129
4-тарау
•
Макс Вебер
Мысалы, Вебер протестантизм мен капитализм рухының арасындағы қарым-
қатынасты зерделей отырып, көптеген тарихи байланыстарды өз зерттеу лерінде
айқын түсіндіріп берді. Кейде әртүрлі түсіндірілсе де, Вебер (1904–1905) 1958)
протестанттық этика капитализмнің қарқынды дамуына ықпал еткен фактор-
лардың бірі болғанын дәлелдеді. Ол протестан тизмді жалғыз ғана себеп деген
идеяның «ақымақтық» екенін айтады. Мұн дай ақымақтық, Вебердің пікірін-
ше, «тек» протестант реформациясының нәтиже сінде капитализм пайда болуы
мүмкін деген идеяға да тән; басқа факторлар да сол нәтижеге әкелуі мүмкін еді.
Вебер былай деп тұжырымдайды:
«Біз діни қозғалыстардың материалдық мәдениеттің дамуына әсер ет-
кен… тәсілдер мен жалпы
бағыттарды мүмкіндігінше айқындаймыз...
Тек дәлдікпен нақтыланған кезде ғана қазіргі заманғы мәдениеттің тари-
хи дамуының сол
діни күштермен және басқалармен қаншалықты дәре-
жеде байланысты екенін анықтауға талпыныс жасалуы мүмкін».
(Weber, [1904–1905] 1958:91–92 italics added)
Вебердің тарихи байланыстар туралы ойларына қатысты есте сақтауды қа-
жет ететін маңызды нәрсе – ол «адам әлеуметтік өмір туралы арнайы түсінік-
ке
(verstehen) ие болатындықтан, әлеуметтік ғылымдардың білімі жараты-
лыстану ғылымдарының білімінен ерекшеленеді» деп түйіндеді. Вебер былай
деген болатын: «Адамның «мәнді түрде» түсіндірілетін мінез-құлқы (әрекет)
«құндылықтар» мен мағыналарға сілтеме жасау арқылы анықталады. Сондық -
тан біздің
себеп-салдарлы түсіндіру критерийлеріміз осындай «тіршілік иеле-
рін» тарихи түсіндіруде қанағаттанудың бірегей түріне ие болады
» ([1903–1906]
1975:185). Демек, әлеуметтанушылардың каузалдық білімі жараты лыстану кау-
залдық білімінен ерекшеленеді».
Вебердің тарихи байланыстар туралы ой-пікірлері оның немотетикалық
және идиографикалық білім арасындағы өзара конфликтіге қарсы әрекет етуі-
мен тығыз байланысты болды. Немотетикалық көзқараспен келісетіндер әлеу-
меттік құбылыстар арасында қажетті байланыстар бар екенін айтса, ал идио -
графикалық перспективаның жақтаушылары субъектілер арасындағы кездей-
соқ қатынастарды ғана көруге бейім болады. Әдеттегідей, Вебер ара лық пікір
ұстанды, ол оның
дәлме-дәл тарихи байланыс түсінігінен көрініс табады. «
Дәл-
ме-дәл тарихи байланыстар түсінігі әлеуметтанудағы әлеуметтік құ былыстар-
дың арасындағы қарым-қатынас туралы ықтимал мәлімдемелер жа сайды» де-
ген пікірді жеткілікті негіздейді; яғни
x орын алса, онда
y орын алуы
ықтимал.
Мақсаты – «белгілі бір эффектінің белгілі бір «жағдайларды» туғызу
деңгейін
бағалау» (Weber, [1903–1917] 1949:183).
Достарыңызбен бөлісу: