Алеуметтану тероиясы indb


15-тарау • Нәсіл және отаршылдық теориялары  Ориентализм



Pdf көрінісі
бет430/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

623
15-тарау

Нәсіл және отаршылдық теориялары 
Ориентализм 
Эдвард Саид (1935–2003) Иерусалимде палестиналық христиан отбасында 
дүниеге келді. АҚШ-та білім алып, Колумбия университетінде ағылшын әде-
биетінің профессоры болып қызмет атқарды. Осы тарауда Саидтың әлеуметтік 
теорияларға қосқан үлестеріне назар аударамыз, әйтсе де ол әлеуметтік теория-
ларға қатысты біржақты болған жоқ (Patrick Williams, 2011). Негізінен, шама-
дан тыс дерексіз теорияларды сынға алды. Мишель Фуко еңбектеріне қатты 
қызыққанымен, Фуко және Жак Деррида сияқты басқа да постқұрылымдық 
ойшылдарды сынаған. Себебі, Саидтың көзқарасы бойынша, олардың еңбегі 
әлемді жеткілікті түрде қамти алмаған. Патрик Уильямс (2011:417) Саидтың 
сын-пікірін былай қорытындылайды: «Деррида теориясы... бізді мәтіннің ішіне 
апарады; Фуконың теориясы ішіне және сыртқа жетелейді. Деррида көзқарасы 
оқырманын тығырыққа тіресе, Фуконың әлем туралы болжамының қайталануы 
жеткілікті емес». Саид үшін басты мәселе – өздері түсіндіруге және түсінуге 
тырысатын әлемге байланысты теорияларды дамыту. Саидтың ориентализм тұ-
жырымдамасы осы жетістікке жетеді. Ол екеуі де нәсілдік білімнің белгілі бір 
түрін (ориентализм) дамытуды сипаттайды және қазіргі «Шығыс – Батыс» қа-
тынастарын түсінуде өзекті рөл атқарады.
Саид ([1979] 2003) шығыстану тұжырымдамасын қалыптаған, қазіргі кез-
де өте ықпалды Orientalism («Ориентализм») кітабымен танымал болды. Ол 
ориентализмнің үш анықтамасын ұсынады. Біріншіден, ориентализм – XVIII 
ғасырда қалыптасқан және қазір «аймақтану» деп аталатын зерттеудің акаде-
миялық саласы. Саид ориентализм/шығыстану саласына назар аудара отырып, 
ғылыми және жалпы алғанда мәтіндік білім әлемді ұйымдастырып, қалыптас-
тыра алады деген ойын білдіреді. Екіншіден, «Ориентализм» Шығыс (Orient/
East) пен Батыстың (Occident/West) арасындағы айырмашылыққа негізделеді. 
Ең маңыздысы, ориентализм/шығыстану деп аталатын зерттеу саласы болғаны-
мен, ешқашан оксидентализм/батыстану деп аталатын зерттеу саласы болған 
емес. Бұл ориентализм «Orient/Шығысты» өзі үшін «басқа» деп анықтайтын 
еуропалықтардың күш-жігерінің артықшылығы деп атап көрсетеді. Үшіншіден, 
ориентализм – «Шығысқа үстемдік ету, қайта құрылымдау және беделге ие 
болуды ойлау стилі» ([1978] 2003:3). Ориентализм академиялық сала ретінде 
пайда болғанымен, қазіргі заманғы білім беру және саяси институт тармен ты-
ғыз байланыста. Саидтың пайымдауынша, ориентализмнің мақсаты – шығыс 
пен еуропалықтарды біртұтас түрде бір-бірімен жақындастыру ([1978] 2003:61), 
сондықтан Orient/Шығыс еуропалықтар үшін түсінікті әрі басқаруға тиімді 
болады. Оның мақсаты – «қарапайым шығыс заттарын пайдалы затқа» аудару 
([1978] 2003:44). Мысалы, ориенталистік идеялар XIX ғасырда француз және 
ағылшын колонияларының кеңеюін қолдады және соның тиім ділігін дәлел-
деді: «Ориенталистік (ориенталистер анықтағандай) субъект нәсілдің мүшесі 
болғандықтан, отаршылдық езгіге ұшырауы анық еді» ([1978] 2003:207). Саид-
тың талдауы бірқатар теориялық дәстүрлерге негізделеді, бірақ ең маңыздысы
структурализм және постструктурализм болды (17-тарауды қараңыз).
7
Атап 
айтқанда, ол Мишель Фуконың дискурс тұжырымдамасына сүйенеді. Дис-
курс – әлемді ұйымдастыратын және жіктейтін символикалық жүйе. Фуко 
17-тарауда басқалармен қатар, медициналық дис курсты, ақыл-ой ауруларының 
дискурсын, сондай-ақ қылмыс пен қылмыскерлік дискурстарды талдайды. Дис-
курстардың өзіндік тарихы бар. Олар уақыт өте келе өзгеріп, әлеуметтік және 


624
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
саяси құрылымдармен тығыз байланыста болады. Қысқаша айтқанда, дискурс та, 
академиялық мәтіндер сияқты, көрнекі жүйелердің шындықты ұйымдастыруын 
және біздің шындыққа сай әрекет ету қабі летімізді зерттейді. Бұл туралы Саид 
([1978] 2003:94) былай деп жазады:
«Ең бастысы, мұндай мәтіндер тек білімді ғана емес, сонымен қатар өздері 
сипаттайтын нағыз шындықты да жасай алады. Уақыт өте келе осындай білім
мен шынайылық дәстүрлерді немесе Мишель Фуко дискурс деп атайтын құ-
былысты тудырады. Мәтіннің танымал болуына автордың бірегейлігі емес, 
дискурстың материалдық маңыздылығы жауапты. Басқаша айтқанда, мәтіндер 
өзінің түсіну ортасын қалыптастырады. Олар әлемді және осы дүниеде өмір 
сүретін адамдарға қатыссыз әлемді ұйыстырып, жіктейді. Сонымен, ориентал-
ды дискурс Шығысты қалай анықтайды? Шығыс Батыс үшін қалай құрылды? 
Мүмкін, ең маңызды сәттердің бірі – ориентализмнің әртүрлі өңірлер мен мәде-
ниеттерді бірыңғай Ориент – Шығыс санатына біріктіруінде. Ориентализм орта 
ғасырлардағы еуропалық/христиандар /ақ нәсіл мен исламның қайшылықта-
рынан бастау алады, бірақ жақын арада бұл ауқым кеңейіп, Таяу Шығыс (араб-
тар мен еврейлер семит халқы) және Қиыр Шығыс (қытай, жапон) халықтарын 
қамтыды.
8
Қазіргі кезде танымал, ориенталистік дис курс жағдайынан басқа, 
Ориент/Шығыс немесе «оrientals/шығыс адамдары» сияқты түсініктер жоқ.
Әртүрлі стильде жазған ориенталист-авторлар Ориент/Шығыстың әртүрлі 
аспектілеріне баса назар аударады. Бірақ Саид ориенталист/шығыстық дис-
курсқа ортақ бірқатар тақырыптар бар екенін көрсетеді. Ең басты және ең ма-
ңыздысы, оriental/ориенталды/ адамның Батыстағы адамнан көптеген айыр-
машылықтары бар екенін анықтайды (Said, [1978] 2003:42). Ориенталистің/
шығыстанушының міндеті – батыстық аудитория үшін бұл айырмашылықты 
түсіндіру немесе ұғындыру. Oriental/ориенталды/шығыс адамын қауіпті деп 
те атайды, бірақ бұл қауіптің сипаты өзгеріп тұрады. Исламды алатын болсақ, 
Батысқа және оның тұрғындарына үлкен қауіп төндіреді. XIX ғасырда шыққан 
ориентализмнің романтикалық түрлерінде Шығыс экзотикалық және сезімтал, 
демек, Еуропадағы барлық тұрақты конвенцияларға қауіп төндіреді: «Барлық 
азиялық... экзотикалық, жұмбақ, терең деген ұғымдармен синоним болады» 
([1978] 2003:51). Ориент/Шығыс бірде өзінің экзотикалығымен таңғалдырса, 
бірде қорқытады ([1978] 2003:59). Француз жазушысы Гюстав Флобердің жа-
зуларына сілтеме жасай отырып, Саид Шығыс «сексуалдық уәде (қауіп), шексіз 
сезімталдық, шексіз қалау терең генеративті қуатпен» байланысты екенін айта-
ды ([1978] 2003:188). Көптеген ориенталистер/шығыстанушылар ежелгі Шы-
ғысты жасампаз білімі бар аймақ ретінде қарастырғанымен, қазіргі Шығыс бос 
және өлі болып есептеледі. Оның тұрғындары өздерінің шынайы түп тамыры-
мен байланысын жоғалтты. Мұнда ориенталист/шығыстанушы мен Батыстың 
міндеті – Шығыстың өмірін және мағынасын қалпына келтіру.
Сайып келгенде, Шығыс Батысқа қарсы тұрып, өзін-өзі тани алатын объекті 
ретінде құрылады. Бұл пассив және «артта қалған» елдерді ([1978] 2003:205) 
Батыс жаулап алып, интеллектуалды және саяси түрде пайдалануы тиіс. Саид: 
«Шығыс иррационалды, бұзылған (құлаған), оған балалық әрекет тән, «басқа»; 
осылайша еуропалықтар рационалды, адал, есейген, «қалыпты», – деп ([1978] 
2003:40) қорытындылайды.
Ақырында, Саид үшін де, Фуко үшін де дискурс – билік формасы. Басқа-
ша айтқанда, білім мен билік бір-бірімен тығыз байланысты. Шығыс дискур-
сы Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылықты орнатып, Шығысты 


625
15-тарау

Нәсіл және отаршылдық теориялары 
Батыс шарттарымен анықтап, билігін жүргізеді. Бұдан басқа, бұл білім билік-
тің формасы ретінде әрекет етеді, өйткені олар отаршылдық бюрократияны
ұйымдастырады, мемлекеттік саясатты қалыптастырады және халықтың пікірін 
біледі. Ориенталист: білімнің батыстық тұтынушысы Ориентті/Шығысты кө-
ріп-білмей-ақ, ориент/шығыс адамын түсіне алады деп ойлайды. Ориен талис-
тік/шығыстанушылық дискурс Батыстың Шығыс туралы түсінігін қалыптасты-
руға күш-қуаты жетеді деп есептесе де, бәрібір оның әскери күшке сүйе нетіні 
анық. Саид Египетке наполеондық әскери экспедицияны (1798–1801) заманауи 
ориентализм негізі ретінде қарастырады.
Әлеуметтану теорияшылары үшін Саидтың ең күшті тармағы – ориента лис-
тік/шығыстық білім алғаш рет дамыған XVIII және XIX ғасырлардан бері әлем 
түбегейлі өзгергеніне қарамастан, оның негізгі санаттары қоғамдық өмірді ұйым-
дастыруды одан әрі белсенді жалғастыруда. «Ориентализмдегі» ең айқын және 
қайталанатын тақырып: ориенталистік/шығыстық идеялар әлі күнге дейін Құ-
рама Штаттар мен ислам елдерінің арасындағы қарым-қатынасты айқындайтын 
пәрменді күшке айналып отыр. Мысалы, «Ориентализмнің» 2003 жылғы басылы-
мындағы алғы сөзінде Саид шығыстанушылардың идеялары Америка үкіметінің 
Ауғанстан мен Ирактағы соғыстарына қалай әсер еткенін талқылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет