Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет309/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Қол соқтыру
Джон Херитидж бен Дэвид Грейтбетч (1986) британдық саяси баяндамалар-
дың риторикасын зерттеді (J. Maxwell Atkinson [1984a, 1984b] әзірлеген жұ-
мысынан алынған) және спикерлердің қол шапалақтату тәсілдерін ашты. Олар 
қол соқтыру «сөзбен құрылған мәлімдемелер мен (а) сөйлеу материалдарын 
қоршаған ортаға қарай ерекше бөліп көрсетуге және (б) осы хабарламаға ар-
налған нақты аяқтау нүктесін жобалауға арнап» жасалады деп мәлімдейді
(Heritage and Greatbatch, 1986:116). Ерекше назар аудару тыңдаушыларға ша-
палақтаудың орынды екенін меңзейді және нақты аяқталу нүктесінің қойыл-
ғанын алдын ала ескерту аудиторияға азды-көпті қол шапалақтауды қосылып 
бастауға мүмкіндік береді. Британдық саяси баяндамаларды талдау барысында 
Херитидж бен Грейтбетч жеті негізгі риторикалық құрылғыны айқындады:
1. Қарама -қарсылық: мысалы, саясаткер: «Соғысқа тым көп нәрсе жұм-
салады... бейбітшілікке тым аз жұмсалады» деп қарсы сөйлеуі мүмкін. 
Мұндай мәлімдеме қызу қолдау тауып, шапалақ ұрғызады. Өйткені баса 
назар аудару үшін акцент бірінші болып жағымсыз ұғымға, одан кейін 
жағымды ұғымға түсірілген. Сондай-ақ аудитория мәлімдеменің екінші 
жартысын толықтай аяқталған бірінші жартысымен сәйкестендіре оты-
рып, қашан қол шапалақтау керек екенін болжай алады.
2. Тізім: саяси сұрақтардың әдетте жиі қолданылатын үш бөліктен тұратын 
тізімі – аудитория күтетін негізгі жолдауға баса назар аудару және қоры-
тынды сөздермен қамтамасыз ету.
3. Ойжұмбақтың шешімі: мұнда саясаткер бірінші кезекте аудиторияға ой-
жұмбақ ұсынады, одан кейін оның шешімін ұсынады. Бұл мәселені қо-
сарлап ұсыну ерекше назар аудартады және аудитория шешімнің соңын-
да мәлімдеменің аяқталуын күте алады.
4. Атау – екпінді мәлімдеме: мұнда саясаткер мәлімдеме жасауды ұсынады, 
содан кейін оны мәлімдейді.
5. Комбинация: бұл тізімде көрсетілген екі немесе одан да көп құрылғылар-
ды пайдалануды қамтиды.
6. Позицияны қабылдау: бұл спикер қатты уайымдайтын жағдайлардың 
бастапқы сипаттамасын қамтиды. Алайда бірінші кезекте ол маңыз-
ды емес күйде ұсынылады. Тек соңында ғана спикер өз позициясын
ұсынады.
7. Қозғау салу: бұл аудитория белгілі бір хабарламаға жауап бермегенде 
пайда болады. Спикер, мысалы, негізгі идеяны қайталау арқылы қол ша-
палақтауға белсенді түрде қозғау сала алады.


420
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Херитидж бен Грейтбетч зерттеген саяси партия конференцияларында бұл 
жеті құрылғы жалпы қол шапалақтаудың үштен екі бөлігінен сәл көбін құрады. 
Жеті құрылғының ішінде контраст (шапалақтаудың төрттен біріне ие болды) 
ең көп қол шапалақтауға ие болған формат болды. Спикердің хабарламаны 
жеткізу тәсілі («интонация, уақыт және қимыл») де маңызды (Heritage and 
Greatbatch, 1986:143). Ақырында, Херитидж бен Грейтбетч: «жеті құрылғы сая-
си сөйлеумен ғана шектелмейді, сонымен қатар жарнамалық ұрандарда, газет 
редакцияларында, ғылыми мәтіндерде және т.б. кездеседі», – деп көрсетеді. 
Шын мәнінде, олар бұл құрылғылардың өз тамыры бар екенін және күнделікті, 
табиғи сөйлесу әрекеттерінде кездеседі деп тұжырымдайды. Біз күнделікті осы 
құралдарды өзара қарым-қатынас жасайтын адамдарға оң ықпал ету үшін қол-
данамыз деп тұспалданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет