195
5-тарау
•
Георг Зиммель
тін пайдасына қарамастан, түрлі мәселелер туындап отырады, өйткені болып
жатқан оқиғалардың барлығы объективті мәдениет деңгейінде жүзеге асады
және соның арқасында объективті мәдениет артып, жеке мәдениетті жұтаңда-
туға әкелетін процестер жүріп жатыр.
Ақыр соңында, ақша тіршілік етудің релятивистік әдісі дамуының маңызды
факторына және символына айналды. Ақша ең қарама-қайшы құбылыстарды
доллар санына әкеп тіреуге және оларды салыстыруға мүмкіндік береді. Басқа-
ша айтқанда, ақша барлығына релятивизация жасауға жол ашты.
Біздің реля-
тивистік өмір салтымыз адамдардың осыған дейінгі бірқатар мәңгілік шындық-
тарға деген сеніміне қарама-қайшы келеді. Ақша экономикасы мұндай мәңгілік
шындықтарды бұзады. Абсолютті идеялар арқылы еркіндікке жету тұрғысынан
алғанда, адамдарға ақшаның пайдасынан зияны әлдеқайда көп. Зиммель үшін
заманауи ақша экономикасының объективті мәдениетін кеңейтетін
шеттетілу
адамдар үшін абсолютизм зиянынан әлдеқайда қауіпті. Бәлкім, Зиммель біздің
салыстырмалы түрдегі қарапайым өткен шаққа оралуымызды қаламаған шығар,
бірақ ол заманауи әлемдегі ақша экономикасы мен объективті мәдениеттің да-
муына байланысты туындайтын қауіптерден сақтандырды.
Заманауи ақша экономикасының теріс салдарына зейін қойғанымызбен,
мұндай экономиканың өзіндік еркіндік беретін тұстары да бар (Beilharz, 1996;
Levine, 1981b, 1991b, Poggi, 1993). Біріншіден, ол бізге басқа адамдармен кең
нарықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бір-біріміздің алды мыз-
дағы
міндеттеріміз жалпылама емес, шектелген (нақты қызмет немесе өнім).
Үшіншіден, ақшалай экономика адамдарға пайда табуға жол ашты, ол бұрын-
ғы экономикалық жүйелерде мүмкін емес еді. Төртіншіден, адамдар өзінің
индивидуалдығын дамыту үшін мұндай ортада үлкен еркіндікке ие болды.
Бесіншіден, адамдар өзінің субъективті ортасын жақсырақ қолдап, қорғау-
ға қабілетті, себебі олар тек шектеулі қарым-қатынастарға түсіп отырады.
Алтыншыдан, Зиммель айқындағандай, жұмысшыны
өндіріс құралдарынан
алшақтату жеке адамдарға сол өндірістік күштерден босауға жағдай жасады.
Ақыр соңында, ақша адамдарға өзінің әлеуметтік топтарының шектеулерінен
еркін болуға көмектеседі. Мысалы, бартерлі экономикада адамдарды бел гілі
бір деңгейде өзінің топтары басқарып отырады, бірақ заманауи ақша эконо-
ми касында мұндай шектеулер әлсірейді, соның нәтижесінде адамдар өзінің
экономикалық келісімдерін әлдеқайда еркін жүзеге асырады. Алайда Зиммель
ақшалай экономика мен заманауилықтың жалпы еркіндік беретін бірқатар
ерекшеліктеріне
мұқият назар аударғанымен, оның еңбегінің, әсіресе
Tragedy
of culture («Мәдениет трагедиясы») еңбегінің мәні заманауилықпен байланыс-
ты мәселелерді талқылау екенін айтуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: