Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет257/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

«Модерн әлем-жүйесінің» IV томы бізді тек 1914 жылға дейін алып ке-
леді, сәйкесінше, соңғы 100 жылда біраз маңызды оқиғаны назардан тыс 
қалдырады. Осылайша, Валлерстайн ол оқиғалардың кем дегенде екі том 
бола тын ы на сілтеме жасайды. Олар Құрама Штаттардың соңғы жаһандық 
гегемон ретінде қалыптасуынан бастап, осы кезге дейін талай әлеуметтік 
сілкіністі бастан өткерген капитализмнің құрылымдық дағдарысын толық 
қамтуы тиіс еді.
Бүгінгі әлем-жүйе теориясы.
Марксистер әлеуметтік таптар арасындағы қа-
рым-қатынасты нақты көрсетпегендіктен, осы әлем-жүйе тұжырымдамасын 
сынға алды (Bergeson, 1984). Олардың көзқарасы бойынша, Валлерстайн бұрыс 
мәселеге баса назар аударады. Марксистерге негізгі мәселе халықаралық еңбек 
бөлінісі емес, қоғамдағы таптық қатынастар болады. Бергесон екі жақтың да 
мықты және әлсіз жақтары бар екенін айтады және оларды қолдануға тырыса-
ды. Оның ортақ деңгейдегі ұстанымы ядролық-перифериялық қатынастар тек 
биржалық қатынастар ғана емес, сондай-ақ жаһандық таптық қатынастарды 
да қамтитынын мегзейді.
Әлем-жүйе теориясы заманауи неомарксистік талдаудың ықпалды нысан-
дарының бірі болғаны туралы айтады. Соңғы жылдары әлем-жүйе теория-
шылары бүгінгі және келешектегі әлемді қарастыру үшін (Chase-Dunn, 2001; 


336
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Wallerstein, 1992, 1999, 2011b), сонымен қатар модерн дәуірінің алдындағы 
әлеммен (Chase-Dunn and Hall, 1994) үндес болу үшін әлем-жүйе теориясын 
жасап шығарды. Оның ықпалы ішінара жаһандану теориясы саласындағы зерт-
теулер үйлесімімен байланысты (16-тарауды қараңыз). 
Атап айтқанда, әлемдік жүйе теорияшылары 2008 жылы басталған жаһан-
дық экономикалық дағдарыс аясында капиталистік әлемдік экономиканың бір-
қатар талдауларын жасады (Silver and Arrighi, 2011; Wallerstein, 2011b). Бұл 
талдаулар, тұтастай алғанда, капиталистік әлемдік экономика ұзақ мерзімді 
құлдыраудың ортасында екенін және ұзақ созылып келе жатқан дағдарыс ка-
питалистік әлемдік экономиканың аяқталғанын көрсетеді деп қорытынды жа-
сайды. Валлерстайн оны ең табанды әдіспен сипаттайды: «Сұрақ капиталистік 
жүйенің өздігінен қалайша дамитындығында және өзінің алға басуын қалпына 
келтіре алатынында емес. Сұрақ мынада, бұл жүйенің орнын не алмастырады? 
Бұл хаостан қандай тәртіпті таңдауға болады?» (2011b:84).
Соңғы 400 жылда капитализм көп дағдарысқа ұшырады. Олар, марксистер-
дің көпшілігі айтқандай, капитализмнің табиғатынан туындайды. Капитализм 
бұл дағдарыстарды әлемдік жүйені кеңейту және шетелде пайда табудың жаңа 
көздерін іздестіру (жоғарыда сипатталғандай) арқылы жеңе алды. Алайда капи-
тализм осы соңғы дағдарыста аман қалмауы мүмкін деп ойлауға толық дәлел-
дер бар. Мысалы, күрделі жүйелермен хаос теориясына сүйене отырып, Вал-
лерстайн (2011b) әрбір экономикалық дағдарыс капиталистік әлемнің жүйесін 
тепе-теңдік деңгейінен алыстатады деп айтады. Дүниежүзілік экономика ядро, 
периферия және жартылай периферия қатынастарының жаңа кескіндемесіне 
айналғаннан кейін ғана қалпына келеді. Дегенмен әр дәйекті дағдарыс жүйені 
тепе-теңдіктен одан әрі алшақтата түседі. Жүйе барған сайын тұрақты күйге 
оралмайтын ауқымды тосын ауытқулармен сипатталады. Қазіргі дағдарыс ка-
питалистік әлемдік экономикадағы тепе-теңдікті қалпына келтіре алмайтын 
күйге келді.
Абстракт терминдерде капиталистер үш негізгі саладағы – қыз меткерлер, 
өндіріс, салық төлеу – өндіріс шығындарын үнемдеу қиынға түседі:
«Капитализм, әлем тұрғындарының басым көпшілігіне қысым жасап 
қана қоймай, сонымен бірге өздерінің негізгі мақсаттарына, капиталдың 
шексіз жинақталуына қол жеткізуге мүмкіндік бермегендіктен, өмір сү-
руі мүмкін емес. Ойын енді оған лайықты емес, ол капиталистің өздері 
үшін айқынырақ болып келеді».
(Wallerstein, 2011b:84)
Капиталистік әлемдік экономика экологияны бұзып, энергия шығынын 
түгелдей жойып жібергені туралы дәйекті қосыңыз, демек, капитализмнің 
енді ақталуға шарасы жоқ. Валлерстайнның көзқарасы бойынша, жалғыз ғана 
мәселе қалып тұр: капитализмнің құлдырауынан кейін не болады? Ол екі ба-
ламаны ұсынады. Біріншіден, қазіргі жүйені бұдан гөрі «иерархиялық, экс- 
плуатациялық және поляризациялаушы» деген жүйелерге ауыстыруы мүмкін 
(2011b:85). Екіншіден, біз «салыстырмалы түрде демократиялық және салыс-
тыр малы түрде теңгерімді жүйені» ұжымдық түрде таңдай аламыз (2011b:85). 
Бұл соңғы жүйе ешқашан болмаса да, Валлерстайнның пікірінше, тарихи тұр-
ғыдан біз өз мүмкіндіктерімізді іске асыруға мәжбүр болудың жақсы жолын-
дамыз деп пайымдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет