Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет24/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Мҧрын жырау:
 
Бұл ойыңызды айтқаныңыз жақсы болды. Бұл 
асқа ендігі жерде біз де сіздің түсінігіңізбен қарайтын болдық.
 
Мәтжан  би:
 
Ӛнер  иелері  сіздерді  осы  тӛбе  басына  мен  осы 
сӛзді айту үшін алып шығып тұрмын! 
 
Ӛнер қонған мына сіздерге осы ойды түсіне жүрсін дедім.
 

 
236 
Тастемір:
 
Мәтеке! Біздің ӛнер деп жүргеніміз жай ғана дабыра 
ғой. Нағыз Құдай берген ӛнер иесі, мына, Мұрын жырау! Бұның бір 
қонып  ӛткен  ауылы  туралы  ертесіне  алты  алаш  түгел  хабарлы 
болады. Жұртқа жеткізбек деген ойыңыз ӛзіңізден озып кетеді. 
 
Мәтжан  би:
 
Тастемір  сен  де,  Мұрын    шырағым  сен  де,  бәрің 
де бір нәрсені естеріңе ұстаңдар. Ас ӛткізу –
  
елге сын! 
 
Мҧрын  жырау:
 
Адайлар  талай  ас  берген  ел,  талай  асты 
кӛрген ел. Біраз шаруаны ӛздері біліп істей бермей ме? 
 
Мәтжан би:
 
Асты беру оңай, ӛткізу жай ғана шаруа, ал аяқтау 
қиын.  Астың  жақсы  басталып,  бірақ  ең  соңында  тас
-
талқан  болып  
бұзғанына  бірнеше  рет  куә  болғанбыз.    Бұл  асты  басқаша 
ұйымдастырып, басқаша ӛткізу қажет.
 
Мҧрын жырау:
 
Естіп жатырмыз.
 
Тастемір:
 
Жастар ән мен
 
жырын айтар
-
ау! Бірақ ертең тентек 
шалдар  "тентекке  жел  бер"  деп,  ас  соңында  ӛз  ӛнерлеріне  кірісіп 
кетпесе?
 
Мәтжан  би:
 
Ӛткеннің  дұрысы  –
   
ӛнеге,  бұрысы  –
 
сабақ!  Біз 
солай түсініп, содан қортынды шығармақпыз.
 
Мҧрын жырау:
 
Солай деңіз?
 
Мәтжан  би:
 
Сазгер
-
әншілер  ӛнері    бұл  аста  ең  басты 
қызығымыз болмақ! 
 
Тастемір:
 
Билер  келесі  аста  күй  ӛнерін  оздыратын  ойы  бар 
екен деп күйшілер қуануда.
 
Шолтаман:
 
Ӛскінбай Айша деген ғажап биші таптым деп жар 
салып жүр.
 
Мәтжан би:
 
Асқа әкеле ала ма?
 
Шолтаман:
 
Айша бишінің атасы келісімін беріпті.
 
Мәтжан  би:
 
Барлық  ӛнерлілер  осы  асқа  келетін  болсын. 
Әсіресе  Қайып,  Ӛскенбай,    Досат,  Әділ  секілді  әншілер  қалып 
қоймасын. Ертерек қамданыңдар. 
 
Шолтаман: Тұрсын да тамаша әнші. 
 
Мәтжан:
 
Мен аузыма түскенін атап жатырмын. Кім жақсы әнші, 
кім  күйші,  кім  биші,  ӛздерің  білесіңдер.  Шақырыңдар  бәрін.  Ел 
аузына ілінгендерден ешкім қалмасын.
 
Сәттіғҧл:
 
Кім айтты дейміз?
 
Мәтжан би: Билер айтты деңдер. Мәтжан айтты деңдер. 
 
Мәтжан  би:
 
Ӛзіміздің  жігіттерді  жақсылап  дайындаңдар. 
Беттері ашыла берсін. Аста ӛнер кӛрсету деген үлкен абырой. Атақ
-
даңқыңа жол ашады.
 
Мына  Сәттіғұлды  жас  болса  да  жарысқа  қосып  алыңдар. 
Ысылсын. 
 
Шолтаман.
 
Сәттіғұл  жас  болса  да,  тәуір
-
тәуір  сӛздері  бар 
ақын. Айтыста да жақсы танылып жүр...
 

 
237 
Мәтжан  би:
 
Ал  тыңдап  кӛрелік  онда.  Мынау  тӛбе  басынан 
айтылған Сәттіғұл сӛзі Бозашыға түгел тарасын!
 
Шолтаман:
 
Ӛз термеңді айтып берсеші...
 
 
Сәттіғұл мойнындағы құрама домбырасын қайта құрастырады.
 
 
 
Сәттіғҧл:
 
Әлеумет келдің құрала,
 
Сұлулар келдің бұрала,
 
Айт дегенде іркіліп
 
Қалғаным жоқ сірә да...
 
Халқыма даңқым білінді,
 
Сонда да мүйіз шыға ма!?
 
 
...Мен ежелгі жүйрікпін,
 
Алдына қара салмаған,
 
Құрсанған қара бұлтпын,
 
Шықтаған жерім жаураған.
 
Қайнарлы
-
кӛзді бұлақпын,
 
Ортаймаған қауғадан...
 
Жас кезде жырлап қалайын –
 
Бұндай қызық аз болар
 
Қарілік келсе қаураған...
 
 
...Дүние деген керуен...
 
Неше бір байлар ӛтіпті
 
Қоралап малын айдаған,
 
Не батырлар ӛтіпті
 
Шарыққа болат қайраған,
 
Не жақсылар ӛтіпті
 
Қара басын бір ӛзі
 
Мың кісіге тайлаған,
 
Неше сұлу ӛтіпті
 
Ажары аппақ айнадан,
 
Қаріп пен қасір ӛтіпті
 
Рахат кӛрмей дүниеде
 
Қаса бір соры қайнаған,
 
Не тәкаппар
-
шалпы ӛткен
 
Тілі ӛткір найзадан,
 
Тең құрбылар ӛтіпті
 
Әзіл айтып жарасып
 
Қиылып қасы жайнаған...
 
...Әркімге нұсқа сӛз айттым
 

 
238 
Шығарып жауап майдадан.
 
Несі жігіт жігіттің
 
Түскен күні алқаға
 
Ӛнерін топқа жаймаған.
 
Мен мысалы жүйрікпін
 
Ауыздығын шайнаған.
 
Алқаға түстім жорғалап,
 
Ӛлең айттым сорғалап,
 
Домбыра тарттым бұлғалап,
 
Ӛтер деп дәурен жылдам
-
ақ,
 
Түскен күн басым құрмаға
 
Отыра алман қорғалап,
 
Қатар жүрген жақсының
 
Ақ дидарын кӛргенде
 
Ашылар кӛңілің бір қарап.
 
Жӛн білмейтін жаманға
 
Айтайын десең бір сӛзді
 
Бата алмайсың қорғалап...
 
 
Тастемір:  Бұ  терме  сӛзі  қай  жастағы  кісі  шығарды  десе  де 
тұрарлық  емес  пе!  Адайдың  бес  жүйрігінің  бірінікі  еді  десе  де 
иландырарлық!
 
Мәтжан  би:
 
Сәттіғұлдың  болашағы  бар  бала.  Тек  қана  Алла 
тағала бармақтай бақ бергей!
 
Шолтаман:
 
Әмин! 
(бетін сыйпайды)
  
 
Тастемір мен Сәттіғұл да "әмин" деп беттерін сыйпайды.
 
 
Шымылдық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
239 
 
 
 
 
 
 
Алтыншы кӛрініс. Айша биші ауылы. Ӛскенбай.
 
 
  
Той  болып  жатқан  ауыл.  Айша  биші  би  билеп  жатады.  Тойға 
Ӛскенбайлар тобы келеді.
 
 
 
Ӛскенбайлар:
 
Тойларың құтты болсын! 
 
 
 
 
 
Тойға той ұлассын!
 
 
 
1- 
дауыс:
 
Айтсын! Мың бұралған айналайыным
-
ай! 
 
2-
дауыс: Не деген биге жаратылған дене десеңізші!
 
 
1-
дауыс:
 
Біздің Айша келіндей биші енді қайтып туа қоймас!!
 
 
 
Би аяқталады. Ӛскенбай Айша жанына жақын барады.
 
 
 
Ӛскенбай:
 
Есенсіз бе, қарындасым! Тамаша билейді екенсіз! 
 
Айша:
 
Саламатсыз ба? Танымадық.
 
Ӛскенбай:
 
Мен қонақ едім. 
 
Айша:
 
Қонақ болсаңыз хош келіпсіз!
 
Ӛскебай:
 
Қонақпын.  Бірақ  келмей  жатып  бұйым  сұрайтын 
қонақпын. Қонақтан бұйым сұрау әдеті сіздің ауылда да бар болар?
 
 
Айша:
 
Бар  ғой.  Бірақ  сіз  кімге  қонақсыз?  Бұйымды  қонақ 
болған үйіңіздің иесі сұрайтын болар. 
 
 
Ӛскенбай:
  
Менің бұйымым сізде болып тұр.
 
 
 
Айша ойнақыланып:
 
 
 
Айша:
 
Күйеуі  бар  жас
 
әйелден,  атасы  бақырайып  қарап 
тұрғанда да бұйым сұрайтын қандай адам?
 
 
 
Қыз
-
келіншектер шулап, күлісіп жатады.
 
 
Ӛскенбай да ойнақы дауыспен:
 
 
 
Ӛскенбай:
 
Менің  бұйымым  сіз  ойлап  тұрғандай  нәрсе  емес! 
Менікі  басқаша  бұйым!  Сіздің  ӛзіңізге  емес  ӛнеріңізге    қатысты 
бұйым болып тұр!
 
 
Қыз
-
келіншектер кӛңілденіп қалады.
   
 

 
240 
 
Айша:
 
Бұйымыңыз  Айша  деген  келіншекте  болса  онда 
оңашасын тауып сұраңыз! Ал егер Айша деген бишіде болса, онда 
бишінің  атасы  бар.  Ауылдың  қожасы  бар.  Алдымен  со  кісіге  сәлем 
беріңіз.
 
 
Ӛскенбай
: 
Биің қадай ғажап болса, сӛзің де кем түспейді екен, 
қарындасымсың ба, келінімсің бе? Мен Ӛскенбай деген жаңаймын..
 
 
Айша:
 
Кәдімгі  атақты  Ӛскенбай!  Домбыраны  аяғының 
саусақтарымен тартатын Ӛскенбай ма?
 
 
Ӛскенбай:
 
Солай десе де болады. Ал атадан ұрқсат аламыз. 
Барармыз.  Сұрармыз.  Бірақ  алдымен  бишінің  ӛзіңнің  келісімі  керек 
болып  тұр.  Келесі  жылы  Ақ  Кетікте  ас  ӛткізіледі.  Кӛпшілік  алдында 
билегің келеме? 
 
 
Айша:
 
Келеді, ағажан! Жеке де билеймін. Ғайша деген сіңлім 
бар.  О  да  биші.  Кейбір  билерді  екеуміз  қосылып  билейміз.  Қажет 
десеңіз бірнеше қыз болып та билейміз. Жыл бойы үйретемін.
 
 
Ӛскенбай:
 
Тамаша! Бұл істің сәті түсетін болды.
 
Айша: Тек қана...
 
 
Ӛскенбай:
 
Ол не?
 
Айша:
 
Атамнан  ұлқсат  алып  беріп  кетіңіз.  Әйтпесе  атам... 
Ӛзіңіз  түсінесіз  ғой...  Жас  келін...  бір  жаққа  барып  би  билеп... 
Әттең!.. Жыламсырайды...
 
 
Ӛскенбай:
 
Қапа  болма!  Сіздердің  аталарыңмен  біз  ниеттес, 
тату кісілерміз. Ұлқсат алу менің мойнымда... Қам жеме... Қыздарға 
үйрете  бер...  Бұл  тамаша  кӛрініс  болады...  Күйеуің  қарсы  болмай 
ма?
 
 
Айша:
 
Әдейі сұрап тұрсыз ба? Кекетіп тұрсыз ғой, ә?..
 
 
Ӛскенбай:
 
Түсінікті. Сенің ӛлеңіңді естіп едім... Қалай еді... 
 
Жаманды жер қаптырып кетер едім,
 
Сен болдың аяғыма темір кісен... Солай ма?..
 
 
Айша:
 
Оны 
қойыңызшы. 
Ӛсеке! 
Мені 
ел 
алдына 
шығарыңызшы! Билегім келеді.
 
 
Ӛскенбай:
 
Дайындал.  Міндетті  түрде  атаңнан  ұлқсат  алып 
беремін.
 
Айша:
 
Біздің ел биге неге құмар емес екен?
 
 
Ӛскенбай:
 
Неге  құмар  болмасын!  Құмар!  Тек  қана  бидің 
жоқтаушысы  жоқ.  Енді  сен  оны  алдағы  аста  елге  тарататын 
боласың. Жоқтаушысы да, қамқоршысы да ӛзің боласың!..
 
Айша:
 
Билегім келеді де тұрады. Оны кімге айтарсың? 
 
Ӛскенбай:
 
Оны  ӛзің  еліңе  айтатын  боласың!  Биің  айтатын 
болады! Дайындал! Мен атаңа сәлем берейін.
 
 
 
Ӛскенбай  оқшау  тұрған  топ адамдарға  барып,  Айшаның  атасына  барып 
сәлем береді.
 

 
241 
 
 
Ӛскенбай: Ассалаумағалайкум, ақсақал!
 
 
Айшаның атасы: Уағалайкумассалам! Хош келіпсіз, Ӛскенбай 
мырза!
 
Ӛскенбай: Біз шақырусыз қонақпыз, ағасы!
 
Айшаның  атасы:  Жақсы  ниетті  адамның  кез  келген  жерге 
шақырусыз баруға қақысы бар.
 
Ӛскенбай: Рахмет! Онда біз де
 
ӛзімізді бұл тойдың шақырулы 
қонағымыз деп есептейміз!
 
Айшаның атасы: Жол болсын!
 
Ӛскенбай:  Айтсын!  Бәйімбет  бай  келесі  жылы  әкесіне  ас 
беретін болып, асқа сауын айтып жүрміз.
 
 
Айшаның атасы: Қай жерде ӛткізеді?
 
 
Ӛскенбай: Ақ Кетікте.
 
 
Айшаның атасы: Қай шамада ӛткізбек?
 
 
Ӛскенбай:  Теңізден  мұз  кетіп,  сауда  кемелерінің  Ақ  Кетікке 
келе бастаған кезінде деп жатыр.
 
 
Айшаның  атасы:  Дұрыс  екен.  Жұрт  әрі  асқа  барады.  Әрі 
саудагерлерден керек
-
жарағын қамдайды.
 
 
Ӛскенбай:  Билер  асты  ӛнерлілер  жарысына  айналдырамыз
 
деп шешіп қабылдапты.
 
 
Айшаның атасы: Дұрыс екен.
 
Ӛскенбай: Дұрыс десеңіз сізден сұрар бір бұйымым бар.
 
Айшаның атасы: Сұра.
 
Ӛскенбай:  Келініңіз  ғажап  биші.  Асқа  ауыл  етіп  үй  тігіп, 
Айшаны билетсеңдер екен.
 
Айшаның  атасы:  Билетеміз!  Неге  билемеске!  Ӛзі  де
 
жабырқап жүр еді. Кӛңілі бір кӛтеріліп қалсын. Барамыз. Билетеміз!
 
 
Айша қуанышын жасыра алмай қасындағы қыз
-
келіншектерді дӛңгелетіп 
билеп кетеді.
 
 
Айша:
 
Атам мені биге апарады. Мен аста билейтін боламын!
 
 
Айша қуаныш биін билеп кетеді.
 
 
Шымылдық
 
 
 
 
 
 
 
 

 
242 
 
 
 
 
 
 
Екінші бӛлім. Ас. 1895 жыл. 
 
 
Ас  кӛрінісі.    Шалқыған  кӛк  теңіз  жағасы.  Кӛше
-
кӛше  етіп,  жарты  шеңбер 
бойына дӛңгелете қондырылған жүздеген ауыл. Мыңдаған киіз үй. 
 
 
 
 
Бірінші кӛрініс.
 
 
 
Аралбай.  Мҧрын  жырау.    Қоштай.  Тҧрсын  ӛнері.  Ҥш 
би.
 
 
Қоштай  үйі.  Қоштайдың  құрдасы  Мұрын  жырау  (35  жаста).  Аралбай. 
Тұрсын. Адамдар. Тойға сәнденген қыз
-
келіншектер.
 
Қаумалаған әлеумет. Ортада Мұрын жырау. Ӛзі сӛйлеп, ӛзі жырлап отырады. 
 
 
 
Мҧрын  жырау:
 
Бәйімбет  байдың  тілегі  ме,  әлде  елдің  тілегі 
ме, ауа тып
-
тыныш! 
 
 
Аралбай:
 
Талай  асқа  қатысып  едік.  Мына  ас  кӛңілге  қатты 
қонып тұр.
 
Мҧрын  жырау:
 
Әр  ауылда  бір  жыршы!  Ауыл  сайын  ойын
-
сауық!
 
Күресіп  те  жатыр.  Ерлерді  қойып,  қатындарды  күрестіретін 
болыпты!
 
Қоштай  бай:
 
Мен  әйелдер  жарысын  кӛріп  күлкіден  ӛліп  қала 
жаздадым.  Мына  Мұрын  құрдастың  қатыны  ма  деп  қалдым,  бір 
қатын  зыпытып  озып
-
ақ  келе  жатыр  еді,  ышқырына  түрген  балағы 
түсіп  кетіп,  ӛз  балағына  оралып  құлады  да  қалды.  Ызаланып 
жылағанын кӛрсең…
 
Мҧрын  жырау:  Қоштай  құрдастың  берген  матасынан  кӛйлек 
шықпады, дамбал тігіп алайын деп отырған. Молдау дамбал шыққан 
болды ғой. 
 
 
Аламдар күлісіп алады.
 
 
Аралбай:
 
Ақын,  күйші  дегендердің  бәрі  айтыскер  болып 
кеткен  секілді.  Айтысып  жатыр!  Күй  айтыс  дейсің  бе!  Жыр  айтыс 
дейсің бе!
 

 
243 
Мҧрын  жырау:  Құдай  қарасты  ғой!  Ауа  тап
-
таза.  Теңіз  тып
-
тыныш! Бәйімбеттің әкесіне емес ӛнерге берілген ас болды.
 
 
Қоштай бай:
 
Әй Мұрын! Сіздердің тұқымдарыңның мұрны мен 
тілі  елге  аты  шыққан  тұқым.  Түкірші,  тілің  ӛтер.  Жел  шақырмай 
жайыңа отыршы!
 
 
Мҧрын  жырау:
 
Сен,  Қоштай  бай,  неден  қорқып  отырсың? 
Шаңдаққа үй тікпеймін деп, Тұщықұдықтан қырық нар құм алдырып, 
жер тегістеткен жоқсың ба?
 
 
Қоштай  бай:
 
Мен  неден  қорқайын!  Байқап  сӛйлеймін.  Аңдап 
басамын.  Сақтанып  жүремін.  Қорықсаң  сен  қорық,  әкең  қойған 
атыңнан айрылып қалып "Мұрын" аталып жүргенің мынау!
 
 
Мҧрын жырау:
 
Жалпы қорқу да теріс қасиет емес.
 
 
Қоштай  бай:
 
Дұрыс  айттың  Бірақ  мен  осы  жолы  ӛзім  үшін 
емес, мына кӛпшілік үшін қам жеп отырмын.
 
 
Мҧрын  жырау:
 
Кӛпшілік  үшін  де  қорықпа!  Дауыл  тұрса 
осында  келіп  тығылады.  Оларды  асырауға  сенің  байлығың  да, 
мәрттігің де жетеді.
 
Қоштай:
 
Бұ  жұртқа  қалай  жағарсың?  Келіндерімнің  жұртқа 
берген асы таза болсын, қыздарымның тойға киген бестақа етігі шаң 
болмасын  деп  аз  ғана  еңбек  етіп  едім.  Енді  мынау:  жұрттың  бәрі 
шаң
-
шаң болып жүргенде сен неге тазасың деп жазғырады.
 
 
Аралбай:
 
Мұрын!  Қоштайдың  бұл  ісі  үлгі  істердің  бірі.  Сен 
құрдасыңды  қажап  уақытыңды  босқа  ӛткізгенше,  сол  алтын 
уақытыңды "Қырымның қырық батырына" шығындасаң етті.
 
 
Мҧрын  жырау:
 
О  да  болсын.  "Қырымның  қырық  батырын" 
бастамас бұрын мен де әуелі Абыл ақын сӛзін қайталап алайын… 
 
Абыл  ақын  адайлар  туралы  сӛз  бастағанда,  ноғайлық 
жырларын бастардан бұрын ылғи қайталып айтып отыратын бір сӛзі 
болыпты… 
 
Аралбай: Сен де қайтала.
 
Мҧрын жырау:
 
Абыл ақын адайлар  соңғы 500 жылдан астам 
мезгілде  жиі  қоныс  ӛзгертіпті  дейді екен. Ылғи соғыс ӛртінің  ішінде 
жүрді. Әуелі Маңғыстауынан жылжып Қап тауынан асты. Жошы мен 
Батуға  еріп  Дон  мен  Днепрге  дейін  жетті.      Алтын  Орда  заманы 
ӛткен соң Қап тауынан Алатауға дейін кӛшіп, Алатаудан  Қаратауға 
қоныс аударды.    Жоңғарлар  жеңілген  соң  Қаратаудан  Маңғыстауға 
бет  бұрды.  Кіл  соғыс,  кіл  жорық  заман  кезінде  ер  азаматтары 
ертелей ӛмірден ӛтіп, тарихы да дұрыс сақталмады дейді екен…
 
Аралбай:
 
Жастардың есінде қалсын дейтін болар. 
 
Мҧрын жырау:
 
Құдайға шүкір, ӛздерінің ата қонысы, қасиетті 
Маңғыстауына  қайта  оралғаннан  кейінгі  жерде  адам  аттары  да 
жатталып,  ӛнері  де  сақталып  келеді.  Сонау  Сыпырадан  басталған 
ұлы  дарияны  Абыл  ақын  біздерге  жеткізіп  кетті.  Қазір  Абылдан 

 
244 
басқаларының  кӛздері  тірі  "Адайдың  бес  жүйрігі"  аталатын  ақын, 
жырауларымыз бар. 
 
 
Қоштай:
 
Бесеу емес, ауыл сайын бір жыршы бар емес пе? 
 
 
Мҧрын  жырау:
 
Кейбіреулер  бізді,  жырауларды,  қателесіп 
ақын  дейді.  Ақын  ӛлең  шығарады.  Жыршы  мен  жырау  ақынның 
шығарғанын 
айтады. 
Әрине 
ӛзіне 
ұнап 
жатса. 
Оны 
ақындарымыздың  атасы  Абыл  ақынның  Нұрымға  айтқан  сӛзінен 
түсіне аламыз.
 
Абыл  Нұрымға:  "Ӛлең  жылқы  секілді  еді  де,  жыршы  сыншы 
секілді  еді.  Ӛлең  сӛз  қадірін  жыршы  сезінер.  Сен  ақын  едің,  және 
бізден кейінгі буында жүйрік жыршы атанарсың" –
 
депті.
 
Қоштай  бай:  Құрықтан  бұлтарған  қашағандай  бұлтарып 
ноғайлық жырлардан қашқақтап отырсың
-
ау шамасы?
 
Аралбай:
 
Мен  де  байқап  отырмынн  Мұрын  жырау  ноғайлық 
жырларына
   
аяқ  басқысы  келмей  отыр.  Мүмкін  Абыл  ақынның 
ӛзінен айтарсың.
 
Мҧрын  жырау:  Жарайды.
 
Мен  Абыл  ақынның  бір  термесін 
айтып берейін..
.   
 
Асқар, асқар, асқар тау,
 
Асқар таудың басына,
 
Балапан ұшып шыға алмас.
 
Сұңқардан қыран құс болмас,
 
Соқтасы қатпай аң алмас.
 
Айдын, айдын, айдын кӛл,
 
Асарлап тӛксең суалмас.
 
Қабырғасы қатқан кәрі боз
 
Қаржалған күні жүре алмас.
 
Алғыншы алсаң аруды ал,
 
Артыңда жылап қалса кім алмас.
 
Желбезекке жебе дарыса,
 
Ӛрге балық жүзе алмас.
 
Жеткіншектен айрылған
 
Жер таянбай тұра алмас.
 
Жез қанаты қайрылса
 
Лашын тырна іле алмас.
 
Ер жолынан адасса
 
Сән
-
салтанат құра алмас.
 
Тең құрбының ішінде
 
Қасқия күліп жүре алмас.
 
 
 
Аралбай:
 
Абылекем  айтқыш  қой.  Абылдан  алты  алаш  түгел 
үйренді. Әсіресе Нұрым қасына кӛп ерді.
 

 
245 
 
Қоштай  бай:
 
Мұрын!  Сенің  жырау  атың  бар  емес  пе?  Қайта
-
қайта сұраттыра бермей, ең болмаса адайдың бес жүйрігінен бір
-
бір 
ауыздан жырлап берші.
 
 
Мҧрын  жырау:
 
Аралбай  аға  осы  бұйымды  орындау  сізге 
жеңілдірек емес пе?
 
 
Аралбай:
 
Болсын. Сен Абылекемді еске алып ӛттің ғой. 
 
Мен Нұрымнан бастайын… 
 
 
Мен қашаңғы жүйрігің,
 
Топ ішінде толғаған.
 
Шыныменен шырқасам
 
Бабам Қадір қолдаған.
 
Осылайша сӛйлесем,
 
Сӛз қалама ұртымнан

Кӛре алмаған біреулер
 
Сӛз айтады сыртымнан.
 
Хас жүйріктің белгісі
 
Дуды кӛрсе жұлқынған.
 
Айтулы жүйрік мен едім
 
Салдырмай қамшы ұмтылған.
 
 
Ұсынсам қолым жетер ме
 
Қырдан асқан түлкідей
 
Қырмызы қызыл заманға.
 
Айтсам сӛзім ӛтер ме
 
Ақылсыз туған жаманға.
 
Қайыра қамшы сілтеме
 
Сүйекке біткен шабанға.
 
Екі жақсы дос болса
 
Бірін бірі қия алмас.
 
Екі жаман дос болса
 
Бір мекенге сия алмас.
 
Хас жаманға мал бітсе
 
Ебімменен жидым дер.
 
Қатарымнан оздым дер,
 
Бұл күнде ӛзім болдым дер.
 
 
 
Қоштай  бай:
 
Бұлардың  сӛзінде  бір  мін
 
болмайды  ғой!  Бал 
татыған сары қымыз дерсің! 
 
Тыңдағың келе береді... 
 
Тыңдағың келе береді...
 
 
Мҧрын  жырау:
:
 
Тыңдап  отырып  бал  татыған  сары  қымызды 
жұтқың келе береді, жұтқың келе береді...
 

 
246 
 
Қоштай бай:
 
Ау бұл үйдің қымызы қайда? 
 
 
Бір жігіт үйден тысқа шығып кетеді.
 
 
 
Аралбай:  Нұрыммен  қатар  аты  шыққан    Ақтан  жырау  болды. 
Бірақ  Ақтан  абырой  атаққа  таласпай,  ылғи  Абыл  түгіл  Нұрымды 
ӛзінен оздыра сӛйлеп отыратын еді.
 
 
Мҧрын  жырау:  Ондай  мінез  мына  Арал
-
екеңнің  ӛз  басында 
да бар қасиет.
 
 
Аралбай:
 
Ақтан термесінің бір
-
екі қайырымы…
 
Қаумалап халқым келгенсін,
 
Селдетпей топан жел сӛзді
 
Кӛрінбейін бекер жек.
 
Мүбәрак ақын дегесін,
 
Сӛйледік әуез бес ӛңдеп.
 
Әуеліден
-
ақ тіледік
 
Білгенді жұртқа десем деп.
 
Айтады Хақтың каламы
 
Жұмақты сегіз, Дозақты
 
Есітеміз жетеу деп

Сол дозақта қалмалық
 
Аса алмай жолда мешеулеп.
 
Таңдайына татымас,
 
Абыл менен Нұрымнан,
 
Дәніккен жұртым секер жеп.
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет