Ермембет би:
Солай...
Иса би:
Егер ол жауына берілсе қорқақ атанар еді. Онда
жалғыз Досан емес, тұтас халықтың атына да сондай атақтар
таңылатыны
белгілі.
Досан
ондай
қадамдар
жасамады.
Қателеспепті!
Досан тағдыры батыр атағына лайық тағдыр. Батыр жауынан
жеңілсе де, жауына қызмет қылмас болар!
Шолтаман:
Ал Сіз?
Иса би:
Исаны ел
-
жұрты би атандырды. Мені халқым батыр
емес би деп атайды. Менің тағдырым –
халық тағдыры! Би халық
қамы үшін түрлі жағдайға бейім болуға тиіс. Би міндеті батыр
міндетінен басқаша.
Батыр берген анттан аттай алмайды. Ол қара басын құрбан
етуге даяр тұлға.
Батыр –
ел намысы.
Ал би дейтіндер батыр емес. Ол ел үшін әртүрлі айлаға бара
береді. Маңғыстау ақ патшаға қарсы тұтас кӛтерілді. Биі де, батыры
да халықпен бірге болуы керек еді. Болды. Күшті жеңді. Би енді
амалсыз. Ол ақыл іздеуге тиіс. Ұрпағын, елін, жерін сақтап қалудың
амалына, айласына кӛшеді. Ойлап қараңдаршы! Адай түгелімен
есебін тауып, ақ патша құрығынан құтылып, тәжік, парсы, ауған
жерлеріне ауып кеткен екен делік. Біраз еліміз солай істеді де. Бәрі
кӛшіп кетсе, бәрі тастап кетсе, сонда мына маң дала, мына қасиетті
Маңғыстау кімнің мекені, кімнің отаны болып қалар еді! Билер соны
ойлады. Айласын тапты. Келіссӛзге келді.
Ермембет би:
Батыр –
ел намысы! Ел –
ерлігі!
Мәтжан би:
Би –
ел ақылы! Ел –
бірлігі!
226
Иса би:
Ел жақсымыз, жайсаңымыз деп сол батырлары мен
билерін айтады. Мақтан тұтады. Марапаттайды.
Жақсысын ұлықтамау, жайсаңын қызықтамау –
ӛз ырысын ӛзі
тепкендік, ӛз тілеуін ӛзі кескендік.
Ермембет би:
Дұрыс айттыңыз
-
ау Иса
-
еке! Таусыла
сӛйледіңіз –ау, би аға!
Қазір ән айтып, құрметтеліп отырғанымыз да, келесі жылы ас
беретініміз де, малымыздың Маңғыстау ойын толтырып, Алақырға
сыймай
жатқаны
да,
абыройымыздың
Алты
Алашты
мойындататыны да сол кездегі билердің дұрыс шешімінің арқасы,
шырағым Шолтаман!..
Бұл мәселені ақылды адам осылай түсінер болар...
Мәтжан би:
Орыстармен адайлардың ымыраға келуі, қырық
жыл салық алмауға дейін кеңшілік алуы шоқпардың салмағы емес,
ақылдың нәтижесі болатын.
"Жаман туыс –
денедегі жара.
Бетіңе түссе жаныңды жазалайды.
Етіңе түссе тәніңді мазалайды"...
Шолтаман інім! Қыңырлар қылығы мен қиямпорыстар сӛзінен
қайда қашып құтыларсың?.. Сұрағыңа жауап ӛте дұрыс берілді деп
ойлап отырмын.
Иса би: Халықтың "Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,
бұршақ жауса басын қорғар" мақалы Иса
-
Досан кӛтерілісіне, оның
басы
-
қасында болғандарға сәйкес келе қоймайды. Біз кӛтеріліс
кезінде де, жеңілгеннен кейін де бас қорғаған жоқпыз. Күштіге күш
кӛрсете алатынымызды
байқаттық. Ел болып байқаттық.
Болмай бара жатқанда, шарасыздыққа ұшыраған кезде билер
ақылмен, айламен орыстың да, қазақтың да пайдасына шығар
келісімге келді.
Шолтаман:
Осылай деп түсіндіретіндер бар еді, жұрт
арасында. Солар дұрыс түсінеді екен, біздер де айта жүрерміз.
Рахмет, ағалар.
Иса би:
Солай шырағым. Досан батыр батырлығынан тайған
жоқ. Сол тақтан түскен жоқ! Әлі сол тағында!..
Иса би де ел қамын ойлауын әлі тоқтатқан жоқ... Бір кезде
елдің намысы үшін қаны менен жасын тӛксе, міне бүгін сенің ӛнерің
үшін, елінің ӛнері үшін еңбек етпек болып отыр. Біздің бұл
күресіміздің жеңісі, сіздердің жеңістерің болмақ! Сіздердің,
халқымыздың абырой
-
атағы болмақ!
Ермембет би:
Бұл сӛз осылай қорытылған, осылай болғанына
халық риза болған іс болатын...
"Бақ іздеген ӛзін басқамен тең ұстайды,
227
Тақ іздеген ӛзін басшыдан кем ұстайды" –
деген аталы сӛз
бар... Иса би қай кезде де орыстармен ӛзін тең ұстаған болатын!..
Иса би:
"Алдыңа қарап пікір ет,
Артыңа қарап шүкір ет" –
депті, аталарымыз.
Біздердің сол кездегі елге еткен еңбегіміз, ісіміз кейін тек қана
шүкіршілікке жарап қалған болатын... Әлі де ол кезді ойласақ "шүкір,
шүкір" дейміз...
Ал енді ас жағдайына оралалық!
Ас осы арада беріледі деп отыр, Бәйімбет бай.
Бәйімбет бай:
Асты осы жұртта ӛткізбек ойымыз бар. Бұ жерді
тоздырмай жұрт аударып қонармыз. Жыл бойы қорыққа
айналдырармыз.
Қоштай.
Байеке! Қайталап айтайын, мына қонысыңыз
шаңдақтау екен. Асты құмдақтау жерге ӛткізген дұрыс болмас па?
Бәйімбет бай:
Со күндері жел тұрмағай деп, Алламыз бен
аруақтарымызға жалынамыз дағы. Әкем осы жұртта қайтыс болып
еді. Соған байланысты таңдадым... Бұл енді шешілген мәселе.
Асымызға атақты жырауларды түгел шақырсақ па дейміз. Ас
ауыртпалығын Мына Шолтаман, Жылкелділер кӛтеріп әкетеді ғой.
Жылкелдіден тағы бір ән сұрасақ қайтеді?
Мәтжан би: Жылкелді!
Балалар соңғы кезде "табан жол, табан
жол" деп мазаны алып болды. Ол қандай ән? Сенікі деп жүр ғой!
Жылкелді: Сӛзі де, әні де жеңілдеу ән ғой. Жастарға ермек
болсын деп айта салып едім.
Мәтжан би:
Тыңдап кӛрелікші.
Жылкелді Ағибаш әнін айтып береді.
Жылкелді:
Мінген атым астыма қарала
-
аяқ,
Ағибашқа барам деп жедім таяқ.
Түсінсеңші сәулешім айтқан сӛзге,
Кетейікші жат елге болып саяқ.
Табан, табан, табан жол,
Сақтаса Құдай аман жол,
Сақтамаса жаман жол.
Айтқаныма кӛнбесең
Енді айналып кӛргенше
Ақ бетіңнен сүйгенше
Ағибаш
-
жаным, аман бол.
Ермембет би:
Жылкелді, шырағым! Сен Хиуа ханына Мәтжан
бимен бірге барып қайтқан екенсің. Қайтып келгесін сол сапарыңды
228
қасыңдағы жігіттермен қызық қойылымға айналдырып, жұртты
күлкіге қарық қылып жүр дейді ғой! Біз сол күлкіден құр қалыппыз!
Еншімізді бермеймісің?
Иса би: Онысы қызық екен.
Мәтжан би:
Бұ жігіттер олардың сӛздерін де, әндерін де
үйреніп алыпты. Маған да бір рет кӛрсеткен. Құдды солардың
қасында отырғандай болдым.
Иса би:
Онда бізге де сол ойындарыңды кӛрсетсеңдерші...
Шымылдық
229
Тӛртінші кӛрініс.
Хиуа ханы мен Мәтжан. Ақтан. Ӛскенбай ӛнері.
Жылкелді жігіттерін жинап ойын кӛрсетеді.
Тӛрде Хиуа ханы. Мәтжан.
Ақтан ақын. Ӛскенбай. Бақшы. Дутаршы. Адамдар.
Жылкелді:
Құрметті билер мен байлар! Біздің екі кемшілігіміз
бар. Соны кешірсеңдер ойынымызды бастап кетеміз.
Иса би:
Кешірілді деп есептей беріңдер!
Жылкелді:
Біріншісі: Хиуа ханның келбеті мына Мәтжан бидің
інісі
Есет палуандай екен деп ойлап қалмаңдар. Есет жабайы
домбайдай болса, Хиуа ханы торпақтай
-
ақ бірдеңе болатын.
Екінші кемшілігіміз, олардың тіліне тілімізді келтіре алмадық.
Ал бастап кетелік...
Жылкелді жігіттері Мәтжанның Хиуа сапарын ойын етіп кӛрсетеді. Билер
кӛрермен ретінде қарап отырады.
Хиуа ханы:
Мәтжан би! Сізді біздің елде жүр дегесін
демалып, қонақ болып кетсін деп шақырттым. Адайдың атақты биін
кӛрелік, сыналық, сұралық деген ой келді...
Біздің ел ӛнерін де кӛрсін, тамашалап кӛңіл кӛтерсін дедік.
Мәтжан би: Рахмет хан
-
еке. Бізді кӛргіңіз келген екен,
кӛрдіңіз. Кӛркімізге риза боласыз ба, болмайсыз ба, ол сіздің
еркіңіздегі нәрсе. Ал қалған сындарыңызға түсуге даярмыз.
Сұраңыз. Мүмкін біздің жауабымызға құлағыңыз риза болар!
Сынаңыз! Мүмкін біздің кісілігімізге ӛзіңіз риза боларсыз!
Хиуа ханы:
Жарайды... Мәтжан би!
Онда біз әуелі, ӛздеріңіз
айтатындай, ауылдың алты ауызына кезек берелік.
Кәне бастаңдар!..
Түрікпен бақшы ӛлең бастап кетеді.
Мәтжан би: Тамаша! Тамаша!
Жылкелді:
(Қасындағы жігітке сыбырлайды)
Мына сорлы буынып
қалған жоқ па?
Мәтжан би: Керемет!. Қалайша бұлбұлша сұңқылдайды?
Хиуа ханы: Енді сіздің жігіттерді тыңдалық. Сіздер "Қонақ
қадесі" дейтін бе едіңдер?..
Мәтжан би: Ақтан бір термеңді айтып бер, қонақ қадесі
ӛтелсін.
Ақтан ӛз термесін айтып береді.
230
Ақтан:
Қалағандарың сӛз болса,
Мен жырлауға құмармын,
Шұбалаң құйрық шұбармын,
Шапқан аттай саулаймын,
Жанған оттай қаулаймын.
Не қылғанмен дер күнім,
Бұлдыраған таудаймын.
Екі атысқан жау болса,
Ортасында панамын.
Мен –
ақ бауыр кер жорға,
Әдемі басқан аяғын.
Қарасаң кӛзің жеткісіз,
Жылмиып жатқан даламын.
Жортар атқа жеткісіз,
Ұзын бауыр саламын.
Жоғарыдан құйған Жайықпын,
Теңізге құйған аяғын,
Мен шығыстың күшті желімен,
Ылайлатып ағамын.
Сӛйлемейін мен неге,
Қашаннан да мен ӛзім,
Заржақ туған баламын.
Сӛйлесем сӛзді табамын,
Сӛйлей, сӛйлей аламын.
Кӛпшілік сӛйле дегенде,
Кідірмеймін жел сӛзге,
Кеудедегі білгенді,
Алдыңа тӛгіп саламын.
Сӛйлей
-
сӛйлей берейін,
Сӛз жүйесін кӛрейін.
Әрі
-
бері сӛйлесем,
Бұ да ӛзімнің мерейім.
Сӛз дегенің бұйым ба,
Сӛйлегенім қиын ба,
Талай
-
талай жырладым,
Сатырлаған жиында.
Хиуа ханы: Бәрекелді! Тәуір сӛз екен.
Мәтжан би:
Халықтың құлағына жаққан сӛздің бәрі тәуір.
231
Хиуа ханы: "Адайдың Мәтжан
биі" деген атақ біздің елімізге
де тарап кетті. Айтыңызшы, бұл Адайда батыр да кӛп, би де кӛп,
бай да кӛп. Солардың батырлық, билік, байлық бағасы қаншалық?
Әлде жай бір әншейін дабыра ма?..
Мәтжан би:
Хан
-
еке, Құдай кӛпсінбесін! Адай кӛршіңізде сіз
сұраған жақсылар мен жайсаңдар жетерлік. Олардың кӛрсеткен
батырлығын, айтқан билігін, кӛзге түскен сахилығын тізіп айтып
шығуыма күндер емес айлар керек болар еді. Сондықтан мен
әрқайсысынан бір
-
біреуін ғана атап берейін...
Адайдың Әнеттің ұлы Ер Тӛлеп деген батыры бар. Сол Тӛлеп
батыр елу рет: бірде жоңғарға, бірде қалмаққа, тағы бірде басқа
жаққа жорыққа қол бастап шығып, бірде бір рет жеңіліп кӛрмеген
қолбасшы. Адайлар жауда ерлік кӛрсетіп қаза болғанды емес,
ерлікпен жеңіске жетіп, еліне аман келгенді батыр дейді. Біздің кӛп
батырымыздың бірі сол Ер Тӛлеп!..
Біз қоралап қой айдағанның, келелеп түйе біткеннің бәрін бай
атандырмаймыз. Бай деп мырзалығымен аты шыққандарды ғана
атаймыз.
Батыр Ер Тӛлептің баласы Мамбетнияз бай, жорықтан қайтқан
адайлардың қалың қолының алдынан шығып, шаршап келе жатқан
шеруді тоқтатпай, жеті нарға артылған сыбағалы тағамдарды нар
үстінен үлестірген. Дәм татырмаған, тойғызған...
Ойлап қараңызшы:
–
Бір нар қомында қымыз бен шұбат!
–
Екінші нар қомында қазы мен қарта!
–
Үшінші нар қомында жент пен ірімшік!
–
Тағы бір нар үстінде бауырсағы мен шелпегі!
–
Басқа нарлар қомында да түрлі
-
түрлі нәрлі астар...
...Жеті нар қатар түзеп жүріп келе жатыр. Жеті сала боп тізілген
қол желе аяңдап келе жатқан нарлар қасынан ӛтеді. Үстіндегілер
тағамдарын үлестіріп беріп келе жатады...
Хиуа ханы: Қызық екен.
Мәтжан би:
Адайлар бай деп қонаққа сойған қозысына бата
сұрап телміріп тұратындарды емес, осындай қолы сахи, мінезі
мәрттерді атаған. Мәмбетнияз бай да солардың бірі...
Ал енді білікке келетін болсақ, алыстан арбаламай, осы
жерден шешелік.
Ханда қырық кісінің ақылы бар дейді. Сіз хан
басыңызбен ат шаптырып мені алдыртып отырсыз. Ақыл сұрап
отырсыз. Мен сіздің білмегеніңізді білдіріп отырмын. Сонда мен би
болмағанда, мен білікті болмағанда кім боламын!?
Бірақ мен де адайдың, сіз айтқан, кӛп
биінің бірімін...
Хиуа ханы: Шынымен би екенсің. Бәрі сенімді. Бәрі анық. Бәрі
түсінікті. Бірақ бір нәрсеге кӛңілім күпті болып отыр.
232
Мәтжан би:
Сұраңыз! Мені сұрау үшін алдырдыңыз ғой.
Хиуа ханы:
Нар қомынан жүріп келе жатып тамақ тарату не
үшін қажет болған, сіздің адайларға? Жайғасып жатып неге
тамақтанбасқа?
Мәтжан би: Қазақтың байтақ даласы. Жол ұзақ. Сол күні
аулына жарық барында апарып жайлағысы келген екен дейді,
шаршап келе жатқан сарбаздарды...
Хиуа ханы: Болар. Болар!.. Адайлардың біраз қылықтары мен
мінездерін білетін болдық қой! Ӛздерін олар талай таныстырған...
Жарайды бұл әңгімені осылай тоқтаталық...
Енді ӛнерпаздарға күй тарттыралық. Шақыр біздің дутаршыны.
Сізде шақырыңыз ӛнерлі жігітіңіз болса.
Мәтжан би: Ӛскенбайды шақырыңдар.
Дутаршы мен Ӛскенбай кіреді.
Хиуа ханы:
Екеуің күймен айтысасыңдар. Келісіп алыңдар.
Қонақтардың дегені болсын.
Дутаршы: Қалай тартысамыз?
Ӛскенбай: Сіз тартқан күйді мен аяқтап отырайын. Мен
бастаған күйді сен аяқтап, жаңа күй бастап отыр.
Күй айтысты дутаршы бастайды. Бір
-
екі күйден кейін Ӛскенбай аяғын
жалаңаштап жіберіп, домбыраны аяқ саусақтарымен тарта жӛнеледі. Дутаршы
алақанын жайып ханға қарайды. Хиуа ханы жеңілгенін мойындайды..
Хиуа ханы: Әй, қазақ! Ұрып кеттің!
Мәтжан би! Сіз жеңдіңіз!
Біздің бұл дутаршыны ешкім жеңе алмайтын!
Ал енді Мәтжан би, біз сізге, нар үстінен емес дастархан
үстінде құрметімізді кӛрсетелік...
Мәтжан би: Рахмет құрметіңізге, хан
-
еке! Біз оған да
дайынбыз...
Дастархан жайылады. Палау әкелінеді.
Хиуа ханы: Мәтжан
би! Мынау біздің құрметті қонақтарға
беретін "Жеті әулие" деген тамағымыз. Жеті түрлі дәмнен
жасалады. Ас алыңыз!
Мәтжан би
алдындағы асқа таңырқай қарайды.
Мәтжан би:
Ассалаймағалайкум "Жеті әулие",
Тӛбесінде азғантай ет әулие!
Ет әулиені былайша алып қойса
,
233
Қалғанының несі әулие?...
Мәтжан би
шошайған палаудың тӛбесіне үйілген аз етті екі алақан
қырымен кесіп алып ӛз алдындағы табаққа салып алып жей бастайды. Хиуа
ханы таңырқап Мәтжанға қарап қалады.
Шымылдық
234
Бесінші кӛрініс.
Тӛбе басы. Тастемір ӛнері. Сәттіғҧл.
Тӛбе басы. Мәтжан би бір топ кісілермен сӛйлесіп тұрады.
Тастемір, Шолтаман, Мұрын жырау, Сәттіғұл.
Мәтжан би: Мына тӛбе басынан біздің Бозашы тұтасқа жуық
кӛзге шаланады. Туған жерді алақаныңдағыдай сезесің!
Мҧрын жырау:
Біздің Маңғыстауда "Қарауыл тӛбе" аталатын
осы секілді тӛбелер баршылық. Осыларды әдейі үйіп алды ма екен,
әлде жаратылысы осылай ма?
Мәтжан би: Бұлардың кӛбі қолдан үйілген үйіктер. Бұрынғы
замандарда атақты хандарды жерлегенде басына осындай үйік
үйетін салт болыпты дейді.
Тастемір:
Не деген жанкешті жандар болған, бұрын! Теп
-
тегіс
жерге топырақ тасып тау жасау деген қаншама еңбек!
Мәтжан би:
Ардақталған атаға деген қаншама құрмет деп те
ойла!
Шолтаман: Сені "Маңғыстау ойың терең,
тауың биік" деп
тебірентіп жүрген де осы үйіктер емес пе, Тастемір?
Сәттіғҧл:
Бұл әнді естіген адамдар Маңғыстауда шыныменен
аса биік таулар бар екен деп ойлап қалатын болар.
Шолтаман:
Сонша топырақты қайдан алған десеңші?
Мәтжан би: Адам кӛмуге топырақ табылатын болып тұр ғой,
шырақтарым.
Тастемір:
Маңғыстаудағы қолдан үйілген тау тӛбелердің
ерекше бір қасиеті, бұларға шыққанда жан
-
жағың аяғыңның астына
келеді. Бұлар басқа жердің тауынан биік емес, бірақ қасиеттірек!
Нағыз биіктік қасиет! Әлемді алақаныңа салады, аяғыңның астына
әкеліп тастайды!
Шолтаман:
Мәтеке! Әлемдегі ең биік тау басында тұрып,
әлемдегі ең биік әнді тыңдап, бір рахаттансақ қайтеді! Сәті түсіп
-
ақ
тұр екен!
Сәттіғҧл:
Жақсы болды ғой! Керек болып қала ма деп, мен
домбырамды асына салып
едім.
Сәттіғұл құрама домбырасын құрастыра бастайды.
Мәтжан би:
Аттарды дұрыстап тұсап па едіңдер! Тастемірдің
даусынан далада жаяу қалармыз.
235
Адамдар кӛңілденіп қалады. Тастемір домбыраның бұрауын түсіреді.
Тастемір:
Ал, жаяу қалып жатсақ мені кінәламаңдар.
Зор даусымен ән бастап кетеді.
Сұрасаң руымды Жаманадай,
Қолымда кӛк қаршыға, томағалы
-
ай!
Ерегес екі талай болған кезде
Байрақты бізден бұрын кім алады
-
ай!
Маңғыстау ойың терең, тауың биік,
Айналып кете алмадым кӛзім қиып.
Маңғыстау сені тастап кеткеннен соң,
Кӛзімнің жүре алмадым жасын тиып.
Мәтжан:
Аллатағала Маңғыстауды жаратарда аса мейірімді
болған болар! Жарықтық бұ жердің бір міні болсашы! Шаруа баққан
қазаққа бұдан артық жер жоқ! Мына Тастемір соны жас басынан
қалайша түсінген.
Шолтаман:
Түсінген де, әніне түсірген!
Мәтжан би:
Тастемір! Туған жеріңе мына таудан кем емес
ескерткіш орнатып беріпсің! Осы әнменен Маңғыстау даңқы биіктей
бермек! Рахмет!
Мҧрын жырау:
Тастемір –
әрі ақын, әрі күйші, әрі әнші!
Жаратқан Тастемірді жаратқанда да, Мәтекең айтқандай, бір
мейірлі күні жаратқан болар!
Мәтжан би:
Шолтаман, шақырылған адамдар түгел жинала
алмай жатыр ма, қалай?
Шолтаман: Әзірге осы, Мәтеке. Мүмкін, бүгін
-
ертең жетісіп
қалар.
Тастемір:
Біз екі
-
үш күннен соң осы тобымызбен жолға
шығамыз.
Мәтжан би:
Бұл асты сіздер тек қана Бәймембет байдың
әкесіне берген асы деп ойлап қалмаңдар!
Бұл ас –
адайлардың барлық ӛнерлі аталарына да берген асы
болмақ! Ауызша айтпағанмен билер кӛкірегінде сондай ой жатыр
шырақтарым!
Тастемір:
Мәтеке
-
ай! Тұла бойым дір ете қалды ғой!
Достарыңызбен бөлісу: |