Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет55/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   94
қарай жүгіре жөнелді, бала үйіне қарай шаба жөнелді болып кол- 
даныла береді. Орыс тілінін синонимдік сөздігінде ходить сөзіне 
расхоживать, шагать, похаживать, таскаться, бродить, шататься, 
болтаться, шляться, слоняться, трепаться, мотаться, шлендать, ша­
стать сөздерімен синоним деп көрсеткен (Александрова 75, 581) *. 
Бұлар ортасында мағыналық байланыстын барлығы анық, сон- 
дай-ақ айырмашылықтардың барлығы да рас. Салыстырып көре- 
лік: орыс тілінің нормасы бойынша я пойду к тебе домой деу норма 
болса, я хожу к тебе домой деу тілдік норма болып саналмай- 
ды. Сондықтан да С. И. Ожегов ходить сөзіне анықтама бергенде, 
бірінші мағынасы ретінде, идти сөзінің 1, 2, 3, 10, 14, 15 — мағына- 
ларымен сәйкес келетіндігін көрсеткен. Ал идти сөзіне болса 26 
мағына берген (Ожегов 73, 219—220, 795) *. Демек ходить сөзі 
идти сөзімен тек 6 мағынада ғана сәйкес келеді де, қалған 20 ма- 
ғынада онымен синоним бола алмайды. Бұл екі сөздің көпшілік 
мағынасын қазақ тіліне аударғанда жүру, бару (кей мағынасын 
келу) сөзі арқылы береміз. Қазақ тілі үшін жүру мен бару — ма- 
ғына жағынан ешқандай сәйкес келмейтін, синонимдік мәнде кол- 
данылмайтын сөздер.
Н. А. Слюсарева сөз мағынасының құрамындағы лингвистика- 
лык мағына мен бейнелік мағынаны ажырату мәселесіне соңғы 
кезде жарық көрген еңбектерінде де қайта оралған. Бірақ соңғы 
еңбектерінде ол бұл мәселеге тіл функциясымен байланысты сөз 
қылады, терминдері де басқа. Әрине тілдің негізгі қызметі белгілі 
бір информацияны екінші біреуге беру, білдіру. Ол үшін сөздер 
(қосымшалы, қосымшасыз болсын) сөйлем кұрамына еніп, белгілі 
бір кызмет атқаруы, сөйлемдегі айтылатын пікірдің жарыққа шы- 
ғуына өз үлесін қосуы керек. Тіл білімінде функция терминіне 
түрліше аныктама беріп, оның магына көлемін түрліше анықтау 
бар, бірак. тіл элементтерінін функцнясы дегенде біз оның сөйлем- 
дегі ойды білдіру кезіндегі аткаратын қызметін түсінеміз. 
Н. А. Слюсарева болса, функция мен мағынаны салыстыра зерт- 
теп, бір-біріне қарама-қарсы қояды. «Тіл элементтерініц семанти- 
касы мен функциясын яғни мағынасы мен функциясын ажыратып 
және мынаған көціл бөлеміз. Яғни мағыиа тіл элементтерінің си- 
стемадан тысқа бағытталынуы, объектив дүниенің бейнесі не сол 
бейнелеу процесінің қорытындысы ойлау ретінде, ал функция — 
тілдік система элементтерінід ішкі қасиеті, олардың қолданылу
130


мүмкіндігін көрсететін элементтердің (сөздің —* О. М.) қарым-қа- 
тынасы» (Слюсарева 86, 32) *). Н. А. Слюсареваның бұл еңбегінен 
сәл бұрынырақ жарық көрген екінші бір еңбегінде осы тіл эле- 
менттерінің функциясына байланысты сөз мағынасына талдау 
жасай отырып, «К внутренней стороне значимых единиц относят­
ся значение и ценность (значимость, Valer — по Соссюру), которые 
в их совокупности составляет то, что приятно именовать «означае­
мым», а в более современных терминах — «планом содержания»,— 
деп жазған болатын (Слюсарева 81, 246)
Тіл білімінде значение, значимость (ценность) терминдеріне 
анықтама бір ізді берілмейді, тіпті кей ғалымдар оларды ажыра- 
тып қолданылуына қарсы да (Будагов 76, 99) *. Мағына (значе­
ние), мән (значимость) Н. А. Слюсареваның еңбектерінде ерекше 
мән беріліп, ажыратылады. Мэн (значимость, ценность) тіл систе- 
масының ішінде болады. «Бұның бәрі мәннің өзіндік қасиеттері 
ішкі системалық қатынастарына негізделеді деп қорытынды шы- 
ғаруға негіз бола алады. Бірақ мән тілдік системадан тыс та қа- 
лыптасады, пайда болады да сөйлемдердің бөлшектерінде, хабар- 
лау үстінде системаға негізделеді, соған бекітіледі де оның ажы- 
рамас бір бөлшегі ретінде өмір сүреді»,— деп мәнді тілдік 
системадан шығарады (Слюсарева 86, 247) *. Ал, мағына болса, 
тілдік системадан тыс өмір сүреді деген. Осы екеуінің қосындысы 
тілдің ішкі жағын, мазмұнын жасайды. «Мазмұн (содержание) 
мен таңбалаушы, өз жолымен, екі бөлімнен тұрады: мағына мен 
мән. Мағына ақыл-парасат арқылы ойлаумен байланысады. Оны 
біз ұғым деп түсінеміз. Ал, мән болса, таңбаның системадағы ор- 
ны арқылы анықталады, яғни оның басқа таңбалармен қатынасын 
және оның реляциялық 
(салыстырмалы, толық болмаған — 
О. М.) қасиетін білдіреді»,— деп түсініктеме берген (Слюсарева 
77. 108) *). Л. А. Новиков та осыған жақын анықтама берген (Но­
виков 82, 97) *.
Н. А. Слюсареваның соңғы пікірімен байланысты пікірімізді 
жинақтайтын болсақ, біріншіден, сөздің (жалпы мағыналы тілдік 
элементтердің) мағынасы екі элементтен тұрады: бірі — магына, 
екіншісі — мазмұн; екіншіден мағына мен мазмұн тең емес, маз- 
мұн тілдік системадан, тіл элементтерінің системадағы орнымен 
байланысты анықталса, мағына тіл системасынан тыс, адам ойы- 
мен, ұғыммен байланысты анықталады. Үшіншіден, Н. А. Слюса­
рева қолданған мағына (значение) термині мен оқулықтарда қол- 
данылып жүрген мағына терминдері бір мағынаға ие емес. Біздің 
түсінігімізше, сөз мағынасы әрі интерлингвистикалық элементті, 
әрі экстролингвнстикалық элементтерді қамтуы керек. Онсыз тіл 
қатынас кұралы, сөз оның негізгі құрылымдық элементі қызметін 
атқара алмайды.
1 Цитатаны орыс тілінде беруімізге себеп — көп терминдердің қазақ тілінде 
баламасының болмауы, бар болса да орыс тіліндегі мағынасымен толық келмей- 
тіндігі. Эрине, значимость — мән, означаемый — белгілеу, план содержание тер- 
минін мазмұн деп алуға болар еді, бірақ бұл терминдер қазақ тілінде әлі қалып- 
таспаған және орыс тіліндегі мағынасын толық бере алмайды.
131


Тіл — қатынас құралы қызметін тек сөйлесу не жазу процесі 
негізінде ғана атқара алады. Сөйлесу процесінде сөздер өзара 
байланысады, нақтылы бір мағынаға ие болып, бір қырынан көрі- 
нуі керек. Кез келген сөз бір тіркесте өзінің барлық мағыналық 
«қырын» толық көрсетіп бере алмайды. Мысалы, орындыққа отыр- 
ды дегенде орындық сөзінің мағына құрамындағы барлық сема 
бірдей түсіндіріле бермейді. Яғни орындықтык 4 аяғы, арқасында 
сүйеніші барлығы, бір адамға арналғандығы, отыратын жиһаз 
екендігі бірдей түсіндірілмейді, тек отыруға арналған жиһазға 
отырғандығы түсіндіріледі. Егер арқалы орындықты табуреткамея 
салыстыратын болсақ, арқасында сүйенетін бөлшегі барлығы көз 
алдымызға келеді. Сондықтан да кей тілшілердің сөз мағынасы 
осы сөйлесу кезінде тыңдаушысы түсінген информацияға тең деп 
те айтушылар бар. Бірақ бұл жерде екінші бір сұрауға жауап беру 
керек сияқты. Сөздер тіркеске түсіп бедгілі бір синтагмалық қа- 
тынаста қолданылғанда жаңа мағынада қолданылады ма? Бұл 
сұрау сөздердің полисемантикалық қасиетін анықтаумен байла- 
нысты көбірек беріледі. Біздіңше, сөздердің сөйлеу процесінде бе- 
рілген информациясы мен тіл элементі ретінде сақталынған мағы- 
наларынын көлемі тек емес, соңғысының көлемі кең. Сондықтан 
да қажетті жағдайда айтушы сөз мағынасының бір қырын ғана 
негіз етіп (басқасы сол мағынаның көлеңкесінде) алады да, өз 
мақсатында қолданады. Осы тіл элементі ретінде қолданылған 
сөздін мағынасы арасында теқдіктің болмауы, тіл элементтерінің 
мағынасында артықша семалардың болуы сөздердің полисеманти- 
калық қасиетке ие болуының бірден-бір негізгі себепшісі болып 
саналады. Сонымен бірге тілдегі өзгеру осы сөйлесу процесіндегі 
ауытқулардан басталынады да біртіндеп тілдік системаға еніп, 
нормаға айналады.
Сөз мағынасының құрамындағы интерлингвистикалық және 
экстролингвистикалық немесе лингвистикалық және бейнелік эле- 
менттердің барлығын мойындаумен бірге біз олардың өте тьіғыз 
байланысты екендігін де естен шығармаймыз. Сөзсіз синоннмдік, 
антопимдік қабаттағы сөздердің мағынасын ажыратуда экстро- 
лингвистикалык элементтердің ролі мол болады. Олардың магына- 
ларына анықтама бергенде осы экстролингвистикалық (бейнелік) 
мағынаға сүйенеміз. Салыстырыңыз: ақ„ боз, іиаңқан сөздері ақ 
түсті білдіреді. Әрине ақ түс — адамдардың дүниедегі заттардын 
түсі негізінде қабылданған субъектив бейнесіне негізделінген. 
Бірақ ақ, боз сөздері бірдей мағына білдірмейді. Қазақ тілі түсін- 
дірме сөздігінде ак, сөзіне 7 мағына берсе, боз сөзіне 4 мағына 
берген, ал шаңқан сөзіне бір-ақ мағына берген. Бұлардың номина- 
тивтік мағыналарыиың өздерінде де ерекшеліктін барлығы анық. 
Мысалы, боз — ақшыл қылаң түс. Шаңқан — ак, сүттей аппак 
(КТТС 2, 135). Бұл анықтамалар тілдік системаларға байланысты 
берілмеген. Ал олардың қолданылу ерекшелігіне байланыстырып 
анықтама берсек, тілдік заңдылықтарға сүйенеміз. Мысалы, ақ —
атқа, жылқыға байланысты қолданылмайды, иіаңқан_адамнын
түсіне байланысты қолданылмайды. Әрнне бұлар ақ, боз, іиаңқан
132


сөздерінің мағынасын дифференциация жасайтын белгілері. «Фо- 
немалар сияқты сөз мағынасында да дыбыстық және грамматика- 
лык жағынан қалыптасқан белгілі бір тілдік системада микросис- 
темада, сөздердің тобында пайда болады, бекітіледі, өмір сүреді» 
(Уфимцева 86, 15) *.
Бейнелік мағына мен лингвистикалық мағынаны (мағыналық 
элементтерді) ажырата отырып ескеретін екінші бір жағдай да 
бар. Сөздер тіркеске түсіп те, системада белгілі бір орын нелеп те 
өздерінше бейнелік мағынаға сүйенбей мағына да, мән де жасай 
алмайды. Керісінше, бейнелік мағынаға сүйене отырып өзара бай- 
ланысады, сұрыпталып системада өз орнын белгілейді, лингвисти- 
калық (интерлингвистикалық) мағыналық элементтерге ие бола­
ды. Бейнелік мағына барлық кезде толық көрінбейді, лингвнсти- 
калық мағына — сөзсіз болатын ажыралмас серігі. Сондықтан да 
сөз мағынасын екіге бөлгенде ғылыми зерттеу мақсатында ғана 
бөлеміз, ал күнделікті өмірде қолданылғанда олар бөлінбейді, 
жеке-жеке өмір сүрмейді.
Лингвистикалық мағына екі жол арқылы беріледі: 1) парадиг- 
малық мағына арқылы, 2) синтагмалық мағына арқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет