628
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Кимберли Креншоу Огайо штатының Кантон қа-
ласында 1959 жылы дүниеге келген. 1981 жылы
«
үкіметтік және африкалық зерттеулер» маман-
дығы бойынша Корнелл университетінде оқып,
бакалавр дәрежесін алды. 1984 жылы Гарвард
университетінде юрис пруден ция докторы (JD)
және 1985 жылы Висконсин университетінде заң
ғылымдарының магистрі (LL.M) дәре желеріне ие
болды. Ол – жетекші
құқықтанушы және нәсіл-
дік сыни теорияның негізін қалаушы қайрат кер-
лердің бірі. Креншоу сондай-ақ өзара байланыс
теориясының дамуында негізгі рөл атқарып, «ин-
терсек ционалдық/intersectionality» терминін енгіз-
ген (Crenshaw, 1989, 1991, 1997).
12-тарауда айтылғандай, интерсекционалдық/
intersectionality теориясы әлеуметтік қысымды нә-
сіл, тап және гендер сияқты көптеген құрылым ар-
қылы түсіну керек деп санайды. Атап айтқанда, Креншоу нәсіліне немесе жынысына жеке тал-
дау жасаған кезде, қара түсті әйелдердің (women of color) тәжірибелері мен оларға жасалған
әділетсіздік назардан тыс қалады.
Perspective Magazine журналына берген сұхбатында Креншоу
интерсекционалдық/intersectionality теориясының шығу тарихын сипаттап берді:
«Ол нәсілдік және гендерлік кемсітушілікке қатысты мәселелерге заңның жауап беру
жолдарын түсіндіруден туындады. Бұл оқиға кездейсоқтық
немесе соқтығысу сияқты
болды. Интерсекционалдық/intersectionality жай ғана «егер сіз шеттетудің бірнеше фор-
маларының ортасында тұрсаңыз, екі жақтан да соққы алуыңыз мүмкін» деген идеядан
шықты. Әйелдер жарақаттанды делік, бірақ нәсіл жедел жәрдем мен гендерлік жедел
жәрдем келгенде, олар осы қиылыста жатқан қара түсті әйелдерді көреді және олар:
«Бұл нәсілдік дискриминация ма немесе жай гендерлік дискриминация ма – оны анық-
тай алмаймыз. Егер олар бізге қайсысы екенін көрсете алмаса, біз оларға көмектесе ал-
маймыз», – дейді».
(Crenshaw, cited in Thomas, 2004)
1991 жылы Креншоу Жоғарғы сот судьясы Кларенс Томасқа қарсы жыныстық қудалау туралы
Анита Хиллдің ісін жүргізетін топпен жұмыс істеді. Ол мұны «өмірді анықтайтын» іс деп сипат-
тайды (Crenshaw, cited in Adewumin, 2014). Сол жағдай туралы ойлары оның интерсекционал-
ды көзқарасын көрсетеді. Қара нәсілді әйел Анита Хилл бұл істің ортасында болғанымен, оның
ерекше тәжірибесі қоршаған саяси және медиадискурсте жоғалды. Креншоудың айтуынша, ұзақ
мерзімді перспективада бұл іс жұмыс орнындағы қудалауға назар аудартқанымен, «қара нәсілді
әйелдердің кемсітуге тап болған бірегей тәжірибесін» тануға көмектескен жоқ (Crenshaw, cited
in Adewumin, 2014).
1986 жылдан бастап Креншоу – Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің (UCLA) заң мекте-
бінің оқытушысы, ал 1995 жылдан бері Колумбия университеті заң факультетінің профессоры. Сон-
дай-ақ интерсекционалдық және әлеуметтік-саяси зерттеу орталығының жетекшісі. Нәсіл, интер-
секционалдық және заң туралы көптеген мақалаларында нәсілдік сыни теорияның негізгі мәтінде-
рін баяндаумен бірге,
Critical Race Theory («Нәсілдік сыни теориясы», 1995 жылы Готанда, Пиллер
және Tомаспен бірлесіп редакциялаған) және
Words That Wound («Жүректі жаралайтын сөздер»)
(1993, coauthored with Matsuda, Lawrence, and Delgado) еңбектерін жазған.
Достарыңызбен бөлісу: