Алеуметтану тероиясы indb


Әлеуметтік құрылымдар мен әлемдер



Pdf көрінісі
бет151/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Әлеуметтік құрылымдар мен әлемдер 
Зиммель қоғамның кең ауқымды құрылымы хақындағы мәселеге көп тоқ-
тал маған. Іс жүзінде өзара әрекеттесу үлгілеріне назар аудара отырып, әлеу-
меттік шындықтың бұл деңгейдегі әсерін жоққа шығарады. Мысал ретінде 
оның қоғамға анықтама беру барысында реалистік позицияны жоққа шығар-
ғанын айтуға болады. Реалистік позицияның өкілі Эмиль Дюркгейм қо ғамды 
материалды болмыс деп есептеген. Льюис Косер: «Ол қоғамды зат не месе 
организм ретінде қарастырмайды», – деп жазады (1965:5). Сонымен қатар 
Зиммель қоғамды көптеген оқшауланған адамдар жиынтығы деп қарастыра-
тын номиналды тұжырымдамамен де келіспеді (Spykman, [1925], 1966:88). 
«Қоғам – «өзара әрекетпен» байланысқан бірнеше адамдардың жиынтығы» 
(Simmel, Coser, 1965:5).
Зиммель интеракционистік позициясын ұсынғанымен, өзінің көптеген 
еңбектерінде қоғамды шынайы материалды құрылым ретінде алып, реалист 
сияқты жұмыс істейді. Бұл Зиммель еңбектеріндегі өмір мен форма арасын-
дағы шиеленісті көрсетеді. Өмір үнемі әлеуметтік және мәдени формаларды 
туындатады, олар, өз кезегінде, өздерін туындатқан адамдардан үстем түседі. 
Бұл әлеуметтік формалар кейін адамдармен бетпе-бет келеді. «Қоғам адамнан 
үстем түседі және өз заңдары бар өзіндік өмір сүреді. Бұл тұлғаға тарихи, им-
перативтік тегеурінді қарсы шығады». (1908, 1950:258). Зиммель ойларының 
осы аспектісінің мағынасын Косер былайша түсіндіреді: «Индивидуалдыдан 


186
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
жоғары тұрған мемлекет, клан, отбасы, қала немесе кәсіподақ сияқты үлкен құ-
рылымдар өзге күштер болатын болса, автономия мен тұрақтылыққа қол жеткі-
зіп, тұлғаға қарсы тұра алса да, осы қарым-қатынастың кристалдануы ғана бола 
алады» (1965:5).
Зиммель «Өмірге көзқарас» ([1918] 2011) атты соңғы еңбегінде бұл фено-
менге «әлем» тұжырымдамасын қолдану арқылы жақындады. Әлем – өмір ағы-
мы тұрақты формаға айналатын процесті түсіндірудің тағы бір әдісі. Зиммель-
дің пікірінше, әлем – «барлық деректерді бір ортаға жинайтын форма» (55).
«Әлем материалының» үздіксіз ұйымдасу тәсілі сипатталады (21). Зим-
мель үшін тек бірнеше әлемнен басқа ешбір әлем жоқ, олардың әрқайсысы 
бір өмір материалын әртүрлі, өзара бір-бірін жоққа шығаратын тәсілдер ар-
қылы қамтиды. Салыстырмалы түрде шағын микроәлеуметтік формаларға 
қарағанда әлемнің қамтитын ауқымы әлдеқайда үлкен, осылайша ол макро- 
әлеуметтік сипатқа ие болады. Зиммель ең маңызды үш әлемді талқылай-
ды: ғылым, дін және өнер. Өмірде ортақ жайлары көп екеніне қарамастан, 
бұл әлемнің әрқайсысының өмір мазмұны әртүрлі. Бұлар адамның әлемге 
қатысуының әртүрлі ықтималдығы мен түрлі әлеуметтік қарым-қатынастың 
дамуы болуы мүмкін. Осылайша, әлем туралы ой талқылау философиялық 
тұрғыда болса да, әлемді тану арқылы әлеуметтік ұйымдасудың кең мас - 
штабты екенін түсіне аламыз.
Зиммельдің пікірінше, ақыр соңында, әлем өмір қажеттіліктері мен сұ-
раныстарына тікелей бейімделу арқылы емес, өмірді қалыптастыру арқылы 
өзінің жасаушысына жүгінеді. Келесі тарауда бұл процестің формаландыры-
луы адамдарды өз туындысынан алыстата келе, өзіндік ритм мен жиілікке ие 
қылатыны туралы айтылады. Әлем өмірден теріс айналуы мүмкін. Зиммель 
формалардың дамуын және әлем өмірді өзінше байыта алатынын түсіндіреді. 
Мысалы, кез келген басқа көзқарасқа қарағанда, дін «өзінің мазмұнына тіке-
лей мағына, жылулық, тереңдік және құндылық беретін» бірегей қасиетке ие 
([1918] 2011:54).
Сонымен бірге Зиммель экономикалық әлемді сипаттайды. Ғылым, өнер 
және дін әлеміне қарағанда, экономика өмірге ерекше қас.
Ғылым, өнер және дін ауқымы, объективтігі мен жаралған уақытынан бер-
гі арақашықтығы жағынан ұлғайғанымен, Зиммель ([1918] 2011) бұл әлем дер 
логикасында экономикаға қарағанда оларда өздерінің түпнұсқалық қасиеті, 
адам гершілігі көбірек, өмірлік көрініспен байланыстыратын бір заттың барын 
айтады. Экономикаға қатысты ол былай дейді: 
«Оның дамуының күшті логикасы өзіне бағыныштылардың ерік-жігері-
не, өмірлік қажеттілігі мен мәніне байланысты емес. Экономика адамдар 
үшін жаралғандай емес, керісінше, адамдар сол үшін жаратылғандай, тек 
өз жолымен жүреді. Формалары өз өмірінен дамитын басқа әлемдерге 
қарағанда... әрине, еш нәрсе өз жаратылысынан... заманауи экономика 
сияқты аяусыз объективтілік және әзәзіл зорлықпен өмірдің шын мәні 
мен шынайы қажеттіліктеріне қарсы шықпайды».
(Simmel, [1918] 2011:59)
Зиммельдің заманауи экономиканы сынға алуы Маркс сыны сияқты 
күш-қуатты әрі көркем болмаса да, социализмді капитализмнің баламасы 
деп есептемеген. Осы тараудың келесі бөлімдерде сипатталатын Зим мель-


187
5-тарау

Георг Зиммель
дің сыны басқа процестер жиынтығымен, олардың объективті мәдениет-
те туындауы және ақшаның объективті мәдениетті дамытудағы рөлімен
байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет