Алеуметтану тероиясы indb


Нәсіл және нәсілшілдік туралы сыни теориялар



Pdf көрінісі
бет431/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Нәсіл және нәсілшілдік туралы сыни теориялар
Біз бұған дейін отаршылдық пен нәсілдік құрылыс арасындағы қарым-қаты-
насқа баса назар аудардық. Енді нәсіл мен нәсілшілдік теорияларына, атап айт-
қанда, Құрама Штаттарда дамыған теорияларға көбірек көңіл бөлетін боламыз. 
Ешқашан әлеуметтану теориясының нақты назарында болмағанымен, нәсіл 
және нәсілшілдік теориялары америкалық әлеуметтанудан бастау алады. Мы-
салы, У.Э.Б. Дюбуа қос сана, түр-түс және бетперде сияқты маңызды түсінік-
терді ұсынды (6-тарауды қараңыз). Ида Белл Уэллс-Барнетт пен Джулия Анна 
Купер нәсіл мен гендер арасындағы интерсекцияларды/қиылысуларды қарас-
тырды. Үш теорияшы да қазіргі «көзқарас теориясының» алдын алды (Hartsock, 
2004). Бұл бөлімде нәсілді зерттеудің қазіргі заманғы танымал екі тәсіліне шолу 
жасаймыз. Олар – нәсілдік сыни теория және нәсіл мен нәсілшілдіктің сыни тео-
риялары. Кейінгі бөлімдерде нәсіл мен нәсілшілдікке қатысты нақты сыни тео-
риялар туралы мәліметтер берілген.
Қатаң әлеуметтану перспективасы болмаса да, қазіргі нәсіл мен этниканы 
зерттеудің орталық стимулдарының бірі – нәсілдік сыни теория. Ол құқықты 
және оның нәсілдік үстемдікті сақтап қалуға байланысты қарым-қатынасын 
зерттейді (Delgado and Stefancic, 2001:3; Valdes, Culp, and Harris, 2002). Не-
гізгі зерттеушілердің қатарына Кимберли Креншоу, Дерек Белл, Алан Фри-
ман, Нил Готанда және Ричард Дельгадо кіреді (for a full list of scholars, see 
Delgado and Stefancic, 2001). Нәсілдік сыни теория 1960 жылдардағы азамат-
тық құқықтар қозғалысы деңгейінен көрінбесе де, өзінің серпінін жоғалтып 
алғанын және қайта жаңартылған қоғамдық белсенділік ғана емес, сонымен 
қатар нәсіл туралы жаңа теория қажет екенін түсіну нәтижесінде пайда бол-
ды. Осыған орай туындаған идеялар көптеген қайнар көздерден бастау алды, 
бірақ олардың кейбіреулері әлеуметтік теорияшыларға бұрыннан таныс, мы-
салы: Маркс теориясы (мысалы, Грамши), постқұрылымдық теория (мысалы,
Деррида), феминистік теория және т.б., әрине, Дюбуаның қосқан үлесін де 
атап өту керек.


626
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Дельгадо мен Стефансис (2001), сондай-ақ Матсуда және басқалар (1993) 
нәсілдік сыни теорияның негізгі қағидаларын тізіп көрсеткен.
• Нәсілшілдік – аберрация (ауытқу) емес, бұл – «қалыпты» және амери ка-
лық өмірдің өзіне тән құбылыс. Сондықтан оны жою қиындық тудырады.
• Халықтың басым бөлігінің нәсілшілдікті жоюға ынтасы аз. Ақ нәсілді 
элиталар қара нәсілділер мен басқа азшылық топтарды эксплуатациялау 
арқылы мате риал дық жағынан ұтады; ақ нәсілді жұмысшылар да, өз қиын-
дықтарына қарамастан, салыстырмалы түрде өздерінен жағдайы төмен 
адамдар тобы бар екенінен, психикалық тұрғыда болса да, үстемдік сезімі-
не бөленеді.
• Нәсіл – тұрақты немесе объективті шындық емес, бұл – уақыт өте келе 
өзгеретін әлеуметтік құрылым. Мұндай әлеуметтік құрылымдар түзіле-
ді, басқарылады, әдетте оларды жаңа әлеуметтік құрылымдар ауыстыра-
тын болса да, кейде тіпті жойылып кетеді. Бұл әлеуметтік құрылымдық 
бағдарлау америкалық заңда көрсетілген аисторизм (тарих, тарихи даму 
немесе салт-дәстүрге қатысты алаңдаушылықтың болмауын білдіреді. – 
Ауд.) жайындағы скептицизм және бейтараптық, объективтілік, түстік 
алалау және меритократия туралы заңды талаптармен байланысты. Яғни 
олар басқарылатын, қайта қарауға болатын және мұндай әрекеттер қажет 
деп есептелетін болса, тіпті жойылатын әлеуметтік құрылымдар ретінде 
қарастыруға болады.
• Дифференциалды нәсілшілдік – «еңбек нарығы сұранысының өзгеруіне 
қатысты әртүрлі уақытта әртүрлі азшылық топтарды нәсілге бөлушілік 
тәсілі» (Delgado and Stefancic, 2001:8). Осылайша, Америка Құрама Штат-
тары құрылған кезеңнен бастап нәсілге бөлушілікке алдымен қара нәсілді-
лер, уақыт өте келе басқа азиялық топтар ұшырады. Мысал ретінде, Екінші 
дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі жапондықтар, 2001 жылғы 11 қыркүйектен 
кейінгі мұсылмандар, соңғы жылдары заңды және заңсыз иммиграцияға 
бай 
ланысты алаңдаушылық туындатып отырған мексикалық-америка-
лықтар туралы айтуға болады.
• Феминистік теориядағы сияқты (12-тарауды қараңыз), қиылысу 
(P. Collins, 1990, 1998) және антиэссенциализм – нәсілдік сыни теория-
да негізгі идея. Осылайша, қара нәсілділерде (және басқа азшылықтарда) 
«бірыңғай, оңай анықталған, унитарлық бірегейлік» жоқ (Delgado and 
Stefancic, 2001:9). Олар да, барлық адамға тән қарама-қайшы және сәйкес 
бірегейлікте, ниеттестік пен шексіз құмарлықтың тоғысында өмір сүреді 
(Delgado and Stefancic, 2001:9), оларға: дін, әлеуметтік тап, жыныстық көз-
қарас және саяси артықшылықтар кіреді.
• Адамның түсіне, шыққан ортасы мен тәжірибелік біліміне үлкен мән бері-
леді.
• Зұлымдық атаулыны түгел жоюды анағұрлым кең тұрғыда мақсат еткен 
нәсілдік сыни теория нәсілдік қысымның жойылуына бағытталған.


627
15-тарау

Нәсіл және отаршылдық теориялары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет