Алеуметтану тероиясы indb


Торстейн Веблен (1857–1929)



Pdf көрінісі
бет167/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Торстейн Веблен (1857–1929).
 
Веблен әлеуметтанушы емес еді, ол эко-
номика бөлімдерінде қызмет істеп, экономикада да маргиналды /ерекше/ 
тұлғалардың бірі болды. Осыған қарамастан, әлеуметтану мен бірнеше пән-
дерге ұзақ уақыт қолданылған елеулі маңызы бар әлеуметтік тұжырымдама


213
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Торстейн Веблен 1857 жылдың 30 шілдесінде Висконсин-
дегі ауылда дүниеге келді. Оның ата-анасы Норвегия-
дан көшіп келген кедей фермерлер еді (Dorfman, 1966). 
Торстейн – 12 баланың алтыншысы. 17 жасында ферма-
дан кетіп, Медисон штатындағы Нортфилдтегі Карлтон 
колледжіне оқу ға түсті. Оқуының алғашқы кезінде біраз 
қиыншылықты ба сынан өткерді, әйтсе де ауыртпалыққа 
мойымай, әзіл-қалжыңмен көңіл көтере білді. 
Ол өзінің алғашқы әйелімен (Карлтон колледжінің прези-
дентінің жиені) Карлтон колледжінде білім алған кезінде 
танысқан (олар 1888 жылы үйленді). Веблен 1880 жылы 
оқуын аяқтап, оқытушылық позицияға қол жеткізді, бірақ 
жұмыс орны кейіннен жабылды, осылайша Веблен Джон 
Хопкинс университетінде философияны оқу үшін шығысқа 
аттанды. Дегенмен шәкіртақы ала алмай, мұқтаждық қыс-
қан соң Йель университетіне ауысты. Ол жерде жолы болып, 1884 жылы Йель университетінде 
PhD дәрежесін алды (оның ұстаздарының бірі – әлеуметтанудың ерте кезеңдегі майталманы 
Уильям Грэм Самнер).
Алайда жақсы ұсыныс хаттары болғанымен, ол университетте қызметке қала алмады. Оның 
агностицизмі, кәсіби дәрежесінің болмауы, иммигрант болып саналуы және ақсүйек болмауы
университетте қызмет етуіне кедергі болды. Сөйтіп, бірнеше жыл жұмыстан шеттеп қалды (ол 
мұны денсаулығының жайымен байланыстырды). Алайда 1891 жылы ол білімге қайта орал - 
ды. Бұл жолы Корнель университетінің әлеуметтік ғылымдарына ден қойды. Чикаго универ-
си те тіне ауысқан профессорының (А. Лоуренс Лафлин) көмегімен Веблен 1892 жылы Чикаго 
уни верситетінің қызметкері атанды. Сол кезеңде Чикагодағы көптеген академиялық басылым-
дардың бірі – The Journal of Political Economy журналының редакциялық жұмыстарының үлкен 
бөлігін атқарды. Веблен Чикагодағы маргиналды тұлғалардың бірі болды, ол кейбір курстардан 
дәріс оқыды, бірақ ең бастысы The Journal of Political Economy журналын өз шығармаларын жа-
рыққа шы ғару үшін пайдаланды. Оның еңбектері басқа да басылымдарда жарық көре бастады. 
Сол жур налдардың қатарында Чикаго университетінде бастау алған тағы бір жаңа The Аmerican 
Journal of Sociology журналы болды.
1899 жылы ол өзінің The Theory of the Leisure Class («Әл-ауқатты тап теориясы») атты еңбе-
гін жариялады, бұл ең танымал жұмысы болғанмен, оның Чикагодағы лауазымы өзгерген жоқ. 
Веблен қарапайым, жалақысы жүздеген долларға ғана көтерілетін қызметке өсіруін сұраған-
да, университет басшысы оған жұмыстан кете беруіңе қарсы емеспін дейтін көрінеді. Осыған 
қарамастан, кітап жұртшылықтың назарына ілігіп, Веблен профессордың ассистенті болып та-
ғайындалды. Кейбір студенттер оның дәрістерінен шабыт алса, көпшілігі оны «cұрапыл» деп 
есептеді. Оның Чикагодағы студенттерінің бірі: «Жұмбақ жан... ол әдетте қолын бетіне қойып 
немесе осыған ұқсас қалыпта міңгірлеген, бірқалыпты байсалды дауыспен сөйлейтін, сабақты 
қызықсыз әрі іш пыстырарлықтай етіп жүргізетін», – дейді (Dorfman, 1966:248–249). Ол әдетте 
өзінің өсіп келе жатқан беделі туралы хабардар болған көп студенттермен жұмыс істей бастаса, 
семестрдің соңына қарай оның тыңдаушыларының саны күрт азайып кететін.
Вебленнің Чикагодағы күндері түрлі себептермен шектеулі болды, сол себептердің бірі оның 
некесін бұзумен бірге, басқа әйелдермен әуейі болып, викториандық көңіл күйді бұзуы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет