Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет294/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Ұяттың көрінбейтіндігі 
Осы орайда Шефф ұят әрекетті мойындауда біз қандай да бір қарама-қайшы-
лықты байқай аламыз деп санайды. Ұялу мен мақтаныш сезімдері өзара әрекет-
тесудің әрбір сәтінде ұшырасуы мүмкін. Дегенмен де, оның айтуынша, адам-
дар басым жағдайда ұят сезімдерін біле бермейді. Ұят бәрін қамтушы, ол өзара 
әрекеттесуді бағдарлай білгенімен, дерексіз болып келеді. Бұл ең салмақты дә-
йектің бір бөлігі болып табылады. Соны ескере отырып, Шефф (1997, 2006) 
қазіргі Батыс әлемінде адамдардың көбі өздерінің әлеуметтік өмірлеріндегі 
эмоциялардың өзекті мәнін жете түсіне бермейтінін тілге тиек етеді. Бұл өзді-
гінен қолдау табатын индивидуализмнің артықшылықтарын асыра баға лайтын 
құндылықтар жүйесіне өтумен байланысты. Өзін-өзі шектейтін мәде ниетте ұят 
сезімі біздің басқаларға деген толықтай тәуелділігіміз бен шарасыз дығымызды 
білдіреді.
Мұнда Шеффтің теориясы Норберт Элиастың (13-тарауды қараңыз) мә-
нер лер тарихын талдауымен өзектесіп жатыр ([1939], 1994). Элиас ортағасыр-
лық қоғамнан қазіргі Батыс қоғамына көшу жағдайында ұятсыз және көргенсіз 
әрекеттерге деген көзқарастың өзгергенін атап көрсетті. Мысалы, бұрындары 
жұрттың көзінше біреудің мұрынының мінін айтып, балағаттау ерсі болып кө-
рінбесе, қазіргі таңда ол ұялу мен ыңғайсыздану сезімдерін тудырады. Оның 
үстіне, мұндай ұятты сезімдерді ұғыну деңгейі де төмендеді, ұятсыз қылықтар-
ды ешкім де ашық жариялап, басқалармен талқылағысы келмейді. Осы орайда 
жасырын әрекеттер құпия күйде қалып қана қоймай, олар туралы қандай да бір 
дәйектер де ешкімге айтылмайды. Ұят пен соған ұқсас сезімдерді мойындамау, 
яғни ұятты әрекеттер үшін ұялу – ұяттың жабық күйде қалуын қамтамасыз 
етіп, күнделікті әлеуметтік өмірді тиімді және саналы реттеп отыруға мүмкін-
дік береді.
Ұятты жасыру немесе мойындамау құбылысы, өз кезегінде, моральдық 
ауыт қушылық пен басқа да адамды аздырып, тоздырушы сезімдерге әкеліп 
соқты руы мүмкін. Осы жағдайда Шефф (1997) психоаналитикалық дәйек-
терді кірістіреді. Мұндағы негізгі ой ұят мойындалмаған жағдайда немесе 
психоана литикалық тілмен айтқанда, репрессияланған жағдайда, ол адам-


396
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ның өзіне де, басқаларға да жағымсыз ықпал етіп, түптеп келгенде, әлеумет-
тік байланысқа қауіп төндіреді дегенге саяды. Мысалы, ұят мойындалмаған 
жағдайда, адамдар Хелен Льюис атаған (1971) сезімнің торына түсіп қалуы 
ғажап емес. Ұят сырттан байқалмайды, керісінше, іште жиналады. Ол ішке 
бағытталған кезде, адамдар өздерінің масқара болғандарынан ұяла бастайды. 
Гоффманның дәріптеу сезімі тұжырымдамасына оралар болсақ, адамдар тұл-
ғааралық ауға түсуі мүмкін. Бұл – бір адамның екінші адамның ұятты әрекеті 
үшін ұялған кезде кешетін хал. Сөйтіп, бірінші адамның ұялу сезімін ұлғайта 
отырып, аудың ықпалын одан сайын кеңейте түседі. Ұятқа мәдени тұрғыдан 
тыйым салынғандықтан, адамдар ұяттың шеңберінен шыға алмайды. Ал ол, 
өз кезегінде, тұлғааралық қатынастар мен адамның өз-өзіне деген жеке сезім-
деріне әсерін тигізеді.
Сайып келгенде, бұл ұят ашық түрдегі басып-жаншу мен ашу сезімдерін ту-
дыруы мүмкін. Жалған намыстың жетегіне еретін адамдар ұятты әрекеттерін 
мойындамай, керісінше, басқа адамдарға қарсы шығып, әлеуметтік байланысқа 
тағы да бір қауіп төндіреді.
Ұяттан бас тарту қоғамдағы қалыпты құбылысқа айналған жағдайда қоғам-
дық жүйеге қауіп төндіреді. Сонымен, Шеффтің эмоциялар теориясы тек пси-
хо логиялық және тұлғааралық қатынастарды қалпына келтіруге бағытталып 
қана қоймай, сонымен қатар макроәлеуметтік хаос пен жанжалдың түп тамы-
рын түсінуге жәрдемдеседі (мысалы, оның 1871–1945 жылдар аралығындағы 
франк-германдық қатынастардың эмоциялық тамырларына жасаған тал дауы; 
[Scheff, 1997]).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет