лық топқа біріктіріп, мағыналық байланысы бар сөздер деп көр-
сету бар. Сөздерді ортақ мағыналық элементтер (бұдан кейін се-
малар) арқылы өзара байланыстырып, белгілі бір топ ету тек зат
есімдерде ғана емес, басқа сөз таптарынан да байқауға болады.
Мысалы,
кел, кет, жүр, жүгір, шап, зыт, жорғала, еңбекте, сырғы,
зымыра т. б. етістіктерді қозғалу етістіктері;
отыр, тұр, жатыр,
жүр, жанбаста, қисай, жүреле, етпетте, іиынтақта, іиалқала, ті-
зеле, шөкеле сияқты етістіктерді қалып етістіктері;
ал, бер, ат,
лақтыр, шымшыла, сипа, түрт, теп, үр, нүқы, істе, жаз, сыз сияқты
етістіктерді
амал-әрекет етістіктері;
сөйле, айт, жеткіз, сыбырла,
сыпсыңда, айқайла, күңкілде, мыңқылда, отта, былжыра сияқты
етістіктер тобын сөйлеу етістіктері деп алғанда мағыналарына,
олардың байланысқан семаларына негізделгенбіз (Оразов 83) *.
Сын есімдерді де, үстеулерді де осындай топтарға бөлуге болады.
Бұлар өзара топ жасағанымен оларды тек лингвистикалық мағы-
наларына қарай топтастырылған деуге болады ма?
Д. Н. Шмелев орыс тіліндегі дене мүше атаулары, аяқ киім
атауларын мысал ретінде келтіре отырып, олар сөздердің семан-
тикалық белгілеріне карай топтастырылған дейді (Шмелев 73,
104) *. Егер тілдердегі сөздерді мағынасына қарай топтастыратын
болсак, қандай болар еді деген сұрау қойсақ, жауабы қалай болар
еді? Біз бұл жерде бұрын ескертіп кеткен бір терминді қайталап
айтып кеткіміз келеді. Н. А. Слюсарева ұсынған лингвистикалық
мағына өздігінен өмір сүрмейді,
бейнелік мағына негізінде, солар-
мен байланысып қана өмір сүреді, қатынас құралы болатын тілдің
бір элементі реті-нде бой көрсетеді. Тіл элементтері белгілі бір си
стема құрамына еніп, өзара қатынасып екінші не үшінші мағына
жасайды деу шындыққа жанаспайды. Бұл жерде К. Маркстің
«Заттар арасындағы қатынас затты жасамайды, сол қатынастар
арқылы заттың қасиеті анықталады» деген қағидасын (Маркс 23,
67) * ескерген жөн. Бірақ тіл білімінде ондай пікір айтушылардың
бар екендігін жасыруға болмайды. Мысал ретінде А. А. Рефор-
матскийдің сөз мағынасы туралы айтқан пікірін ескертсек те же-
тіп жатыр.
Парадигма деп тілдік бірліктің тілдік система элементі ретінде
бір-біріне сыбайлас не қарсы келетін қасиеттерімен адам санасын-
да жинақтаған, яғни тіл элементтерінің сол тілді пайдаланушы
адамның санасында жинақталуын айтамыз (Ахманова 66, 310) *.
Демек парадигма тек сөздер аралығында ғана болмай,
тілдің бар-
лык элементтері арасында болады. Сондыктан да дыбыстардың
парадигмасы, морфемалардың парадигмасы, сөздердің парадиг-
масы, сөйлемнің парадигмасы деген түсініктер бар. Олардың әр
кайсысынын өз кызметі, өз касиеттері бар. Лексикалык мағына-
мен байланысты парадигма семантикалык парадигма деп аталы-
нады да сөздер аралығында болады.
Семантикалык парадигма дегенде біз белгілі бір топтағы сөз-
дердің өзара мағыналык жакындығымен, сыбайластығымен (си-
нонимдік, антонимдік, ұштас мәндес болуымен) байланысты топ-
тастырылып, араларындағы семантикалык байланысты белгілеуді
134
айтамыз. Мұны парадигмалық, синтагмалық оське салатын бол-
сак, семантикалық парадигмаға енетін
сөздер осьтің тік сызығы
бойына орналасады (ОД). Олар тең дәрежелі тіл элементтерінің
іштей өзара байланысына негізделеді. Алғаш рет тіл элементтері
аралығында бұндай байланыстардың бар екендігін көрсеткен
Ф. де Соссюр болатын.
Ф. де Соссюр тілдің барлық элементтерін систе-
малы құбылыс деп есептейді де, тіл элементтері ара-
лығында екі түрлі байланыстың (синтагмалық, ассо-
цнациялық) барлығын көрсетеді. Бірақ автор бұл екі
байланыстың біреуі (ассоциациялық байланыс) тіл
элементтеріне тиісті болса, синтагма сөйлеу (речь)
элементтеріне тиісті деп есептейді (Соссюр 77, 155) *.
Совет тіл білімінде Ф. де Соссюрдың ассоциациялық
байланыс деген терминінің орнына парадигмалық
байланыс термині қолданылып жур де, синтагма
де Соссюр қолданылған мағынада өзгертілмей қол-
данылып жүр. Автордың
көрсетуінше адам ойында
өзара белгілі бір байланысы бар сөздер топ-топ болып сақталы-
нады. Сөйлеу кезінде адамдар осы мағына жағынан байланысты
сөздердің ішінен біреуін таңдап алып (айтушының мақсатына бай
ланысты) қолданады. Осы әр адамның ойында сақталған, өзара
ұштасып жатқан мағыналары бойынша топ-топ болып жатқан
сөздердің өзара байланысын ассоциациялық байланыс (біздіңше
парадигмалық байланыс) деп атайды. Ал осы байланыс негізінде
анықталатын мағыналық элементті біз парадигмалық мағына (не
мағыналық элемент) деп атаймыз. Ф. де Соссюр парадигмалық
мағына терминін қолданбаған, мән (мұны кей авторларымыз зна
чимость, кей біреулері ценность деп аударып жүр) терминін қол-
данған. Ол мәнді сөздердің қатынасынан шығарады. «Синтагма
мүшелері не өздерінің алдындағы, не соңындағы, не екі жағында-
ғы сөздермен қатынасы негізінде мәнге ие болады»,— деп жазады
(Соссюр 77, 155).
Парадигмалық байланысты тең дәрежелі тіл элементтерінің
арасындағы байланыс дедік. Бірақ
тіл элементтерінің барлығы
бірдей мағына білдіре бермейді. Сондықтан парадигмалық бай
ланыс бар жердін, барлығынан мән (значимость) іздей беру де
дұрыс болмайды. Мысалы, тілдердегі дауысты дыбыстар өзара
парадигмалық байланыс жасайды. Эрине дауысты дыбыстар түр-
лі белгілеріне карай (ерін мен езудің калпына карай, ауыздың
ашылу калпына карай, тілдің калпына карай) парадигмалык бел-
гісін аныктауы мүмкін, бірақ олар тікелей мағына білдірмейді.
Сондыктан олардың арасынан семантикалык парадигма іздеу бос
әурешілік болар еді. Рас, семантикалык парадигма морфемалар,
сөйлемдер аралығында бар. Бір ескертетін нәрсе сол — морфема-^
лар арасындағы семантикалык парадигма, негізінен, грамматика-
лык мағыналармен не лексико-грамматикалык мағыналар арасын-
да болса, сөйлемдер арасындағы парадигмалык байланыс күрделі
оймен, пайымдаумен байланысты болады. Лексика элементтері
135
арасындағы семантикалық парадигма
сөздердің лексикалық ма-
ғынасымен байланысты болады, соған сүйенеді.
Сөздердіқ объектив дүниедегі заттардың, құбылыстардын не
түрлі ұғымдардың атауы болатындығы, объектив дүниенін бір
ұшпағын сәулелендіретіндігі туралы жоғарыда айттық. Бірак олар
тек объектив дүниемен не ұғыммен шектелініп қоймайды, оны тіл-
дік ойлау (языковое мышление) негізінде қайта сұрыптау процесі
де болады. Мысалы, бізден 10—15 шақырым жердегі заттарды тек
алыстағы зат деп қана атаймыз,
ұзақтағы, ит өлген жердегі, жы-
Достарыңызбен бөлісу: