Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


VI ТАРАУ  ӘДЕБИ ДАМУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ



Pdf көрінісі
бет117/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

VI ТАРАУ 
ӘДЕБИ ДАМУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 
Аталған "бетер тақырыпты" өрістей және дәйектей мазмұндаудың өзіне (істің мәнісінде 
– ғылыми пәннің тізгін ұстатуға болады) әдебиеттану ең құрығанда жеке кітапты талап 
етер еді. Біз өте шағын ауқымда шектелуді құп көрдік.
І.ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ТҮП ТӨРКІНІ (ГЕНЕЗИСІ) 
§1. ТЕРМИННІҢ МӘНІ 
Генезис (көне гр. genesis) сөзі шығу төркіні, пайда болуы, өмірге келу процесі және ары 
қарай дамуға қабілетті белгілі бір заттың (құбылыстың) ең алғашқы қалыптасуы дегенді 
білдіреді. Осы терминді әдебиетте тұтастай қолданғанда көркем сөз өнерінің тарихи шығу 
төркінін бекемдеп, бізге архаикалық дәуірлерге, оның шінде әдеби тектердің 
қалыптасуына назар аудартады.
Жеке туындының мәтіндік қасиетінің генезисі әлдебір өзгеше атаумен көркем ой 
ұшқынынан оның жүзеге асуына дейінгі аралықтағы жол деп аталынады. Әдеби 
шығармашылықтың бұл аспектісін Н.К. Пиксанов ("Ақылдың азабы" комедиясының 
мысалдары негізінде) ұзақ жылдар зерттеді. Әдебиетті генетикалық қарасытру дегеніміз – 
бұл ең алдымен, жеке туындының шығармашылық тарихын зерттеу деп ұйғарған ол: 
"Кез келген эстетикалық элемент, кез келген поэтикалық форма немесе конструкция 
ғылыми тұрғыда біршама сезімталдықпен пайымдалуы тек оны бірден-бір сенімді тууы, 
пісіп-жетілуі және аяқталуын толық зерделегенде ғана әбден мүмкін болады" деп 
тұжырымдайды[869]. (345) Жәнеде жұртқа белгілі Б.М. Эйхенбаумның мақаласын еске 
сала отырып, Гогольдің "Шинелінің" қалай жасалғандығын ұғу үшін, оның қалай жүзеге 
асқандығын зерттеу керек деп атап көрсетеді. Әдебиеттанудың аталған саласы 
мәтіннамамен тығыз байланыста болып келіп, түбегейлі оған иек сүйейді. Біздің 
уақытымызда туындының шығармаышылық тарихын зерттеу мәтін генезисі және
динамикалық поэтика терминдерімен таңбаланады[870].
Әдебиеттану үшін бір шама мәністі "генезис" сөзінің үшінші мәні де бар. Бұл – көркем 
сөз саласы мен өнердің басқа түрлерінің және оның шегінен тысқары аяда да 
(индивидуалды-ғұмырнамалық 
және 
әлеуметтік-мәдени 
шеңбер 
сондай-ақ, 
антропологиялық универсалияның әлеміінде) өз орны бар жазушылық іс-әрекеттің
факторлорының (түрткілерінің) жиынтығы. Әдеби өмірдің аталған аспектсін әдеби 
шығармашылықтың генезисі сөз тіркесімен таңбалаймыз. Жазушылық іс-әрекеттің
түрткілерін зерттеген шақта жеке туындының мәнісін ұғыну үшін, сондай-ақ, әдеби 
процестегі сөз өнерінің даму заңдылықтарын түсіну үшін.
Әдебиет туралы ғылымының құрамында әдеби шығармашылықтың генезисін игеру
туындының өзін зеттегенген қарағанда қосалқы болып табылады. А.П. Скафтымов: 
"Объектіні кез келген генетикалық қарастыру алдын ала оның ішкі-құрылымдық мәніне 
қол жетікізіп алған соң ғана қолағ алынуы керек" деп тұжырымдайды[871]. Бірақта 
әдебиеттанудың тарихында генетикалық штудия әдеби туындының көп қырлығы мен 
тұтастығын зерттеуден бұрын басталып кетті. Олар 1910-1920-шы жылдар аралығында ол 
әдебиет туралы ғылымда басым жағдайда ие болып келді.


234 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет