Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


§4. ЖАНРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН КАНОНДАР



Pdf көрінісі
бет113/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

§4. ЖАНРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН КАНОНДАР 
 
Әдеби жанрлар (мазмұндық, өзіндік қасиеттерден өзге) түрлі шамадағы айқындыққа ие 
құрылымдық, формалық сипаттарға иелік етеді. Өте ежелгі кезеңдерде (классицизмге 
дейінгі дәуірді қосқанда) тап жанрлардың формалық аспектілері алға шығарылып, әрі 
басымдыққа деп саналды. Жанр түзуші бастаулар өлең өлшемі (метрлер) және шумақтық 
ұйымдастыру организация (кейбірде олар "тұрақты формлар" деп аталады) болып 
қалыптасып, белгілі бір сөздік конструкцияға және құрылымдық принциптерге бағдар 
ұстайды. Әр жанрға қатаң түрде көркемдік амалдар кешені бекітіліп берілді. Бейнелеу 
тақырыбына, туынды құрылымна және оның сөздік тініне қатысты қатаң алдын ала 
жазылып қоюшылық тіпті индивидуалды-авторлық бастамашылықты шетпақай қылып, 
тіпті жоқ қылды. Жанр заңдылығы әміршілдікпен қаламгердің шығармашылық еркін 
өзіне бағындрады. Д.С. Лихачев "Ежелгі орыс жанрлары жаңа уақыт жанрларына 
қарағанда өте зор мөлшерде белгілі бір стильдік типтермен байланыстылықта <...> 
Сондықтан "тұрмыстық стиль", "хронографиялық стиль", "жылнамалық стиль" сөздері 
бізді еш таңқалдырмайды, дегенмен, әрине, әрбір жанр шегінде индивидуалды 
ауытқушылықтың байқалуы да бек мүмкін". Ғалымның айтуынша, орта ғасырлық өнер 
"бейнеленушіге қатысты ұжымдық қарым-қатынасты танытуға ұмытылады. Осыдан келіп, 
көп жайт шығарма туындыгеріне емес, осы туынды жататын жанрға байланысты болып 
келеді <...> Әрбір жанр өзіндік сынақтан өткен дәстүрлі автор, жазушы, "орындаушы" 
образына ие[838].
Дәстүрлі жанрлар алын ала қатаң қалыпта формаланып, бір-бірінен жеке-жеке өмір 
сүреді. Олардың арасындағы шекара айқын және нақты, әрқайсы өзінің "плацдармында" 
"жұмыс істейді". Бұндай жанрлық түзілім канондық деп аталынады. Олар дәстүрлік 


226 
қалыптасқан және автор үшін міндетті белгілі бір норма мен ережегі ұстануға тиіс. Жанр 
каноны дегеніміз – бұл "жанрлық нышан-белгілердің белгілі бір тұрақты және қатаң 
(курсив менікі.- В.Х.) жүйесі "[839].
"Канон" (көне гр. kanon – ереже, алдын ала жазылып қоюшылық) сөзі көне грек 
мүсіншісі Поликлеттің (б.з.д.V ғ.) осы аттас трактатынан шыққан. Бұл канон әбден 
жетілген үлгі, толық жүзеге аса алатын әлдебір норма ретінде ұғынылды. Канондық өнер 
(оның ішінде – сөздік) осы терминологиялық дәстүр бойынша суреткерлердің сөзсіз 
жетегінде жүруге тиісті жетілген үлгілерге қол жеткізуіне мүмкіндік алушылығы болып 
пайымдалады [840].
Жанрлық нормалап мен ережелер (канондар) әу баста жоралғылық ғұрыптар және 
халықтық мәдениет дәстүрлері негізінде бейберекет қалыптасты. "Және де дәстүрлі
фольклор мен архаикалық әдебиеттің жанрлық құрылымдары бейәдеби жағдаяттардан 
бөлінбестей қалыпта, әрі жанрлық заңдылықтар жоралғылық ереже және тұрмыстық 
сапайыгершілікпен тікелей қосылады"[841].
Кейінірек, көркем іс-әрекеттік рефлексияның орнығуына қарай кейбір жанрлық
канондар нақты айшықталған ережелердің (постулаттардың) келбетін иеленді. Ақындарға 
берілетін қалай жазу керектігінің нұсқаулығы, императивтік міндеттеу поэзия 
турасындағы Аристотель мен Горацийдің, Ю.Ц. Скалигер мен Н. Буалоның ілімдерінде 
үстемдікке ие болып келді. Осындай ыңғайдағы, онсызда нақты айқындыққа ие 
жанрлардың нормативтік теориялары барынша көп ретке келтірушілкке түсті. Жанрдың 
тәртіптік белгіленуі эстетикалық шешуі ой болып табылып, классицизм дәуірінде өзінің 
ждоғарғы шегіне жетті. Осылайша, Н. Буало өзінің өлеңмен жазылған "Поэтикалық өнер" 
трактатының үшінші тарауында әдеби туындының негізгі топтары үшін өте қиын 
ережелерді тұжырымдады. Ол, атап айтқанда, драмалық туындыға қажетті провозгласил 
үшемдік бірлік (орын, уақыт, іс-әрекет) принципін жария етті. Трагедия мен комедияны 
қатаң шектеген Буало:
Уныния и слез смешное вечный враг.
С ним тон трагический несовместим никак,
Но унизительно комедии серьезной
Толпу увеселять остротою скабрезной.
В комедии нельзя разнузданно шутить,
Нельзя запутывать живой интриги нить,
Нельзя от замысла неловко отвлекаться
И мыслью в пустоте все время растекаться,-деп жазды[842].
Ең бастысы, (Аристотелден Буало мен Сумароковтарға дейінгі) нормативтік эстетика 
шүбәсіз жанрлық үлгілерге, ең алдымен, Гомердің эпопеяларына, Эсхил мен Софоклдің 
трагедияларының ізімен жүруді талап етті.
Нормативтік поэтика дәуірінде (антикадан XVII-XVIII ғғ. дейін) жанрлармен қатар
теорияшылар (С.С. Аверинцеше "de jure жанрларын") нұсқап, әрі ұсынды және де бірнеше 
ғасырлар бойы ешбір назариятық (теориялық) негізделмеген бірақта тұрақты құрылымдық 
нышан-белгілері бар, әрі белгілі бір мазмұндық "әуестікке" ие "de facto жанры" өмір 
сүрді[843]. Ертегілер, мысалдар, новеллалар және де осы соңғысына ұқсастау сахналық 
күлдіргі қойылымдар, сондай-ақ, көптеген дәстүрлі лирикалық жанрлар (фольклорды қоса 
алғанда) тап осындай болып келеді.
Әдебиеттегі соңғы екі-үш ғасырда, әсіресе, кейігромантикалық дәуірде жанрлық 
құрылымдар (өте қатты) түр өзгешелігіне ұшырады. Олар көнгіш, әрі икемді болып, 
өздерінің канондық қатаңдықтарын жоғалтты, сондықтан да, индивидуалды-авторлық 
бастамашылықтың көрініс беруі үшін кең жол ашып берді. Жанрларды қатаң шектеуде 
ұстаушылық өзін түбегейлі түгесіп, әрі, былайша айтқанда, романтизм дәуірі өкпеден 
қысып, күні өткен классицистік эстетикамен бірге қарасын жоғалтты. В. Гюго өзінің 


227 
"Кромвель" драмасының бағдарламалық алғы сөзінде: "Біз парасат пен талғамдық 
дәлелдің арқасында жанрларды ықтирлы бөлушіліктің қалайша жылдам тас-талқаны 
шыққанын көріп тұрмыз" деп жазды[844].
Жанрлық құрылымдардың "бейканондануы" өзін тіптен XVIII ғасырда-ақ танытты. 
Оған куә – Ж.Ж. Руссо мен Л. Стерннің туындыары. Әдебиеттің соңғы екі жүз 
жылдықтардағы романдануы оның жанрлық канондардың аясынан "шығуын" және де 
сонымен бір мезетте жанрлар арасындағы бұрынғы шекараны шайып кеткендікті білдірді. 
XIX-XX ғғ. "жанрлық санатнамалар өзінің айқын нышан-белгілерінен айырылып, модели 
жанрлық модельдер көпшілік жағдайда ыдраушылыққа ұшырады"[845]. Бұл, әдетте, ендігі 
жерде бір-бірінен оңашаланбаған ашық танылған нышандардың жиынтығына ие 
құбылыстар, ал, көп немесе аз мөлшердеге айқындықтағы туынды топтары белгілі бір 
формалық және мазмұндық өзгеше ілтипат таныту мен көңіл аудару тұрғысынан 
қарастырыла бастады.
Соңғы екі жүз жылдықтың әдебиеті (әсіресе, XX ғ.) оның құрамында туындылардың 
арасында жанрлық айқындықтан ада, көптеген бейтарап "пьеса" атауына ие драмалық 
шығармалар, эссеистикалық сипаттағы көркем проза, сонымен қатар, ешбір жанрлық 
жіктеудің ырқына көнбейтін көптеген лирикалық өлеңдердің барлығы турасында сөз 
қозғауға түрткі болады. В.Д. Сквозников XIX ғ. лирикалық поэзиясында В. Гюго, Г. 
Гейне, М.Ю. Лермонтовтардан бастап "бұрынғы жанрлық айқындылық көзден ғайып 
болып": "... лирикалық ойда <...> синтетикалық тенденция бой көтеріп өзін таныта 
бастап", "лирикада жанрлық атрофия" орын алды. М.Ю. Лермонтовтың "1-ші қаңтар" 
өлеңі турасында "Элегиялық ұғымын қанша жерден сағызша созайық, лирикалық жаһұт 
шығармадағы бәрі бір көзге ұрып тұрған жанрлық табиғаттың айқынсыздығы жағдайынан 
қашып құтыла алмаймыз. Ең дұрыстысы – оның мүлдем жоқтығы, сондықтан да ол 
ештеңемен шектелмейді" деп атап өтті[846].
Сонымен бірге, тұрақтылыққа ие жанрлық құрылымдар өз мәнісін не романтизм 
кезінде, не одан кейінгі дәуірлер де жоғалтып алған жоқ. Дәстүрлі сан ғасырлық тарихы 
бар формалық (тілдік-композициялық) ерекшеліктерге ие жанрлар (ода, мысал, ертегілер) 
өмір сүруде, әрі өмір сүріп келеді. Бұрыннан келе жатқан жанрлардың "үндері" және 
қаламгердің шығармашылық индивидуалдылығының үні А.С. Пушкин туындыларында 
әрдайым әлдебір жаңаша әлпетте бір арнаға тоғысып отырады. Эпикурлік дыбысталудағы 
өлеңдерде (анакреонтикалық поэзияда) автор Анакреонға, Парнаға, ертеректегі К.Н. 
Батюшковтарға ұқсас болып келіп, сонымен қатар, өзін айқын таныта алады ("Ойна, 
Адель, білмей еш қапа..." немесе "Түн менде Леила..." еске түсірейік). "Я памятник себе 
воздвиг нерукотворный..." атты салтанатты оданың туындыгері ретінде автор өзін 
Гораций мен Г.Р. Державинге балап, олардың көркемдік мәнеріне ден қояды, бірақта 
сонымен қатар, өзіндік credoсы мен жетілген төлтумалығын да паш етеді. Пушкиндік 
ертегілер өзіндік, әрі қайталанбастық болса да, сонымен бір мезгілде осы жанрдың әрі 
фольклорлық, әрі әдеби дәстүріне қатыстылықта болып келеді. Аталған туындылармен ең 
алғаш рет таныс болған адамның осының бәрі бір автордың қаламынан шыққандығын 
сезіне қоюы мүмкін бе екен, өйткені, автор әр поэтикалық жанрда өзін мүлдем өзге жаңа 
қырынан көрсетіп, өзіне-өзі ұқсамай кетеді. Тек Пушкин ғана бұндай емес М.Ю. 
Лермонтовтың лироэпикалық поэмалары (романтизм дәстүріндегі ("Мцыри", "Демон") 
оның халықтық-поэтикалық "Көпес Калашников <...> туралы әні") бізді таңқалдырып бір 
біріне ұқсамайды. Осы тәріздес түрлі жанрлардағы "ілкі" авторлық өзін-өзі мәлімдеуді 
замана ғалымдары қарасытруда және Жаңа замандағы батыс еуропа әдебиетіндегі: 
"Аретино, Боккаччо, Маргарита Наваррская, Эразм Роттердамский, тіпті Сервантес пен 
Шекспирлер түрлі жанрларда әр қилы индивидуалдылығымен көрініс береді"[847].
XIX- XX ғғ. қайыра туған жанрлық түзілімдер де құрылымдық тұрақтылыққа ие. 
Сонымен, әлбетте, символистердің лирикалық поэзиясындағы белгілі бір формалық-


228 
мазмұндық кешеннің болуы (универсалия мен ерек тұрпаттағы лексикаға бейімділік, 
тілдерінің семантикалық күрделідігі, тылсымдық апофеозі және т.б.). 1960-1970-шы 
жылдардағы француз жазушылары (М. Бюгор, А. Роб-Грийе, Н. Саррот және т.б.) 
романдарындағы даусыз структуралық және концептуалдық ортақтастықтың ұшырасуы.
Айтылғандары жинақтай отырып, атап өтеріміз, әдебиет екі жанрлық құрылымды 
біледі. Бұл, біріншіден, дайын, аяқталған, қатаң формалар (канондық жанрлар), әрқашан 
бір қалыпты өзіне-өзі теңдестіктегі (бұндай жанрлық түзілімінің айқын мысалы – сонет, 
әлі күнге өмір сүруін жалғастыруда), және де, екіншіден, бейканондық жанрлық 
формалар: бейімделгіш, кез келген трансформациялауға, қайта құруға, оңдауға көнгіш, 
мысалға, Жаңа уақыт әдебиетіндегі элегия немесе новеллалар. Бұл еркін жанрлық 
формалар бізге жуық дәуірлерде жанрдан тысқары құрылымдармен жуықтасып, 
жапсарласа өмір сүреді, бірақта белгілі бір деңгейдегі тұрақты құрылымдық қасиетсіз 
жанрлардың өмір сүруі еш мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет