  деп  ойладым.  Бірақ  өлгеннің 
соңынан  өлмек  жоқ.  Уақыт  шіркіннің  жазбайтын  жарасы 
аз  болады  екен.  Әйтсе  де  өзіме  жолығып,  пікірлес,  сыр- 
лас  болған  қыздардың  бөрінен  Күләндаға  ұқсас  адам 
іздедім.  Бәлкім  бұл  сезім,  бұл  талай  менің  кейінгі  жыл- 
дардағы  бақытсыздығыма  із  салған  шығар...
Өзім  өйелге  төн  ерекше  тазалығына,  сөзі  мен  ісінің 
арасына  пендешілік  араластырмайтын  әділеттілігіне  тәнті 
боп  қосылған  Қаншайым  келініңізге  дейінгі  кезеңде 
қазақтың  Қызылкүл  мен  Розалиндадан  басқа  да  аяулы 
аруларының  ыстық  алақан  табы  маңдайымда  қалғанын 
жасырсам  -   еркектігіме,  тектілігіме  көлеңке  түсірерім  хақ. 
Кейбірі  ел  аузында  жүрген  шығармаларыма  өзек  болды. 
Олардың  ішінде  басыма  қара  бұлт  үйірілген  шақта 
қанатымен  су  сегікен  қарлығаштай,  лаулаған  өсек  отынан 
сескенбей,  үлкен  азамат  жүрегін  тосып,  рухым  құлағалы 
тұрған  сөтте  жігер  берген,  көңіліме  көктем  пгуағын  қүйған 
арулар да  ұшырасты.
"Өзі 
шынайы 
махаббатты 
уағыздай 
жүріп, 
қателескені  қалай?"  деп  қалың  жұрттың  ішінен  наразы 
үндер  бой  көрсетіп  қалатынын  да  білемін.  Кінөны 
қашанда  өзгеге  арта  салудан  оңай  нөрсе  жоқ.  Сондықтан' 
да  сүттен  ақ,  судан  тазамын  деп  те  ақталғым  келмейді. 
Еркек  болған  соң,  өзіме  байланысты  бақытсыздықтың 
бар  салмағын  шама-шарқымша  жеке  көтеруге тиіспін.
Дегенмен  мені  терең  білетін  өйел  баласының  ешбірі 
"Мүхтардың  адамгершілігі  таяз  еді", 
"өділетсіз  еді", 
"жомарт  емес  еді”  дей  алмайтынына  сенемін.  Ылғи  да

азаматтығы  мен  пендешілш  итжығыс  түсіп  жататын 
қазақтың  ұлы  өлкесінде,  бәлкім,  кей  тұстарда  (әлде  бағым 
ба,  сорым  ба)  еркектерден  гөрі  әйелдерге  көбірек  сенім 
артып,  көбірек  сүйенген  шығармын.  Сол мінезім  өзгеріссіз 
қалып  қойды.  Ғұмырымның  қайқы,  бүкір  жолдарында 
кейбір  әйелдердің  әділетсіздігін  де  көріппін.  Бірақ  бала 
кезімнен  иттікке  иттікпен  жауап  қайырмауға дағдыланған- 
дықтан,  оларды  тез  үмытуға  тырыстым.  Әлдекімдердің 
әділетсіз  көзқарасын,  ызғарлы  ниетін  кек  тұта  берсең, 
көңіл  сарайыңдағы  жылылықты  азайтасың,  қасиетіңді 
жоғалтып  аласың.  Яғни  қаншама  ауыр  болса  да,  "иттікке 
иттікпен  жауап  қайырмау"  идеясы  жеке  менің  өзім  үшін, 
ақындық  тазалығым  мен  жылылығымды  сақтап  қалуым 
үшін  қаж ет еді.
"Әйелге  жай  әйел  ретінде  қарамау,  оның  өзін-өзі  те­
рец  танып,  аиіылуына,  яғни  әйелге  ғана  тән  парасат- 
көркін, 
ізгілік, 
ізет  иіуағын  жарқырата  көрсетуіне 
мүмкіндік  беру.  Немесе  осы  биікке көтерілуін  талап  ету".
Бұл  -   менің  нәзік  жыныс  жөніндегі  сан  жылдардан  бері 
өзгеріссіз  қалып  қойған  тұжырымым.  Бақытым  да, 
бақытсыздығым  да  осы түсінігіме  байланып  жатыр.  Бірақ 
менің  бұл  қатал  талғамыма  белгілі  мөлшерде  жауап  бер- 
гендерге  де,  тіпті  бере  алмағандарға  да  қаш ан  басым 
қасиетті  қара  жерге  тигенше, 
азды-көпті  қуаныш, 
қайғымды  бөліскендері  үшін,  алғыс  айтумен,  құрмет  көр- 
сетумен этемін.
Айтматов.  Иә,  інім,  еркін  сырласып,  кез  келген 
адамға  аша  бермес  көңіл  тиегін  біршама  ағыттық.  Ел  ау- 
зында  жүрген  соң,  екеуміз  жайлы  да  алып  қаш па  әңгіме 
баршылық.  Одан  да  боямасыз  шындықты  білгісі  келіп 
құмартқандар  өз  аузымыздан  естісін.
Сен  де  бұралаң  жолды,  қиын  тағдырдың  адамысың. 
Өткен  күндерге  салауат  айтып,  енді  атар  таңымыздың 
берекесін  тілейік.  Қазірде  көңіл  аспаныңнан  қазбауыр 
бұлттар  ыдырап,  ж аз  өміріңнің  жайсаң  күндерін  бастан 
кешіп  жүргеніңе  күмәнім  жоқ.  Ж ұбайы ң  Қаншайым 
келін  —  жібек  мінезді,  өз  халқының  салт-дәстүрін,  әдеп- 
ибасын  бойына  жастай  сіңірген  парасатты  жан.  Тіпті 
сенің  өзіңе  де  Сіз  деп,  ата-баба  дәстүріне  сай  ізет  сақтап 
тұрады.  Ж асандылық  емес,  табиғи  тәрбиеліліктің  белгісі 
болар.  Бәлкім,  оның  бұл  мінезі  саған  Күләнданы  еске  са- 
латын  шығар-ау...
Осы  қырғыз  елінде  "Манас"  эпосының  1000  жылдық 
мерекесі  алдында  перзент  көрдіңдер.  Кішкене  нәрестеге

Мариям  жеңгең  екеуміз  біріміз  кіндік  ата,  біріміз  кіндік 
шеше  атанып,  Манастың  келіні  Айчөректей  сұлу да  сым- 
батты,  ақылды  ару  болсын  деген  ырыммен  атын  Айчөрек 
деп  атадық.  Әрі  бұл  -   сенің  қырғыз  елімен  біздің 
жанұямызбен  бір  туған  бауырдай  кірігіп,  сана  мен  сезім 
бірлігін  тапқаныңның  айғағы.  Жасаған  ием  екеуіңе  және 
біздің де  перзентіміз  атанған кішкене  періпгге -  Айчөрекке 
мұқалмас  рух,  қуса  кетпейтін  бақ бергей!
Шаханов.  Рақмет!  Шіке,  енді  әңгімемізді  махаббат
проблемаларына  қарай  бұрайық.
Орта  Азиядағы  XIV  ғасырдың  қолтумасы,  Түркістан 
жеріндегі  сәулет  өнерінің  екінші  Мекке  атанған  ғажайып 
ескерткіші  Қожа  Ахмет  Йасауи  кесенесі  екені  өзіңізге 
аян.  Бұл  алып  ғимаратты  ұлы  ғұламаға  арнап  даңқты 
қолбасшы  Әмір  Темір  салдырған.  Көгілдір  күмбездері 
күнге  шағылысқан  осы  кесененің  бет  ж ақ  қанаты  не  се- 
бепті  бітпей  қалғаны  жайлы  жігерсіз  махаббатты  жыр- 
лаған  бір  аңыз  бар.  Сол  ақиқатқа  бергісіз  аңызды
кейіннен  өлеңге де  түсіргенмін.
Әмір  Темір  құл  Қожа  Ахмет  Йасауиге  көрсеткен 
құрметім  осы  болсын  деп,  дүниенің  төрт  бұрышынан 
саусағынан  өнер  тамған  шеберлерді  жинаиды.  Ж ұрттың 
бәрінен  де  өнері  асқан  бір  жас  жігітгі  ою-өрнек  ісінің 
бас  шеберлігіне  тағайындайды.  Жігіт  топырақ  пен  бояу- 
ды  өз  сиқырына  бағындырған  шебер  ғана  емес,  сонымен 
бірге  бет  біткеннің  сұлуы,  әрі  көмейіне  бұлбұл  қонған
керемет өнші екен.
Күн  ұясына  отыра,  құрылыс  алаңында  жоғары-төмен
өрмелеген  жұрт  өбден  шаршап,  болдырып,  тыныс  ала  бас-
таған  шақта,  бас  шебер  қаланып  жатқан  ескерткіштің  бір
биігіне  шығып,  әнге  басады.  Әсем  өуезге  елтіген  құл-
құтандар  лезде  жадырап,  серпіліп,  бірі  туған  жерін,  тым
жырақта  қалған  ата-анасын,  бірі  жарын,  бала-шағасын,
бірі  арман  боп  қалған  ғашығын  еске түсірер  еді.
Ән  аспанға  шаншылған  шақта  Әмір  Темірдің  балдызы
—  Мөрзия  да  өзінің  сөукелелі  жібек  шатырынан  шығып,
тыңдаған  жұртты  қара  тырнағына  дейін  шымырлататын
сиқырлы  сазға  құлақ түретін.
Мөрзия  ару  ескерткіпггің  ою-өрнек  жұмыстарын
жүргізетін  топқа  ұлы  Әмірші  құрметінің  белгісі  ретінде 
күнде  түсте  ез  қолымен  сусын  өкеп  түратын.  Шебер 
жігіт те,  Мөрзия  да  бір-біріне  сырттай  ғашық еді.
Күндердің  күнінде  жұрт  күтпеген  оқиға  болды. 
Мәрзия  өз  елінің  әдеп-ибасына  орай  бетін  сырт  көздер- 
ден  жасырып,  ж ұқа  ғана  перде  ұстайтын.  Хан  балдызы

сусын  әкелген  тұста  боиын  құмарлық  тасқыны  жеңген 
шебер  жігіт  оның  бетіне  ұстаған  алтын  пердесін  жоғары 
түріп  жібереді.  Талайдың  көз  жауын  алған  сұлу  мүсін 
ж ар қ  ете  қалды.  Сырт  көздер  үшін  қара  қүлдың  бұл 
қылығы  барып  тұрған  әдепсіздік,  хан  рухын  басынған- 
ды қ  болып  есептелмей  ме?  Көріп  түрған  құл-құтандар 
шу  ете  қалады.  Ал  Мәрзия  болса  үнсіз  күлімсіреген  күйі, 
наздана  басып,  бұрылып  ж үре  береді...
Айналасындағылар  жігітке  шүйлікті:
— Ау,  басың  иығыңа  өкпелі  ме,  мұның  не?
— Ертең  Әмір  Темір  жорықтан  оралады.  Балдызы  мы- 
на  жағдайды  оған  айтпай тұра  алмас.
— Хан  қаһарына  мінеді  де,  кімнің  кінәлы,  кімнің  кінәсыз 
екенін  сараіггамай-ақ,  басымызды  алуға  бұйрық  береуі 
мүмкін... 
. 1
  ШМЩ 

4 4
..
Ж ігіт  дір-дір  етіп,  түсі  өзгеріп,  рухы  күрт  құлап, 
бейшара  күйге  түсті.  Өзінің  мүндай  бедерсіз  екенін 
бұрын  қалай  байқатпай  келген?
— Енді  қайттік,  енді  қайттік?!  Бір  амал  іздейік  те!  -  
дей  берді  ол.
— Түнде  бәріміз  ұйымдасып  қашайық,  — деді  бірі.
¥йымдасып  қашып  еді,  жолдары  болмады.  Әмір
Темірдің  әскері  қүтқарсын  ба,  қуып  жетіп  ұстап,  бәрін 
зынданға  әкеп  тастады.  Ертесіне  терең  зынданда  жатқан 
өзінің  жігерсіз  ғашығына  Мәрзия  ару  мынандай  мазмұнда 
хат тастады:
нБір күнде  ашып  мінезіңнің  бар  қырын,
Тез  сөндірдің жігеріңнің жарқылын.
Үнап  еді  батылдығың  алгашқы,
Тырағайлап  қаиіқаның не,  жарқыным? 
Жарылардай  саған  қүштар  сезімнен,.
Өзімді-өзім  түсаулауиіы  ем  төзіммен.
Өлімнен  де қаймыкдаған  тілекті 
Қалай  оқи  алмағансың көзімнен?
Өнерің  бар қараған жүрт  қанбаған,
Әнің  анау аспанымда  самғаған.
Қүдай  саған  бәрін  беріп,  тек қана 
Ерлік  бермей  қойғанына  таңғалам.
Енді  бәрі  өшті,  сөнді,
Далбаса,
Аліал қанша,  өз  сенімім  алдаса?!
Сені  өлді деп  әкінбеймін,
Әттең-ай,
Бітпей  қалған  мына  ескерткіш  болмаса.

Бүлақ  өмір  сүргенімен  қүрақсыз,
Сенім  өмір  сүре ала  ма  мүратсыз?
Жүрегіндв  ерлігі жоқ  адамның 
Барлығы  да  махаббатқа  түрақсыз".
Айтматов.  Міне,  аңыздың  құдіреті  екеумізді  бір 
ақиқатқа  жетелеп  алып  келді.  Жаңағы  өзің  айтқан 
жігітке  жаратқан  ием  керемет  шеберлік  дарынды, 
сұлулықты,  әншілікті  берді.  Тіпті  үшеуі  тұрмақ,  осы  асыл 
қасиеттің  біреуі дарыған  адам  жерде  қала  ма!
Сын  сағатта  ғашық  жігіттің  бойынан  ерлік  табылмай 
қалып 
еді, 
оның 
асқан 
шеберлігінің  де, 
керемет 
сұлулығының  да,  ғаламат  әншілігінің  де  құны  көк  тиын 
боп  шыға  келді.  Яғни,  өзің  айтқандай,  ерлік  ж оқ  жерде 
махаббат  та  жоқ.  Кейде  махаббат  маған  сан  мың  түрлі 
тетіктен  құралған  компьютер  сынды  елестеп  кетеді.  Басты 
жүйесінің бірі  жанбаса,  қалғаны түгелдей  істен  шығады.
Шаханов.  Бірде  Расул  Ғамзатов  екеуміз  Кремльде  өткен 
бір жиналыстан  шығып,  "Москва"  қонақүйіне келе жаттық.
-   Тәңірім-ау,  осы  Сіз  кәдімгі  Расул  Ғамзатов  емессіз 
бе?  -   деген  әйел  даусы  саңқ  ете  түсті.  Жалт  қарасақ, 
орыстың  мінсіз  сұлу  жас  келіншегі  бізге  қарап,  сілейіп 
тұр  екен.  Жанында  кішкене  баласы  бар,  жүзінде 
таңданыс  пен  қуаныш  сезімі  кезек  шарпысады.  Сәлден 
кейін  сонадай  жерде  кезекте  тұрғандарға  қарап:
—  ПеТя!  — деп  айқай  салды.  — Тез  жет!  Біздің  кімді 
кездестіріп  түрғанымызды  көр...
Арсалаңдап  Петясы  да  жетіп  келді.  Ұзын  бойлы,  ашаң 
жүзді  жігіт екен.
-  Сіздің өлеңдеріңізбен  мені  алғаш  таныстырған  мына 
Петя,  —  деп,  келіншек  енді  ғана  еркін  ес  жиғандай, 
қасындағы  күйеуін  нүсқады.  — Кездескен  сайын,  махаб­
бат  жайлы  кереметтей  сырлы,  ойнақы,  назды  өлеңдерді 
оқиды.  Мен  мұның 
өзі 
шығарған  екен,  болашақта 
ақынның  жары  атанатын  болдым  деп,  іштей  марқаюшы 
ем.  Кейін  сұрасам,  жатқа  айтып  жүргендерім  —  Расул 
Ғамзатовтың  өлеңдері  деп  қарап  тұр...  Не  керек,  Сіз 
біздің  тағдырымызға  ерекше  эсер  еттіңіз.  Осындай 
жүректі  жаулаған  өлеңдеріңіз  болмағанда,  қайдам...  Сол 
үшін  Сізге  ғұмыр  бақи  қарыздармыз.  Өзіңізді  бір  көрсек- 
ау,  рақметімізді  айтып,  қолдан  келгенше  қүрмет  көрсет- 
сек-ау деп  армандаушы  едік...
Расул аға  сағатына  қарай  бастап  еді:
— Тым  болмаса  екі-үш  минут  уақытыңызды  қиыңыз 
шы!  — деп,  олар  екеумізді  шетке  алып  шықты.

Сөйтті де,  әйел:
— Где же  ты,  счастье,  где  светлый  твой лик?
- Я  на  вершинах,  куда  не всходил ты!
-Г д е  же ты,  счастье? Вершин я  достиг.
— В реках,  в которых не плыл ты!
-  Где ты? Я тысячу рек переплыл.
-  В песнях,  крторые  завтра  ты  сложи шь!
— Где ты? Я песню тебе посвятил.
—Я впереди! Догони,  если  можешь!
Оны  күйеуі жалма-жан  іліп әкетіп:
Кругом говорят,  я в любви тороват.
Кругом говорят,  погулял я  немало.
С одной,  говорят,  и  с  другой,  говорят,
Грешил,  говорят,  добавляют:  "Бывало!".
Не верь,  не грешил я,  грешить не умелг^С;,
С тех пор как я  помню  себя,  дорогая,
Тебя лишь  одну я любил  и  желал,
Хоть так  и  не знаю,  кто ты такая.
Расул  жас  жұбайларға  разышылығын  білдіре  беріп 
еді,  сақал-мұртына  көптен  ұстара  тимеген  бір  мастың 
келе  киліккені:
-   Махаббат  жоқ!  -   деп  даурығып,  төсін  ұрды.  -  
Кезінде  мен  де  сүйгенмін.  Бірақ  ғашығым  оп-оңай  сатып 
кетті.  Махаббат деп  көкитініміздің  бәрі де  бос  былшыл.
Онымен  қоймай, 
Расул  ағаның  жағасына  жар- 
масқысы  кеп,  қолын  ербеқл,етті.
Петя  қарулы  жігіт  екен,  әлгі  дауасызды  бір  шетке  оп- 
оңай  ығыстырып  жіберді.
-   Рақмет!  —  деп  жымиды  келіншек  қопггасарда  Ра- 
сулға.  —  Махаббат  пен  күнделікті  күйбең,  сұрықсыз 
тірліктің  арасы  бір-ақ  қадам  екенін  айтып,  арамызда 
жүргеніңіз  үшін  Сізге  мәңгілік  қарыздармыз!
Қонақүйге  кіре  бергенімізде:
—  Көрдің  бе,  махаббаттың  қарама-қарсы  екі  по­
л и с м е н   бір  жерде  қатар  кездестік,  -  деп әзілдеді  Расул.
Келесі  тақырыпқа  өтер  алдында  мен  Сізге  балалау 
кезімде  жазылған  бір  өлеңімді  оқысам.
Айтматов.  Құлағым  сенде.
Шаханов.
Ж ұбай лар  бар  әңгімесі  таусы лған  *
“Гамбург  соты на  бір  әйел  куйеуімен  аж ы расаты ны  
ж айлы  
өтшіш 
тапсырды. 
Бітімге 
ш ақы рған 
сот 
мүш елеріне  әйел  үзілді-кесілді  қарсы   тұры п,  мынадай 
уәж   айтты:

-  
Бірге 
тұрмыс 
қурған 
17 
ж ыл 
ішінде 
жұбайымның 
менімен 
әңгімесі 
үш -ақ 
сөйлемнің 
төңірегінде  болды.  Таңертеңгі  айтатыны  -   "Қайырлы 
таң!  ,  кеш кілік  жұмыстаи  оралған  сон  "Гамаққа  не 
бар?  деп  сұрайды.  Ал  сағат  тілі  түнгі  11-ді  көрсеткен- 
де,  "Үйқыға  жатайық"  дейді.
Сот  өйелдің  қүйеуімен  аж ы расу  талабып  орывды 
деп  тапты ".
(Газеттен.)
Тағдырыңды қатыгез де,  сараң де,
Сен  сүйгенмен,  ол сүймесе  — шараң не? 
Махаббат  ол  -  қос жүректің  әні ғой,
Өзіне  сай  дауыс керек әр әнге.
Сүйіктім-ау,
Сәнсіз  өмір мәнді ме?
Мәнсіз  адам  шырқай  алмас әнді  де. 
Бәсеңдетпе,
Қарлықтырма  даусыңды,
Бақытсыз  боп қалмау ушін  мәңгіге. 
Сүйіктім-ау,
Әнсіз  өмір мәнді ме?
Ән  түзелсе,  түзейміз ғой  сәнді де.
Жүбайлар  бар  әңгімесі таусылған,
Ал махаббат  — таусылмайтын  әңгіме!
Айтматов.  Түсіндім!..  Осы  өлеңің  арқылы  мені  көп- 
тен  ойымда  жүрген  әйел  мен  еркектің  рухани  теңсіздігі 
хақындағы  бір  проблемаға  жетелеп  алып  келдің.  Мысал 
үшін  мұны  балаң  жігіт  пен  балиғатқа  толған  қыз  жайын­
да ғы  хикая  дейік.  Екеуі  де  сұлу,  сүйкімді.  Танысып,  бір- 
бірінен  ұқсастық  тапты,  тәтті  сөздер  мен  қылықты 
түндерді  бастан  кешті.  Достары  қолдап,  әке-шешелері  де 
үйленеміз,  шаңырақ  көтереміз  дегеніне  қарсы  тұрмады. 
Дүрілдеп  той  өтті,  сол  тойдың  екі,  үш  жылдығы  да  келіп 
жетті.  Сүйем  деген  сөздің  қызуы  қыдырған  бақ  пен  кө- 
шеде  қалып,  түрмыс  қамыты  мойынға  түсті.  Бірте-бірте 
екеуінің  арасында  рухани  алшақтық  барлығы  өздері 
тұрмақ,  өзгелердің де  көзіне  ұрып  тұрды.  Бүтінге  түскен 
бұл  сынаны  өмірге  шырылдап  келген  сәби  де  біріктіре 
алмады.  Өзің  айтқандай,  бірлесіп  қозғап  айтар  әңгімелері 
таусылды.  Сөз  тұрмақ,  бірінің  жүріс-тұрысы  екіншісіне 
түрпідей  тиді.  Бір  дастарқанның  басында  қатар  отырып, 
ас  ішудің өзі  мұң болды.
Осындай  жағдайға  тап  болса,  өзге  жұрт  не  істер  еді? 
Жігіттің  бірі  көзін  таре  жұмып,  өзінің  де,  жарының  да 
қалған  ғұмырын  қор  етпей,  ажырасып тынады.
Екінші  жігіт  жұрттың  қаңқу  өсегінен,  қызметі  мен 
мансабына  тиер  кеселдіктен,  үй-күйінен  ажырап,  соқа

басы  қаңғып  қалар  жалғыздықтан  қорқып,  бір  жағынан, 
балаларын  аяп,  өмір  бойы  иттей  ырылдасып  өтеді.  Ж ұрт 
көзінше  сүйгендердің  рөлін  ойнағанымен,  іштей  бірін- 
бірі  сұмырайдай  көріп,  ит өмір  кеше  бермек.
Моральдық,  адамгершілік  жағынан  алып  қарағанда 
осы  екеуінің  қайсысы  биік  тұрғанын  өзің  де  аңғарған 
шығарсың?
Шаханов.  Шіке,  тура  осы  оқиғаның  деңгейінде  мен 
де  бір  мысал  келтірейін.  Сырт  тұлғасында  мін  ж о қ   қыз 
бен  жігіт  тағдыр  қосты  дейік.  Ағып  айлар,  желіп  жылдар 
өте  шықпай  ма?
Бірде  екеуін  ж ақы н  таныстары  қон аққа  шақырады.
Дастарқан  басындағы  топ  бірде  өткінші  саясатқа,  енді 
бірде  кім  ж аңа  мебель  алды,  қай  пысық  астына  шетелдік 
машинаның  қай  түрін  мінді  деген  тұрмыстық,  пенделік 
әңгімелердің 
басын 
шатып 
жатты. 
Ақыры 
жас 
келіншектің  күйеуін  ортаға  алысып,  еркек  біткен  өзге 
бөлмеге  оңашаланып  карта  ойнауға  кетіп тынды.
Осы  отырыста  маңдайын  әжім  айғыздаған,  бурыл 
шашты  бір  еркек  әлгі  келіншектің  назарын  әлсін-өлсін 
өзіне  бұра  берген.  Өйткені  оның  сөз  саптасы  өзге  еркек- 
терге  қарағанда  тым  бөлек,  өрелі.  Өмірдің  қыры  мен  сы­
ры,  адамгершілік,  адалдық  хақындағы  кесек-кесек  ойла- 
рын  өзінің  рухани  тәжірибиелеріне  орайластыра,  еркін 
ағытады.  Шіркін,  қапысыз  тыңдар  құлақ  болса  ғой...
Еркек  кіндік  біткен  картаның  қызығына  беріліп, 
қүмарлары  қанғанша  ж ер  сабаласып  жатыр.  Әйелдер 
жағы  "айтқаныңыз  рас,  солай,  солай"  десіп,  алғашқыда 
бас  изескенімен,  әріге  б а р м а ^ ,  ж еке  бөлініп,  үйреншікті 
күбір-сыбырға  көшті.  Жігіттің әйелі де  сол топқа сіңді.
Бір  қараса,  диванда  екеуі  ғана  оңаша  қалған  екен. 
Анда-санда  сауал  тастағаны  болмаса,  өзін  баурап  алған 
азаматтың  лебізіне  ұйып,  айызы  қанып,  рақат  бір  сезімді 
бастан  кешті.  Көптен  көкейінде  жинақталып,  шер  боп 
қатқан,  жанын  қинаған  сұрақтардың  жауабын  өз  жары- 
нан  емес,  өзге  жаннан  естіп,  оған  деген  қызығу  мен 
құмарту қатар  бой  көтергендей.
Екінші,  үшінші,  төртінші  рет  әр  түрлі  кездесулерде 
сырласулары  барған  сайын  күрделеніп,  екеуі  де  керемет- 
тей  рухани  байыды.  Бір-бірін  мәңгі  тыңдап  өтуге  бардай, 
біраз  күн  жолығыспай  қалса,  көңілдері  қоңылтақсып, 
бірін-бірі  жоқтап тұратынды  шығарды.
“Менің  жарым  неге  осындай  емес?"  деген  сауал 
әрқайсысының  кеудесінде  тұрды.  Екеуінің  де  екі-үпгген 
бала-шағасы  бар.  "Қүдай-ай,  баяғыда  неге  жолықпадық

екен!"  деп  іштей  пұшайман  жеп,  бармақтарын  тістейді. 
Осы  екеуінің  бір-біріне  деген  іңкәрлік,  ғашықтық  сезімін 
кінөлай  аламыз  ба?
Айтматов.  Сенің  бұл  сұрағыңа  мен  кезінде  Жөмила 
образы  арқылы  жауап  беруге  тырыстым.  Иө,  рухани 
теңсіздіктен,  тағдыр  қосқан  адамыңнан  өз  ойың  мен 
сезіміңнің жалғасын  таба  алмаудан  өткен  азап  жоқ.
Шаханов.  Ж астау  кезімде  бір  қыздың  күнделігінен 
мынадай  жазуды  оқығаным  бар.
"Егер  өзіңді  қадір  түтқан  еркек  бірте-бірте  саған  деген 
ықыласын  суытса,  күнөның  бір  шеті  өзіңде  екенін 
ұмытпа! I
Шын  мәніндегі  өйел  болу  -   үлкен  өнер.  Өнер  ғана 
емес,  жай  көзге,  жай  талғамға  шегі-шеті  көріне  бермес 
ғылым.  Өзің  ғашық  болған,  сенім  артқан  еркектің  қайғы- 
қуанышын,  жеңілісін,  жеңісін,  маңдайдағы  бағы  мен 
сорын  бөлісуден  бөлек  те  өр  әйелдің  жеке  —  жетінші 
түйсігімен  сезінетін  міндеттері  бар.  Ол  қай  міндет?  Сүйе 
білу  бар  да,  сүйдіре  білу  бар.  Сыйлай  білу  бар  да,  сыйлата 
білу  бар.  Кейде  өйелдер  тарапынан  мынадай  өкпе  жиі 
айтылады:  "Мен  оны  жанымдай  сүйем.  Неге  ол маған  сол 
сезімімнің деңгейінде  жауап  қайырмайды?"
Әйел  боп  жаратылдың  екен  — тағдырыңа  алғыс  айт. 
Яғни 
сен 
еркектен 
нәзіктігіңмен, 
биязылығыңмен, 
мейірімділігіңмен,  сезімталдығыңмен,  кешірімділігіңмен, 
тіпті,  оған  қарағанда,  өлдеқайда  әлсіздігіңмен  ерекшеле- 
несің.  Әрі  бұл  кемшілігің  емес,  жетістігің  боп  есептеледі. 
Еркек  қауымы  қашанда  алғашқы  жолды  өйелге  береді, 
әйелді  қолдап,  қорғауды  өзіне  жазылмаған,  бірақ  орын- 
дауға  тиісті  заң  ретінде  қабылдайды.  Сондықтан  да  өйел 
болып,  сұлу  болмауға,  адамзат  қоғамының  елегінен  өткен 
рухани  байлықты,  өзің  туылған  халықтың  салт-санасын, 
дөстүрін,  парасатын  бойға  сіңірмеуге  хақың  жоқ.  Сенің 
жүргенің,  тұрғаның,  күлгенің,  өзілдегенің,  ойланғаның, 
қуанғаның,  мүңайғаның,  қайғырғаның,  киім  киісің,  жақын 
адамдарыңмен,  елмен  қарым-қатьшасың  —  бәр-бәрісінде, 
тіпті  шектен  шыға  ашуланғаныңның  өзінде  ұлттық, 
әйелдік  мөдениетке  тамыр  жіберген  сұлулық,  нөзіктік 
жатуы  шарт.  Өзіңе  ғашық  адамның  ықыласын,  қүрметін, 
сағынышын  төмендетпей  ұстап  тұруың  үшін  ылғи  да 
ізденіс  үстінде  жүруің  қажет.  Яғни  шын  мөніндегі  өйел 
дөрежесіне  көтерілу  -   айтуға  ғана  оңай,  өйтпесе  азапты 
шаруа.  Бірақ  сол  азапты  ізденістен  ғана  бақытқа  бастар 
жол 
шығуы 
мүмкін. 
Өйткені 
өрбір 
іс-өрекетіңнің 
жаңғырығы  бар.  Міне,  нағыз  өйел  болудың  қиындығы

Әйтпесе  қыздың  киімін  киіп,  сырғасын,  түрлі  әшекейін 
тағынып,  терең  тамырлы  тіршіліктің  мән-мазмұнына,  ең 
әрісі  қарапайым  әйел  табиғатының  кейбір  көзге  ұрып 
тұрған  ерекшеліктеріне  бас  ауыртқысы  келмейтіндер  аз 
ба?  Тіпті,  бала-шағалы  болуға  да  пәлендей  ақыл  керек 
емес.  Өзінен  гөрі  өзгені  кінәлауға  бейім  тұратындар, 
әдетте,  осы тектес төмен  етектілердің  ішінен  шығады.
Бірақ,  құдайға  шүкір,  ұлы  әйелдер  бар.  Олардың  көп- 
шілігі,  өкінішке  қарай,  алтын  мен  мысты  ажырата 
білмейтіндерге  тап  боп  жатады.
Бірде  екеуара  әңгіме  үстінде  Евгений  Евтушенконың 
маған:  — Мұхтар,  меніңше,  әйелдер  еркектерге  қарағанда 
махаббатқа әлдеқайда тұрақтылау.  Олар  шындап  сүйме-сін 
де,  сүйсе  бітті,  дүние  төңкеріліп  кетсе  де,  епггеңенің  бет- 
жүзіне  қарамайды.  Ал  біздер  — еркектер  өмір  сүрген  орта- 
мыздың  көзқарасына  көбірек  жалтақтаймыз,  ойланамыз, 
қоғамның  аңдысын  андимыз.  К,айтсе  де  үлкен  махаббатқа 
деген  адалдық,  әрине,  проценттік  жағынан  алар  болсақ, 
нәзік жыныстарда  басым,— деп  сыр  айтқаны  бар-ды. 
Айтматов.  Оның  бұл пікіріне  мен де  қосыламын. 
Шаханов.  Ендеше,  мен  де  жоғарыда  айтқан  ойымды 
өлеңмен дөлелдеуге  тырысайын:
Эверестке  шығу
Қадалған  көз таларльщ,
Ж ігер  отын  жанар ғып,
Эверестке  шыққандардың  тізімі 
Саусакденен  санарлык,.
Махаббат та  шың  сиякдіы:
Күн  жақындап  қасына,
Бүлт  қонатын  тасына,
Қыран  тектес жандар ғана  шыға  алатын  басына... 
Бәрі  бітті.
Қүлайды  арман  дауыл жыққан  қайыңша,
Ел күлмей  ме,  ессіз  үрей  ықпалына  бой  үрса?!
Өзін-өзі  өлтіруге тиісті еді  Транзей  '
Сол кездегі әміршінің  қатал заңы  бойынша.
"Мені айналып өте алмайтын кезеңге тап  болдың ба?"
Дегендей-ақ  жарқ-жүрқ  етіп  қанжар  жатты  алдында. 
"Қайсар  Рим  заңы  солай,
Көзіңді енді қүрт,  батыр!"  -
Деген  сөзді  оймен  айтып,  біраз  адам  сыртта  түр. 
Бөлме  дел-сал.
Жүріп  жатыр  өмір,  өлім  таласы,

Ал қанжарға  қол  бармайды,
Бүл азапқа  қарашы.
Гүлзар тірлік қимастыкден жымиғанда  қиылып,
Ең  бастагщы қсшщыл ойы  бірте-бірте  сүйылып, 
Дір-дір  етіп,  дегбірі  үшып,  қалшылдады  бейшара, 
Намысына  тірек етер  ерлік таппай күйініп.
Осы  сәтте кіріп келді Аррия,
Ак,ша  қардай  аппақ көйлек киініп,
Жанарынан  жан  тербетер назды  сәуле қүйылып. 
Асқак,  үстап,  сүңғак,  бойын  сымбапипы,
Транзейге  әйел  былай  тіл қатты:
"Қүдай  саған  еркек деген  ат  берді,
Дәулет  берді,
Атак,  берді,
Бақ  берді.
Шараң щтша,  енді соның  бәрімен 
Қоштасатын  шақ келді.
Кимекпісің к,орк,ак,  атын  нокдіа  ғып,
Қалсын  десең  еркек атың  сакдіалып,
Есіңді жи,  айнам  менің,  есіңді жи,  қамықпа,
Ел мазағын  көтеруден  өлім  ауыр  болып  па?
Илан  маған,
тіпті түк те қиындығы  жоқ мүның,
Батыл  үста  қанжарыңды, 
батыл  үста,  шоқтығым!
Ездік мінез  сынға  түспей  қойсын  қайдан  байқала, 
Қиындықсыз келген  бақыт кетер кезін  айта  ма?!
Бүл  ерлігің  болсын  сенің  ең  алгашқы,  ең  соңғы,
Кәне,  менің  қимылымды  қайтала".
Аррия  ару  Транзейге  ойлы  көзін  ойната,
Жүзін  гүлдей жайната,
Күле қарап түрдыдағы,  қанжарын 
Жүрегіне  сүғып  к,алды  бойлата...
Шулы,  дулы  пікір тастап  артында,
Бір-біріне  қол созысқан  қалпында,
Біраздан  соң  екі  бейне жатты  үнсіз.
Кемітпеген тіпті қорқақ күйеуінің нарқын  да 
Үлылық  бар  сол  әйелдің  даңқында...
Бірақ  мақтау қажет те  емес  алтынға.
Айтматов.  Стендаль:  "Мына  тіршілікте  өз  махаббаты 
үшін  күрескен әйелдің беріктігінен  ұлы  не  бар?"  -  демеу-ші 
ме  еді?  Өзің  айтқандай,  адтынды  мақтаудың  қажеттігі 
бола қоймас.

Махаббаттың  басты  тұғыры  — тұрақтылық  десек,  оны 
өткен  ғасырларда әр  ұлт  йең  ұлыс  өз  түсінігі  мен  нанымы- 
ның,  діни  сенімінің  деңгейінде  бағалаған.  Бағзы  дә- 
уірлерден  қалған  жылнамалар  мен  тас,  қағаз  бетіне  са- 
лынған  гравюралардан,  қара  жер  қойнынан  табылған  сар- 
кофагтерден  ері  өлген  жесірлердің  өз  еріктерімен  отқа  өр- 
теніп,  махаббат  құрбандығына  айналғанын  көреміз.
Тас  ғасырының  мұндай  жан  түршігерлік  салты  жер 
шарының  қай  ендігінде  де  болған.  Мәселен,  Қытайдың 
Гайнан 
аралының  түрғындары 
қайтыс 
болған 
ер- 
азаматтың  үстін  жібекпен  немесе  жылқы,  сиыр,  қой 
терілерімен  бүркеп,  жанына  әйелін  тірідей  таңып,  асты­
нан  от  қойған.  О  дүниеге  жүбайлар  бірге  қадам  басса, 
жер  бетіндегі  бақытты  тірлігі  сол  қалпы  жалғасады  деп
сенген. 
'
Мүндай  таңғаларлық  фактілерді  Геродоттың  және
басқа  да  көне  ғасырлық  тарихшылардың  жазбаларынан
жиі  кезіктіреміз. 

' ^
Көп  әйелі  бар  еркек  өлсе,  күйеуімен  бірге  о  дүние
есігін  сүйікті  әйелі  ашу  керек  деген  ұғым  салтанат 
құрған.  Сол  үшін  де  жесірлерінің  арасында  бір-бірімен 
бет  жыртысуға  дейін  барған  дау-жанжал  басталады  екен. 
Өлген  адамның  достары  марқұм  тірлігінде  қай  әйелін 
қандай  дәрежеде  сүйіп,  құрметтегенін  дереу  сарапқа  са­
ла  қояды.  Ақыры,  таңдау  бір  әйеліне  түседі.  Ол  әйелдің 
қуанышы  қойнына  симай,  зор  мақтанышқа  кенеледі.  Сол 
сәтте  әлгі  өйелді  ж ақы н  туысқанының  бірі  өлтіріп, 
күйеуінің  жанына  жерлейді.  Өзге  тірі  қалған  жесірлер 
қызғанышТан  іштері  күйіп,  пүшайман  халге  түседі. 
Өйткені  оларға  күйеуінің  соңында  тірі  қалудан  асқан
қорлық ж оқ  болып  саналған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет