130
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
«Идеалды тип бір немесе бірнеше көзқарастың біржақты
акцентуация-
сы мен көптеген жайылмалы, дискретті, азды-көпті орын алатын және
кей уақытта жоқ болатын
нақты жеке құбылыстардың синтезі арқылы
қалыптасады, олар сол біржақты зейін қойылатын көзқарастарға сәйкес
біртұтас аналитикалық құрылымға топтастырылады... Оның қоспасыз
тұжырымдамасында бұл ақыл-ойлар құрылымы... нақты өмірде еш жер-
де эмпирикалық түрде кездеспейді».
(Weber, [1903–1917] 1949:90)
Осы анықтамаға қарамастан, Вебер идеалды тип түсінігін қолдануда жү-
йелілік танытқан жоқ. Алғашында тұжырымдаманың нені білдіретінін түсіну
үшін кейбір келіспеушіліктерге назар аудармағанымыз жөн. Ең негізгі деңгейде
идеалды тип – әлеуметтанушының кейбір әлеуметтік
құбылыстардың маңызды
ерекшеліктерін екшеп алу үшін өз мүдделері мен теориялық бағыты негізінде
жасаған тұжырымдамасы. Идеалды типтер туралы ең маңызды нәрсе – олар эв-
ристикалық құрылғылар; олар эмпирикалық зерттеулер барысында және әлеу-
меттік әлемнің (немесе «тарихи жеке тұлғаның») белгілі бір аспектісін түсінуде
пайдалы болуы тиіс. Лахманның пайымдауынша, идеалды тип – «шын мәнін-
де өлшем» (1971:26) немесе Калбергтің
терминінде «көрсеткіш» (yardstick)
(1994:87). Ал, Вебердің пікірі бойынша: «Оның функциясы – эмпирикалық
шындықпен салыстыру, оның айырмашылықтарын немесе ұқсастықтарын бел-
гілеу, оларды
ең бір мәнді түсініктермен сипаттау, сондай-ақ себеп-салдарлық
тұрғысынан түсіну және түсіндіру» ([1903–1917] 1949:43). Мысалы, әлеумет-
танушылар тарихи деректерді терең талдай отырып,
идеалды типтегі бюрок-
ратияны қалыптастырады. Мұндай идеалды типтерді нақты бюрократиямен
салыстыруға болады. Зерттеуші шынайы жағдайда шамадан тыс идеалды тип-
тердің айырмашылықтарын іздейді. Содан кейін әлеуметтанушы ауытқулардың
себептерін қарастырады. Сондай айырмашылықтардың көп кездесетін кейбір
себептері:
1.
Теріс ақпаратқа негiзделген бюрократтардың iс-әрекеттерi.
2. Ең алдымен, бюрократиялық көшбасшылар жасайтын
стратегиялық қа-
телер.
3. Көшбасшылар мен ізбасарлардың іс-әрекеттеріне тәуелді
логикалық қате-
ліктер.
4. Бюрократияның
эмоциялы түрде қабылдаған шешімдері.
5. Бюрократияның көшбасшылары мен ізбасарларының іс-әрекеттеріндегі
кез келген иррационалдық.
Тағы бір мысал келтірсек, идеалды типтегі әскери соғыс осындай со ғыс-
тың негізгі компоненттерін, яғни қарсыласқан әскерді, қарсы стратегияларды,
олардың әрқайсысының еншісіндегі
материалдық құралдарды, дау-дамайлы
жерлерді (шекарадағы жер) («no-man’s land»), жабдықтау және қолдау күш-
терін, командалық орталықтарды, көшбасшылық қасиеттерді анықтайды.
131
4-тарау
•
Макс Вебер
Нақты шайқастарда аталған элементтердің бәрі бірдей болмауы мүмкін және
бұл – зерттеушілер білгісі келетін сұрақтардың бірі. Негізгі ұстаным – кез кел-
ген нақты әскери шайқастың элементтерін идеалды типте анықталған элемент-
термен салыстыру.
Идеалды типтердің элементтері (мысалы, идеалды типтегі әскери шайқас-
тың құрамдас бөліктері) өз бетімен жинақталмайды, олар үйлесімділік негізін-
де біріктіріледі. Хекманның
айтуынша, «идеалды типтер – әлеуметта нушы на-
зының немесе қиялының жемісі емес, логикалық тұрғыдан жасалған ұғымдар»
(1983:32). (Алайда олар әлеуметтанушының мүддесін көрсетуі мүмкін және
қажет.)
Вебердің пікірінше, идеалды тип индуктивті түрде әлеуметтік тарихтың
нақты әлемінен алынады. Вебер ұғымдардың дедуктивті түрде
абстрактілі тео-
риямен анықталып, түсіндірілуін жеткіліксіз деп санады. Оның пікірінше, тұ-
жырымдар эмпирикалық тұрғыдан сәйкес болуы керек (G. Roth, 1971). Осылай-
ша, зерттеушілер алдында ең бірінші тарихи шындықты зерттеп, содан соң оны
түсіну негізінде идеалды типтерді айқындау міндеті тұрады.
Вебер немотетикалық және индивидуалдық білімнің ортасында аралық
орынды айқындауға ұмтыла отырып, идеалды типтер тым жалпы немесе тым
нақты болмау керек деп түйеді. Мысалы, ол дін тарихының идеалды типтерін
мүлдем қабылдамайды, бірақ ол сонымен қатар адамның діни тәжірибесі сияқ-
ты айрықша құбылыстардың идеалды типтерін сынайды. Керісінше,
идеал ды
типтер кальвинизм, пиетизм, методизм және баптизм сияқты аралық құбы лыс-
тар арқылы дамиды (Weber, [1904–1905] 1958).
Идеалды типтер нақты өмірден алыну қажет болса да, олар осы өмірдің тек
«айнадағы» бейнесі болуымен шектелмеуі керек. Керісінше, олар шынайы әлем-
де болып жатқан нәрселердің мәнін біржақты асыра көрсетуі тиіс. Вебердің пі-
кірінше, идеалды типтер неғұрлым асыра көрсетілсе, бұл соғұрлым тарихи зерт-
теулер үшін пайдалы болады.
Идеал сөзін қолданғанда, баяндалатын тұжырымдама қандай да бір мағына-
да барлық ықтимал әлемдердің ең жақсы сипатын білдіреді деп түсінбеу керек.
Вебердің қолдануындағы бұл түсінік тұжырымдамада сипатталған форманың
нақты өмірде кездессе де, өте сирек ұшырасатынын білдіреді. Расында, Вебер
идеал типтердің оң немесе дұрыс болуы міндетті емес деп тұжырымдайды, ол
дәл
солай теріс, тіпті моральдық қолайсыз болуы мүмкін ([1903–1917] 1949).
Идеал типтердің өзіндік мағынаға ие болуы, олардың компоненттерінің ма-
ғынасы үйлесімді болуы және бізге нақты әлемді түсінуге көмектесуі керек.
Біз статикалық объектілерді сипаттайтын идеалды типтерді ойлағанымыз-
ға қарамастан, Вебер олар статикалық сияқты динамикалық элементтерді де
сипат тай алатынына сенді. Осылайша біз бюрократия сияқты құрылымның
немесе бюрократизация сияқты әлеуметтік дамудың идеалды типіне қол жет-
кізуіміз мүмкін.
Сонымен қатар идеалды типтер біржолата орнықпайды. Қоғам үнемі өзгеріп
отырады, әлеуметтік ғалымдардың мүдделері де өзгереді, сондықтан шындық-
қа сай болу үшін жаңа типологияларды дамытып отыру керек. Бұл – Вебердің
«әлеуметтік ғылымдарда мәңгілік түсінік болмайды» деген ойына сәйкес келеді
(G. Roth, 1968).
Біз идеалды типтердің салыстырмалы түрде
айқын бейнесін ұсынғанымыз-
бен, Вебердің тұжырымдаманы анықтауында қайшылықтар бар. Сондай-ақ өзі-
нің жеке жұмысында Вебер идеалды типті оны өзі қолдануға қажетті деп анық-
132
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
таған тәсілдерден ерекшеленетін жолмен пайдаланды. Бургер атап өткендей,
Economy and Society («Экономика және қоғам») еңбегінде ұсынылған идеал тип-
тер – Вебердің мәлімдемелерімен сәйкес келе бермейтін әркелкі анықтамалар,
жіктеу және нақты гипотезалар қоспасы» (1976:118). Вебердің идеалды типтер-
ді анықтауындағы сәйкессіздікке қатысты Бургердің онымен келіспеген тұста-
ры болса да, ол «Хекман (1983:38–59), сонымен қатар
Вебер идеалды типтердің
бірнеше түрін ұсынады» деп мойындайды:
1. Тарихи идеалды типтер. Олар белгілі бір тарихи дәуірде орын алған құ-
былыстарға жатады (мысалы, қазіргі капиталистік нарық).
2. Жалпы әлеуметтанудың идеалды түрлері. Олар көптеген тарихи кезең-
дер мен қоғамдарды қамтитын құбылыстарға тән (мысалы, бюрократия).
3. Іс-әрекеттің идеалды түрлері. Бұл актордың мотивацияларына негіздел-
ген әрекеттердің таза түрлері (мысалы, аффективті әрекеттер).
4. Құрылымдық идеалды типтер. Бұл әлеуметтік әрекеттің себептері мен
салдарлары арқылы қабылданатын түр (мысалы, дәстүрлі үстемдік).
Әлбетте, Вебер идеалды типтердің көптеген нұсқаларын жасап шығарды,
ал оның кейбір жұмыстары әртүрлілігімен құнды, бірақ олар үшін жалпы-
ға ортақ құрылым түрі бар. Калбергтің (1994) пікірінше, эмпирикалық зерт-
теулерде идеалды типтерді эвристикалық қолдану маңызды болғанымен, Ве-
бердің жұмысында басты
теориялық рөл атқаратынын ұмытпау керек. Вебер
теориялық заңдардың идеясын қабылдамаса да, теориялық модельдерді құру
үшін әртүрлі тәсілдер мен идеалды түрлерді қолданады. Осылайша идеалды
типтер түрлі теориялық модельдерді құруға арналған теориялық құрылымдар-
дан тұрады (мысалы, харизманың рутинизациясы мен қоғамның рационалдан-
дырылуы – екеуі де кейінірек осы тарауда қаралады) және бұл модельдер нақты
тарихи оқиғаларды талдауда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: