702
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Германиядағы еврейлерге қатысты іс-әрекеттерді осы қасиетті адам ұғымының
нақты дәлелі ретінде келтіргенін тағы қайталап өтейік. Сонымен, қасиетті адам
ұғымының бір қырын қарадық, яғни оны оп-оңай
өлтіре салуға болады екен, ал
екінші қыры – оны не үшін құрбандыққа шалуға болмайтынын қалай түсінеміз?
Бұл орайда Агамбен құрбандық ұғымының дәстүрлі көзқарасына жүгініп отыр,
яғни құрбандыққа шалынуы үшін ол қоғамның мүшесі болуы тиіс. Ал қасиетті
адам (саяси) қоғамның мүшесі бола алмауынан, оны құрбандыққа шалуға да
болмайды. Ендеше бұл адамның «қасиеті» неде? Антонио Негридің ойынша,
«бұл адамның қасиеті оның қоғамнан шеттетіліп, жазалануында» (2007:121).
Яғни «қасиетті адамның» қасиеті – оның қоғамнан шеттетілуі мен жазалануы.
Бұл жерде тек топологикалық аймақта ғана, яғни «заң құзыреті жүрмей-
тін кеңістікте» ғана қандай да бір ерекшелік болуы мүмкін (Agamben, [2002]
2005:51). Қасиетті адам өмір сүретін кеңістік ретінде фашистік Германиядағы
еврейлердің тұратын жері абстракті кеңістік еді. Абстракті кеңістік болғандық-
тан, тәуелсіз күштер (мәселен, Гитлер фюрер ретінде) кімді өлтіру керектігін өз
бетінше шеше алатын. Ал жәбірленушілер заңды құндылықтарға ие болмаған-
дықтан, оларды өлтіру қылмыс болып саналмайтын.
Фашистік Германия мен
оған қарасты аймақтарда фашистер алты миллионға жуық еврейді еш кедергі-
сіз өлтіріп тастаған болса керек. Сондай ақ олардың шеттетілуінің тек олардың
өліміне ғана емес, бүгінгі күндегі өміріне де маңызды ықпалы бар. Бүгінгі күні
қолында билігі бар адам адамның өмір сүруі мен өлімі жайлы шешім қабылдай
алады. Әсіресе соңғысы Агамбен үшін маңызды, себебі онда тек өлім жайлы
ғана емес, өмір туралы да шешім қабылданады; билікке өлтіру құқығын ғана
емес, өмір сүру құқығын да береді. Бұл ойдың Мишель Фуконың биосаясат
теориясына негізделгенін байқап отырған боларсыз.
Заңды құндылықтардан тыс қалды десек те, бәрібір заңның маңызы зор еке-
ні белгілі. Заңның ерекшелігі әр нәрсені нақты бағалауы
мен заң аясынан тыс
нәрселердің де орнын анықтай алуында. Заң өз аясынан тыс нәрселерге де ық-
пал ете алады, заңның саяси саладағы жасай алмайтын жалғыз нәрсесі – «заң
шығарушы, атқарушы, сот биліктерінің арасындағы айырмашылықтарды жою»
ғана (Agamben, [2002] 2005:7). Бұл айырмашылық жойыла қалса, атқарушы
билік басқа биліктерге үстемдік ететін болады (Гитлер Германияның фюрері
атанғанындай); тоталитарлық билік жүйесі орнайды (төменіректен қараңыз).
Сондай-ақ, Агамбеннің ойынша, заң аясынан тыс аймақтардың заңға бағына-
тын және
бағынбайтын бірнеше қыры бар; ол заңға тек заңнан тыс қалғаны үшін
ғана енген. Агамбен бұл жайында: «Тыс қалу дегеніміз – қадағалаусыз қалу...
Дегенмен... Тыс қалған нәрсенің барлығы міндетті түрде қадағалаусыз қалды
деуге болмайды... Мұндай ұғым тек ендігәрі қадағалауды қажет етпейтін нәр-
сеге ғана тиісті» ([1995] 1998:17–18). Заң құзыреті дамыған және дамымаған
қоғам арасындағы арақатынас диалектикалық түрде болады (Агамбеннің ойын-
ша, диалектикалық аспектілердің түрлері көп) (see, for example, Negri, 2007).
Агамбен бұл тұжырымдамасын Карл Шмиттің еңбектерінен тәуелсіз қоры-
тындылауға тырысқан дейтін себебіміз – Карл Шмит «Тәуелсіз тұжырымдау
дегеніміз – заң аясынан тыс нәрсе жайлы өз бетінше тұжырым жасау» деген
болатын (Agamben, [1995] 1998:11). Агамбеннің осындай тәуелсіздігі мен не-
гізгі идеясы өзара тығыз байланыста; «тек тәуелсіздігінің
құрылымы ғана ай-
рықша» (Agamben, [1995] 1998:28). Дербестіктің заң аясынан тыс нәрселерді
703
17-тарау
•
Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
жасауды, «заңның күшін уақытша тоқтатып қоюды» қосқанда көптеген заңды
құзыреттері бар (Agamben, [1995] 1998:15). Агамбен: «Тәуелсіздік – зорлық-
зомбылық пен заңның арасындағы бөліп тұрушы нәрсе, дәл осы жерде зорлық-
зомбылық – заңға, ал заң зорлық-зомбылыққа айналып кетуі мүмкін», – деген
(Agamben, [1995] 1998:32). Дәл осы жерде Гитлер бастаған фашистік Германия
зорлық-зомбылыққа жол берген. Тәуелсіздік ұғымын саяси тұрғыда көп тал-
қыласақ, Агамбен бұл тақырыптың дәрігер немесе
ғалымдарға да қатысты қыр-
ларын талқылаған. Тоталитаризмнің қазіргі ұғымы «азаматтық соғыста саяси
қарсыластардың ғана емес, толық бір таптағы азаматтардың көзін жоюға мүм-
кіндік беретін мемлекетті басқару түрі» (Agamben, [2002] 2005:2). Яғни фашис-
тер тоталитарлық режимнің парадигмалық түрін жасап, оны қарсыластарының
ғана емес, сондай-ақ еврейлерді тек Германиядағы емес, бүкіл Еуропадағы бір
тап өкілдері ретінде көзін жою үшін қолданған». Осылайша фашистер еврей-
лерге, Германиядағы және бүкіл Еуропадағы бірқатар азаматтарға (цыгандар
мен гомосексуалистерге) қарсы «заңды азаматтық соғыс» жүргізген.
Достарыңызбен бөлісу: