50
Қаһармандық индивидуалдылық (осы сөздің бастапқы мәнінде) таң қалу мен табынуды
тудырып, өзгелерден мәртебесі артып тұруды суреттейді. С.С. Аверинцевтің пікірінше,
қаһармандарға аяушылық сезімі білдірілмейді, қайта оларды көкке көтеріп мадақтайды.
Қаһармандық қадам көбіне әлеует пен күш-қуатты танытудың мақсатты паш етілуі
болып табылады. Гераклдің аңызға айналған ерліктері тап сондай болып келеді,
әрі ол
қоян жүрек Эврисфей үшін жасалмайды. "Қаһармандық этика әлемінде мақсат амал-
тәсілдерді ашпайды, ерліктің амал-тәсілдері кез келген мақсатты ашып көрсетеді", -дейді
Аверинцев[196]. Жаугерліктің даңғазасына басы бүтін еніп кететін тентек Васька
Буслаевтың қимылдары, кейбір жағдайдағы Тарас Бульбаның іс-әрекеттері де тап
осындай. Ерте тарихи дәуірлерден бастау алатын қаһармандықтың өзіндік мақсатының
арқау жібі Жаңа уақыт адамының өзін дербес тұлға ретінде бекемдеуіне дейін
тарамдалып, "бетерадамның" қаһармандық жолы "Заратустра солай деді"
кітабында өз
«шыңына» жетіп, дау-дамайдың өзегіне айналды.
Адмзат өмірінде ұшырасатын басқа тұрпаттағы, рухтанған бетер тұлғалық мақсаттағы,
осы сөздің жоғарғы мәнділігін ашып бере алатын альтруистік (қалтықсыз қамқор),
құрбандықты: қаһармандық маңызды, әрі этикалық жақтан даусыз болып табылады. Оның
түп тамыры еуропалықтар үшін ежелгі дәуірге (туған Троясының қорғаушысы Гектор
образы немесе "эсхилден кейінгі" интерпретациялардағы отты әкелуші Прометейлерге)
кетеді. Осы арадан бастап оның арқауы кейінгі жүз жылдықтардағы өнердегі Л.Н.
Толстойдың "Соғыс және бейбітшілігінің" қаһармандығына, А.Т. Твардовскийдің
Василий Теркинінің образына т.б. ұласады. Қаһармандықтағы даусыз ақиқат кейбір
жағдайларда адамның жеке басын, тәуелсіздігі мен азаттығының құқығын қорғауды
(мысалға, В.Т. Шаламовтың "Майор Пугачевтің соңғы шайқасы" әңгімесі) танытады.
Қаһармандықтағы заңсыздыққа қарсы тұру жалпыға
бірдей мәртебеге көтеріліп,
өзгермейтін нормаға айналғандығы турасында Г. Белль: "кім бұйрыққа бағынбай құрметті
қылмыс жасап, қолын қанға былғау мен талқандауға қарсы шығып, жанын берсе"
олардың есімдерін мәңгі есте қалдыру керек деп орынды сөз етеді[197].
Қаһармандықтың тынысы көбіне адамның өзін танытуы жолындағы қоғам мен
адамзатқа қызмет ету талпынысын өз бойына (керісіншелікпен бірге, заңдылықты түрде)
сыйдырады. Осындай "қоспа" Байрон мен П.И. Пестелдің тағдырларында орын алды. Ол
әдебиетте (1820-1830-шы жылдардағы романтикалық поэмаларда, М. Горькийдің
ертеректегі туындыларында) ұшырасады. Осы тәрізді қаһармандық кейбірде өмірдің ащы
шындығын да сыни байыптап (мысалға, Ф.М. Достоевскийдің "Қылмыс пен жазасындағы"
Раскольниковтің образы) ашып көрсетеді.
XIX орыс ғасыры мен оның әдебиетінде қаһармандықтың бой көрсетуі түбегейлі түрде
ХХ ғасырдың басында большевизм үшін бәрін қайыра қорыту үшін бет пердеге
айналды[198] немесе қатты сынға ұшырады[199].
1930-1940-шы жылдар аралығында қаһармандық социалистік реализмнің апологеті (бір
идеяны жанын бере қорғауы), өнер мен әдебиеттің өзіндік орталығы ретінде
қарастырылды. "Елің
батыр бол десе, кез келген жан қаһарманға айналады",-деп
шырқалатын сталиндік дәуір әнінің тармағы көп нәрсені аңғартады. Бұл сөздерде өз
кезегінде ешкімнің бұйрығынсыз, адамның жүрек қалауымен ерікті түрде жасалатын
қаһармадық іс-әрекетті құлдық ұрып құлақ асатын ләппайлыққа айналдырып
тұрпайыландырудың лебі бар.
Қаһармандық өзінің байыпты мағанасында – ежелгі тарихи кезеңдердің мәдениеті мен
өнерінде басымдыққа ие болды. Гегель мемлекетке дейінгі, "заңдылыққа дейінгі"
уақыттарды "қаһармандар ғасыры" деп есептеп, кейінгі
дәуірлердегі адамзаттың
маңдайына қаһармандық кезеңдерді еске түсіру жазылған ұйғарды[200]. Осы іспеттес
ойды тарихшы Л.Н. Гумилевте айтты. Ол "кез келген этногенез", яғни, халықтың
(ұлттың) қалыптасу процесі "қаһармандықпен, кейде шағын адамдар тобының басын
51
құрбандыққа тігуінен басталады" деп тұжырымдады. Осы адамдарды ғалым
пассионариялар (тұқым-тектілік) деп атап, "пассионарлық этикалық нормаларға еш
қатыссыз, біртектес ерліктерді мен қылмыстарды, туындыгерлік пен адалауды, игілік пен
зұлымдықты жеңілдікпен өмірге әкеледі",-деп атап көрсетті. Гумилев әр халықтың бастау
көзінде "қаһармандық ғасыр" жатыр деп есептеді[201].
Осының бәріне күмандана қарау қиындық тудырады.
Сонымен бірге, ең әділі сол –
басқа да дағдарыс кеулеген, қиын-қыстау сәттерде әмірлі үнмен алға шығып
қаһармандықпен басты бәйгеге тігуге үндеген жандар халықтар мен адамзаттың көп
ғасырлық тарихында үнемі байқалып отырады. Сондықтан, қаһармандық көркем
шығармашылық үшін аса маңызды болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: