Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет22/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28

Қоштай  бай:
 
Бір  жарым  естеу  жиеннің  шығарған  сӛзі  болар. 
Жалпы екеуміздің сәніміз сӛз санау емес, қой санау емес пе еді?
 
Иса  би:
 
Әй  байлар,  қойларыңды  күзде  санарсыздар.  Қазір 
сӛзді бізге беріңдер. Біз ас жайын сӛз етелік...
 
...Менің  қазір  сіздерге  айтпағым  жалпы  қазақ  халқының  асы 
туралы ӛз ойларым. 
 
Қазақтың  асы  дегені  –
 
елге  ұсынар  әдет
-
ғұрпы,  жастарға 
кӛрсетер үлгісі, кӛпшілікке кӛрсетер тамашасы, талап етер тәртібі! 
 
Рас па!
 
 
Қоштау сӛздер.
 
 
Ас  деген  –
 
ас  иесінің,  сол  рулы  елдің  ата
-
баба  әдет
-
ғұрпын 
қалай орындап келе жатқаныны туралы ел алдында берер есебі! 
 
Рас па!
  
 
Қоштау сӛздер.
 
 
Ермембет  би:
 
Иса
-
еке!  Ас  –
   
елдің  тәрбие  алар  орны  деген 
сӛзбен  болашақ асқа қойылар талап туралы ескерткелі отырсыз
-
ау 
шамасы!
 
Иса  би:
 
Шамаңыз  дұрыс.  Соны  елге  қалайда  мойындату 
керек! Ендігі астарды елге үлгі болатындай дәрежеге жеткізу
 
біздің 
міндетіміз!  Ол  осы  біздердің,  ас  иелері  мен  билердің  міндеті.  Осы 
асты жоспарлап, әлгі айтқанымыздай, елге үлгі берерліктей ас етуге 
тырыссақ па деймін. 
 
Қоштай  бай:  Сіз  бұл  асты  –
   
ас  ішіп  аяқ  босатудың  асы 
болмасын деп отырсыз ғой! 
 
Иса  би:  Дұрыс
 
айтасың!  Қолға  алынбай  жүрген  тағы  бір 
жағдай бар. 
 
Біз ата аруағына деп берілетін астарымыздың ӛту тәртібін де, 
асқа қатысушылар тәртібін дн қатты бақылауға алуымыз қажет! 
 
Ас кезінде шатақ шығып кетпесін!
 
Ас артына бұралқы сӛз ермесін!
 
Астың  арты  тӛбелеспен  аяқталуы  тіпті  міндет  емес.  Ондай 
жағдайда тез шара қолдану жағын ұйымдастырып қойған дұрыс.
 
Жұрт  ас  кезінде  болған  шатақты  емес,  аста  еңбек  етіп  алған 
абырой мен атақты әңгіме етсін.
 
Ермембет би:
 
Дұрыс екен.
 
Мәтжан би:
 
Толғағы жеткен мәселе еді. 
 
Иса
 
би:
 
Ойлап  қарасақ  біз  бұрын  беріп  жүрген  астардың  бар 
қызығы  тойып  тамақ  ішу  мен  тӛрт  аяқты  жылқының  жарысы!  Асты 
солар үшін беретіндей
-
ақ!
 

 
217 
Астан кейінгі естелік кӛбіне қай аттың қалай шапқаны мен қай 
тентектің тойды қалай бұзғаны туралы болып алды. 
 
Әрине  ат  жарату  –
 
ӛнер,  қажет  ӛнер.  Қажарлы  ат  –
 
жауға 
қарсы қаруың.
 
Дегенмен адам ӛнері аюан ӛнері мен тентек қылығынан ілгері 
тұрса несі бар екен?
 
Біздер  бұл  асты  ӛнер  адамдарының  ӛнерін  тамашалау, 
ӛнерлілерді  ел  сүйіктісіне  айналдыру  асына  айналдырсақ  па  деп 
отырмыз.  Соны  ұйымдастыру  жағы  бәрімізге,  ал  ӛнер  жағын 
ұйымдастыру Мәтжан би саған тапсырылады. 
 
Ермембет  би:
 
Дұрыс  ой  айттыңыз,  Исеке!  Мәтжан  би  жаңа 
"толғағы  жеткен  мәселе"  еді  деді  ғой!  Дәл  айтты.  Сіз  тоғыз  ай 
толғатқандығыңызды  байқатып  отырсыз.  Ел  тәрбиесі  деп 
толғатыпсыз. Мәтжан би сол сіз күткен перзентті дұрыс қабыл алар, 
кіндігін дұрыс кесер деп сенеміз. 
 
Бәйімбет  бай:
 
Апырым
-
ай!  Бұларды  тегіннен  тегін  би 
атандырмайды
-
ау шамасы! Біздер асқа соятын малымыз бен
 
тігетін 
үйімізден  ары  аса  алмаушы  едік.  Соны  ойлап  әуреміз,  бұлар  елге 
ӛнеге деп әлек. Жақсы! Жақсы екен!
 
Ермембет би:
 
Ас –
 
елге үлгі беру жиыны болсын деген ой ел 
қамын  ойлағаннан  туындаған  пікір  ғой.  Бұл  аста  ел  ӛнеріне  баса 
кӛңіл  бӛлелік  десеңдер  ұйымдастырушыны  дұрыс  таңдапсыңдар. 
Біз кӛргелі Мәтжан би маңына әншілер мен жыршылар, палуандар 
мен  мешкейлер  әуес
-
ақ  болатын.  Басқалар  шақырғанда  зорға 
келетін солар Мәтжан соңына ереді де жүреді. Соларды ӛзіне құмар 
қылып  қойған  Мәтжанның  не  қасиеті  барын?
 
Асылы,  Мәтжан: 
"Жақсы  аттың  жалын  сақтағанша,    жақсы  жігіттің  арын  сақта"  –
 
деген ата мәтеліне басқамыздан кӛбірек мән беретін секілді.
 
Мәтжан  би:
 
Халық  соңғы  кезде  күміс  кӛмей  үнділер  мен  бал 
сазды  бармағы  барларды  қатты  қастерлей  бастады.  Оған  себеп 
еліміздің бейбіт күндерге бейімделе бастағаны болар.  
 
Ендігі  ас  пен  тойды  да  халық  ыңғайына  бағыттаған  жӛн 
секілді... 
 
Иса  би:
 
Бейбіт  күнге  де  бейімделу  керек  дейсің  ғой...  Дұрыс 
болар...  Ел  басындағылар  халықтың  сол  талабынан  шығып  тұрса, 
ел  ӛнері  ӛркендей  бермек.  Ӛнерлі  жандар  ӛздерінен  гӛрі  ӛнерін 
құрметтегенді жақсы кӛреді.
 
Шолтаман:
 
Рахмет  би  аға!  Ӛнерсіз  халық  халық  па?  Ӛнер 
сайысында  ӛзге  ағайындармен  кездесіп  қаламыз.  Сонда  бір
-
бірімізге қоятын бірінші сұрағымыз: "Кімің бар" –
  
дейміз!
 
Бұл  сұрақтың  ӛзіне  түбінде  бір  қойылатынын  әрбір  ақын 
ойланып  жүреді.  Жақсыларым  кім?  Жайсаңдарым  кім?  Сондай 
шақта  айтыс  ақындары  елінің  атақты  билері  мен  батырларын 

 
218 
мақтаныш  жырға  қосады.  Байлары  мен  сахиларын  санап  шығады. 
Соның бәрі сіздердің, жалпы халықтың ӛнер мен ӛнерлілерге деген 
құрметтерінің арқасы
!  
Иса  би:
 
"Халық  айтса  –
 
қалмай  айтады!  Бірінші  би  –халық, 
екінші  би  –
 
тарих!"  депті  халқымыз.  Ақын  –
 
халықтың  тілі  дейдіі! 
Олай  болса  –
 
жетістігіңе  бола  марапаттайтын  да  халық!    Қатең 
болса –
 
жарақаттайтын да халық! 
 
...Бізден кеткен қате болса болашақ кӛрсетер... 
  
Біздің  ӛткенді  кӛксейтініміз  –
 
жоғалтқанымыздың  кӛптігінен. 
Ертеңді кӛксейтініміз –
 
дәметкеніміздің кӛптігінен...
 
Мәтжан би:
 
Жоғалтқанымыздан дәмететініміз кӛп болғай! Ал...
 
Иса  би:
 
(Мәтжан  сӛзін  бӛліп,  ӛз  сӛзін  аяқтайды) 
Жарайды,  бұл 
мәселе туралы ойымызды білдірдік... 
 
Енді  шаруамызға  оралалық.  Мәтжан  бірдеңе  сұрағалы 
оқталып отырсың ба?
 
Мәтжан  би:
 
Біз  тапсырмамызды  алдық.  Түсінікті  болды.  Ал 
енді  біздің  жұмсайтын  хабаршыларымыз,  асқа  шақырушылар, 
қазақтың байтақ даласының қанша кӛлемін қамтымақ?
 
Иса  би:
 
Хабар  естіп  асқа  келіп  жатса  қазақтың  қай  ӛңірінен 
келсе  де,  шақырулы  қонағымыз  болады  деп  хабарлансын.  Ал 
арнайы шақыру: Қиғаш, Нарын, одан бері Жайық бойы, Шыңғырлау, 
Елек,  Жем,  Сағыз  деп  отырмыз.  Әлім,  Табын  елдерінің  кӛрші 
рулары.  Маңғыстаудың  Ойы  мен  Қыры  тұтастай.  Сегіз  арыс 
Адайлар  қонысын  түгел  қамтимыз.  Аралас  отырғандар  да  түгел 
шақырылмақ.
 
Ермембет би:
 
Қанша үй тігілмек?
 
Иса  би:
 
Бәйімбет  бай  қазірдің  ӛзінде  мың  үй  деп  жобалап 
отыр.  Асқа шақырушылардың  хабарын  күтеміз.  Қонақтар  саны  ӛсіп 
бара жатса  мүмкін кӛбейтерміз.
 
Ермембет би:
 
Байрақтар жобасы анықталды ма?
 
Бәйімбет  бай:
 
Бұрынғы  астар  жобасынан  кем  түспеспіз.  Иса 
би бәсекеге айналып кетпесін деп онша асыра сілтемелік деп отыр. 
 
Ермембет би:
 
Дүрыс екен.
 
Иса  би:
 
Бұрынғы  бір  аста  атақты  ақындарымызға  назар 
аударғанбыз.  Соның  арқасында  "Адайдың  бес  жүйрігі"  деген 
ардақты атқа лайық тұлғалар алты алаш аузына іліге бастады. Қазір 
тілі  шыққан  кез
-
келген  тәрбиелі  бала  жеті  атасы  секілді  адайдың 
бес жүйрігі кімдер десе: Абыл ақын, Нұрым мен
 
Ақтан, Қашаған мен 
Аралбай деп тақылдай жӛнеледі. 
 
Бұрынғы  ӛткен  астарға  қосар  жаңалығымыз  бұл  аста  сазгер 
әншілерге  ерекше  кӛңіл  бӛлінбек.  Олардың  байрақтары  сәл 
кейінірек белгілі болар. Ақылдасармыз.
 
Ермембет би:
 
Есте қаларлық ас болғалы тұр екен. 
 

 
219 
Мәтжан  би:
 
Барлық  ӛнер  иелеріне  хабарлау  керек  болар. 
Дайындыққа жылдан астам уақыт бар. 
 
Иса  би:
 
Ас  туралы  сіздерге  айтпағымыз  негізінен  осылар 
болатын. Айтылды. Келісілген секілді.
 
Ермембет  би:
 
Дұрыс.  Асқа  дайындық  басталып  кетті  делік. 
Астың беташары болсын! Шолтаман! Бір әніңе салып жібер.
 
Шолтаман:
 
Ән  салып  беруге  болады.  Бірақ  ән  соңынан  Иса 
биден  бір  сұраққа  жауап  күтсем  бола  ма?  Кездессем  сұрайыншы 
деп  ойлап  қоятын  едім.  Біз  кӛпшілік  ортасында  жиі  боламыз.  Сол 
кӛпшіліктің сіздің Иса би атыңызға байланысты, жауап іздеп жүрген 
сұрағы еді бұл. 
 
Иса би:
 
Неге болмасын! Болады.
 
Шолтаман:
 
Олай  болса  сұрап  қалайын...  Маңғыстаудың  Ойы 
мен  Қыры  түгел  кӛтеріліп,  орыстың  ақ  патшасына  күш  кӛрсеткен, 
бұдан жирма жыл бұрынғы кӛтеріліс басшылары Иса мен Досанның 
тағдырлары екі түрлі болғаны неліктен?  
 
 
Билер ыңғайсызданып Исаға қарап қалады... Сұрағына жауап күтпестен 
Шолтаман домбырасының бұрауын байқай бастайды. 
 
 
Шымылдық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
220 
 
Екінші кӛрініс. 
 
Ас ҥй. Шолтаман ӛнері. 
 
 
Бәйімбет  байдың  ас  үйі.  Кереге  басына  үрген  қарын,  үрген  мес  секілді 
тұрмыстық заттар ілінген. Даладағы, үй ішіндегі ошақтағы қазандар. 
 
Ас үйдегі қонақ күту дайындығы барысындағы қарбалас. Бір жігіт меспен 
айран  шайқап,  екінші  жігіт  күбідегі  қымызды  пісіп  тұрады.
 
Үшінші  жігіт  күбідегі 
шұбатты сапырып тұрады.
 
Бір келіншек бауырсақ пісіріп, екінші келіншек қазанға ас салып жатады. 
Қолында    қазанға  салғалы  жатқан  қойдың  басы.  Осы  сәтте  бай  бәйбішесі  ас 
үйге кіреді.
 
 
Бай  бәйбішесі:
 
Келін!  Басты  о  қазанға  салмасашы.  Бұ 
қонақтар  ерекше  қонақтар.  Мәтӛк  Қоштай  деген  тӛре  қайным  бар. 
Тамағымызды жемей кетер. Басты бӛлек ас. 
 
Ҥлкен келін:
 
Жарайды, ене! Тағы бір қазан кӛтерейін.
 
 
Кіші  келін:
 
Ене,  айран  дайын  болды.  Қонақ  үйге  айранды  да 
алып барамыз ба?
 
Бірінші  жігіт:
 
Шұбат  пен  қымыз  тұрғанда  кім  айран  ішеді 
дейсің?
 
Бай  бәйбішесі:
 
Айранды  да  баптап  қойыңдар.  Сұрап  қалар. 
Кейбір кісіге шұбаттың да, қымыздың да жақпайтыны болады. Керек 
болып қалса, қапы қалмалық.
 
 
Кіші келін мес пүшпағынан зереңге айран құйып үлкен келінге ұсынады.
 
 
 
Кіші келін:
 
Жеңеше! Дәмін татып кӛрші!
 
 
 
Үлкен келін айранның дәмін татып кӛреді.
 
 
 
Ҥлкен  келін:
 
Балдай  екен!  Асылы  бүгін  шұбатыңнан  да, 
қымызыңнан да айраның озып тұрған секілді.
 
 
Кіші келін қуанып қалады. Мақтана енесіне қарап қояды. 
 
 
Екінші жігіт:
 
Бәйбіше! Қоштай мәтӛк дегеніңіз кім? Ол баспен 
еттің бірге асылғанын қалай біліп қояды?
 
Бай  бәйбішесі:
 
Ой  тәйір
-
ай!  Соны  сӛз  қылып!  Сорпаға 
құйқаның исі сіңеді
-
дағы. Немене Қоштай туралы естімеп пе едің?
 
Екінші жігіт:
 
Жоқ! Есіген емеспін.
 
Ҥлкен  келін:
 
Қоштай  байдың  деңмент
 
белбеуінің  бағасы  –
 
атақты қыздың қалыңмалынан да қымбат дейді ғой...
 
Бай бәйбішесі:
 
Ол кісі байлықты тек малдың саны деп емес, 
тірлік  сәні  ғып  пайдаланатын  кісі.  О  қайным  байлық  қызығын  кӛріп 

 
221 
жүрген адам. Қоштай қайнымның  мәтӛктігі сонша, ауылы су ішетін 
құдығының маңынан мал жүргізбейтін кӛрінеді.
 
Бірінші жігіт:
 
Құдық қасынан мал ӛтсе не болады екен?
 
Бай  бәйбішесі:
 
Малдың  дәреті  жерге  сіңеді,  сосын  құдық 
суына  әсер  етеді,  су  шуаштанады  деп  сақтанады  екен  деп  жұрт 
аңыз етеді. 
 
Екінші жігіт:
 
Астафралла! Естімеген елде кӛп деген осы екен 
ғой!
 
Бай  бәйбішесі:
 
Ал  енді  бос  сӛзді  тоқтатыңдар.  Бүгінгі 
қонақтарың  атақты  билер  мен,  айтулы  тӛре  жігіттер!  Сақ  бола 
кӛріңдер!  Мына  ақ  астарыңның  ішінен  қыл
-
қыбар  шығып  масқара 
болып қалмалық! Мұқиат қараңдар!
 
Ҥлкен келін
: 
Ене! Сүттерді сүзіп құйдық емес пе!
 
Бірінші жігіт:
 
Әй, құрдастың қатыны! Бәйбіше сүттен малдың 
қылшығы  шығады  деп  қорқып  тұрған  жоқ,  сүттен  мына  сенің 
қопыраған шашың шығады деп уайым етіп тұр! Соны да түсінбейсің 
бе?
 
 
Қарқылдап күледі. Үлкен келін енесі
 
алдында ыңғайсызданып қалады. 
 
 
Бай бәйбішесі:
 
(қатулана қарайды)
 
Ыржақты тоқтатыңдар! Келін! 
Айналайын!  Бауырсақтарыңның  жартысын  сарғыштау,  жартысын 
күреңдеу етіп пісір!
 
Ҥлкен келін:
 
Жарайды ене.
 
 
Қонақ  үйден  домбыра  даусы  жетеді.  Адайдың  жыр  күйлерінің
 
сазы 
біраздан кейін ән әуеніне ауысады. Шолтаманның "Дәләйшім" әні.
 
 
Екеу
-
екеу мінеміз тал кемеге,
 
Екеу қайтіп сыйамыз тар немеге.
 
Он сегіз бен жиырманың арасында,
 
Ауытқиды ит кӛңіл әрнемеге.
 
 
Бірінші  жігіт:
 
Мынау  жаңағы  ән  айтқан  әнші  ғой.  Даусын
-
ай! 
Кім
 
болды екен?
 
Бай  бәйбішесі:
 
Шолтаман  ғой!  Билер  Шолтаманға  ән 
салғызып жатыр. Кәні, біраз ән тыңдалық.
 
 
Есігімнің алдында кӛк тал ағаш,
 
Тал ағашқа қонады кӛп қарылғаш.
 
Қосар болсаң Құдайым жақсымен қос,
 
Қол ұстасып жүрсем де аш
-
жалаңаш.
 
 
Қара бұлақ қайнары
 
тастан шығар,
 

 
222 
Алқын жүйрік жұлқынған жастан шығар.
 
Аяғыңды жігіттер аңдап басың,
 
Алыс емес, дұшпаның, достан шығар.
 
 
 
Бірінші  жігіт.
 
Анадай  зор  дауыс  бір  кісі  кӛмейінен  шығып 
жатырғанына адамның сенгісі келмейді екен!
 
 
Ҥлкен келін:
 
Ән салып байқап кӛрсейші! Біреуді келемеш етіп 
күлгенде сен де есекше аңқылдайсың ғой, осы! 
 
 
Жастар бәйбішеден жасқана сыпайы күлісіп алады.
 
 
 
Бай  бәйбішесі:
 
(келініне  қарап,  қатуланған  болады)
 
Бос  сӛзді 
қойыңдар  дедім  ғой.  Ал  шаруаларыңа  бекем  болыңдар.    Мен 
қонақтарыма барайын. 
 
 
Бай  бәйбішесі  ас  үйден  шығып  бара  жатады.  "Ей  Алла!  Жар  бола  гӛр" 
деп күбірлеген даусы естіледі.
 
 
Бірінші  жігіт:
 
Жаңағы  сӛзің  үшін  байыңнан  бір  таяқ 
жегізбесем, атым ӛшсін! 
 
Ҥлкен келін:
 
Ой тәйір
-
ай! Құрдастың сӛзіне кектенетіндей сен 
сонша ақылсыз емес едің ғой! 
 
Бірінші жігіт:
 
Е... Солай ма екен! 
 
Ҥлкен келін:
 
Шындығында да неткен ғажап дауыс!
 
Кіші  келін:
 
Шолтаманның  даусы  түстік  жерден  естіледі  дейді 
ғой!
 
Бірінші жігіт: Мүмкін! Естілсе естілер!
 
Екінші  жігіт:
 
Бұ  дауыс  қай  алыстан  естіледі  десе  де 
нандырғандай екен. 
 
 
Жыр күйі сазы естіледі. 
 
 
Шымылдық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
223 
 
Ҥшінші кӛрініс

Бәйімбет бай ҥйі. Жылкелді ӛнері.
   
 
Бәйімбет  бай  үйі.
 
Бұрынғы  отырған  адамдар  үстіне
 
 
сәлем  беріп 
Жылкелді кіреді. Амандық сұрастырылады.
 
 
Мәтжан  би:  Жақсы  келдің  Жылкелді!
 
Біздер  сіздер  туралы 
әңгіме етіп отыр едік... 
 
Жылкелді:
 
Сіздер дегеніңіз кімдер?
 
Мәтжан  би:
 
Сіздер  деп  отырғаным:  ақындар,  әншілер, 
жыршылар, күйшілер...
 
 
Мәтжан би әңгімесін жалғастырады.
 
 
Ӛнер мен ел бір
-
біріне ұқсас. Ән мен жыр, саз бен күй –
 
бұлар 
жалпы халық тұлғасы. Халық қандай болса –
 
ӛнері де сондай. Ӛнері 
қандай болса –
 
халық та сондай. 
 
Біздің  әндеріміз  бен  күйлеріміздің  басқалардан  адуындыдау 
естілетіні,  дүсір
-
дабыры  молдау  болатыны  да  ӛнеріміздің  ӛзімізге 
ұқсап жатқандығынан.
 
 
Иса би:
 
Рас секілді... Сосын байқайсыңдар ма, осы біздің елде 
ақын  мен  жырау  да,  ән  мен  күй  де  молырақ  па  деп  ойлаймын... 
Домбырасыз кереге кездестірмейсің.  
 
 
Мәтжан  би:
 
Иса
-
еке!  Бұл  байлық.  Байлық  болғанда  –
 
байлардың мыңғырған малы секілді ел байлығы.
 
 
Мысалға  тек  қана  мына  Жылкелдінің  "Құнан  нар"  әнін 
алалықшы. "Бір әнді сатып алдым құнан нарға, беремін керек десе 
құмарларға" деген сӛз, ән мен ӛнер бағасын анықтап тұрған жоқ па! 
 
 
Қоштай  бай:
 
(әннің  басты  байлық  екеніне  сенімсіздеу  секілді) 
Жылкелді  інім!  Біз  сенің  әніңді  сатып  алғымыз  келді  делік.  Сонда 
құнан  нарымызды  кімге  береміз?  Әнді  қалай  аламыз?  Кімнен 
аламыз?
 
 
Жылкелді:
 
Ән  бағасын  кӛтеру  үшін  алынған  теңеу  сӛз  ғой! 
Әйтпесе  біз  әнімізді  сатып  алатын  адам  емес,  тыңдайтын  құлақ 
іздеп әлекке түсеміз...
 
 
Ермембет  би:
 
Онда  осы  жолы  әлекке  түспейтін  болдың.  Біз 
тыңдауға дайын отырмыз. 
 
 
Жылкелді:
 
Аузымнан  жазып  қалғандай  болдым  ба?  Онда 
тегін берейін сіздерге. Алыңдар бір
-
бір құнан нардан...
 
 
Жылкелді "Құнан нар" әнін айтады.
 
 
Бір әнді сатып алдым құнан нарға,
 

 
224 
Беремін
 
ӛз бәсіне құмарларға.
 
Ит дауыс бұрынғыдай аңқымайды
 
Жас келіп қартайған соң амал барма.
 
 
Қара нар жүк кӛтермес бел кеткен соң,
 
Кең жайлау құлазиды
-
ау ел кӛшкен соң.
 
Сүйреткен ақбоз аттың шылбырындай,
 
Қылаңға сӛз ереді бой жеткен соң. 
 
 
Ермембет би:
 
Бәрекелде! Ӛлең
-
ақ қой, шіркін "Құнан нар!". 
 
Иса  би:
 
Біздерді  би  деп  дәріптейді.  Нағыз  би  осылар  ғой.  Әр 
сӛзі ақыл мен ӛсиетке суарылғандай!
 
Ермембет  би:
 
Ие,  бұлардың  ақын  ағаларына  халықтың 
"Адайдың бес жүйрігі" атағының берілуі тегін емес. Сол бес жүйрікке 
ең
 
болмаса бір биді қоспапты ғой, бұ халық, жүйрігім деп. 
 
Мәтжан би:
 
О не дегеніңіз, Ереке! Жұртыңыз "Есен Ермембет" 
деп дәріптегенде ішкен асын жерге қояды емес пе?
 
Иса  би:
 
Есен  Ермембет  пен  Жары  Мәтжан  ӛздеріне 
құлпытастарын  тірілей  қашап  қойған  адамдар.  Ал  біздің 
ақындарымыз  бен  әншілеріміздің  ойлылығы  мені  қатты  қуантады. 
Шолтаманның әлгі сұрағы да соның дәлелі.  
 
Шолтаман сұрағы жауапсыз қалмасын. Енді мен Шолтаманның 
сол сұрағына жауап берейін... 
 
...Ел ортасында жүрсіңдер ғой, айта жүрерсіңдер. 
 
...Бұл  сұрақ  бір  рет  қойылып,  бір  рет  жауап  алумен  аяқтала 
қоймас.  Тағы  да  қойылар.  Біздердің  атымызбен  қатар  ӛмір  сүрер. 
Бірақ жауабы бар сұрақ. Жауабы ойдан шығарылған жауап емес... 
 
...Біздің  сол  кездегі  әрекетіміз  заман  ӛктемдігіне  мойын 
ұсынғандықтан,  тағдыр  тығырығынан  шығудың  жолын  іздеуден 
туған шешім болатын...
 
Ермембет би: Қиын кезең еді ғой.
  
Мәтжан  би:
 
Күштінің  зорлығы,  халық  намысы  дегеннің  не 
екенін  түсіндіріп  кетті  ғой,  ол  кезең.  Иса  мен  Досан  атағы  келесі 
ұрпақтардың мақтанышына айналар...
 
Бәйімбет бай:
 
Халық қатты сергелдеңге түсіп еді. Әр ру, тіпті 
әр  ауыл  ӛз  басшысын  сайлап  алып,  бас  сауғалауға  тырысқан 
болатын.
 
Иса би:
 
Патша ӛкіметіне қарсы Маңғыстаудың Ойы мен Қыры 
тұтас  кӛтерілді.  Ел  кейін  сол  күресті  Иса
-
Досан  кӛтерілісі 
атандырды.  Кӛтерілісті бастаған ешкім емес болатын. Шындығында 
ол халық кӛтерілісі болатын. Ел
-
жұртымыз ӛкіметтің де, билердің де 
ырқынан  шығып  бара  жатты.  Амалсыз  сол  дүлей  күшті  бар  арнаға 
салу керектігі туды. Елді байы да, биі де билеуден қалды. Елді ыза 

 
225 
мен  намыс  билеп  әкетті.  Амалсыздық,  шарасыздық  кезеңге  тап 
болған кезде міндет Иса мен Досанға жүктелді. 
 
Мәтжан би:
 
Иса да, Досан да бұл іске атақ іздеп кіріспеген...
 
Иса  би:
 
Елдің  ызасын  бір  мақсатты  арнаға  бағыттау  қажет 
болды. Бірақ ел де, Иса да, Досан да аузынан от шашқан зеңбірікке 
қарсы  не  істесін...  Кӛтеріліске  шығу  да,  күштіге  күш  кӛрсету  қате 
еді... Қырылып қалдық... Бытырап, торғайдай тозып кеттік... 
 
Жинаған  жасағымыз  да  жеңілді.  Ел  де  жеңілді.  Жеңілді  де 
бағынды. 
 
Мәтжан би:
 
Басқа түскен ауыр зауал болды, ол кезең.
 
Иса  би:
 
Жеңілген  елге  батыр  бұрынғыдан  да  керегірек  екен. 
Досан батыр атағын бұрынғыдан бетер дәріптеп кетті. 
 
Досан болса батыр атағын ақтап шықты.
 
Досан біраз жасағымен күресін жалғастыра берді...
 
Ел  жеңілгенде  Досан  да  жеңілгенін  мойындап  жауымен
 
кезіссӛзге барса ол сатқын аталар еді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет