332
II
бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Дүниежүзілік еңбек бөлінісі.
Географиялық кеңеюден кейін әлем келесі ке-
зеңге – еңбек әлемінің бөлінуіне дайындалды. XVI ғасырда капитализм әлем ді
басқаратын негізгі әдіс ретінде статизмді алмастырды, бірақ капитализм әлем-
де біркелкі дамыған жоқ.
Валлерстайн, шын мәнінде, капиталистік жүйенің
бір тектілігі оның біркелкі дамымағанына негізделгенін айтты. Марксистік ба-
ғытты ескере отырып, Валлерстайн мұны келісілген тепе-теңдік деп ойлама-
ған, керісінше, басынан бастап конфликтіге толы болатын деп айтады. Капита-
листiк дүние жүйесiнiң әртүрлi бөлiктерi ерекше арнайы
функциямен маман-
дандырыла бастаған: еңбек күшiн дамытуға, азық-түлiктi өндіруге, шикiзатпен
қамтамасыз етуге және өнеркәсiптi ұйымдастыруға маманданды. Сонымен
қатар әртүрлі аймақтар да белгілі сала қызметкерлерінің түрлерін дайындау-
ға маманданған. Мысалы,
Африка құлдарды шығарған; Батыс және Оңтүстік
Еуропаның көптеген шаруа қожалығында фермерлер болған; Батыс Еуропада
жалдамалы қыз меткерлердің, басқарушы таптардың және басқа да білікті, қа-
дағалаушы қызмет керлердің орталығы болды.
Тұтастай алғанда, халықаралық еңбек бөлінісінің үш бөлігінің әрқайсысы
еңбекті бақылау режимі бойынша ерекшеленді. Ядро бос жұмыс күшіне ие
болды, периферия мәжбүрлі еңбекпен сипатталды, ал жартылай периферия
нағыз бірлесіп қолдану орталығы болды. Валлерстайн
капитализм кілті бі лікті
жұмысшыларға арналған еркін еңбек нарығында және перифериялық аймақ-
тарда біліктілігі төмен жұмысшыларға арналған мәжбүрлі еңбек нарығында
үстем болатын ядрода жатыр деп пайымдайды. Мұндай қисын капита лизмнің
мәні (essence) болады. Егер бүкіл әлемде еркін еңбек нарығы даму керек болса,
онда бізде социализм дамиды.
Әлемнің кейбір өңірлерінде шағын артықшылықтарды дамытудан бас-
тайды, олар кейінірек үлкен артықшылықтарға ие болу үшін
негіз есебінде
қолданылады. XVI ғасырда, ең алдымен, Батыс Еуропаның негізгі аумағы,
қалалардың дамуына байланысты салалар дамыды және саудагерлердің
маңызы арта түскендіктен, оның артықшылықтарын тез өрістетті. Ол сон-
дай-ақ кең ауқымды қызмет түрлерін дамыту
арқылы өз қызмет аясын ке-
ңейтуге көшті. Сонымен қатар оның қызметінің әрқайсысы тиімдірек болу
үшін қызметтер жақсы мамандандырылды. Керісінше, периферия тоқтап,
Валлерстайн «моно-мәдениет» деп атаған, бірыңғай сараланған қоғамға жа-
қындай түсті.
Достарыңызбен бөлісу: