Тәуекелдерменбетпе-бет Озық модернизация тәуекелдерді туындатса да, ол сондай-ақ өзіне-өзі және
одан туындаған қауіп-қатерге күмән келтіретін рефлексиялықты тудыра-
ды. Шын мәнінде, тәуекелдерден жиі зардап шеккен адамдардың өздері де
осы тәуекелдер туралы ойлай бастайды. Олар тәуекелдер және олардың
адамдарға тигізетін салдары туралы мәліметтерді жинайды. Озық модерн
заманы мен оның қауіп-қатерлеріне күмәнмен қарайтын эксперттерге ай-
налады. Олар мұны ішінара жасайды, өйткені мұны өздері үшін жасай-
тын ғалымдарға сене алмайды. Шынында да, Бек ғалымдардың қауіпті қо-
ғам құру және оны қамтамасыз етудегі рөліне ызаланып: «Ғы лым адамдар мен табиғаттың жаһандық ластануының қорғаушысы болды. Бұл тұрғы-
да көптеген салаларда, ғылымда тәуекелге киліккендер олардың рацио- налдық тарихи беделін байқап білу орнына, ысырапқа жол берді деп айту
асыра сілтегендік емес», – деді (1992:70).
Классикалық индустриалдық қоғамда табиғат пен қоғам бөлінді, алайда
озық индустриалды қоғамда табиғат пен қоғам өзара тығыз байланысқан. Яғни
қоғамдағы өзгерістер көбінесе табиғи ортаға ықпал етеді, ал бұл өзгерістер,
өз кезегінде, қоғамға әсерін тигізеді. Мәселен, Бектің айтуынша, бүгінгі күні
«табиғат дегеніміз – қоғам, ал қоғам дегеніміз – табиғат» (1992:80). Осылай-
ша, табиғат саясатқа айналды, соның салдарынан жаратылыстану ғалымдары,
әлеуметтанушылар сияқты, өз жұмыстарын саясатқа айналдырды.
Саясаттың дәстүрлі саласы, үкімет билікті жоғалтып, негізгі тәуекелдер,
Бек «субсаясат» деп атап көрсеткен ірі компаниялардан, ғылыми зертхана-
лардан және басқалардан туындайды. Дәл осы шағын саяси жүйеде «жаңа қо-
ғамның құрылымдары парламенттік жүйеден тыс, оған қарсы емес, жай ғана
оны елемей, прогрестің білімге деген түпкілікті мақсаттарын жүзеге асырады»
(Beck, 1992:223). Бұл «саясаттың шеттетілуі» (unbinding of politics) деп ата-
лады, яғни саясатпен орталық үкімет айналыспайды, көп жағдайда әртүрлі
шағын топтар мен жеке тұлғалардың провинциясына айналады. Бұл шағын
топтар мен жеке тұлғалар орталық үкіметке қарағанда, рефлексивті және
сыни ойлай алады және олардың озық модерн заманына байланысты қа-
лып тасқан тәуекелдермен күресуге мүмкіндіктері бар. Осылайша, диалек-
тикалық озық модернизация теңдесі жоқ тәуекелдер және олармен күресу
үшін бұрын-соңды болмаған диалектикалық күш-жігерді қалыптастырды
(Beck, 1996).