Алеуметтану тероиясы indb


Ақша, реификация және рационалдандыру



Pdf көрінісі
бет155/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Ақша, реификация және рационалдандыру 
Құндылықты жасау барысында ақша сонымен қатар нарықтың, заманауи эко-
номика мен заманауи (капиталистік) қоғамның дамуын қамтамасыз етеді 
(Poggi, 1996). Ақша осы мекемелердің тыныс-тірлігіне қажетті құралдармен 
қамтиды, ол – актордан тыс және оны мәжбүрлеуші. Бұл ақша экономикасы-
ның ерекше өнімі болатын заттандырылған әлемге бартер мен сауда әкеле ал-
майтын бұрынғы қоғамдармен қарама-қайшы келеді. Ақша даму процесінің әр-
түрлі жолдармен іске асырылуын қамтамасыз етеді. 
Мысалы, Зиммель тұжырымдамасы бойынша, ақша «ұзақ мерзімді есеп-
теулер, үлкен кәсіпорындар мен ұзақ мерзімді несиелерге» мүмкіндік береді 
([1907] 1978:125). Кейінірек, Зиммель: «Ақша... ең объективті практиканы, 
ең логикалық, таза математикалық нормаларды, абсолютті еркіндікті... да-
мытты», – деген ([1907] 1978:128) ой айтты. Зиммель бұл заттану процесін
ақыл өзін көрсетіп, заттар да өзін символдайтын жалпы процестің бір бөлігі ре-
тінде көрді. Осы көріністер, символикалық құрылымдар заттандырылып, ак-
торларға бақылаушы күш ретінде әсер ете бастайды.
Ақша заттанған әлеуметтік әлемді құруға жәрдемдесіп қана қоймай, сол 


191
5-тарау

Георг Зиммель
әлеуметтік әлемнің рационалдандыруына жол ашады (Deutschmann, 1996;
B. Turner, 1986). Бұл – Зиммельдің Вебермен ортақ пікірге келген мәселе ле-
рінің бірі (Levine, 2000). Ақша экономикасында сапалық емес, сандық фактор-
ларға басты назар аударады. Зиммель: 
«Сан категориясының сапа категориясымен салыстырғанда басымды- 
лығы артып бара жатқанын көрсететін мысалдарды көптеп келтіруге бо-
лады, нақтырақ айтқанда, сапаның санда жоғалып кетуі, элементтерді са-
падан алшақтату, оларға белгілі бір қимыл формасын беру, нақты, дара 
және сапа жөнінен анықталған құбылыстарды көзге ілінбейтін элемент-
терден азды-кем, үлкенірек немесе кішірек, кеңірек немесе тар, жиірек 
немесе сирек заттар ретінде жаңғырту және олардың тек сандық анық-
тауға жарамдылығы туралы сезіну үрдістерін келтіруге бо лады, алай-
да бұл үрдіс өзінің мақсатына қарапайым құралдармен ешқашан жете
алмайды... 
Осылайша, өмірдің негізгі үрдістерінің бірі – сапаны санға дейін құлды-
рату – ақша сипатында өзінің толық аяқталған және ең жоғарғы мәндік 
деңгейіне жетеді. Бұл жерде де ақша тарихи-мәдени оқиғалардың шыңы 
болады және осы оқиғалардың бағытын анықтайды».
(Simmel, [1907] 1978:278–280)
Ақшаның заманауи әлемде зияткерлік мәнін жоғарылатып, рационалдан-
дыруға өз үлесін қосатынын да байқауға болады (B. Turner, 1986; Deutsch mann, 
1996). Бір жағынан, ақша экономикасының дамуы психикалық процес терді әл-
деқайда өрістетеді. Мысалы, Зиммель банктегі несиені қолма-қол ре зервтер-
мен төлеу қажеттілігі сияқты ақшалай транзакция кезінде туындайтын күрделі 
психикалық процестерді атап көрсеткен. Екінші жағынан, ақша эконо ми касы 
қоғамның нормалары мен құндылықтарының түбегейлі өзгеруіне әкеп соғады; 
ол «мәдениетті зияткерлікке фундаменталды қайта бағдарлауға» көмектеседі 
(Simmel, [1907] 1978:152). Интеллектінің ең құнды ойлау энер гиясына айна-
луы ақша экономикасымен байланысты.
Зиммель ақша транзакциялары қоғамның маңызды бөлшегі болып, құ ры-
лымдар кеңейгендіктен, индивид маңыздылығының төмендеп бара жатқан ын 
байқаған. Дара субъективті мәдениеттің дамыған объективті мәдениетпен са-
лыстырғанда төмендеуі – ол келтірген дәйектің бір нұсқасы (мәдениет траге-
диясы) болып табылады:
«Ақшаның жылдам айналымы шығындарды көбейтіп, сатып алуға ын-
таландырады; ол белгілі бір ақша мөлшерінің психологиялық тұрғыдан 
маңызы мен құндылығын азайтады. Ал, жалпы алғанда, ақ шаның ма-
ңызы артады, себебі қазіргі заманда ақша байсалды өмір стиліне қара-
ғанда адамға әлдеқайда үлкен әсер етеді. Біз бұл жерде кеңінен тараған 
құбылысты кездестіреміз; нақтырақ айтқанда, бір нәрсенің жал пы құны 
оның жеке бөлшектерінің құны азайған сайын артып оты рады. Мысалы, 
әлеуметтік топтың көлемі мен құндылығы оның жеке мүшелерінің өмірі 
мен мүдделері аз бағаланған сайын артып отырады; объективті мәдениет, 
оның мазмұнының саналуандығы еңбек бөлінісі арқылы ең жоғарғы дең-
гейге жетеді, ол жеке адамды және қатысушыны бір сарынды мамандан-
дыру, біржақтылық пен шектелген өсім үшін мінеп-шенейді. Адам не-


192
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
ғұрлым аз үйлесімді тіршілік иесі болған сайын, соғұрлым кемел, құнды 
және үйлесімді бола бастайды».
(Simmel, [1907] 1978:199)
Джордж Ардити (Jorge Arditi, 1996) бұл мәселені сәл басқаша сипатта тал-
дайды. Ардити Зиммель еңбегіндегі рационалдандырудың ұлғаю тақырыбын 
мойындайды, алайда ол – осы тақырыпты Зиммельдің рационалды емес ой-
лары ның аясында қарастыру қажет деп пайымдайды. «Зиммельдің пікірінше,
рационалды емес өмірдің маңызды элементі – адамзаттың ажырамас аспек-
тісі. Оның заманауи, тым рационалдандырылған әлем кеңістігінде біртіндеп 
жойылуы болмыстың кедейленуіне әкеп соғатыны сөзсіз» (Arditi, 1996:95).
Рационалды болмаудың бір мысалы – махаббат (өзгелері – эмоция, сенім), 
оның рационалды емес болу себебі – ол пайдасыз, интеллектуалды тәжірибе-
ге қарама-қайшы, шынайы құндылыққа ие емес, импульсивті, ғашық екі адам 
арасына әлеуметтік немесе мәдени еш нәрсе түсе алмайды және ол «өмірдің 
мүлдем рационалды емес түкпірінен» бастау алады (Simmel, in Arditi, 1996:96).
Рационалдандыру көбейген сайын біз рационалды еместі жоғалта бастаймыз,
ал онымен бірге біз «өзіміздің шынайылығымызды, ең маңызды деген адамгер-
шілік атрибуттарымызды... жоғалтамыз» (Arditi, 1996:103). Шынайылықты, 
рационалды еместі жоғалту – шын мәнінде адамзат трагедиясы.
Кей кезде ақшаның заманауи қоғамда не себепті бәрін билеп-төстейтінін 
түсіну қиын. Бір қарағанда, ақша – көптеген мақсатқа жету құралы, Зиммель-
дің пайымынша, «құралдың ең шынайы формасы» ([1907] 1978:210). Алайда 
ақша – құралдың мақсатқа айналуының ең жарқын мысалы болды: 
«Бұрын-соңды осындай жолмен өзінің тек құрал ретіндегі қасиеті, нақ-
ты құндылықтарға айырбасқа жарамдылығы үшін бағаланған объект 
абсолютті психологиялық құндылыққа, біздің практикалық санамызды 
сипаттайтын соңғы еліктіретін мақсатқа айналмаған. Ақшаға деген аса 
үлкен ұмтылыс оның шынайы құрал ретіндегі қасиетінің деңгейіне қа-
тысты жоғарылауы қажет. Бұл – ақша арқылы қолжетімді заттар диапа-
зонының артып келе жатқанын, заттардың күннен-күнге ақша билігіне 
көнетінін көрсетеді, ақша сапа тұрғысынан әлсіреп барады, бірақ соны-
мен қатар заттардың сапасына қатысты күшейіп отырады».
(Simmel, [1907] 1978:232)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет