Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет75/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   94
де, жеткіз, өсекте, сыбырла, сыпсыңда, мысқылда, ма^та спяқты 
етістіктердің мағына құрамында да мағыналық байланыс болған- 
дықтан біз оларды сөйлеу етістіктерінің қатарына қосқанбыз. Те- 
матикалық топ пен лексико-семантикалық топтың арасындағы 
екінші айырмашылық — лексико-семантикалық топтың мүшелері 
арасында белгілі оппозициялық байланыс болады. Егер лексико- 
семантикалық топтың құрамына бір сөз енсе не шығып қалса 
оппозициялық байланыс өзгереді; лексико-семантикалық топтың 
бір мүшесінің мағынасы не тарылады, не кеңейеді; не бір мүше 
орнын жаңа келген сөз басады. Сол үшін де Ф. де Соссюр қорқу, 
қауіптену, сескену сияқты синоним сөздердің біреуі қолданылудан 
шығып қалса, қалған мүшелерінің мағынасында өзгеріс болады 
деп дұрыс айтқан болатын (Соссюр 77, 148) *. Мысалы, Абай шы- 
ғармаларында арыс сөзі қолданылған. Мағынасы — ру, тайпа, ел. 
Бұл сөз баска ақындардың шығармаларында да бар. Мысалы, Бас 
қосылса арысқа, кім шабады намысқа (Абай). Бұл сөз үстіміздегі 
ғасыр басында да қолданылған. Мысалы, Біздің Адай халқы сегіз 
арыс ел болады (Айқап). Ал, қазіргі қазақ тілінде колданылмай- 
ды, оның есебіне тайпа сөзінің мағынасы кеңейіп, арыс сөзінің 
орнына да қолданылып жүр. Егер бұл типтес сөздерді туыстас 
тілдер материалдарымен салыстырсақ, жоғарыда айтқан пікіріміз 
өте айқын болады. Мысалы, өзбек тілінде парсы-тәжік тілдерінен 
алынған гапирмоқ етістігі колданылады да, мағынасы жағынан 
қазіргі қазақ тіліндегі сөйле, айт етістіктерімен мәндес болады. 
Сонымен бірге өзбек тілінде сөйлеу етістігі де бар. Өзбек тілінің 
түсіндірме сөздігінде сузламоқ, сузланилмоқ, сузлашмоқ етістікте- 
рінің барлығын да көрсеткен (УТИЛ—2, 94—95) *. Сөздікте бұл 
екі сөздің мағынасында айырмашылық барлығын көрсеткен. Га- 
пирмоқ етістігі бейтарап лексикасының қатарынан орын алады да 
көп колданылады. Ал сузламоқ етістігі кітаби лексиканық эле­
мент! ретінде колданылады да, күнделікті өмірде сирек колданы­
лады (Кучқартаев 77, 90) *.
Лексико-семантикалық топ мүшелері арасында болған өзге- 
рістер сол топтағы сөздердің барлығына бірдей эсер ете бермейді, 
белгілі бір мүшелеріне ғана эсер етеді. Мысалы, қазақ тілінде 
жалыну, өтіну, сүрау, тілеу, жалбарыну сияқты етістіктер бір кіші 
лексико-семантикалық топ жасайды. Әрине бұл сөздердің мағына
175


құрамында өздеріне ғана тән болған, басқаларында кездеспейтін 
мағына элементтерінің болатындығы анық, себебі олар жеке-жеке 
сөз. Сұрау етістігінін мағынасында біреуден бір нәрсені қалау, 
өтіну, жауап күту, жалбарыну сияқты мағыналық элементтер бар. 
Ал, тілеу етістігінде біреуден өтіну. жалбарыну, жалыну мағына- 
сы бар, Сүрау етістігінің мағынасында талап ету реңкі болса, ті- 
леуде жалыну, өтіну реңкі басым (талап ету мүлде жоқ). Бірақ 
тілеу етістігі Абай шығармаларында талап ету мағынасында да 
қолданылған. Мысалы, Ақыл айтсаң біреуге, Ішің еріп, егіліп, 
Ұялмас ақы тілеуге, Бермесең қалар туңіліп (Абай). Қазіргі қазақ 
тілінде ақы тілеу тіркесі қолданылмайды, ақы сұрау тіркесі қол- 
данылады. Демек тілек сөзі Абай дәуіріне қарағанда өз мағына- 
сын тарылтса, сұрау сөзі мағынасын кеңейткен. Бірақ бұл мағы- 
налық өзгерістер өтіну, жалыну, жалбарыну сөздеріне ықпал ет- 
пеген.
Тематикалық топтардың мүшелерінің арасында мүлде мағы- 
налық байланыс жоқ екен деген түсінікке де келуге болмайды. 
Мысалы, туысқандық атауларын білдіретін ата, ана, бала, үл, қыз 
сияқты сөздер өзара мағыналарының ұштасып жатуы (корреля- 
тив мағынасы арқылы) арқылы байланысып жатады. Олар да 
лексико-семантикалық топтың мүшелері сияқты өз дербестіктерін 
сақтай отырып, өзара байланысып, ұштас мәндес заттар не түсінік 
атаулары ретінде қабылданады. Сондықтан да кез келген зат не 
түсінік атаулары бір те.матикалық топтың мүшесі бола алмайды. 
Сонымен бірге олар арасында тікелей оппозициялық катынас жа- 
сайтын мағынаны талап ету де дұрыс болмайды. Ата мен қыз, к,а- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет