403
9-тарау
•
Символикалық интеракционизм
Бұл тарау философиялық прагматизмдегі (Джон Дьюидің шығармасы) және психоло-
гиялық бихевиоризмдегі (Джон Б. Уотсон шығармасы) символикалық интеракционизмнің
негіздерін талқылаудан тұрады.
Прагматизм, бихевиоризм және Зиммель әлеуметтануы
сияқ ты басқа да ағымдардың бірлескен ықпалынан 1920 жылдары Чикаго университетінде
символикалық интеракционизм пайда болды.
Дамыған символикалық интеракционизм бихевиоризмге тән психологиялық редукцио-
низмнен және құрылымдық
функционализм сияқты макробағдарланған әлеуметтану тео-
рияларының құрылымдық детерминизмінен ерекшеленді. Оның ерекшелігі акторлардың
ойлау қабілеті мен олардың әрекет пен өзара әрекеттесуге қатынасына бағдарлануында еді.
Мұның бәрі процесс тұрғысынан ойластырылған; ішкі психологиялық күй немесе ірі құры-
лымдық күштер түрткі болатын акторды көруге ниет болған жоқ.
Символикалық интеракционизмдегі жалғыз ғана маңызды теориялардың бірі –
Джордж
Герберт Мидтің идеялары. Мидтің теориялары әлеуметтік әлемге басымдық береді, осылай-
ша әлеуметтік әлемнен ақыл, сана, мен және т.б. пайда болады. Әлеуметтік теориядағы не-
гізгі бірліктер импульс, қабылдау, манипуляция және аяқтау сияқты бір-бірімен байланыс-
қан төрт диалектикалық кезеңнен тұрады. Әлеуметтік актіге екі
немесе одан көп тұлғалар
қатысады, оның негізгі механизмі ым болып табылады. Жануарлар мен адамдар ым арқылы
сөйлесе алса, адамдардың ымы саналы мәнге ие. Адамдар әсіресе вокалдық ымдарды жасай
алады, бұл адамның маңызды символдарды пайдалана алатын ерекше қасиетін көрсетеді.
Маңызды символдар тілдің дамуына және адамдардың ерекше қабілетті пайдалана отырып,
араласуына алып келеді. Сонымен қатар маңызды символдар ойлауға, символикалық өзара
әрекеттесуге мүмкіндік береді.
Мид өз талдауында рефлексивті интеллект, сана, ойдағы бейнелер,
мән және жалпы
ақылмен қатар, ірі әлеуметтік процестің бір бөлігі ретінде психикалық процестердің кең
ауқымын қамтиды. Адамдардың ерекше қабілеті – олардың іштей өз-өзімен сөйлесе алуы.
Мидтың пікірінше, барлық осы менталды процестер мида емес, дәлірегі, әлеуметтік процес-
те жүреді.
Өзіндік мән – бұл өзін объект ретінде қабылдау әдісі. Мұнда өзіндік мән тағы да әлеу-
меттік процестен туындайды. Өзіндік мәннің жалпы механизмі – бұл адамдардың өздерін
өзгенің
орнына қойып, өзгелер сияқты әрекет ету, өзгелер оларды қалай көрсе, өздерін со-
лай көруі. Мид өзіндік мән генезисін балалық шақтың ойын деңгейі арқылы қарастырады.
Әсіресе соңғы кезеңдегі маңыздысы – жалпыланған басқаның пайда болуы. Өзін қауымдас-
тық тарапынан көру өзіндік мән мен ұйымдасқан ұжымдық әрекеттің пайда болуы үшін ма-
ңызды. Өзіндік мәннің екі фазасы бар: болжап болмайтын, өзінің шығармашылық аспектісі
болатын «мен» және ұстанымдар кешені «өзім» ұғымы. Әлеуметтік бақылау «өзім» арқылы
көрініс берсе, «мен» – қоғамдағы инновацияның бастауы.
Мид ақыл мен әлеуметтік процестер ретінде қарастырылатын қоғам жайлы аз айтады.
Мидке қоғамның макросанасы жетіспейді. Мекемелер ұжымдық әдет ретінде анықталады.
Символикалық өзара әрекеттесу мынадай негізгі қағидалармен жинақталады:
1. Адамның төменгі сатыдағы жануарларға қарағанда ойлау қабілеті бар.
2. Ойлау қабілеті әлеуметтік өзара әрекеттесу арқылы қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: