287
7-тарау
•
Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы
билік қызметінің иерархиясы арқылы бақыланатын адамдардың ассоциациясы
ретінде қарастырылады. Қоғам көптеген осындай ассоциациядан тұратындық-
тан, адам бір жағдайда билік лауазымын иеленіп, ал екінші жағдайда бағыныш-
ты болуы мүмкін.
Өкілеттік әрбір ассоциацияда дихотомиялық сипатқа ие болады; осылайша,
екі, тек қана екі, жанжалдасу тобы әрбір ассоциацияның шегінде қалыптасуы
мүмкін. Басшылық лауазымын иеленіп және бағыну жағдайын да бастан кеші-
ріп отырған адам «мәні мен бағыты жағынан қарама-қайшы» белгілі бір мүдде-
лерге ие болады. Мұнда біз Дарендорфтың
конфликт – мүдделер теориясының
негізгі ұғымдарымен ұшырасамыз.
Жоғарғы және төменгі топтар ортақ мүдделерімен анықталады. Дарендорф
өзінің тұжырымдарында, тіпті бұл мүдделер психологиялық болып көрінген-
мен, негізінен алғанда, ірі масштабтағы құбылыстар екенін нақты айтады.
«Жанжалды топтар мен топтық қақтығыстарды әлеуметтік талдау мақ-
сатында белгілі бір лауазымдағы қызметкердің құрылым қалыптастыр-
ған іс-әрекетінің бағытын қарау қажет. Олардың іс-әрекетінің саналы
(субъек тивті) бағыттарымен ұқсас мүдделерін бейнелеу сенімдеріне сәй-
кес болады. Әлеуметтік лауазымдармен байланысты (объективті) мүд-
делерді қабылдаудың
психологиялық салдарлары болуы
немесе болмауы
мүмкін; бұл әлеуметтік талдаудың өзіндік деңгейіне қатысты».
(Dahrendorf, 1959:175; italics added)
Әрбір ассоциацияда кім үстемдікке ие болса, өз мәртебесін сақтап қалуға
тырысса, бағыныштылар өзгерістерді қалап отырады. Кез келген ассоциация-
ның ішінде мүдделер конфликтіні әрдайым жасырын, яғни биліктің заңдылығы
әрқашан қатерлі. Әрекетке бағынатындар немесе бағындыратындар әрекет етуі
үшін мүдделер конфликті саналы болмауы тиіс. Әрекетке бағынатындардың не-
месе бағындыратындардың мүдделері объективті түрде олардың лауазымдары-
на байланысты міндеттерде (рөлдер) бейнеленеді. Адамдарға үйлесімді әрекет
ету үшін бұл міндеттерді меңгеру де, тіпті сезіну де қажет емес.
Егер олар лауазымдарды иеленсе, оны міндетке сай орындайды. Бағын ды-
ратындар мен бағыныштылар арасындағы конфликт жағдайларда адам дар өз-
дерінің рөлдеріне қатысты «оңалады» және «бейімделеді». Дарендорф рөлдерді
санасыз түрде күтуді
латентті мүдделер деп атады.
Айқын мүдделер – саналы
түрге айналған жасырын мүдделер. Дарендорф жасырын және айқын көрінген
мүдделер арасындағы байланысты талдауды конфликт тео риясының маңызды
міндеті деп қарастырады. Соған қарамастан, үйлесімді әрекетке көшпес үшін ак-
торлар өз мүдделерін сезінбеуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: