Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет260/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Триалектика 
Эдвард Соджаға Фуконың да, Лефеврдің де әсері орасан зор болған (1989). 
Мысалы, Фуко сияқты ол уақытқа (және тарихқа) қатысты фокусты «карцер-
лік историцизмді» және «уақыт түрмесін» жасайды деп сы найды (Soja, 1989:1). 
Ол кеңістікті және географияны зерттеуді уақыт бойынша интеграциялауға 
тырысады. Лефевр Соджаның ой-пікіріне ерекше ықпал етті, бірақ Соджа өзі-
нің жұмысының кейбір қырларын сынап, шектелуден әртүрлі тәсілдермен шы-
ғуға тырысады.
Біздің кеңістікті түсінудегі Соджаның (1996, 2000) теориялық үлесі триа-
лек тика ұғымы шығар. Әлбетте, Соджа диалектиканың марксистік (және ге-
гельдік) ұғымдарын жүйелеп, кеңейтеді. Дегенмен Лефеврдің еңбегі тікелей 
дереккөз болып саналады. Соджа – Лефеврдің туындысын қалалық кеңістік не-
месе «тарихи-әлеуметтік-кеңістіктік құбылыс ретінде қарастырады, бірақ ин-
тер-претативті және түсіндірме мақсаттарға бөлінген ішкі кеңістіктікті қала»
(Soja, 2000:8) деп тұжырымдайды. Бұл ұғым Соджаның негізгі алғышарттары-
ның бірін көрсетеді, яғни ол кеңістікке көбірек назар аударса да, өзінің талдауы-
на тарихты (немесе, жалпы алғанда, уақытты) және әлеуметтік қатынастарды 
қосуды талап етеді. Әлеуметтік талдау кезінде кеңістікті қосуды ынталандыру 
керек болса да, ол тарихпен уақытты талдауға зиян тигізбеу керек. Бұдан басқа 
әлеуметтік қатынастардың қосылуы Соджаны осы кітаптағы нақты әлеуметтік 
және әлеуметтік теория дәстүріне негіздейді.
Бірінші кеңістіктің (firstspace) келешегі – негізінен, географтардың қаланы 
зерттеуде қолданатын көзқарасына сәйкес келетін материалистік бағыт. Мыса-
лы, Соджа (2000:10) бірінші кеңістіктің тәсілін былай сипаттайды: «Қала кеңіс-
тігі өмір сүру әдісі ретінде нақты бір нысандармен қалалық ерекшеліктерді қа-
лыптастыру және көбейту үшін бірлесе жұмыс істейтін материалдан дырылған 
әлеуметтік тәжірибелердің жиынтығы тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Мұн-
да кеңістік физикалық және эмпирикалық түрде қалалық өмірдің салыстырмалы 
конфигурациясы мен тәжірибесі ретінде, пішін және процесс ретінде қабылда-
нады». «Перспективалық» көзқарас объективті құбылыстарға және «кеңістікте 
болған заттарға» назар аударады.
Керісінше, екінші кеңістіктегі (secondspace) көзқарастар субъективті бо-
луы мүмкін және «кеңістік туралы ойларға» назар аударады. Екінші кеңістікте 
«қала кеңістігі суреттерде, рефлексиялық ойда және нышандық өкілдікте тұ-
жы рымдалған, менталды немесе тұжырымдамалық алаңға айналады, ал қиял-
дың тұжырымдамалық кеңістігі немесе... қалалық қиял» (Soja, 2000:11). Екінші 
кеңістіктің келешегінің мысалдары – бізбен бірге жүретін ақыл-ой карталары, 
қалалық утопияның көріністері және қаланың географиясы туралы ақпаратты 
алу мен жеткізудің формалды әдістері.
Соджа жоғарыдағы екеуін үшінші кеңістікке (thirdspace) негіздеуге тыры са-
ды және оны былай көреді:
«Адами кеңістіктің әлеуметтік өндірісі туралы ойлаудың тағы бір жолы, 
ол дәл сол уақытта географиялық немесе кеңістіктік қиялдың көлемін 


341
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
және кешенділігін аша отырып, бірінші кеңістік пен екінші кеңістік келе-
шектерін (перспектива) біріктіреді.
Бұл – балама нұсқада немесе «үшінші» перспективада урбанизмнің ке-
ңіс тіктік ерекшелігі – толығымен өмір сүру кеңістігі, сонымен бірге бір 
уақытта шынайы және қиял, нақты және виртуалды, жеке және ұжым-
дық тәжірибе мен агенттік құрылымының локусы (орны)».
(Soja, 2000:11)
Бұл – қалалық кеңістіктің күрделі көрінісі. Өте күрделілігіне байланысты 
және жасырын, бәлкім, көпшілігі белгісіз болғандықтан, біз қалаған кеңістік-
тікті әлеуметтік және тарихи өлшемдері, қоғамдық пен тарихи байланысы ар-
қылы қалалық кеңістікті таңдаулы түрде зерттей аламыз (Soja, 2000:12). Сод-
жаның қызмет бабындағы ең сүйікті қалалық кеңістігі Лос-Анджелес бол ды 
және ол әртүрлі көзқарас тұрғысынан талдау үшін, оның ішінде үшінші кеңіс-
тіктің интегративтік мағынасын талдауға қайта-қайта оралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет