397
9-тарау
•
Символикалық интеракционизм
Эмоция биология арқылы берілгенімен, биология арқылы анықталмайды.
Дәлірегі, ол таным (немесе ой) арқылы өзгеріске ұшырайды. Символикалық
интеракционизм теориясына жүгінсек, таным – мәдениет арқылы қалыптас-
қан маңызды символдардың өнімі. Сондықтан да символдарды әрқалай қол-
дану және түрлі әрекеттер (Гоффман) арқылы адамдар эмоцияларын өзгерте
алады.
Хохшильд
үстіртін әрекеттер мен
терең әрекеттерді ажырату арқылы
Гоффманның идеясын әрі қарай өрістетеді. Эмоциялар әрекеттердің өнімі
дейтін болсақ, бұл эмоциялардың орындалып жатқанын білдіреді. Алайда ол
екі әдіс арқылы орындалуы мүмкін. Адам өзгелерге эмоциясын көрсету үшін
өзінің бет-әлпеті мен дауыс ырғағы арқылы күрделі қимылдарды жасайды.
Мысалы, саясаткер құрметін білдіру үшін жымиып, өз жақтасының қолын
қысады. Хохшильд Станиславскийдің идеясын ұстана отырып, әрекеттің осы
түрі барысында «жан емес, тән сауданың басты негізі болып табылады» дейді
([1983], 2003:37). Гоффман үстіртін әрекеттердің басты теорияшысы болып
саналады, шынында оны адамның мінез-құлқын үстіртін әрекеттердің стра-
тегиялық және бұрыс формасына дейін кішірейткені үшін сынға алады.
Бір жағынан, Хохшильд терең әрекет ұғымын Станиславскийдің әрекет-
тер әдісіне сүйене отырып дамытады. Станиславский өзінің акторларының
эмоцияларды
тән ғана емес, «жан» арқылы да жеткізгендерін қалады. Терең
әре кетте эмоцияларды тудыру оларды шын өмірдегідей табиғи сезіну арқылы
бейнеле неді. Акторлар эмоцияларды жай ғана бейнелемей, өз әрекеттерінің бір
бөлігі ретінде сол эмоцияларды терең сезінеді. Эмоциялар сезім тереңдігінен
туындайды және байқалады.
Хохшильдтің пікірінше, адамдар өздерінің күнделікті өмірінде осыған ұқсас
күрделі әрекеттерге қатысады. Эмоциялар инстинктивті түрде пайда болмаған-
дықтан, адам әр жаңа жағдайға тап болған сайын
өз эмоцияларын жағдайларға
сәйкес білдіруі қажет. Хохшильдтің пайымдауынша, бұл әрекет келесі жағдай-
ларды қамтиды:
• Адам өзінен нақты жағдайда белгілі бір түрде сезіну күтілгенін мойын-
дайды.
• Кейін адам осы эмоциялардың пайда болуына жағдай жасайды.
• Осы жағдайды тудыру үшін адам
эмоцияларды есіне алады.
• Эмоциялар жады – бұл күрделі сезімдерден тұратын автобиографиялық
эпизод.
• Кейін адам өз есіндегі сезімдердің нақты осы жағдайға қатысы бар «сияқ-
ты» әрекет етеді.
• Бұл адамға сәйкес жағдайлар барысында эмоцияларды терең сезінуіне
мүмкіндік береді.
Хохшильд бұлардың күнделікті өмірде қалай іске асатынына қатысты түрлі
мысалдар келтіреді. Адам өз досының психологиялық ауруға шалдық қанына
398
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
қажетті деңгейде аса қатты уайымдамайды, сондықтан ол
өзінің өткен өмірінде-
гі осындай жағдайды есіне түсіріп, сол эмоцияларды өз досын қолдап тұру үшін
пайдаланады. Жас әйел еркекке деген махаббатын сезіну үшін ба рынша әрекет
жасайды. Бұл әрекет барасында тәннің сол сәтке сәйкес келуі үшін жады мен
қиял пайдаланылады.
Эмоциялы еңбек тек адамдар мен олардың эмоциялары жадысының ара-
сындағы қатынасты ғана қамтымайды. Хохшильд дұрыс эмоцияларды сезіну
терминіне сәйкес, дос адамдардың терең сезімдерін туындататын көптеген әдіс-
терді анықтап көрсетіп береді. Мысалы, адамдар эмоциялардың жадысын құру
үшін «сахна тірегіне» сүйеніп тұруы мүмкін немесе олар достар мен отбасыға,
яғни олардың өнер көрсетуінің қатысушыларына Гоффман терминін қолдан-
сақ, жағымды эмоцияларды сезінуге көмектесу үшін үміт арта алады.
Сонымен
қатар адамдар ұнамсыз эмоцияларды басу үшін естен кетпес жағ дай лардан қа-
шады. Бұл жерде біз эмоциялар жұмысы тек эмоцияларды
ояту үшін ғана емес,
оларды
басу үшін де қолданылатынын байқаймыз. Егер адамдар өздерінің досы
мен сыныптасы сәтсіз жағдайға душар болуына қатысты орынсыз қуанса, олар
өз өткен күндерінен осындай сәтсіздікті көз алдына елестетуі мүм кін. Егер эмо-
циялардың осы жұмысы сәтті болса, олар бұл қуаныш эмоциясын басып, жаны
ашу эмоциясын білдіреді.
Осы тұста екі қорытынды жасауға болады.
Біріншісі, Хохшильд үстіртін
әрекетті күнделікті өмірдегі эмоцияларды басынан өткізуді түсіну үшін жеткі-
ліксіз деп қабылдаса да, ол әлі де эмоцияларды актордың өз-өзімен және бас-
қалармен қарым-қатынас барысында жасалатын нәрсе деп қарастырады. Екін-
шісі, біз қатысатын терең іскерліктің басым бөлігі дағдылы, жылдам әрі жеке.
Осылайша, ол бірден эмоциялық жұмыс арқылы пайда болған әрекет ретінде
танылмайды. Демек, Хохшильдтің эмоциялармен жұмысты сипаттауы күрделі
болып көрінсе де, біздер көбінесе осы эмоцияларды күнделікті әрекетіміздің
үйреншікті бөлігі ретінде қолданамыз. Біз эмоциялар белгілі бір жағдайда күті-
летін сезім қағидаларына қарама-қайшы келгенде қажетті эмоцияларды қалып-
тастырудың қаншалықты қиын екенін түсінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: