185
5-тарау
•
Георг
Зиммель
бағыну – тәуелсіздік және абырой элементіне, салыстырмалы түрде заңдар-
ға бағыну механикалық және енжар сипатқа ие» ([1908] 1971d:115). Бұдан да
күрделірегі – заттарға бағынуды (мысалы, пұтқа табыну) Зиммель «кемсітуші
қатаң және шартсыз бағыну түрі» деп анықтаған ([1908] 1971d:115). Индивидті
зат билегендіктен, «ол өзі психологиялық деңгейде қарапайым зат категория-
сына енеді» (Simmel, [1908] 1971d:117).
Әлеуметтік формалар және Зиммель көтерген басты мәселе. Гай Оукс
(1984 жылы) Зиммельдің формалар жайлы талқылауларын
оның басты мә се-
лесі – объективті және субъективті мәдениет арасындағы арақашықтықтың ар-
туымен байланыстырды. Ол «Зиммельдің объективтікті айқындауы – заттар-
дың субъективті немесе психологиялық генезисінен тәуелсіздігі – Батыстың
мәдениет тарихындағы ең үлкен жетістігі еді» деген позициядан бас тайды
(Oakes, 1984:3). Осы объективтікті қарастырудың бір әдісі –
формаларды тал-
қылау, бірақ мұндай формаландыру мен объективтендіру қажет әрі қалаулы
болып көрінгенмен, олар мүлдем теріс болуы мүмкін.
«Бір жағынан, формалар – энергия мен өмірге деген құлшынысты жүзеге
асырудың қажет шарттары. Екінші жағынан, бұл формалар өмірден ал-
шақтаған және шеттетілген бола бастайды. Бұл процесс жүзеге
аса баста-
ғанда өмірлік процесс пен оны айқындайтын конфигурациялар арасында
шиеленіс туындайды. Ақыры, бұл конфликт өмір мен форма арасындағы
қарым-қатынасты жоюға қатер төндіреді, сол арқылы өмір процесі авто-
номды құрылымдарда жүзеге асуы мүмкін шарттарды жояды».
(Oakes, 1984:4)
Достарыңызбен бөлісу: